Қауіпсіздік мәселесінің теориялық аспектілері


ЖОСПАР
Қысқартулар
Кіріспе
- Орталық азия аймағындағы ұлттық қауіпсіздіктің құрылуыҚауіпсіздік мәселесінің теориялық аспектілеріОрталық азиядағы қауіпсіздіктің шеткі нүктелері
- Орталық Азияның қауіпсіздік және сыртқы акторлардың геосаяси стратегияларыРесей, Қытай, АҚШ-тың Орталық Азиядағыгеосаяси мүдделеріАймақтағы жаһанды қауіптердің алдын алу әдебиеттер өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық модернизация мен билік жүйесін демократияландырудың жаңа кезеңінде тұр. Соңғы жылдары Азиядағы бірқатар елдер мен ұйымдардың күш салуының арқасында өзара түсіністік пен әріптестік аланы нығайып, сенім шаралары пысықталып, жүзеге асуда. Ынтымақтастықтың түрлі саласындағы және барлық деңгейіндегі қарым-қатынастар, атап айтқанда, экономика, мәдениет, әлеуметтік өмір, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестікке, есірткі тасымалына, заңсыз қару-жарақ саудасына қарсы күрес, тағы басқа бағыттағы интеграциялық үдерістер үдей түсуде. Бұл жәйт құрлықтағы ахуалды тұрақты әрі орнықты етуге қызмет жасау үстінде және оны жетілдіру мәселелері жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Біріншіден, Орталық Азияның барлық елдерi түгел дерлiк өздерiн түркi мәдениетiне жатқызады, аймақтағы тұрғын халықтың басым көпшiлiгi ислам дiнiнiң суннит тармағына жататындар, халықтың денi, аз болсын, көп болсын, орыс тiлiн меңгерген. Аймақтағы бұл елдердiң тарихында ортақ жайлар да жеткiлiктi. Екіншіден, стратегиялық мақсат ретiнде бiртұтас Орталық-Азиялық геосаяси блогын қалыптастыруды одан әрi дамытып, жалғастыра беру керек. . Сондықтан оның дұрыс және бұрмаланған бұрыс жақтарын айқындау қажет. Оған объективті, ғылыми тұрғыдан қарау - бірден бір дұрыс жол болып табылады. Үшіншіден, Iшкi аймақтық қақтығыстарды азайту, сенiмдiлiктi арттыру бағытында талпыныс жасаған дұрыс. Орталық-Азиялық мемлекеттердiң бәрiнiң стратегиялық дамуын ескере отырып, оларды өзара сәйкестендiруге ұмтылу қажет. Ол үшін заңдық және басқа да негіздер жасалуы керек, уақыт та қажет. Сондықтан ол ғылыми зерттеулер мен талдауларды қажет етеді. Төртіншіден, Екiншiден, iрi-iрi сыртқы ойыншыларды жақындастыруға және өзара қарым-қатынаста болуға ынталандыра отырып, көптармақты саясат жүргiзудi жалғастыру қажет. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тарихта қауіпсіздік мәселесі аз зерттелген жоқ. Оны оң мән-мағынасында түсіндіруге Г. Моргентау, К. Уолц, Р. Нибур, К. Томпсон, Р. Арон көп енбек сіңіргені белгілі. Бұл мәселемен кейінірек көптеген ғалымдар және саясаткерлер айналысты (Р. Арон, Г. Алмонд, Н. А. Бердяев, Д. Истон К. Каутский, Г. В. Плеханов, А. Салмин, Ю. Хабермас және т. б. ) [1. 73б] . Қазіргі таңда қоғамдағы қауіпсіздік мәселесі одан әрі зерттеуді қажет етіп, нағыз көкейкесті сипат алып отыр. Президент Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерінде бұған үлкен мән беріліп, оның бағыт-бағдары атап көрсетілген [42. 105б] . Оның тікелей бастамашылығымен «Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері» атты баяндамасы бойынша Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің өзекті мәселелері және аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды механизмдері қарастырылды. Орталық Азиядағы қауіпсіздік жүйесі мәселелеріне байланысты С. И. Абдулпаттаевтың, Б. Т. Аяғановтың, Р. Б. Әбсаттаровтың, Л. А. Байдельдиновтың, Н. Ж. Байтенованың, А. С. Балгимбаевтың, Ә. Бәкірдің, М. А. Биекеновтың, А. Х. Бижановтың, С. М. Борбасовтың, К. Н. Бурхановтың, А. М. Джунусовтың, А. Дьяченконың, Е. Ертісбаевтің, Ғ. Есімнің, Ж. Жунусованың, С. Зимановтың, Г. Ибраеваның, Л. М. Иватованың, Г. Н. Иреновтың, А. Ш. Ишмухамедовтың, Р. К. Қадыржановтың, Н. Қалиевтың, А. С. Қалмырзаевтың, Д. Кішібековтың, М. Б. Қасымбековтың, С. Қ. Қозыбаевтың, М. Лаумуллиннің, А. И. Лұқпановтың, Б. А. Майлыбаевтың, Т. А. Мансуровтың, Д. Медеуованың, Г. Сапаргалиевтің, Т. Сәрсенбаевтың, С. Т. Сейдумановтың, Ж. Қ. Симтиковтың, К. Л. Сыроежкиннің, И. Н. Тасмагамбетовтың, М. Б. Татимовтың [44. 11б] және т. б. еңбектерін атауға болады. Бұл еңбектердің осы жұмыс тақырыбын тереңірек ашып көрсетуге жәрдемі үлкен. Сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесіне қатысты мына еңбектерді де атап кеткен жөн. «Орталық Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік: жағдайы мен келешегі» атты халықаралық конференция туралы жинақ жарық көрді. Мұнда негізінен қаралған мәселелер: Орталық Азиядағы қазіргі кезеңдегі аймақтық ынтымақтастық пен қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне арналған және т. б. М. Т. Лаумулиннің «Орталық Азия шетелдік саясаттану мен әлемдік геосаясатта» атты еңбегінде [12. 67б] Орталық Азияның айналасы мен ішіндегі геосаяси үрдістерге және олардың әлемдік саясатта алар орнын жөнінде мәселелері зерттелген. Б. Қ. Сұлтановтың редакциялауымен шыққан «Орталық Азия: аймақтық өзара әрекеттестіктің жағдайы мен болашағы»[42] атты жыл сайынғы VI Алматы конференциясының материалдары Орталық Азияға жыл өткен сайын әлемдік қызығушылығының арта түсуін көрседі. С. К. Кушкумбаевтың «Орталық Азиядағы көпжақты ынтымақтастық және аймақтық қауіпсіздік» атты монографиясында Орталық Азия мемлекеттерінің дамуын айқындаушы жаңа бағыт қалыптастырушы кезең шеңберінде интеграция процесін жүзеге асыру саясатының теориялық мәселелері зерттелген[11. 55б] . Қауіпсіздікті қамтамасыз ету комплексті проблема. Оның тармақтары мен жақтарын жеке бөліп алып қана зерттеумен шектелу, қаншалықты дұрыс болғанымен, жеткіліксіз. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы кең ауқымда «Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасз ету» деп алынып отыр. Зерттеу пәніболып Орталық Азиядағы қауіпсіздік процесінің ерекшеліктерін ғылыми зерттеу жолы таңдалды. Зерттеудің нысанықауіпсіздік саясатының ғылыми концепциялары, оның Қазақстан жағдайындағы ерекшеліктері, шетелдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету моделдері болып табылады. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік жүйесін ғылыми - сараптамалық тұрғыда кешенді түрде зерттеу. Зерттеудің ғылыми мақсатына жету үшін төмендегідей негізгі міндеттер қойылды:- қауiпсiздiк аясында аймақтық бiрлестiктердiң экономикалық, саяси және мәдени тетiктерiн ашып көрсету; - Тарихтағы қауіпсіздік концепцияларының және модельдерінің саяси сипатын, оның Орталық Азия аймағы үшін мәнін анықтау; - Орталық Азияның қауіпсіздік және сыртқы акторлардың геосаяси стратегияларын ашып көрсету; - Аймақтағы өтпелі кезеңдегі саяси жүйесінің ерекшеліктерін талдау және оған сәйкес қауіпсіздікті жетілдіру жолдарын қарастыру; - тұрақтылықтың шоғырлану шеңберiн Қазақстан мен Орталық Азия төңiрегiнде қалыптастыру процесін жетілдіру ісіне байланысты тиісті ғылыми қорытындылар мен ұсыныстар енгізу. Зерттеудің хронологиялық шеңберіКеңес Одағының ыдырап, аймақ елдерінің тәуелсіздік алған кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу үшін тарихи жүйелеу, диалектикалық, компаративтік, функциональдық әдістемелемік принциптерге сүйендік. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері басшылыққа алынды. Сол сияқты Халықаралық келісім шарттар мен Қазақстан Республикасының Заңдары мен нормативті-құқықтық актілері пайдаланылды. Аймақтағы саяси жүйенің өзіндік дамуымен өзгермелілігін ескере отырып, қауіпсіздік шараларының қажеттілігі мен мүмкіндігі негізделген; Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiліп, мемлекеттiк және аймақтық қауiпсiздiктi аймақтың шекара бойындағы мемлекеттерiмен қауiпсiздiк аясындағы қарым-қатынас дамытуна сараптама жасалды; Орталық Азия аймақ қауiпсiздiктiң еуразиялық жүйесiнiң бөлiгi және ғаламдық қауiпсiздiк жүйесiнiң де бөлiгi деп салыстырмалы талдау жасалды. Тұтастай алғанда, бүкiл аймақтық орталық күштердiң қатысуымен ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiн қалыптастыруға ұмтылыс жұмысы жасалған; Қауiпсiздiктiң шешушi кiлтi Орталық-Азиялық мемлекеттердiң өздi-өздерiнiң көпжақты қарым-қатынас жүйесi болып табылатыны негізделген; Қазіргі Ресей, Қытай, АҚШ-тың Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері көрсетілген; Аймақтағы жаһанды қауіптердің алдын алу шараларын жетілдіруге бағытталған негізгі ұсыныстар берілген. Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қысқартылған сөздер мен ұйымдар атауларының тізімінен тұрады. Орталық азия аймағындағы ұлттық қауіпсіздіктің құрылуыҚауіпсіздік мәселесінің теориялық аспектілеріСаясаттану ғылымы мен халықаралық қатынастар теориясының басты парадигмаларының бірі ретіндегі «қауіпсіздік» ұғымы аймақтық, ұлттық, халықаралық дәрежедегі саяси процестерді зерттеудің қолданбалы категориясы болып табылады. Қауіпсіздік феномені әлемдік саясаттың кез келген мәселесімен тығыз байланыста екендігі даусыз. Бұл ұғым қоғамның қарапайым мүшесінен бастап мемлекеттік дейін, одан әрі халықаралық қатынастар мен әлемдік саясат деңгейіне дейінгі саланы қамтиды. Ұлттық қауіпсіздік ұғымы саясаттану ғылымының категориясы болғандықтан, қоғам мен ұлт арасындағы байланысты көрсетеді, қоғамдық қатынастар мен сананың, қоғамдық инситуттар мен олардың қызметін, нақты тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мүдделердің жүзеге асуын қамтамасыз етудің тұтас жүйесін сипаттайды. Ұлттық қауіпсіздік мәні жалпы тұлға мен қоғамның өмір сүруі мен дамуына кедергі жасайтын, қоғамның ішінде немесе оның шеңберінен тыс болатын кез-келген жағымсыз әрекеттерге тойтарыс беру болып табылады. Ұлттық қауіпсіздік үш деңгейден тұрады: тұлға, қоғам, мемлекет. Мән-мазмұны жағынан ұлттық қауіпсіздік саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, ақпараттық және ұлттың дамуының мәдени қауіпсіздігі деп белгіленеді. Қауіпсіздік саясатының өзегі ұлттың және ғасырлар бойы қалыптасқан мемлекеттік институттар арқылы мемлекеттік құрылыс мәселелерін өздігінен шешіп, тұлғаның және қоғамның мүдделері үшін тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатты жүргізу қабілеті мен мүмкіншілігінен тұрады. Яғни, ұлттық қауіпсіздік тек қана ұлттың аман қалу жағдайын (шартын) ғана емес, сонымен қатар қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның толыққанды өмір сүруі үшін қажетті жағдайды анықтап, түсінуге мүмкіндік беретін, саяси, әскери, экономикалық, элеуметтік, экологиялық, рухани жэне басқа факторлардың біртұтас (бірегей) кешенді жүйесін білдіреді. Сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік категориясын анықтап алғаннан кейін бұл тұрғыда қауіпсіздік ұғымын бөлек анықтап алған жөн болар. Қауіпсіздік -өмірлік маңызды мүдделердің және тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің өмір сүруінің түбірлі негізгі қағидаларының жағдайы және де әлемдік қауымдастықтың ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден берік қорғалғандығының күйі; біреуге, бір нәрсеге қауіптің төнбейтін жағдайын сипаттайды. Қауіпсіздіктің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: халықаралық (сыртқы, ғаламдық, планетарлық, космостық) және ұлттық, ішкі, мемлекеттік жэне одан кейін қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, экологиялық, техникалық, технологиялық, нашақорлық, әскери (қорғаныс), азық-түлік, шикізат, өнеркәсіптік, банктік, қаржылық, дәрігерлік, ветеринарлық, радиациялық, өртке қарсы, транспорттық (жол, авиациялық, теңіз, құбыр, космос), аймақтық, муниципалды қауіпсіздік және тауар, жұмыс, қызмет көрсету жэне т. б. қауіпсіздік . Қазақстан Республикасының «Қауіпсіздік туралы» Заңында ұлттық қауіпсіздікке төнетін «қауіп-қатерлер - ұлттық мүдделердің жүзеге асуына кедергі жасайтын немесе осы мүдделерге қауіп төндіретін жағдайлар, процестер мен факторлардың жиынтығы» деген анықтама беріледі. Заңда ұлттық қауіпсіздік ұғымы ретінде «ұлттық мүдделердің нақты және мүмкін қауіп-қатерлерден қорғалғандығының күйі»[45] деп тұжырымдалады. Қауіпсіздік ұғымы алғаш рет 1940 жылдардың соңы мен 1950 жылдардың басында АҚШ - та кең қолданысқа ие бола бастады. 1947 жылы «Ұлттық қауіпсіздік туралы заң» қабылданып, соның негізінде қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын Қорғаныс министрлігі, Орталық Барлау Басқармасы және басты әскери - саяси орган - Ұлттық қауіпсіздік кеңесі құрылды. Кейін «қауіпсіздік» ұғымы НАТО құрылымдары қызметінде де қолданыла бастады. Осы кезеңнен бастап халықаралық қауіпсіздік пәні АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарындағы университеттік бағдарламаның міндетті түрде оқытылатын арнайы курсына айналып, мемлекет қаржысының есебінен аталмыш тақырыппен айналысатын ғылыми - зерттеу орталықтары ашыла бастады. Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне арналған белгілі саясаттанушы ғалымдар Г. Моргентаудың, К. Уолцтың, Р. Нибурдың, К. Томпсонның, Р. Аронның тырнақ алды еңбектері жариялана бастады. Осы себепті қауіпсіздік мәселесін тұңғыш рет теориялық тұрғыда негіздеп, методологиясын жасау толығымен батыстық ғалымдардың үлесіне тиесілі екендігін мойындау қажет. Ал биполярлық жүйенің екінші жағында, яғни Кеңестер Одағында «қауіпсіздік» деп аталатын кешенді ұғым халықаралық қатынастар сөздігінде «соғыс», бейбітшілік», «қорғаныс» секілді дәстүрлі терминологиямен түсіндіріліп, КСРО - ның Саяси бюросы, КОКП Орталық Комитеті АҚШ-ғы Қауіпсіздік Кеңесі тәрізді аналогиялық қызметті атқарды. Ал «қауіпсіздік» термині 1985 жылдардан кейін қайта құру барысында ғана толық легитимділікке ие болды. Қауіпсіздік көп қырлы ұғым. Ғылыми категория ретінде ол ең алғаш рет батыстың саяси реализм, либералдық-идеалистік парадигмалар шеңберінде толыққанды зерттеле бастады. Ал қазіргі заманғы қауіпсіздік концепцияларына кооперативтік қауіпсіздік, адам қауіпсіздігі, демократиялық әлем бағыттары жатады. Қауіпсіздікті зерттеудің классикалық теориясы болып табылатын саяси реализм бағытына сәйкес ұлттық және халықаралық қауіпсіздіктің басты әрекет етуші субъектісі - мемлекет. Мемлекет әлемде болып жатқан қауіп - қатерлердің себебі мен салдары, қауіпсіздіктің үміті мен болашағы. Суық соғыс мемлекет ролінің күшеюіне, оның маңыздылығы мен билігінің артуына ықпал етті. Сондықтан да әлемдік саясаттағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мен қамтамасыз ету міндеті бірінші кезекте мемлекеттің мойнына артылады. Ал, халықаралық саясаттың табиғаты анархиялы сипатта болғандықтан өзара бәсекелестік саласында мемлекеттер тек өздеріне ғана сенім артуы тиіс. Саяси реализм өкілдері қауіпсіздікті дербес мемлекеттің немесе белгілі бір елдер тобының мүдделерін қорғау жүйесі ретінде қарастырады. Яғни, олардың пайымдауынша қауіпсіздік ұғымы ұлттық мүдделерді қорғау жүйесін білдіреді. Саяси реализм мектебіндегі орталық ұғымдардың бірі бұл «ұлттық мүдде» категориясы. Мүдде география, тарихи мұра, ұлттық ерекшеліктер секілді тұрақты факторлардың негізінде қалыптасады. Саналы түрдегі қажеттілік ретіндегі мүдде онтологиялық және гиоссологиялық құрамдас бөліктерінен көрініс табады. Ол маңыздылығы жөнінен үш деңгейге бөлінеді: өмірлік маңызды (басты), басым мүдделер (негізгі) және қарапайым (екінші кезектегі) мүдделер. Бұл мүдделерді анықтау үшін ең алдымен мемлекеттің әлеуеті мен қуатын объективті түрде бағалай білу қажет. Саяси реализм мектебінің көрнекті өкілі А. Уолферс өзінің «Келіспеушіліктер мен ынтымақтастық. Халықаралық саясат эсселері» еңбегінде «қауіпсіздік» және «ұлттық мүдделер» ұғымдарының ара жігін ажыратады. Реализм өкілі ретінде, ол халықаралық қатынастарда анархия үстемдік етеді, сондықтан мемлекет атынан әрекет ететін және өз елінің басқа мемлекеттермен қарым - қатынасын айқындайтын саясаткерлердің қызметі ұлттық мүдделерді нақты түрде айқындауға негізделуі керек деп есептейді. Өзінің зерттеулерінде реалистік бағытты ұстанушы канадалық ғалым Алекс Бэттлер «ұлттық мүдделер» және «ұлттық қауіпсіздік» категориялары бір - бірімен тығыз байланысты екендігіне қарамастан, екеуін теңестіруге болмайды деп тұжырымдайды. Ол «ұлттық мүдделер» үғымын сыртқы саясаттың қалыптасу және орнығу кезеңіне, ал «ұлттық қауіпсіздік» ұғымын халықаралық қатынастар жүйесіндегі оның жүзеге асырылу кезеңіне жатқызады. Неореализмнің негізін қалаушы Кеннет Уолц қауіпсіздікті тұлға қауіпсіздігі, мемлекет қауіпсіздігі және дүние жүзі қауіпсіздігіне жіктейді. Бұл тұжырым реализм бағытына қарама - қайшы келді, өйткені саяси реализм өкілдерінің пікірінше тұлға қауіпсіздігі мемлекетке және оның қауіпсіздігіне тәуелді. Уолцтың пікірінше, әрбір мемлекет кез келген жолмен өз өміршеңдігін сақтап қалуға тырысады және оның барлық іс әрекеті қауіпсіздікті қамтамасы етуге бағытталады, сондықтан олардың сыртқы саясаты күштер балансына негізделіп құрылады. «Ұлттық қауіпсіздік» концепциясы негізінде, дәлірек айтсақ, оны теріске шығару арқылы француз реалистері өз теориясын қалыптастыруға тырысты. Бұл бағыттың алғашқы теоретиктерінің бірі белгілі ғалым Р. Арон. Ол өзінің «Ұлттар арасындағы соғыс пен бейбітшілік» атты еңбегінде «ұлттық қауіпсіздік» концепциясын нақтылауда тың көзқарасты ұстанады. Оның пайымдауынша ұлттық қауіпсіздікті рационалды тұрғыда анықтау, яғни жеке тұлғалар мен қоғамдағы сан алуан топтардың қарама-қайшы мүдделерін жалпылау мүмкін емес. Алайда, ортақ мүддеге айнала алатын мақсаттар бар - олар мемлекеттің қауіпсіздігі мен құдіреті. Яғни, «қауіпсіздік» ұғымы Арон тұрғысынан қарастырғанда мемлекеттің өміршеңдігінің қайнар көзі болып табылады. Р. Арон зерттеген халықаралық қатынастар теориясының кейбір тұстарын француз зерттеушісі Ж. -Б. Дюрозель одан әрі дамытты. Оның пікірінше мемлекеттің басты міндеттерінің бірі дәулеттілікке қол жеткізу. Мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылатын қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін ол салыстырмалы және абсолютты түрде сипаттайды. Біріншісі, әскери және одақтастар көмегімен мемлекеттің өз қуаты арқылы іске асырылса, ал екіншісі, мүдделер тоғысқан жағдайда ғана орнығатын идеалды күй. Саяси реализм бағытының өкілі Бари Бузан «қауіпсіздік» категориясын жалпы ұғым ретінде, ал оның құрамдас бөліктерін (ұлттық қауіпсіздік, экономикалық қауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік және т. б) белгілі бір шындықтың нышандары іспетті қарастырады. Б. Бузан қауіпсіздікті пәнаралық категория ретінде сипаттайды. Сонымен бірге, оның басты зерттеу обьектісі тұлға болып табылады. Оның пікірінше, тұлға қауіпсіздігі қауіпсіз әлемнің басты айқындаушы факторына айналуы тиіс. Тұлға халықаралық қатынастардың обьектісі жэне субьектісіне айналады, ал оның қауіпсіздігі жаһандық қауіпсіздіктің негізі болып табылады. Белгілі американ саясаттанушысы Г. Моргентау мемлекеттердің бақталастығы мен олардың өз мақсаттарына жету ұмтылыстарының түпкі себептерін анықтауға ұмтылды. Ғалымның пікірінше жалпы саясат секілді халықаралық саясат та билік үшін күрес болып табылады. Сонымен бірге, әлемдік аренадағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шешуші құралы - күш. Қауіпсіздік парадигмасын дамыту мен жетілдіруде либералдық - идеалистік мектептің өкілдерінің атқарған ролі орасан зор. Бұл бағыттың басты идеясы әмбебап құндылықтар мен жалпы адамзаттық мүддеге негізделген халықаралық ынтымақтастық. Осы тұрғыдан келгенде қауіпсіздікке қатер төндіруші және тұрақтылықты шайқалтушылар - моральдық және құқықтық нормаларды бұзып, халықаралық ынтымақтастықтан бас тартушылар. Либералдық - идеалистік мектептің орталық ұғымдары - жалпылама қарусыздану және ұжымдық қауіпсіздік, сондай - ақ адам құқықтары. Ұлттар Лигасы тұсында саяси мәртебеге ие болған ұжымдық қауіпсіздік ұғымы, 1970 жылдардан бастап қос державамен қатар, БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, ВШҰ ұйымдарының сарапшылары мен саясаткерлері арасында кең қолданысқа ие бола бастады. Осы жылдары мағынасы жөнінен жоғарыда аталған ұғымға жақын «жалпы қауіпсіздік» (common security) және «жалпылама қауіпсіздік» (comprehensive security) ұғымдары пайда болды. Ұжымдық қауіпсіздік дегеніміз - белгілі бір қауымдастықтың мүшелері болып табылатын субъектілер бір - біріне күш қолданудан бас тартады және мүше - мемлекетке осы қауымдастықтың өзге мемлекеті тарапынан басқыншылық жасалған жағдайда көмек көрсетуге міндеттеледі. Бұл теориялық үлгі БҰҰ жетекшілігімен бүгінгі таңға дейін жетілдірілуде. Алайда бұл бағыттағы жұмыстар үлкен кедергілерге ұшырасуда. Оның басты себебі ұжымдық қауіпсіздік бірқатар орындалуы қиын талаптарға жауап беруге міндеттілігінде. Бұл талаптарды шартты түрде бес топқа бөлуге болады: моральдық, заңнамалық, институционалдық, жүйелік және ситуациялық. Жалпы, көптеген батыстық ғалымдардың пікірінше 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне арқау болды. Нәтижесінде, 1990 жылдар басында ғылыми әдебиеттерде айтыла бастаған кооперативті және адамзат қауіпсіздігі концепциялары дүниеге келді. Кооперативтік қауіпсіздіктің басты тұжырымдарын алғаш рет АҚШ-тың Брукинг университетінің бір топ ғалымдары жариялаған болатын. Олардың пайымдауынша, кооперативтік қауіпсіздік - бұл агрессияны тежеу тетіктері. Коопертивтік қаупсіздіктің өз ішінде басты екі бағыт бар - олар «гроциандық» (рационалистік) және «канттық» (революциялық) . Біріншісі халықаралық институттар мен құқықтық нормаларға ден қойса, екіншісі әмбебап моральдық нормалар мен адам құқықтарын басты орынға қояды. Кооперативтік қауіпсіздік теориясының екінші тармағы Р. Кеохейн мен Дж. Найдың «Трансұлттық қатынастар жэне әлемдік саясат» кітабында айқындалған «неолиберализмнің» қағидаларына негізделеді. Кітап авторлары өзгерістер орын ала бастаған халықаралық қатынастар құрылымына көңіл аудара бастады. Олардың пікірінше халықаралық қатынастар жүйесінде мемлекетпен қатар, ТҰК, МЕҰ секілді субьектілердің пайда болуы болжаулы халықаралық жүйенің құрылуына алып келді. Реализмнің анархиялылығы жойылып, ол туындаған жанжалдарды ынтымақтастық негізінде шешу «режиміне» орын берді. Австралиялық зерттеуші П. Дьюиттің пікірінше кооперативтік қауіпсіздік жүйесі мыналарға негізделеді: 1) агрессордың іс-қимылын тоқтату мақсатында оның қуатын әлсірету тетіктері; 2) әскери - саяси одақ құру арқылы. [1. 73б
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz