Әлеуметтік - саяси ойдағы биліктің легитимділік принциптерін түсіну


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ5

I ЛЕГИТИМДІЛІК БИЛІК ТИІМДІЛІГІНІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ10

1. 1 Әлеуметтік - саяси ойдағы биліктің легитимділік принциптерін түсіну10

1. 2 Конституционализм - билікті легитимациялаудың ең жоғарғы деңгейі21

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБИЛКАСЫНДАҒЫ БИЛІКТІҢ ЛЕГИТИМАЦИЯСЫ24

2. 1 Қазақстандық конституционализм билік легитимациясының негізі ретінде24

2. 2 Қазақстан Республикасындағы жоғарғы билік қызметінің легитимділік принципі. 30

2. 3. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі легитимділіктің факторы ретінде44

Қорытынды53

Қолданылған әдебиеттер тізімі56

КІРІСПЕ

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Билік қоғам және саясаттың фундаменталдық басталуының бірі. Ол барлық жерде өмір сүреді, адамдардың тұрақты бірлігі бар жерде: жанұяда, өндірістік ұйымда, әртүрлі тектегі ұйымдарда және мекемеде, барлық мемлекетте - бұл жағдайда біз жоғары саяси билікпен саяси басшылық формасында іс жасаймыз. Басшылық институцияланған билік ретінде азаматтармен әртүрлі бағалануы мүмкін. Дұрыс баға, билікті халықтың мақұлдауы, оның дұрыс басқаруын мойындауы және бағынуға келісуі оның легитимділігін көрсетеді. Легитимдік билік әдетте заңды жөні бар және әділ сияқты бағаланады немесе сипатталады. Легитимділігін билікте беделдің бар болуымен оның көпшілігін азаматтарының құндылық; бағалылық ұсынуымен сәйкестігі, саяси құндылықтар негізге алынатын аймақтағы қоғам консенсусымен байланысты.

Билікті ұстап тұру үшін үш бірыңғай маңызды зат өмір сүреді деп айтқан, ұқсас идеялар Конфуцийде болған (551-479), ал нақты; жақсы үйренген армия; жеткілікті азық-түлік; жұрт сенімі. Алдыңғы екеуін қатты мұқтаждық жағдайда сарп етуге болады. Бірақ халық сенімінсіз бірде мемлекет күнелте алмайды.

Биліктің легитімділік мәселесін зерттеудің өзектілігі, барлық бұрынғы социалистік елдердегі соңғы 15 жылдықта соның ішінде тәуелсіз Қазақстанда өтіп жатқан маңызды өзгеріспен қамтамасыз етілген. Модернизацияны бастан өткізіп жатқан қоғамдағы биліктің легитимділігіне біркелкі баға беру өте қиын. Саяси жүйені модернизациялау заңдылық дамудың тұтастай бірте-бірте, эволюциялық процесінде, саяси билікті жаңа құрылымда сапалы жаңартылған негізде күшейтуді көрсете алады. Қазақстанда трансформация процесімен, сондай-ақ ТМД-ның өзге елдерінде, бұрынғы КСРО-дан қалған мәселе ерекше өзектілігін береді. Фрустрация пайда болады, болып жатқан оқиғамен халықтың қатты мазалануы, қорқу, қалжырағандық, болашаққа сенімі жоқ, т. б. әртүрлі ауыртпалықты бастан өткізуді тосты. Қауіп-қатерліктің екінші жағы - күдіктілігін, агрессивтілігін, материалдық жағынан қамтамасызданған топ жағдайына қызғаныш туады. Мұның барлығының нәтижесі ретінде және коммунистік идеология құлауының салдары адамдарды бұрынғы діндік-өнегелілік құндылықты қабыл алмауға итермелейтін өнегелілік вакуум өседі. Жоғары саналған жалпы қиыншылық жағдайда, мұраланған ТМД елдерінің өзгешелік белгісі және ерекшелігімен, Қазақстанның алдында әлеуметтік-экономикалық, мәдени-идеологиялық және саяси даму туралы күрделі міндет тұрды. Қазақстан қоғамының саяси жүйесін трансформациялау, әлемдік тәжірибе және коммунистік формациядан капитализмге өту теориясының жоқ болу жағдайында әлсіз азаматтық қоғам, дамымаған саяси институт, демократиялық басқару тәжірибесінің және экономикалық алдын-ала жағдайдың жоқтығы Қазақстан суверенитетін жаңадан алған жағдайда билікті легитимділеу процесінің ерекше қиыншылығын құрады. Легитимділікті өлшеу және бағалық әжептеуір күрделі зерттеу процедурасының және көп жақты бақылаудың нәтижесі болуы мүмкін.

Президенттің Қазақстан мемлекетінің халқына үндеуінде, “Қазақстан-2030” сондайлық “ трансформацияның әсер етуімен біздің қоғамымыз, өзіміз көп нәрсені жете түсінбестен біз, барлығы өзгерді, саналы түрде басқа құндылық жүйесіне және адамдық қарым-қатынастың жаңа түріне машықтана бастадық деп айтылады”[1] .

Тақырыптың өзектілігі тағы мәселені зерттеудің жеткіліксіздігімен байланысты, политолог, құқықтанушы, социологтардың арасындаы көзқарастың, ұғыныстың біркелкі еместігі, күрделі практикалық және теоретикалық жоспарда өтпелі кезеңдегі биліктің легитимділігінің қалыптасу мәселесі және демократизация процесі жөнінде тақырыпты таңдау дипломдық жұмыстың мақсаты және міндеті болды.

Негізгі деректер.

Зерттеудің деректік базасы ретінде бірнеше негізгі топтарды белгілеуге болады.

Посткоммунистік қоғамдағы демократиялық қайта құру кезеңіндегі Қазақстанның мемлекеттік ішкі саясатын зерттегенде Қазақстан Респуликасының Президенті Н. А. Назарбаевтың еңбектері ерекше маңызға ие болады. [2] Олар өңделген стратегиялық жоспар негізінде Қазақстанның тұрақты дамуына өтуді қамтамасыз етуге арналған - Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы (Қазақстан-2030) : гүлдену, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл қазақстандықтардың тұрмысын одан әрі жетілдіру. мыстың теоретикалық негізін танылған биліктің легитимділік принципінің теоретигі неміс социологы М. Вебердің ал сондай-ақ Ж. Л. Кермонн, Ж. Л. Шабо сияқты қазіргі шетелдік зерттеушілердің идеялары құрады. Ресей зерттеушілерінің ішінен В. П. Макаренко, Г. А. Белова, Б. А. Намкияның жұмыстары ерекшеленеді. Отандық авторлар, Л. А. Байдельдинов, Е. М. Абен, М. С. Машан, Р. Н. Қадыржанов және басқалар билікті легитимділеудің практикалық жағына, мемлекеттік биліктің жеке саяси институтының әрекетіне назар аударады.

Шығарма, сөз, және қоғамда болып жатқан өзгерістің мәнісін сонымен қатар реформаны жүзеге асырудағы легитимділік принципінің ролін терең ұғынуға мүмкіндік беретін қазақстандық саясаткерлердің баяндамалары мен ұсыныстары аса қызығушылық тудырады.

Едәуір маңызды деректер тобы заңдық актілерге байланысты, оның ішінде ерекше орынды Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституциясы, мемлекет заңдары иеленеді. Конституциялық заңдық күшіне енген Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, нормтивтік құқықтық актілер, мемлекеттік билік қаулылары мен шешімдері[3] .

Елдің құқықтық дамуы мен Конституциялық құқықты талдауға байланысты мазмұндағы заңдық, саяси-құқықтық жинақтар мен журналдар маңызды орын алады [4] , ал сонымен қатар отандық кезеңдегі басылым материалдары, әсіресе мынандай газеттерді “Казахстанская правда”, “Панорама”, “Деловая неделя”, “Мысль ”, журналы және тағы басқа мемлекеттің ішкі саясатының аспектісі мен қазақстан қоғамын демократизациялау процессін талдайтын және баяндайтын “Казахстан и мировое сообщество ”, “Саясат- Политика ” журналдарын ерекше атап өтуге болады.

Саяси ғылымда тұрған қандайда болмасын дефиницияны талдап-қорыту түрiнде түсiнуге, категория және түсiнiкке ғылыми-зерттеу тәсiлiн беретiн арнайы мәлiмет және энциклопедиялық әдебиеттер пайдаланылды [5] .

Зерттеудің мақсаты мен міндеті.

Зерттеудің мақсаты биліктің легитимділік принципінің мағынасын түсінуді ұғыну, оны қазіргі кезең жағдайында Қазақстан Республикасында нығайту болып табылады. Мақсаттан шыға зерттеудің негізгі міндеті анықталады:

Біріншіден, биліктің легимділігік принципін зерттеудің концепуталдық тәсілі және методологиялық негізіне талдау беру;

Екіншіден, биліктің легитимділік принципінің қосылған сипатын ашу;

Үшінішіден, Қазақстан Республикасындағы легитимділеу мәселесін талдау шығу.

Саяси билік легитимділігінің принципі болып табылатын зерттеу пәні қойылған мақсат және міндетті алдын-ала анықтады. Зерттеудің объектісі болып қоғамдағы саяси қатынастар саласы анықталды.

Зерттеу әдістемесі жалпы ғылыми әдістемеге сүйенеді және үш деңгейде болады:

  • Фундаменталдық әдістемелік негіздеу;
  • Жалпы ғылыми танымдық әдісі;
  • Арнайы ғылыми-зерттеу тәсілі және әдісі.

Бұл қазақстандық және шетел ғалымдарының -саясаттанушыларының өтпелі кездегі биліктің легитимділігін жалпы әлемдегі саяси ғылым таныған концептуалды макро - тәсілдердің негізінде және дәстүрлі модернизацияланып жатқан қоғамдардағы саяси өзгерістердегі мемлекеттің ролі туралы зерттеулерге дифференциалды қарауға мүмкіндік берді.

Ғылыми әдіс сапасында: құрылымды-функционалдық, тарихи және диалектикалық тәсілдер пайдаланылды. Салыстырмалы талдау әдісі, қазіргі Қазақстан қоғамындағы саяси институтты және демократизация процесін талдау құралы ретінде социологиялық тәсіл пайдаланылды.

Жұмыстың теоретикалық және практикалық маңыздылығы жұмыстың ғылыми-теоретикалық және қолданбалы аспектісімен үйлестіріліп қорытылады.


Жұмыстың құрылымы.

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан бес бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Кіріспесінде өзектілікке сүйенген, зерттелетін тақырып орын тебеді. Бiрiншi тарауда билiктiң легитимдiлiк принципiн зерттеу үшiн концептуальды тәсiлмен метологиялық негiз ашылады. Екiншi тарау Қазақстан Республикасындағы билiктiң легитимациясын талдауға арналған.

I ЛЕГИТИМДІЛІК БИЛІК ТИІМДІЛІГІНІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

1. 1 Әлеуметтік - саяси ойдағы биліктің легитимділік принциптерін түсіну

Билік әлеуметтік қатынас ретінде адамдардың, әлеуметтік топтардың, және класстардың әрекетіне жүріс-тұрысына, сипатына, бағдарына, соның ішінде, экономикалық және ұйымдасқан құқытық механизмдермен, ал сондай-ақ беделдің, традициялық зорлық-зомбылықтың көмегімен ықпал ете алатын қабілеттілігімен ерекшеленеді. Солайша қоғамда көрінгенімен билік өз табиғатында өзімен бірге әлеуметтік құбылысты көрсете алады. Қоғамды биліксіз көрсету мүмкін емес. Бұл күштері терең апыр-топыр тәртіпсіздік туғызу, әлеуметтік қатынасты өздігінен жою. Биліктің механизмге мұқтаждық себептермен қатар қамтамасыз етілген және ең алдымен барлық адамдар арасындағы өзара әрекеттестікті жақсарту, мақсатқа лайықтылық ақылдылық, ұйымдасқан, жүріс-тұрыстың жалпы жолын құруға міндетті. Және бұл қамтамасыз ету бүтіндей және түрлі мүддедегі адамдар арасындағы қатынасты жөнге салу, негізінде басшылық және бағынушылық қатынастары жатқан әртүрлі тәсілмен жетуі мүмкін саяси билік ерекшелік әдістермен және ерекше механизмдердің көмегімен жүзеге асырылады, ал ұйымдасқан және айқындалған принцип негізінде жұмыс істейді және саяси биліктің басты принципі болып табылады.

Легитимділік термині (legitimus-законный) тап осы билік өзінің бағыныштылығындағы көпшілікке, ал сондай-ақ басқа да билік субъектісіне ұнағанын білдіреді. Легитимділік термині 1830 жылы Франциядағы июль революциясы кезінде туған легитимистер партиясының әрекетімен тарихи байланысты. Сол кезде саясаткерлердің айқындалған тобы 1789 жылдардағы революцияда құлатылған Франциядағы Бурбондар династиясын қайта қалпына келтіру идеясын ұсынды. Бурбондар династиясы заңдық билік тәрізді оларға легитимді және қажет деп құпталды.

Күрделі саяси шиеленісудің осы түсінігі саяси кризис жағдайында билік құрылымындағы түбірлі өзгеріс, биліктің ауысуы кезінде басталады. Әңгіме мынада, түбірлі өзгерістегі заңдылық дәреже таласта болған жағдайда билік үжілдігін кеңейту талабы туады. Билікті узурпациялау тенденциясы, билікті заңсыз тартып алу және өз еркін узурпатар ретінде зорлап міндеттеу пайда болады.

Барынша билік өзінің легитимділігі туралы уайымдайды. Әйтсе де “биліктің легитимділігі” түсінігін Француз революциясы және оның салдары ерекше актуаландырды, бірақ өрістемеген формада осы түсінік, саяси ойдағы бірінші жарқылмен пайда болды. Билік қатынастарының пайда болу кезінде, басшылық және бағынушылықты дәлелдеу қажеттігі пайда болу кезінде, басшылық және бағынушылықты дәлелдеу қажеттігі пайда болды: Неге біреулер үстемдік етуі тиіс, ад басқалар көнуі, бағынышты болады? Нақ билік, және оның акциясы бағыныштыларға қаншалық қажет? Биліктің легитимділігі туралы мәселе билік үшін бәсеке күресінде өткіру қару болды. Билік құрылымындағы түбірлі өзгеріс, биліктің ауысуы өзіне айқындалған дау-дамай және тәртіпсіздік әкеледі, ал кейде ұзаққа созылған мейірімсіз соғысқа алып келді, онда қоғамның саяси элитасы биліктің алмасуын легализациялаудың әртүрлі әдістерін өңдеді, бұл процеспен билік етуші субъектінің айқындалған нормативтік негізін жинақтап жеткізді. Монархиялық режим жағдайында - биліктің мұралануы, республикада билікті таңдау туралы заң.

Саяси ой тарихында легитимділік идеясы мемлекеттің және халықаралық тәртіптің үш мәселесін қосып шешудің нәтижесінде құрылды.

Біріншіден, легитимділік көне және орта ғасырда “Құдайдың мейірімді” қожалығын түсіндіру талабын білдірді. Заң тыңдау идеясы қызыл желімен ортағасырдағы дін ілімін оқу арқылы өтеді. Ортағасырлардағы ойлардың ірі өкілі Ф. Акфинский азаматтарды мемлекеттік биліктің ырқына көнуге шақырады. Бір уақытта халықтың көтеріліске шығуына және тіпті патшаны өлтірушілік құқығы орын тепті. Ағылшынның құдай сөзінің оқымыстысы және юрист И. Солсберийский бойынша тиранды өлтіру толық заңды саналды. Ф. Аквинский құдай берген ерікті пайдалануды бұзатын билік туралы жазды. Узурпаторға, лайықсыз басқарушыға азаматы оның ырқына көнбеуге құқығы бар, бұдан ыртығырақ, егер басқарушы билік пұрсатын теріс пайдаланса, халық көтеріліске шығуы құқылы. Ф. Аквинскийдің және басқа құдайшылдардың ұсынған саяси ілімдері жоғары билеуі және діни адамдардың айрықша құқығын олардың дін догматын түсіндірудегі ерекше құқығын дәлелдеуге көзделген болатын. Олар әділ деп, құдайдың күшімен алдын-ала жазылған, “табиғаттан”, “ғасырдан” әрекет ететін тек жалғыз сол заңды мойындады.

Заңмен бірге бұл жерде басқа мемлекеттің дана адамдарының азаматтар үшін сапалы бағыт ретінде белгіленген діндік - өнегелілік және құқықтық нормалар жинтығы түсіндіріледі.

Бұл мәселенің жоғынан аттап өтпей, XI-XIV ғасырда дамыған мұсылмандық құқық ғылымының шеңберінде айрықша саяси ойлар пайда болды. Мұсылман мемлекет танушылары халифаттығы (мемлекеттегі) жоғарғы билік кімге тән болуы керек деген мәселені өзгеше шешті. Соған сәйкес едәуір кеңейтілген концепциямен халифат суверенитетінің жоғарғы қорғаушысы Аллах болып табылады, ал мемлекет толықтай тапсырма ретінде құрылады. Аллах атынан, жоғарғы билікті жерде толық суверенитетті иеленген, сонымен қоса Аллахтың жоғарғы суверенитетін “бейнелеп” көрсете алатын қауым жүзеге асырады. Қоғамның суверендік құқығы олардың атынан қауымның осін басқаратын өз басқарушысын уәкілдікке сайлағанда көрінеді. Исламдық реформацияның идеялық ағымының негізін қалаушы Джемаль ад-Дин аль-Афгани (1839-1897), Құранды рационалды түсіндіру идеалды қоғамдық және саяси құрылыстың негізін білуге мүмкіндік береді деп сендірді. “Мен айтқанымды істетпеймін - тек барлық билеп-төстеуші жалғыз бір адам болсын деп жазды ол, - сірә, мүмкін оған жету өте қиын болады. Мен тек бүкіл биліктің жалғыз құранға негізделгенін, ал бірлік факторы ретінде дінді алға шығаруды қалаймын дейді”. Күшті әділ монархтың билігі, оның пікірінше “шынайы конституциялық билікті” жүзеге асыруға халықтың қатысуын қамтамасыз ететін мынадай Конституция және Парламент сияқты институттармен баланс жасауы керек. Мұнымен қоса ол ұлттар суверенитетінен шықты: “тек халықтың еркі, еріксіз көндіруді және сөз бостандығын іс-еркінен айырылуды бастан кешірілген заңды сақтауға жататын сол халықта заң бар, және кез-келген басқарушы қызмет етуге міндетті және ол адал атқаруы тиіс”. Аль-Афганидің биліктің кез-келген ұйымдарына ұсынған ең басты талабы шариаттың дұрыстығы болды. “Бүкіл мұсылмандар барлық билік, басқарудың көп моделінің әр алуандылығын жоққа шығармайды және оның бірде-бір формасын және бірін-бірі ауыстырып жатқан оның бір түрін көкпейді, егерде өкім жүргізуші шариат жағдайын сақтаса және оның көрсеткен жолымен жүрсе” деп белгілейді ол. Басқа сөзбен айтқанда биліктің легитимділігі шариатқа негізделеді.

Жекеменшік қатынастары қалай дамыды, сол кезде биліктің легитимдлігін түсіндіруде маңызды өзгерістер пайда болды, соның жолында легитимділік принципі екінші мәселені шешеді. Ол “легитимді мұрагерлікпен байланысты (рулық принцип бойынша) және негізінде биліктің ауысуы атадан балаға, кімге болса да заңды саналған нормативті анықтауда болды. “Легитимизм” термині алғашында Король билігінің узурпатор билігінен ерекшелігі жалғыз ғана заңды, заңдылық деген пікірді білдіруші 1814-1815 жж Венск конгресінен кейін және “Шіркеу одағының” негіздеуімен 1815 жылы Ұлы Европа державиялары көнеден мұраланған мемлекеттік құрылысты сақтауды және қайта қалпына келтіруді, қайғыдан ақтауды меңзеді, бұдан әрі легитимділіктің монархиялық принципі мемлекеттік және халықаралық құқықтың маңызға ие болды.

Легитимді болсын тек тарихи мұраланған династияның үстемдік ету құқығы саналады. Бұл принцип Француз революциясынан (1789) бері өмір сүріп келе жатқан, өзгермеген революциялық ықпал етуімен 1830 жылдардың маңына дейін сақталып көрінген. Республикалық және демократиялық қозғалысқа қарсы күресте монархизмнің идеологиялық негізін құрды. Конституционализм формасында легитимділіктің монархиялық және демократиялық принципінің арасында компромисс дүниеге келді, соның арқасында монархиялық билік адамдарды мемлекеттік зорлық-зомбылықтарынан қорғайтын және басқаруға саяси деңгейде қатысуға мүмкіндік беретін халықтың конституциялық құқығымен шектеледі.

Үшінші мәселе қандай да болса да мемлекетке шекаралық иеленуде халықаралық қауымдастықты құптаудың демократиялық талабын реализациялаудан көрінді. Үнемі қақтығыс және басқыншылық соғыс теорриториялық шиеленісуді күшейтті. Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік бірлестік халықаралық құптауда оның легитимділігін қажет етті. Сөйтіп, биліктің легитимділігін талап ету билік алмасуының зорлығына, билікті заңсыз пайдалану және мемлекеттік шекараны күштеп өзгертуге қарсы реакция ретінде пайда болды. Әрекет етіп жатқан биліктің легитимділігін мойындау күштердің арасындағы шарт жасамаса, билеуші мемлекет және халық тиімті саясат бағытын жүзеге асыру қойылған мақсатқа жетудің әдіс тәсілінен көрінеді. Сондықтан легитимділік тек билікті құптау емес, сонымен биліктің міндеттеме реалдық саяси өмірге лайық ресми нормалармен заң шеңберінде әрекет ету. Бірақ, легитимділік принцип толықтай биліктің либералды-демократиялық бағалануы, конституционализмді мойындаудың нәтижесі ретінде қалыптасты.

Легитимділік - адамдардың санасына әсер ететін, оған қатынасы бар сенім символы, түсінік. Ол сенімнен шығады, билік елде оның азаматтары орындауға тиіс шешім қабылдау құқығына үлестірілген. Легитимділіктің негізі осы қрылыстың заңға сиюшылығына жетуі болып табылады. [6] Ол сонымен тарихтың белгілі елде әскери төңкерістен кейін тек қана тұрақтылық орнаған жоқ, сонымен қатар экономика өсе бастады, ал соның ізін суытпай әлеуметтік гүлдену басталады деген фактімен дәлелденеді. Мүлде демократияға жатқызбайтын көптеген мемлекеттерде экономика тұрақты түрде дамиды және азаматтардың көпшілігі сол режимді қолдайды. Билік тұрақтылыққа айқын тәртіптілікке жетуінің нәтижесінде легитимді болады. Және керісінше демократиялық жолмен құрылған билік қоғамның даму мәселесін шешуге азаматтық және ұлтаралық соғысты, орталық және жергіліктің қарама-қарсылығын қақпайлап жіберуге қабілетсіз, легитимділігін жоғалтады.

Біз мүлде түрлі екі көзқараспен легитимділік туралы айта аламыз. Бір жағынан философ тап осы түсінікті және оның копонентін ақылдық немесе моральдық көзқрасымен талдауы керек, соңғы сәтте адамгершілік және табиғи құқық теориясы туралы өзінің қорытындысын дәлелдеуге тырысуы керек. Бірақ басқа жағынан социолог немесе саяси лидер легитимділікке эмпирикалық немесе практикалық жағынан жақындауы мүмкін. Мұнымен қоса түсінік мағынасына жақын “тану” легитимділіктің эмпирикалық немесе жұмысшы критерийі ретінде үлкен рөл ойнайды. Легитимділік режимнің осындай амалы, ереже ретінде, легитимділік сөзден сонымен оны тап осы режимде тұрып жатқан халық қабылдайды немесе қабылдамайды сонымен ерекшеленеді.

Жоғары көрсетілгеннен шыға реалды және ресми легитимділікті белгілеуге болады. Алғашқы бағыт билікті легитимділеумен байланысты қоғамның түрлі топтарындағы реалды жағдайды және саяси құндылық пропорциясы мен нормасын зерттеуді ұйғарады. Мұндай қатынаста белгілі политологтардың анықтамасын келтіруге болады. Мысалы, С. Липсеттің пікірі бойынша легитімділік “нығайту жиынтығы бар, саяси жүйе мақсатпен іске кірісіп сенімді тудырса және оны жібермесе онда саяси институттар сол қоғам үшін анағұрлым үйлесімді және лайықты болып табылады”. Р. Даль легитимділікті сенімді түрде өсіру ретінде анықтайды. Сонымен саяси құрылымдар, процестер әрекет, шешім және бағдар, сонымен қатар жетекші және шенеунік “әділ” қасиетті иеленуі компонеттік және адамгершілігін құндылық бұл қасиеттердің есебімен қолдауы тиіс”. Олар өз мүшесінің талабын қанағаттандыратынды лайықты санайды.

Сөйтіп легитимділікті анықтау мәселесі қиындайды. Оны анықтау үшін әйгілі-неміс социологы М. вебердің легитимділік теориясына сүйену керек. Ол қазір біз айтқалы тұрған, легитимділіктің үш “идеалды түрін белгілейді” [8] .

Бірінші кезекте, традициялық легитимділік. Ол дәстүрлердің жиынтығына негізделеді. Қазіргі көзқарасты легитимділік дәстүрлердің дұрыстығын талдап шығара алады ма.

Франциядағы көне режим, 1789 ж дейін корольдік биліктің легитимділігін дәлелдеу үшін тарихи прецедент қасиетімен мұраланған традициялық принциптерге сүйенеді. Біраз уақытқа дейін Француз тілінде легитимділік концепті тек көрсетілген аспектіде қолданылды. “Легитимистер” деп көне Бурбондардың бұтақтарын жақтаушыларды атады. Тек соның уәкілі дәстүр күшімен корольдік билікті басқара алады дейді. Қазіргі кезде легитимділіктің традициялық түрі монархиялық режимдегі елдерде сақталады. . (Непал, Сауд Аравия, Иордания ж. т. б. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси билік теориясы
Қазақстан Республикасындағы саяси биліктің ерекшілігі
БИЛІК ЖҮРГІЗУДІҢ МЕХАНИЗМДЕРІ
Мемлекет механизмі туралы
Биліктік ыкпал ету
Билік - әлеуметтік феномен ретінде
Саяси жүйелердің негіздері ұғымы мен мәні
Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері
Монархияның тарихы
Саяси билік жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz