Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
Ж о с п а р
Кiрiспе 2
II. Мемлекеттiң сыртқы қарым-қатынас орнату органдары 6
2.1 Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгiнiң мiндеттерi 13
2.2 Министрлiктiң жауапкершiлiгi 17
2.3 Министрдiң функциясы 18
ІІІ. Қазақстан Республикасының консулдық қызметi 21
3.1 Консулдық қызметтiң құрылымы 21
3.2 Консулдық қызмет департаментi 25
3.3 Консулдардың функциясы 32
3.4 Консулдың Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен азаматтарына
қатысты функциялары 35
3.6 Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер 49
Қорытынды 51
Қолданылған әдебиеттер 54
Кiрiспе
Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк алған алғашқы жылдары-ақ өзiнiң
сыртқы саясатын тездетiп қалыптастыруы қажет болды, әйтпесе, бiздiң
мүдделерiмiзге орасан нұқсан келуi мүмкiн едi.
Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Нұрсұлтан
Назарбаев өзiнiң 1992 жылғы мамыр айында шыққан Қазақстанның егемендi
мемлекет ретiнде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты еңбегiнде атап
көрсеттi. Елiмiз өзiнiң геосаяси жағдайын, этнодемографиялық және басқа
факторларды ескере отырып, көп бағытты дипломатияны жүзеге асыруға кiрiстi.
Мұның мәнi – әлемдiк деңгейдегi iстерде елеулi орын алатын және елiмiздiң
нақты мүдделерi тоқайласатын мемлекеттердiң бәрiмен достық және өзара
сенiмдiлiк сипатындағы қарым-қатынастарды дамыту деген сөз.
Шетелдiк ықпалдастарымызбен қарым-қатынасымыздың құқықтық негiзiн
жасақтау қажет болды. Қазақстанға инвестиция тарту үшiн, ең алдымен, екi
жақты дипломатиялық қатынас орнату шарты алға қойылды.
Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңi мынадай өрелi мiндеттердi жүзеге
асырудан басталды. Бiрiншiден, бiздiң мемлекетiмiздiң тың сипатын
танытуымыз, екiншiден, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның
қауiпсiздiгi мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуiмiз қажет болды,
үшiншiден, әлемдiк шаруашылық жүргiзу мен экономикалық байланыстарға
белсене араласуымызға қажет болды.
Бұл мiндеттердi жүзеге асыруда, әрине, Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың еңбегi аса зор. Қазақстанның қуаты мен мүмкiндiктерiн
шетелдерде кеңiнен насихаттау үшiн дүниежүзi мемлекет басшыларымен тiкелей
жеке байланысқа шықты, бiз әлемдiк қауымдастыққа тең құқылы және тәуелсiз
әрiптес ретiнде танылдық. Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi екi айдың iшiнде
әлемнiң 92 мемлекетi елiмiздi таныды. Қазақстанның сыртқы дүниемен өзара
қарым-қатынасының шарттық-құқықтық базасы жасалды және дамыды, ядролық
державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция тарапынан қауiпсiздiк
кепiлдiгi қамтамасыз етiлдi.
Бүгiнгi таңда Қазақстан мемлекеттiлiгiн қалыптастырудың сын сағаттары
артта қалды деп айта аламыз.
Бiз мұны неге сүйенiп айтып отырмыз егемендiгiмiз, аумақтық
тұтастығымыз халықаралық деңгейде танылып, кепiлдiк берiлдi. Қазақстан
әлденеше халықаралық ұйымдардың мүшесi болып табылады [1, 140 бет]
Бiздiң дәуiрiмiзде бәсекелестiк әскери саладан, саяси және
экономикалық салаға ауыса бастауына байланысты шет мемлекеттермен тату
көршiлiктiң қалыптасуына бар күш-жiгер жұмсалды. Осыған орай сыртқы саяси
қызметке басымдық берiлдi. Сыртқы iстер министрлiгiн құру оңай iс болған
жоқ. Бiздiң сыртқы саяси қызметтегi дәстүрiмiз жұтаң едi, өйткенi, ол Кеңес
Одағы кезiнде дипломатиядан алыс қызметпен шұғылданатын. Сыртқы саяси
қызметтiң тиiмдiлiгi көбiне дипломатиялық кадрларға байланысты шешiледi.
Сондықтан алғашқы кезде КСРО сыртқы iстер министрлiгiнiң орталық
аппаратында және шетелдерде жұмыс iстеп жүрген қазақстандықтар елiмiздiң
сыртқы саяси ведомствосына қызметке шақырылды. Республикамызға 12 жоғары
маманданған дипломаттар келдi. Солардың бiрi – Қасымжомарт Тоқаев – 1994
жылдың қазан айынан бастап елiмiздiң сыртқы iстер министрi. 1992 жылғы
екiншi шiлдеде Республика Президентi жарлығымен Қазақстан Республикасы
сыртқы iстер министрлiгi туралы ереже қабылданды. 1997 жылғы қарашаның он
екiсiнде Дипломатиялық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңы
қабылданды. Онда дипломатиялық қызмет органдарына мынадай мiндеттер
жүктелдi:
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен
негiзгi бағыттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Президентi мен
үкiметiне тиiстi ұсыныстар жасау;
- дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы Қазақстан Республикасының
егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығы мен шекараларының
мызғымастығын қорғауды, басқа мемлекеттермен өзара қатынастарда және
халықаралық аренада оның саяси, сауда, экономикалық және өзге де мүдделерiн
қамтамасыз ету т.б[1].
Қазақстанның Стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу мен қысқарту
туралы шартқа, Орта және таяу қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шартқа,
Еуропалық Кәдiмгi қару-жарақ күштерi туралы шартқа қатысуы, сондай-ақ, 1993
жылғы желтоқсанда ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы – елiмiздiң
әлемдiк қауымдастыққа тұтасуының жаңа мүмкiндiктерiн ашты.
Қазақстан өзiнiң сыртқы саясат тұжырымдамасында көршi мемлекеттермен
арадағы өзара қарым-қатынасқа айқын басымдылық бердi.
1992 жылы 16 мамырда Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан
Назарбаев өзiнiң Қазақстанның егемендi мемлекет ретiнде қалыптасуы мен
дамуының стратегиясы атты еңбегiнде республикамыздың сыртқы саясатының
концепциясын (тұжырымдамасын) жасауға және оның басым бағыттарын таңдауды
негiздеуге кiрiскен болатын. Бұл құжатта: ең алдымен бiз өз саясатымыздың
бейбiтшiлiк сүйгiш бағытын жариялаймыз және әлемнiң бiрде-бiр мемлекетiне
территориялық талабымыздың жоқтығын мәлiмдеймiз. Кез келген әскери
жанжалдың апаты салдарға әкелiп соғатыны жөнiнде өзiмiздiң
жауапкершiлiгiмiздi түсiне және сезiне отырып:
- Қазақстан мемлекеттiк саясатының басым мақсаты ретiнде бейбiтшiлiк
сақтауды мойындаймыз.
- саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға жетудiң құралы ретiнде
соғысты және күш көрсету қоқан-лоққысын қабылдамаймыз.
- ядролық қарусыз мемлекет мәртебесiн алуға және ядролық қаруды
таратпау туралы шартқа қосылуға ұмтыламыз.
- Қалыптасқан шекаралардың бұзылуы, басқа мемлекеттердiң iшкi iстерiне
араласпау принциптерiн ұстанамыз деп басты–басты бағытымызды атап
көрсеткен болатын. [2, 12бет]
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзiнiң Ғасырлар тоғысында,
Тәуелсiздiгiмiздiң 5 жылы, тағы басқа еңбектерiнде Қазақстанда
дүниежүзiлiк еңбек бөлiнiсi процестерiне, капитал мен ресурстардың
халықаралық ағымнан тарту мақсатында халықаралық, еуропалық және азиялық
экономикалық одақтармен ынтымақтасу мәселелерiне байланысты алда тұрған
келелi мiндеттердi белгiлеп бердi.
Бiздiң сыртқы мүмкiндiктерiмiз, ең алдымен, елiмiздiң географиялық,
геосаяси және геоэкономикалық жағдаймен айқындалады. Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың бағдарлауынша, Қазақстанның мүмкiндiгi ең алдымен, оның
еуразия аймағындағы жолдардың түйiскен торабында орналасқан географиялық
жағдайынан туындайды. [3, 34 бет]
II. Мемлекеттiң сыртқы қарым-қатынас орнату органдары
Дипломатия бiр мемлекеттiң басқа мемлекеттермен және халықаралық
ұйымдармен сыртқы байланыстарын бекiтетiн, халықаралық құқықтың субьектiсi
ретiнде мемлекеттiң құқықтарын танытатын, халықаралық қатынаста оның
мүдделерiн және оның азаматтары мен заңды тұлғаларының мүдделерiн қорғайтын
сыртқы қатынас органдарының ресми қызметi арқылы жүзеге асырылады.
Сыртқы қатынас орнату органдарын былайша бөлуге болады:
а) мемлекеттiң iшкi органдары;
б) мемлекеттiң сыртқы органдары.
Мемлекеттiң сыртқы қатынас орнататын iшкi органдары өз кезегiнде
былай бөлiнедi:
А) жалпы өкiлеттi – жалпы саяси органдары: парламент, елбасы
(президент, монарх), үкiмет, үкiмет төрағасы, сыртқы iстер ведомствосы және
оның министрi;
Ә) арнайы өкiлеттiгi бар органдар: министрлiктер мен басқа да
ведомстволар (комитеттер), өз өкiлеттiктерiне сәйкес, белгiлi бiр салада
ғана (экономикалық, мәдение, ғылыми т.б.) сыртқы байланысты жүзеге асырады.
Сыртқы органдар тұрақты және уақытша болып бөлiнедi. Тұрақты
органдарға: дипломатиялық өкiлдiктер (елшiлiк мен миссия), халықаралық
ұйымдар жанындағы мемлекеттiң тұрақты өкiлдiктерi, сауда өкiлдiктерi,
консулдық мекемелер жатады[2].
Уақытша органдарға: халықаралық конференциядағы делегациялар мен
қадағалаушылар тобының арнайы миссиялары; халықаралық ұйымдар мен оның
органдары сессиясының жұмысына қатысу үшiн жiберiлген делегациялар,
екiжақты келiссөздегi делегациялар және басқалары.
Парламент, елбасы, үкiмет (оларды конституциялық жағдайлардың
күшiне сәйкес билiктiң жоғары органдары деп атайды – сыртқы қатынас
орнатудың конституциялық органдары) – сыртқы қатынас орнатудың жалпы саяси
басшылығын жүзеге асырады.
Парламенттер жалпыұлттық өкiлеттi органдар ретiнде сыртқы қатынас
орнатудың жалпы саяси басшылығын жүзеге асырады. Бiрақ сыртқы қатынас
орнатудың фактiлi рөлi барлық мемлекетте бiрдей емес.
Парламенттiң сыртқы қатынас орнату саласындағы әдеттегi
өкiлеттiктерi: соғыс, бейбiтшiлiк, аумақтық өзгерiстер туралы мәселелер
шешу, халықаралық шарттарды ратификациялау, сыртқы саяси шараларға шыққан
шығынды анықтау.
Парламентте сыртқы саясат мәселелерi бойынша пiкiр-сайыстар
өткiзiледi, депутаттар ол бойынша үкiметке сауал бередi, парламенттiк
делегациялар басқа мемлекеттегi парламентаралық одақтың сессиясына қатысуға
сапарға шығады[3].
Парламенттер басқа елдiң парламентiне үндеу жасайды, сыртқы саясат
мәселелерi бойынша өтiнiш қабылдайды, сыртқы iстер бойынша тұрақты комиссия
құрады.
Елбасы халықаралық қатынаста мемлекеттiң жоғары өкiлдiгiн жүзеге
асырады. Елбасы өз мемлекетiнiң басқа елдегi елшiсi мен өкiлiн қызметке
тағайындайды және босатады. Шетел мемлекеттерiнiң елшiсi мен уәкiлi
тiркелген сенiм және қайтару грамоталарын қабылдайды.
Елбасы арнайы өкiлеттiксiз келiссөздер жүргiзедi және халықаралық
шартқа қол қоя алады, шетелдерге сапары кезiнде иммунитеттер мен
артықшылықтарға ие болады.
Үкiмет сыртқы саясаттың негiзгi бағыттарын белгiлейдi, қабылданған
сыртқы саяси шешiмдердiң орындалуын және оны қадағалауды ұйымдастырады.
Сыртқы iстер ведомствосы – тiкелей мемлекеттiң сыртқы қатынас
орнатуына жедел басшылықты жүзеге асыратын орган. Сыртқы iстер
ведомствосының негiзгi мiндеттерiне мыналар жатады: халықаралық қатынаста
тiкелей мемлекеттiң мүдделерiн таныту және қорғау; үкiметаралық келiсiм
бойынша бекiтiлген дипломатиялық және консулдық қарым-қатынасты қолдау,
халықаралық ұйымдардағы мемлекеттiң мүшелiгiнен және халықаралық
конференцияның жұмысына қатысудан шығатын шетелдегi дипломатиялық және
басқа да ресми өкiлдiктер мен консулдық мекемелердiң қызметiне басшылық
ету, бақылау және қадағалау; сол елдегi шетелдiң дипломатиялық өкiлдiктерi
мен келiссөз жүргiзуге және шарт бекiтуге келген арнайы миссиямен және
делегациялармен байланыс жасау және келiссөз жүргiзу.
Мемлекеттiң сыртқы қатынас орнатудағы сыртқы органдарының
арасындағы негiзгi орынды тұрақты дипломатиялық өкiлдiктер алады.
Бұл мемлекеттер арасында жақсы дипломатиялық қатынастар болғанда
ашылатын елшiлiктер мен миссиялар.
Елшiлiктер – бiрiншi жоғары сыныптың өкiлдiктерi. Оларға Ватикан
өкiлдiктерi – нунциатура теңестiрiледi.
Миссиялар – екiншi сыныптың өкiлдiктерi. Оларға Ватиканның
интернунциатурасы сәйкес келедi.
Өкiлдiктiң дәрежесi туралы мәселелер мүдделi мемлекеттермен
шешiледi[4]. Мемлекеттер өзара келiсiм бойынша ертеректе таңдаған дәреженi
өзгерте алады: миссияны елшiлiкке қайта құру, бұл мемлекеттер арасында
қатынастың дамуын куәландырады.
Елшiлiк пен миссиялар бiрдей құқықтық мәртебеге ие бiрдей қызмет
атқарады, бiрдей иммунитеттер мен артықшылықтарға ие. Елшiлiктi елшi,
миссияны уәкiл немесе iске сенiмдi адам басқарады. Дипломатиялық
өкiлдiктердiң басшылары арасында олардың қызметi жағынан жоғары тұруы мен
этикетi туралы мәселелерден басқа ешқандай ерекшелiктер болмайды. 1961 жылы
Вена конвенциясының 14-бабының 2-тармағында айтылғандай: өкiлдiк
басшыларының белгiлi бiр сыныпқа тиiстiлiгiне байланысты ешқандай
айырмашылық болмауы керек, тек қызметi жағынан жоғары тұру және этикетiне
қатысты болуы мүмкiн.
Дипломатиялық өкiлдiктiң басшысын тағайындаушы мемлекет
аккредиттеушi мемлекет деп аталады. Дипломатиялық өкiлдiктi өзiнiң
дипломатиялық мiндеттерiн орындау үшiн қабылдайтын мемлекет мекендiк
мемлекет деп аталады.
Қазiргi кезде дипломатиялық өкiлдiктiң құқықтық жағдайы 1961 жылы
дипломатиялық қатынас орнату туралы Вена конвенциясымен реттеледi.
Конвенцияның 3-бабы бойынша мекендеушi мемлекеттегi дипломатиялық
өкiлдiктерге мынадай мiндеттер жүктеледi:
А) мекендiк мемлекетте өз елiн (аккредиттеген мемлекеттi) таныту;
Б) мекендiк мемлекетте аккредиттеген мемлекеттiң және оның
азаматтарының мүдделерiн халықаралық құқықпен рұқсат етiлген шекте қорғау;
В) мекендiк мемлекеттiң үкiметiмен келiссөз жүргiзу, олар туралы өз
үкiметiн хабардар ету;
Г) барлық заңды тәсiлдермен мекендiк мемлекеттегi жағдайлар мен
оқиғаларды анықтау;
Д) аккредиттеген мемлекет пен мекендiк мемлекет арасындағы достық
қатынасты көтермелеу және олардың экономика, мәдениет, ғылым саласындағы
қарым-қатынастарының дамуына ат салысу.
Дипломатиялық өкiлдiктiң басшысы (елшi, уәкiл, iске сенiмдi) ерекше
тәртiппен тағайындалады.
Бұл әр мемлекеттiң өз аумағында белгiлi бiр тұлғаны шет мемлекеттiң
дипломатиялық өкiлдiгiнiң басшысы ретiнде қабылдауға немесе қабылдамауға
егемендiк құқыққа ие болуына байланысты, сондықтан аккредиттеушi мемлекет
қабылдаушы мемлекеттiң үкiметiнен белгiлi бiр нақты тұлғаны дипломатиялық
өкiлдiктiң басшысы ретiнде тағайындалуына келiсiм сұрайды.
Қабылдаушы мемлекеттiң белгiлi бiр тұлғаны дипломатиялық өкiлдiктiң
басшысы ретiнде тағайындалуына келiсiмi – агреман деп аталады. Агреманды
сұрау тәртiбi халықаралық құқықтың жұрт таныған нормасы болып табылады.
Агреман алған тұлға persona grata (жағымды тұлға) ретiнде қарастырылады.
Егер тұлға қабылдаушы мемлекеттiң үкiметi үшiн белгiсiз бiр себептермен
тиiмсiз және бас тартқан болса, онда тұлға non grata (жағымсыз тұлға) деп
саналады. Мемлекет агреман беруден бас тарта алады және оның себебiн
түсiндiруге мiндеттi емес. Дипломатиялық өкiлдiктiң басшысы (елшi, уәкiл)
өзi тағайындалған мемлекетке сапар шегер алдында сенiм грамотасын, ал iске
сенiмдi адам – сенiм хат алады.
Сенiм грамотасы – бұл аккредиттеген мемлекет басшылығының өкiлi
ретiнде елшiнiң (уәкiлдiң) ерекше мәртебесiн куәландыратын құжат.
Сенiм грамотасына аккредиттеген мемлекеттiң басшысы қол қояды және
сыртқы iстер министрiнiң қолымен бекiтiледi. Сенiм грамотасында елшiсi
тағайындаушы елбасы – елшiнi қабылдаушы елбасынан елшiнiң (уәкiлдiң) өз
мемлекетi және үкiметi атынан айтқанының бәрiне сенуiн (осыдан сенiм
грамотасы деп аталады) сұрайды. Тағайындалған мемлекетке келгенде
дипломатиялық өкiлдiктiң басшысы (елшi немесе уәкiл) сенiм грамотасын
жекелей елбасына тапсырады, ал iске сенiмдi сенiм хаты – сыртқы iстер
министрiне тапсырады.
Әр елде сенiм грамотасын тапсырудың арнайы тәртiбi орнатылған және
ол салтанатты жағдайда өтедi. Қабылдаушы мемлекет басшысына сенiм
грамотасын тапсырған кезден кейiн немесе мекендiк мемлекеттiң сыртқы iстер
министрiне сенiм грамотаның куәләндырылған көшiрмелерiн тапсырғаннан кейiн
(мемлекеттегi қалыптасқан тәжiрибеге сәйкес) өкiлдiктiң басшысы мекендiк
мемлекетiнде өз мiндетiне кiрiстi деп саналады.
Дипломатиялық өкiлдiктiң (елшi, уәкiл, iске сенiмдi) мекендiк
мемлекеттегi қызметi айырбас тәртiбiнде аккредиттеген мемлекеттiң қайта
шақыру кезiнде тоқтатылады, сонымен қатар егер ол мекендiк елдiң сенiмiн
жоғалтса және жағымсыз (persona non grata) болып жарияланса; егерде
аккредиттеген мемлекет пен мекендiк мемлекеттiң арасында дипломатиялық
қарым-қатынас үзiлсе; егер осы мемлекеттер арасында соғыс жағдайы
жарияланса; егер дипломатиялық өкiлдi тағайындаушы немесе оны қабылдаушы
мемлекеттiң бiрi өзiнiң халықаралық құқықтың субьектiсi ретiнде өмiрiн
тоқтатса – тоқтатылады.
Дипломатиялық өкiлдiктер үшiн сыныптар мен дәрежелер бекiтiлген
сыныптар дипломатиялық өкiлдiктiң басшысы үшiн халықаралық құқықпен
орнатылған (бiрiншi рет 1815 жылы Вена конвенциясы өзiнiң регламентiмен
дипломатиялық өкiлдiктiң сыныптарын бекiтiп, ол 1961 жылы дипломатиялық
қарым-қатынасқа түсу туралы конвенциямен расталған).
Дипломатиялық өкiлдiктiң басшылары үш сыныпқа бөлiнедi:
А ) елшi (нунций);
Б ) уәкiл (интернунций);
в ) iске сенiмдi.
Нунций және интернунций – Ватиканның дипломатиялық өкiлдерi.
Елшiнi (нунций), уәкiлдi (интернунций) мекендiк мемлекеттiң елбасы,
iске сенiмдiнi – сыртқы iстер министрi аккредиттейдi.
Дипломатиялық өкiлдiк басшысының сыныбын мүдделi мемлекеттердiң
келiсiмi анықтайды.
Iске сенiмдi уақытша iске сенiмдiнi ажырата бiлу керек. Егер iске
сенiмдi дипломатиялық өкiлдiк басшылығының (миссия) 3-сыныбы болса, ал
уақытша iске сенiмдi - өкiлдiк басшысының мiндеттерiн ол болмаған жағдайда
жүзеге асырушы тұлға, яғни уақытша iске сенiмдi елшiнiң, уәкiлдiң, iске
сенiмдiнiң қызметтерiн олар демалыста болғанда, ауырғанда және тағы басқа
жағдайларда жүзеге асыра алады. Сыныптардан шетелдегi дипломатия
өкiлдiктерiнiң қызметшiлерiне және сыртқы iстер ведомствосының
жұмысшыларына берiлетiн дипломатиялық дәрежелердi ажырата бiлу керек.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Дипломатиялық
қызмет туралы заңымен мынадай дәрежелер бекiтiлген: төтенше және өкiлеттi
елшi; 1 және 2 сыныптың төтенше және өкiлеттi уәкiлi; 1 және 2 сыныптың
кеңесшiсi; 1 және 2 сыныптың бiрiншi хатшысы; 1 және 2 сыныптың екiншi
хатшысы; үшiншi хатшы; атташе.
Қазақстан Республикасының төтенше және өкiлеттi елшiсiнiң және 1
және 2 сыныпты төтенше және өкiлеттi уәкiлдiң жоғары дипломатиялық
дәрежелерiн Президент бередi; қалған дипломатиялық дәрежелердi – сыртқы
iстер министрi бередi.
Дипломатиялық өкiлдiктiң құрылымы және құрамы
Дипломатиялық өкiлдiк мекендiк мемлекеттiң астанасында орналасады.
Оның функционалды бөлiмдердi бөлiмдерi бар: саяси, экономикалық, консулдық,
мәдение байланыс, баспа, әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм кеңес.
Дипломатиялық өкiлдiктiң құрамы үшке бөлiнедi:
А ) дипломатиялық;
Б ) әкiмшiлiк-техникалық;
В ) күтушi.
2.1 Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгiнiң мiндеттерi
1. Мемлекеттiң әлемдiк бiрлестiктер алдында бағытын нығайту, оның
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ұлттық мүддесiн қорғау, сонымен қатар-
Қазақстанның өсiп-өркендеп, гүлденуiне сыртқы жағдайларды жақсартуға жағдай
жасау.
2. Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгi (ары қарай -
министрлiк) – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы ұйымы (мекемесi)
болып саналады[5]. Министрлiк Қазақстан Республикасының сыртқы-саяси
әрекетiн iске асырады және Қазақстан Республикасының дипломатиялық
қызметтiң бiрiккен жүйесiн басқарады.
3. Министрлiк өзiнiң қызметiн, iс-әрекетiн Қазақстан Республикасының
Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңы мен халықаралық келiсiмдер,
Президент және Қазақстан Республикасының үкiметi актiлерi, басқа да
нормативтiк құқықтық актiлермен және осы ережеге сай жүргiзедi.
4. Министрлiктi қаржыландыру республикалық бюджеттiң орталық атқарушы
ұйымдарға арналған қаржы бөлуден шығындалады.
5. Министрлiктiң құрылымы мен штаттық-сандық құрамы Қазақстан
Республикасының үкiметiмен белгiленедi.
6. Министрлiк заңды тұлға, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
елтаңбасы бейнеленген мөрi бар, қазақ, орыс тiлдерiнде мекеме атауы
жазылған, банкте есебi, оның iшiнде шетел валютасы да бар.
7. Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгiнiң қарамағына
дипломатиялық академия, дипломатиялық өкiлдiктер мен жұмыс iстеу
департаментi кiредi.
Приоритетi.
8. Министрлiк келесi бағыттарда өзiнiң әрекеттерiне приоритеттiк
мағына бередi:
- Қазақстан Республикасының Президентiне сыртқы саяси стратегия
бойынша ұсыныстар жасау, Президенттiң халықаралық бастамасын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерiмен және халықаралық
ұйымдар арасындағы қарым-қатынастардың қолайлы жағдайын қамтамасыз ету;

ұйымдармен қарым-қатынасында бiрiккен сыртқы саяси курстарын өткiзуде
орталық атқарушы ұйымдардың жұмысын реттеу;
- Халықаралық шарттарды орындауда жалпы бақылау;
- Дипломатиялық және консулдық иммунитет пен жеңiлдiктердi
сақтауын бақылау.
Министрлiктiң мiндеттерi, құқықтары мен әрекеттерi
9. Министрлiкке төмендегiдей мiндеттер жүктеледi:
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басты бағытын және
концепциясын жасау, Президентке және Қазақстан Республикасының үкiметiне
сай ұсыныстар жасау;
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының курсын және сыртқы
экономикалық саясатын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының шекарасының тәуелсiздiгiн, қауiпсiздiгiн,
территориялық бiрлiгiн және берiктiгiн, оның саяси, сауда-экономикалық,
басқа да мемлекеттiк қарым-қатынаста мүддесiн, азаматтардың құқықтары мен
ынтасын дипломатиялық әдiс-тәсiлдермен қорғау;
- әлемдегi саяси және экономикалық ережелердi оқу, шетел
мемлекеттерiнiң сыртқы және iшкi саясатын, халықаралық ұйымдардың
әрекеттерiн оқу;
- мемлекеттiк ұйымдарды сыртқы және iшкi саясатты iске асыруына
қажеттi ақпараттармен қамтамасыз етi;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен қаралған басқа да мiндеттердi
iске асыру.
10. Қойылған мiндеттердi орындау үшiн министрлiк келесi әрекеттердi
бөледi:
- Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерiмен жiне халықаралық
ұйымдармен байланыста, қатынаста болу;
- Қазақстан Республикасының халықаралық регионалдық және глобалдық
бейбiтшiлiктi – дипломатиялық әдiс-тәсiлдермен қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының нормативтiк құқылық актiлердi жасауға және
жүзеге асыруға қатысады;
- Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерiн және халықаралық
ұйымдармен халықаралық шарттар мен келiссөздер жүргiзудi ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының бiрiккен Ұлттар Ұйымының iс-шараларына,
басқа халықаралық ұйымдар, конференцияларда, мәжiлiстерде, форумдарқа
қатысуға жағдай жасау, Қазақстан Республикасының халықаралық бiрлестiк
мүшесi ретiнде регионалдық, глобалдық мәселелердi шешуде рөлiн көтеру;
- Қазақстан Республикасының халықаралық қорғаныс мүддесiн қамтамасыз
ету, қоршаған ортаны рационалды қолдануда, әлемдiк мұхит ресурстарын
игеруде, ғарыштық кеңiстiктi зерттеуде, сонымен қатар Қазақстан
Республикасының азаматтарының бостандығы мен құқығын қамтамасыз ететiн,
оның ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғанысын, құқықтық тәртiптi сақтау,
Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерiмен және халықаралық ұйымдармен
сауда, экономикалық және қаржыландыру байланысын, ғылыми-техникалық, мәдени
және басқа да алыс-берiс шараларды кеңейтiп, дамыту;
- мемлекетаралық алыс-берiстi жоғары және үкiмет деңгейiнде хаттамалық
түрде қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының бiрiккен мемлекеттiк жүйесiн тiркеудi,
халықаралық шарттарды сақтау;
- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды депозитариялау
функцияларын iске асыруды қамтамасыз ету;
- сыртқы iстер министрлiгiнiң кадрлiк орталық аппараты және Қазақстан
Республикасының шет елдер өкiлдерi, мекемеге қарайтын ұйымдар,
дипломатиялық қызметте кадр бiлiктiлiгiн көтеруде дайындық, қайта даярлауды
ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетiлген басқа да
функцияларды жүзеге асыру.
11. Министрлiктiң мiндеттерi мен әрекеттердi орындауда құқығы:
- министрлiкке тапсырылған функцияны орындау үшiн, сонымен қатар
керектi ұйымдар мен ұжымдарға анықтама беру үшiн, Қазақстан Республикасының
орталық және жергiлiктi атқарушы ұйымдардан, сонымен қатар меншiктi және
ұйымдастыру қарамақындағы ұйым түрiне қарамастан құжаттар, анықтамалар мен
басқа материалдарды сұрауға, алуға;
- Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтық
нормалар проектiсiне сай бақылау жасалуына;
- сыртқы саясат және дипломатиялық қызмет туралы Қазақстан
Республикасының Президентi мен үкiметiне заң және басқа нормативтiк
құқықтық актiлердi заңды түрде қарауға ұсынуға;
- елшiлердi, генералдық консулдарды, Қазақстан Республикасының
консулдарын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарына
(ары қарай шетел мекемесi) өкiлдердi заңды тәртiпте ұсыныс жасауға;
- халықаралық байланыстарды iске асыру мақсатында орталық және
жергiлiктi атқарушы ұйымдардың, сонымен қатар меншiктi және түрлi
ұйымдастыру қарамағындағы ұйым түрiне қарамастан мiндеттi түрде орындалатын
нормативтi құқықты актiлердi жасауға ат салысуға;
- мекемеге қарасты ұжымдарды қайта тiркеудi, жоюды, ашуды, олардың
басшыларын қызметке тағайындауды және орнынан босатуды, қаржы министрлiгi
мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетiмен бiрiгiп қаржы-
шаруашылық әрекеттердi тексерiп, ревизия өткiзудi, Қазақстан
Республикасының заңды түрде, тәртiппен шешуге;
- Қазақстан Республикасының территориясындағы және шетелдегi жер
учаскелерiн, мекемелер ғимаратын, құрылыстарды, капиталды және басқа
көрнекiлiктер мен заттармен заңға сай басқаруды және қолдануды және құқықты
делегат жiберуге;
- Қазақстан Республикасының заңында көрсетiлген басқа да функцияларды
iске асыруға.
2.2 Министрлiктiң жауапкершiлiгi
12. Министрлiктiң лауазымды қызметкерлерi министрлiкке жүктелген
мiндеттердi Қазақстан Республикасының заңына сай орындауға жауапкершiлiк
мiндеттейдi:
- министрлiкке бекiтiлген мiндеттердi орындау және жауапкершiлiгiн
министрге мiндеттеледi;
- жүктелген мiндеттер мен оларды iске асыруда жеке жауапкершiлiктi
департаменттердiң және басқарушы министрдiң, сонымен қатар шетел мекемелерi
мен мекемеге кiретiн ұжымдардың басшыларына мiндеттейдi;
13. Министрлiктiң қызметкерлерi, сонымен қатар шетел мекемелерi мен
мекемеге кiретiн ұжымдар - өз мiндеттерiн орындауда тәртiптi бұзса
Қазақстан Республикасының заңына сай тәртiппен жауап бередi.
2.3 Министрдiң функциясы
14. Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгiн – министрлiк
басқарады (ары қарай министр)[6].
Министрдiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының үкiметi қызметке
тағайындайтын және босататын, министрдiң - төрт вице - министрi,
департамент директорлары болады.
Министр төмендегi әрекеттердi орындайды:
- екi жақты және көпжақты келiссөздерде Қазақстанды таныстырады және
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен келiсiм-шарттарына қол
қояды;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарымен шетел мемлекеттерi
және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарында министрлiктi таныстырады;
- министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады, оның шетел ұйымдарының
жұмыстарын басқарады, министрлiктiң департаментiнiң ережесiн, жарғысын
бекiтедi, министрлiктiң жүйелi қызметтегi азаматтардың, сыртқы саяси,
ұйымдастыру,
Кадрлық, қаржыландыру, шаруашылық тағы басқа сұрақтарды шешуде
компетенциясын белгiлейдi;
- Қазақстан Республикасының премьер-министрiнiң келiсiмi бойынша -
халықаралық (мемлекетаралық, үкiметаралық) ұйымдардың елшiлерiн, өкiлдерiн
тағайындауды, кепiлдеме беру, осы орында болу мерзiмiн ұзарту немесе
қысқартуды Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады;
- мемлекеттiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының штаттан тыс
(құрметтi) консулдарын тағайындап, орнынан алуға;
- Қазақстан Республикасының премьер-министрiне дипломатиялық
академияның ректорлық қызметiне тағайындау немесе босатуға ұсыныс жасауға;
- дипломатиялық академияның ректорының ұсынысы бойынша- дипломатиялық
академияның проректорларын, сонымен қатар министрлiктiң басқа да оқу
орындарының басшыларын тағайындайды және босатады;
- министрлiктiң орталық аппарат жұмыстарына Қазақстан Республикасының
территориясындағы шетел мекемелерiне, министрлiк өкiлдерiне, мекемеге
кiретiн ұйымдарға бұйрықтар мен инструкциялар, нұсқаулар бередi;
- вице-министрлер мен департамент директорлары арасында мiндеттердi
бөлiп бередi;
- бюджет ассигнациясының бекiтiлген шығын сметасына сай министрлiктiң
орталық аппаратының, Қазақстан Республикасының территориясындағы
өкiлдiктердiң штаттық кестесiн, еңбек ақысын төлеу қоры көрсеткендей,
қызметкерлер санына қарай бекiтедi;
- орталық аппарат министрлiгiнiң және шетел мекемелерiнiң
қызметкерлерiн – шетел мекемелерiнiң елшi-кеңесшiсi мен бас консулды және
министрлiктiң ерекше тапсырмаларын орындайтын елшiнi қызметке тағайындайды
және орнынан босатады;
- дипломатиялық қызметтегi қызметкерлердi және шетел мемлекетiнiң
өкiлдерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларына және
Қазақстан Республикасының Құрметтi атақтарына тәртiппен заңға сай ұсынуға;
- дипломатиялық рангта елшiге 1 дәрежелi кеңесшi атағын беруге,
сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президентiне дипломатиялық рангта
өкiлеттi елшi мен төтенше елшiлерге, 1 және 2 дәрежелi төтенше өкiлеттi
елшiлерге атақ беруге;
- Қазақстан Республикасының заңында көрсетiлген басқа да
функцияларды iске асыруға.
Министрлiк коллегиясы
15. Министрлiкте коллегия құрылады:
- министр (коллегия төрағасы), вице-министр – департамент директорлары
және бөлiм басшылары, коллегия құрамына басқа да адамдар кiруi мүмкiн;
- коллегияның сандық құрамын үкiмет бекiтедi;
- коллегияның жеке құрамы министрмен бекiтiледi;
- коллегия министрлiктiң жұмысын қарастырады, керектi шешiм
қабылдайды;
- коллегия отырысында кеңесшi қызметiнен бастап жоғары дипломатиялық
қызметке дейiн бекiтедi;
- министрлiк колегиясы дипломатиялық рангтағы төтенше және өкiлеттi
елшiлердi және 1 және 2 дәрежелi төтенше және өкiлеттi елшiлердiң
отставкаға кетуiн қарастырады, керектi шешiм қабылдайды;
- коллегия шешiмi көпшiлiктiң дауыс беруiмен және министр бұйрығымен
орындалады.
ІІІ. Қазақстан Республикасының консулдық қызметi
3.1 Консулдық қызметтiң құрылымы
Тәуелсiздiк алғаннан берi Қазақстан Республикасы халықаралық
қатынастық пен құқылығы бар дербес субьект ретiнде дүние жүзiлiк аренаға
шығуға мүмкiншiлiк алды. Бiрiккен Ұлттар Ұйымына, басқа да ықпалды
халықаралық ұйымдарға кiрiп, маңызды халықаралық келiсiмдерге қосылуы,
халықаралық қатынастарға белсене қатысуы Қазақстанның халықаралық беделiнiң
көтерiлуiне ықпал болды. Сонымен қатар, тиiмдi саяси жағдайы, бай табиғи
ресурсының әулетi және iшкi саяси тұрақтылығы шет мемлекеттердiң iскерлiк
және қаржылық топтарының қарым-қатынас жүргiзуге деген мүдделiгi
көтерiлуде.
Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгiнiң
алдында Қазақстан Республикасы сыртқы елдермен жан-жақты қарым-қатынас
жасау үшiн өзiнiң жеке заңды және шартты-құқылық базасын құру мақсаты
тұрды. Дұрыс байқалғандай, кез-келген мемлекеттiң қарым-қатынасы тек қана
саяси қамтамасыздықты қажет етпейдi, сонымен қатар жеке iс-қимылдарды
қамтамасыз ету қажет. Кез келген шетке сапар шегу сыртқы iстер
министрлiгiнiң осы қызметiмен байланысты.
Қазақстан Республикасының консулдық қызметiн реттейтiн негiзгi құжат
болып Қазақстан Республикасында дипломатиялық қызмет туралы заң, Қазақстан
Республикасының консулдық жарғысы, Қазақстан Республикасының сыртқы iстер
министрлiгiнiң консулдық басшылығы туралы қағидасы, Қазақстан
Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы туралы қағидасы, әр түрлi
нормативтiк нұсқаулар, деректер. Негiзгi консулдық қызметтi реттейтiн
халықаралық құжаты – консулдық қарым-қатынас туралы Вена конвенциясы 1963
жылы бекiттi және сонымен бiр қатар көпжақтық, екiжақтық консулдық
конвенциямен келiсiмдер жасады.
Бұрынғы қалыпты кеңес одағы кезiнде қол қойылған бiрнеше қатар
құжаттар қолданылып жүр, бiрақ олар ескiргендiктен қайта қаралуы керек.
Осыған орай Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгi консулдық
департаментiнiң алдында бiр қатар конвенция мен келiсiмдер дайындап қол
қоюға кешендi мақсаттар тұр.
Президент Н.Ә.Назарбаев бiрнеше мәрте сыртқы саяси құрылымның қызмет
аясына мемлекеттiң экономикалық мүддесiн тарту қажет екендiгiн айтқан
болатын. Бұл мақсатты жүзеге асыруда негiзгi мiндет консулдық қызметте
берiледi. Осы қызмет басқа мемлекеттер арасындағы экономикалық және мәдени
қарым-қатынастардың дамуына ықпал келтiрiп, мемлекеттiң экономикалық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету керек. Келушi елдердiң кәсiпкерлерiмен
белсендi қарым-қатынасты, тиiмдiлiк ынтымақтастылықтың жолын қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының консулдық қызметiнiң мiндетi. Тағы бiр консулдық
қызметтiң мiндетi – департаменттiң басымдық бағытының бiрi – шет елдерде
тұрақты тұратын немесе уақытша мемлекеттен жол сапарға шыққан Қазақстан
Республикасының азаматтарының құқығымен мүддесiн қорғау. Кейiнгi жылдары
мұндай азаматтарымыздың саны өсiп, бiздiң шет елдегi консулдық
мекемелерiмiзге экономикалық дауды, заңдылық, азаматтылық iстерден туған
қиын мәселелердi шешуге тура келiп тұр.
Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгiнiң консулдық қызмет
департаментi Қазақстан Республикасының территориясында және шетелдiк
консулдық мекемелерге заңдылық қызмет көрсетуге үлкен көңiл бөлуде.
Бұл бiрiншiден, құжаттарды жариялау, нотариалдық әрекеттер, азаматтық
жағдайы туралы актiнi тiркеу, тағы да басқа мiндеттер атқару. Осымен қатар
консул қызметкерлерiнiң құқықтық дайындығы өте маңызды.
Негiзгi бағыт, Қазақстанның консулдық қызметiнiң аса көңiл бөлiп
отырған, консулдық сұрақтар бойынша келiсiм-шарттардың орындалуын бақылау.
Iске қосылған келiсiмдердi пайдалану, бекiтiлген конвенцияның келiсiмдерге
уақытында көңiл бөлiп отыру шетелдегi Қазақстан Республикасының
азаматтарының құқығы мен мүддесiн қорғауда консулдық қызметтiң мiндетiн
арттырады.
Консулдық қызметтiң атқарымының басым бөлiгi – ақпараттың талдамалы
жұмысы.
Қазақстан жас мемлекет болқандықтан басым мақсаттарының бiрi – әсiресе
дипломатиялық өкiлдiгi жоқ елдерде, шетелдерде консулдық қызметiн
кеңейту[7]. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасын мiндеттi түрде
консулдық мекемелер таныстырады.
Қазақстандық консулдық қызметiнiң басымдылықы болып жеке құжаттық
визаландыру жұмысын жетiлдiру. Бұл аяда консулдық қызметi сыртқы iстер
министрлiгiмен және шекара қызметiмен тығыз байланыста жұмыс жүргiзедi.
Сыртқы iстер министрлiгiнiң консулдық департаментiнiң тiкелей
қатысуымен Қазақстан Республикасының азаматтарының ұлттық жеке құжаты және
арнайы виза тапсырмалары дайындалған, олар әлем стандартына сәйкес. Бiрақ
ең үлкен мәселе – азия елдерiнiң, ең бiрiншi Ауғанстаннан келушiлердiң
құпия келуi болып қалады. Қазақстан Республикасының Ресейге және Еуропа
елдерiне өтетiн жолдың транзит орны болып саналады.
Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасында болуына тiкелей бақылау
консулдық қызметiнiң құзiретiне енбейдi. Ол iшкi iстер министрлiгiнiң
жетекшiлiгiнде. Қазақстанның заңдарына сәйкес шетелдiктердi тiркеуге iшкi
iстер бөлiмiндегi қабылдаушы жақ алады (министрлiктер, ведомстволар, жеке
меншiк фирмалар). Бiрақ консул департаментiнде Қазақстан Республикасының
территориясына келген шетелдiктердiң келуiн реттеуден сырт қалмайды.
Сонымен, Қазақстан Республикасының қазiргi консулдық негiзгi бағыты:
шартты құқықтық және мемлекеттiң iшкi нормативтiк қорын әзiрлеу, дамыту
(сонымен қатар халықаралық келiсiмдердiң атқарылғандарын бақылауды
қамтамасыз ету); Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесiн қорғаудағы
консул қызметiнiң маңызын көтеру көрсетiлген заң қызметiнiң көлемiмен
сапасын ұлғайту консулдық мекемелердiң торабын кеңейту. Шет мемлекеттерде
Қазақстан Республикасының азаматтарының құқығын және мүддесiн қорғауда
белсендi жұмыс жүргiзу, ақпаратты талдамдық жұмысты ұйымдастырып жетiлдiру;
Қазақстан Республикасына келу, жолсапарға шығу, келушiлер ақынын бақылау
мәселесi туралы басқа министрлiктермен қарым-қатынас жасау.
Қазақстан Республикасының консулдық қызметi iшкi саяси ақпараттың бiр
бөлшегi. Консулдық мiндеттердi атқару Қазақстан Республикасының iшкi iстер
министрлiгiнiң консулдық қызмет департаментiне және кейбiр облыс
орталықтарында халықаралық әуе жайында Астана, Алматы, Атырау қалаларында
қызмет көрсететiн бөлiмдерiне консулдық қызмет ету жүктелген.
Шетелдерде консулдық қызмет көрсету дипломатиялық өкiлдiктерге және
жекешеленген Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiне жүктелген.
3.2 Консулдық қызмет департаментi
1982 жылға дейiн Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгiнде
консулдық қызметiнен кiшiрек бөлiм айналысқан, кейiннен соның тарапынан
консулдық басқармасы құрылған. 1994 жылы консулдық жұмыстың көлемiмен
мөлшерi күрт өскендiктен басқарма бас басқарма болып қайта құрылған, 1997
жылы Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгiнiң құрылымының
өзгеруiне байланысты оның тарапынан консулдық қызметтiң департаментi
ашылған. Шетел дипломаттық өкiлдiктерiнiң басым көпшiлiгi және де
халықаралық ұйымдар Алматыда болғандықтан, құрамында 30 қызметкерi бар
Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгiнiң консулдық қызметiнiң
департаментi оңтүстiк астанада болып табылады.
Консулдық қызмет департаментi Қазақстан Республикасының сыртқы iстер
министрлiгiнiң ең iрi функционалдық бөлiмшесiнiң бiрi, сонымен қатар
Қазақстан Республикасының iшкi саяси мiндеттерiн атқарысуға тiкелей
қатысады. Ол Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгiнiң басқа
бөлiмшелерiмен, сонымен қатар шетелдегi, ТМД мемлекеттерiндегi
министрлiктер мен ведомстволар, ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс
жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының басқа елдермен консулдық қарым-қатынасын
кеңейтуге негiзгi көңiл аударуына байланысты, консул департаментi жақсы
дамыған келiсiмдi құқылық консулдық қарым-қатынас негiзiн құрған, оның
өзегi болып екi жақтық консулдық конвенциялар, консулдық мекемелер ашу
туралы келiсiм, екiжақтық азаматтықты болдырмау және азаматтық, қылмыстық
iсте құқылық көмек көрсету шарты.
1996 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Беларус Республикасы
арасында консулдық конвенцияға қол қойылған. 28 наурызда 1994 жылы сондай
конвенцияға Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерация арасында қол
қойылып, 1995 жылы 23 наурызда екi жақпен бекiтiлген.
Қазақстан Республикасы барлық Еуропа, Азия, Африка, Солтүстiк және
Латын Америка елдерiмен консулдық қарым-қатынасын кеңейтуге тырысады,
өйткенi ондай қарым-қатынас Қазақстанмен сол регионның елдерiмен болашақта
саяси, экономикалық, қылыми-техникалық және мәдениет байланыстарының
дамуына себеп болады.
Осындай мысал: 1994 жылы екi жаққа жолсапарға шыққан азаматтардың
визасын рәсiмдеу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам
Республикасы арасында бекiтiлген меморандум.
Ұйымдық құрылымы

департаментi өзiнiң құрылымы бойынша аумақтық және атқарымды бөлiмдерден
тұрады. Аумақтыққа келесi: Еуропа, Америка елдерiнiң, Таяу Шығыс, Африка,
Азия елдерiнiң бөлiмдерi жатады. Департаменттiң аумақтық бөлiмдерi шетел
мемлекеттерiмен консулдық қарым-қатынасты дамыту мәселесiмен айналысады.
Қазақстан Республикасымен бекiтiлген консулдық конвенциялармен келiсiмдердi
сақтауды бақылайды; екi жақтық азаматтарының құқығы мен мүддесiн қорғайды;
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел консулдық мекемелердiң
қызметiне жәрдемдеседi.
Атқарымдыққа үш бөлiм қатысады:
жеке құжатты визаландыру, жалпы консулдық құқық сұрақтар бөлiмi және
кеңсе.
Жалпы консулдық құқық сұрақтары бөлiмi шетел мемлекеттермен визалық
және жеңiлдетiлген визалық тәртiп туралы консулдық конвенциялармен
келiсiмдердiң жобасын дайындайды; әлеуметтiк саладағы ынтымақтастық туралы
келiсiм; екi жақтық азаматтықты болдырмау. Басқа бөлiмдер өздерiнiң атауына
сәйкес қызмет көрсетедi.
Консул департаментi өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының
заңымен, халықаралық шарттармен, Қазақстан Республикасының Президентiнiң
жарлығымен, қаулысымен, өкiметтiң қаулысы өкiмiмен, Қазақстан
Республикасының iшкi iстер министрлiгiнiң бұйрығымен, нұсқауларымен
басшылық етедi.
Шетелдегi консулдық мекеме Қазақстан Республикасының iшкi iстер
министрлiгiнiң консулдық департаментiне бағынып, тұрған мемлекеттегi
республиканың дипломатиялық өкiлдiгiндегi басшының жетекшiлiк етуiмен
өзiнiң қызметiн атқарады.
Шетелдегi консулдық мекемелер Қазақстанның, Қазақстан Республикасының
азаматтарының және заңды тұлғаларының құқығы мен мүддесiн қорғайды, өзiне
берiлген құзырет, аумағында консулдық мекемелер iшкi iстер министрлiгiнiң
жетекшiлерiне Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргiзуге көмек
көрсетедi, достық қарым-қатынасының, экономикалық, ғылыми-техникалық,
саясаттың байланыстардың дамуына жәрдемдеседi.
Консулдық мекемелер Қазақстан Республикасының дипломатиялық
өкiлдiктердiң консулдық бөлiмдерi, бас консулдық, консулдық, тете-консулдық
және консулдық агентi болып саналады.
Қазiргi уақытта Қазақстанның шетелдерде отыз консулдық мекемелерi,
оның iшiнде дипломатиялық өкiлдiктерде отыз консулдық бөлiм, екi бас
консулдық, алты консулдық және консулдық агенттiктерi бар.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң консулдық
бөлiмдерiн консул бөлiмдерiнiң меңгерушiлерi басқарады, олар консул болып
аталады. Бұл бөлiмдер Қазақстан Республикасының барған мемлекеттермен
байланысына консулдық қызмет көрсетедi, басқа мемлекет аумағында жүрген
бiздiң елдiң азаматтарына, заңды тұлғаларға құқықтық қорғауды қамтамасыз
етедi.
Өздерiнiң қызметi кезiнде консулдық бөлiмдер халықаралық құқықтық
мөлшерiмен Қазақстан Республикасының заңды актiлерiмен, министрдiң
нұсқауларымен, елшiнiң өкiмiмен, сонымен қатар сол елдiң заңдылық
нормаларымен басшылық етедi. Елшiлер iшкi iстер министрлiгiмен келiсiп
консулдық қызметкерлердiң штатын, консулдық бөлiмiнiң құрылымын анықтайды.
Консулдық бөлiмнiң меңгерушiсi, қажет болған жағдайда, сол елдiң
өкiметiнiң келiсiмiмен, ресми түрде бас консул немесе жәй Қазақстан
Республикасының консулы деп аталуына болады.
Бас консулдықтар, консулдықтар, тете-консулдықтар, консулдық
агенттiктерге бас консул, консул, тете-консул, консулдық агенттер басшылық
етедi.
Консулдық мекеменiң орналасқан жерi, оның класы, консулдық аймағы
тұрған мемлекетпен келiсiп анықталады.
Консулдық лауазымды тұлғалар консулдық мекемелердiң қызметкерлерi
Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгiнiң мемлекет қызметкерлерi
болып саналады.
Консулдық мекемелердiң функциясы
Қазақстан Республикасының консулдық қызмет департаментi өзiнiң
құзыретiнiң көлемiнде iшкi iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының
консулдық мекемелерiне, штаттан тыс консулдардың құқығымен мүддесiн
қорғауда, оның шетелдегi азаматтарының және заңды тұлғаларының қызметiне
жетекшiлiк етедi. Департамент Қазақстан Республикасының шетел
мемлекеттерiмен қарым-қатынасының дамуы туралы сұрақтарға өзiнiң сынысын
жасайды, iшкi iстер министрлiгiнiң тапсырмасы бойынша (келiссөз) шетел
өкiлдiктерiмен келiссөздермен кеңес жүргiзедi, iшкi iстер министрлiгiнiң
келiсiмi бойынша шетелдерде Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiн
ашу туралы ұсыныс даярлап, консулдық аймақтардың шекарасын анықтайды.
Консулдық департамент шетелдегi Қазақстан Республикасының консулдық
мекемелердiң басшыларына патент дайындайды. Оның функциясына сондай-ақ
Қазақстан Республикасындағы шетел консулдық мекемелердiң басшысын
тағайындауға келiсiмi туралы ақпараттандыру және экзекватура (басқа елде
шықарылқан сот шешiмiнiң белгiлi бiр елде орындалуы) дайындау жатады.
Консулдық департаменттiң аймақтық бөлiмдерi мәлiметтерге басқа да
анықтамалық ақпараттық құжаттарға талдау жасайды, жүзеге асырылуына шара
қолданады. Сонымен қатар, бұл бөлiмдер консулдық сұрақтар бойынша келiсiм-
шарттардың орындалуын қадағалайды, қажет жағдайда толықтыратын, өзгертетiн
немесе күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды. Консул департаментi Қазақстан
Республикасының консулдық мекемелерiнiң және олардың лауазымды тұлғаларының
құқығын, артықшылықын, иммунитетiн (кейбiр заңдардың ерекше құқықты
адамдарға қолданылмауы) қорғау жөнiндегi шараларға жауапты.
Бiр қалыпты түсiнiктеме беру мақсатында консулдық департамент
министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып Қазақстан
Республикасының заңдарының, жарлықтарының, қаулыларының өкiлдерiнiң
қолданылуы туралы талқылама, нұсқаулар дайындайды. Қазақстан
Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерi Қазақстан Республикасының
консулдық сұрақтары бойынша бекiтiлген халықаралық шарттар туралы
департамент ақпараттандырылады.
Консулдық департаментпен Қазақстан Республикасының iшкi iстер
мннистрлiгiнiң және әр-түрлi министрлiктермен, ведомстволармен, ұйымдармен
жұмыс бабымен кездесулер өтiп тұрады. Мұндай кездесулер Қазақстан
Республикасының дипломатия өкiлдерiмен және шетел консулдық мекемелерiмен
ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар, департамент Қазақстандық ведомстволар
аралық органдармен, ұйымдастыру комитетiнiң шетелде, Қазақстан аумағында
өткiзiлетiн iрi халықаралық шараларды дайындап өткiзу жұмыстарына қатысады.
Қазақстан Республикасының заңының белгiлеген тәртiбi бойынша шетел
мемлекеттерiнiң елшiлiктерiнiң талаптары бойынша департаменттiң жеке
құжатты визалау бөлiмi Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк
виза алу үшiн құжаттар дайындайды.
Департамент консулдық мекемелердiң шетел азаматтарына Қазақстандық
виза беру тәрiтiбiнiң орындалуына бақылау жүргiзiп, сонымен қатар құзыреттi
органдармен визаның үлгiлерi және жеке құжатқа визаны жазу үлгiлерi
келiсiледi.
Қазақстан Республикасының iшкi iстер мнистрлiгiнiң жетекшiлерiнiң
тапсырмасы бойынша департамент азаматтық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz