Шекаралық сауда және экономикалық байланыстары


Ф-ОБ-001/033
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-9
ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ . . . 10-33
- Қазақстанның дамуының негізгі тенденциялары және Қытай. . . 10-29
- Байланыстардың құқықтық негізі. . . 29-33
2. ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ САУДА- ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ БАҒЫТТАРЫ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ . . . 34-59
- Шекаралық сауда және экономикалық байланыстары. . . 34-41
- Энергетикалық байланыстар. . . 41-50
- Инфрақұрылым саласындағы байланыстардың дамуы. . . 50-59
3. РЕГИОНАЛДЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕГІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ СЕРІКТЕСТІГІ ЖӘНЕ РЕСЕЙ . . . 60-69
- Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық интеграция, оның Ресей үшін маңыздылығы. . . 60-64
- Шанхай ынтымақтастығы және аумақтағы қауіпсідік мәселесі. . . 65-69
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70-71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 72-74
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының маңыздылығы. КСРО-ның ыдыраумен жаңа пайда болған тәуелсіздік мемлекеттердің әрі қарай даму бағыттарын белгілеу мәселесі аса маңызды проблемаға айналды. Олар түрлі саладарда өзара сенімді серіктестерді іздестіре бастаумен қатар экономикалық қиыншылықтардан шығу жолдарын қарастырды. Ал объективті себептер мен географиялық орналасуына байланысты Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстар көне заманнан, яғни алғашқыда ру-тайпалық, сонан соң халықтар негізінде, соңында мемлекеттер деңгейінде жасалып келуде. Мұның өзіндік стратегиялық маңызы бар. Ресей империясының отаршылдық саясатының аясында және Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің Ресейдің боданына айналуына байланысты Қазақстан біраз уақыт ішінде Қытаймен дербес байланыстарын жаса алмай келді. Алайда жоғарыда атап өткендей “темір тордың” жойылуына байланысты Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстар тығыз даму жолына түсті. Сондықтан бұл байланыстардың тез арада бір қалыпқа енуі Ресей үшін бір жақтан қауіпті болса, екінші жақтын экономикалық пайдасы мол көрінеді.
Соңғы жылдары Қазақстан мен ҚХР арасындағы стратегиялық байланыстарын зерттеу қарқыны арта түсті. Кейбір ғалымдар, экономистер мен саясаттанушылар бұл байланыстардың Ресей үшін қауіпті деген тұжырымға келгенін біз жоққа шығара алмаймыз. Тіпті Қытай Ресейді Орталық Азиядан ығыстыру ұстанымын күшейту түсті деген тұжырымдар да молшылық. Оның әрине өзіндік себептері бар; біріншіден, Қазақстан солтүстік-батыс көршілерін энергоресурстармен қамтамасыз етуде Ресейдің бәсекелес мемлекетіне айналды, екіншіден, аумақтағы діни тұрақсыздықты шешуді Қазақстан өз мойнына алды, үшіншіден, Қытай мен Қазақстан инфрақұрылым мен суландыру мәселесін т. б. саларын өзбетінше шешуде бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Ал Ресейдің саяси-экономикалық қызығушылықпен географиялық орналасуы бұл үрдістерге тартылуына себепкер болып отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстанның Европа, Америка және Азия мемлекеттермен байланыстарын зерттеу мәселесі өзекті мәселеге айналды. Бірақ екі ел арасындағы байланыстардың дамуында үшінші мемлекеттің одан алар пайдасы нақты зерттеу оъектісінен аулақ қалды. Сондықтан, бұл диплом жұмысында Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстардың алғышарттарын, құқықтық негіздері мен оның механизмдерін, негізгі бағыттары мен жетістіктерін зерттеу және мұндағы Ресейдің ұстанымдарына баға беру мәселесі қолға алынды.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Диплом жұмысының зерттеулуі тың тақырыптардың бірі болып табылады. Осы мәселе бойынша арнайы жазылған зерттеулер, монографиялар және мақалалар мәселенің тек бір бағытта алып қарастырған. Диплом жұмысын жазу барысында қиындық тудырған бір жайт ол қажетті материалдардың бұқаралық ақпарат беттерінде хабарлама түрінде үзік-үзік берілуі. Сондықтан, зерттеу жұмысының нақты зерттелу деңгейін анықтау қиынға соқтырды. Осыларды ескере отырып, диплом жұмысын жазуда басшылыққа алынған мемлекетіміздің басшыларының еңбектеріне тоқталғанды жөн көрдік. Соның бірі Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Ғасырлар тоғысында” деген көлемді еңбегі. Еңбекте автор кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына оқырмандарын өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу мақсатын қояды. Н. Назарбаев тарих қойнауына үңіліп, Евразия ынтымақтастығына, саяси жүйеге, парламент құрылымына, Европа мен Азия елдерімен қарым-қатынастың өрбуін жан-жақты сипаттайды. Еңбек автордың өз сөзімен беріліп, қарапайым тілмен өзі тікелей ортасында болған оқиғалар түсінікті әрі тартымды баяндалады. Н. Назарбаев ХХ ғасырдың мемлекет-саяси қайраткерлерінің тәлім-тәрбиесін, саяси қызметін жоғары бағалайды.
Қазақстан премьер-министрі Қасымжомарт Тоқаевтың еңбегі Қазақстанның өзі басқарған бес жыл ішіндегі сыртқы саясат қызметін қорытындылауға арналады. Кітапта Қазақстанның халықаралық саясатының приоритеттік салаларына, Қазақстанның басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен екі жақты, көп қырлы қатынастарының дамуының нақты жемістеріне талдау жасалды. Кітап автордың естеліктерінен және фактілерден құрылған. Онда қазақтың дипломатиясының дербес мемлекет ретінде қалыптаса бастау кезеңіндегі қиындықтары, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытудағы сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың рөлі кең сипатталады. Еңбекте Қ. Тоқаевтың сыртқы саясаттың жүргізілуіне деген өз көзқарасы да беріледі. Қазақстанның сыртқы саясатының приоритетінің бірі алдыңғы дамыған елдермен өзара қарым-қатынастардың дамуы болып есептелінеді. Онда Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін зор көлемді АҚШ көмегін мобилизациялау көзделеді. Еңбекте алдыңғы дамыған елдермен ықпалдастықтың даму барысы, оны тереңдету және кеңейту үшін қандай жағдайлар қажет екендігі саралап көрсетіледі. Сыртқы дипломатияда соны басқарушының өзінің үлкен роль атқаратынына баса назар аударылады.
Бүгінгі таңда Орталық Аззияда бірқатар алпауыт елдердің қызығугылығы тоғысып жатыр. Сол үшін Батыс, Қытай және Ресейде тақырыпқа байланысты бірқатар зерттеулер, сараптамалар және болжамдар дүниеге келген. Осы жұмыстардың барлығы жалпылама және тек мемлекеттің қазағушылығы объектісі төңірегінде жазылған. Дегенмен, жұмыстардың барлығы нақты мәселенің айқындауына үлесін қосқан. Аса маңызды жұмыстардың бірі “Энергетика в Центральной Азии и северо-западном Китае: основные возможности и направления для регионального сотрудничества” болып табылады. Онда қазақстандық, қытайлық және американдық ғалымдар энергетикалық салада регионалды байланыстардың қалыптасу тарихы нақты деректер негізінде дәріптелген. Олар байланыстардың қалыптасуындағы қиыншылықтардың алғышарттарын зерттеп қана қоймай, олардың себептерімен салдарына назар аударған. Ең бастысы Қазақстанның экономикалық және саяси тәуелсіздігіне Ресейдің энергоқұрылым мен энергоқұатқа әсері бар екендігін айқындап, бұл құрылым ішіндегі себептерін ашуды мақсат еткен.
Чэнь Миньшань “Сяньдай гоцзи гуаньси” журналына жариялаған мақаласында посткеңестік мемлекеттердің дербес мемлекет ретінде әлем деңгейіне танылып, өз даму бағытын белгілеген. Сол үшін Ресейдің мұндағы фқпалы әсерлі болмауы қажет деген ойын ашық көрсетеді. Дегенмен, тәуелсіз мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан тек Қытаймен емес, сонымен қатар батыспенде байланыстарын орнықтырып, әлем деңгейіне энергоқұаты мол ел екендігін мойындатты.
Қазіргі таңда АҚШ-тың аймаққа деген қызығушылығының артуы салдарынан бірқатар зерттеулерді дүниеге әкелді. Осылардың арасында А. Дэвистің жұмыстары көзге түседі. Ол өз жұмыстарында Қазақстандағы мұнай факторын алға қойып, АҚШ-тың бұл саладағы саясатын зерттеген. Оның пайымдауынша Қазақстан мұнайының Қытай бағытында дамуы аса қауіпті жағдайларының бірі. Сонымен қатар, Қытайдың Қазақстандағы ұстанымы нақтыланбаған, бірақ оның негізі қалыптасқан, ал оған болса Ресей кедергі бола алмайды.
Бүгінде Қытай экономикасын энергоқұатпен қамтамасыз етуде Қазақстанның үлесі зор екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Қазақстандық зерттеушілер бұған жоғарғы потенциалды баға береді. Р. Мукимеджанова Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстарды кеңейту және тереңдету қажет деген ойы, бүгінгі таңда зерттеушілерді, әсіресе Ресей зерттеушілерін алаңдатты. Оның пайымдауынша Қазақстан энергоқұатының қоры әлем жағдайына қайткен күнде де әсерін тигізеді және көрші елдерді тәуелді етеді.
Тақырыпқа байланысты зерттеу жұмыстарын С. Присяжнюк, А. Н. Картов, Су Дан жүргізген. Аталмыш зерттеушілердің барлығы Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың тереңдеуі аса маңызды болып есептелетінін атап өткен.
Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық мәселелердің шешілуі жөнінде К. Хафизова жүргізген. Оның “Казахстанско-китайская граница в прошлом и будущем” атты көлемді монографиясы екі ел арасындағы шекараның шешілу қиыншылықтарын зерттей отырып, оның динамикасын қарастырған. Шекаралық мәселеге байланысты Е. Бекмаханова, О. Сычевский және В. Хлюпин жүргізген.
Мұнан басқа, диплом жұмысын жазу барысында мемлекет басшыларының іс-сапарлары жөнінде хабарлаған газет-журнал материалдары көптеп қолданылады. Атап айтқанда, Егемен Қазақстан, Қазақ әдебиеті, Жас Алаш сияқты газеттер мен Саясат, Евразийское сообщество, Халықаралық өмір, Қазақ тарихы атты журнал материалдары қолданылды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлемдік алып мемлекеттер, ірі державалар және жақын шетелдермен мемлекеттілікті таныту, интеграцияны, ықпалдастықты дамыту мақсатында жүргізген жұмыстары мен кешегі Кеңестік империяда бірге болған, бүгіндері жеке суверенді жақын шетелдермен арақатынастың дамуын, соның ішінде Қытай мен байланыстарын зертеу нәтижесінде, оның Ресей үшін маңыздылығын ашу болып табылады. Сонымен қатар, екі ел арасындағы байланыстардың даму перспективасының Ресейдің аймақтағы қызығушылығына деген әсерін анықтау. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерді жүзеге асыруды жөн көрдік:
- Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай байланыстарының негізгі тенденцияларын анықтау;
- Бұл байланыстаға жанама позитивті және негативті әсеріне талдау жасау;
- Байланыстардағы нақты мәселелердің туындауына болжам жасау;
- Екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың тәсілдерін, формаларын ашу және оған потенциалды баға беру;
- Екі ел арасындағы байланыстардың тереңдеу барысын және оған деген Ресей аналиктиктері мен саясаттанушылардың пікірлерін ашу;
Диплом жұмысының деректік негзі. Диплом жұмысын зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты және Қытай Халық Республикасының ресми сайттарынан бірқатар деректер жинақталды. Сонымен қатар Ресейдің нақты мүддесін анықтау мақсатында Ресей Федерациясы ресми сайттарынан бірқатар ресми құжаттар алынды.
Екі ел арасындағы байланыстардың құжаттамаларын екі кезең бойынша қарастыру абзал:
- Қазақстан мен Қытай арасындағы екілі келсімідердің хронологиясы, яғни 1997 жылы импорттық тауарлардың сапасын тексеру құжаттары. Қытай мен Қазақстан арасындағы әрі қарай даму декларацилары, яғни 1998 жылы екі ел арасындағы шекараларды белгідеудегі келісімдер.
- Қытай мен Қазақстан арасындағы көпсалалы келісімдердің жасалуы. 2000 жылғы Душанбе декларациясы, әскери салада, шекарадағы әскери қару жарақты кемту және 1996 жылғы шекаралық мәселелерді шешу жөніндегі ресми декларациясы.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында стетистикалық мәліметтердің топтамасы жасалынды. Біріншіден, 1999 жылғы ҚХР-ның кедендік статистикасы, Қытайдың жылдық статистикасы және Синьцзнның жылдық статистикалық топтамасы. Екіншіден, Қазақстанның жылдық статистикалық мәліметтердің жинағы кеңінен пайдаланылды.
Lotus Notes базалық негізде Ресей Федерациясы ресми сайттарынан құжаттық мәліметтер жұмыста кеңінен пайдаланылды. Әсіресе Дипломаттың локальді желісінде жинақталған үш ел арасындағы келісім құжаттарының маңызын атап өткен жөн. Сонымен қатар, ИТАР-ТАСС, ИНОТАСС, ИНФО-ПРЕСС, РИА және Президенттік Хабаршы журналынан бірқатар құжаттық мәліметтер ғылыми айналымға тартылды.
Жұмыстың мазмұнын ашу мақсатында РФ Сыртқы істер минисртлігінің кеңселік құжаттары, ТМД-нің 3 Департаментінің құжаттары, соның ішінде Ресей елшілігінің Қазақстан мен Қытайдағы есептері және РФ Сыртқы істер министрлігінің хат алыс-беріс ресми құжаттары кеңінен бұл жұмыста пайдаланылды.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысында нақты хронологиялық шеңбер белгіленген, яғни 1990 жылдан бастап, бүгінгі кезең қамтылған. Осы жылдар арасында Қытай мен Қазақстан арасында көпсалалы экономикалық және саяси байланыстар жасалған. Сонымен қатар екі ел арасында шекаралық мәселе шешіліп, тең құқықты байланыстар жүргізілген. Ресейдің бұл байланыстардың жасалуында маңызы зор екендігін ұмытпай, екі ел арасындағы байланыстардың тереңдеуі де Ресей үшін маңызды екендігін атап өткен жөн. Сол үшін диплом жұмысында нақты хронологиялық шеңбер қойылған.
Диплом жұмысының практикалық маңызы. Бұл жұмыс үш мемлекеттің байланыстарының қалыптасу және қазіргі таңда үш мемлекеттің негізгі ұстанымдарын анықтайтын жұмыстарының бірі болып табылады. Сондықтан диплом жұмысын «Қазақстанның сыртқы саясаты», «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», «Шығыс елдерінің өзекті мәселелері» және осы сала бойынша «Арнаулы курс» дәрістерінде пайдалануға әбден болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Арнайы зерттеу нысаны болып табылатын диплом жұмысы кіріспеден, үш ауқымды тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
- Қазақстан дамуының негізгі тенденциялары және Қытай
1991 жылы тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды-әлеуметтік экономикадан кейiнгi қайта құру, дағдарысқа қарсы бағдарлама, макроэкономикалық тұрақтандыру, дүниежүзүлік экономикалық дағдарысты еңсеру, экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету. Бiрiншi кезең (1991-1992 ж. ж. ) Қазақстанда әлеуметтік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 1970-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады [1] .
1990-жылдардың басында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты әлеуметтік-экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау.
1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша өндiрiс көлемi күрт азайды. Өнеркәсiптiк өнiмнiң құлдырау қарқыны құрылыста 40, 5%-ды, саудада 17, 4%-ды, көлiкте 19, 4%-ды құрады. Өндiрiстiң өсуi тек а. ш-нда ғана тiркелдi. Сатып алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1991 ж. 5756 АҚШ дол., 1992 ж. 5561 АҚШ дол. Болды [1, 5-6] . 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы- “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi, олар: бәсекеге негiзделген, экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз мiндеттерiн орындайтын негiзгi меншiк нысандары ұштасатын және өзара байланыста болатын әлеуметтік нарықтық экономика құру; адамның экономикалық өзiн-өзi билеуi қағидасын iске асыру үшiн құқықтық және басқа жағдай жасау.
Екiншi кезең (1993-1994 ж. ж. ) экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993-1994 жылдары және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция (гиперинфляция) өрши түстi: 1993 жылы тұтыну бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi (Ресей Федерациясының жаңа рублiнiң инфляциясы) ; өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы: өндiрiлген ұлттық табыс 1991-1993 жылдары 1976 жылғы деңгейге дейiн төмендеп, жалпы құлдырау 38, 2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экономикалық дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерiн тигiздi [1] : 1990 жылдан 1994 жылға дейiн тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы iшкi өнiм 20%-ға азайып, 4711 АҚШ долл. болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды, ол 1994 ж. терiс сальдоға жеттi (410387 адам) . Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта-теңгенi енгiзу (1993 ж. қараша) ; валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемiтуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретiн қарыздардың көлемiн шектеуге қосымша несиенiң “бағасын ұтымды ету” талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгiлеу қарастырылды. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның өсуiне септiгiн тигiзетiн, қарыз қорларына жұмсалатын шығынның өсуi себептi банк секторының қарыздарына жалпы сұранымды қысқартуға жәрдемдесетiн барынша тиiмдi шаралардың бiрi ретiнде қарастырылды. Мұндай жағдайда ҚР-ның Үкiметi басшылық нұсқамасымен “директивалық” несиелер беру есебiнен кәсiпорындарға талғамалы қолдау көрсетуге тырысты: 1994 ж. оның көлемі 14063, 7 млн. теңге болды. Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберiнде қолданылып жатқан шараларға қарамастан мемлекеттiң нысаналы несиелерi көбiнесе қайтарылмайтын несиелерге айналды. 1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300 млн. теңге (яғни бөлiнген несиенiң алтыдан бiр бөлiгi) қайтарылды [2] . Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiмнiң серпiнi өндiрiстiң шапшаң құлдырауымен сипатталды, ал 1995 жылдың басына қарай жалпы iшкi өнiмнiң көлемi 1990 жылғымен салыстырғанда 61, 4% болды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесiнде таза жинақ қаражат - өндiрiстi тұрақтандыратын әлеуеттi инвестициялар өсуге тиiс едi. Алайда, жинақ қаражат күткендегiдей өсе қоймады: халықтың салымы небәрi 606, 9 млн. теңгеден 1673, 5 млн. теңгеге дейiн ғана көбейдi, ал банкiлердегi ағымдағы, есеп айырысу және депозиттiк шоттардың қалдықтары тиiсiнше 4154, 1 млн. теңгеден 12472, 0 млн. теңгеге көбейдi [3] . Сөйтiп, экономиканың нақты секторында болған тұрақсыздану өндiрiстiң құлдырауын ушықтыра түстi. Тек 1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсiбiнiң ширегiнен астамынан айрылды. Дағдарысты шектеу қатаң экономикалық саясат жүргiзудi талап еттi, соның салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуал одан әрi нашарлады. Қазақстанның экономикалық саясатына түзету енгiзудiң нәтижесiнде экономика дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика тұрақтану үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz