НАТО мемлекеттерінің үкіметтері


Тұрақтылық пен татулықты қамтамасыз етудегі НАТО-ның саясаты.
Мазмұны:
Кіріспе
1 Бөлім. НАТО-ның жаңа стратегиялық тұжырымдамасы.
1. 1. НАТО трансформациялау және жаңа стратегияны қалыптастыру жолында
1. 2. «Жерорта теңізі диалогы», «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» - қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тұрақтылық кепілі.
1. 3. НАТО-ның бітімгершілік әрекетін тәжірибеде қолдану: операциялар мен миссиялар.
2. Бөлім. НАТО халықаралық қауіпсіздіктің жаңа архитектурасында
2. 1. НАТО АҚШ-тың геосаяси құралы ретінде қазіргі заманғы тәсілдері.
2. 2. Лаңкестікпен күресте НАТО-ның қазіргі заманғы тәсілдері.
2. 3. Альянсты кеңейтудің салдары және НАТО-ның қазіргі кездегі проблемалары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Қазіргі кезде дүниежүзінің барлық дерлік мемлекеттері өздерінің ұлттық қауіпсіздіктерін тек қана өз күштеріне сүйеніп қорғау мүмкін еместігін түсініп отыр. Бұл тек даму деңгейі орташа немесе төмен елдерге ғана емес, сондай-ақ көшбасшы мемлекеттерге де қатысты. Осылайша қауіпсіздіктің ұжымдық жүйесін құру қажеттігі келіп шықты, ол осы жүйедегі әрбір мүше мемлекеттің қауіпсіздігіне ортақ жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс болды. Қазірдің өзінде Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде әзірше жақсы жетілмеген болса да, ғаламдық сипаттағы дағдарыстарды шешудің механизмі қалыптасты.
Бірақ бүгінгі күні әлемдік тұрақтылықты, татулықты қалыптастыру жөнінде айтуға бола ма? Оның жауабы да теріс болар еді. Оның әртүрлі, даулы түсініктері бар. Көптеген батыс зерттеушілері тұрақтылықтың негізгі алғышарты жалпы құндылықтар жүйесін, ең алдымен демократияның қалыптастыру қажеттігіне сілтеме жасайды. Бірақ, демократиялық құндылықтар мәдени факторлармен және тарихи тәжірибемен анықтала бермейтінін ескере бермейді.
Сонымен қатар тұрақтылықты қалыптастыруға қатысты белгілі бір теория болмағандықтан тек демократиялық құндылықтар арқылы тұрақтылыққа қол жеткізуі мүмкін емес.
Тұрақтылықтың алғы шарттарына өзін идентификациялау, транспаренттілік, әскерилер арасындағы ынтымақтастық, жеткілікті дамыған экономика сауда байланыстарын әрі қарай дамытумен жаңа қауіпке қарсы күш біріктіру қажеттігі жатады.
Қауіпсіздіктің ғаламдық қауымдастығын қалыптастыру халықаралық аренадағы тәртіптің жалпы ережелерін түсінуді талап етеді. Қазіргі кезде тұрақты татулық географиялық тұрғыдан алғанда Еуропаның батыс бөлігі мен Солтүстік Америка қауымдастығында орын алған. Қауымдастыққа кірген мемлекеттер өз арасында рационалды саси акт ретінде соғыс жүргізуге жол бермейді, оның үстіне соғысу субрационалды түрде ақылға сыйсайды. Американдық Дж. Мюллер былай деп атап көрсетті: «Адамның санасында соғыс идеясының пайда болуы үшін мынадай екі кезеңдік процестен өтуі тиіс: біріншіден, соғыс шынайы мүмкіндік ретінде қарастырылуы тиіс, екіншіден, мұндай мүмкіндіктерді талдау кезінде соғыс жүзеге асыруға лайықты деп танылуы мүмкін. Соғыс идеясы жағдайдан шығудың мүмкіндігі ретінде адамның басына келмеу керек, сонда ғана ол іске аспайды.
Орталық және Шығыс Еуропаға тұрақты татулықтың аумағын тарату НАТО-ның «Еуропадағы соғыс болу мүмкін емес аумақтарды» кеңейту мақсатына жатады.
Бұл диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі сонда, дүниежүзінде тұрақтылыққа кепілдік беретін және қауіп қатерлерге ықпал ете алатын қауіпсіздік жүйесін құрудағы НАТО-ның қазіргі кезде жүргізіп отырған саясатын ғылыми-теориялық тұрғыда түсінудің қажеттілігін көрсетеді.
НАТО соңғы он жылдықтың едәуір бөлігін еуропа мен Орталық Азияның көптеген серіктес елдерімен қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты дамытуға жұмсады. Альянстың басты мақсаты бұрынғысынша қатысушы елдердің ұжымдық қорғанысын қамтамасыз ету болса да, ол өзінің бірқатар басымдықтарын қайта қарастыра отырып, белгілі бір деңгейде Еуропалық-Атлантикалық аймақта қауіпсіздікті арттыруға ықпал етуде. Бүгінгі күні Альянс осы аймақта қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған халықаралық байланыстардың жаңа жүйесінің негізгі ұйымдастырушы күші болып саналады. Қазіргі кезде 46 ел, оның ішінде НАТО-ға, бұрынғы Варшава шартына мүше елдер, жаңа тәуесіз мемлекеттер және дәстүрлі бейтарап елдер бірлесіп арнайы оқулар ұйымдастыруда, қауіпсіздік мәселелерін бірігіп талқылауда және бітімгершілік операцияларын да бірлесіп жүргізуде.
Әрине, мұндай жан-жақты құрылымнан тұратын ынтымақтастықтың құнды болары сөзсіз. Барлық елдердің құрылымы болады, олар сол құрылымның көмегімен қауіпсіздік аясында өз мүдделерін жүзеге асыра алады. Ұсақ, икемге келмейтін аймақтық альянстарды құрудың, біржақты шешім қабылдаудың қажеті болмай қалады. «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» (ПИМ) бағдарламасының және еуро-атлантикалық серіктестік Кеңесінің (СЕАП) қызметінің шеңберінде қауіпсіздік аясында жаңа байланыстар жасалады, оның құрылымы жаңа мүшелері үшін түсінікті және ынтымақтастық үшін ашық болады. Мұның өзі ғана айтарлықтай өзгерістерді және болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды үлесін көрсетеді. НАТО-ның қазіргі кездегі стратегиялық тұжырымдамасында Солтүстік Атлантикалық одаққа кездесетін қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлер «көп бағытты және болжауы қиын»-деп сипатталады.
НАТО-ның қауіпсіздік саласындағы бірінші деңгейдегі мақсаттары мынадай:
- Еуро-атлантикалық аймақта тұрақтылықтың негізі болу;
- Қауіпсіздік мәселелері бойынша консультация өткізу үшін форум қызметін атқару;
- НАТО-ға мүше кез келген мемлекетке қарсы агрессияның қаупінен ұстап тұру және қорғау;
- Дау-жанжалдарды болдырмауға және дағдарыстарды реттесуге белсенді түрде қатысуға ықпал ету,
- Еуро-Атлантикалық аймақтың басқа елдерімен кең көлемді серіктестікті, ынтымақтастықты, диалогты дамытуға ықпал ету.
Қауіпсіздік саласында шақырулар мен қауіп қатерді бағалау кезінде 1999 жылғы стратегиялық тұжырымдамасында мынадай қорытынды жасалды: стратегиялық жағдай негізінен оңды бағытта өзгеруде және «қырғи қабақ соғыс аяқталған соң, Солтүстікатлантикалық одақ басқа ұйымдармен қатар, еуро-атлантикалық қауіпсіздікті нығайтуда айтарлықтай рол атқаруда.
Жаңа мақсаттарға байланысты НАТО соңғы онжылдықта ұжымдық қорғанысқа жауап беретін одақтан қауіпсіздіктің кең көлемді аспектілері бойынша мемлекеттерді ынтымақтастырушы серіктестік орталыққа айналды. 1990 жылдан бастап бұрын Варшава шартына қатысқан елдермен және бұрынғы Кеңес Одағының тәуелсіздік алған республикаларымен тұрақты қатынастар орнатылды. Бұл алғашында Солтүстік-Атлантикалық ынтымақтастық Кеңесінің шеңберінде, кейіннен «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы шеңберінде жасалды.
Сонымен қатар, НАТО жаңа сынақтарды жеңіп шығу үшін бірқатар жаңа бастамалар көтерді. Сол бастамалардың ішіндегі ең негізгілері мыналар: қорғаныс потенциалын дамыту жөніндегі бастама, еуропалық қауіпсіздік пен қорғанысты жетілдіру, жаппай қырып-жоятын қаруға қарсы күрес бойынша Орталық құру, мұнда НАТО-ның негізгі мақсаты- сондай қарулардан келетін қауіпке ықпал ету қабілетін арттыру және оның таралуына жол бермеу.
НАТО трансформацияларының маңызды мақсаттарының бірі - бұрынғы қарсыластарымен диалог және ынтымақтастық арқылы өзара түсіністік пен сенімділікті орната отырып, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту болды. 1994 жылы НАТО «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бастамасын көтерді. Бұл бағдарлама оған қатысушы елдерге қарулы күштерін және қоғамды демократияландыруға көмек беру үшін бағытталған. Әрбір мемлекеттің қажеттілігіне бейімделген бағдарлама қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті бағдарламаны жүзеге асырудың аспектілерін таңдауға серіктестеріне рұқсат ете отырып, әртүрлі салада ынтымақтасуға мүмкіндік береді.
Өткізілетін шаралар әскери оқу және семинарлардан бастап дайындық курстарына дейінгі әртүрлі әрекеттерді қамтиды. Қарулы күштерді барынша траспаренттілікке айналдыруға ерекше көңіл бөлінуде. «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасының шеңберінде жинақталған тәжірибе бітімгершілік контингеттеріне қатысушы елдердің арасында ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай ықпал етті.
2001 жылы 11 қыркүйекте жасалған террористік актілер Солтүстік-Атлантикалық одақтың стратегиялық көзқарасына қатты ықпал етті. Лаңкестердің самолеттерді Нью-Иорктегі Бүкілдүниежүзілік сауда орталығына және Вашингтондағы Пентагонға бағытталған күннің ертесіне НАТО-ның одақтастары Солтүстік-Атлантикалық одақтың тарихында алғаш рет Солтүстік-Атлантикалық шарттың 5 бабын қолдану жөнінде шешім қабылдады. Онда былай делінген: «Шарт жасаушы тараптар мынадай жағдайлармен келіседі - Еуропаға немесе Солтүстік Америкаға жасалған бір немесе бірнеше қарулы шабуылдар жалпы оларға қарсы жасалған шабуылдар деп қарастырылады, мұндай қарулы шабуыл жасалған жағдайда БҰҰ-ның 51-бабында айтылған жеке немесе ұжымдық қорғану құқығын жүзеге асыру тәртібіне орай шарт жасаушылар бір-біріне көмектеседі. Олар жеке немесе бірлесіп әрекет етеді, егер қажет деп тапса Солтүстік -Атлантикалық аймақта қауіпсіздікті орнату және оны сақтау мақсатында қару қолдана алады»[4] .
Бүгінгі күні дүниежүзінде болып жатқан оқиғалардың логикасы қауіпсіздіктің ұжымдық қауымдастығын қалыптастырудың қажеттігін көрсетті. Мұндай қауымдастықтың негізін құрудың шынайы алғышарты да бар. Мемлекеттердің және ұжымдық қауіпсіздіктің аймақтық ұйымдарының өзара әрекет ету мүмкіндігін әрі қарай дамыту керек. Мақсатқа жету үшін мыналар қажет:
- бірлескен әскери операцияларды жүргізудің тәжірибесін кеңейту;
- лаңкестік және жаппай қырып-жоятын қаруларды тарату сияқты әрекеттерге бірлесіп жауап беру және бұл қауіптерден қорғану жолдарын іздестіру;
- ұзақ мерзімді жоспарда дүниежүзінде тұрақтылықты нығайту жолдарын бірігіп ойластыру;
- аймақтық және аймақтық емес жанжалдарға қатысып өзінің саяси сызбасын келісіп шешу.
Жоғарыда келтірілген жағдайларды ескере отырып, НАТО сол аталған мақсаттарға жету үшін ұйымдастыру формасы бола алады. Бұл мақсаттарға жетуге басқа ұйымдарға қарағанда, НАТО әбден лайық. Әрине, мүлдем басқаша жаңа құрылым жасауға болады, бірақ ол көп күш жұмсауды қажет етеді.
Сонымен, бұл жұмыстың мақсаты НАТО-ның өзі ықпал ететін зонада ғана емес, оның сыртында да тұрақтылықты қамтамасыз ету мен бейбітшілікті сақтауға қатысты жүргізіп отырған саясатының ерекшеліктерін кешенді талдау болып табылады.
Осылайша, бұл зерттеуде төмендегі мәселелер көзделеді:
- НАТО-ның алдағы белгіленген процестерін және олардың бұл жүйедегі ең тиімді, әрі әрекетті құрамдасы ретінде жақын болашақта транформациялануын қарастыру және оларды талдау;
- НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы серіктестік», «Жерорта теңізіндегі диалог» бағдарламалары арқылы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатын талдау және зерттеу;
- Бітімгершілік операциялар мен миссияларды жүргізуде негізгі мақсаттар мен міндеттерді анықтау, халықаралық лаңкестікпен күресте НАТО-ның қазіргі заманғы тәсілдерін талдау.
Әдіснама. Аталмыш жұмыстың авторы зерттеу барысында ғылыми жинақтың әдістеріне және нақты негізделген зерттеулердің талдауына, сондай-ақ НАТО-ның тұрақтылық пен бейбітшілік қамтамасыз етуде жүргізіп отырған саясатының ерекшеліктерін зерттеумен айналысқан саясаткерлердің, ғылыми қызметкерлердің мақалалары мен еңбектеріне сүйенді.
Зерттелу деңгейі: 1990 жылдың аяғындағы отандық зерттеушілердің ғылыми жұмыстары негізінен реалистік және көп аспектілі сипатта болды. Әсіресе, В. И. Алесиннің, Т. Т. Шаймергеновтың, М. Лаумуминнің еңбектері ерекше көңіл аударуға тұрарлық. Сондай-ақ ресейлік Т. Арзаманованың, А. А. Языкованың, О. Кулаковтың, С. А. Романенконың, Е. К. Силиннің, Т. Г. Пархалинаның, А. Г. Арбатовтың, А. . Богатуровтың, В. Г. Барновскийдің, Д. А. Даниловтың, Ю. П. Давыдовтың, А. В. Загорскийдің, А. Г. Ивановтың, А. В. Кортуновтың, В. С. котлярдың, В. А. Кременюктің, В. И. Кривохожидің, А. А. Конаваловтың, Д. А. Грениннің, М. А. Троицкийдің, В. В. Штольдің, Т. В. Юрьеваның зерттеулері жоғары ақпараттық мазмұндылығымен, Еуроатлантикалық аймақта қауіпсіздік саласындағы саяси шынайылықты көрсететін кәсібилігімен ерекшеленеді.
Бұл жұмыстың хронологиялық шеңбері 1991 жылдан осы кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. 1991 жылы НАТО Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен ресми сапарлар және дипломатиялық қатынастар жасады. Рим декларациясының 1991 жылы қарашада жариялануы осы эволюциялық қатынастардың барынша мықты институционалдық негізде қайта құрылуына негіз болды. Оның шешімі ретінде 1991 ж желтоқсанда Солтүстік-атлантикалық ынтымақтастықтың Кеңесі құрылды (ССАС), оған НАТО елдері мен жаңа консультативтік формуладағы Орталық және Шығыс Еуропаның бастапқыда тоғыз елі қосылды. Жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндетіне сәйкес құрылған. Ол кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Бөлім. НАТО-ның жаңа стратегиялық тұжырымдамасы.
1. 1. НАТО трансформациялау және жаңа стратегияны қалыптастыру жолында.
Еуропада күрделі динамикалық процестер дами бастады, оның барысында еуропалық қауіпсіздіктің жаңа құрылымы қалыптасады, ол жөнінде ондаған жылдар бойы дискуссиялар жалғасуда. Оның маңызды бөлігінің бірі Солтүстік-Атлантикалық шарт Ұйымы (НАТО) .
Осыған байланысты НАТО-ның бүгінгі жағдайы қандай, жаңа іс жүзіне бейімделуі қалай өтуде, еуроатлантикалық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Альянс қандай рөл атқаруда деген мәселелер бойынша қызығушылық туындап отыр.
Кезінде Кеңес Одағына қарсы тұру үшін құрылған Альянс КСРО құлап, Варшава шарты Ұйымы тарағаннан кейін де өмір сүруін тоқтатқан жоқ.
1990 жылы шілдеде Лондонда өткен НАТО Кеңесінің сессиясында НАТО-ға мүше елдер «альянсты Еуропа тарихында ең сәтті құрылған одақ» деп мойындадаы. Осы жағдайға қарамастан, қауіпсіздік мәселелерін шешудің тәсілдерін өзгерту қажет болып отыр.
1991 жылы НАТО Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен өзара сапарлар жасасып, дипломатиялық қатынастар орнатты. Рим декларациясының 1991 жылы қараша айында жариялануы осы эволюциялық қатынастардың барынша мықты институционалдық негізде қайта құрылуына негіз болды.
Оның тікелей шешімі ретінде 1991 жылдың желтоқсан айында Солтүстік-Атлантикалық ынтымақтастықтың Кеңесі құрыды. (ССАС) . Оған НАТО елдері мен жаңа консультативтік форумдағы Орталық және Шығыс Еуропаның бастапқыда тоғыз елі қосылды. 1992 жылы наурыз айында Солтүстік-Атлантикалық ынтымақтастықтың Кеңесіне ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің барлығы қосылды, ал, 1992 жылдың маусым айында - Грузия мен Албания кірді. Солтүстік-Атлантикалық ынтымақтастық Кеңесінің алғашқы мәжілісі 1991 жылдың 20 желтоқсанда өтті, дәл осы уақытта Кеңес Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатты.
Рим декларациясы НАТО сессиясында 1991 жылы НАТО-ның жаңа стратегиялық тұжырымдамасын қисынды мазмұндады, онда континенттің қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда тек Еуропадағы емес, оның сыртында да туындаған жанжалдарды реттеуде НАТО-ның рөлін арттыру қарастырылды. Сонымен қатар, Альянс шекарасында қауіпсіздік пен қорғаныстың жеке Еуропалық жүйесін құру көзделді. (ЕСБО) .
Тұжырымдамада қауіпсіздік саясаты бірін-бірі толықтыратын үш элементке негізделетіні атап көрсетілді:
- континенттің барлық елдері арасында, сондай-ақ, трансатлантикалық шекаралар мен батысеуропалық институциялар арасындағы диалог пен ынтымақтастық;
- ұжымдық қорғаныс мүмкіндіктерін қолдау;
- әскери өлшем, ол мақсатқа жетудің ажырамас бөлшегі.
1994 жылы қаңтар айында НАТО-ның Брюссель саммиті болып өтті, ол Альянстық постконфронтациялық дамуындағы кезең болды. Мұнда Вашингтон шартының ұстанымдарын өмірге енгізе алатын және Солтүстік-Атлантикалық аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қоса алатын басқа еуропа елдері мүше болуға альянстың есігі ашық деп тұжырымдалды.
Көлемді сырттай қауіп-қатер мен АҚШ-тан тәуелсіз еуропа елдерінің қорғаныс интеграциясы болмаған жағдайда Альянстың құлдилауын болдырмас үшін бірнеше механизмдер іске қосылды: Көпұлттық бірлескен оперативтік-тактикалық күштер (МООТС), «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» (ПРМ) және НАТО-ны кеңейту. Сонымен қатар, альянс шекарасында ядролық қаруларды таратпау жөніндегі мәселе мен Жерорта теңізі елдерімен ынтымақтастық бағдарламасын дамыту жөнінде талқылау басталды.
Халықаралық қауымдастықтың соңғы онжылдықта қауіпсіздік саласындағы ғажайып жетістіктерінің бірі «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы болды. Оны қабылдаған соң, 1994 жылы осы бағдарламаға қосылуға шақыруды отыз ел қабыл алды. Оның ішінде он ел НАТО бойынша Одақтас болды: Венгрия, Польша, Чехия 1999 жылдан бастап, 2004 жбастап Эстония, Болгария, Латвия, Литва, Румыния, Словакия, Словения.
НАТО-ның қазіргі шынайылыққа бейімделуі жөнінде әртүрлі бастамалар қабылдануда. Бұл күш салулардың мәні мен бағыты толығымен 1999 жылғы Стратегиялық тұжырымдамада және 2002 жылы қарашада өткен НАТО-ның Прага саммитінің шешімінде көрініс тапқан.
Жаңа концепциялық тұжырымдамаға сәйкес, НАТО-ға еуро-атлантикалық қауіпісіздіктің қалыптасқан жүйесінде орталық рөлді атқару жүктелді. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес демократиялық институттарды дамыту мен дауларды бейбіт түрде шешу жолдарын қарастырылды. НАТО-ға қатысушы елдерге қарсы ірі көлемдегі агрессияның болу мүмкіндігі аз екендігін мойындай отырып, тұжырымды жасаушылар альянс әртүрлі бағыттағы қауіптерге және болжап болмайтын қауіптерге қарсы тұруы тиіс деп атап көрсетті.
Мұндай қауіптердің қатарына мыналар жатады: ядролық, биологиялық және химиялық қаруларды тарату, лаңкестік, диверсия мен ұйымдасқан қылмыс, өмірлік маңызды ресурстардың көздерін бұзу, қарулы қақтығыстарға алып келетін адам топтарын бақылаусыз орналастыру.
Дау-жанжалдарды болдырмауға және дағдарыстарды реттеуге үлкен мән беріледі. Сонымен қатар, Вашингтон шартының 5-бабы альянстың кез-келген қатысушысына қарсы агрессия болған жағдайда ұжымдық қорғаныстың ұстанымдарын анықтайды, операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді. Альянсқа қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде дәстүрлі зонаның сыртына да шығу идеясы ойластырылуда.
НАТО-ның Прага саммиті шешімінде оның жаңа қауіптер мен шақыруларға бейімделуі туралы стратегиялық тұжырымдаманың ережелерінде тәптіштеп айтылады. Бірінші кезекте мына мәселелер қарастырылды: 1) қазіргі заманғы талаптарға сәйкес Альянстың әскери потенциалының сапасын арттыру; 2) лаңкестікке қарсы операцияларды тек альянс аймағында ғана емес, одан тыс зоналарда да жүргізу үшін ықпал ету күштерін құруды жоспарлау; 3) әртүрлі деңгейдегі штабтардың көпшілігін қысқарту. НАТО-ның жаңа құрылымы үйлесімді және тиімді, жаппай қырып-жоятын қаруларды тарату қаупіне байланысты жағдайларда тез арада күш пен әрекеттерді өрістетуге қабілетті болады деп күтілуде. НАТО-ның барынша икемді әскери құрылымын қалыптастыру қажеттігі бітімгершілік операцияларын жүргізу кезінде, лаңкестік пен жаппай қырып-жоятын қаруларды таратуға қарсы әрекет ету жағдайды динамикалық өзгертуге қиындық келтіретін қолайсыдықтарды жеңуге деген ұмтылыстан туындады.
НАТО өзінің бейімделу мен транцформациялау процесінде әскери құрылымның ішкі мазмұны мен айнала қоршаған ортамен қатынасына тән консерватизмді жеңуді ойластыруда. Жаңа проблемалардың пайда болуы ойлар мен жоспарларды іске асыруды қиындата түсуде. Оның себептеріне альянсты кеңейту процесіне ықпал етудің бірыңғай болмауы, әскери потенциалдардың саяси мәдениеті мен деңгейінің әртүрлі болуы, НАТО мен ЕС арасында оңтайлы қатынастарды іздестіру жатады.
НАТО-ның өзінің жауапты дәстүрлі зонасынан тыс сыртқа шығу мүмкіндігін қарастыратын болсақ, ол көбінесе, қауіпсіздікке төніп отырған қатер еуропадан тыс сипатта деген уәжді алға тартып отыр. Осыған байланысты НАТО-ның алдында қауіпсіздік аясында әрекет ететін басқа халықаралық институттармен бірлесіп қызмет атқару проблемасы тұр. Сондай-ақ, альянсты құқықтық нормаларды сақтап, БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің ерекше рөлін мойындай отырып, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қалыптасқан қауымдастыққа икемделуі қажет.
НАТО-ның кеңеюіне байланысты бірқатар проблемалар пайда болды, олар экономикалық және саяси дамудың, әскери потенциалдардың деңгейі мен сапасының, БҰҰ-на қатынастардың әртүрлі болуына байланысты туындайды. Альянс кеңейген сайын оның шешім қабылдауда шапшаңдығы жойылып, жалпы құрылымды басқаруы төмендейді деген пікірлер айтылуда.
Ирак дағдарысы кезінде одақтастардың мақсатқа сәйкес әскери күштерді қолдануында үлкен айырмашылықтар көрінді. Кейбір мемлекеттердің басшылары БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің басымдық рөлін мойындап, халықаралық құқық нормаларын сақтау қажеттігін алға тартты. Иракка қарсы операцияларды өткізу үшін Түркияның территориясын пайдалануға келісім алу АҚШ-қа оңайға соққан жоқ. Оның үстіне Вашингтонның және коалиция бойынша оның одақтастарының БҰҰ Қауіпсіздігі Кеңесін айналып өтіп, әскери күштерді қолдану саясатын көптеген еуропа елдерінің халқы, оның ішінде кезінде Иракқа қарсы әскери әрекеттерді құптаған басшыларда қолдаған жоқ.
НАТО мен ЕО-тың өзара қатынасында әлі де белгілі бір қайшылықтар сақталып отыр. Прага саммитінен кейін қабылданған екеуінің қатынасы туралы Декларация олардың бірлесіп әрекет етуіне негіз қалады. НАТО ресурстарын қолдану Еуроодаққа шығыстарын қысқартуға, әскери потенциалының құрылымын оңтайландыруға және әртүрлі операцияларды жоспарлауда Альянстың жинақтаған тәжіриесін пайдалануға мүмкіндік береді. Бірақ, әлі де екі ұйымның алдында тұжырымдамалық және тәжірибелік проблемалар кешенін шешу мәселесі тұр, оның үстіне Еуропалық Одақтың ішінде НАТО-ға тәуелсіз күштерді құру идеясын талқылау жалғасуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz