НАТО ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І-тарау. НАТО-ның құрылуы және мақсаттары 7
1.1 Солтүстік-атлант альянсының құрылуы 7
1.2 НАТО-ның негізгі құжаттары 18
1.3 Ядролық саясат 23
1.4 НАТО-ның негізгі құрылымдары 25
ІІ-тарау. НАТО-ның Варшава шарты күйрегеннен соң дамуы 31
2.1. Солтүстік-атлант альянсының бірполярлы әлемдегі дамуы 31
2.2 НАТО жүйесіндегі әріптестік институты 33
2.3 НАТО-ның кеңеюі 37
ІІІ-тарау. НАТО – Орталық Азия: қарым-қатынастың стратегиялық даму
үрдістері 40
3.1 НАТО-ның аймаққа қатысты геосаяси стратегиялық мүдделері 40
3.2 Орталық Азиядағы басқа аймақтық күштерге қатысты НАТО-ның ұстанатын
стратегиясы 45
3.3 Келешектегі болуы мүмкін сценарийлер 47
IV-тарау. НАТО-ның Орталық Азия мемлекеттерімен әріптестігі 52
4.1 Шығысқа қарай кеңею 52
4.2 Өзбекстан мен НАТО қарым-қатынасы 54
4.3 Қырғызстан – НАТО 56
4.4 Тұрақты әріптестік (Түркменстан – НАТО, Тәжікстан – НАТО) 58
4.5 Қазақстанның НАТО-мен өзара іс-қимылы 60
ҚОРЫТЫНДЫ 73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 76
БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР 77
КІРІСПЕ
Варшава шарты ұйымы тарағаннан кейін қазіргі заманғы дүние жүзінде НАТО-
ның рөлі жаңаша түрге енді. НАТО-мен Орталық Азия елдерінің жақындасуына
қолайлы себептер бар - Шығыс және Орталық Еуропа мен ТМД елдерінің
демократиялық дамуына жәрдемдесу, өзінің мүмкіндіктеріне қарай аймақтық
қақтығыстардың алдын алу міндеті бар. НАТО, сондай-ақ Еуропа қоғамдастығы
да, бұрынғы Одақтың республикалары арасындағы өзінің ықпалын кеңейтуге
мүдделі Солтүстік Атлантика ынтымақтастығы кеңесі шеңберінде қорғаныс
саласындағы диалогты, серіктестік пен ынтымақтастықты, сондай-ақ екі жақты
байланыстар мен алмасуларды дамытуға әзірлік көрсетті. НАТО-ға мүше елдер
осы мақсатта өздері жинаған айтарлықтай сараптық потенциал мен қорғаныс
сипатындағы мәселелерді шешу тәжірибесін жаңадан тәуелсіздік алған
мемлекеттерге беруге міндеттеме алды.[1]
Тақырыптың өзектілігі. НАТО-ның Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері
атты диплом жұмысын жаза отырып мен тек қана Әскери Одақтың ғана саясатын,
мақсатын біле ғана қоймай сондай да АҚШ-тың әлем сахнасындағы негізгі
идеяларын, оның ролін тереңірек білгім келді. Ал Солтүстік Атлантикалық
Одаққа келсек ол АҚШ-тың әлемге шығудың негізгі жолдарының бірі.
Зерттелу деңгейі. Менің тақырыбымның зерттелу деңгейі халықаралық
деңгейде болып отыр, НАТО әсіресе әскери жағдайларда негіз болып қаралады.
Бірақ қазір НАТО ақырындап саяси жағдайларды да шешуде.
Деректік негізі. НАТО Әскери Одағы туралы оқулықтар қазақ тілінде өте
аз, жоқ десек те қате болмас еді. Мен орыс тіліндегі кітаптардағы
тақырыптарды, газет журналдағы мақалаларды, интернет жүйесінен кейбір
жаңалықтарды алып қазақ тіліне аудардым. Қуанышыма сәйкес, НАТО әлемдегі ең
ірі ұйым болғаннан кейін, біздің еліміздің ғалымдары да оған үлкен мән
беруде, олардың газет-журналдағы мақалалары, менің курстық жұмысыма зор
үлес қосты. Менің тақырыбымның негізі НАТО-ның Орталық Азиядағы геосаяси
мүдделері жайлы болған соң, НАТО-ның түпкі тарихына үңіліп ескі жылдардағы
кітаптарды да өз жұмысымда қолдандым. Мен тек шетел кітаптарын ғана
қолданбай, сондай-ақ өз мемлекетіміздің елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
“Тәуелсіздігіміздің бес жылы”, “Сындарлы он жыл” деген кітаптарын, одан
басқа Сыртқы Істер Министрі Қасымжомарт Тоқаевтың “Беласу”[2], “Қазақстан
Республикасының Дипломатиясы”[3], “Внешняя политика Казахстана в условиях
глобализации”[4] кітаптарын өз жұмысымда қолдандым.
Диплом жұмысын жазудың методологиялық негізі ретінде НАТО мен Орталық
Азия мемлекеттері арасындағы әскери-саяси диалогтың орнап, қалыптасуын
нәтижелеп, қорытындылауда пайдаланылған контент – талдау, саралау, жүйелеу
әдістері алынды. Сонымен қатар екі жақты қарым-қатынастың проблемалық
тұстарын анықтауда бақылау, сараптау, талдау, болжау әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Соңғы жылдар ішінде НАТО қызметінде түбегейлі өзгерістер жүрді, әскери
күш-жігерді жан-жақты қайта құру жүзеге асырылды. Мұндай процестер
жалғасуда. Соның нәтижесінде блоктың әскери құрылыс стратегиясы елеулі
өзгерістерге ұшырады, НАТО-ға мүше елдердің қорғанысқа арналған шығыстары
азайды және блоктың жеке құрамы мен құрылымдық әскери бөлімшелері қысқарды.
НАТО-ны әскери ұйымнан саяси-әскери ұйымға айналдыру процесі күшейді. Бұрын
КСРО-ға және Варшава шартының басқа да қатысушыларына бағытталған кейбір
әскери және саяси доктриналар қайта қаралды.[5]
Осыған орай, НАТО мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы саяси
қатынастардың даму деңгейін кезеңдерге бөліп қарастырылып, талданып,
сараланып, нәтижеленуі;
НАТО мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы проблемалық мәселелер
тұңғыш рет бір зерттеу көлемінде топтастырылып, анықталып, жүйеленіп, нақты
баға берілуі.
Сонымен қатар жаңа деректер мен құжаттардың тұңғыш рет ғылыми
айналымға енгізілуі зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтарына жатады.
Диплом жұмысының мақсаты. Өзінің географиялық тұрғыдан геосаяси ұтымды
орналасқан Орталық Азия мемлекеттері НАТО-ның қызығушылығын арттыруына
байланысты мәселелердімен ашып көрсету, оны әскери-саяси тұрғыдан танып
білу болып отыр.
Міндеті:
- Жұмыстың ең негізгі міндеті ол НАТО-ның қазіргі таңдағы Орталық
Азия аймағындағы геосаяси мүдделерін айқындау;
- НАТО-ның осы аймақтағы тұрақтауының салдарларын ашып көрсету;
- НАТО-ның осы аймаққа қатысты саясатының дамуын қарастыру болып
табылады.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом кіріспеден, төрт тараудан,
қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Солтүстік-атлант ұйымының басшылықтары СССР-дің ыдырауы формальды
емес құлдырау кезінде-ақ білген. 90-жылғы оқиға Еуропа континентіндегі күш
балансының өзгеруіне әкелді. Халықаралық қатынаста АҚШ НАТО-ны өзінің
мақсаттарына жету үшін, яғни өзінің құралы ретінде қолданады. Сондықтан да
АҚШ пен Батыс елдері НАТО-ның ұлғаюына бет алды. Яғни соғыстан кейінгі
әлемдік қауіпсіздік жүйесінің қайта қаралуы.
Соңғы онжылдықта болған оқиғалар, Иракқа соққы, Боснияға, Югославияға
соққы, осының бәрі НАТО ұйымының әскери іс-қимылдары болып келеді. Брюссель
мен Вашингтонның айтуынша, БҰҰ-н жаңа қауіпсіздік орталығы болудан айыру,
яғни Ресей елінің вето құқығынан айырып, Солтүстік-атлант ұйымына қарсы
келе алмауын іздестіруде.
Солтүстік-атлант келісімі жаңа халықаралық ахуалда өзінің стратегиясы
мен мақсаттарын өзгертуге тырысты. Ол біріншіден, өзінің стратегия
концепцияларын құрды. Екіншіден, блокқа жаңа ел мүшелерін жинауы.
Үшіншіден, универсалдану болып табылады.
І-тарау. НАТО-ның құрылуы және мақсаттары
1.1 Солтүстік-атлант альянсының құрылуы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем – капиталистік және
социалистік болып екі лагерге бөлінді. АҚШ-тың бұрында қазірде ашық
айтылмаса да түсінуге болатын қарсыласы бар, ол бұрынғы КСРО, қазіргі
Ресей. Сондықтан да Әскери Одақтың дамуына Ресейдің де үлкен ролі бар.
Соғыстан кейінгі жылдары КСРО-ның Шығыс Еуропадағы ықпалы батыс елдерін
алаңдатты. АҚШ экономикалық жағынан тежеуді толықтыру үшін әскери одақты
құру ұсынысымен шықты. 1949 жылы АҚШ пен басқа 11 ел Солтүстік Атлантикалық
пакті (НАТО) - ұжымдық қауіпсіздендіру негізінде құрылған одақты құрды.
НАТО-ның мүшесі болған бір елге шабуыл жасау қалған мүше елдерге де шабуыл
деп есептеліп, оған НАТО-ға мүше елдердің барлығы бірігіп тойтарыс беруі
тиіс болды.[6]
Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы (блок НАТО) 1949 жылы 12 мемлекеттің
қатысуымен құрылды. Оған: Америка Құрама Штаттары, Бельгия, Канада, Дания,
Франция, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия,
Ұлыбритания кірді. 1949 жылы 4 сәуірде Вашингтон қаласында қол қойылған
Солтүстік Атлантикалық Альянстың келісім шарты сол мемлекеттердің ортақ
қорғанысын, ұжымдық қауіпсіздігін және ең бастысы Кеңес Одағының қоқан-
лоққысына қарсы төтеп беруді қарастырды. Бұл Одақ соғыстан кейінгі уақытта
құрылды, яғни қырғи-қабақ соғыстың жаңадан басталып келе жатқан уақыты, осы
кезеңде көптеген мемлекеттер Кеңес Одағы алдындағы әлсіздігін мойындаған
еді және бұл одақтың ұйымдастырушысы АҚШ болды. НАТО екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі уақыттағы Америка Құрама Штаттары мен өзге де капиталистік
мемлекеттердің қатысуымен құрылған бірінші әскери одақ болып саналды.
Сонымен АҚШ-та Трумэннің екінші президенттігінің халықаралық
шиеленісушіліктің күшеюімен, совет-американдық қатынастардың шиеленісуі
өтіп жатқан кезеңі болды.
1948 жылдың сәуірінде, АҚШ-тың ықпалды орталарында ойлағандай, күшіне
енген Маршалл жоспары экономикалық негіз және ешбір шарасыз Кеңес
Одағымен соғыстың болып кету жағдайында Еуропаның капиталистік
мемлекеттерінің АҚШ әскери одағында ұйымдасуына дайындық мәселелері
Вашингтонда қарастырылды. “Маршалл жоспарының” қабылдауына дейін
Батысеуропа мемлекеттері 1947 жылы өзара қорғанысқа арналған құрылымын
жасай бастады, өйткені олар Кеңес Одағы алдында өздерін дербес қорғаныста
өте әлсіз деп сезді. Бұл жағдайдың нәтижесінде 1948 жылдың наурызында 5
мемлекет, яғни, Бельгия, Франция, Люксембург, Нидерланды және Ұлыбритания
Брюссельдік келісім-шартқа қол қойды, бұл НАТО ұйымының құрылуына негіз
болды.
Бұл уақытта Вашингтонда әскери одақтың болашақ “маршаллданылған”
мемлекеттерімен жобасы қарастырылып жатты. АҚШ-тың жақтаушылары, бұл
одақсыз Батыс Еуропаға КСРО орбитасына қосылу қаупі төніп тұр деді, сонда
Кеңес Одағының күшімен ресурстары ұлғайып, қарым-қатынас күштері өзгеріп,
АҚШ-тың өте қауіпті жағдайда қалуы мүмкін деді.
1948 жылы маусымда сайлау науқанының қайнау кезінде, сенат көпшілігі 64
қарсы 4 А.Ванденберг резолюциясын қабылдады, бұл резолюция регионалдық
әскери одақтарға көмек көрсетуді қолдады. Бірінші рет АҚШ Сенатының
тарихында, достық кезеңінде, Батыстық жартышарының шегінде орналасқан шетел
мемлекеттеріне әскери көмек көрсету қолдау алды.
Сенаттағы көпшілік республикашылдарға жатты. 1948 жылғы Резолюциядағы
көпшіліктің мақұлдауы, сайлау алдында республикашылдар конгресте және
ұлттық конвентте өздерінің изоляционизмнен барлық жағдайда жалтаруын
көрсеткісі келді. Мәнісінде бұл резолюциялар АҚШ-тың әскери одақтарға
қатысуына рұқсат етті.
Олар АҚШ әскери ұйымымен көптеген капиталистік елдердің қосылуына жұмыс
жасады.
Сайлаудан кейін АҚШ үкіметі белсенді және ашық түрде жұмыс жасады.
Өзінің екінші президенттігінің басталуына арналған 1949 жылғы 20 қаңтардағы
сөзінде Трумэн былай деді: “Қазір біз бірқатар елдермен ортақ келісім жасап
жатырмыз, ол Солтүстік Атлантиканың қауіпсіздігін нығайтуға арналады... Біз
Рио-де-Жанейрода Батыс жартышары үшін қорғаныс пактін шығарып қойдық. Енді
сенатқа Солтүстік Атлантиканың қорғанысы туралы келісім-шартты жіберуге
үміттенемін.”
Екі жарым айдан кейін 1949 жылдың 4 сәуірінде 12 үкіметтің уәкілдері
Вашингтон қаласында Солтүстік Атлантика әскери ұйымы туралы келісім-шартқа
қол қойды, ол НАТО деп аталынды. Оған қол қойғандар: АҚШ, Канада, Бельгия,
Дания, Франция, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия,
Португалия, Ұлыбритания. Вашингтон Стокгольмге өте қатты қысым көрсетумен
болды. Ал өзінің екі дүниежүзілік соғыста да нейтралитетін сақтаған Швеция,
әскери ұйымға кірмеу жолын таңдады, бұл ұйым үшінші дүниежүзілік соғысқа
арнайы ұйымдастырылып жасалған ұйым деп саналды. Аз уақыттан кейін АҚШ
Греция мен Түркияны солтүстікатлантика мемлекеті деп жариялап 1952 жылы
оларды НАТО-ға кіргізді. Кейіннен 1955 жылы американдықтардың талабымен
Германия Федеративті Республикасы ресми түрде толыққұқықты мүше болып
әскери ұйымға кірді. Ал соңында 1982 жылы Испания, 1999 жылдың қаңтарында
Польша, Чехия және Венгрия НАТО-ға қосылды.
Мұнан былайда АҚШ басқа әскери ұйымдар жасады. Бірақ НАТО олардың
ішіндегі ең қажеттісі, АҚШ мемлекеттік департаментінің негізгі назарын
өзіне аударған, соғыстан кейінгі Вашингтонның глобальді саясатын көрсеткен,
әлемдік социалистік жүйеге және ұлттық-босату, әлемдегі революциялық
қозғалыстарға қарсы күреске бағытталған ұйым болып қала берді.
Достық кезеңіндегі 1949 жылдың 4 сәуірінде әскери ұйымның Еуропа ірі
мемлекеттерімен қол қоюы АҚШ тарихында бұрын-соңды болып көрмеген. 1747
жылы жасалынған АҚШ конституциясы, мәнісінде АҚШ-тың үкіметіне шетел
мемлекеттерімен әскери ұйымдар жасау мүмкіншілігін бермеді. Дәлірек
айтқанда ол ұйымға беріктік бермеді, ал Еуропада мұндай мүмкіншілік бар
еді. Соғысты жариялау прерогативін АҚШ конституциясы Конгрестің шаруасы
ретінде қарастырады. Әрбір Конгресс конституциямен жұмыс жасауға тиіс
болды. Бірақ өткен конгрестердегі үкіметтің актілерімен шешімдері оған өте
қатты керек емес еді. Мысалы Англиямен Франция өзара келісім-шарт жасай
алатын еді және келісімде белгіленген болса олар соғысқа қатысуға міндетті
болды. АҚШ-тың үкіметі әскери ұйым туралы келісім-шарт жасай алды. Бірақ
үкіметпен сенаттың мұндай актілері конгресске соғыс жариялауды
міндеттемеді.
Егер АҚШ-тағы мемлекет басқарушы монополистік капитал соғыс үшін болса,
онда конгресстің екі палатасындадағы көпшілік соғыс үшін дауыс береді.
Бірақ үкіметтің әскери ұйымға негізделген қорытындысына, конгресс дағдылы
соғыс жарияламайды. Сонда да конгресстің одақ туралы келісім-шарт бойынша
жұмыс жасайды деген сенімділік болмады. Сондықтан ешкімнің де АҚШ-тың
әскери одағының беріктігіне сенімі болмады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мүлдем басқа жағдай орнықты. АҚШ
шет мемлекеттермен әскери одақ жасай ала ғана емес, сол одақтардың
бастамашысы және ұйымдастырушысы да бола алды. Бұрынғы әскери одақтарға
қарағанда НАТО өзінің штабын және қарулы күштерін жасады, оған кіретіндер:
құрлықтағы әскерлер, соғыс-теңіз және соғыс-әуе күштері. Осыған байланысты
Батыс Еуропаның суверенитетті мемлекеттері АҚШ-қа достық кезеңінде өз
аумағында қарулы күштерді ұстауға рұқсат берді. 1953 жылы АҚШ-тың Батыс
Еуропадағы қарулы күштерінің саны 427 мың адамды құрады.
АҚШ-тың Президенті және оның қызметкерлері НАТО-ны Рио-де-Жанейродағы
1947 жылдың қыркүйегінде жазылған Батыстық жартышардың қорғанысы туралы
келісім-шартыменен салыстырды. Бұл туралы Трумэн өзінің президенттігінің
екінші кезеңінің басталуына арналған сөзінде айтып кеткен еді. Екі
келісімшарт бір формулаға сәйкес келеді: Рио-де-Жанейрода былай деп
жарияланған, егер бір американдық елге шабуыл жасалса онда бүкіл
американдық мемлекеттерге шабуыл жасалынды деп қаралады, Солтүстік
Атлантикалық пакттің 5-і тарауында былай делінеді: Екі келісуші жақтар
былай деп таниды, егер қарулы шабуылдар бір немесе бірнешелеріне жасалынса
онда Еуропада немесе Солтүстік Америкада шабуыл олардың бәріне қарсы
жасалынды деп қарайтын болады[7].
Сонда да Рио-де-Жанейродағы 1947 жылғы 2 қыркүйектегі келісім,
мәнісінде Вашингтондағы 1949 жылғы 4 сәуірінде жасалынған пактіден
айырмашылығы бар.
1947 жылғы американдық мемлекеттердің келісімі, сол елдердің біреуіне
шабуыл немесе қауіп-қатер төне қалған жағдайда тез арада консультация
өткізуді қарастырды. Бірақ ол тез арада дағдылы қимыл жасауды қарастырмады.
Бұдан бөлек келісімнің 20-шы тарауында былай белгіленеді, бір де бір мүше
өзінің қалауынсыз қарулы күштерді қолдану жағдайына қатысуға міндетті емес.
Әрбір қатысушы өзінің суверенитетті құқығын сақтай отырып соғыса ма әлде
жоқ па, өзі таңдайды.
НАТО-ның құрылу туралы келісімінде мұндай түсіндірме жоқ. НАТО-ның
американдық мемлекеттердің 1947 жылы жасаған келісімінен айырмашылығы бар,
өйткені ол регионалдық пакт емес.
Формальді түрде келісімнің 1949 жылдың 4 сәуіріндегі преамбуласында
былай айтылған: НАТО-ның мақсаты - коллективтік қорғаныс[8].
Қорғаныс деп аталмыш Солтүстік-Атлантикалық пакт 1949 жылы құрыла
салысымен шабуылшы әскери операциялар туралы жоспар жасады, ол АҚШ-тың әуе-
күштерінің КСРО-ға атомдық жарылғаштармен шабуыл жасауын қарастырды.
Республикалық партияның мәліметті лидері сенатор Тафт, Пентагонның
стратегиялық жоспарын сынай отырып, мынадай қорытындыға келді: “Соғыс
бастала салысымен, Еуропа жерінде американдық әскердің Ресейге қарсы
құрлықтағы соғыста пайдалануы қарастырылды. Келешекте, Наполеон мен
Гитлерге қатерлі болған бағытпен басып ену ісіне кірісу қаралады”.
Тіпті Тафт та былай белгілейді, АҚШ Солтүстік Атлантикалық Одақты құра
отырып босқадан босқа, БҰҰ Жарғысының 51-тарауына сілтеме жасайды, ол
тарауда: “егер БҰҰ-ның мүшесіне қарулы шабуыл жасалынса, онда коллективтік
және индивидуальдік өзін өзі қорғау құқығын пайдалану” туралы айтылады.
Осылай бола тұрып Тафт бұл тараудың мұндай шабуыл жасалмаса бір мемлекеттің
басқа мемлекетке қарулы күштер жіберуге құқығы жоқ екендігін айтты.
Ары қарай да Тафт НАТО-ның БҰҰ-ның принциптерін бұзып отырғанын
дәлелдей отырып былай деп жазды: “Ол БҰҰ-ның барлық рухына қарсы қойылып
отыр. Бұл Жарғы қарулы күштерді жеке мемлекеттердің арасында келісім орната
отырып қысқартпақшы. Атлантикалық пакт керісінше Жарғының мақсаттарына
қарсы қойылған және халықаралық достықты құқық пен әділеттілікті пайдалана
отырып қамтамасыз етуді жоққа шығаруда. Ол әлемді екі қарулы лагерьге
бөледі. Бұл келісім еш шарасыз қарулы жарысты көрсетіп отыр, ал қарулы
жарыс өткен шақта соғысқа әкелген.”
Осылайша республикалық партияның авторитетті көшбасшысы, Кеңес Одағының
достаспас жауы сенатор Тафт НАТО-ны аттестациялады, ал АҚШ-тың үкіметі және
оның одақтастары НАТО-ны қорғаныс және бейбітшілік сүйгіш ұйым ретінде
көрсетті.
АҚШ-тың президенті Трумэн және Вашингтонның үкімет адамдары НАТО-ның
құрылуын 1948 жылдың ақпанында Чехословакияда болған жағдаймен және
маусымдағы Батыс Берлинге еркін кіру мүмкіндігін жапқан істерімен ақтамақшы
болды.
НАТО-ның құрылуын 1948 жылдағы болған жағдайға жауапты шара деген
түсіндірмесі, Солтүстік Атлантикалық пакттің қорғаныс және бейбітшілік
сүйгіш түсіндірмесі сияқты алдамшы болды. 1946-1947 жж. Вашингтон НАТО-ға
белсенді түрде Америкада және Еуропада тиянақты жағдай дайындады.
1946 жылдың қыркүйегінде үкіметтің Түркия мен Грецияға әскери және
экономикалық “көмек” беру туралы сұрағының талқылауы, Еуропа капиталистік
мемлекеттерін Кеңес Одағына қарсы біріктіру дайындықтарының басы болды.
Наурыз айында Англия, Франция және Бенилюкс елдері арасында 50 жылға
Брюсселдік пакт жасалған кезде, АҚШ үкіметі президенттік кампанияның нағыз
қызған кезінде өзін Брюсселдік пактінің мүшесі деп жариялауды мүмкін деп
санамады, бірақ оны рухтандырды, оған бата берді және қолдау көрсетуге
міндеттеме алды. Келісуші жақтар, егер де Еуропада біреуінің аумағына
шабуыл жасалынса бір-біріне әскери көмек беруге міндеттеме алды. 1948
жылдың 17 наурызында яғни қол қою күнінде, Трумэн Конгресстегі сөзінде “бұл
пакттің барлық мүмкін көмек алуға лайық екенін” жариялады. Брюссельдік
пактіге әскери көмек беру мақсатында АҚШ сенаты 1948 жылы 11 маусымда
Ванденберг резолюциясын қабылдады. Сол уақытта АҚШ үкіметі Лондонға өзінің
уәкілдерін жіберуді шешті, олар Брюсселдік пакті мемлекеттерінің әскери
сұрақтарын талқылауға барды.
1948 жылы 6 маусымда АҚШ пен Брюсселдік пактте құрылған мемлекеттердің
арасында жасырын келіссөздер басталды. Бұл келіссөздер туралы Трумэн былай
деп жазды: “Келіссөздер өте құпия жағдайда жүргізілді. Арнаулы қауіпсіздік
жүйесі қолданылды- аз ғана документтер саны көрінді. Тек қана белгіленген
адам санына, осы келіссөзге байланысты документтерге еркін кіру рұқсаты
берілді.” Бұл құпия келіссөздерге Канаданың да уәкілдері қатысты. Вашингтон
Канаданы Еуропалық мемлекеттермен бір уақытта, ойластырылған антисоветтік
курсқа қатыстыруға дайындады.
1949 жылы Еуропалық Одақ құрылды, оған Брюсселдік пактіге қарағанда көп
мемлекеттер қатысты.
Екі айдан кейін НАТО құрылды.
Осылайша НАТО-ны екі жылдан астам уақыт дайындады.
Тарихи дәстүрлермен АҚШ-тың Конституциясының ерекшеліктерінің бұзылуы,
осы дайындықтың ұзақ уақытқа созылғанына себепші болды. АҚШ үкіметі қолайлы
формулировка табылғаннан кейін ғана, сенаттың Солтүстік Атлантикалық
пактісін мақұлдауына үміттенді, ал НАТО-ның басқа мүшелері келісім беріп
қойған еді. Бұл формулировка келісуші жақтардың бір-біріне барлық жақты
көмек көрсететін міндеттемеге әкелді.
Солтүстік Атлантикалық келісімнің 11-тарауында: “Бұл келісім бекітілді
және оның шарттары конституциялық ерекшеліктермен байланыса отырып, оның
мүшелерімен орындалады. Мұндай формулировканың 1947 жылы Рио-де-Жанейрода
жасалынған келісімдегі түсіндірмеден айырмашылығы, ол келісушілердің бір
жағын ғана ерекше пұрсатты жағдайға қойды. Тек қана АҚШ өзінің
конституциясына сілтеніп, қозғалыс бостандығын алды. НАТО-ның қалған
қатысушылары кемірек қолайлы жағдайда қалды. АҚШ НАТО-ны құра отырып өзіне
әскери ұйымды басқарушы ролін қамтамасыз ете ғана қоймай, өзіне ерекше
пұрсатты жағдайды да қамтамасыз етті.
1949 жылдың 2 сәуірінде Трумэн НАТО-ны құру туралы келісімді сенатқа
бекітуге жіберді. Республикашылдардың қолбасшысы Тафт бекітуге қарсы дауыс
берді. Ол ертерек ескерген кезде мынандай ұсыныс қойды, ол Солтүстік
Атлантикалық пактпен келіседі егер бұл пакт Рио-де-Жанейродағы келісім
сияқты құрылған болса.
Сенаттың Сыртқы істер коммисиясы және Ванденберг, Коннели, американдық
гарнизондардың көпшілігі Батыс Еуропада үздіксіз дислоцияламайды, ол қарулы
болмайды және НАТО келісімі АҚШ-ты Батыс Еуропаның бұл ауданын қорғауға
міндеттемейді деп сендірді. Бұл куәландырулар сенаттың Солтүстік
Атлантикалық келісімін бекітуіне қажет болды. Ендігі жылдың өзінде ақ АҚШ-
тың үкіметі Батыс Германияның қарулы болуына белсенді түрде сөз сөйледі.
1950 жылдың қыркүйегінде мемлекеттік хатшы Д.Ачесон Батыс Германияның
ремилитаризациясына және НАТО-ның қарулы күштерінің 12 дивизиясына кіруге
шақырды.
1949 жылдың 21 шілдеде сенаттың көпшілігі (82 қарсы 13) Солтүстік-
Атлантикалық келісімін қолдады. 13 қарсы дауыс беруші сенаторлардың 11-і
республикашылдар болды, олар кәрі Тафттың сенімділері болған.
Төрт күннен кейін 25 шілдеде президент Трумэн сенатпен бекітілген
келісімге қол қойды. АҚШ тез арада 10 еуропалық мемлекетпен әскери ұйымға
кірді.
Сенаттың басым көпшілігі Солтүстік Атлантикалық пактті бекітсе де, АҚШ-
тың бұл пакттегі ролі туралы сұрақ ары қарай конгрессте де және оның
сыртында да жалғаса берді. Елеулі алауыздық НАТО-ны қаржыландыру және Батыс
Еуропаның Құрама Штаттармен қарулануы туралы әңгімеде көрсетіледі.
АҚШ-тың НАТО-лық әріптестері ынтымақтастықты ол кезде Кеңестер Одағына
(1955 жылдан бастап Варшава шарты елдеріне) қарсы дамытты. Мысалы, “1949
жылдың 5 сәуірінде НАТО-ның еуропалық мүшелері АҚШ-тың үкіметіне (АҚШ
үкіметі өзі уәде еткен) әскери және қаржылай көмек көрсету туралы өтініш
білдірді. Мұндай көмек көрсету туралы бағдарламаны АҚШ үкіметі шұғыл түрде
жасап, 1949 жылдың 25 шілдесінде “Шетелдік мемлекеттерге әскери көмек”
заңының жобасы түрінде конгрестің бекітуіне ұсынды. Заң жобасын Конгресс
мақұлдағаннан кейін шұғыл түрде заң іске қосылды. 1951 жылы АҚШ конгресі
“Өзара қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы” заң қабылдады. Бұл заңның
негізінде НАТО-ның еуропалық мүшелерін АҚШ-тың әскери техникаларымен
жабдықтауға таяудағы үш жыл бойы несие бөлінді”. НАТО-ның тарихында мұндай
іспеттес ынтымақтастықтың саны көп болды. Бірақ бұл ынтымықтастықтар
негізінен қарулану, “кеңестік қауіптің” алдын алу мақсаттарында жүзеге
асырылды.[9]
1949 жылы 17 қыркүйекте НАТО-ның Кеңесі құрылды. Оған Солтүстік
Атлантикалық пактке мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кіреді.
Бір жылдан кейін бұл кеңес НАТО-ның ортақ қарулы күштерін қалыптастыру
шешімін қабылдады.
НАТО-ның қарулы күштері, 1950 жылдан басталған Корей соғысына жауап
ретінде 1950 жылы құрылды, және батыс елдері мұны бүкіләлемдік коммунизмнің
басталуы деп қабылдады. Соғыс 1953 жылы келісіммен аяқталды.
1950 жылы 18 желтоқсанда генерал Эйзенхауэр осы қарулы күштердің
қолбасшысы болып тағайындалады. НАТО кеңесі жоғарғы әскери орган құрды,
оған Солтүстік Атлантикалық пактке кіретін мемлекеттердегі қарулы күш
штабтарының бастықтары кірді және оған қарулы күштері жоқ Исландияда кірді,
ол бұл құрылған әскери ұйымда азаматтық қызмет көрсетті. НАТО
мемлекеттерінің штабтарының бастықтары жылына аз дегенде 2 рет жиналу
керек. Бұл жиналыстардың арасында бүкіл оперативтік істерді штабтардың
бастықтарының тұрақты үәкілдері істейді. НАТО-ның қарулы күштерінің 3
командованиясы бар – Париждегі штаб (ақыры Брюсселде), атлантикалық -
Норфолктегі штаб (Вирджиния штабы) және Ла-Манштегі – Англиядағы штаб
(Портсмут қаласында). НАТО-ның барлық әскери ұйымы оның кеңесінің алдында
жауапты, ал ол қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінен құралған.
НАТО кеңесінің құрылуынан кейін көп кешікпей, 1949 жылы 6 қазанда АҚШ
Конгресі аталмыш өзара әскери көмек туралы акт қабылдады, бұл акт НАТО-ға
әскери көмек ретінде 1314 млн. долл. қаржы бөлуді қарады. Бірақ бұл
жеткілікті болған жоқ. Эйзенхауэр Американың Еуропадағы одақтастары өздері
қарулана алмайды, сондықтан оларды Құрама Штаттары қаруландыру керек екенін
дәлелдеді.
Қазіргі заманға келетін болсақ, 2002 жылғы қарашадағы НАТО-ның Париж
саммитінде американдықтар ұлттық қарулы күштерін технологиялық жаңартуда
артта қалып отырғандары үшін еуропалықтар атына елеулі талаптар айтты.
Шындығында да, Еуропада қазір халықаралық терроризмге қарсы тұруға мүлде
қауқары жарамайтын 2 мыңнан астам танк бар. Еуропалықтардың жарақтану
саласында әскери техникалар мен әскер бөлімшелерін әлемнің ең шалғай
аудандарына жеткізе алатын бар болғаны 4-ақ ұшақ бар болса, ал АҚШ-та
мұндай ұшақтар саны 200-ге жетіп отыр. Американдықтар қазіргі заманғы соңғы
қару-жарақ түрлерін жасауда ғаламдық ауқымда алда келеді. Бұған олар
Ауғанстандағы антитеррорлық операциялар кезінде әбден көз жеткізді.[10]
Шынымен де Конгресс НАТО-ның мүшелеріне әскери көмек ретінде
миллиардтаған доллар қаржы бөле отырып, нақты компенсациялар талап етті.
Солтүстік Атлантикалық пакт формальді түрде тең дәрежелі мүшелерден әскери
одақ болып құрылған. 1949 жылдың 6 қазанындағы Конгрестің акті
американдықтардың өзінің одақтастарына әскери көмек беруін АҚШ үшін ерекше
және біржақты құқық екенін ескертті. Американдық үкіметтен әр мемлекетке
деген көмектің мөлшері мен іс-әрекет тәуелді ғана емес, ол өзінің қарауына
байланысты қай уақытта болса да бұл көмектің берілуін тоқтата алады. 6
қазандағы Конгресс акті АҚШ Солтүстік Атлантикалық одақтың басқарушысы,
үстемшісі бола ғана қоймай, сол сияқты осы әскери ұйымның қарулануы туралы
негізгі сұрақтардың жалғыз және ақырғы арбитрі болып келеді.
1949 жылдың соңымен 1950 жылдың басында АҚШ үкіметі белсенді түрде НАТО
қарулы күштері ұйымын құру туралы сұрақты өз одақтастарымен талқылады.
Соңында бұл кезең туралы Трумэн былай деп жазды: “Бұл дискуссиялардағы
негізгі проблема көп кешікпей Батыс Германияның Еуропаны қорғауға қатысуы
туралы сұрақ болды... Мұнсыз Атлант мұхитының жағалауындағы Еуропа
қорғанысына арьергардты жағдай қаупі төніп тұр. Батыс Германияның көмегімен
ол жерде жеткілікті мықты, Шығыстан келген басымдылыққа нәтижелі қарсыласа
алатын, терең қорғаныс орнатуға болады.” 1950 жылдың қыркүйегінде Ачесон
Нью-Йорктен ол жақта болып жатқан НАТО-ның сессиясы туралы және оның Батыс
Германияны қаруландыруы туралы Трумэнге жеке хабарламасында былай деп
жазды: “Мен алыс Шығыстағы Еуропаның қауіпсіздігін қарайтын және бұл
қорғаныс Батыс Германияның қатысуынсыз мүмкін еместігін дәлелдеп келе
жатырмын.” Ал сол жылдың желтоқсанында Брюсселден жазған хабарламасында,
НАТО кеңесінің мәжілісінде өткізген уақытында, Ачесон былай деп хабарлады:
“Біз Батыс Германияның қатысуы алдында тұрған кедергіні алып тастадық.”
1952 жылдың мамырында АҚШ, Англия және Франция Батыс Германия туралы
келісімге қол қойды – бұл келісім Германияның Еуропалық қорғаныс
бірлестігімен жобаланып болғаннан кейін НАТО-ға қосылуын қарастырды. Бұл
келісімнің бекітілуі 3 жылға созылды. 1955 жылдың мамырында Германия ресми
түрде НАТО-ға толыққұқықты мүше болып кірді. Вашингтонда батысгермандық
әскерге, бундесверге, АҚШ-тың Еуропадағы агрессивтік саясатының негізіне
сияқты қарай бастады.
1955 жылдың мамырында – Варшава келісіміне қол қойылды. Оның құрамына
Албания, Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО, ЧКСР елдері енген.
Солтүстік атлант альянсы әскери-саяси одақ ретінде құрылған болатын.
Ол күш жағынан ғана емес идеология жағынан да бет алды. Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін Еуропа елдері экономикалық дағдарыс жағдайында болды.
Ақшаның жаппай құнсыздануы, экономикалық және әлеуметтік бейбереткесіздік,
азық-түліктің болмауы және тағы да басқа факторлар жылдам өсетін
институттардың пайда болуына алып келді. Бұл кезде НАТО ымыралы шешім
болды.
1.2 НАТО-ның негізгі құжаттары
1949 жылдың 4 сәуірінде Вашингтонда бекітілген Солтүстік Атлантикалық
келісімі – НАТО-ның негізгі құжатына жазылған ескерту хатында, жаңа туылған
Альянстың Біріккен Ұлттар Ұйымы хартиясына адал болуынан басқа, келісімнің
қол қоюшылары барлық елдермен және барлық үкіметтермен бейбіт өмір сүру
туралы тілегін растайтынын көрсетеді. Келісуші жақтар табанды түрде өз
күштерін бейбітшілік қорғауға және қауіпсіздікті ұйымдастыруға ниеттенді.
Сол үшін олар төмендегі Солтүстік атлантикалық Келісімге қол қойды.
1979 жылдың желтоқсанында Брюссельде АҚШ-тың тақауымен НАТО Кеңесінің
сессиясы жаңа американдық ортақашықтық ракеталарын өндіру және Батысеуропа
мемлекеттеріне кіргізу туралы шешім қабылдады. Ең басты мәселе ол
Батысеуропа мемлекеттеріне біріншіден, ГФР, Англия, Италияға және
басқаларына “Томагавк” (қанатты ракеталар) және Першинг-2 (баллистикалық
ракеталар) ракеталарын кіргізу туралы болды.[11]
Солтүстікатлантикалық Келісімнің 1-бабы былай дейді: келісуші жақтар,
Ұлттар Ұйымы Хартиясында көрсетілгендей, барлық халықаралық қақтығыстарды
шешуге міндетті, егер олардың бұған қатысы болса, бірақ халықаралық
бірлестікте бейбітшілік, қауіпсіздік және әділеттілік қауіпті жағдайда
қалмауы керек.
2-бап келісуші жақтардың ары қарай халықаралық қатынастарды бейбіт
түрде дамыту жолын ұстайтындығын растайды.
3-бапта келісуші жақтардың Альянстың мақсаттарын нәтижелі жұмыстарға
жеткізу үшін, өздерінің қорғаныс тәсілдерін дамытуға және нығайтуға
арналған дайындықтары туралы айтылады.
Солтүстік атлантикалық Келісімнің 5-бабы егер Альянстың бір еліне
қарулы шабуыл жасалса Альянстың өзіне БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің
көмегінсіз уәкілдік құқығын берді. Бірақ - Қауіпсіздік Кеңесі Альянстың
шабуылдары және қорғаныс шаралары туралы мәліметте болуы керек. Қауіпсіздік
Кеңесі тәртіп және заң орнату үшін керекті шешім қабылдағаннан кейін,
қорғаныс шаралары тоқтатылуы қажет.
9-бап НАТО Кеңесінің арнайы органын ұйымдастырады, ол барлық қажет
шешімдерді қабылдайды. Америка, 10 және 11-баптарда көрсетілгендей,
Альянстың сенімдісі және кілтшісі болып келеді, және оның НАТО-ның ішіндегі
басқарушысы екенін куәландырады. АҚШ, 10-бапқа сәйкес, НАТО-ға кіргісі
келетін мемлекеттерден бюллетеньдер жинайды (мұндай ұсынысты тек қана
еуропалық мемлекеттер бере алады), және қандай да болсын бюллетень туралы
басқа одақтастарына айтуы міндетті.
12-бап одақтастарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Хартиясында көрсетілгендей
бейбітшілік және қауіпсіздік ұстанатын туралы ортақ және региональдық
келісімін ескере отырып, қол қойылғаннан кейін 10 жыл өткен соң, оны
ауыстыру құқығын береді.
1951 жылы 20 қыркүйекте Оттавада қол қойылған келісім Альянсқа заңдық
правосы бар мекеме статусын береді, ол басқа заңдық правосы бар мекеме
сияқты, өз жекеменшігін ұстауға құқығы бар. Сол келісім Альянстың ішіндегі
валюталық бақылауды, экспорт-импортты және басқа экономикалық
процедураларды реттейтін ережелерді орнатады. Сол келісім Альянстың ішінде
және комитетте одақтас мемлекеттердің уәкілдерінің статусын мәлімдейді,
олардың құқығын орнатады, төлем ақылардан босатады, одан басқа мемлекет
соның қажеттігін сезсе, онда шіркеулік қарауылдың да статусын орнатады.
Әскери штабтардың орналасуына байланысты және көптеген ұсақ істермен жұмыс
істеуге арналған Протокол бар.
1991 жылы маусымда Копенгагенде НАТО Кеңесі шығарған қаулыны
қарастыруға болады, ол қаулы Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен жаңа
геосаясаттық жағдайда қарым-қатынас жасайтынын мәлімдеді.
Осы құжаттың 4-бабында Альянстың Еуропадағы Қауіпсіздік және
Ынтымақтастық жөніндегі ұйымын құру мәселесінде үлкен ролі туралы оның
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның мақсаттары мен
жұмыстарына абсолютті түрде жолын қуатындығы айтылады және Еуропадағы
Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі Ұйымның Еуропада демократияны
орнатуға көмекші екенін растайды.
Копенгагендік қаулының 6-бабында (1-5 баптары халықаралық бірлестіктегі
өзгерістерді, Еуропадағы демократиялық жағдайларға байланысты үлкен
шаттықтарын көрсетеді), былай делінеді: Біз барлық жеткілікті әдістермен
Орталық және Шығыс Еуропадағы реформаларды қолдауды жалғастырамыз, бұл
мақсат демократиялық басқару жүйесін орнатуға және адам құқығын құрметтеуге
бағытталады.
1991 жылы 8 қарашада Рим қаласында Альянс Бейбітшілік және
Ынтымақтастық туралы Римдік Декларация деп аталатын құжат жасап шығарды, ол
құжатта өзінің жаңа стратегиясы туралы мәлімдеді. Құжатта Вашингтон
Келісімінің 2 және 5 бабында көрсетілген Альянстың мақсаттарына саяси
тәсілдермен жету мүмкін еместігі хабарланды. Сол жерде де НАТО бұрынғыдай
таза қорғаныс жұмыстарын істейтінін айтады. Жаңа доктрина туралы жағдайда
НАТО-ның дағдарысты болдырмау жағдайына қалай қатысатыны туралы қаулы бар.
Ол жерде Альянстың саясаты бұл қатынаста бұрынғыдан да бетер превентивтік
дипломатияға тәуелді екені айтылады. Альянстың кризис кезіндегі жағдайына
арналған 42 тарауында, ерекше акцент НАТО-ның Альянстың мемлекет мүшелеріне
әскери қауіп төнген кезде қандай шара қолданылатындығы туралы
түсіндіріледі. Жағдай тағы да әскериден гөрі, саяси болып айтылады. Рим
Декларациясында бірінші рет Кеңес Одағына, Шығыс және Орталық Еуропа
мемлекеттеріне Альянстың шараларына, министрліктің дәрежесінде болатын жыл
сайынғы саммитіне, елшілік дәрежесіндегі жүйелі кездесулерге, комитеттерге
қатысуға шақыру туралы айтылды.
НАТО-ның ең негізгі құжаты ол Бейбітшілік жолындағы әріптестік
Бағдарламасы (БЖӘ) болып келеді. 1994 жылы 11 қаңтарда Брюссельдегі НАТО-
ның штаб-пәтерінде Бейбітшілік жолындағы Әріптестік бағдарламасына Шақыру
бастырылып шығарылды. Ол шақыруда, НАТО Альянстың кеңейуін күтеді және
қуанышпен қарсы алатыны жайында айтылады, Альянс Вашингтон Келісімінің 10-
бабын еске түсіреді, ол бапта Альянстың жаңа мүшелерге ашық екені
көрсетіледі. Шақырудан кейін Ресеймен келісім жүргізу жалғасты, Ресейдің
Бейбітшілік жолындағы Әріптестік бағдарламасына қатысуы және Ресей-НАТО
мекемесін құру туралы мәселелер қарастырылды. Келісімде таза орыс тілінде
былай деп жазылды: НАТО терең трансформацияны жүзеге асыруда, және бұл
процесс ары қарай жалғасады... 1991 жылы Альянс өзінің стратегиялық
доктринасын еуропалық қауіпсіздіктегі жаңа орнын білу үшін қайта қарады.
Осыған сәйкес НАТО мәнді түрде қысқартты және өзінің жай ядролық және
ядролық күштерін ары қарай адаптациялауда. Вашингтон Келісіміндегі өз
міндеттерін орындау үшін потенциалын сақтай отырып, НАТО өзінің саяси
жұмыстарын кеңейтті және кеңейтуін жалғастырды, ол Босния мен
Герцеговинадағыдай, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы Қауіпсіздік және
Ынтымақтастық жөніндегі Ұйымына бейбітшілікті қолдау және дағдарысты шешу
саласында көмек көрсетті, оның бұлай істеген себебі жаңа шақырылған
қауіпсіздікке жауап ретінде басқа мемлекеттермен тығыз әрекеттесуі болды.
1994 жылғы 10-11 қаңтарда Брюссельде болған НАТО-ға мүше елдердің
мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының кездесуінде НАТО Бейбітшілік
жолындағы әріптестік туралы өзінің бастамасын ресми түрде ұсынды.
Бағдарлама “Солтүстік Атлантика одағы мен оның әріптестері арасында
бейбітшілік жолындағы қауіпсіздік саласында жаңа қатынастарды
қалыптастыруға ықпал етеді”. “Шақыру” мен “Негізгі құжатты” қамтыған
“Бейбітшілік жолындағы әріптестіктің” алғашқы құжаттарында қандай да бір
мемлекеттің аумақтық тұтастығына, сондай-ақ саяси тәуелсіздігіне қарсы күш
қолдану қаупін туғызудан немесе оны қолданудан тартыну; қазіргі бар
шекараларды құрмет тұту және жанжалдарды бейбіт жолмен шешу міндеттемелері
баяндалады. “Негізгі құжаттар” қарулы күштерге қатысты демократиялық
бақылауды қамтамасыз ету; ұлттық қорғанысты жоспарлауда және әскери
бюджетті жасауда құпияға жол бермеу (“транспаренттілік”); бейбітшілікті
қолдау, гуманитарлық акцияларды іздестіру мен құтқару жөніндегі БҰҰ-ның
немесе ЕҚЫҰ-ның мандаты бойынша операцияларды өткізу мақсатында әскери
ынтымақтастықты дамыту сияқты НАТО-мен ынтымақтасатын мемлекеттердің нақты
міндеттері айтылады. Бұдан басқа “ұзақ мерзімді перспективада Солтүстік
Атлантика одағына мүше елдердің қарулы күштерімен жоғары деңгейдегі өзара
іс-қимылға дайын күштерді қалыптастыру”, сондай-ақ егер Бағдарламаға
қатысушы “оның аумақтық тұтастығына, саяси тәуелсіздігіне немесе
қауіпсіздігіне тікелей қауіп бар” деп санаса НАТО-мен консультациялар
өткізу мүмкіндігі туралы баяндалады.
“Бейбітшілік жолындағы әріптестік” бағдарламасы туралы Солтүстік
Атлантика одағы сессиясының декларациясында “Солтүстік Атлантика одағының
саяси және әскери құрылымдарын одан әрі жаңғырту сөз болады, мұндағы мақсат
НАТО міндеттерінің бүкіл спектрін, сондай-ақ қауіпсіздіктің еуропалық
жүйесінің пайда болуын қарастыру...” Сондықтан “Бейбітшілік жолындағы
әріптестіктің” жоғарыда аталған құжаттарында жаңа мемлекеттердің есебінен
НАТО-ны ұлғайту процесінің эволюциялық сипаты туралы, бұл орайда бүкіл
Еуропадағы қауіпсіздік саласындағы жағдайды басшылыққа алу қажеттігі туралы
тікелей айтылады.[12]
1.3 Ядролық саясат
Солтүстікатлантикалық пакт – бұл батыс елдердің ұйымы, оның қолбасшысы
әлемдегі ең мықты ел – АҚШ. НАТО – бұл саяси және әскери одақ, капиталистік
қоғамда туылған, бұл одақты өздерінің глобальды ынталарын қорғап отырған
жоғары мемлекеттер басқарады. [13]
Үлкен ұйым болғаннан кейін олар өздерінің қауіпсіздігінің кепілін
ойлады.
Альянс мүшелерінің қауіпсіздігінің ең басты кепілдігі ол стратегиялық
ядролық күштері. Альянстың пікірлестігі және соғысты болдыртпау ортақ
міндеттері Еуропалық Альянстың мүшелерінің ядролық сұраққа үлкен мән беруін
қажет етті. Еуропада орналасқан НАТО-ны бағындырған көмекші стратегиялық
ядролық күштері Альянстың солтүстік американдық және Еуропалық мүшелерінің
арасында керекті саяси және әскери байланысты қамдандырады. Ядролық
артиллериялар мен аз қашықты “поверхность-поверхность” ядролық ракеталардың
азайтылуына байланысты бұл күштер енді 2 белгілеу ұшақтарынан құралады.
Мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрліктері жыл сайын ядролық жоспарлау
тобында кездеседі, бұл кездесулер ядролық күштермен байланысты сұрақтарды
талқылауға арналады. Альянстың саясаты әр қашанда бақылаудың астында
болады. Оның модификациясы немесе адаптациясы жөнінде, жаңа өндірісте
жетілдірілуі және консультацияларды жоспарлау процедуралары туралы, үнемі
ортақ шешімдер қабылданады.
Саяси салада болған өзгерістер бір-бірін жау ретінде қараудан бас
тартудан көрінді, әскери салада – алдыңғы шептер – саны аз ұтқыр күштерді
пайдалану тактикасына алмастырылды, Блок күштері орталық аймақтағы алғы
шептерден анағұрлым шалғай жерлерге көшірілді; Альянстың ядролық саясаты
мен стратегиясының кейбір аспектілеріне оң сипатта түзету жасалды.[14]
1.4 НАТО-ның негізгі құрылымдары
Бас Хатшы
Бас хатшы консультациялардың басқаруымен Альянста қабылданған шешімдер
үшін жауап береді. Ол НАТО кеңесінде, қорғаныс жүйелерін істеу
Комитетінде, ядролық жүйе жасау Комитетінде және басқа екі жоғары
Комитетінде уәкілдік етеді. Ол үкімет және баспасөз қатынасында Альянстың
басты уәкілі болып келеді.
НАТО Кеңесі
Вашингтон Келісімінің 2 бабына сәйкес Жоғарғы орган НАТО Кеңесі болып
келеді. Барлық НАТО-ның структурасынан, тек қана Кеңес Келісіммен шешім
қабылдауға құқықты. Кеңес аптасына бір рет жиналады. Ол сондай да жоғарғы
дәрежеде жиналады – Сыртқы Істер Министрлерінің немесе үкіметтердің
уәкілдерінің қатысуымен болады, бірақ шешімнің мәнісін өзгертпейді –
шешімнің сол баяғыдай күші болады. Келісім Кеңеске Комитеттің екінші
структурасын құру құқығын берді. Барлық Альянстың 19 мүше мемлекеттері
ойларын Кеңестің отырысында айтуға құқығы бар.
НАТО ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМЫ[15]
НАТО-ның АЗАМАТТЫҚ және ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМЫ
Мемлекеттік биліктер
Тұрақты Уәкілдер.
НАТО-ға Әскери Уәкілдер
(НАТО-ға елшілер)
НАТО-ның ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ ПЕРСОНАЛЫ
НАТО-ның Басты Комитеттері
(жалғасы)
НАТО-ның Басты Комитеттері
ІІ-тарау. НАТО-ның Варшава шарты күйрегеннен соң дамуы
2.1. Солтүстік-атлант альянсының бірполярлы әлемдегі дамуы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі НАТО қызметінің бүкіл тарихы
Еуропа континентінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтаумен; Варшава
Келісімі Ұйымының (Достық, ынтымақ және өзара көмек туралы Варшава
келісімі) және КСРО-ның Батыс Еуропаға қауіпті әрекеттеріне жауап берумен
байланысты болды. Бірақ, НАТО құрылуынан 40 жыл өткеннен кейін оның ролі
түпкілікті өзгере бастады.
80-жылдардың аяғында Шығыс пен Батыс арасындағы қырғиқабақ соғыс іс
жүзінде бітті. Бұл кезде әлемде, әсіресе Еуропада ғаламдық саяси өзгерістер
өтіп жатты.
Германияның бірігуі; Варшава келісімі Ұйымы мен Экономикалық өзара
көмек беру кеңесінің таратылуы және бұған себеп болған кеңес жүйесінің
ыдырауы. 1991 жылы биполярлық әлемнің бір орталығы – Кеңес Одағы бірнеше
мемлекеттерге ыдырап, өзінің өмір сүруін тоқтатты. Ресей мемлекеті өзін
КСРО-ның орынбасары ретінде жариялады. Мұндай өзгерістер әрине Солтүстік-
атлант блогінің позициясына үлкен әсер етті.
КСРО-ның күйреуіне дейін НАТО басшылығы 90-жылдардың басындағы
өзгерістер еуропалық континентте ғана емес, сонымен қатар әлемдік
деңгейдегі күштер балансының түпкілікті өзгеруіне әкелетіндігін сол кезде-
ақ түсінген.
Қазіргі кезде біз білетініміздей халықаралық қатынастар жүйесі тек
қана 1 держава – АҚШ-тың үстемдігімен сипатталады. Ал НАТО олар үшін
керекті және күшті құрал. Сондықтан АҚШ және де басқа батыс мемлекеттері
НАТО-ның кеңеюіне бағыт алды, ал бұл соғыстан кейінгі биполярлық әлем
кезінде құрылған халықаралық қауіпсіздік жүйесін іс жүзінде тағы да
қарастыруды білдіреді.
Ұйымдар іс жүзінде бұл ұйымдардың қатысушылары болып табылатын
мемлекеттермен емес, олардың жауларымен құрылады. Тарих бізге мұны
дәлелдеп, коалициялар құрылып, соғыстарда жеңгеннен кейін ертеңіне
ыдырағанын көрсетеді. Ал сонда НАТО тағдыры өзгеше болмақ па? Қырғиқабақ
соғысының аяқталуына дейін НАТО басшылығы оның құрылымы, рөлі мен
функциясының біршама жаңартылу керектігін түсінген. Өйткені қазіргі кезде
жаңартылу жүргізілмей кеңею процесі өзінің мазмұнын жоғалтады.
Ал НАТО блогына кеңею – оның тіршілік етуінің негізі. Бұл ұйым
қызметінің сапасын жаңа халықаралық жағдайда көтеру үшін ұйым басшылығы
альянстың құрылымы мен стратегиясындағы келесі өзгертулерді енгізуге қадам
жасады:
Біріншіден, НАТО-ның стратегиялық ілімі өзгерген болатын. Өзінің
негізгі қарсыластарының ыдырауынан кейін ол қырғиқабақ соғысы кезіндегі
классикалық блокаралық қақтығыстардан енді аймақтық қақтығыстарға бағыт
алып, өзінің дәстүрлі жауапкершілік аймағының шегінен шығып, гуманитарлық
интервенцияны жүргізуде.
Екіншіден, жаңа мүшелерінің блокқа қабылдану процесінің жылдамдануы.
Варшава ұйымында болған Шығыс Еуропа елдері НАТО құрамына кірген болатын.
Кеңеюдің екінші кезеңі жоспарлануда.
Үшіншіден, соңғы онжылдықта НАТО-ның әмбебаптану тенденциясы
байқалуда. Бұл тек қорғану мәселелерден саяси, экономикалық, экологиялық,
ғылыми және ақпараттық бағыттары бар кең мәселелерге өтуді білдіреді.
Қазіргі кезде НАТО ғаламдық әмбебап ұйым болуға бағытталып, БҰҰ және
ОБСЕ Қауіпсіздік Кеңесімен санаспай, оларды тек декоративті ұйым ретінде
қалдырмақ.
Коммунизмнен кейінгі Еуропаның тұрпаты онша бұзыла қойған жоқ. Кеңес
Одағы мен Югославияның жерлерін шектейтін жуан қара сызықтар жоғалды, ал
олардың ішіндегі олардың құрамына кіретін республикалардың шегіндегі титтәй
нүкте-нүкте сызықтар, керісінше, ол республикалардың өз беттерінше егемен
мемлекет болғанын көрсетіп, жуан-жуан сызықтарға айналды. Жалпы тұрпат онша
өзгеріске ұшырамағанымен, саясат кәдімгідей өзгеріске ұшырады. Бұрынғы
саяси одақта көпшілік боп саналатын халықтар, енді азшылыққа айналады. Ал
бұл кей жерлерде азшылыққа кәдімгідей зорлық-зомбылық әкелді. Сонымен, әр
ұлттың өзін өзі тану ұстанымы да, бұрыннан бар шекара қасиетті, оны еш
өзгертуге болмайды деген ұстаным да толық қабылданбады, тіпті кей жерде
лақтырып тасталды. Әрине, бұған таң қалуға болмайды. Өйткені, бір ұстанымды
екінші ұстаныммен толық алмастыру ешкімнің қолынан келмейтін шаруа.
2.2 НАТО жүйесіндегі әріптестік институты
НАТО жүйесіндегі әріптестік институтының қалыптасып пайда болуы соңғы
кездері атап айтқанда 1989 жылдан бастап, Батыс пен Шығыс арасындағы
бұрынғы идеологиялық тікетірес салдарынан пайда болған шиеленістік
жағдайдың біршама жақсаруынан туындаған болатын. М.С.Горбачев басқарған
Кеңестік жетекшіліктің Батыс елдерімен қарым-қатынасты жақсарту барысында
жасаған қадамдары ұзақ жылдар бойы халықаралық қатынастар атмосферасын улап
келген мәселелерді ашық диалогтар мен келіссөздер жүргізу арқылы шешуге
мүмкіндік берді. Кеңестер Одағының саяси сахнадан кетуі және әлемдегі
биополярлық жүйенің жойылуы, сөз жоқ Батыс пен Шығыстың арасындағы
бұрынғыдай идеологиялық қарама-қайшылық жағдайды жойғанымен жаңа әлемдік
тәртіп орнауы жағдайында жаңа қатерлердің пайда болуына алып келді. Бұл
қатерлер аймақтық қақтығыстардың (конфессионалдық, ұлтаралық, кейбір
халықтардың өзін-өзі билеуге деген ұмтылыстарынан туындаған және т.б
себептерге байланысты) кезінде НАТО мен Кеңестер Одағының бақылауында
болған жаппай қырып жоятын қарулар (ядролық, химиялық және биологиялық) мен
оларды тасымалдайтын баллистикалық зымырандарды жасау технологиясының басқа
да аймақтарға таралу қаупінен, ТМД елдері мен дамушы елдердегі әлеуметтік-
экономикалық қиыншылықтар, халықаралық терроризмнің белсенділігінің күн
санап арта түсуінен пайда болды.
Германияның бірігуі, Кеңестік жүйенің жойылуы және жоғарыда аталынып
өткен қатерлер НАТО-ның болашақ мақсаттары мен стратегиясы жөнінде бірқатар
мәлімдемелер жасауына себепші болды:
1. 1990 жылғы Лондон декларациясы (өзгеріп жатқан дүниедегі Солтүстік
Альянстың жаңа ролі мен міндеттері туралы).
2. 1991 жылғы “Бейбітшілік және Ынтымақтастық жөніндегі Рим
декларациясы”
3. 1991 жылғы “Альянстың жаңа стратегиялық концепциясы”
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz