Қытай реформасының нәтижелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе1

1 тарау. «Қытай қайта түлеуде»6

1. 1 Рыноктық реформалардың алғашқы кезеңі7

1. 2 Реформаның бірінші кезеңінен екінші кезеңіне өту14

1. 3 Қытай реформасының нәтижелері19

2 тарау. Баға саясаты - Қытайдағы рынок20

экономикасына өту құралы ретінде20

2. 1 жоспардан рынокқа - баға саясатының үш сатысы22

2. 2 Шаруашылық жүйесін жетілдіру27

2. 3 Мемлекеттік кәсіпорындарды реформалау35

3 тарау. Реформа жылдарындағы Қытайдың сыртқы саясатының даму мүмкіндіктері40

3. 1 Қытай реформасының парадигмалары41

3. 2 Меншік реформасының адымдауы. 1990 жылдардағы селолық және дербес кәсіпорындар44

3. 3 Қытайдағы қаржы реформасы50

3. 4 Қытайдағы шетел инвестициялары53

4 тарау. Қытайдың 2001-2005 жылдарға арналған оныншы бесжылдық жоспарының мақсаттары мен міндеттері54

Қорытынды60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:65

Кіріспе

Осы дипломдық жұмыс құжаттанушы және/немесе халықаралық қатынастар бойынша кәсіби маман - құжаттанушыны дайындаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Халықаралық құжат жүргізушінің кәсіби қызметінің мәні дипломатиялық және консулдық қызмет, қабылдау, тіркеу, оқу, сыртқы саясат және халықаралық қатынастар саласындағы құжаттық ақпаратты шапшаң қолдану және оларды талдау жөніндегі құжаттарды сапалы дайындауды қамтамасыз етумен қортындыланады.

Өзімнің жұмысымда мен қытайдағы экономикалық реформалардың жетілу кезеңдерін және оның даму жетістіктерін ашып көрсетуге ұмтылдым.

Бұл үшін мен өзімді қызықтыратын жәйттерге арналған «Қытай әлем экономикасында», «Халықаралық өмір», «Өнеркәсіп өсімінің сапасы. Пекин», «Қытай елін тану», «Қиыр шығыс проблемалары» деген сияқты экономикалық газет журналдардағы мақалалар мен экономика бойынша оқулықтар және көмекші оқулықтардың бірнеше бөлімдерімен таныстым, қажетті сұрақтар бойынша бірнеше монографиялар қарадым. Сонымен қатар өзімнің адамдармен қатынасу білімім мен тәжірибелерді қолдандым.

Бұл жұмыстың тақырыбы мені өте қызықтырды, себебі Қытай біз үшін қызықты, сол себептен, ол әлем шаруашылығының ажырамас бөлігі, тіптен глобальды өңдеу фабрикасына айналды. Қытай - бұл біздің жақын және ең ірі көршіміз ғана емес, бұл жер шары халқының төрттен бір бөлігі. Сондықтан да ҚХР-ның Қазақстан рыногына кең ауқымды шығуы шынымен-ақ белгілі мағынада біздің еліміздің әлем экономикасына интеграциялануын қажетті және шешуші кезеңі болып табылады.

ҚХР территория бойынша әлем жүзінде үшінші орын алады - орталық және шығыс Азияда орналасқан. Шығыстан батысқа ел 5700 шақырымға солтүстіктен оңтүстікке 3650 шақырымға созылып жатыр. Ел 15 мемлекетпен және территориялармен шектеседі. Ұзындығы бойынша ең үлкен шекара ол Қытайдың ТМД мемлекетімен шектесуі (ҚХР барлық шекарасының 1\3 бөлігін алып жатыр) .

ҚХР-дің теңіз жағалауына орналасу жағдайы өте қолайлы. Теңіз шекарасының ұзындығы 15 мың шақырым шамасында (7 провинция-теңіз жағалауында) . Янцзыдан 2, 7 мың шақырымға созылған өзен жолының игілігімен елдің терең орналасқан аудандары да теңізге шыға алады. Қытай Сары, Шығыс-Қытай және Оңтүстік Қытай теңіз суларымен шайылып жатыр. Оларды кемежүзу және балық шаруашылығы үшін қолданылады.

Елдің административті-территориялық бөлінуінде ерекшеленеді: 22 провинция, 5 автономиялық аудан және орталыққа тәуелді 3 қала (Пекин, Шанхай, Тяньцзинь) бар.

Қытай - әлемдегі ең ірі державалардың бірі. Оның территориясында әлем халқының 21% астамы тұрып жатыр, ВМП-ның ағындық курсы бойынша санасақ, 4%-ін, ал сатып алушылық қабілеті паритеті негізінде санасақ 11%-тен астамын қамтамасыз етеді. ҚХР шаруашылығы даму үрдісінің жоғары болуының тұрақтылығымен сипатталады. 1980-1998 жылдар аралығында жалпы ұлттық өнім 4, 5 есе өсті, оның орташа жылдық қарқыны 11-12% құрады.

70-ші жылдары ҚХР дамуы экономикалық реформалар және ашық сыртқы экономикалық саясат жүргізу курсымен байланысты, 1978 жылы желтоқсанда болған 11-ші шақырылымындағы ККП ОК 3 пленумыны партия және үкімет жұмысының барлық күш-жігері экономикалық мәселелерге көшу туралы шешім қабылданып, елдің экономикалық модернизациясы міндетін құқықтандырды. Бұл пленум ҚХР-да елдің дұрыс, қытай жағдайына сай экономикалық даму жолына түсудің «бастамасы» сияқты қарастырылады. Модернизация бағдарламасын орындау мерзімі, экономикалық реформаны іске асырудың нақты жолдары қайта-қайта қарастырылса да, негізгі мақсаттар өзгеріссіз қалады және оның мәні Қытайды бай, демократиялық, социалисттік халқының орташа адам басына кірісі жағынан әлемдегі орта дамыған елдер қатарына жеткізу.

Қойылған мақсаттар жетістігі екі шаруашылық жүйені: жоспарлы-үйлестіруші және рынокты қолданумен сәйкестелетін «Социалистік рынок экономикасының» құрылуымен, рынок элементтерін біртіндеп нығайтумен және орталықтан бөлудің қысқаруымен, меншіктің басқа түрлері формасының бөлігі үлкейгенде мемлекеттік сектор бөлігінің кішіреюі, жөнге салынатын мемлекеттік және тәуелсіз рынок бағаларының бар болуымен байланысты.

Шаруашылық механизмінің түрлендірілуі Қытайда уақыттың жүйелік ыңғайын талап ететін кең ауқымды есеп ретінде қарастырылды, бұл дербес жағдайда 1997 жылдың қыркүйегіндегі КПК 15-съезінде Цзянь Цземин баяндамасында белгіленген. Қытайдың басқаруы бойынша социалистік рынок экономикасы жүйесі толық көлемде 20-30 жыл ағымында көптеген қиындықтар мен проблемалардан өту арқылы құрылуы мүмкін.

Алғашқыда, 70 жылдардың соңында реформалар «жоспарлы экономика - негізгі, рыноктық реттеу - көмекші» деген ұран бойынша іске асырылатын, мұнда негізгі көңіл жеке сектордың дамуына, қатал қадағаланатын құрам кәсіпорындардың шығуына, мемлекеттік кәсіпорынға жоспардан жоғары өнім шығаруға шығаруға құқық беру, жанұялық қатарын енгізу мен халық шаруашылығын келісімді баға енгізумен жоспарлы бағаның жетілуіне қойылды.

1984-1990 жылдар аралығында түрлендірудің арнайы моделі социалистік тауар шауашылығы жүйесін құру болды.

Орталық рөль өзгеріс жүйесі - бағасы орталықтанған мемлекетпен тағайындалатын тауар номенклатурасының біртіндеп қысқаруы, тұтыну тауарлары бағаларын еркін ауыстыруға өту реформасына бөлінді.

Баға реформасы бірнеше кезеңде жүргізілді. Алғашқыда әсер ететін мемлекеттік бағаны жетілдіру олардың шығынының нақты дәрежесіне жақындауы бойынша шаралар қабылданды.

Екінші кезеңде өндірістік және тұтыну тауарлары шеңберін толықтыра түскен бағаның біртіндеп либерализациясы іске аса бастады.

1990 жылдың басында реформаның рыноктық бағыты кеңейіп және мақсатты модель ретінде «социалистік рыноктық экономика» түсінігін құрай бастады.

Қытай мамандарының ойынша, «социалистік рынок экономикасының» маңызды сипаттамасы болып экономикада қоғам меншігімен бірге көп меншіктіліктің болуы деген пікір бар.

Ал енді, берілген дипломдық жұмыстың әр тақырыбына кеңінен тоқталайық.

1 тарау. «Қытай қайта түлеуде»

Өткен жылдың желтоқсан айында Қытайда ККП ОК 3-ші пленумының 11-ші шақырылымының 20 жылдығы атап өтілді, онда партияның барлық жұмысының негізгі күш-жігері экономиканы құруға көшуді жариялап, осынысымен Қытай экономикасының реформасына бастама қойған, нақтырақ айтсақ, Қытай қоғамының келбетін өзгертуге бағытталған бүкіл Реформация дәуіріне бет бұрған.

«Реформа» термині қытай тілінде екі иероглифтермен - «гай» және «гэ» қайсының екіншісі біріншісі сияқты өзгеріс және осыған қоса «тері» деген мағынаны білдіретіндіктен қытай реформасын «түлеу» деген сияқты образбен анықтауға болады. Реформаның арқасында қытай жаңа мыңжылдық табалдырығын басқаша келбетпен және жалпыәлемдік тарих барысына әсер ететін басқа мүмкіндіктермен аттамақшы.

1999 жылдың ақпанында Мәскеуге ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері - «экономикалық патша» Чжу Жунцзидің ресми түрде баруы нәтижелі болып, оның Б. Ельцин және Е. Примаковпен келіссөздері ондағы болып жатқан өзгерістерді көруге қосымша мүмкіндік береді.

Қытай реформасының бүкіл жиырмажылдық циклын ұзақтығы жөнінен бірдей бағаланатын екі кезеңге - 1989 жылға дейін және одан кейінге бөлуге болады.

1. 1 Рыноктық реформалардың алғашқы кезеңі

1958 жылы ККП 8-съезінің 2-сессиясы Мао Цзэдунмен ұсынылған «үш қызыл белгі» («үлкен секіріс», жаңа басты сызық, халық коммуналары) саясатын қабылдады. Ол кезде алдына бес жыл ішінде (1958-1962) өнеркәсіп өндірісін 6, 5 есе, ауыл шаруашылық өндірісін 2, 5 есе өсіру есебі қойылған болатын. Шаруалардың жеке меншігімен қоса ауыл шаруашылығының толығымен мемлекеттік меншікке көшірілуі жүргізілді. мемлекеттік меншікке көшіру күнделікті өмір аясын да өзгерткендіктен адамдар ортақ асханадан тамақтанатын болды. Бірақ Мао Цзэдуннің айтқан «үш жыл қажырлы еңбек - он мың жыл бақыт» уәдесін орындаудың орнына елде 1958-1961 жылдарда аштық орнады. 1

«Үлкен секіріс» (1958-1962ж. ж. ) және «мәдени революция» (1966-1977ж. ж. ) жылдары 70 жылдардың басында халық шаруашылығының төмендеуіне және ҚХР -да экономикалық дағдарыстың тереңдеуіне әкеліп соқты, өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірісі біршама құлдырады, мемлекеттік кіріс қысқарды, транспорт жұмысы ұйымдастырусыз қалды, халық өмірінің деңгейі төмендеді. 2

ҚХР Мемлекеттік статистикалық басқармасының деректері бойынша жұмысшылар мен қызметшілердің орта айлық жалақысы 1957 жылғы 657 юаннан 1977 жылы 607 юанға түсіп қалды, карточкамен таратылатын негізгі тамақ өнімі азайды.

Социализмнің құрылуы «үлкен секіріске» дейін репрессия лаңымен бірге жүрді. Мысалы 1950-1952 жылдары жер реформасы және үлкен дербес жер иемденуді жою барысында 1 млн. -нан 2 млн. -ға дейін адамдар көз жұмды.

Елдің ішкі жағдайы бұл кезде биліктің ең шыңында болып жатқан толастамайтын күреспен шиеленісті, Мао Цзэдуннің саясат аренасынан кету сәтінің жақындауы күрестің өршіуімен ұласа түсті.

Билік шыңындағы күрестің күшеюі 1975 жылдың қарашасындағы оң пікірлерді қайта қарау тенденциясының құқығына сүйенуге қарсы күресумен есте қалды. Бірақта жақын арада мұндай шараның шегі кеңейе түсті, және ол Қытайдың барлық облыстарындағы саяси, әлеуметтік және экономикалық өміріне әсерін тигізді. Бұл шараның басты объектілері болып «Мәдени революцияның» эксцесстеріне қарсы шыққан ҚХР партиясы мен үкімет кадрлары болып табылды. «Құқық тексерушілік сенімін сынға алушылар» бірлестігі Мао Цзедун өміріндегі синологиялық әдебиетте «сол» және «прагматиктер» деп атайтын Қытай басқармасындағы екі негізгі фракциялар арасындағы билікке күрестің соңғы эпизоды болды.

1976 жылдың 9 қыркүйегінде Мао қайтыс болды. Осы кезден бастап билікке күрестің жаңа кезеңі басталды, мұның нәтижесінде 1976 жылдың қазан айының басында «төрт қарақшы» деген бірлестік тақтан түсірілді: Джан Чуньцао, Ван Хуньвэнь, Цзян Цин және Яо Вэньюань. «Төрттіктің» билік басынан жылдам кетуі «мәдени революция» барысында лидерлер тарапынан шыққан, сонымен қатар, Мемлекеттік кеңес премьері болып отырған және «төрт қарақшы» процессін бастаған Хуа Гофэнді әскери округтің беделді басшылары мен қорғаныс министрі Е. Цзянь-ин қолдап, партияда, армия және халықта наразылықтың жиналғандығымен сипатталады. 1977 жылдың соңында 10 шақырылымының ҚКП ОК үшінші пленумында Хуа Гофэн ҚКП ОК орынбасары және ҚКП ОК әскери кеңесінің орынбасары болып тағайындалды. Негізінен, ол «төрттіктің» құлдырауынан кейін-ақ партия басшысы болып жарияланған болатын.

Сол уақытта көзқарастарда жаңа күрделі келіспеушіліктер айқындала бастайды, және Қытай басқаруындағы фракциялық күрес шиеленісе түседі. Хуа Гофэн «мәдени революция» кезеңінің кейбір ұстанымдарын дұрыс деп қарап, Мао Цзэдуннің барлық дерлік саяси шешімдерін қолдауға және оның барлық бағыттарына мүлтіксіз бағынуға шақыратын «қос абсолюттік» саясатты жүргізе бастады.

Дэн және оның маңайына топталған үлкен ұрпақ жұмысшылары басқа позицияны иемденді, олардың басым көпшілігі «Мәдени революция» кезеңінде опық жегендер еді. Ол ескіріп қалған әлеуметтік-экономикалық ұстанымдарды едәуір радикалды түрде қайта қарауға, Маоның пікір-саясат мұрасын және «мәдени революцияны» қайта бағалауға бағытталған еді.

1978 жылдың көктемінде Дэн маңайына топталған күштер қажетті нәтиже бере алатын және сонымен қатар, елде ушығу болдырмайтын бастаманы қамтамасыз ететін, талан-таражға түскен маоизмнің саяси ұстанымдарын кең ауқымды тексеруді бастайтын насихаттың және саяси әсер етудің осындай нысанын белсенді түрде іздеді.

Маоизм саяси мұрасының қайта бағалануында және жалпылай басқарудың партиядағы билік үшін жалғасқан күресіндегі маңызды кезеңі 1976 жылғы Тяньаньмэнь алаңындағы сәуір оқиғасының «реабилитациясы» болды.

Бұл жерде екі лидердің (Хуа Гофэн немесе Дэн Сяопин) қайсысының жеңіп, қайсысының жеңілгендігі белгілі, 1978 жылдың күзінде Тяньаньмэнь оқиғасы «бүтіндей және толығымен ұлы революциялық қозғалыстың революциялық оқиғасы, Қытай ұлтының мақтанышы, өмірге емес, Қытай тағдыры үшін, өлімге бас тігуі» деп аталды.

1979 жылы Қытай басшылығы 1980 жылдардан келесі ғасырдың ортасына дейінгі елдің экономикалық дамуының басты стратегиясын құрды: бірінші қадам - 1981-1990 жылдардағы ЖІӨ-ді екі есе көтеру, жоспарлы экономиканың рынокқа көшуі; екінші қадам - 1990 жылдан 2000 жылға дейін - ЖІӨ-ді 4 есеге өсіру, кедейшілікті жою, социалисттік-рыноктық экономиканың негізін салу; үшінші қадам - 2000 жылдан 2050 жылға дейін - ҚХР-дің ұлт өмір дәрежесін орта дамыған елдердің дәрежесіне көтеру және ЖІӨ-ді 2000 жылғы деңгейінен 4 есеге көбейту.

Жаңа әлеуметтік-экономикалық стратегия өсіп бара жатқан дағдарысты жеңуге, өсімді арттыруды және бір мезгілде теңестіруді, тұрғындардың өмірлік дәрежесінің өсуін қамтамасыз етуге бағытталды. Оның негізіне келесі ұстанымдар қойылды: рыноктық қатынастардың кеңінен орнатуы, социализмді жоспарлы тауарлы шаруашылық ретінде тануы, жекеменшіктің көп формаларын және шаруашылық формаларын қолдану, автаркистік дамудан бас тарту және ашық экономикаға өту. Негізгі бағыт үшін жалпыға бірдей жағдай орталықтандыруды және әкімшілік қысымды жою, шаруашылық аймақтарды және кәсіпорындарды жекешелеу, ұжымдық және жеке ұсақ кәсіпорындардың мүмкіндіктерін ұлғайта түсу, рыноктық қатынастарды біртіндеп іске қосу және директивтік жоспарлау мен қор үйлесімділік шеңберін қысқарту, жалақы өсімін шектеу алынған болатын. Шаруашылық механизмін жетілдірудің негізгі бағыты «құқықты төмендегілерге жүктеу», атап айтсақ, меншік жүйесінде түпкілікті өзгеріссіз орындардағы өзіндіктік шаруашылығының кеңеюі.

Реформаның жалпы бағыты бұрынғы жоспарлы жүйеге альтернатива ретінде және «казармалық коммунизм» рухындағы қайғылы белгілі әлеуметтік эксперименттерден бас тарту басынан-ақ айқын болса да, іс-әрекеттің жалпы бағдарламасын құрудың белгілі бір бөлігі ойдан ала салудан тұрса да өте қиынға түсті.

Реформистік лидерлер көбінесе «өзенді аяқ астындағы тастарды сезініп кешіп өту» деген халық даналылығына сүйене отырып жағдайды әрқашан да дұрыс бағалай алмады, жалпы реформа шаруашылық механизмді ғылыми-техникалық прогресс талаптарына көтеруге бағытталған модернизацияның жалпы бағдарламасында кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық эксперимент түрін иемденді.

Қытай реформаторлары шаруалар тілектерінен қолдау таба отырып коммуналарды таратты. Ауыл шаруашылығының өсуіне ұйымдасқан шаралардан басқа ауылшаруашылық және өндірістік өнімі бағасының жөнге келуі және аграрлы салаға капитал салымының өсуі әсер етті. Селолық өндіруші рыноктың ынталандыруы мен бостандыққа жылдам бейімделе алды және осынша қысқа түрде болса да мемлекет пен деревнялар арасындағы бөлек қатынастардан рыноктық қатынастарға өтуіннің жтістіктері шапшаң байқала бастады.

Реформаның бірінші онжылдығында құрылған квазирыноктық жүйенің іргетасы шаруашылық механизмінің дуализміне және өзіндік нормативтік плюрализмге негізделді: тек әртүрлі ғана емес, сонымен бұйымдардың бірдей түрлеріне директивтік бағалар рыноктық бағаға жақын болды; кәсіпорынның мердігерлік міндеттері салықтыққа үстемеленді; айналымда «халық ақшасымен» қатар валюталық сертификаттар да жүріп жатты; ресми валюта курсынан басқа кәсіпорынның бос қаржыларын валютаға айырбастайтын курста болды; еңбек төлемі де алуан сипаттарға ие болды.

Реформаның бірінші онжылдығының нәтижелерін қортындылай отырып, кейбір қытай экономистері өткізілген шаралардың «шалағайлық» және «ізденушілік» шектен шықпағанын және бұрынғы шаруашылық жүйесінің негізіне нұқсан келтірмегендігін атап айтты.

Реформадан күткен шапшаң дамуға көшуі, өндіріс тұрақтылығын қамтамасыз етудің және оның нәтижелі болуының орнына экономикалық өсім үрдісінің шапшаң үдеуі, мұның ізінен капитал салымының өршуі, әртүрлі диспропорцияның тереңдеуі, өнімнің тауар түрінде жиналып қалуы және оның сапасының төмендеуі орын алды.

1986 жылдан бастап-ақ реформаға наразылық өсе бастады. әсіресе қорқынышты жағдай 1988 жылы туды, мұнда инфляция әлеуметтік белгіленген деңгейден асып кетті, ал баға өсімі жалақы өсімінен басып озды. Юанның құлдырауы және жақын арада болатын қаржы реформасы туралы сыбыстар халық үрейін туғызды. 1988 жылдың жазында банктерден жаппай ақша салымдарын кері алу және сұраныстың күрт өсуі байқалды.

Сыбайлас жемқорлық және басқа экономикалық қылмыстар халық наразылығын өршіте түсті. Рыноктың жалпы мемлекеттік болуы шикізатқа және басқа материалдық-техникалық ресурстар үшін аймақтық «шайқастарға» тап болды. 1988 жылдың қыркүйегінде өткен ҚКП ОК 13-ші шақырылымының үшінші пленумы «халық шаруашылығында тәртіп енгізу және экономикалық ортаның дұрысталуы» есебін жариялады, бірақ ұтымды кезеңді өткізіп алды және экономикалық тұрақсыздық саяси тұрақсыздыққа ауыса бастады.

КСРО демократиясының гүлденгені туралы хабармен өрши түскен қоғам наразылығы халықтың басым бөлігі қолдаған студенттер манифестациясына ұласумен көрініс тапты. Көптеген адам құрбан болған Тяньаньмынь алаңындағы митингіге шыққан студенттерді қатыгез қырып жою көрінісі Қытай басшылығының дүние жүзіндегі беделін түсіріп елдегі реформаның екі жыл бойына құлдырауға әкеп соқты.

1. 2 Реформаның бірінші кезеңінен екінші кезеңіне өту

Реформаның бірінші онжылдығы оның іске асу жолын таңдаудың қиындығының өрши түсуімен қортындыланды. Студенттер толқуы кезеңіндегі көзге түскен реформатор-радикалдар лагерінде рыноктың абсолютті орнығуына арқа сүйейтіндер, қарапайым дербес меншіктік қатынастар, елдің мемлекеттік және саяси енгізулері өзгерістеріне әйкес келетін саяси және экономикалық демократияның кеңінен дамуы сияқты құбылыстар аз болған жоқ. Прокапиталистік талпыныстардың әлеуметтік базасын жаңадан дүниеге келген кәсіпкерлер, ғылыми және творчестволық интеллегенцияның өкілдері және радикалды көзқарас ұстанған студенттер құрады. Мұндай көзқарасты премьер Чжао Цзыянның маңайына топтасқан және қазір эмиграцияда өмір сүріп жатқан көрнекті ғалымдар Чэнь Ицзы мен Су Шаочжи ұстанды. Чжао Цзыянның өзі наразылыққа ұшырап өзінің орнынан айрылып қалды.

әртүрлі күштердің қарсы күресуі Дэн Сяопиннің белсенді араласуы нәтижелі болды және 1990 жылы рынок экономикасының дамуы капиталистік жолмен тепе-тең емес дегені көзқарасты ұсынды.

Реформаның тереңдеу кезеңінің басты бағыттарының бірі - экономиканың мемлекеттік сектор реформасы болды. Бұдан бұрын реформаторлардың күші негізінен мемлекеттік кәсіпорындардың коммерциялануына және олардың жеке шаруашылығының кеңеюіне бағытталған болатын. Кәсіпорындарға өндірілген табыстың бір бөлігіне құқық беріліп одан кейін олардың 1987 жылдан шаруашылық жауапкершіліктің қатарлық жүйесіне көшуі олардың бюджеттік қаржылануға толықтай тәуелділікке тосқауыл қойды. Әйтсе де кәсіпорындарды толықтай жеке тауар шығарушы ету, олардың экономикалық тиімділігін көтеру және ұдайы құлдырауы - бұл шаралар арқылы айыру мүмкін болмады.

1997 жылы өткен қалған ҚКП 15-съезінде ірі корпорацияларды құруды, кең техникалық реорганизация жасауды және басқарудың ғылыми әдістерін жүргізуді көздеген мемлекеттік сектор модернизациялаудың бағдарламасы жарық көрген еді. «Қазіргі заманғы кәсіпорын» жүйесін құру процесі екі кезеңге бөлінеді.

Орта кезеңі - кәсіпорындардың «коммерциялануы» деп аталынған, мұнда олар өзін-өзі өтеудің бастамасына көшеді, кең шаруашылық өзіндік меншікке ие болатын заңды тұлға рөліне көшіп, бұл заңды және экономикалық меншіктің, саясат пен экономиканың толық бөлінуі туралы айтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпорын меншігі - кәсіпорынның табыс реинвестициясынан құралған және кәсіпорында мемлекеттік бюджетпен есептескеннен кейін де қала беретін фонд бөліктеріне толықтай өзіндік құқық берілуі біртіндеп құрыла бастады.

Осылайша меншік дуалистикалық сипатқа ие болды - мемлекет те кәсіпорын да. Кәсіпорын мүлкінің бөлігіне толықтай меншік жасай алатын мемлекет олардың қызмет ету кірісінің бөлігіне құқылы; саяси билік ретінде ол кәсіпорынды фондыны қолданғаны үшін салықтай алады. Кәсіпорынды қаржыландыру бюджеттен емес кредиторлар құқығы бар мемлекеттік мүліктің сақталынуы мен көбеюін қадағалайтын мемлекеттік инвестициялық компаниялар арқылы іске асырылады. Инвестициялық компаниялар өздерінің ұзақмерзімді қызығушылығымен жеке шаруашылық ұйым ретінде өмір сүреді.

Қорытынды кезең - мемлекеттік меншікте инфраструктураның едәуір қажет объектілері (темір жолдар, телефон және телеграф байланысы, электр және сумен қамтамасыз ету және т. б) және жаңа капиталдық салымдар (мемлекеттік несие-қаржылық мекемелер табысы негізінде) негізінде құралған кәсіпорындар қалады. Қалған барлық кәсіпорындар өздерінің мемлекеттен оның бөлігі үшін алған төлем арқылы құралған мүлкінің толық құқылы меншігі рөлінде болады. Мыңдаған едәуір ірі және қажетті мемлекеттік кәсіпорындар ең кең көлемді шаруашылық өзіндікке ие болатын корпорацияларға айналдырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай экономикалық реформасының басталуы және оның кезеңдері
Экономикалық реформа нәтижелері
ҚХР-ның экономикасын реформалаудың теориялық аспектілері
Рыноктық реформалардың алғашқы кезеңі
Қытай экономикасының дамуы және әлемдік экономикадағы рөлі
Қытай модернизациясы
АҚШ экономикасы
Экономикалық монографияға талдау жасау
Түргеш монеталарын зерттеу мәселесі
Қазақстан 2030 стратегиясы бағдарламасы бойынша саяси дамудың алғышарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz