Көлемді Орталық Азия жобасының саяси - экономикалық мәні терең


ЖОСПАР
Қысқартулар
Кіріспе . . . 2
- Қазақстан Республикасы және Орталық Азия
жаһандық халықаралық қатынастар жүйесінде . . . 7
- Aймақтық өзара әрекеттесудің жағдайы мен
келешегі . . . 7
- Орталық Азиядағы көші-қон: Қазақстан
миграциялық саясаты . . . 21
- Орталық Азиядағы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік
саясатының басым бағыттары . . . 30
- Экологиялық және экономикалық қауіпсіздік . . . 30
- Ақпараттық қауіпсіздік . . . 38
- Шекара мәселесі ұлттық қауіпсіздіктің
басымдығы ретінде . . . 46
Қорытынды . . . , . . . 56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 59
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Егемен Қазақстанның дүниеге келуі қарсаңында болған кезеңнің тарихи ерекшелігі, оны аса ірі мемлекеттік құрылым - Кеңестік социалистік республикалар одағының жан тәсілім кезіндегі жағдайымен салыстыруға болатын еді. Мемлекеттік құрылым экономикалық және саяси дағдарыстардан ес-түссіз талмау күйде болды, сол уақытта бұл ауыр үрдіске қоғамдық ақыл-ой тарихтың қысқаша курсына боямасыз жіті көзбен қарады да, әлеуметтік сана осынау ауыр көріністен біржола сансырап қалды.
Бұл жылдардың iшiнде бiз қатты өзгердiк. Өткен уақыт бiздiң бойымыздағы әдiлеттi аңсау сезiмiн ұштай түстi, бiз өзiмiзге де, өзгелерге де талапшыл бола түстiк, билiкке де, өмiрдiң өзiне де талапшыл бола түстiк. Бiздiң осынау онжылдық мерекемiз - ұзақ жолда тынығатын белес емес, өткенiмiздi ой елегiнен өткiзiп, екшейтiн уақыт. Кей сәттерде бiздiң бойымызды мақтаныш пен қаяулық, сенiм мен мазасыздық, ширығу мен шаршаушылық сезiмi қатар билейдi.
Бірақ өткеніміз бір, тарихымыз ортақ Орталық Азия мемлекеттерінің дамуын есепке ала отырып, саясатымызды жасап отыруымыз абзал. Сондықтан да шет елдерде Орталық Азияның қалыптасқан имиджі тікелей Қазақстанның беделін айқындайды. Сондықтан да Қазақстан мен Орталық Азия мемлекетерінің арасында ынтымақтастық пен ортақ саяси шаралар жасалуы тиіс.
Бұл арада мемлекетіміздің көптеген сарапшылары мен саясаткерлері өзара әрекеттесудің тиімді, әрі ықтимал жолдарын іздеуде. Оған қоса ғылыми салада да көптеген кездесулер мен келіссөздер ұйымдастыруда. Мысалы 2008 жылдың 11 маусымында ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ҚР Тұңғыш Президентінің Қорымен, Қазақстандағы Ф. Эберт Қорының өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырылған ҚСЗИ құрылуының 15-жылдығына орай «Орталық Азия: аймақтық өзара әрекеттесудің жағдайы мен келешегі» атты VI жылсайынғы Алматы конференциясы өткізілді. Конференция пікірталасының ортасында саяси және экономикалық саладағы аймақтық ынтымақтастық мәселелері тұрды. Бүгінде Қазақстан сапалық тұрғыдан Орталық Азияның барлығына даму мен тұрақтылықты жаңғыртудың үлгісі болып отыр
Соңғы жылдары Азиядағы бірқатар елдер мен ұйымдардың күш салуының арқасында өзара түсіністік пен әріптестік ауаны нығайып, сенім шаралары пысықталып, жүзеге асуда. Ынтымақтастықтың түрлі саласындағы және барлық деңгейіндегі қарым-қатынастар, атап айтқанда, экономика, мәдениет, әлеуметтік өмір, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестікке, есірткі тасымалына, заңсыз қару-жарақ саудасына қарсы күрес, тағы басқа бағыттағы интеграциялық үдерістер үдей түсуде. Бұл жәйт құрлықтағы ахуалды тұрақты әрі орнықты етуге қызмет жасау үстінде. Ал Қазақстан Азияның ажырамас бөлігі ретінде жасампаз ынтымақтастықтың қалыптасуына белсене ат салысуда.
Бүгiнгi бiздiң Қазақстан қоғамы транзиттi экономиканың аяқталу сатысында тұр, бiртiндеп жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық қатынастар өркен жайып келедi, азаматтық қоғамның нышандары беки түсуде, белгiлi әлеуметтiк-психологиялық орта тек Қазақстанда ғана емес, бүкiл Орталық-Азиялық аймақта қалыптасып келедi. Осы құбылыстармен қауiпсiздiк құрылымының да тығыз бiрегей байланысы бар
Орталық Азия мемлекеттері дамуының келешегі мен басым бағыттарына, аймақ төңірегінде қалыптасқан геосаяси жағдайға, ұлы державалардың рөліне басты назар аударылды
Орталық Азия аймағындағы жағдайды тұрақсыздандыратындай факторлардың сақталуда. Трансшекаралық қатерлер - халықаралық лаңкестік, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, заңсыз көші-қон, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз тасымалы айқын көрініс табуда.



Аймақтың кейбір мемлекеттері арасындағы шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселелері қауіп тудыруы мүмкін. Шынайы қауіп-қатер экономикалық қауіпсіздік мәселелерінен, әлемдік энергия тасымалдау мен азық-түлік нарығындағы тұрақсыздықтардан туындамақ. Аталған қауіп-қатерлер мен мәселелер барлық аймақ мемлекеттері тарапынан ұдайы өзара әрекеттесуді және олардың алдын алуға күш-жігерін жұмылдыруды талап етеді.
Қазақстан жолының ендігі бір өлшемі - қауіпсіздік. Ядролық қарусызданудан, аймақтық және әлемдік державалармен шекараны анықтаудан, лаңкестікпен күресуден және әскери-саяси топтардан бастап, жеке адамның қауіпсіздігіне дейінгі мәселелердің барлығы - осы жүріп өткен үлкен жолдың белестері. Бірақ та мұның бәрі әлі де жеке-жеке ой елегінен өткізуді қажет етеді. Біздің ойымызша, бұл мәселелер туралы айту әлі ертерек, өйткені осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасуда.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауы ғаламдағы барынша бәсекеге қабілетті елу елдің санатына енудің стратегиясына арналған. Тек қана ел ішінде ғана емес, сонымен бірге алыс-жақын шет елдерден беделді ғалымдар мен лауазымды саясаткерлерден соған байланысты жылы-жылы лебіздер толастамай ағылып келіп жатыр.
Осылайша халықаралық дәрежеде жоғары бағаға лайық болып, үлкен дүмпу тудырған құжаттың мазмұнын сараласақ, онда таңдалған мұратымызға қол жеткізудегі дамуымыздың басты жеті стратегиялық даңғылы көрсетілген. Барлық жеті бағытты үш негізгі мәселеге біріктіруге болады:
- әлеуметтік-экономикалық модернизация;
- саяси демократияландыру;
- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету[26] .
Аталмыш мәселелердің алғашқы екеуі жайлы баспа беттерінде егжей-тегжейлі әрі жан-жақты қарастырылған материалдар аз емес, сонымен қатар электрондық бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан да сол мәселелереге қатысты жиі-жиі көңіл бөлініп тұрады.
Алайда бұл игі әрі өміршең іс-шараларды жүзеге асыру үшін ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болуы бірден-бір шарт екені даусыз. Өйткені берекесі қашқан елдің экономикасы құлдырап, саяси жүейнің іргесі шайқалатыны айдан анық.
Әлемнің саяси картасында пайда болған жаңа мемлекеттер және олардың сапалы жаңа негізінде Ынтымақтастықта бірлесуі олардың тәулсіздігін қорғаныспен қамтамасыз ету жағдайы қанағаттандырмады. Аймақтық және ғаламдық қауіпсіздігінің геосаясаттық жүйесі ретінде қарастырылатын Кеңес одағының және Варшавалық келісім-шарттың ыдырауынан кейін, кеңес өкіметінен кейінгі кеңістікте қарсыласудың жергілікті өзектері пайда бола бастады, олар ұлтаралық қақтығыстардың асқынуынан бастап бүкілмасштабты азаматтық соғыстар шешімдерімен аяқталып жатты.
Шекаралардың тұрақсыздылығы төменгідей құбылыстардың нәтижелерден туды: ұлттық қайта өркендеу, Кеңес Одағы мұрасы төңірегіндегі ұрыс-керіс, жаңа әсер ету саласын орнату әрекеттері, шынында осының барлығы территорияны қиындықтың үлкен қайнар көзіне айналдырды.
Қазір әлемнің түкпір-түкпірінде интеграциялық процестер жүзеге асып келеді. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Латын Америкасындағы мемлекеттер, Еуропа және араб елдері де жаһандану заманында ортақ мәдениет пен тіл, дін мен экономика аясында шоғырлану қажеттігін жіті түсінеді. Еуропа Одағы - соның айшықты белгісі. Тілі - ағылшын, діні - христиандықтың католицизм және протестантизм тармақтары, валютасы - евро. Бұрқыраған бір қазанның ішіне 27 елдің басы сыйса, Орталық Азиядағы айналдырған бірнеше ел неліктен ортақ мәмілеге келмей отыр? Қазірше «Орталық Азия Одағы жобасы» дегенде, Түрікменстан мен Тәжікстанның рөлі көп айтылмай жүр. Елбасы да бұл жобаның біртіндеп жүзеге асатын идея екенін ескерткен еді. Яки қазірше бізге Қырғызстан мен Өзбекстанды осы идеяға иландыру маңыздырақ болып отыр. Бауырлас екі ел одаққа кірсе, аймақтағы өзге де мемлекеттерді интеграциялық процестермен игеріп әкетуге болады. Бұл дегеніңіз - Қазақстанның гегемониялық амбициялары емес, себебі одаққа кірген әрбір мемлекет өз тәуелсіздігін сақтай отырып, ортақ экономикалық интеграциялық процестерге араласады. Дегенмен аймақта доминантты, көшбасшы ел де болуы керек. Ол - сөзсіз, Қазақстан. Өйткені Қазақстанның мүмкіндігі мен мүмкіндікті игеру қарқыны басқалармен салыстырғанда артық екені анық.
Кеңес Одағы құлағаннан бері посткеңестік кеңістікті неше түрлі одақтардың елесі кезді десеңізші?! Бұл орайда болашақ одақ Бірыңғай экономикалық кеңістікпен ЕурАзЭҚ-тан да асып түсіп, олардың қателіктерін қайталамауы керек. Әу бастан үш славян - Ресей, Беларусь, Украина мен жалғыз түркі тектес мемлекет - Қазақстанның экономикалық тұрғыдан бірігуі негізінде дүниеге келген Бірыңғай экономикалық кеңістік-тің арты сиырқұйымшақтанып кетті. Себебі Ресей-Беларусь одағы сияқты осы кеңістікте де Ресейдің империалистік амбициялары көзге ұрып тұрды. Славян деп жүрген Беларусьтің өзі орыс елін алдап-сулап, уақыт созумен келеді. Содан болар, белорустар үшін Ресеймен бірігу Кеңес Одағына қайта оралумен бірдей қабылданады.
Зерттеу жұмысының мақсаты және міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты қазіргі кездегі Қазақстандағы Орталық Азия аймағындағы жүргізіп жатқан саясатын анықтау мен оның ұтымды жақтарын іздеу.
Жұмыстың мақсаты келесі міндеттерді анықтайды:
- Жаһандық халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстан Республикасы және Орталық Азия мемлекеттерінің алар орнын және даму тенденцияларын көрсету;
- Аймақтық дамудың шетелдік үлгісін және оның құрамындағы мемлекетердің саясатына тәуелділігін зерттеу;
- Орталық Азияда қалыптасқан саяси нарықты сипаттау және өсу тенденцияларын және аймақтық өзара әрекеттесудің жағдайы мен келешегін көрсету;
- Орталық Азиядағы күрделі мәселелерді анықтау және олардың Қазақстан қауіпсіздігіне төңдіретін қауп деңгейін анықтау;
- Орталық Азиядағы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік саясатының басым бағыттарын белгілеу.
Зерттеу жұмысының нысаны Қазақстан Республикасының Орталық Азиядағы жүргізіп жатқан саясатының жай-күйі мен дамуының тенденциялары.
Зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасының Орталық Азиядағы тиімді саясатын жүргізу механизмі, Орталық Азияда біріңғай қауіпсіз ортаны құру мен тікелей мемлекетімізге төңген қатерлердің алдын алуды қамтамасыз ету табылады.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері Қазақстан Республикасының 1991ж. тәуелсіздік алған кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі. Бұл жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін отандық және шет ел зерттеушілерінің сараптама институттарын зерттеу жұмыстары құрады.
Жұмыс жүйелік көзқарас шеңберінде орындалған. Ұсынылған әдістемелік ұстаным қазіргі мемлекетіміздің Орталық Азия аймағындағы саясаты алаңындағы ауқымды процесті зерттеуді біріктіруге мүмкіндік береді. Жұмыста сонымен қатар қызметтік, құрылымдыққызметтік, тарихи және салыстырмалы сараптам қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
- Қазақстан саяси жүйенің өзінік дамуымен өзгермелілігін ескере отырып, аймақтағы қажеттілігі мен мүмкіндігі негізделген;
- Әлемдік және отандық тәжірибеде орын алған аймақтық саясат жүргізуіне салыстырмалы талдау жасалған;
- Қазақстанның аймақтағы экономикалық, саяси, әлеуметтікмәдени және тағы басқа салаларға сай бейімділігін ескере отырып елімізге төнген қауіптерді анықтау жұмысы жасалған;
- Көлденең билік құрылымдарын құру мен кірістіру және шешім қабылдау үрдісінде, саяси процестерді басқару саласында Орталық Азия аймағының саясатын ұстанудың қажеттілігі негізделген;
- Қазіргі қазақстанның саяси жағдайына жасалған анализге негізделе мемлелкет құрылымдары тарапынан жүзеге асыруға болатын Орталық Азиядағы саясатты жетілдіруге бағытталған негізгі ұсыныстар берілген.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Қазақстан Республикасы және Орталық Азия жаһандық халықаралық қатынастар жүйесінде
- Aймақтық өзара әрекеттесудің жағдайы мен келешегі
Кеңес Одағының ыдырауы жаһандық және аймақтық қатынастардың жүйесіне терең өзгерістер әкелді. Еуразиялық континенттің орталығында бес жаңа тәуелсіз мемлекеттердің: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның пайда болуы жаңа халықаралық-саяси аймақ - Орталық Азияның қалыптасуына бастама болды. Жаңа аймақ көршілес елдер Ресей, Қытай, Иран, Түркия, Пәкістан және халықаралық қатынастардың ғаламдық акторларының қызығушылықтары тоғысатын аумақ пен сыртқы саяси әрекеттестіктегі нысанға айналды.
Орталық Азияға деген мұншама қызығушылықтың астарында не бар:
Біріншіден, Орталық Азия өңірі Еуразияның кіндігінде орналасуы арқылы алып құрлықтың едәуір бөлігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке ықпал ететін стратегиялық маңызға ие болып отыр.
Екіншіден, өңірдегі әрбір мемлекетті дамытуға бағытталған сыртқы ықпал құрлық кеңістігіндегі күштер арасалмағын бұзуы ықтимал.
Үшіншіден, осы өңірде әлемдік мәні бар минералдық ресурстар қорына бай болуы энергия көздеріне деген қажеттілік еселеп артып отырған заманда соңғы қатардағы фактор болмайтындығы түсінікті. Оларды игеруге әлемдік державалар - АҚШ, Қытай, Ресей, Еуропалық Одақпен қатар ірі мемлекеттер тізіміндегі Түркия, Жапония, Пәкістан да емеурін танытып отыр[21] .
Төртіншіден, өңірдің еуразиялық көлік дәліздерінің түйісер тұсында орналасуы және осында кеңейтілген көлік-коммуникациялық желінің қалыптасуы “алпауыттардың” шынайы қызығушылығын арттыра түсуде. Айталық, Орталық Азия елдері Иран арқылы Парсы шығанағына шыға алатын болса, Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Үнді мұхитына, ал Қытай арқылы Тынық мұхитына жол тарта алады.
Орталық Азия елдерінің тәуелсіздік алғаннан кейін жаһандық және аймақтық акторлардың жіті назарына ілігуінің жағымсыз салдары бұл елдердің егеменді бірліктер ретінде қалыптасып, ішкі және сыртқы саясат жүргізу үрдісінің сыртқы әсерлерден қорғансыз, көп факторлы үрдіске айналып кетуі болып табылады. Аймақта халықаралық қатынастар жүйесінің және жеке мемлекеттердің ұлттық мүдделеріне негізделген қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуы әлі күнге дейін ішкі факторларға бағынудан көрі сырттан келетін талаптарға икемделу жолымен жүріп келеді. Орталық Азияны өзінің геостартегиялық нысаны деп санайтын мемлекеттер мен бірлестіктердің аймақ елдерінің ішкі, сыртқы саясатына, олардың арасындағы халықаралық қатынастар жүйесіне тигізіп отырған әсері терроризм, саяси тұрақсыздық, гуманитарлық және экологиялық апат сияқты қатерлердің ықпалынан артып түсуде.
Аймақтың көп факторлы сипаты жаңа ХХ1-ғасырдың басталуымен жаңа сатыға көтерілді. АҚШ-тың 2001 жылғы 11-қыркүйектен кейінгі халықаралық лаңкестікпен күресудегі Ауғанстанда жүргізген операциялары, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанға тікелей әскери базаларын орналастыруы әлемдегі саяси элита мен халықаралық қауымдастықтың Орталық Азияға деген ынтасын арттыра түсті. Американың осы кезеңдегі аймақтағы саясатының халықаралық қатынастардың орталықазиялық жүйелік бөлігінің қалыптасуындағы басты фактор ретіндегі ролі күшейді. Онымен бірге одақтастары да аймақтағы саяси қызығушылықтар өрісіне белсенді тартыла бастады. АҚШ-тың бастапқыда Өзбекстан, Қырғызстан елдеріндегі әуе базаларына өз ұшақтарын қондыруға келісімін алып, оның ақыры дүрдараздыққа ұласуы, сондай-ақ аталған елдердің Ресеймен арада салқындай бастаған қарым-қатынастарын қайта қалыпқа келтіруінің астарында “алпауыттар тартысының” жатқанын және аймақ төңірегіндегі саяси доданың тынысын аңғартты [1] .
Орталық Азия аймағының геостартегиялық мәнінің артуы жалпы әлемдік дамудың беталыстарымен байланысты. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 5-6 жылдың ішінде аймаққа қызығушы мемлекеттер мен топтар Орталық Азияның бай көмірсутегілерін барлап, өндіруге бірден құлшыныс білдіре қойған жоқ. АҚШ, Еуроодақ елдері мен трансұлттық топтар әлемдік нарықтағы қалыптасқан жағдайды өзгертпеу мақсатында ортаазиялық мұнай мен газ көздерін бақылауда ұстап отыруға тырысты. Ал ХХ-ғасырдың соңғы жылдарында әлемдік экономикалық дамуда жаңа беталыстардың күш алуы бұндай жағдайды өзгертті. Ресурс тапшылығының қатты сезіле бастауы, пайдалы қазбалардың қоры ұзаққа жетпейтіндігі жөніндегі ғылыми мәліметтер мен болжамдардың жариялануы, ірі мұнай шығару елдердің әлемдік нарықты шайқалтып отыратын тұрақсыз саясаты тұтынушылардың назарын тағы да Орталық Азияға әкеліп тіреді. Геоэкономика заманының заңдары әлемдік акторлардың осы аймаққа қатысты саясатындағы экономикалық құраушының ролін саяси қызығушылықтан асырып түсірді деуге болады. Осы тұрғыда аймақтың тасымалдау мүмкіндіктеріне жіті назар аударылып, тасымалдаушы инфрақұрылымды салуға, жетілдіруге инвестициялар құйыла бастады. Геоэкономикалық соғыстар (табиғи ресурстар, нарық көлемдері үшін болып жатқан, көзге көрінбейтін қақтығыстар) туралы ойлар негізсіз емес екендігін ескерсек, бүгінгі күні Орталық Азия сол геоэкономикалық соғыстың басты майдандарының бірі болып отыр деу артық емес.
Аймаққа әсер етуші сыртқы күштерді күш-қуаты мен мүкіндіктеріне қарай шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Аймақты тығыз қоршауға алып, барынша әсерін тигізіп отырған АҚШ, Ресей және Қытай бірінші топқа жатады[6] .
Екінші топқа Еуроодақ елдерін, Түркия, Пәкістан, Жапония, Иранды жатқызуға бөледі. Бұлардың қатарына соңғы жылдары өз аймағындағы және жаһандық халықаралық қатынастар жүйесінде көзге түсіп отырған Үндістан да кіреді. Бұл аймақтық жетекші роліне ие мемлекеттердің Орталық Азияға қатысты ұстанымы негізінен экономикалық қызығушылықтың аясында болғанмен, сыртқы саясаттағы дәмелеріне қарай саяси көңіл-күй де білдіріп қалады.
Үшінші топқа аймаққа әсері бар трансұлттық күштерді жатқызамыз. Қазіргі кезде көптеген трансұлтық бірлестіктер жеке мемлекеттерге тиеселі болудан кетіп, дербес жүйелерге айналған. Орталық Азияның табиғи ресурстарының көбі нақ осылардың қолында. Аймаққа сырттан әсер етуші трансұлттық күштердің қатарындағы биресми, мемлекеттік емес топтар мен ұйымдардың, жеке тұлғалардың (халықаралық актор ретінде) ықпалы білінеді. Яғни, орталықазиялық аймақтық жүйеге әсер етуші экзогенді факторлар мемлекеттік және мемлекеттік емес деңгейлерден тұрады. Бұлай деп бөлу шартты болып табылады, өйткені, бұл екі деңгей бір-біріне кірігіп, вертикальды және горизонтальды мүдделер араласып кеткен (мысалы, “Шеврон” немесе “Казахмыс” корпорацияларының сыртында нақты елдердің сұлбасы көрінеді) . Осындай тығыз халықаралық ортаның қоршауында отырған Орталық Азия елдері сыртқы саясаттарында басымды деп саналатын барлық факторларды ескеретін икемді бағдар ұстауға тырысуда.
Аймақтағы бірінші топқа жататын аса белсенді акторлардың Орталық Азияға қатысты ұстанымдарында экономикалық (міндетті түрде геоэкономикалық), саяси және геосаяси құрастырушылар орын алған. Ресей Федерациясы үшін орталықазиялық аймақ оны Еуразияның тұрақсыздық ошақтары мен ислам әлемінен бөлетін буферлі зона. Ресей аталған аймақта келесідей мақсаттарды көздейді:
- өзінің оңтүстік шекараларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- экономикалық қызығушылықтар;
- әскери-саяси мүдделер;
- аймақтағы АҚШ жайғасымының нығаюына кедергі жасау.
Қытай Орталық Азияға қатысты мынадай міндеттерді жүзеге асыруға тырысуда:
- өзінің батыс шекараларында тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- ҚХР батысының экономикалық дамуын жеделдететін бағдарламалардың жүзеге асуына жағдай жасау;
- өзінің қарқынды дамып келе жатқан экономикасын энергия көздерімен қамтамасыз ету;
- АҚШ-тың аймақтағы экономикалық, саяси және әскери салалардағы ықпалының күшеюіне кедергі келтіру .
Сонымен бірге АҚШ-тың Орталық Азиядағы басты қызығушылықтары мынадай:
- Орталық Азиядағы аймақтық халықаралық қатынастар және қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу Үрдісінде шешуші, бағыттаушы роль атқару;
- аймақтың ислам әлемінде, Еуропа мен Азияның, Шығыс пен Батыстың тоғысқан жерінде орналасуы оған деген жіті назарды талап етеді;
- аймақтың бай энергетикалық қорлары мен өзге де табиғи ресурстарын бақылауда ұстау;
- аймақта әлемдік мәні бар уран рудалары мен ядролық технологиялардың болуы Американың мазасын алып, оларға бақылау жасауға итермелейді;
- аймақта стратегиялық бәселестері РФ, әсіресе, ҚХР-ң күшейіп кетіне жол бермеу [2] .
Ресей мен Қытайдың ұстанымдарында ұлттық мүддеге негізделген нақты аймақтық саясаттың нышандары білінсе, АҚШ Орталық Азияда өзінің жаһандық геостратегиясының негізгі тармағын іске асыру мақсатын қойып отыр.
Әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді өзінің ұлттық мүддесінің жүзеге асуы деп санайтын Америка осы аймаққа бақылау орнатуды көкейтесті мәселе деп біледі. Әлемдік жетекшінің ролін атқаруға тырысып отырған (олай болуға сыртқы саяси потенциалы мүмкіндік береді) бұл аса ірі мемлекет Орталық Азияға қатысты саясатын тікелей және жаһандық халықаралық қатынастардың құрылымындағы (структурасындағы) орталық жайғасымы арқылы жүзеге асырып отыр. Бұл дегеніміз Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың аймақтық жүйесі америкалық фактордың өзгеден гөрі басым ықпалына ұшырап, соның айтқанына ыңғайлануын білдіреді. Яғни, америкалық фактор аймақ үшін ең тегеуірінді сыртқы фактор болып отыр. Әрине, аймақта бұл әсерге қарсы тұрушылық байқалып қалады (мысалы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылуы мен қызметі), дегенмен, бұл жуық арада тұрақты және бірыңғай беталысқа айнала қоймайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz