Мемлекет функциясының түрлері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы :

К і р і с п е 3

1.Тарау. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері мен түрлері 5

1.1. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері мен тәсілдері 5

1.2. Мемлекет функциясының түрлері 11

2. Тарау. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты 18

2.1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы 18

2.2. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту
функциясы 21

2.3. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының жетістіктері мен
перспективалары 37

3. Тарау. Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы 43

3.1. Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері 43

3.2. Қазақстанда жұмыс істейтін БҰҰ жүйесіндегі ұйымдармен өзара
ықпалдастық 52

Қ о р ы т ы н д ы 55

Пайдаланған әдебиеттерге сілтемелер тізімі: 58

Кіріспе

Еліміздің Ата заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының
жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Конституциямызда адамдардың табиғи
құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен
қалыптастыру және дамыту, Қазақстан аумағында азаматтық қоғам құру туралы
дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Ол елімізде сан алуан
идеологиялық, сенімдік, ұлттық, азаматтық ұжымдар мен топтардың бірлесіп
бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Конституциямызда
бекітілген нормалар Қазақстан Республикасын гүлдендіру мақсатында еліміздің
барлық азаматтарының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып
қызмет етулері үшін жағдайлар жасайды. Конституциямызда Қазақстан
Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет
ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi,
құқықтары мен бостандықтары[1], деп жазылған.
Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты
экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру, ірі
реформаларды жүргізу, демократиялық принциптерді құрметтеу бәрі-бәрі Ата
Заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаруа және бұлардың барлығы мемлекеттің
функцияларына жатады.
Әр азаматтың көзқарас еркіндігі, таңдау мүмкіндігі, сенімі, бейбіт
өмірі қамтамасыз етілген елде ғана саяси тыныштық орнайды.
Сонымен, мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына,
нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін
орындалуы, қандай қызмет атқаруы, осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің
функциясын құрайды. Сонымен қатар, еліміздің қарқынды дамуына бағытталған
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан-2030 Стратегиясы — ел дамуының
2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған 1997 жылы қазанда қабылданған
стратегиялық бағдарламасында Қазақстан халқына жолдаған арнауында
баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат — ұлттық бiрлiкке, әлеуметтіу
әдiлеттiлiкке, бүкiл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол
жеткiзу үшiн тәуелсiз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетiн
орнату.
Қазақстан осы стратегиялық мiндеттердi орындай отырып, 2030 жылға
қарай дамыған елдердiң деңгейiне жетуге, дүние жүзiнiң ең дамыған жиырма
елiнiң қатарына қосылуды көздейдi. Реформалар стратегиясында экон. және
саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы
ескерiлген. Бәсекелестiк қабiлетi ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам
орнату одан әрi демократияландыру арқылы өтедi, ол, түптеп келгенде,
сайлауды әдiл өткiзуге, саяси партиялардың, парламенттiң рөлiн, үкiметтiң
мүмкiндiгiн күшейтуге, сот жүйесiн реформалауға, БАҚ-қа еркiндiк беруге,
әйелдердiң қоғамдағы рөлiн күшейтуге саяды[2].
Әлі еліміз құқықтық мемлекет құру жолына түскен және Қазақстанның
дамуына, өркениетті елдердің қатарына қосылуына мемлекет тарапынан көптеген
жұмыс атқарылуда, және де ол жалғасады. Қазақстан Республикасының сыртқы
және ішкі функциялары мәселелері қазіргі таңдағы күрделі және де қызықты
деп ойлаймын. Бұл мәселе жайлы жоғарғы оқу орындарында арнайы курс ретінде
оқытылуда.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, тиісті параграфтарға бөлінген үш тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттер пайдаланды. Соның қатарында
ресей және еліміздің құқық саласындағы ғалымдардың еңбектері пайдаланды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың
Қазақстан халқына арналған жолдаулары және өзге де нормативтік-құқықтық
актілер пайдаланды.

1.Тарау. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері мен түрлері

1.1. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері мен тәсілдері

Мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның
өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін орындалуы, қандай қызмет
атқаруы, осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын құрайды.
Функция – заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-
мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның
әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан
мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым
қалыптасады.
Мемлекет функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды.
Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып
отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік
қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде
мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс
болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-
сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік
саяси көзқарас[3].
Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын
дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп,
білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен
бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге
көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп
келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының
функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы
қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.
Қазір бұл мәселе бойынша көптеген постсоветтік мемлекеттердің жұмыс
жасау шарттары жаңаша, өйткені қойылған талаптар өзгерді. Тәуелсіздігін
алған мемлекеттер терең өзгертулер өткізді, барлық өмір сфераларында,
ұйымдық - басқаратын олардан шығатын творчестволық рөлі жоғарылауы мен
өлшемдерді қабылдады. Сонымен қатар, басқа дүниежүзілік масштабта қарым-
қатынас жасауына жағдай туды. Біздің ұсынуларымыздың маңызды түзетуіне
мемлекет функциялары туралы табиғи, теориялық және практикалық қажеттілік
жетілді, ал демек, туралы орындалатында оларға роль қазір ел ішінде және
халықаралық аренада[4].
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі —
функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы
қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық,
интернационалдық функциялар.
Профессор Марченко: функциялар бұл мемлекеттің сол кезеңіндегі алға
ұстанған мақсаттары мен бағыттарымен байланысты болады, дейді[5].
Мемлекет функциясы - бұл қоғамның мемлекеттік басқаруын қамтамасыз
ететін, мемлекеттің қызметінің басты бағыттары[6].
Мемлекет өзіне қоғамдық өмірдің басты субъектісі ретінде, оның
жағдайына, дамуына үлкен жауапкершілікті артады. Мемлекет өзінің
функциялары арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандырып, ұзақ мерзімді
объективті негізді әр түрлі бағыттар мен мақсаттарды атқаруы тиіс. Мұның
барлығын бір функцияның аумағында атқару мүмкін емес. Ол қалыптасқан
функциялар жүйесіне сүйене отырып атқарылуы тиіс.
Мемлекеттің дамуы оның функцияларының өзгеруіне әкеліп соғады. Өмірдің
өзгеруі нәтижесінде, мемлекетте жаңа функциялар пайда болады да, кейбір
функциялары жойылып кетеді. Ғылыми әдебиетте, мысалы, мемлекеттің
экологиялық функциясының пайда болуы келтіріледі[7]. Қоғамдық өндіріс
табиғи ортаға зиян келтірмеген кезде бұл функцияның қажеттілігі жоқ еді.
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы нәтижесінде, ауаның ластануы, жануар
және өсімдік әлемінің жойылуы, жер асты байлықтарын орынсыз пайдалануы –
мемлекеттің жаңа бір, экологиялық функциясының пайда болуына әкеліп
соқтырды. Бұл пікірмен келіспейтін А. Баялимованың ойынша: экологиялық
функция, дәлірек айтқанда оның кейбір компонентері мемлекеттіліктің
дамуындағы барлық кезеңдерінде кездеседі[8], дейді.
Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар;
негізгі және негізсіз функциялар; занды қабылдау, орындау, қорғау
функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны ішкі және сыртқы функциялар
деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп
қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін - мемлекеттік
аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган
құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты
қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция – орган -
аппарат - мемлекет.
Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде-
мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады.
Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және
қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет
функциясы қоғамдык, көлемде жүргізіледі, мемлекеттің атқаратын қызметін
мемлекеттік жұмыстарының әдіс-тәсілінен айыра білуге болады.
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз
түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің
құзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз
түрде орындау қамтамасыз етіледі.
Мемлекет функциясы орындалуының құқықтық және ұйымдастырушылық
тәсілдері болады. Құқықтық тәсілдің өзі үшке бөлінеді: құқық шығармашылық,
құқықты қолдану, орындау; құқықты қорғау.
Ұйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық (дотация, кредит, баға
т.б.); саяси симпозиум, семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу,
халыкқа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу.
Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің сан алуан нақты
қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан
қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының құқықтық нысаны дейді.
Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге
бөлінеді:
1). Нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны;
2). Жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.

Нақты нысанның өзі үшке бөлінеді:
1). Құқық шығармашылык;
2). Құқықты орындаушылық;
3). Құқықты қорғаушылық.
Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі - әкімшілік шарт
арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі
жағының субъектісі мемлекеттік орган болады.
Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілерінің орындалу нысаны
бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологиялық,
ұйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық т.б.
Мемлекеттік билікті орындау құқықтық нысандармен шектелмейді. Бұл іске
мемлекеттің ұйымдастыру қызметі көп үлес қосады. Мемлекеттің ұйымдастыру
қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік аппарат, әр мемлекеттік
орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бұл
кызметке нақты нормативтік актілердің қажеті жоқ.
Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:
- жаңа шыққан зандарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік
беру;
- мемлекеттік органдарға көмек көрсету, бақылау, тексеру жүргізу;
- материалдық-техникалық операциялар жүргізу, баяндамалар, іс-
қағаздарын дайындау, зандарды, нормативтік актілерді басып шығару т.б.
құжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;
- әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;
- мемлекеттік органның тәжірибелерін жинақтап, қорытынды жасау;
- мемлекеттің қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының ой-
пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап, қорытынды жасау;
- мемлекеттік органның жұмысына халыкты, қоғамдық ұйымдарды, саяси
партияларды қатыстыруды ұйымдастыру;
- шет елдермен қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару т.б. қызмет
істері.
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет
атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл
туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен,
іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет
бірнеше категорияға бөлінеді:
а). Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: заң шығару, заңды
орындау, заңды қорғау органдары.
б). Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар,
мамандар, техникалық персонал.
в). Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді:
мемлекеттік - билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ
қызметкерлер.
Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді:
- категория а Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары,
Министрлер, т.б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары;
- категория б бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері,
көмекшілері, орынбасарлары;
- категория в екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары,
көмекшілері.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке
тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс
жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі
мүдде-максаты - адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени,
экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың
мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-
қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.
Сонымен, мемлекетттің функциясы - қоғамды әлеуметтік басқарудағы
мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.
Шет мемлекеттердің көбінде функция деген занды түрде ұғым жоқ. Оларда
функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде-мақсаттарына қосып түсінік
береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып,
білуде өзгешілік кездеседі.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, функциянын өзін жеке оқып, білген
дұрыс. Оны мемлекеттің мүдде-мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп
қарау дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды,
олардың мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа[9].
Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп
бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама
түрде қарастырады. Біздіңше, бөлген дұрыс, функцияның басым көпшілігінің
шекарасы белгілі.

1.2. Мемлекет функциясының түрлері

Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге
бөледі: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп-
басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес
бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық
қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл
функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады.
Мемлекеттердің функциясы жайлы ғылыми әдебиетте оның түрлерінің
объективтілігі жөнінде айтылады. Алайда, біздің ойымызша, әр әдебиетте, әр
автордың өзінің түсінігі бойынша мемлекет функциясының түрлері берілген.
Мемлекеттердің функциясының түрлері жайлы, Чарыяров У, К. Шеметаевтың
ойынша, ол мемлекеттің алдына қойған мақсаттарына байланысты және де
қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мына функцияларды атқарады:
экономикалық; әлеуметтік; мәдени-тәрбиелік; саяси; экологиялық;
азаматтардың құқық пен бостандығын және құқық қорғау функциялары; ғылым мен
техниканың дамыту; мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
басқа елдермен қарым-қатынас жасау. Қазақстанның осы аталған мемлекеттік
функцияларының атының өзі де, оның алғашқы жетеуі – ішкі функцияларға; ал
соңғы екеуі сыртқы функцияларға жатады[10].
Сонымен қатар, профессор Спиридоновтың Мемлекет және құқық теориясы
оқулығында келесі функциялар көрсетілген: қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету,
экономикалық, мәдени, әлеуметтік, салық жинау (ішкі); қорғаныс және басқа
елдермен қарым-қатынас жасау (сыртқы)[11].
С.А. Комаровтың Мемлекет және құқық жалпы теориясы лекция курсында
Ресей Федерациясының дамуының қазіргі кезеңдегі мемлекеттік функциялары
төмендегідей көрсетілген: экономикалық, әлеуметтік көмек беру, экологиялық,
құқық қорғау, азаматтардың құқық пен бостандығын қорғау (ішкі); мемлекетті
қорғау, басқа елдермен қарым-қатынас жасау, халықаралық қылмыспен күресу,
қоршаған ортаны халықаралық қорғау, әлемдік экономикаға кіру (сыртқы)[12].
Мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі
топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі функциялары:
1. Экономикалық функция - мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі
стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін
көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:
бірінші — салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп,
басқару;
екінші — экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп, дамыту:
үшінші - ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көтеру (бұл екі
жақты процесс);
төртінші — мемлекеттік өндірісті дамыту.
2. Әлеуметтік функция - мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі
халыктың әлеуметтік жағдайын жан-жакхы қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде
дамыту. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты
- адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлерге,
науқас адамдарға, көп балалы жанұяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-
жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты -
адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың
жақсы тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті
мөлшерде қаржы бөліп отыру.
3. Қаржы реттеу функциясы - қоғамдағы барлық азаматтардың,
бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін
реттеп, басқарып отыру. Бюджеттің кірісі мен шығысын дұрыс пайдалануын
қаржы министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады. Жергілікті
басқару аппараты өз бюджетінің дұрыс пайдалануын өзі бақылап, тексереді.
Шекарадан заттың шығуын, кіруін, одан түсетін кірісті мемлекеттік кеден
аппараты тексеріп, бақылап отырады.
4. Мәдениет бағытындағы функция - адамдардың денсаулығы, рухани сана-
сезімі, білімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, әдебиет, өнер, музыка,
ғылым, тәрбие т.б. мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті
дәрежеде дамытып отырады. Бұл күрделі функцияға жеке адамдар да,
бірлестіктер де тиісті деңгейде үлес қосып отырады.
5. Экологиялық функция - бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема. Сонымен
бірге жеке мемлекеттер де, жеке ұйымдар да, жеке адамдар да өздерінің
үлесін қосуға міндетті. Себебі, табиғатты, адамды, қоршаған ортаны
қадірлеп, қорғау жалпы әлемдік мүдде-мақсат, кезек күттірмейтін міндет.
Табиғатты ластау адам қоғамының болашағын жою. Сондықган бұл мәселе БҰҰ
бақылауында, халықаралық құқық шеңберінде біраз нормативтік актілер
қабылданып, мемлекетаралық бағдарлама бекітілді. Жеке мемлекеттер де
өздерінің бағдарламасын қабылдады.
6. Құқыктық тәртіпті қорғау функциясы - қоғамда мемлекеттің,
бірлестіктердің, жеке адамдардың мүдде-мақсаттарын қорғайтын әділетті,
инабатты, парасатты, құқықтық тәртіп болу керек. Оны қалыптастыратын,
реттеп, басқаратын мемлекет, оның орғандары. Сонымен бірге бұл іске
бірлестіктер мен жеке адамдар да зор үлес қосулары, белсеңді түрде
қатынасулары керек. Қоғамдық тәртіпті жақсартудың, нығайтудың екі әдіс-
тәсілі бар. Біріншісі — заңдардың, нормативтік актілердің сапасын,
әділеттілігін көтеру. Екіншісі - құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз
ету. Егер норма дұрыс орындалмаса немесе бұзылса, қатаң күрес жүргізу,
жауапқа тарту.
7. Қоғамдағы тәртіпті қорғау функциясы - бұл мемлекет орғандарының
қызметінің ең күрделі, жауапты түрі. Осы функция арқылы адамдардың
бостандығын, құқыктарын қамтамасыз етіп, жақсы өмір жасауға мүмкіншілік
қалыптастыру.
8. Ғылыми - техникалық прогресті дамыту функциясы. Қазіргі заманда
қоғамның жақсы даму бағыты: ғылым мен техниканың қарқынды түрде дамуына
толық мүмкіншілік жасау, барлық қаржыны мемлекеттік бюджетке тапсыру.
Өйткені бұл істі бір орталықтың басқаруы қажет.
Мемлекеттің сыртқы функциялары.
1. Екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда
мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға
болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми
зерттеулер жүргізу т.б. іс-әрекеттер жасау. Бұдан мемлекеттер ұтылмайды,
керісінше, ұтыстары молаяды.
2. Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту. Барлық
мәселені бейбітшілік жолмен шешу. Бұл байланыс үш түрлі деңгейде
жүргізіледі: парламентаралық, үкіметаралық және жергілікті басқару
аппараттарының байланысы. Мысалы, Еуропалық одакты және тәуелсіз
мемлекеттердің достастығын келтіруге болады.
3. Мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру. Ғылыми-
техникалық мәдени жетістіктерді пайдалану, алмастыру т.б. жолдарын
іздестіру. Бұл жұмысқа мемлекеттік емес ұйымдар да кеңінен қатысып жүр.
Мысалы, дүниежүзілік демократиялық әйелдер, жастар, студенттер, кәсіпшілер,
архитекторлар, суретшілер, сазгерлер одағы; халықаралық ғылым одақтарынның
кеңесі; БҰҰ-ның ЮНЕСКО Комитеті т.б.
4. Дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру. Бұл мәселені
реттеп, шешуге әлемдегі барлық мемлекеттер қатысулары керек, онсыз ешқандай
нәтиже болмайды. Қазіргі замандағы глобальдық проблемалар: бейбітшілікті
сақтау, экологияны жақсарту, адамдардың сауатсыздығын жою, дүниежүзіндегі
халықтардың денсаулығын, әлеуметтік жағдайын жақсарту, цивилизациялық
жетістіктерді қорғап, сақтау, дамыту.
5. Мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мәселені
жаңаша, қазіргі заманға сәйкес шешу, Бұрынғыдай қару-жарақты көбейту
ешқандай жағымды нәтиже бермейді. БҰҰ арқылы, соның шеңберінде реттеп,
шешуді қарастыру және әр мемлекеггің өзінің бейбітшілік саясаты дамып,
нығаюы керек.
Мемлекеттің функциясы диалектикалық даму процесі арқылы оның мазмұны
да, орындалу тәсілі де өзгеріп, жаңарып жатады.
Жер жүзіндегі мемлекеттердің функциясы сан жағынан әр түрлі болады.
Бірақ мемлекеттердің бәрінде мына функциялар міндетті түрде болады:
әлеуметтік, идеологиялық, экологиялық. Мемлекеттің қызметін функцияға
бөлудің қағидалары әр түрлі болады, олар халықаралық құқыққа,
мемлекетаралық шарттарға сәйкес дамып отырады.
Қазақстан Республикасының функциялары ішкі - сыртқы функция деп екі
күрделі топқа бөлініп зерттеледі. Тұрақгы және уақытша функциялар
адамдардың құкығын қорғау, отан қорғау, заңдылықты қорғау — деген
функциялар болады. Бұлардың мазмұны көбінесе жоғарыда көрсетілген
функцияларға ұқсас болып, солар арқылы орындалып жатады.
Мемлекеттік функция мен мемлекеттік органдардың функциясы деген заңды
екі ұғым бар. Оларды жақсы ажырата білу керек. Мемлекеттік функция мазмұны
және көлемі жағынаң күрделі, барлық қоғам бойынша атқарылатын қызмет.
Мемлекеттік органдардың функциясы өздерінің көлемінде атқарылатын қызмет.
Мемлекеттің функцияларын іске асыру нысандары мен тәсілдері. Бұл
қызметтің екі түрі болады: мемлекеттік функцияны құқықтық нормалардың
шеңберінде орындау және құқықсыз жалпылама іс-әрекеттер арқылы функцияның
дұрыс орындалуына үлес қосу. Құқықтың шеңберінде функцияны орындаудың үш
түрі болады: құқық шығармашылық, құқықты іске асыру, құқықты қорғау.
Құқық шығармашылық - жаңа норманы өмірдің талабына қарай уақытында
қабылдау. Онсыз мемлекеттің қызметіне нұқсан келуі мүмкін. Мысалы,
науқастың эпидемияға айналуымен қалай күресуге болады, егерде нақты заң
қабылданбаса.
Құқықты іске асыру — бұл істі орындау мемлекет Үкіметінің міндеті.
Үкімет тиісті нормативтік акті қабылдау керек. Онда жауапты субъектілер не
істеу керек, оның уакыты, материалдық негіздері толық көрсетілуі қажет. Бұл
істі толық бақылауға алу керек.
Құқықты қорғау — бұл қызметті атқаратын органдар: сот, про-куратура,
ІІМ, ҰҚК, т.б. Олардың қызметінің бағыттары: зандылықты, тәртіпті,
адамдардың және занды тұлғалардың бостандығы мен құқықтарын қорғау
азаматтық, кылмыстық істерді уақытында қарап, кінәлі субъектілерді жауапқа
тарту.
Нарықты экономика жүйеде шарттық байланыстың маңызы күшеюде. Сондыктан
мемлекеттің шарттық қатынасты реттеп, баскару функциясы тиісті дәрежеде
атқарылуы қажет.
Мемлекеттің функциясын құқықсыз реттеу қызметтері:
мемлекеттік органдар функцияларды іске асыруда көптеген іс-әрекеттер жасап
жатады. Сол іс әрекеттерді біріктіріп - құқықсыз реттеу қызметі деп атайды.
Олардың қоғамды басқаруда маңызы өте зор.
Мемлекеттің функцияларын орындау тәсілдері: ерікті, еріксіз, сендіру,
нандыру (бұл жеке түлғаларға). Экономикалық тәсілдер: болжау, жоспарлау,
кредит беру, салықта жеңілдік беру, алушыларды монополистерден қорғау.
Сонымен, мемлекет функциясының – бұл егеменді еліміздің дамуына
маңыздылығы зор. Сол функцияларды жеке-жеке қарастырып шығайық.

2. Тарау. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

2.1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы

Сыртқы саясат — Қазақстан мемлекеттілігінің ажырамас бөлігі. Біздің
еліміздің болашағы көп жағдайда дипломаттардың қаншалықты табысты жұмыс
істейтіндіктеріне байланысты десек, артық айтқандық болмайды.
Екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда
мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға
болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми
зерттеулер жүргізу т.б. іс-әрекеттер жасау. Бұдан мемлекеттер ұтылмайды,
керісінше, ұтыстары молаяды[13].
Тәуелсіздік пен егемендік алғаннан кейін Қазақстанның алдында өз
мемлекеттілігін нығайту мен жетілдіруді қалыптастыру міндеттері тұрды. КСРО-
ның ыдырауы планетаның басқа аймақтарына қарағанда негізі жоқ жаңа
мемлекеттердің пайда болуына емес, тарихи тамыры терең, бір кездері
жоғалтылып алынған мемлекеттіліктің жандануына алып келді. Егемен
республикаға көптеген маңызды мәселелерді шешу керек болды:
1. бір экономикалық жүйеден екіншісіне көшу;
2. демократия процесін дамыту;
3. әлеуметтік және ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту;
4. сыртқы саяси бағытты айқындау;
5. аумақтық тұтастықты сақтау;
6. заң шығарудың өз дамуының қабылданған үлгесіне сәйкес келу
мәселесі;
7. жаңа мемлекетаралық ынтымақтастық арқылы интеграциялық процестерді
дамыту.
Кеңес Одағының бірден ыдырауы және егемен Қазақстанның құрылуы маңызды
мәселелерді шешуді — елді басқарудың жаңа мемлекеттік институттарын құруды
талап етті. Ең алдыңғы кезектерде биліктің жоғарғы органдарымен қатар, жас
тәуелсіз мемлекеттің толыққанды сыртқы саяси ведомствосын құру, онымен
бірге мемлекетіміздің әлемдік қауымдастыққа енуіне байланысты қажетті
шарттарды орындау үшін тиісті құжаттар дайындау болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін екі айдан аса уақыттан соң (1992ж. 2 наурыз)
Қазақстан Біріккен Ұлттық Ұйымының мүшелігін алды, ал бүгінгі күні БҰҰ-ң 50-
ден астам әр түрлі ұйымдары мен бағдарламаларының, сондай-ақ басқа да
халықаралық ұйымдардың мүшесі немесе қатысушысы болып табылады[14].
Олардың арасында: Азия Даму Банкі, ОБСЕ, Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау
Ұйымы, Бүкіләлемдік Интеллектуалды Мүлік Ұйымы, Бүкіләлемдік Кеден Ұйымы,
Тарифтер мен Сауда жөніндегі Бас Келісім Европалық Қайта құрастыру мен Даму
Банкі, БҰҰ-ң Европалық Экономикалық Комиссиясы Халықаралық Азаматтық
Авиация Ұйымы, Интерпол, МАГАТЭ, Халықаралық Валюта қоры, Біріккен Ислам
Конференциясы, БҰҰ-ң Даму Бағдарламасы, Бейбітшілік үшін әріптестік
бағдарламасы, Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ орталығы, т.б.
Егемендік пен тәуелсіздіктің алғашқы алты жылында Қазақстанды әлемнің
120-дан аса елі таныды. Егемен Қазақстанның жас тарихының алғашқы айларының
өзінде Қазақстанмен дипломатиялық қатынас орнатқандардың алдыңғы қатарында
АҚШ, Жапония, Қытай, Моңғолия, Ұлыбритания, Франция, және т.б. болды. Жаңа
мемлекеттерді танудың екі формасы болғанын айтып кеткен жөн: де-факто және
де-юре.
Де-факто түріндегі тану толық емес сипатқа ие. Жаңа тәуелсіз
мемлекеттің құрылу фактісінің өзін мойындай (тани) отырып, басқа
мемлекеттердің үкіметтері саяси, экономикалық сипаттағы әр түрлі
себептермен онымен дипломатиялық қатынас орнатпайды, бірақ әр алуан
қатынастар жасайды, мәселен сауда қатынастары. Қазіргі халықаралық
практикада де-факто түріндегі тану жалпы алғанда уақытша сипатқа ие.
Де-юре түріндегі тану дипломатиялық қатынастар орнатуды, екі жақты
дипломатиялық өкілдіктер ашуды, екі жаққа да тиімді саяси, экономикалық,
мәдени және басқа да байланыстарды дамытуды қарастыратын мемлекетті танудың
толық дипломатиялық түрі болып табылады. Дипломатиялық қатынас орнату
фактісі екі мемлекет басшыларының жеделхаттарында көрсетіле алады. Ереже
бойынша екі жақ осы саяси және тарихи әрекет жайында бірін-бірі ресми түрде
хабардар етеді. Достық қарым-қатынастың әрі қарай нығая беруіне тілек
білдіреді. Өз жолының бастауында Қазақстан Республикасы Ресейде, АҚШ-та,
Қытайда, Түркияда өз елшіліктерін ашты. Артынша Алматыға дипломатиялық
өкілдіктер мен шетел мемлекеттері елшілерінің, сондай-ақ халықаралық
ұйымдар өкілдерінің үлкен тобы жетті, республикада шетел фирмалары мен
компанияларының өкілдері орныға бастады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 47
елшілік жұмыс істеуде, 13 Халықаралық ұйымдардың өкілдіктері бар, 200-ден
аса ірі шетел компаниялары республикада өз оазистерін ашты[15]. Мұның бәрі
соз жоқ халықаралық практика негізінде Қазақстанның мемлекеттік протоколын
жасап, соған сәйкес қызмет енгізу қажеттілігін тудырды. Бұл туралы келесі
әңгімелерде сөз болады. Сондай-ақ Қазақстанның дипломатиялық практикасы,
дипломаттар арасында қолданылатын терминология жөніндегі негізгі
мағлұматтар жайында да айтылып өтетін болады.
 

2.2. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту
функциясы

Қазақстанның басты және өзгермес мақсаты — тәуелсіздікті, егемендік пен
мемлекеттілікті нығайту. Қазақстан мүдделеріне халықаралық құқықтың берік
негізіне орныққан көпполюстік жүйе құру мен көпжақты дипломатия
институттарын нығайту. Сөйтіп, Қазақстан бүгінгі күні — көптеген
халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі.
Біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты
мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды
басымдықтарымыздың бірі[16].
Бірақ оның саясатында басты көңіл ТМД мемлекеттерімен қарым-
қатынастарға бөлінеді.
Тәуіелсіз мемлекет Достық жұмыстарына көз жүгірте отырып, шартты түрде
бірнеше кезеңдерге бөліп қарауға болады. Олардың әрқайсысында қатынастардың
жаңа түрін қалыптастырудың спецификалық мәселелері шешіліп отырды.
1992 жыл мен 1993 жылдың басындағы алғашқы кезеңде халықаралық
қатынастардың негізін қалау жұмысы басталды.
Қысқа уақыт ішінде ынтымақтастықтың ұйымдасқан құрылымы — Мемлекет
басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, ТМД-ның парламентаралық
ассамблеясы қалыптасты. 1993 жылдан бері Минскіде Достастықтың штаб-пәтері
— Атқарушы Секретариат (ТМД Атқару комитеті) жұмыс істеуде. Сыртқы істер
министрлері кеңесі, сондай-ақ салалық ынтымақтастық органдары құрылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жақындасуына бірден-бір қомақты
үлес қосып келе жатқан мүше мемлекеттердің бірі ретінде Қазақстан
Республикасы саналады. Себебі, ТМД шеңберінде қабылданған жақты және көп
жақты (аймақтық) келісімдер мен шарттардың екі жақты, үш жақты және көп
жақты қабылдануына немесе әртүрлі деңгейдеігі (Кеден одағы, Азиядағы өзара
ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес т.б.) көптеген шаралардың
ұйымдасуына және тұрақты жұмыс істеуіне де ықпал етіп отырған мемлекет -
Қазақстан. Бұл тұрғыдан келгенде, ТМД-ға мүше мемлекет болып саналатын
басқа мүше елдермен өзара қарым-қатынастарына, оның экономикалық,
әлеуметтік, әскери, гуманитарлық салалардағы жақындасуына тоқталып,
сараптап талдау жасап өткенді жөн санадық.
ТМД шеңберінде Достастыққа мүше елдердің өзара жақындасуында үлкен рөл
атқарып, мүше мемлекеттердің негізгі орталық жүйесі ретінде саналатын ел -
Ресей Федерациясы. 1991 жылы желтоқсанның 16-да Қазақстан өзін тәуелсіз ел
деп жариялады. Қазақстан мен Ресейдің екі жақты мемлекетаралық
қатынастарының дамуына осы сәттен бастауға болады[38]. Дегенмен, бұл
уақытқа дейін де 1990 жылдың 21 қарашасында Қазақ ССР-і мен РСФСР арасында
екіжақты шарт жасалынған болатын. Бұл шарттың кіріспесінде былай: Мәртебелі
уағдаласушы жақтар Қазақстан мен Ресей Федерациясы халықтарының ғасырлар
бойы қалыптасқан достық дәстүрлерін, тығыз экономикалық және мәдени
байланыстарын дамытуға ұмтылады, мемлекетаралық қатынастарды егеменді
теңдік, ішкі істерге араласпау, аумақтық тұтастықты құрметтеу, күш
қолданудан бас тарту, даулы мөселелерді жалпы қалыптасқан халықаралық құқық
нормаларына сәйкес реттеу қағидалары негізінде дамытуға бейім, делінгенді.
Бұл құжаттың негізгі мазмұны бойынша Қазақстан мен Ресей Федерациясы бір-
бірін егемен мемлекет деп біледі және басқа жақтың мемлекеттік егемендігіне
нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге міндеттенетінің білдіреді. Көріп
отырғанымыздай, КСРО құлдырауының сонғы сатыларының өзінде-ақ
нарықтық экономика талаптары мен жаңа егемен елдерге қатысты жасалатын
келісім-шарттар екі ел арасында орын ала бастағанын байқаймыз.
1992 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан мен Ресей арасындағы
шаруашылық қызметте шектеулерді алып тастау туралы келісімге қол қойылды.
Бұл қүжаттың қабылдануы сол кезең саясаты мен ахуалына сай тұғын. Себебі,
нақ өзара шараушылық қатынас, экономикалық жақындасу елдер арасындағы
серпінді де жоспарлы ынтымақтастықты қажет еткен. Қазақстан мен Ресей
президенттерінің алғашқы ресми кездесуі 1992 жылдық 21 наурызында
болды[17]. Бұл кездесуде мемлекет басшылары екі ел арасындағы экономикалық,
сыртқы саясат мәселелері жөне ТМД даму жолдарын сөз етті. Қазақстан мен
Ресейдің өзара қатынастарының бірінші кезеңінің аяқталуы жөне сонымен бірге
жаңа кезеңнің - екі елдің мемлекетаралық экономикалық және саяси
ынтымақтастығының үлгісін іздестірудің басталуы 1992 жылғы 25 мамырда екі
ел Президенттері Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н.Ельцин қол қойған Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және
өзара көмек туралы шарт[18] болып табылады. Шарттың негізгі мазмұнына
сәйкес мынаны анықтауға болады. Қазақстан мен Ресей екі мемлекеттің тарихи
қалыптасқан тығыз байланыстарына, өз халықтарының игі қатынас, достық пен
өзара іс-қимыл дәстүрлеріне сүйене отырып, екі ел арасындағы достық
қатынастарды, тату көршілікті, ынтымақтастық пен өзара көмекті нығайту
екі мемлекет түбегейлі ұлттық мүдделеріне сай келеді деп есептеп,
мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, даулы
мөселелерді халықтарының бейбіт жолмен реттеу және күш қолданбау қатерін
төнгізбеу, соның ішінде басқа да қысым көрсету амалдарынан бас тарту, тең
құқықтылық және ішкі істерге араласпау, адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын сақтау, міндетгемелерін адал орындау қағидаларын, сондай-ақ
жалпы жұрт таныған халыкаралық құқық нормаларын дәйекті түрде басшылыққа
ала отырып, өздерінің достық қарым-қатынастарын әріптес мемлекеттер ретінде
құрады. Бұл Қазақстан - Ресей шарты Европадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымы процесінің дамуына, евразиялық кеңістіктегі
қауіпсіздіктің бекуіне, тұрақтылыққа, өзара жемісті ынтымақтастық пен іс-
әрекеттердің терендеуіне күш салуға шақырады[19].
ТМД мемлекеттерінің экономикалық интеграция жолындағы өзара қарым-
қатынастарындағы маңызды сәт 1993 жылы интеграцияға мерзімінен бұрын қол
жеткізу — тауарлар, қызметтер, қаражат және жұмысшы күштерінің ортақ
рыногын кезеңдерге бөліп құруды айқындаған Экономикалық одақ құру туралы
Келісімге қол қойылу болды. Оның мүшелері осындай рынокқа қарай талпынысты
еркін сауда аймағын, кезеңдік және төлемдік одақтарды құру арқылы байқады.
Экономикалық одақтың (ТМД экономикалық кеңесі) Мемлекетаралық экономикалық
комитеті жұмысшы ұжымдық органға айналды[20].
Осыған байланысты 1994 жылы Қазақстанның ұсынысымен ТМД мемлекеттері
басшылары еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге ал 1999 жылы 2 сәуірде
Келісімде көрсетілген нәрселерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Протоколға қол қойды.
1997 жылы Достастықтық дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл уақытта ТМД-
ға мүше елдер өз егемендіктері мен тәуелсіздіктерін нығайтып, халықаралық
және аймақтық ұйымдардың жұмысына атсалысудан тәжірибе жинақтап қалған еді.
Мемлекеттердің әрқайсысы ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықты қоса алғанда екі
жақты да, көп жақты да деңгейде өз қажеттерін айқындап алды.
Сонымен бірге Достастық жұмыстарында ТМД-ға мүше мемлекеттердің өзара
бірігіп саяси қимылдар жасаудың аса жоғары деңгейімен экономикалық
ынтымақтастық қарқыны арасындағы алшақтық байқалды. Қол жеткізілген
келісімдердің, әсіресе экономикалық саладағы шартардың жүзеге асуы
көкейтесті мәселеге айналды.
Экономика саласында құқықтық негізі 1994 жылы сәуірде қол қойылған
тиісті келісімде қаланған еркін сауда аймағын қалыптастыру бойынша
жұмыстарды жандандыру туралы пікірлер бір жерден шықты.
Осыған байланысты Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 жылғы 28
сәуірдегі ТМД Саммитінде реформалау мен ТМД-ң стратегиялық мақсаттары
мәселелері бойынша негізгі баяндамасын оқыды. Н.Назарбаев толық көлемді
Келісім жөніндегі ТМД-ны дамытуға байланысты ұсыныстардың бәрін қамтиды,
ТМД-да ортақ экономикалық кеңістік құру жөніндегі мәселені құрастыруды
ұсынды[21].
Алайда Достастық органдарының қазіргі жай-күйін талдай келіп, өзара
қимыл жасау деңгейінің іс жүзінде барлық өмірлік маңызы бар салаларда өзара
тиімді ынтымақтастықты қалпына келтіріп, дамытуда айтарлықтай нәтиже
бермегенін айта кету керек.
ТМД елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың қазіргі жағдайы
тұрақсыз Қаржы дағдарысы интеграция жолындағы үлкен бөгет болды және кейбір
Достастық елдері экономикалық қатынастарының алыс шет елдерге бағыт алуына
түрткі болды.
Сондай-ақ, Достастық елдерінде пайда болып келе жатқан күрделі
жағдайдың ұлғаюы мен дағдарысты ахуалдар барлық мүше-мемлекеттердің ұлттық
қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Осыған байланысты үстіміздігі жылдың 21
маусымындағы Достастыққа мүше мемлекеттер көлемдерінің отырысында 2003
жылға дейінгі кезеңге арналған халықаралық терроризм мен басқа да
экстремизм құбылыстарымен күрес жөнінде Бағдарламасы қабылданды, ТМД-ң
Терроризмге қарсы орталығын құру туралы шешімге қол қойылды және осы
орталықтың басшысы бекітілді.
Сонымен бірге Достастыққа мүше мемлекеттер көсемдері стратегиялық
тұрақтылыққа қолдау жасау мәселесі бойынша Мәлімдемеге қол қойды. Онда 1972
жылғы 2 мамырдағы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы келісімнің
тарихи маңызы халықаралық қауіпсіздікті қазіргі жағдайда қамтамасыз етудің
іргетасы ретінде атап өтілді[22].
Қазақстан қазіргі заман талаптарына жауап беретін және ТМД-ның ортақ
тарихына арқа сүйеген ортақ саяси, экономикалық және әлеуметтік
стандарттарға қол жеткізуге ұмтылуда.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге 1992 жылы 15 мамырда Ташкентте қол
қойылды. ҰҚК-ға 9 мемлекет мүше болды. Келісім 1999 жылы сәуірде күшін
жойды. 1999 жылы 2 сәуірдегі ТМД мемлекеттері басшыларының Саммитінде
Әзербайжан, Грузия мен Өзбекстаннан басқа мүше-мемлекеттер ҰҚК-ның
ұзартылуы туралы Протоколға қол қойды. Грузия келісімнің қайта жасалуы
бойынша жұмыстар толық аяқталған соң ғана мүшелікке өтуге келісті.
Басқа 6 мемлекет үшін Протокол 2000 жылы 22-наурыздан бастап күшіне
енді. Қазіргі күндері ҰҚК Келісімге мүше-мемлекеттердің әскери-саяси
саласындағы интеграция үшін шынайы ядро және негізгі құрылымға айналып
келеді. ҰҚК-ге мүше-мемлекеттер арасындағы әскери-саяси қарым-қатынастарға
Келісімге кірмейтін басқа елдермен саяси байланыстар мен қатынастарға
қарағанда көбірек көңіл бөлінеді.
Сонымен қатар Ұжымдық Қауіпсіздік туралы келісім (ҰҚК) оның мүшелерінің
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әзірге жалғыз механизмі және Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы көлеміндегі инеграциялық процестерді дамытудың
маңызды әскери-саяси құрамдас бөлігі болып табылады.
Келісім өзіне жүктелген сенімді әскери құрылыс саласындағы
ынтымақтастықты жөнге келтіруге жол ашатын құрал ретінде ғана емес, сондай-
ақ ұлттық қауіпсіздікті, мүше-мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық
тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде де ақтады.
Қазақстанның негізгі мақсаты — Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Келісімде
қамтылған, республикалардың ұлттық қауіпсіздігі бойынша көптеген әскери
және саяси мәселелерді шешуге арналған потенциалды жоғары деңгейде
пайдалану.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ҰҚК-ге мүше-мемлекеттермен бірінші
кезекте 2003 жылға дейінге уақытқа арналған халықаралық терроризм мен
басқа да экстремизм құбылыстарымен күрес жөніндегі Бағдарлама туралы
үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында қабылданған Шешімдер аясында Қазақстан
мемлекет Ресейдің Қауіпсіздік кеңестері шеңберінде және ТМД-ға мүше-
мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығымен бірігіп жұмыс істеуде.
Қазақстан Республикасы Келісімнің қатаң блоктық сипатта болмауын, мүше-
мемлекеттердің сырт елдермен және халықаралық құрылымдармен әскери
ынтымақтастық жасау және дамытуға егемен құқығына қол сұқпауын жақтайды
және аймақтағы әскери-саяси ахуалдың ушығуы мүмкіндігін есепке алатын және
орын алып келе жатқан құбылыстарға келісімді барынша бейімдей түсуді
ұсынады.
Соңғы жылдары халықаралық террористер мен экстремистердің Орталық Азия
аймағындағы жағдайды тұрақсыздандыруға үздіксіз ұмтылуларынан туған
ахуалдың ұшығуын есепке ала отырып, сондай-ақ Келісімнің жағдай үшін
нәтижелілігін арттыруға байланысты практикалық шаралар қолдану мақсатында
келісімге мүше-мемлекеттер осы мәселелерді шешуге барынша күш салды.
Осы жылдың 24 мамырында Минскідегі ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің
Сессиясында мемлекет басшылары ҰҚК-ң нәтижелілігін арттыру және оны қазіргі
геосаяси ахуалға бейімдеу туралы Меморандум Күш қолдану және ұжымдық
қауіпсіздік жүйесінің құралдарын, пайдалану үшін ұжымдық шешімдердің
қабылдануы және жүзеге асырылуының тәртібі туралы ережеге, ҰҚК-не мүше-
мемлекеттердің Коалициялық стратегиясының негізгі ережелері, т.с. сияқты
маңызды құжаттарға қол қойды.
Сонымен бірге Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті нығайту
мақсатында үстіміздегі жылы 11-қазанда, Бішкектегі ҰҚ Кеңесінің сессиясында
Мемлекет басшылары құрамы шектелген жылдам қозғалатын ұжымдық күш пен
олардың басқару органын құру арқылы болуы мүмкін қауіпті жоюды қамтамасыз
ететін Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру бойынша
жұмыстарды белгіледі, президенттер әлемдік қауымдастықты Ауғанстандағы
ахуалды жөнге келтіру процесін жетілдіруге үндеп, аталмыш мәселеге орай
нақты шаралар жасап шығару үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысын
өткізуді ұсынды.
Ұлттық, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке төменгі және жаңа
қауіп-қатерлерге қарсы тұруға байланысты мүше-елдердің бірігіп қимылдауын
ұйымдастыру мақсатында Келісім аясында 2001—2005 жылдарға арналған ұжымдық
қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру бойынша негізгі шаралардың Жоспары іске
қосылған.
Агрессияға немесе халықаралық-террористік бандылардың шабуылына
ұшыраған мүше-мемлекеттерге қажетті көмек көрсету жағдайында Келісімнің
нәтижелілігін арттыру үшін ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен
құралдарын қалыптастыру мәртебесі туралы Келісімге қол қойылды.
Келісімнің қауіпсіздікке төменгі қауіп-қатерлерге қарсы тұра алар іске
қосылған халықаралық құрылымға айналып келе жатқанын есепке ала отырып,
қазіргі уақытта мүше елдер сырт елдермен, халықаралық ұйымдармен және
құрылымдармен қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық жасауда.
2000 жылдың басынан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында бестік
елдері Президенттері бірнеше рет Кедендік Одақ шеңберіндегі
ынтымақтастықтың маңызы жөнінде бір ауыздан мәлімдеді.
Осы мәселеде үстіміздегі жылдың 23 мамырында Минскіде мемлекет және
үкімет басшыларының кездесуі, сондай-ақ осы жылдың 31 наурызында Алматыда
Интеграциялық Комитеттің 19 отырысы өтті.
Қазіргі күндері Кедендік Одақта шынайы интеграцияның барлық базалық
элементтері құрылды, ТМД-да іске қосылған практикадан бөлек бірлескен
қимылдардың формуласы жасалды. Негізі өздерінің экономикалық қарым-
қатынастарында бестік елдері келісім шарттар бекіту кезеңінен сыртқы
экономикалық байланыстардың келісілген параметрлерін белгілеудің жаңа
кезеңіне аяқ басты.
Мемлекет басшыларының Саммиті бестік жұмыстарының позитивті
нәтижелері мен келешегіне баға бере келіп, кезекті мерзімге Мемлекетаралық
Кеңес төрағасы ретінде Қазақстан Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевты
сайлады, үкімет басшылары Кеңесінің төрағасы Қ.К.Тоқаевтың, Интеграциялық
Комитет Төрағасы Н.К.Есенғариннің өкілеттіктері ұзартылды.
Бестік елдері қарым-қатынастарының механизмдерін жетілдіру, сондай-ақ
оған құқықтық субъектілік мәртебесін беру мақсатында мемлекет басшылары КО
негізінде халықаралық экономикалық ұйым — Евразиялық экономикалық
қауымдастық (Евраз ЭҚ) құру туралы шешім қабылдады.
Тараптар, құрған үкімет аралық топ жұмыс істеп жатқан және қайта
қалыптастырылып жатқан интеграцияны басқару органдарының мақсаттарын,
міндеттері мен қызметтерін белгілеп, келісті.
Үстіміздегі жылдың 10 қазанында бестік президенттері экономикалық
қауымдастықты бекіту туралы Мәлімдеме мен Келісімге қол қойды.
Жұмыс істеп жатқан және қалыптасу үстіндегі интеграцияны басқару
органдарының құрылымы мен жұмыс тәртібіне ережелер Бекіткен аталмыш
құжаттың қабылдануы “бестік” елдеріне қатынастардың жаңа сапалы деңгейіне
көтерілуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшыларының пікірлері бір жерден
шықты. Бұл кезекті кезең ғана емес, Европалық Одаққа және басқа да
халықаралық ұйымдарға жақын принциптерге құрылған қоғамға бағытталған
қадам.
Сонымен бірге Қазақстанның Евразиялық одақ туралы идеясын жүзеге
асырудағы үлкен қадам. Президенттер қабылдаған Шешімде жалпы саяси еркіндік
— өз кезегінде шынайы интеграцияны қамтамасыз ететін көп жоспарлы
ынтымақтастыққа жаңа өмір беру көрініс тапқан.
Қазақстан сыртқы саясатындағы маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты жандандыру болып отыр.
Интеграциялық процестердің дамуы аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, өзара тиімді экономикалық байланыстарды дамыту, ішкі қайта
қалыптастырулар мен реформалаулар мақсатында сыртқы жайлы ортаны
қалыптастыру үшін қажет.
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық интеграциясы идеясы 1994 жылы 30
сәуірдегі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекістанның қатысуымен жасалған
Ортақ Экономикалық кеңістік (ОЭК) туралы Келісімге қол қойылумен өзінің
шынайы көрінісін тапты. Аталмыш келісім толыққанды мүше болып 1998 жылы 26
наурызынан бастап Тәжікстан қосылды. Келісімді дамыту аясында 1994ж.
шілдеде Президент Шешімімен Мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі
институттары — Премъер-министрлер Кеңесі, Сыртқы істер министрлері Кеңесі,
Қорғаныс министрлері Кеңесі мен олардың тұрақты жұмыс істейтін органы —
Атқару комитеті құрылды. Сол уақытта қаражаты мүше-мемлекеттердің үлестік
салымдары арқылы қалыптасатын Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкін
(ОАЫжОБ) құру туралы Келісімге қол қойылды. Мемлекетаралық кеңес отырысында
(1998ж. 17—18 шілде) аймақтық бірлестіктің жаңа атауы — Орталық Азия
Экономикалық Қауымдастығы (ОАЭҚ) бекітілді.
1996 жылы тамызда Мемлекетаралық кеңеске бақылаушы ретінде Ресей
қабылданды. 1999ж. шілдеде өз өтініштері бойынша Грузия, Түркия және
Украина осындай мәртебеге ие болды. 1999ж. тамызда Мемлекетаралық кеңеске
Армения осындай өтініш жасады.
Саяси мағынада Орталық Азия интеграциясы процестері Достастық
шеңберіндегі әр түрлі деңгейдегі және көп сатылы интеграция формаларының
бірі болып табылады. Сондай-ақ, бұл құрылым жекелеген державалардың Орталық
Азияны өздерінің орнығуы мен идеологияларының біртіндеп кеңейін келе жатқан
плацдармына айналдыруға ұмтылуларына қарсы ұжымдық қимыл түрі болды.
Саяси және әскери саладағы ең маңызды құжаттардың қатарында мыналар
бар: Қазақстан Республика, Қырғыз Республика және Өзбекістан Республикалары
қол қойған Мәңгілік достық туралы Келісім (Бішкек қ. 10.01.1997ж.) және
Қазақстан Республика, Қырғыз Республика, Тәжікстан Республика және
Өзбекістан Республика арасындағы терроризммен, саяси ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет түсінігі, функциясы
Мемлекет функциясының түсінігі түрлері жүзеге асырудың нысандары
Мемлекет функциясының ішкі функциясы
Мемлекет функциясы туралы
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымы
Мемлекет функциясының түрлері, орындалу нысаны
Құқық функциялары
Мемлекет функциялары
Мемлекеттің түсінігі, түрлері, белгілері
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Пәндер