Федерациясының бірінші президенті Борис Николаевич Ельциннің саяси жеңістері дәлел
Президенттік сайлау және БАҚ
(Ресейдегі 2000 жылдың 26-наурызындағы
Президенттік сайлау)
тақырыбы бойынша жазылған диплом жұмысы
Мазмұны:
КІРІСПЕ 2
І тарау. В.В Путиннің пайда болуы - сәтті ұйымдастырылған PR
нәтижесі. 10
ІІ тарау. Қазақстан баспасөзі Ресей Федерациясындағы президенттік сайлау
туралы. 18
1. Кіріспе
2. І тарау. В. В. Путиннің пайда болуы – сәтті ұйымдастырылған PR (паблик
рилизинг) нәтижесі
3. ІІ тарау. Болашақ Президенттің имиджі қалай жасалды?
а) баспасөзде;
б) телевидениеде.
4. ІІІ тарау. Қазақстан баспасөзі Ресей Федерациясындағы Президенттік
сайлау туралы
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер
7. Қосымшалар
КІРІСПЕ
Vox populі – vox deі
(“халықтың дауысы –
Тәңірдің дауысы”)
ежелгі Рим нақылы.
ТМД-ның көптеген елдері секілді Ресей Кеңес Одағы күйрегеннен кейін,
1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіз мемлекетке айналады. Президенттік
басқарудағы федерация формасындағы мемлекет үшін демократиялық даму жолына
бағыт түзеу осы кезеңнен басталады.
1993 жылдың 12-желтоқсанында қабылданған РФ конституциясында былай
делінген: “Ресей Федерациясы – Ресей республикалық билік жүйесіндегі
демократиялық федеративті құқықтық мемлекет” (1).
Ал Ресей Федерациясының президенті “РФ конституциясының, адам және
азамат құқығы мен бостандықтарының кепілі болып табылады”, (2). Және “РФ
конституциясы мен федералдық заңдарды басшылыққа ала отырып мемлекеттік
ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды”. (3)
Сонымен, 21 республикадан, бір автономды облыстан және 10 автономды
аймақтан және 2 федералдық басшылықтағы қалалардан тұратын, 17075200 шаршы
километрге созылған ұлан-ғайыр территорияны алып жатқан мемлекеттегі билік
тізгіні бір адамның - Президенттің қолына берілген.
Ресей Федерациясының Президенті мемлекеттік билік органдары мен РФ
субъектілерінің мемлекеттік билік органдары арасындағы, сондай-ақ РФ
субъектілерінің мемлекеттік билік органдары арасындағы келіспеушіліктерді
шешу құқықтығына ие. (5).
Ата Заңға сәйкес Ресей Федерациясының Президенті болып 35 жастан
асқан, РФ территориясында кемінде 10 жыл тұрған РФ азаматы сайлана алады.
(6). Бірақ бір тұлғаның екі реттен артық РФ Президенті болып сайлануына жол
жоқ. (7). РФ Президенті жалпыға ортақ тең және тікелей сайлау құқығы
негізінде азаматтардың жасырын даус беруі арқылы сайланады.
Ресей секілді ғасырлар бойы қалыптасқан мол империалистік тәжірибесі
және қиын-қыстау тарихы бар ел үшін демократия қағидаларына сай баламалы
сайлау жүйесіне көшу – бетбұрыстың басталғанының белгісі еді. 1990 жылғы
КСРО-да тұңғыш рет өткізілген президенттік сайлау мен 1991 және 1996 жылғы
Ресей Федерациясындағы президент сайлаулары арасында сайлау мерзімін
белгілеу, сайлау науқанын ұйымдастыру, дауыс беру тәртібін қалыптастыру
секілді сайлауды өткізу әдіс-тәсілдерінде көптеген айырмашылықтар бар. Ал
бұл сайлаулардың арасында жүргізуге болатын бірден-бір параллель - сайлауға
елі жағынан түсе қоймаған мемлекет басшысының қатысы N 1 үміткер дәрежесіне
ие болуы және бірінші дәрежелі үміткердің әрдайым жеңіске жетуі. Бұған КСРО-
ның тұңғыш және соңғы президенті Михаил Сергеевич Горбачев пен Ресей
Федерациясының бірінші президенті Борис Николаевич Ельциннің “саяси
жеңістері” дәлел.
Ал 2000 жылдың 26-наурызында өткен РФ президенті сайлауының бұрынғы
сайлаулардан қандай айырмашылығы немесе өзгешелігі бар? Жалпақ тілмен
айтсақ, бұл өзгешеліктерді былай топтастыруға болар:
а) тәуелсіздік алғаннан кейінгі он жылдың ішінде Ресей Кеңес Одағының
қираған үйіндісінен өзіне ғана тән шатыр үйін құрап үлгірді, Патшалық
Ресейдің кезіндегі “алып державаға” қайтадан айналуға деген үміт оянды;
ә) Кеңес Одағының басшылары еш уақытта КПСС ОК бірінші хатшысының
орнын өз еркімен босатқан емес. Ал Ресей Федерациясының тұңғыш президенті
үкіметтік мерзімі аяқталмай тұрып, өз еркімен отставкаға кетті. Бұл жағдай
елде демократиялық көңіл-күйдің бел ала бастағанының белгісі еді;
б) Тұңғын президент Б. Ельциннің саяси аренадан кетуі Ресей тарихында
“Ельцин дәуірінің” аяқталып, енді тынысы бөлек жаңа дәуірдің басталғалы
тұрғанын паш етті;
в) Осы сайлау нәтижесінде (26.03.2000 ж – Г. М.) жеңіске жеткен В. В.
Путин сайлау науқанына қатысқан тұста мемлекет басшысы емес, РФ
президентінің міндетін атқарушы ғана болатын.
Бірақ бұл сайлау Ресейдің әлі де болса демократия қағидаларына сай
әділ әрі ашық президент сайлауларын өткізуге толық дайын еместігін
көрсетті. Ресейде қанат жайған демократиялық процестердің билікке жету
мүмкіндігінен гөрі билікті сақтап қалуға көбірек қызмет кететіндігі белгілі
болды.
2000 жылы 26 - наурызда өткен президент сайлауы – Ресей үшін дамудың
қай бағытын – демократиялық әлде авторитарлық - айқындап берді? Президент
міндетін уақытша атқарушы В. В. Путиннің билік тізгініне ие болу мүмкіндігі
әу баста қандай еді? В. В. Путиннің жеңіске себеп болған негізгі фактор не
– БАҚ, В. В. Путиннің жеке басының қасиеттері әлде Б. Н. Ельцин
командасаның қолдауы?
Алдыңыздағы диплом жұмысында біз осы сұрақтарға жауап беруге
тырысамыз. Ресей мен Қазақстан ежелден көрші елдер XX ғасырдың соңынан
бастадған иммиграциялық процестер нәтижесінде екі елдің саяси, мәдени,
рухани, экономикалық - қаржылық өмірі тығыз байланыста қатар даму үстінде.
Ресейдегі әуелі саяси – экономикалық содан кейін рухани – мәдени
құбылыстардың сәл кешігіп біздің елдің қақпасын қағуын осылай түсіндіруге
болады. Қалай десек те, қос самұрықты Ресейдің қай бағытта дамып бара
жатқандығы Қазақстан үшін өте маңызды. Сондықтан да аталмыш президент
сайлауын нысанаға ала отырып біз Ресейдің даму жолын анықтауға тырысамыз.
Диплом жұмысының құндылығы да осы – Ресейдегі болып жатқан саяси
процестерге баға бере отырып, олардың кемшіл тұстары мен артықшылықтарын
көрсету және демократиялы, зайырлы, құқықты мемлекетке айналуды мансұқ
еткен Қазақстан үшін дамудың неғұрлым тиімді жолдарын саралау.
Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі – 2000 жылы 43-ші Ақ Үй
басшысын сайлап үлгерген АҚШ-пен салыстырғанда бар болғаны екі-ақ рет
Президент сайлауын өткізген Қазақстан сайлау технологияларын толық меңгеріп
болған жоқ. Сайлау науқанын ұйымдастыру үстінде біз әлі күнге дейін өзге
елдердің тәжірибесіне сүйенуге мәжбүрміз. Сондықтан да осы орайда бізден
бір қадым болса да алда келе жатқан көрші мемлекеттегі Президент сайлауының
өту барысына талдау жасап, өзімізге қажетті қорытынды жасай білгеніміз
артық болмас.
Диплом жұмысының мақсаты – 2000 жылы 26 - наурызда өткен РФ Президенті
сайлауының мән-мазмұнын ашып, В. В. Путиннің жеңіске жету себебін анықтау.
Жұмыстың міндеті – Ресей Федерациясындағы сайлау технологиясының
ерекшеліктерін көрсету, Президентікке N1 үміткер В. В. Путиннің билікке
келу жолына талдау жасауына, БАҚ-тардың болашақ Президенттің жағымды
имиджін қалыптастыруға қосқан үлесін анықтау.
Жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізіне келсек, әуелі бұл тақырыптың
толық зерттелмеген тың тақырып екенін айта кетуіміз керек. Президент
сайлауынан осы күнге дейін 1 жыл 3 ай өтті, бірақ осы сайлаудың өту барысы
мен нәтижесін саралаған құнды ғылыми еңбек әлі жарық көре қойған жоқ.
Сондықтан да бінге PR (паблик рилейшнз) имджиология, сайлау технологиялары
жөніндегі батыстық және ресейлік әділет көздерін қанағат тұтуға тура келді.
Тақырыпты терең түсіну мақсатында біз Сэм Блэктің “паблик рилейшнзге
кіріспе”, Тамара Лебедеваның “Билікке апарар жол. Франциядағы Президенттік
сайлау” атты еңбектерімен танысып, Джордж Честераның “Іс жүргізу тәртібі:
Паблик рилейшнз”, В. Кастиловтың “Президентпен болған әңгіме” атты
еңбектерін қарап шықтық. әсіресе жұмыстың теориялық ірге тасын қалауда
Георгий Погепцовтың “ Кәсібім: имиджмейкер” атты еңбегі көп көмектескенін
атап өткен ләзім.
Сондай-ақ Президент сайлауы тақырыбының БАҚ-тарда қалай қамтылғанын
білу максатында 2000 жылдың 1-қаңтары мен 30-наурызы аралығында жарық
көрген бірқатар Ресей басылымдарын (“Коммерсант - Власть”, “Свободная
мысль”, “Вестник МГУ” журналдарын, “Независимая газета”, “Комсомольская
правда”, “Известия” газеттерін) және кейбір Қазақстан басылымдарын (“Егемен
Қазақстан”, “Жас Алаш”, “Новое поколение”, “Жетісу”, “Континент” журналын)
түгел қарап шықтық.
Осы ақпарат көздерінен аланған мол мағлұматты қорыта келгенде болашақ
диплом жұмысының мына үлгідегі жоспары жасалды:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
5. Қосымшалар
Кіріспеде Ресей Федерациясы туралы қысқаша мәлімет беріліп, онда
Президенттік билік формасының қалыптасуы жайлы айтылады. Сондай-ақ
кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының мәні мен мазмұндылығына баса назар
аударылған.
Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. І тарауда Президент сайлауына N1
үміткер В. Путиннің саяси аренаға шығу жолы сараланады. 2000 жылдың 26-
наурызына белгіленген сайлауды сол кездегі Елбасы міндетін атқарушы В.
Путиннің саяси мәртебесін ресми бекіту үшін арнайы ұйымдастырылған акция
деуге де болады. Себебі сайлау күні белгіленген уақыттан бастап (тіпті экс-
президент Б. Ельциннің өз еркімен отставкаға кетіп, өзінің рнына В. Путинді
уақытша бекітіп кеткеннен кейін) жұртшылықтың да, журналистердің де назары
бір ғана үміткерге – В. Путинге ауды. Басқа үміткерлер оның тасасында қалып
қойды. Бұл сайлауды N1 үміткер В. Путиннің есімімен тығыз
байланыстыратынымыз да сондықтан.
Президенттікке өзге үміткерлердің (Е. Примаков, Г. Зюганов,) есімдері
де, істері де халыққа бұрыннан таныс болатын. Ал Ельцин әуелі премьерлікке,
одан кейін ізбасарлыққа лайық санаған адам шын мәнінде кім? Қайдан келді?
Ресей секілді алып мемлекетті басқаруға лайық адам ба, жоқ па? Ол (В.
Путин) туралы барлық мәліметтерлің көптеп берілуі – халықтың үміткер
тұлғасына деген қызығушылығының өте жоғары екендігін көрсетті.
Халық ел тізгінін ұстаған азаматтар жайлы тек шындықты білгісі келеді.
Биік креслоларға жайғасқан азаматтармен күнде кездесіп, пікірлесу
мүмкіндігіне ие болмағандықтан да ол әдетте БАҚ-тарда берілген мәліметтерге
жүгінуге мәжбүр. Міне, тап осы жерде Ахмет Байтұрсыновтың “Баспасөз
(қазіргі ьілмен айтқанда журналистика – Г. М.) – халықтың көзі, құлағы һәм
тілі” болуы керек. Өкінішке орай, бүгінгі БАҚ өкілдері бұл қағиданы елеусіз
қалдырады.
XX ғасырдың 30-жылдарында АҚШ-та қоғамдық ғылымдар жаңа бағытта дами
бастады. Психология, социология, философия, филология ғылымдарының басын
біріктірген, журналистика, этика мен эстетика элементтерін бір бойына
жиақтаған жаңа ғылым – PR – паблик рилейшнз пайда болды. 70 жылдан астам
уақыт ішінде бұл ағым жеке ғылым саласы ретінде қалыптасып, әлемнің түкпір-
түкпіріне тарап үлгерді.
PR-ды мамандар “қоғаммен байланыс” деп аударып жүр. Бұл аударма оның
толық мән-мазмұнын ашпайды. PR деген не? Оның мақсат-мүддесі қандай және
оның пайда болуының қандай алғышарттары болды деген сауалдарға біз І
тарауда жауап беруге тырысамыз.
Ресейге PR 90-жылдардың басында келді. Жаңа тынысты жат ағымды бұрынғы
Кеңес азаматтары сәл тосырқап қарсы алса да, аз ғана уақыт ішінде PR
Ресейдің ішкі өміріне демде еніп, саяси тірішіліктің қазанына белсене
араласа бастады.
Біз басшылыққа алған әдебиеттердің бірі – Сэм Блэйктің “PR-ға кіріспе”
кітабы орыс тіліне тұңғыш рет 1990 жылы аударылып, осы жылы 65000 тиражбен
жарық көрген. Бұл тираждың бәрі аз уақыттың ішінде сатылып, тек
кітапханаларда ғана бірді-екілі нұсқалары қалады. Бұдан кейін де осы кітап
1998 жылы қайта басылып _____ тиражбен жарық көрген. (8) Аталған кітаптан
басқа көптеген батыс зерттеушілерінң еңбектері орыс тіліне аударылып, кітап
болып басылып жатыр. Бірақ бұл әдебиеттердің бәрі де PR-ға деген
қызығушылықты азайта алған жоқ. PR-дың ТМД елдерінің өміріне сыналай кіріп,
терң тамыр жая бастағанына осы бір ғана факт дәлел болады деп айтамыз.
PR қоғам өміріне жаңа тыныс әкеліп қана қоймай, БАҚ-тарға деген
көзқарасты өзгертті. Телевидение – радио хабарлары мен газет-журналдарда
жарияланған материалдар “ақ” және “қара PR”-дың үлгімімен берілетін болды.
Президентікке үміткер азаматтар туралы әр хабар-ошар олардың сайлау алды
бағдарламасын насихаттау әдісіне айналды. Бір-біріне қарама-қарсы ақ
парақтар легінен шындықты ажырату қиындай түсті.
Ал үміткерлердің көмекшілері мен сайлау алды штабтарының қызметкерлері
осы ақпарат тасқынын пайдаланып өн үміткерлеріне имидж жасауға тырысты.
Диплом жұмысының ІІ тарауында үміткер В. Путиннің имидж жасауға баспасөз
бен телевидиниенің қандай үлес қосқаны жөнінде айтьлады.
ІІІ тарауда Қазақстан басшылырының Ресей Президенті сайлауына берген
бағасы мен көрші елдегі демократиялық процестерге деген ұстанымы сөз
болады.
Қорытынды бөлімінде үш тарауда айтылған мәселелер бір арнаға
тоғыстырылып, кіріспеде көрсетілген диплом жұмысының мақсаты мен
міндеттерінің қай дәрежеде орындалғаны түсіндіріледі. Сондай-ақ 2000 жылдың
26-наурызында өткен Ресей Президенті сайлауының жетістіктері мен
кемшіліктері сараланып, Қазақстан үшін келешекте қандай кедергілер мен
қателіктерлен сақ болу керектілігі айтылады.
Қосымшаларда диплом жұмысы тақырыбы көтерген кейбір мәселеге орай
берілген газет-журнал қиындысы, фотосурет көшірмелері тігілген. Қосымша
материалдар диплом жұмысының мазмұны мен ажарын аша түседі деген ойдамыз.
Негізгі тақырыпқа көшпес бұрын бұл тақырыптың сонылығы мен бұл үшін
әлі де таңсық екендігін айтқымыз келеді. Себебі тәуелсіздік алғанымызға он
жылдың жүзі болса да, әлі күнге дейін Қазақстанда Президент сайлауын
ұйымдастыру, жергілікті халықтың сана-сезіміне орайластырып өткізілген
сайлау алды науқанын, сайлау технологиялары мен дауыс беру ерекшеліктері
т.б. арналған арнайы ғылыми еңбек жазылған емес. Болашақта өзгенің емес,
өзіміздің сайлау өткізу тәжірибеміз туралы сөз ету мүмкіндігі туады деп
ойлаймыз. Сол кезде осы диплом жұмысы да зерттеуші назарынан тыс қалмас деп
үміттенеміз.

нәтижесі.
“Мен бұл рольді де
ойнап шыға аламын”
(Рональд Рейганның сайлау
алдында сөйлеген сөзінен)
Владимир Путиннің саяси аренада пайда болуы кездейсоқтық емес. Оның
қызмет сатысымен өсу қарқынын және соңғы президент сайлауындағы абсалютті
жеңісін бақылай отырып, осылай деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл жөнінде
“Независимая газетада” Витали Третьяков бвлай деп жазды:”... шындығында 1998
жылдан бастап Ельциннің барлық іс- әрекеті билкті сақтап қалуға емес, билік
тізгінін ұстайтын мұрагер табуға жұмылдырды”.(10). 1996 жылдан бастап
Ресейде мемлекеттік билік тармақтарының арасында ішкі тартыстың басталғаны
белгілі. Осы жылдың тамызындағы саяси дағдарыстан кейін Ельцин 11 қыркүйек
күні Мемлекеттік Думамен ымыраға келіп, премьерлікке Евгений Примаковты
бекітті. Бірақ Примаковтың уақытша фигура екендігі Кремльге де,
журналистерге де белгілі болатын .Ельцин өзінің орнын басуға лайық адамды
іздестіруін жалғастыра береді. Ақыра табады да. Бірақ болашақ
президенттікке үміткердің халық алдына шығатындай дайындығы жоқ болатын.
Сондықтан да Ельцин оны журналистерге таныстыруға асықпайды. “Независимая
газета” Ельциннің әйгілі отставкасынан кейін былай деп жазды: “Примаков
премьерліктен кейін президент журналистермен бір кездесуінде өзінен кейін
таққа ие болып қалатын адамды білетінін, бірақ оның есімін қазір
аталмайтынын, әйтпесе “бәрінің оған жабылатынын” сөз арасында айтп қалды.
Бұл мәлімдемеден кейін журналистермен сараптамашылар біраз уақытқа дейін
осы мәселеге бас қатырумен болды: Ельциннің мұрагері кім? Түрлі
қайраткерлердің аты аталды бірақ ол кезде ешкім Путиннің бар екендігін еске
түсірген жоқ- ал шындығына келгенде бір адамға екі бірдей жауапты жұмыстың
тапсырылуы байқампаз адамдарға ой салуы керек еді ғой. Бірақ Путиннің перде
жамыла білетін шеберлігі сол- жұрттың көз алдында жүріп елеусіз болуға
тырысатын”. (11).
Владимир Путин 1998 жылдың 28 шілдесінде Ресей Федералдық Қауіпсіздік
Қызметінің (ФҚҚ) директорлығына тағайындалды. Ельциннің Путин тұлғасына
алғаш көңіл аударған тұсы да осы кезде болуы мүмкін. Ал 1999 жылдың
сәуірінде Путинді бұрынғы қызметіне қоса РФ Қауіпсіздік Кеңесінің
хатшылығына тағайындауы оған деген сенімнің өсе түскенін көрсетті. Жоғарыда
келтірілген мақалада Путиннің “екі жауапты жұмысты қатар атқарғаны” жайлы
әңгіменің мәнісі осында.
Сонымен 1999 жылдың көктемінде Ельцин президент креслосын кімге сеніп
тапсыруға болатынын анық білді. Бірақ Владимир Путинді әуелі премьерлікке
одан кейін мұрагерлікке ұсынуға ол тек 1999 жылдың 16- тамыз күні ғана
бекінді. Есесіне ол Путинді халыққа таныстыру үстінде алдын- ала
дайындалған мәлімдеме мәтінінің ауқымынан шығып, Путиннің өзінен кейін
Ресей президенті болғанын қалайтынын айтып қалды. (12). Ельцин Путинді
“жарққа шығарғаннан” кейін- ақ кремль әкімшілігі ұйымдастырылған астыртын
операцияға кірісті. В. Третьяковтың жазуынша 1999 жылдың 31 желтоқсанында
болған оқиға (Ельциннің өз еркімен қызметінен кетуі- Г.М.). “Жаңа
жылыңызбен! ” атты арнайы ұйымдастырылған операциясының сәтті аяқталуы еді.
(13). Әрине, Ельцинге жақын жүрген адамдар оның президенттік қызметтен
мерзімнен ерте кететінін және бұл орынды Путиннің иемденуі тиім екенін
алдын- ала білген. Мәселен, Е. Примаков (14).
Бірақ сыртқы әлем үшін, тіпті Ресейдегі көптеген саясаткерлер үшін
бұл оқиға аспаннан түскен найзағайдай әсер етті. Әлемдегі әйгілі
телекомпаниялары бұл күні жаңа жылдық бағдарламаларына өзгеріс енгізіп,
Мәскеуден шұғыл репортаж беруге мәжбүр болды. “Известия” газетің куәлік
етуінше “олардың журналистері ерекше толқуда болды: аспан айналып жерге
түсті, бірақ оны байқаған жоқ”. (15).
Бұл оқиға жөнінде қаңтар айының алғашқы күндерінде Қазақстан
басшылығы да өз көзқарасын білдірді. ҚР Президенті Н.назарбаев Борис
Ельциннің қызметінен өз еркімен кетуі синсация емес деп санайтынын
білдірді. Интерфакс-Қазақстан агеттігінің хабарлауынша Қазақстан президенті
“Ельциннің әрекеті барлық ресейліктер үшін батыл шешім болып табылады” деп
түйіндеген. (16).
Сонымен, ресейлік және әлемдік саясаткерлерді ойран- асыр қылған
“Ельцин феноменінің” мәні неде? Путинді өз орнына қалдыру үшін оған
президенттік креслоны асығыс босатып берудің қандай қажеттілігі бар еді? Ең
дұрысы, Путинді премьерлік қызметте қалдырып, 2000 жылдың маусымында
өткізілуі тиіс болған марафонға Кремль ұсынған бірден- бір кандидат ретінде
қатыстыру емес пе еді? Бәрі өз кезегімен жүрсе, тақ пен тәжді өте жақсы
көретін Ельцинге билік басынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz