Гоминьдан партиясы, саяси бағыттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

1. Гоминьдан партиясы, саяси бағыттары11

1. 1. Гоминьдан партиясының құрылуы және оның Кеңес Одағы туралы саясаты11

2. 30 ж. Гоминьдан партиясының Кеңес Одағымен байланысы және Чан Кайшидің саясаты25

2. 1. Партия ішіндегі билік үшін күрес және Чан Кайши дәуірі25

2. 2. Сталиннің Қытайға қатысты алғашқы стратегиясы31

3. Жапон агрессиясы кезіндегі Чан Кайши және Сталин43

3. 1. Жапон басқыншылығы және Чан Кайшидің саяси қадамдары43

3. 2. Чан Кайши мен Сталин арақатынасының соңғы кезеңі52

Қорытынды63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі67

Кіріспе

Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің шаңырағын көтеруде және оны нығайтуда сыртқы саясат төтенше маңызды рөл ойнайды.

Аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орынды иеленген Қазақстан сияқты ірі еуразиялық мемлекет өзінің сыртқы саясатын қалай жолға қояды және қандай жетекші бағыттарға басымдық береді, сондай-ақ оның көршілес елдермен ғана емес, жалпы әлемдік қоғамдастықпен қарым-қатынастары қалайша қалыптасады - мұның бәрі де іргелі әрі жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Қазақстан басшысы Н. Назарбаев сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын тұжырымдап берді, олар: еліміздің әлемдік қоғамдастыққа кірігуі, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстанның экономикалық дамуына жәрдемдесу, шетелде жүрген ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, мүдделілік білдірген барлық елдермен өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту.

Осындай жолмен Қазақстан халықаралық қауіпсіздік режимін нығайтуда, қазіргі бар әлемдік тәртіпті сақтауда жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсете білді. Қазақстан басшысының осындай ұстанымын әлемдік қоғамдастық біздің мемлекетімізбен жан-жақты ынтымақтастықты жолға қоюдың белгісі ретінде қабылдады.

1700 километрге созылатын шекараны делимитациялау туралы Қазақстан-Қытай шарты екі жақты қарым-қатынасқа 6epiк ipгeтac қалады. Көптеген саясаткерлердің пiкipi бойынша бұл құжатты мемлекетаралық шекараны белгілеу сияқты осындай күрделі проблеманы реттеудің үлгі мысалының қатарына жатқызуға болады.

Қазақстан сан ғасырлық тарихында тұңғыш рет Қытай сияқты ipi көршілесімен құқықтық тұрғыдан ресімделген шекараға қол жеткіздік. Шекараны делимитациялау және соның iзiнше жүргізілген демаркация қандай да бip аумақтық талап қоюды жоққа шығарады.

Осы ретте Қазақстанның басқа шет мемлекеттермен түрлі қарым-қатынастар орнатып жатқан қазіргі кезеңінде басқа елдердің осы саладағы оң тәжірибелерінен үйренудің, оларды зерттеп-зерделеудің маңыздылығы айрықша. Осы бағытта Қазақстанның мәңгілік көршілері - Қытай мен Ресейдің алатын орны ерекше екендігін түсіндіріп жатудың қажеттігі жоқ. Сондықтан да осы жазылып отырған дипломдық жұмыс өзінің алдына ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы КСРО мен Қытай арасындағы қарым-қатынастарды қарастыру мәселесін қойып отыр. Мұның өзі де кездейсоқ алынып отырған жоқ.

Қытайдың бүкіл жаңа тарихы - қытай халқының біртұтас, тәуелсіз, демократиялық мемлекет құру, ішкі және сыртқы жауларға қарсы күресу жолындағы тарихы.

Қытай өркениетіне бес мың жыл болса, қазіргі Қытай Халық Республикасының тарихы 50 жылдан сәл ғана астам уақытты алып жатыр. Бұл қайта түлеудің алдындағы кезеңді тарихшылар республикалық кезең деп атайды. Бұл кезең осы «айдаһарлар еліне» қандай өзгерістер әкелді?

Бұл кезең КСРО мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың сан алуан болғандығымен және күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл түсінікті де. Себебі ХХ ғасыр басында Ресейде болған революциялық дүмпулердің ізінше Қытай елінде осыған ұқсас жағдайлар орын алды. Міне, осындай алмағайып жағдайда екі ірі елдің басшылары Сталин мен Чан Кайшидің ұстанған саясаты мен стратегиялары да зерттеуді қажет етеді. Сол кезеңде Қытай еліне КСРО-ның ықпалы болмаған және Қытай коммунистік партиясы басшылары саясатқа белсенді түрде араласпаған жағдайда, Қытай елі социалистік жүйеге өтпес пе еді деген ой да туындайды.

Әлемнің ең ірі мемлекеттері болып табылған Кеңес Одағы мен Қытайдың өткен ғасырдағы өзара қарым-қатынасы көпшіліктің назарында болды. 1920 жылдардың басында КСРО мен Қытай арасындағы қарым-қатынастарды ғылыми зерттеу басталды. Өткен онжылдықтар ішінде іргелі зерттеулер, талдама мақалалар жарияланды. Қазіргі таңда өткенді қайта зерделеудің жаңа кезеңі келді. Бұл осы уақыттағы Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының ғалымдары арасындағы ғылыми қарым-қатынастың қалпына келтірілуімен, еліміздегі мұрағаттық материалдардың рұқсат етілуімен байланысты. Осы орайда Қытайдың 1949 жылға дейінгі тарихын зерттеу қосымша күш-жігерді талап ететінін айтқан орынды. Өйткені Гоминьдан үкіметінің сыртқы саяси стратегиясы мен тактикасына деген ғылыми және саяси қызығушылық Қытай Халық Республикасы мен КСРО-ның қарым-қатынасының дамуына әсер еткенінен туындайды. Сонымен қатар 20-30 жылдардағы кеңес-қытай қатынастары КСРО-ның ұлттық қозғалыстар көшбасшыларымен байланыс орнатудың алғашқы тәжірибелерінің бірі болып табылады.

Өткен тарих қазіргі кезеңмен тығыз байланысты. Гоминьдан тарихы - бұл Қытайдың саяси және идеологиялық мәдениетінің даму тарихы. Гоминьдан режимі «1945-1949 жж. арасындағы азаматтық соғыс отында жанып кетсе», ол Тайваньда «күлден қайта бас көтерді». Сунь Ятсеннің, сондай-ақ Чан Кайшидің идеялық мұрасы миллиондаған қытайлықтардың санасына ұялаған. Содан бері бірталай уақыт өтсе де, Қытайды біріктіру мәселесі ҚХР-да да, Тайванда да талқыланып келеді. 1981 жылғы Гоминьдан партиясының ХІІ сьезінде әйгілі қытай халқын біріктіру идеясы Сунь Ятсен ұсынған «қытайды үш халықтық принцип негізінде біріктіруге» бағыт алды.

Гоминьдан партиясы мен Гоминьдан мемлекеті басшыларының негізгі мақсаты әлемдік қауымдастықтың тең құқықтық мүшесі ретінде біріккен, тәуелсіз, даму үстіндегі және қуатты Қытай мемлекетін құру болды. Осы жұмысты жазу барысында біз Гоминьданның 20-40 жылдары аталған стратегиялық концепциясын жүзеге асырудағы іс-әрекетін көрсетуге талпыныс жасадық.

Біз зерттегелі отырған мәселе жөнінде кеңестік тарихнамада тақырыпқа қатысы бар шығармалардың біршама мол екендігін айтқан жөн.

Сол сияқты кеңес-қытай мәселесі, Гоминьдан партиясының іс-әрекеті Ресей ғалымдары Мировицкая Р. В., Черепанов А. И., Вишнякова-Акимова В. В., Дубинский А. М., Благодатов А. В., Ледовский А. М., Галенович Ю. Н., Иванов И., Махмутходжаев М. Х., Мамаева Н. Л., Яковлев т. б. еңбектерінде көрініс тапты. Аталған ғалымдардың еңбектерінде ХХ ғасыр басындағы кеңес-қытай қарым-қатынасының тарихы, оның эволюциясы түрлі қырынан қарастырылған. Әсіресе, Р. В. Мировицкаяның «Советский Союз в стратегии Гоминьдана» еңбегі бөліп көрсетуді қажет етеді. Бұл - Гоминьдан партиясы және оның Кеңес Одағымен байланысын толық қамтып зерттеген алғашқы еңбек. Әйтсе де ол КСРО-ның күйреу қарсаңында жазылғанымен, кеңестік көзқарастан толықтай арылмаған еді. Зерттеу барысында біз аталған еңбектің құнды тұстарын басшылыққа алғанымызбен, көрсетілген көзқарасқа қатысты жақтарын да ескеріп отырдық.

Бұл орайда мынадай мәселеге назар аударған орынды. 1990 жылдарға дейінгі жарық көрген еңбектерде аталған тақырып коммунистік саясат тұрғысынан біржақты қарастырылған. Мысалы; В. Воронцовтың «Судьба китайского Бонапарта» атты еңбегінде Чан Кайшиді Қытай халқының жауы етіп көрсетіп, көбінесе, Наполеон Бонапартпен теңестірген. Бұл пікір, менің ойымша, орынсыз. Себебі Сунь Ятсен жолын қуған Чан Кайши шын мәнінде Қытайдың ешбір ірі державаға тәуелді болуын қаламаған және Наполеон сияқты әлемді бағындыруды мақсат етіп қоймаған.

КСРО ыдырағаннан кейінгі қытайтану саласындағы еңбектерде Гоминьдан партиясының көшбасшысы Чан Кайшидің тарихи ролі қайта зерделеніп, өзінің дұрыс бағасын алуда. Осы ретте Ю. Галеновичтің «Цзян Чжунчжэн немесе белгісіз Чан Кайши» еңбегін атауға болады. Мұнда Чан Кайшидің тарихи аренаға шығуы, оның ұстанған мұраты мен жүргізген саясаты қазіргі көзқарас тұрғысынан түрлі қырынан зерделенген.

Сталиннің Қытайға қатысты саясатына арналған еңбектің бірі - А. М. Ледовскийдің «СССР и Сталин в судьбах Китая» деген еңбегі. Кітап 1999 жылы жарық көрген. Оның бір ерекшелігі кітапта сол тұстағы архив деректері, Сталин мен Чан Кайши, т. б. қайраткерлер арасында болған келіссөздердің стенограммалары, т. б. құнды құжаттар көптеп келтірілген. Сол кезеңдегі Кеңес-Қытай қарым-қатынасының толық бейнесін көрсетуде аталған құжаттардың маңызы ерекше болғандығын ерекше атап өткен жөн.

"Тарих - шындықтың айнасы". Сол шындықты берудің әдіс-тәсілдері әр түрлі десек, өткен тарихты зерделеп, одан сабақ алуда ұлы тұлғалардың өмір тарихын саралаудың маңызы зор.

Бүгінгі таңда саясаттанушы және тарихшы ғалымдардың арасында Чан Кайшидің жеке басына қатысты қайшылықты пікірлердің бар екендігін де жоққа шығармаймыз. Бұл тарихи тұлғаның жеке басына қатысты мәселелерге жауап беру біздің негізгі мақсатымыз емес. Алайда, жұмысымызға арқау болып отырған тақырып Чан Кайши мен Сталиннің саяси қызметтеріне негізделгендіктен обьективті, субьективті факторларды ескере отырып, басты мақсатымыз - ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кеңес-Қытай қарым-қатынастарындағы Чан Кайши мен Сталиннің тарихи ролін ашып көрсету болып табылады.

Осыдан келіп мынадай міндеттер туындайды:

  • Гоминьдан партиясын құрудағы Сунь Ятсеннің ұйымдастырушылық қабілеті мен саяси қызметін саралауға назар аудару және оның Кеңес Одағына деген көзқарасының қалыптасуына талдау жасау;
  • 1923-27 жылдар аралығындағы Сталин мен Чан Кайшидің қарым-қатынастарының 1937-1949 жылдар аралығындағы қарым-қатынастарынан өзгешеліктерін ашып көрсету;
  • Чан Кайшидің жеке басына қатысты пікірлерді саралай отырып, оның Қытай халқының патриоты екендігін дәлелдеу;
  • Гоминьдан партиясының осы күнге дейін тарих аренасында келе жатқандығын және Сунь Ятсен ұсынған қағидалардың маңызын жоғалтпағандығын ғылыми тұрғыдан дәйектеу;

- Кеңес-қытай қарым-қатынасындағы Сталин мен Чан Кайши саясатының түрлі кезеңдегі өзгешеліктерін тарихи деректер арқылы пайымдау.

Дипломдық жұмыс бір-бірімен сабақтасып жататын үш тараудан тұрады. «Гоминьдан партиясы, саяси бағыттары» деп аталатын алғашқы тарауда Гоминьдан партиясының құрылуы, оның жетекшісі Сунь Ятсеннің саяси ұстанымы мен атқарған іс-әрекеттері, бағыты, оның тұсындағы кеңес-қытай қарым-қатынасы, бұған Сталиннің стратегиялық мақсат тұрғысынан араласуы, т. б. мәселелер қарастырылды.

«30 ж. Гоминьдан партиясының Кеңес Одағымен байланысы және Чан Кайшидің саясаты» деп аталатын екінші тарау Сунь Ятсен өлімінен кейінгі кезеңді қамтиды. Мұны жеке тарау етіп алудың да мәні бар. Өйткені Гоминьдан партиясы көсемінің қайтыс болуынан кейін билік басына келген Чан Кайшидің ұстанған бағыты мен жүргізген саясаты Сунь Ятсен тұсындағы саясаттан бөлек болды. Сондықтан да оны бөліп алып, онда партия ішіндегі билікке талас, Чан Кайшидің билік басына келуі, оның КСРО-ға қатысты ұстанған саясаты, Сталинмен және ҚКП-мен арақатынасы зерттеу нысанына айналып, оның Қытай тәуелсіздігін сақтап қалу үшін бірде АҚШ-қа, енді бірде КСРО-ға іш тартып, аса сақ саясат жүргізгені, Сталиннің Қытайға қатысты стратегиялық қадамдары нақты талдаулар арқылы ашып көрсетілді.

Үшінші тарау «Жапон агрессиясы кезіндегі Чан Кайши және Сталин» деп аталып, онда Қытай тарихындағы ауыр кезең - қытай-жапон соғысына, сол кезеңдегі КСРО-мен қарым-қатынасқа, Чан Кайшидің жапон басқыншылығынан құтылу үшін Сталинге қарым-қатынасқа шығып, КСРО-ның көмегіне арқа сүйегісі келгені, Сталиннің Гоминьдан партиясымен қоса ҚКП-на да бірдей іштартып, алдарқатқаны, Қытайды Жапониядан азат етуге ат салысып, қытай-кеңес арасында бірнеше маңызды шарт жасалғаны жан-жақты баяндалды. Қытай тарихындағы Гоминьдан партиясының билік жүргізу кезеңі 1949 жылы Қытай Халық Республикасының құрылып, Чан Кайшидің елден Тайваньға бас сауғалауымен аяқталады. Гоминьдан партиясының жеңіліс табу себептері пайымдалып, өзіндік тұжырымдар жасалды.

Сөйтіп, Гоминьдан партиясының тарихы үш кезеңге бөлініп қарастырыла отырып, осы кезеңдегі кеңес-қытай қарым-қатынастарындағы Сталин мен Чан Кайшидің аталған кезеңдердегі әр түрлі саясаты нақты деректер негізінде көрсетілді.

Ал енді, берілген дипломдық жұмыстың әр тақырыбына кеңінен тоқталайық.

1. Гоминьдан партиясы, саяси бағыттары

1. 1. Гоминьдан партиясының құрылуы және оның

Кеңес Одағы туралы саясаты

Кеңес-қытай қарым-қатынасы тарихында Гоминьдан партиясының құрылып, елде билік жүргізіп тұрған кезеңінің маңызы айрықша. Осы кезде тарих сахнасына Сталин, Сунь Ятсен, Чан Кайши секілді әлемге әйгілі тұлғалар шығады. Аталған адамдардың өзара қарым-қатынастары мен ұстанған саясаттары кеңес-қытай қатынасында көрініс тауып, миллиондаған адамдардың тағдырына ықпалын тигізді. Бұған бүкіл әлем назарын тікті.

Кеңес-қытай қарым-қатынасын мүдделердің тоғысуы мен қайшы келуі, түрлі режимдердің сынақтан өтуі, саяси жүйелердің бірде теке-тіресіп, бірде ымыраласуы, қоғамдық күштер мен партиялардың айқасуы, капиталистік, социалистік қатынастардың алма-кезек ауысуы, т. б. ретінде сипаттауға болады. Сунь Ятсен, Чан Кайши дәуірлеріндегі кеңес-қытай қарым-қатынастарының жалпы бейнесін толығырақ білу үшін Қытай қоғамының ХХ ғасырдың басындағы жай-күйіне тоқталып өтпеуге болмайды.

ХІХ ғасырда Қытай елі бірнеше экономикасы дамыған елдердің ықпалында болды, ал ХХ ғасырдың басында Қытай жартылай отарға айналды.

ХХ ғасырдың басында шетелдегі жоғарғы оқу орындарындағы қытай студенттерінің арасында қазіргі партияларының нысаны бар. Көптеген саяси топтар құрылды, олар негізінен, еркін және тәуелсіз қытай туралы арман еткен демократиялық интеллигенция өкілдерінен тұратын. Олардың арасынан, әсіресе, өзінің республикалық революция туралы теория дайындаған және осы революцияны батыл түрде күшпен жүргізуді қолдаған Сунь Ятсен есімді дәрігер ерекше көзге түсетін. Көптеген жылдар бойы республикалықтар талай ауыртпашылықтарға қарамастан манчжуриялық шенеуніктерге қарсы жеке террорлық әрекеттер жүргізумен шұғылданды. Республикалық қозғалыс тек интеллигенттердің ортасында ғана дамыды. Дегенмен, кәсіби революционерлердің шамалы ғана тобы бомбалар дайындап, ал бомбаларының әсерінен халық оқтын-оқтын өз мүддесін танытып отырды.

Елде Сунь Ятсен басқарған азаттық қозғалысы басталды. Бұл қозғалыс бірнеше жылдарға созылды. Ол 1905 жылы Тунмэнхой революциялық ұйымын құрды. Тунмэнхой революциялық ұйымының бағдарламасы Қытайдың ірі революционері Сунь Ятсен әзірлеген үш қағидадан тұрды. Біріншісі, ұлтшылдық (Цинь дниастиясын тақтан тайдыру және Қытайдың тәуелсіздігін қалпына келтіру), екінші халық билігі (республиканы құру) және халықтың әл-ауқатын көтеру (жерді пайдалануды біртекті ету) .

1905 жылы елдің ірі қалаларында американ тауарларына қарсы байкот жарияланды. Оны елдің ірі коммерсанттары мен фабриканттары және басқалар қолдады. Бұл науқан қала халқының барлық таптарын қамтыды. Бір қызығы, ол тіпті император байкотқа тыйым салу туралы жарлық шығарған кезде де жалғасын тапты. 1908 жылы дәл осындай байкот жапон тауарларына байланысты жасалынды1.

1911 жылдың қазанында Ухань қаласында республикалықтар қалалық горнизон бөлімдерінің арасында кезекті бүлікті әзірледі. Бұл астыртын әрекетті бастаушылардың арасында революцияның жақтастары болып табылатын офицерлер жүргізді, ал солдаттар арасында антиманчжурлық пиғылдар орын алған болатын. Арандатушының құпия хабары бойынша астыртын әрекет жүргізуші офицерлердің көпшілігі тұтқынға алынып, атылып тасталды. Бұл жағдай туралы естіп білген республикалықтардың астыртын орталығы сол күні шұғыл түрде Ухань қаласынан бас сауғалауға мәжбүр болды. Көпшілігі көтіріліс жоспарын жүзеге аспады деп ойлады. Аталған көтеріліс Қытайдың оңтүстік және орталық провинцияларына жылдам тарады. Өнеркәсіп жағынан нашар дамыған елдің солтүстігі Цинь үкіметінің қол астында қалды. Цинь императоры бұрынғы астана провинциясының губернаторы генерал Юань Шикайдан көмек сұрады. Юань Шикай император әскерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, ал қарашаның басында император үкіметінің премьер-министрі болды.

Сол кезде елдің оңтүстігінде уақытша революциялық үкімет құрылды, ал 1911 жылдың желтоқсанында 17 революциялық провинция өкілдерінің конференциясында АҚШ-тан елге қайтып келген Сунь Ятсен республиканың уақытша президенті болып сайланды. Саяси айла-шарғыларының нәтижесінде ымыраға қол жеткізіліп, Цинь императоры тақтан тайдырылды. Дегенмен Сунь Ятсеннің өзі де Юань Шикайға президенттік тұғырды беруге мәжбүр болды.

Үкіметтің соңғы премьер-министрі императорды өз тағынан бас тартуға көндіріп, 1911 жылдың соңында өзі уақытша үкіметті басқарды. Бір жыл өткеннен кейін парламент сайлауы жүрді. Бұл сайлауда белгілі жас аралығындағы ер азаматтар ғана қатыса алғандығымен Сунь Ятсен партиясы 70%-тен астам дауыс жинады. Уақытша үкімет сайлау нәтижелерін жоққа шығарып, ал үкімет басшысы өзін президент деп жария етті. Сунь Ятсен қайтадан шетелге қашуға мәжбүр болды. Қытайдың бірінші президентінің билігі монархияның билігіне қарағанда әлсіз болды. 1911 жылдан кейін әлемдегі күшті державалар Қытайдың орталық үкіметінің әлсіздігін пайдаланып, оны ашықтан-ашық бөлшектеуге әрекет жасай бастады. Елдің оңтүстік батыс бөлігін Франция, ал шығыстағы Шаньдун провинциясын Германия әскерлері жаулап алды. Солтүстік провинцияларды Ресей мен Жапония, ал оңтүстік шығыс жағындағы Шанхай қаласын орталық ете отырып оны Ұлыбритания иемденді.

1911 жылы елді басқарып отырған Цинь династиясы тақтан тайдырылып, Қытай республикасы құрылды. 1912 жылы Сунь Ятсен Гоминьдан партиясын құрды2.

1912 жылдың 10 наурызында провинциялар өкілдерінің жиналысы өздерін Ұлттық жиналыс деп жариялап, Сунь Ятсен ұсынған республиканың уақытша конституциясын қабылдады. Жартылай феодалдық Қытай үшін бұл конституция прогрессивтік құжат еді. Мұнда халықтың барлығы тең құқылы деп және жеке тұлғаның құқығына қол сұғуға болмайтындығы, жиналыс өткізу еркіндігі, баспасөз бостандығы, діни наным бостандығы, хат алысулардың құпиялылығы, шенеуніктердің заңсыз әрекеттеріне арыздану құқығы және т. б. белгіленген болатын. Конституция бойынша жоғарғы заң шығару органы ретінде екі бөліктен тұратын парламент көзделген еді. Сунь Ятсен бұл конституция Юань Шикайдың диктаторлық билігіне шектеу қояды деп есептеген еді. Бірақ есебі ойдағыдай болмады.

1912 жылы Гоминьдан партиясы астыртын ұйымнан парламенттік партияға айналды. Сунь Ятсен Қытай республикасының көп партиялық элементтерінің бірі етуге ұмтылды, бірақ Гоминьданның ашық саяси бәсекелестік жағдайында дамуға мүмкіншілігі болмады. Юань Шикай ашық оппозициясының барлығын басып-жаншығаннан кейін Қытай Республикасы тек қағаз жүзінде өмір сүре бастады. Сунь Ятсеннің партизандары тағы да астыртын қимылға көшті, сөйтіп Сунь Қытайдағы революциялық рейдтерді шетелдік базаға сүйене отырып дайындауға мәжбүр болды. Жағдайға бейімделе отырып Гоминьдан тағы да алға бір қадам жасады, алайда бүкіл Қытай ауқымында саяси билікті басып алуға мүмкіндігі жетпеді.

1912 жылдың желтоқсанында 1913 жылдың ақпанында өткен парламенттік сайлауларда Тунмэнхуэй қайта құру нәтижесінде құрылған Гоминьдан (ұлттық партия) көпшілік дауысқа ие болды. Жаңа партияның көшбасшысы Сунь Цзяожэнь премьер-министр болуға әзірленіп жатқан еді. Парламенттің ықпалын азайту үшін Юань Шикай саяси террорға жүгінді, сөйтіп парламенттің ашылуына үш апта қалғанда оның өкімі бойынша Сунь Цзяожэнь өлтірілді. Юань Шикай ішкі және сыртқы саясаттың маңызды мәселелері бойынша парламенттің пікіріне мойын сұнбады. Сол кезде ол шетелдік державалардың қолдауына қол жеткізуге ұмтылды. Сондықтан 1913 жылдың мамырында Сунь Ятсен халықты және оңтүстік провинциялар әскерін Юань Шикай диктатурасын құлатуға шақырды. Юань Шикайға қарсы көтеріліс сол жылы басталып жеңіліс тапты. Осыған байланысты Сунь Ятсен Жапонияға қашуға мәжбүр болды.

Юань Шикай көтерілісті басып, өзінің жеке билігін күшейтуге шаралар қабылдады. Қорқыту және астыртын әрекеттер арқылы ол парламентте өз кандидатурасын тұрақты президент ретінде өткізіп бекітіп алды. Парламент артынша таратылып, 1914 жылдың 14 мамырында президентке диктаторлық құқықтар берген жаңа Уақытша конституция жария етілді. Министрлер кабинеті енді парламент алдында жауап бермей, тек президент алдында жауапты болып табылды. Көптеген демоктартиялық институттар жойылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Гоминьдан партиясын басқаруды шетелде жүргізудің өзі де ауырлап кетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тайвань мәселесі
Мау Зедоң
ХХғ.соңындағы Азия мен Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
Жапон соғысы кезіндегі әдебиет
Чан Кайши дипломатиясы
Синьхай революциясы
Орта Шығыс елдер тарихы
Қытай конституциясы
Мао цзэдунның өмірбаяны, ғылыми талқылары
Т. Рысқұлов
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz