Бала Абайды дана Абай, шәкірт Абайды ұстаз Абай еткен қандай күш


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

І АБАЙ ӨМІР СҮРГЕН ДӘУІРДІҢ САЯСИ - ӘЛЕУМЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ8

1. 1 Жалпы Абайды тудырған дәуір, тарихи орта, сол кезгі қазақ даласында қалыптасқан қоғамдық қарым - қатынас. 8

1. 2 Мақалалар мен зерттеулерден Абайдың әлеуметтік орнын, шығармашылығын бағалаудағы пікірлер. 13

ІІ АБАЙДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ23

2. 1 Абайдың балалық шағындағы қазақ елінің әлеуметтік түр - сипаты23

2. 2 Абайдың әлеуметтік - саяси идеяларының мемлекеттік идеологияны қалыптастырудағы рөлі40

ҚОРЫТЫНДЫ47

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ49

КІРІСПЕ

Қазақ халқының саяси менталитеті оның қазіргі саяси хал - ахуалымен тығыз байланысты. Сондықтан Абайдың саяси көзқарасын жүйелеу, зерттеу қазіргі нарықтық экономика заманында өте өзекті болып отыр.

Абай өз айналасындағы адамдарға, өзі өмір сүрген қоғамға, өзі ғұмыр кешкен заманға сын көзімен қарап келешектерін тап басып көрсете білген деп келетін бір пара ой сілемі бар. Мұндай ойдың жосығына Абай туралы сөз қозғағандардың соқпай өткені кемде - кем. Рас бұл сияқты ой - тұжырым басы ашық ақиқат болғандықтан күдік - күмән тудырмайды. Өйткені, Абайдың сыншылдық зердесін танытатын бұлтартпас айғақты оның өлеңдері мен қара сөздерінің кез - келген аралығынан кезіктіруге болады.

Абайдың дәуірі Абай дүниеге келер алдындағы халді еске алатын болсақ, ол - қазақ халқының бостандық күресі бәсеңдеген кез, Абайға дейінгі болған көтеріліске ербілік өте күшті болды. Үстем тап пен бұқараның арасындағы қайшылық айтарлықтай кұшейе түсті. Бірақ ХҮІІІ ғасырдың аяғында үстем тап пен бұқараның арасындағы қайшылық барған сайын шиеленісіп, орыс бұқарасы мен қазақ халқының арасындағы қарым - қатынас басталды.

Бүкіл өмірін елінің көкірек көзі - сауатын ашып, алға жетелеуге арнаған ұлы Абайдың еңбегін бағалағанда алдыңғы орынға оның бүкіл халықтың ұстазы болғандығы десек, ол асыра айтқандық емес. Өйткені күні бүгінге дейін, жас өспірімнен ересектерге дейін, оқушылардан ғалымдарға дейін оның шәкірттері болып, мұрасынан сусындауының өзі соның бір айғағы.

Абайдың саналы өміріндегі ерекше кезең - сексенінші жылдардың екінші жартысы. Ол сол жылдары Семейдің облыстық санақ комитетіне мүше болып сайланады. Сөйтіп, өз халқынан әлеуметтік жағдайымен тығыз танысуына мүмкіндік туады, өз халқының болашағына деген демократтық көзқарасы тереңдей түседі.

Абайдың ағартушылығына жол ашқан тағы бір дүниенің кілті жақында табылды. Ол - „Семейддегі бастауыш білім беру қоғамына мүше болу, оған қазақ зиялыларымен қатар өз балаларын да тартуы”. Семей өңіріндегі алғашқы мәдени ағарту ошақтарының ұйымдастыруына ұйтқы бола жүріп, сол кездегі білім беру жүйесінің көптеген мәселелерімен танысты, педагогиканың қыр - сырына қанықты. Әсіресе, екі қоғамдық ұйымның жергілікті кітапханалармен мұражайларды жабдықтауға араластыруы, соған сай көптеген ғылым басылымдар мен құнды деректердің жинақталуы көп септігін тигізді.

Сол жылдары Абай орыстың өзінен бұрынғы ағартушы ойшылдарының, соның ішінде Толстой мен Ушинский шығармаларымен, Батыс Еуропа педагогтық еңбектерімен танысты.

Абайдың ағартушылық идеяларының ең мол көрініс тапқан жері - әйгілі қара сөздері. Біздің бұрынғы зерттеушілер айтқандай, мұндағы нақылдық тұжырымдарды сарапқа салып, бүгінгі ғылым мен білім деңгейінен қарасақ, ол ұлы ойшыл ақын ғана емес, сонымен бірге әрі педагог, әрі психолог екеніне көз жеткіземіз.

Абайдың кемелденген шағы 19 ғасырдың соңы ғылыми психологияның қалыптаса бастауымен тұспа - тұс келеді. Сондықтан да оны бұл ғылым саласынан хабардар болды деуге болмайды. Ал ой - түйіндеріндегі психологиялық идеялармен тұжырымдар атақты философтар шығармаларын оқудан туып, әрі қарай өздігінен дамыған. Абай терең адам, сондықтан да оның тұжырымдары да тұңғиық мәнге ие.

Абай шығармаларының идеялық шоқтығы биік, тақырып аясы кең. Абай шығармалары - ХІХ ғасырдың аяқ кезіндегі қазақ қоғамының айнасы.

Кемеңгер ақын қазақ қоғамындағы ең келелі тақырыптарды, көкейтесті мәселелерді шығармаларына арқау ете отырып, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдениеттік болмысын, психологиялық бітім - бейнесін тасқа басқан таңбадай көрсетеді, өзінің озық демократиялық идеясын, кемеңгерлік ой - пікірлерін ұсынады. Абай еңбектерін жанрлар (өлең, қара сөз, аударма, музыка) бойынша талдаған зерттеулер көп. Шынын қуғанда Абайдың ұлтқа көзқарасы - оның демократиялық, ағартушылық идеясының ең өзекті мазмұнының бірі. Қазақтың бірегей алыбы Абайдың ұлтқа көзқарасы мына үш түйінді қамтиды:

  • Біріншісі, отаншыл, ұлтжандылығы;
  • Екіншісі, өзге ұлттар мен халықтарды дұрыс түсініп, олардың артықшылықтарын үйрену. Дүниежүзіндегі озық мәдениетті қай халықтан болса да, жатырқамай дәріптеу;
  • Үшінші, отаршылдықты, ұлттық езгіні және оның зардаптарын әшкерелеуі.

Абай өзінің кемеңгерлік ой - пікірлерін бүкіл қазақ халқы жөнінен өрбітеді. Қандай мәселе жөнінде қойса да, жалпы адам баласына тән ортақ таным тұрғысынан қарап, өз ұлтын, туған халқын объекті ете отырып, олардың бойындағы кемістікті түзету, қазақты ел санасына қосу арманы бойынша ой жүгіртеді. Туған халқын шынайы барлап түсініп, сын таразысына салады да, ауыр ұйқыдан оятып, салғырттылықтан айықтырудың, тұйықтан шығарудың жолын қарастырады. Абайдың түп мақсаты - халқын түзеп, ерікті, мәдениетті ел санатына қосу. Ол осы мақсатқа жетудің жолы - оқу, өнер, білім, еңбек, ақыл деп біледі. Міне, бұл Абай өлеңдерімен қара сөздерінің сетінемес, сөгідмес арқауы, тұп қазығы /1/.

Абай өз ұлтын - қазақты ең көп сынаған ақын. Ол өз ұлтын неге қатты сынайды? Бұл оның қазақты сүймегендігінен немесе жек көргендігінен бе? Әлде қазақты мақтанарлық жақсы касиеттері болмағандықтан ба? Жоқ. Мүлде олай емес.

Абайдың тұсында қазақ елі Ресей патшалығының бұғауында, экономикалық жақта ішкі - сыртқы қос қабат езгіде болды, ұлттық сана кенже қалған еді. Бодандықтан бас иген соң, елді есті жанды ашындыратын әдеттер мейлінше молайып, ұлттық жақсы қасиеттер көмескеленіп, керісінше елдік, ерлік, жақсылық, жайсанды - көлеңке жақтарында қалып қойды. Абай бұны сол кездегі қазақ қоғамынан ашық аңғарып жақсы түсінді.

Мінсіз адам болмайтыны сияқты, бір ұлттың ұлылығымен, жарқын қасиеттерімен қатар азды көпті ұнамсыз, жексұрын жақтары да болады. Бір тұлғаның екі жағы. Қай - қай ұлт болмасын, оның халқы сол ұлттық мәдениет тарихын таратқан. Абай қазақтың тарихын, елдік, ерлік, бай мәдениетін, ізгі қасиеттерін жақсы біледі. Десе де, қазақ неге өзге дамыған халықтармен теңесе алмай артта қала береді. Неге өнерсіз, білімсіз қалып шаруашылығын жеңілдете алмайды? Неге өз малының, дәулетінің қызығын көре алмайды? Өзін өзгеден қалайша артық санайды? - деген сияқты ауыр сұрақтар Абайды ойландыра береді. Абай бұларды сол қоғамның шіріктігінен, билеуші таптардың әділетсіз, озбырлығынан, надандықтан, жексұрын әдеттерден көреді. Мұның өзі әрі патшалық отаршылдықпен ұлттық бұғаудың, езгінің зардабы екенін де шығармаларында аңғартады. Сол жайлар тудырған ұлттық мінез - құлықтың, дағдылардың нақты көрінісін нақты айнамен көрсеткендей, өткір тілмен жаннан өткізе бетке айтады. Айтып қана қойған жоқ, тастүнек тығырықтан құтылудың шарасын көрсетеді /2/.

Егер, Абай өз ұлтын бәрінен артық сүймесе, қадірлемесе, „Қалың елім, қазағым, қайран жұртым” деп, оның күйкі тіршілігіне болашақ тағдырына соншама күйініп, күйзелмес еді. Сыншыл - ғалым Сағат Әшімбаев бұл туралы жақсы айтқан: „Абай айтқан сындар яғни ойлар тым ашшы екені рас. Алайда ол сындарды елін жек көріп, еңсесін басу үшін емес, керісінше өз жұртының ертеңін өзгеден көбірек ойлап, өзгеше жақсы көргендіктен де, оның көргенсіздік жағын көбірек сынауға мәжбүр болғанын есте ұстауымыз керек. Шындыққа сүйіспеншілік, ақиқатқа іңкәрлік жоқ жерде сын жоқ екендігін, сондай - ақ сыншылдық рухтың өзі ойшылдық көзқарастың көрінісі екенін еске алсақ, Абай айтқан сындарға, ол көрсеткен кемшіліктерге қырын қарауға тиіс емеспіз” /3/.

Ұлттық психика өзгерісінің, заман өзгерісінен де баяу, қиын болатыны жұртқа мәлім. Ендеше, бұдан бір ғасыр бұрын Абай айтқан сындарды оқып отырсаңыз, өткен дәуірдегі ғана емес, бүгінгі дәуірдегі қазақ мінезі мен әдеттері де елестейді. Мұны ойлағанда, Абай тағлымының сол өткен үшін ғана емес, бүгінгілер үшін де, тіпті болашақ ұрпақтар үшін де сондай құндылығын мойындамай тұра алмаймыз. Бұл орайда американдықтардың кемшілігін бетіне басқан Ладлейдің „Сиықсыз американдықтар” атты кітабы алғашқы бір жылдың өзінде - ақ 15 рет қайта басылып, АҚШ мемлекеті мемлекет істер палатасы дипломаттардың оқу кітабы қатарына енгізген. Мектептерде Абай тағлымы, өнегесі тереңірек оқытылса, бүгінгі күннің жігіштері, жарамсақтары, әділетсіздері, азырақ болар ма еді деген ойға қаласың.

Абай „біздің қазақ” деп шымбайына батыра айтқанда жаппай қазақты емес, оның аз бөлігін айтып отыр. Ол, біріншіден, халқым, ұлтым деп ойламайтын патшашыл, зорлықшыл, шенқұмар, кемеңгер дала шонжарлары; екіншіден, ел ішіндегі қаскүнем көркеуделерді, жағымпаз жандарды, өзімшіл пысықтарды, өтірік - өсекке үйір, берекесіз, арсыз, жалқау, мақтаныш, жағысмпаз жандарды айтса; үшіншіден, жалпы надандығын, қаранғылығын, құлдыраған, азған ұлттық психикасын айтып отыр. Мұны дұрыс түсінбей тұрып Абайды да дұрыс түсіне алмайсың. Егеменді ел болған шақта, ұлы Абайдың тәлімімен тәрбие алып, оның көрсеткен жолымен жүріп, білімпаз, өнегелі азаматтар болып, қоғамымызды жоғары сатыға көтерейік!

Зерттеу жұмысымның мақсаты мен міндеттері - Біз қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың әлеуметтік - саяси көзқарастарын әлеуметтік тұрғыдан қарастыру. Қазақ менталитетіндегі әлеуметтік - саяси ой - пікір негіздерін оның ұлы ақыны Абайдың көзқарастары арқылы зерттеу.

Зерттеу жұмысымыздағы алға қойылған мақсатқа жету үшін, мынадай міндеттерді шешу ұсынылады:

  1. Абайдың саяси-әлеуметтік орынын көрсету;
  2. Абай өмір сүрген дәуірдің саяси - әлеуметтік ерекшеліктерімен сол кезгі қазақ даласында қалыптасқан қоғамдық қарым - қатынастарды көрсету;
  3. Абайдың әлеуметтік орнын, шығармашылығын бағалаудағы пікірлерді мақалалар мен зерттеулерден ұғыну;
  4. Абайдың әлеуметтік - саяси идеяларын қалыптастырудағы рөлі

Зерттеу жұмысымның жаңалығы.

Зерттеп отырған бітіру жұмысымыздың ғылыми жаңалығы - Қазақ менталитетіндегі әлеуметтік - саяси ой - пікір негіздерінен, қазақтың ұлы ақыны Абайдың саяси - әлеуметтік көзқарастарын, ерекшеліктерін әлеуметтік талдау арқылы зерттелуінде.

Бітіру жұмысымның құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І АБАЙ ӨМІР СҮРГЕН ДӘУІРДІҢ САЯСИ - ӘЛЕУМЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Жалпы Абайды тудырған дәуір, тарихи орта, сол кезгі қазақ даласында қалыптасқан қоғамдық қарым - қатынас.

ХІХ ғасырдың орта кезі мен екінші жартысында Абай уақытында болған жағдайларды білу үшін сол кездегі жалпы Қазақстан халін еске алу керек. ХІХ ғасырдың орта тұсында Абайдың балалық шағы өтеді. Бұл кезде даласын патшалық отарлау саясатының алғашқы дәуірі аяқталған, әскери колонизация өз жемісін бере бастаған мезгіл. Әскери түрде отарлау арқылы бірсыпыра жергілікті халықтың қонысы ауысып, шұрайлы жерінен айырыла бастады /3/. Ішкі Ресейден жер тарлығынан, помещиктер қанауынан үлкен жоқшылыққа ұшыраған орыс шаруалары қалың топ болып, Қазақстанға ауысып келе бастайды.

Патшалық отарлау саясаты қазақ халқының жерін алғанда, оның шұрайлысын сол патшалықтың оң қолы болып саналатын қазақ орыстарға, әр алуан өндіріс орнатқан капиталистерге, патша қызметіндегі ірілі - ұсақ шенеуніктерге алып берді. Ел қолынан кеткен жер патшалықтың өзі өсірген қанаушы таптардың қалаулы топтарына берілді.

Осындай отарлау саясатын ойдағыдай жүргізу үшін патша өкіметі қазақ даласында жаңадан мемлекеттік басқару аппаратын құрды. ХІХ ғасырдың орта кезіне дейін округтерге бөлініп биленетін тәртіп орнына 1868 жылы қабылданған жаңа заң бойынша ендігі қазақ даласындағы патшалықтың әкімшілік түрі басқаша болды. Бар қазақ даласы бірнеше болыстарға, облыстар уездерге бөлінді. Уезд болыстыққа бөлінеді. Болыстық ауылнайларға (старшиналарға) жіктелді. Сөйтіп, қазақ халқының қалың көпшілік шаруасы патрихалдық - феодалдық үстемдік тәртібімен бір қаналса, патша өкіметінің әділетсіз алым - салығы арқылы тағы да қанауға түсті.

Абайдың әлеуметтік қайраткер болып, ақындық өнері басталған шақта қазақ даласында мемлекеттік - әкімшілік басқару жүйесі қалыптасқан еді.

Патша өкіметі басқарудың жаңа жүйесін енгізе отырып, қазақ жерінде ескі патрихалды - феодалдық қатынастарға негізделген басқару жүйесін сақтап қалды. Мұның өзі қазақ сахарасында ескі қалыптағы рушылдық, феодалдық қоғамның ұйытқысын бұзбай, отарланған ел мәдениетсіз, ескі қалпына берік болып, сол көне күйде қала беруін тілегендік еді.

Сондықтан, құн дауы, жесір дауы, барымта, қалың мал төлеу, көп әйел алу сияқты ескілік әдет - ғұрыпты, тәртіпті сақтап отыруға патшалық саясаттың өзі жәрдемші болды. Ал, мұның өзі ел ішін бірлігіне іріткі болып, таусылмас дау - жанжалды үнемі қоздырып отырды. Патша өкіметінің шенеуніктері жергілікті халықтарды бір - біріне айдап салып, одан өздеріне пайда тауып, пара алып, билікке таласқан қазақ байларының қолтығына су бүркіп, солар арқылы отарлау саясатын кең түрде жүргізіп отыруға мүмкіндік алды.

Ақша беріп жанғасқан,

Ақысын әрең сол алды.

Орыс сияз қалдырса

Болыс елін қармайды.

Қу старшын аш билер,

Аз жүрегін жалғайды, - деп, Абайдың шенейтіні сол жаңағы ел ішіндегі патша өкіметінің саясатын іске асыратын болыс - билер еді.

Осылайша, қазақ халқының ең шұрайлы жерін алып, бар байлығын талап байып жатқан патшалық өкімет пен оның әкімдері, сол халықтың қамы үшін бірде - бір әрекет етіп көрген емес. Елдің ортасынан мектеп ашу, ағартушылық іс жүргізу, дертін емдейтін емханалар салу, тағы басқа сәл ғана болса да әр алуан мәдениет елесін қазақ жеріне беру дегеннің бірде - бірін жасаған емес.

1870 - 1880 жылдары Орынбор, Троицк, Омбы сияқты қалаларда аздап елдердің балаларын оқытатын Неплюев училищесі сияқты мектептер ашылып, онда патшалық үкімет орындарында көмекшілік іс атқаратын тілмаштар, ұбақ шенеуніктер дайындау мақсаты тұрды. Патша өкіметі бұл мектептерді жергілікті жиналған алым - салықтан түскен қаражатқа сала отырып, қазақ балаларын оқытқанда елді ағартуды ойлаған емес.

Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен біз патшалықтың дәл өзін сынап, қарсылық сөз сөйлегенін кездестіре алмаймыз. Бірақ, сол патшалықтың қазақ елі сияқты жұртты билеп отырған жүйесін және оның әкімдері губернатор, ояз, болыс - билер, тілмаш, старшын, елубасы мен шабармандары, онан соң жаңағы қазақтың өз ішінен шыққан ұсақ шенеуніктерді барынша әшкерелеп, масқаралап, мінеп - сынағанын көреміз.

Осы аталған патшалық, отаршылдық - әкімшілік жүйе қазақ халқының көпшілігіне неше түрлі алуан ауыртпалықтар әкелді. Жерінен айырылған қазақ шаруасы, енді қолындағы малынан да айырыла бастады.

Сауда капиталының дамуы қазақ даласын өндіріс бұйымдарын өткізетін нарыққа айналдырды. Болар - болмас нәрсені малға, оның жүн терісіне айырбастап саудагерлер баий бастады. Патша өкіметінің шенеуніктері көл - көсір байлықты иеленіп, тезарада әлденіп үстемдігі аса түсті. Жері тарылуы, алым - салықтың күшеюі, неше алуан қанау ауыртпалықтарының молаюы арқылы бұқара көпшілік пен еңбекші кедей атаулы бұрынғыдан да нашар күйге түсті.

Қазақ көп жерлерінде қалың шаруалар жатаққа айнала бастады. Күн көрісі тарылған ел кедейлері қалаларға, сондағы өндіріс орындарына жалданып кететін болды. Ал, олар орыс және шет ел капиталистері үшін арзан еңбек қолы еді. Таңның атысымен, күннің батысына дейін белін жазбай жұмыс атқарып тапқан табыстарын көпшілігінің күн көрісінен артылмайтын еді. Осының барлығы Абай ақындық еткен заманда қазақ ортасында тап жігіне айқындала түсуіне себеп болды.

Міне біз патшалық отарлау саясаты себебінен туған жалпы әлеуметтік, қоғамдық, шаруашылық жайларға тоқталып өттік. Бұдан біз патшалық Ресейдің қазақ сияқты елге айқындап танылған қастық түрдегі саясатын көреміз. Бұл тарихтың шыны мен сыры.

Енді осымекн қатар, біз тағыда бір тарихи шындықты айтуымыз керек. Ол - шындық - Радишевтен бастап, Ұлы Октябрь революциясына шейін, бір ғасырдан астам уақыт патшалық өкіметпен алысып келген азаттық - демократиялық жолдағы орыс халқының ұлы қайраткерлерінің Ресейі. Осы екінші Ресей патшалықтың абсолютизміне, кертартпалығына қарсы алысқан сан қайраткерлерді, Ресейдің өзіндегі еңбекші қаналушы халықтардың қамын жеген, олармен қатар отар елдеріне достықпен қараған даналарды әкелді. Сондай әлеуметтік бағыт Пушкиннің еңбектерінде көрінген, Белинскийдің әлеуметтік ойларында танылған, Герценнің халық үшін азаматшыл ойынан, тартысынан туған.

Ол 1860 жылдарда қоғамдық өмірдің қайшылығынан туған демократиялық - революциялық бағыт: Чернышевский, Добролюбов, Салтыков - Щедрин, Некрасов еңбектерінен туған тартыстар.

1890 жылдары Ресейде жаңа тарихтық ағымның жалғасы есебінде социял - демократиялық, саяси тартыс жолы ашылды.

Осы тарихи жағдайларды дұрыс танып, келешекті болжаған әрбір елдің демократияшыл озат қайраткерлері Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты кемеңгер еді. Олар қазақ мәдениетінің тарихында бұрын болмаған жаңа дүниенің, тарихи белестердің адамы еді. Сондықтан да бұлар өзінен бұрынғы, ру - феодалдық идеологиядан неғұрлым биік тұрды.

Абай, Ыбырай мен Шоқан сияқты қазақ елі тек орыс халқының мәдениетінен, әлемдік ел қазынасынан тәрбие - тәлім алса ғана жарыққа жететінін білген. Бұл жайды тек халқы туралы ғана емес, Абай өзі туралы да қоса ойлаған. Елі - жұртын үгіттеумен бірге ең алдымен өз білім - тәрбиесін, әсіресе жазушылық, әлеуметтік еңбек талабын, бұрын бұның алдында өзге ақындар бармаған бағытқа түспеген арнаға салады.

Абай туралы, Абайдың дүниеге көзқарасы туралы, әдебиетте қалыптасуы туралы Мұқтар Әуезов былай дейді: «Абай әрқашанда орыс халқының рухани мәдениетінің ұлы мұрасына аңсап қол созумен өз халқының әлеуметтік ойының тарихында нағыз прогрестік қозғалыстың басшысы болды, осымен бірге қазақ халқы мен орыс халқының бұл халықтарды бөліп келген реакцияшыл құрылымға қарсы күресте келешек жарқын өмір сәулесі үшін достасып бірігуіне жәрдемдесті» /4/.

Бала Абайды дана Абай, шәкірт Абайды ұстаз Абай еткен қандай күш?? Оның да өз жұмбағы бар. Соның бастау бұлағы ата - ана тәрбиесі. Абайтану ғылымының ірге тасын қалаған, қабырғасын көтеріп, күмбезін көтерген ұлы жазушы Мұхтар Әуезов зерттеулеріне сүйенсек Абайдың әкесі Құнанбай - ел билеген көсем, қара сөзге дес бермеген шешен, жастайынан атқа қонған найзагер, талапты да табанды адам болған екен. Бала Абайды жанынан тастамай небір дүлдүл шешендердің, ақын - жыраулардың асыл сөздерін, абзал қасиеттерін, көсемдердің әділ биліктерін оған сабақ еткен әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайды ел - жұртын сүйер мейірімділікке, үлкен жүректі ұлылыққа баулыған.

Арнайы оқуына келсек; жасынан зерек Абай Семей медресесіндегі 3 - 4 жылдық діни оқуды аяқтаған соң, мектеп есігін ашпапты. Бірақ, бүкіл ғылым негіздері мен білім түрлерін өз қалауымен оқып игеріп, ақыры даналықтың асқар биігіне көтерілді. Ертедегі грек ойшылдары Платон, Сократ, Аристотелдерден бастап, Батыс Европа мен Шығыстың ғұлама білімпаздардың еңбектерінен сусындай жүріп, ойы дамып, қиалы шарықтаған.

Сонымен, Абайдың дүниеге, әлеуметтік, қоғамдық көзқарасының қалыптасуына, біріншіден: - Абайдың өмір сүрген дәуірі, сол дәуірдегі саяси - экономикалық, қоғамдық құрылыстың әсері болса; екіншіден, - жастайынан бойына сіңіріп өскен қазақ халқының ауызша мәдениетінің атадан балаға жалғасып келе жатқан бай ескерткіштері; үшіншіден, - ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдегі әлеуметтік демократиялық ойдың идеялары, қазақ даласына осы ойды әкелген саяси жер ауып келген, Абайдың орыс достарының әсері еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ
Қазақ поэзиясындағы Абай бейнесі
АБАЙДЫҢ ӘДЕБИ ОРТАСЫ Монография
Абай және орыс әдебиеті
Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу
Абайдың ақындық өнері
Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы
Абайдың ақындық мектебінің қалыптасуы туралы ақпарат
Абайдың ақындық мектебі
Әуезов және Абай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz