Шаған агрофирмасының шаруашылық операциясына бухгалтерлік жазулар шығындар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

І. "ШАҒАН" ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ

ТАБИҒИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1. 1. Шаруашылықтың табиғи климаттық жағдайы және орналасуы . . . 6

1. 2. Шаруашылықтың үйымдастыру басқару құрылымы және

мамандануы . . . 7

1. 3. Шаруашылықтың негізгі экономикалық көрсеткіштері . . . 8

ІІ. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ЕСЕБІ

2. 1. Шығындар жүйесі мен құрылымы . . . 11

2. 2. Күріш өнімінің өзіндік құнын есептеудің ерекшеліктері . . . 14

2. 3. Өткізілген өнімрдің, жүмыстардың және қызметтердің өзіндік

құнының есебі . . . 27

III. ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК

ҚҰНЫН ТАЛДАУ

3. 1. Өнімнің өзіндік құнына кеткен шығындар және әсер ететін

факторлар . . . 32

3. 2. Өнімнің өзіндік құнын талдау және төмендету

резервтерін есептеу . . . 36

IV. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ 1С: БУХГАЛТЕРИЯ ЕСЕБІНДЕ

ЖҮРГІЗУ . . . 43

ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР . . . 49

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 51

ҚОСЫМШАЛАР . . . 52

КІРІСПЕ

Біздің елімізде ауыл шаруашылығы нарыктық экономика жүйесіндегі неғұрлым маңызды буын. Ауыл шаруашылығы халық шаруашылығының аграрлық өнеркәсіп кешеніңің ең басты саласы, өзекті буыны болып табылады. Дәнді дақылдар азық түліктің негізгі мал шаруашылығының азық қоры, енеркәсіптің ұн тарту, жарма, сыра қайнату сияқты және басқа салаларының негізгі шикізаты. Сондықтан да ауыл шаруашылығын үздіксіз өркендетуді, мемлекеттік астық қорын молайтуды, нарықтық экономиканың аса маңызды проблемасының бірі деп қарайды. Осыған орай нарьщтық жағдайда ауыл шаруашылығын дамытудың жоғары және тұрақты қарқының қамтамасыз ету аса маңызды міндет болып табылады. Бұл ауыл шаруашылығының барлық саласын өрге бастыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін зор маңызы бар. Ауыл шаруашылык өнімдерін мол әрі арзан өндіру, өзіндік құнын төмендету, ең алдымен оның рентабельділік дәрежесін арттыру қазіргі жекелеген шаруашылықтың қызметіне баға берудің бірден бір дүрыс жолы болып отыр. Өнім өндіруге жұмсалатын барлық шығын ғылыми негізде алдын-ала дүрыс жоспарланса ғана резервтерді ашуға өзіндік құнды кемітудің жолдарын іздестіруге, өнім көлемінің өзіндік құнындағы барлық өндіріс шығындарын дәл белгілеуге болады.

Өндіріс шығындары өзіндік құнның экономикалық негізі болып табылады. Бұдан, өнімнің өзіндік құны -- дегеніміз ағымдағы немесе жыл сайынғы өндірістегі өнім өндіру мен өткізуге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі қосындысы. Өнімнің өзіндік құнынан басқа жүмыс бірлігі өзіндік құнын, ауыл шаруашылығы егістігі гектерын өндеу және бір бас малды ұстаудың айлық, тоқсандық, жылдық өзіндік құндары анықталады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын төмендету халық шаруашылығының экономикалық тиімділігін көтеру шарты болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендету ғылыми-техникалық процестің жетілдірілуі негізінде ауыл шаруашылығының барлық саласында қор жинаудың және өндірісті кеңейтудің негізгі көзі. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін шаруашылық мынадай міндеттерді орындау қажет, яғни ауыл шаруашылығы өндірісін материалдық қамтамасыз ету, түскен табыстарды тиімді бөлу, қажетті ақша қорларын және материалдық қүралдар сапасын қүру және оларды дұрыс пайдалану. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі ең алдымен алынатын өнім көлемінен, өндіріске кеткен шығындармен сипатталады.

I. "ШАҒАН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ

ТАБИҒИ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1. 1. Шаруашылықтың табиғи климаттық жағдайы және орналасуы

"Шаған" агрофирмасы Қызылорда облысының орталығы Қызылорда қаласының батыс бөлігінде 55 шақырым қашықтықта Сырдария ауданында орналасқан. Ауданның әкімшілік орталығы Теренөзек қыстағы облыстың солтүстік бөлігінде 55 шақырым қашықтықта шығыс-батыс мемлекеттік бас автомагистраль мен темір жол бойынан 1373 шақырым жердеорналасқан. "Шаған" 1961 жылы құрылған бұрынгы "Теренөзек" бірлескен шаруашылық негізінде, 1994 жылы 4500 адам түрғыны бар Шаған қыстағымен бір пунктте орналаскан өндірістік кооператив болып табылады.

1997 жылы Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік "Шаған" агрофирма болып қайта құрылады.

"Шаған" агрофирмасы толығымен мемлекет иелігінен алынған, оның құрылтайшылары болып бірлескен шаруашылықтың бұрынғы жүмысшылары 640 адам табылады. Шаруашылық рентабельді болып табылады, оның негізгі өндірістік бағыты - күріш шаруашылығы. Себебі, бұл территорияның климаттық жағдайы басқа дақылдар егіншілігімен айналысу үшін өте қолайсыз, қысы үзақ, күз бен көктем онша ұзаққа созылмайды, ал жазы өте ыстық. Сонымен қатар, топырақтың қышқылдығынан оның бетінде түздың жиналуы байқалады. Сондықтан өнімді өндіру қысқа вегетативті кезеңді және жердің түздалуы мен жоғары температураға төзімді болуы керек. Ал бұл ауыл шаруашылығы өнімін таңдауды мекзеп отырады.

Жазғы дақылдарды өсіру мезгілі сәуір айының аяғынан бастап қыркүйекке дейін озылады. Бұл аймақтағы жауын шашынның орташа мөлшері 15, 5 мм. Жауынды мезгіл қарашадан мамырға дейінгі кезеңді қамтиды және оның жауынының 80 пайызы дәл осы уақытта байқалады. Вегетациялық кезең уақытындағы жауын-шашынның орташа жылдық көлемін оның жалпы жылдық көлемінің 25 пайыз немесе тек 40 мм ғана қүрайды. Қалыпты жылы жауын-шашынның орташа жылдық көлемін оның жалпы жылдық көлемінің 25 пайыз немесе тек 40 мм ғана қүрайды. Қалыпты жылы жауын-шашынның тәуліктік нормасының максималды жауы 15, 5 мм, ал жауынды жылы (қайталануы 5 жылда 1 рет) - 21, 7 мм. Ауаның орташа айлық температурасы қаңтарда 82°С-дан, маусымда 20°С-ға дейін ауытқиды. Орта шамадағы қатысты ылғалдылығы 50 пайыз, ал орташа айлық (шілде-тамыз) 35 пайызға дейін (желтоқсан-қаңтар) 80 пайызға дейін өзгеруі мүмкін. Жыл бойы бүл жерде орташа жылдамдығы 3-4 м/с солтүстік-шығыс желі соғады. Көктемде және жаздың басында қатты жел тұрады, мамырдан қыркүйекке дейінгі айлар күншуақты болады және күннің ұзақтығы 10-нан 12 сағатқа дейін ауытқиды, ал кысты күні ол тәулігіне 5-6 сағатқа дейін қысқарады.

1. 2. Шаруашылықтың ұйымдастыру басқару құрылымы

және мамандануы

Әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары топырақ, температура және су режимін әр түрлі талап етеді.

Шаруашылық табиғи және экономикалық жағдайларға сәйкес келетін дақылдарды өндіріп, сондай-ақ мал шаруашылығы салаларын дамытуды қажет етеді. Шаруашылықтың мамандануы онда өндірілетін өнімнің құрамы мен құрылымы сипаттайды. Сонымен қатар ол өндірістің саласы, яғни өндірілетін өнімнің негізгі түрі, құралдары, еңбек заттары, технологиясы және кадрлардың мамандануын айқындайды. Шаруашылықты мамандандыру ауыл шаруашылығы өндірісін орналастыру сияқты қоғамдық еңбек бөлінісінің формаларымен тығыз байланысты. Ауыл шаруашылығы өндірісін мамандандыру дегеніміз жекелеген экономикалық аудан, шаруашылық, ішкі шаруашылық бөлімшелердің өздерінің күн жігерін тауарлы өнімнің бір немесе бірнеше түрлерін өндіруге жүмылдыру болып табылады. Мамандандыру деңгейін мамандандыру коэффициенті сипаттайды. Мамандану коэфициентін анықтау үшін шаруашылықтың тауарлы өнім көлемі мен қүрылымын анықтап алу қажет. Шаруашылықтың тиімділігі ең алдымен оның шығаратын өнімнің сапасы мен ресурстарды пайдалану деңгейін анықтайтын ұйымдастырушылық деңгейіне байланысты. Ұйымдастыру қүрылымына байланысты оның деңгейін арттыру темпі, өндіріске әсері және шаруашылық жүргізу тиімділігін арттыру мақсатымен оның әрі қарай дамуының жолдары мен мүмкіндіктері анықталады.

Ұйымдастыру құрылымындағы басқару аппараттары маңызды орын алады. Оның негізгі мақсаты өндіріс процесінде адам үжымының қызметін үтымды үйымдастыру, жоғары өндірістік нәтижеге қол жеткізу мақсатында еңбек қаржы, материалдық ресурстарды тиімді шешу өндіріс қүралдарын дұрыс пайдалану болып табылады. Басқару аппаратымен оның құрылымы шаруашылықтың бағыты, мамандануы, көлеміне байланысты шығын, әсерлі, икемді, жылдам болуы қажет. Шаруашылық 1997 жылы агрофирма статусын шаруашылық жұмысшыларының жалпы жиналысымен тіркелген. Шаруашылық деңгейіндегі су шаруашылығын қосқандағы ауыл шаруашылық жұмыстары негізгі үш - жер өндеу, мал өсір және жөндеу қызметтерін көрсету бөлімдерімен және мамандар жетекшілігінде сегіз бригадамен жүргізіледі. Директорлардың көпшілігі ауыл шаруашылығы мамандары болып табылады. Шаруашылық мамандарды, қызмет көрсетуші персоналды және 526 жұмысшыны қосқанда 77-сі тікелей басшыға есеп береді. Келісім шарттардың орындалуына бақылау жүргізу қызметін бақылаушы кеңесі атқарады, ал қаржы шаруашылық қызметіне қадағалау бойынша қызметтер тексеру комиссиясына жүктелген. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Шаған" агрофирмасының басқарылуы, оның әкімшілік моделі бойынша басшы жер өндеу жүйесін, жер аудару, сатып алуды таңдау Бақылау кеңесі, Тексеру комиссиясының қадағалауымен келісім шарттарға отыру және оны орындау сияқты мәселелерін қоса шаруашылық қызметінің барлық басты сүрақтарына жауап береді. Ал, жалпы шаруашылықтың ұйымдастырылу құрылымын талдасақ оның сызбасы келесі түрде келістірілген.

Сызбада көрсетілгендей ұйымдастырылу құрылымы негізгі 5 саладан тұрады: егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, қызмет көрсету, құрылыс және қайта өндеу мен сақтау. Егін шаруашылыгында 8 бригада жүмыс істейді. Ал мал шаруашылығына орталық кешен сыртқы герттер көрсету саласында бірнеше жүмыс түрлері ұйымдастырылған: жөндеу шеберханасы, автопарк, мұнай базасы, электр жабдықтау, машина ауласы. Бұлардың барлығы әртүрлі цехтар, диірменде, қырмандар негізгі орын алады. Олардың барлығы бір орталық аппаратпен ұйымдастырылып отырады.

Нарықтық экономикаға өту кезеңдерінде басқару жүйесін дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Оны шешудің жолдары өндірісті іскерлікпен басқару, нарықтық экономикалық қатынастарды дамыту, оларды құқықтық тұрғыдан реттеу, ақша, несие, қаржы және валюта қатынастарын жүзеге асыру.

Менеджмент нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.

Кейбір ағылшын экономистерінің анықтамасы бойынша менеджмент бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару әлеуметтік қатынастар саласында жаңарту, жаңалық еңгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптері мен тәсілдерімен формаларының жиынтығы. Менеджменттің ең бсты ұғымы бүл басшылық. Менеджменттегі басты мәселе өзіне, кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою, ал оның жүмыс істеу міндетіне қолда бар адамдар мен материалдык ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру болып табылады.

1. 3. Шаруашылықтың негізгі экономикалық көрсеткіштері

Әрбір Шаруашылықтың өндірістік қызметінің негізі болып өсімдік пен мал шаруашылығы салаларынан түратын ауыл шаруашылығы мен өндіріс болып табылады. Оның негізгі мақсаты жоғарғы саладағы өнім өндірісін және оны үлкен дәрежеде өткізу.

Бұл мақсатты жүзеге асыру үішін шаруашылық мынадай міндеттерді орындау қажет, яғни ауыл шаруашылығы өндірісін материалдық қамтамасыз ету, түскен табыстарды тиімді бөлу, қажетті ақша қорларын және материалдық құралдар сапасын қүру және оларды дұрыс пайдалану. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі ең алдымен алынатын өнім көлемінен, өндіріске кеткен шығындармен сипатталады. Ал бүл тиімділікке қол жеткізу үшін өнімнің жоғары сапасы мен әрбір жұмысшының, әрбір мың теңгеге, әрбір гектар жерге шаққандағы жалпы өнім көлемін арттыру қажет. Сонымен қатар жерді пайдалану деңгейін қолда бар өндірістік қорларын және еңбек ресурстарын барынша тиімді пайдалану қажет. Төмендегі кестеде "Шаған" агрофирмасының соңғы үш жылдағы негізгі экономикалық көрсеткіштері берілген.

кесте-1. ЖШС "Шаған" агрофирмасының негізгі экономикалық

көрсеткіштері

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Жылдар: Жылдар
Ауытқу 2007/2006 салыстырғанда: Ауытқу 2007/2006 салыстырғанда
Көрсеткіштер:
Жылдар: 2005
Ауытқу 2007/2006 салыстырғанда: 2006
2007
+; -
%
Көрсеткіштер: Жалпы ауыл шаруашылығы өнім қүны, мың теңге
Жылдар: 116 4
Ауытқу 2007/2006 салыстырғанда: 172174
169482
-2692
98, 4
Көрсеткіштер:

Жұмысшылар саны,

адам

Жылдар: 576
Ауытқу 2007/2006 салыстырғанда: 617
622
+5
100, 8
Көрсеткіштер: Еңбекақы қоры, мың теңге
Жылдар: 49548
Ауытқу 2007/2006 салыстырғанда: 56487
62937
+6450
111, 4
Көрсеткіштер: Орташа айлық, мың
Жылдар: 7, 17
Ауытқу 2007/2006 салыстырғанда: 7, 63
8, 43
+0, 80
110, 4
Көрсеткіштер: Ауыл шаруашылық жері, га о. і. жыртылған
Жылдар: 11949
Ауытқу 2007/2006 салыстырғанда: 11988
11988
Көрсеткіштер: Өнімді сатудан түскен түсім, мың теңге
Жылдар: 137022
Ауытқу 2007/2006 салыстырғанда: 236508
204724
-31784
86, 5
Көрсеткіштер:

Өнімді сатуға кеткен шығын, мың теңге,

%

Жылдар: 102287
Ауытқу 2007/2006 салыстырғанда: 159206
172939
+13733
108, 6
Көрсеткіштер: Еңбек өнімділігі, мың теңге
Жылдар: 285, 5
Ауытқу 2007/2006 салыстырғанда: 279, 0
272, 0
+6, 4
97, 6
Көрсеткіштер: Табыс (+) зиян (-) мың теңге
Жылдар: +34735
Ауытқу 2007/2006 салыстырғанда: +77302
+31785
+45517
41, 1
Көрсеткіштер: Рентабельділік деңгейі, %
Жылдар: 33, 9
Ауытқу 2007/2006 салыстырғанда: 48, 5
18, 3
-30, 2
37, 7

1-ші кестеде "Шаған" агрофирмасының соңғы үш жылдағы негізгі экономикалық көрсеткіштері көрсетілген.

Шаруашылықта 2005 жылы жалпы өнім құны 164464 мың теңге, 2006 жылы 172174 мың теңге, 2007 жылы жалпы өнім құны 169482 мың теңге болған, соңғы екі жылды салыстыра отырып, оның 2692 мың теңге немесе 1, 6% кеміген. Жалпы ауыл шаруашылық өнім құнының кемуі есепті жылда бизисті жылға қарағанда шығымдылығы кеміген. Жұмысшылар саны алдыңғы екі жылы өсімдік шаруашылығында жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты 5 адамға артқан. Еңбек ақы қоры да жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты 6450 мың теңгеге немесе 11, 4% өскен. Орташа айлық табыс шаруашылықтың табыспен шығуына байланысты 0, 80 мың теңгеге, яғни 10, 4% артқан. Ауыл шаруашылығының жері 11988 га, оның ішінде, жыртылған жер көлемі 5000 га соңғы үш жылдарда өзгермеген.

Өнімді сатудан түскен түсім тауарлы өнім көлемінің кемуіне байланысты есепті жылы базисті жылға қарағанда 31784 мың теңгеге 15, 5% кеміп отыр. Өнімді сатуға кеткен шығын жанар жағар майдың өткізу пунктерінің алыс жерде орналасуы тағыда басқа себептерге байланысты шығын көлемі 13733 мың теңгеге, яғни 8, 6% көбейген.

Еңбек өнімділігі жалпы өнім құнының кемуіне байланысты 6, 4 мың теңгеге немесе 2, 4% кеміген. Шаруашылық үш жылда да пайдамен аяқтап отыр, яғни 2005 жылы 34735 мың теңге, 2006 жылы 77302 мың теңге, 2007 жылы 31784 мың теңге. Соңғы екі жылды салыстырғанда 45517 мың теңгеге, яғни 58, 9% кеміп отыр. Себебі, шығын көлемі көбейген. Рентабельділік деңгейі 30, 2 кеміген, яғни 2006 жылы 18, 3% болды.

ІІ. ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ЕСЕБІ

2. 1 Шығындар жүйесі мен құрылымы.

Өндірістік шығындар деп - әдетте өнім өндіруге жұмсалатын шығынды айтады. Мазмұны бойынша өнім өндіруге байланысты шығындарды экономикалық біртекті топтарға бөледі. Олар шығынның экономикалық элементтері болып табылады. Материалдық шығындар құрамына өндірісте қолданылатын еңбек құралдар шығындары, өндірістік бағыттағы жүмыс және қызмет төлемдері, тұқымды егінге дайындау және оны егістікке жеткізу шығындарынсыз өзіндік немесе сатып алынған тұқым және көшет: дайындай, еңгізу және жеткізу шығындарын қоспағанда минералды тынайтқыштар бактериалды және қызмет көрсетуде қолданылатын мүнай өнімдері, мүнай өнімдерінен басқа отын: сатып алынған электро-энергия, басқа да материалды шығындар, оның ішінде жөндеуге қажетті қосымша бөлшектер мен материалдар, өсімдіктерді қорғау құралдары, медикаменттер мен дәрі дәрмектер, арзан бағалы тез тозатын қүралдардың тозуы.

Негізгі қорлардың амортизациясы негізгі қорлардың алғашқы қүнынан норма бойынша есептелінетін шығындары. Мұнда қоғамдық тамақтану, дәрігерлік санитарлық кәсіпорындарға тегін пайдалануға берілген объектілер бойынша аударымдар қосылмайды. Сақтандыру төлемдері бүған жүмысшылардың міндетті медициналық сақтандыру және егістікті, малдарды сақтандыру жарналары кіреді. Басқа да шығындар мыналарды біріктіреді. Жер көлемі, жұмысшылардың іс-сапарлары шығындар, алымдар мен салықтар, байланыс және есептеу орталықтарының қызмет ақылары және басқа да шығындар.

Экономикалық біртекті элементер бойынша шығындарды топтауда болжамдар жасауда және еңбек ақы қорын амортизациялық аударылымдарды, жаңа материалды ресурстарды жасау және сатып алу шығындарын анықтауда, есепке алуда қолданылады.

Экономикалық біртекті элементтер бойынша шығындар есебінің маңыздылығы айта есепті және ішкі шаруашылық айналымды қоспайды.

Бірақ бұл шығын элементтері бойынша жеке дақылдардың өнім бірлігі

өзіндік құнын анықтауға мүмкіндік бермейді, өйткені бұл шығын элементтері тек қана бүкіл кәсіпорын немесе сала бойынша жүргізіледі.

Өндіріс процесі сонымен қатар құнның және өзіндік құнның құралу процесі болып табылатын болғандықтан өндіріс процесінің тиісті салалық айырмашылықтары өндіріс шығындарының құралу процесіндегі айырмашылықтарды туғызады, әр бір салада өнімнің өзіндік құнын есептеу әдісі, сайып келгенде осы айырмашылықтарға байланысты екені мәлім. Қазіргі заманда материалдық өндірістің басты екі саласы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық салалры бар, бүлардың әркайсысының тек өздеріне ғана тән өзгеше ерекшеліктері болады. Өнім алу үшін қажетті еңбек пен өндіріс құрал-жабдығының шығындары ауыл шаруашылығында өндірістің сипатына байланысты белгілі бір уақыт аралап жүмсалады. Кәсіпорындардың және олардың қүрылымдық бөлімшелерінің оперативтік-шаруашылық қызметінде жұмыс түрлері бойынша калькуляциялық көрсеткіштердің пәрменділігін көтеру үшін технологиялық карталарда өндірістік аймақтың жағдайларын есепке ала отырып, жұмыс түрлеріне қарай шығын қүрылымдарын көрсету керек. Іс жүзінде өзіндік қүнды есептеу бүкіл шаруашылық бойынша да, оның жеке өндірістік бөлімшелері бойынша да калькуляция жасаудың шаруашылык есепті еңгізуде оны нығайтуда маңызы бар.

Директорлардың көпшілігі ауыл шаруашылығы мамандары болып табылады. Шаруашылық мамандарды, қызмет көрсетуші персоналды және 526 жұмысшыны қосқанда 77-сі тікелей басшыға есеп береді. Келісім шарттардың орындалуына бақылау жүргізу қызметін бақылаушы кеңесі атқарады, ал қаржы шаруашылық қызметіне қадағалау бойынша қызметтер тексеру комиссиясына жүктелген. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Шаған" агрофирмасының басқарылуы, оның әкімшілік моделі бойынша басшы жер өндеу жүйесін, жер аудару, сатып алуды таңдау Бақылау кеңесі, Тексеру комиссиясының қадағалауымен келісім шарттарға отыру және оны орындау сияқты мәселелерін қоса шаруашылық қызметінің барлық басты сүрақтарына жауап береді. Ал, жалпы шаруашылықтың ұйымдастырылу қүрылымын талдасақ, оның сызбасы келесі түрде келістірілген. Сызбада көрсетілгендей ұйымдастырылу құрылымы негізгі 5 саладан түрады: егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, қызмет көрсету, құрылыс және қайта өндеу мен сақтау. Егін шаруашылыгында 8 бригада жүмыс істейді. Ал мал шаруашылығына орталық кешен сыртқы герттер көрсету саласында бірнеше жүмыс түрлері ұйымдастырылған: жөндеу шеберханасы, автопарк, мүнай базасы, электр жабдықтау, машина ауласы. Бұлардың барлығы әртүрлі цехтар, диірменде, қырмандар негізгі орын алады. Олардың барлығы бір орталық аппаратпен ұйымдастырылып отырады. Нарықтық экономикаға өту кезеңдерінде басқару жүйесін дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Оны шешудің жолдары өндірісті іскерлікпен басқару, нарықтық экономикалық қатынастарды дамыту, оларды құқықтық тұрғыдан реттеу, ақша, несие, қаржы және валюта қатынастарын жүзеге асыру. Менеджмент нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жүмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Кейбір ағылшын экономистерінің анықтамасы бойынша менеджмент бұл өнім, технология, өндірісті үйымдастыру, басқару әлеуметтік қатынастар саласында жаңарту, жаңалық еңгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптері мен тәсілдерімен формаларының жиынтығы. Менеджменттің ең басты ұғымы бұл басшылық. Менеджменттегі басты мәселе өзіне, кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою, ал оның жұмыс істеу міндетіне қолда бар адамдар мен материалдык ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын қүру болып табылады.

Өндіріс шығындарын жіктеудің қазір қолданып жүрген жүйесінде әлі де мәнді-мәнді кемшіліктер бар, бұлар өнімнің өзіндік құнына шығын элементтері бойынша неғұрлым талдап анализ жасауға кедергі келтіреді. Қазіргі қолданып жүрген есеп және есеп шығындардың көбі не комплексті не шаруашылықтың әр түрлі салаларының арасында бөлінетін жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындарының көбі не комплекстік не шаруашылыктық әр түрлі салаларының арасында бөлінетін жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындардың құрамына кіріп кетеді.

Калькуляцияны жасауда әрбір салаға жалпы сома бойынша жатқызған тікелей шығындарды айырып түсінуге іәрқашан да мүмкін бола бермейді. Мұндай шығындар басқа тікелей шығындар дейтіннің құрамына жатқызылады, ал бұл шығындардың калькуляция жасар кезде есепке алынған өндіріс шығындарының жалпы сомасында үлес салмағының артуы өнімнің өзіндік қүнын шығын элементтері бойынша терең талдауға мүмкіндік бермейді, өндірістің неғүрлым тез өсуін көздеген шараларды жасап ұсынуды калькуляция мәліметтерін пайдалану мүмкіндігін кемітеді.

Есеп жүргізу бойынша шағын элементтерінің көлемі бойынша өнімнің іс жүзіндегі өзіндік қүнын екі түрге өндірістік және коммерциялық болып екіге бөлінеді. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында өндірістік өзіндік құнға мазмұны жағынан өнеркәсіптегі өзіндік құн дегендегі сай келеді.

Өндірістік өзіндік күннің құрамына өнім өндіруге жұмсалатын шығындар, атап айтқанда: пайдаланылған өндіріс қүрал жабдығы мен еңбек ақы шығындары кіреді. Демек, өндірістік өзіндік құнның құрылуы сатып өткізуге жарамды дайын өнімді өндірістен шығып, қоймаға немесе түскен кезде аякталады.

Өнімнің өзіндік құнын есептегенде өндіріс шығындарына шаруашылықтың ішкі әлеуметтік мәдени шараларына таза табыстан жұмсалатын қаржы, күрделі жұмыс жөніндегі шығындар, сондай-ақ шығындар, салықтар, қауіпсіздендіру төлемдері, кредитке берілетін проценттер кірмейді. Мұндай шығындарды әдетте өндірістік емес шығындар, немесе коммерциялық өзіндік қүнға кіретін шығындар деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Бухгалтерлік есептің мәні мен әдісі
Бухгалтерлік есеп және оның әдістемелік негіздері
Есеп беру және аудит
Бухгалтерлік есептің маңызы
Ақша қаражаттары есебінің қолданыстағы тәртібі
Сарыағаш-жер ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы
Бухгалтерлік есептің және аудиттің ақпараттандырылған жүйелерінің қолданыстағы бағыттары
Касса операцияларының есебі. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі
Қызылорда облысы Сырдария ауданында күріш шаруашылығының дамуына экономикалық-географиялық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz