ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
1 ТАРАУ. ТҮРКИЯНЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚҚА ЕНУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАР 5
1.1.ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ 5
2 ТАРАУ. ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН 18
2.1. САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ 18
2.2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ 29
2.3 МӘДЕНИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ 39
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ 48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 49
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Түркия қазіргі кезде 70 миллион халқы бар
күшті демократиялық мемлекет болып табылады. Түрік халқы саяси-
экономикалық, сонымен қатар технологиялық салада үлкен серпіліс жасаған ел.
1999 жылы Түркияның Ұлы Жиналысының залында АҚШ-тың сол кездегі президенті
Б.Клинтон: “Америка да, Еуропа да сіздің тағдырыңызды шешпейді. Тек қана
сіздер өзіңіз осы құқыққа иесіздер”, - деген еді. 250 жыл бойы Түркия
Ресейдің тарапынан жаулап алынудан қорқып келді. Бұл қорқыныш әлі көптеген
түріктердің санасында сақталып келеді.
Дегенмен, республикалық Түркия өзінің әлемдік аренадағы және аймақтағы
орнын белгіледі, әрқашанда болашақты ойлай әрекет етіп келді және осылай
жалғастырады да.
Ұсынылып отырылған “Қазіргі кезеңдегі Түркияның сыртқы саясаты: бағыты,
проблемалары, болашағы” атты дипломдық жұмыс Түркия елінің қазіргі
кезеңдегі әлемдегі орнын, даму процесіндегі түрлі проблемаларды, сонымен
қатар, Қазақстан Республикасымен байланысын толық қамтып, екі тарауға
топтастырылған.
Оның бірінші тарауында Түрік Республикасының Еуропадағы орны мен Еуропалық
Одақ құрылған кезден бастап күні бүгінге дейінгі аралықта одаққа кіру
процесіндегі проблемалары туралы мәліметтер келтірілген.
Түрік қоғамы үшін Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы проблемалық қарым-
қатынас бүгінгі таңда ең өткір де өзекті мәнге ие болып отыр. 50 жыл
шамасында Түркия өзінің даму жолында және еуропалық институттарға қосылу
мақсатында еуропеизацияға басқан стратегиялық қадамын барынша жария етті.
Өз кезегінде Еуропалық Одақ елдің географиялық және геосаяси жағдайын
ескере отырып, оның мүшелікке енуіне толықтай қарсы емес. Бізге белгілі,
Түркия 1945 жылдан бастап Батыс елдерінің стратегиялық серіктесі, Орталық
Азия мен Таяу Шығыстағы одақтасы болып табылады. Еуропа елдерінің Түркиямен
қарым-қатынасын одан әрі тереңдетуіне бұдан да басқа көптеген факторлар
әсер етеді. Бұл әрине, ел арқылы Орталық Азия елдеріне өз ықпалын
күшейтуге, жаңа энергоресурс көздеріне жол ашылуына жағдай туғызады.
Түркия мемлекетінің одаққа кіруде сан рет жасаған талпыныстары 1959 жылдан
бастап, күні бүгінге дейін жалғасуда. Еуропалық Одақтың елге қойған
талаптарының көбіне дерлік жауап бергенімен, бұл жарты ғасыр көлеміне
созылған процесс әлі де болса өз шешімін іздеуде. Осы талпыныстың
салдарынан Түркия мемлекеті өзінің Ата Заңынан бастап, өзінің сыртқы, ішкі
саясатына, экономикасына, мәдениет, ғылым, білім салаларының барлығына
көптеген өзгерістер енгізді. Осындай өзгерістерге, елдің мүшелікке енудегі
талпыныстарына Еуропаның кейбір елдерінің көзқарасы, тағы да басқа соған
қатысты бірқатар мәліметтер осы бөлімде толығымен қамтылған.
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың 1991-2001 жылдар аралығындағы
Қазақстан мен Түркияның жан - жақты байланысы туралы мол мағлұмат беретін
екінші тарауының маңызы үлкен. Қазақстан үшін түбі бір, діні бір, дәстүрі
бір Түркия Республикасымен жақындасуы ғасырлар бойы түркі халықтарының
арманының жүзеге асқандығы.
Екі елдің арасындағы тығыз бауырластық қарым-қатынастың орнауы туралы
елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз кезегінде:
“Қазақстан мен Түркияны байланыстыратын ортақ негіздер аз емес:
географиялық жағынан екі ел Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде,
этнографиялық тұрғыдан келсек – халықтардың шыққан тегі, тілі және
мәдениеті тамырлас”, – деген еді.
Тәуелсіздігімізді алғаннан бергі он бес жыл көлемінде ел өмірінде
жүргізген қайта құрулардың арқасында еуропалық даму үрдісіне сай
державалардың біріне айналған Түркияның халықаралық аренада алатын орны мен
даму тәжірибесінің Қазақстан мемлекеті үшін маңыздылығы ерекше. Соғыс
жылдары “Маршалл жоспары” мен “Трумэн доктринасын” қабылдаған Түркия 1952
жылы Түркия НАТО-ға мүшелікке енді. Түркияның экономикалық, саяси, мәдени-
гуманитарлық салалардағы көмегі Қазақстан мемлекетіне қолдау, қуат берері
сөзсіз.
Тегі бір екі елдің қарым-қатынасының қалыптасу барысы, даму деңгейі
Алдыңғы және Орта Азия аймағы мен халықаралық
Аренада алатын орны мен бейбіт қатынасты қамтамасыз етудегі ролі, аймақтық
интеграцияны жүзеге асырудағы белсенділігі бүгінгі күні бұл мәселелердің
өзектілігін айқындайды.
Бәрімізге жақсы белгілі, 1991 жылы желтоқсан айының 16-сы күні өз
тәуелсіздігімізді жарияласымен-ақ, бар жоғы 30 минуттан кейін Түркия
Республикасы бірінші болып әлемге жар салып Қазақстанның егемендігін
таныды. Осының салдарынан елімізде тұңғыш өз елшілігін ашқан ел де Түркия
болып табылды, әрі Қазақстан да өзінің шет елдердегі алғашқы елшілігін
Түркия мемлекетінде ашты.
Бүгінгі күні Түркия мемлекетінің саяси қолдауы мен экономикалық көмегі,
мәдени саладағы ынтымақтастығы нарықтық экономиканы құру бағытында дамып
келе жатқан еліміз үшін үлкен әсерін тигізері сөзсіз.
Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясатының әр түрлі мәселелерін зерттеу,
оның халықаралық ұйымдар шеңберінде шетел мемлекеттерімен жан-жақты
ынтымақтастығын, соның ішінде түбі бір Түркия мемлекетімен қарым-
қатынасының дамуының негізгі тенденцияларына талдау жасау ғылыми жағынан
да, саяси көзқарас тұрғысынан да өзекті мәселе.
Зерттеу пәні. Жұмысты жазу барысында Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің
арасындағы қарым-қатынастың қалыптасып, даму деңгейін үш сфераға бөліп
қарастыру негізге алынды:
1. Саяси байланыстар.
2. Экономикалық қатынастар.
3. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық.
Дипломдық жұмыста қолданылған зерттеу әдістері:
- Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың, сондай-ақ,
Қазақстанмен екі жақты қарым-қатынастың саяси, экономикалық және мәдени-
гуманитарлық салаларда дамып өрбуінің деңгейін, факторлық сипатын,
нәтижесін болашағын анықтаудағы саралау, талдау әдісі. Екі ел арасындағы
экономикалық байланыстар Қазақстанның экономика министрлігі шетелдік
инвестициялар жөніндегі Ұлттық агентство мен халықаралық ынтымақтастық
жөніндегі Түрік агенттігі (ТИКА) арасындағы қарым – қатынастар мысалында
ашылған. Ал, Қазақстан мен Түркия мәдени байланыстары түрік тілдес елдер
мәдениет министрлерінің Кеңесі – ТҮРІКСОЙ қызметі арқылы көрсетілген. Екі
мемлекет арасындағы оқу саласы мен ғылыми байланыстар Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығы бойынша ашылған
“Халықаралық қазақ - түрік университетінің ” қызметі арқылы талданған.
- екі жақты байланыстардың халықаралық аренадағы орны мен аймақтық
дәрежедегі әлемдік даму үрдісіне қосып отырған үлесін мәнділейтін
салыстырмалық әдісі. Бұл әдіс Қазақстанның басқа елдеоге қарағанда сыртқы
саясатының ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді.
- күнделікті баспасөз беттеріндегі материалдар негізінде Қазақстан
Республикасының әрбір елмен қарым-қатынасының орнауы, дамуы және екі жақты
қатынастағы жағымсыз жағдайлар тудыратын мәселелерді анықтап, мәнін ашуда
бақылау, қадағалау әдісі.
- екі жақты қатынасты зерттеуде бір жағынан деректік негізі бар мемлекет
қайраткерлерінің сөздерін, саяси баяндамаларды, келісімдердің мазмұнын
саралауда контент-анализ әдісі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Дипломдық жұмыста еларалық саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың
басқа да жарқын мысалдары келтірілген.
1 ТАРАУ. ТҮРКИЯНЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚҚА ЕНУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАР
1.1.ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ
Еуропа Одағын құру туралы мәселе алғаш рет 1951 жылы қозғалды. “Еуропа
көмір және қорғасын өндірушілерінің бірлестігі” атымен даярланған
келісімшартқа Германия, Франция, Италия және Бенилюкс (Бенилюкс өлкелеріне
қазіргі Бельгия, Голландия және Люксембург кіретін) елдері қол қойған
болатын. Англия келіссөзге қатысқанымен нақты шешіммен қолдай қоймады.
Баршаға мәлім, көмір мен қорғасын соғыс индустриясының басты шикізаты.
Тарихтан екі үлкен соғысты білеміз, олар : Бірінші дүниежүзілік соғыс пен
Екінші дүниежүзілік соғыс. Бұл соғыстар алапат адам шығындарына және
мемлекеттер экономикасының тұралауына соқтырды. Осындай соғыстарға жол
бермеу үшін Еуропа елдері соғыстың негізгі екі шикізаты болып табылатын
көмір мен қорғасын өндірісін бақылауды, қажетінен көп өндірілуіне жол
бермеуді көздеді.
Ықтимал соғыстардың алдын алу мақсатымен өзара интеграцияға біріккен еді.
Көмір және қорғасын кендеріне бай ел ретінде Германия бұл жағдайларды
бәрінен бұрын тиімді пайдаланып қалғысы келді.
Міне, осы интеграция бірте-бірте көркейіп жақсы нәтижелер бере бастады.
Алты жылдан кейін осы алты мемлекет 1957 жылы экономикалық қатынастарды
одан әрі нығайту үшін түпкілікті келісімшартқа қол қойды. Тіпті мұнымен
қоймай атом энергиясын өндіруді бақылауға алу жөнінде де келісім жасалды.
Осылайша Еуропа экономикалық одағы мен Еуропа Атом энергиясы одағы құрылды.
1967 жылы осы үш одақтастықты біріктіру идеясы өмірге келді. Мынаны да
айтып кетсек жөн болар, осы одақтарға енбеген елдер EFTA аймағын Еуропа
еркін экономикалық аймағын құрып жатты. Түркия осы тұста Еуропа
экономикалық одағына кіру ниетінде болатын, одан бұрын EFTA-ға кіру пейілін
білдірген еді.
Мәселенің тереңіне бойласақ, жалпы, Түркия ең алғаш 1959 жылы одаққа
кіруге өтініш білдірген болатын. Бірақ, ол кездегі елдегі оңшылдар мен
солшыл топтардың арасындағы кикілжіңдер бұған кері әсерін тигізген болатын.
Осыны тоқтату үшін, 1960 жылдың 27 мамырында билік Түрік әскери күштерінің
қолына тиді. Сол тұста Имралы аралында президент Желал Баяр, премьер -
министр Аднан Мендерес, сыртқы істер министрі Фатин Рүштү Зорлы ату
жазасына кесілді. Сөйтіп, бұл қанды оқиға мемлекеттің демократиялық әрі
құқықтық республика болып қалыптасуын белгілі бір уақытқа шегеріп тастады.
Кезекті көтерілістен соң Ататүріктің сарбаз серігі Исмет Инөнүнің
бастамасымен жаңа үкімет құрылды. Бірақ, бірнеше батыл талпыныстар бола
тұра Инөнүнің кезінде де Одаққа мүше болу ісі аяқсыз қалған еді.
Түркия 1963 жылы 12 қыркүйекте Анкара келісімшартына қол қойды. Анкара
келісімшарты бойынша Түркия Еуропа Экономикалық Одағына 25 жылдан кейін
мүшесі болуына мүмкіндік берілген еді.
Бұл келісімшартқа байланысты Түркия конституциялық заңнамаларына кейбір
маңызды өзгерістер жасауы қажет еді. Бұл өзгерістер демократия азамат
құқықтары және кеден сияқты күрделі мәселелерді қамтитын. Түркия кеден
салығының шарттарын орындамаған соң ширек ғасырдан кейін де Еуропа
Экономикалық Одағына мүше бола алмады.
Бір мүмкіндік 1970 жылдары туды. Одаққа Грекияны қабылдау кезінде Түркияға
да ұсыныс айтылып, ол сол тұстағы премьер Бүлент Ежевит пен оның орынбасары
Нәжмеддин Ербакан тарапынан қолдау таппады. Олар Түркия алпауыт елдердің
базарына айналып кетеді деген қауіпті алға тартты. Сөйтіп, қайталанбас
тарихи мүмкіндікті қолдан берген Түркия ұзаққа созылған саяси сергелдеңге
біржола бет түзеді. Қазіргі күнге дейін сол шешімді еске алғанда
көпшіліктің өкініштен өзегі өртенеді.
Басты өкініш – оңшылдар мен солшыл топтардың арасындағы ылаңнан туындап
жатты. Осыған байланысты 1960 жылдың 20 мамырында басталған көтеріліс 1970
жылы да, 1980 жылдың 12 қазанында да жалғасын тапты. Сонымен бұл
көтерілістер демократия үшін жұмсалған орасан еңбектің басына су құйғандай
болды. Енді барлығын да жаңадан бастауға тура келді. Ата Заң, экономика,
мәдениет, барлығы да жаңаша сипат алатын болды.
Билік басына келген азаматтық үкімет Ата Заңды демократияландыру үшін күш
жұмсады. Дегенмен, көтеріліс ошақтары қайта бас көтеріп, елді тығырыққа
тіреді. Бұл жағдай 1980 жылдың 12 қазанындағы көтерілістен соң түзелгенімен
қақтығыстар басылған жоқ. Әсіресе, 1980-83 ж.ж. аралығында бұл топтардың
арасындағы қақтығыстар таза саяси сипатқа көшті.
1983 жылы билік басына Тұрғыт Өзалдың бастамасымен Ана
Отан партиясы келеді. Тұрғыт Өзал барлық қақтығыстарды тоқтатып, өркениетке
ұмтылайық дегенді ескертті. Іс жүзінде де бұл кезең ел экономикасының
жақсаруына жасалған батыл қадамдармен есте қалды. Бұл Ата Түріктен кейін
Аднан Мендереспен жалғасын тапқан өркениет жолындағы үлкен істер еді.
Тұрғыт Өзал елдің ЕО-қа кіру мәселесі жөнінде де сындарлы көрегендік саясат
танытты. Ол бұл жолдың ұзақ та, әрі “тар жол тайғақ кешуден” тұратындығын
дөп басып айтты. Халықты сабырға шақырды.
Түрік елі 1987 жылы Еуропа Одағына мүше болу үшін екінші рет ресми өтініш
білдірді.
Дамып келе жатқан интеграцияның ішкі қуатын сезінген Англия да “ештен кеш
жақсы” дегендей бұл қауымдастыққа мүше болды. Франция екі рет қарсы болып
үшінші талаптануынан кейін ғана Англияны мүшелікке өткізді. Соңын ала
Ирландия мен Дания да мүше болды. Осылайша мүше саны алтыдан тоғызға жетті.
Сондай-ақ Грекия да осы одақтың құрамынан табылды. Грекияның мүшелігімен
одақтың екінші кеңею кезеңі басталды. Сарапшылар одаққа мүше елдердің
көбеюіне “географиялық кеңею” деп ат берді. Кейіннен Испания мен Португалия
қосылып, мүшелер саны 12-ге жетті. Австрия, Финляндия және Швецияның
мүшелігімен бұл сан 15-ке шықты.
Араға 9 жыл салып ЕО-тың шешімімен Түркия Одаққа кіретін мемлекеттердің
қатарына қосылды. Бірақ тағы да қырсық шалып, 1997 жылы Люксембургтегі
басқосуда бұл шешім күшін жойды. Алайда Түркияның үміті мұнымен үзілген
жоқ. Сөйтіп, 1999 жылы Хельсинкидегі кезекті отырысында Түркия Одаққа
кіруге ең лайықты мемлекет деп танылды.
1999-2002 ж. ж. аралығында үкімет билігіне коалициялық партиялардың
келуі, 40 мың адамның өмірін қиған зілзала салдары елді тығырыққа тіреді.
Сонымен қатар, ЕО мүшелері Түркияның әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінің
сәйкес келмеуі – елдегі инфляция темпі (жеке жылдары 70-80 %-тен жоғары),
жұмыссыздық (10 %-ға дейін) , сыртқы қарыз көлемі (2004 ж. – 140 млрд. АҚШ
$-нан жоғары) және халық басына шаққандағы орта жылдық табысы (3000 $-дан
сәл жоғары) , ішкі экономикалық даму диспропорциясы, т.с.с. жағдайларға
назар аударуда. 1990 ж. елдің экономикалық артта қалуымен қатар , Еуропалық
Одақ Түркиядағы адам құқығын және негізгі демократиялық еркіндікті сақтамау
секілді саяси жағдайды атап өтті. Ең алдымен бұл мәселе күрді халқына және
мұсылмандық емес конфессияларға деген сый. Сонымен қатар , ЕО мүше
елдерінің тағы да бір алға тартатын мәселесі – Кипр мәселесі бойынша Түркия
мен Греция арасындағы жанжал.
Түркияның Еуропалық Одаққа кіруіне қарсы Батыс елдерін әсіресе елдегі
халық санының күрт өсуі қатты толғандыруда. Оларды алаңдататын бір жағдай –
Түркия ЕО-қа мүше болып кірсе, Еуропарламентте ең көп өкілдікке ие болып,
ЕО елдеріне түрік мигранттарының көптеп келуі болып отыр (бүгінгі таңның
өзінде түрік диаспорасы 3 млн. адамнан жоғары). Және бір қауіп туғызатын
жайт – Түркияның Таяу Шығыс пен Закавказьенің “проблемалы” елдерімен
көршілес орналасуы.
Осының бәрі жиналып келіп, ақыр аяғы 2002 жылдың 3 қарашадағы
бүкілхалықтық сайлауда зор дүмпуге ұласты. Әбден ашынған халық “Жетті!
Ендігі сөз кезегі бізде!” - деп, бұрын ел билігінде болып келген
партиялардың бәрін тақтан тайдырып, олардың орнына “Әділет және даму”
партиясы мен “Жумхурият халық” партиясына қолдау көрсетті. Нәтижеде
мәжілістегі 550 орынның 363-ін “Әділет және даму” партиясы депутаттарының
үлесіне тисе, 179-ы “Жумхурият халық” партиясына бұйырады. Айта кетейік,
363 депутат дегеніңіз Ата Заңның өзін өзгертуге жетерлік күш. Осы
мүмкіндікті қалт жібермеген олар Ата Заңға бірқатар өзгерістер енгізіп, ЕО-
ның Копенгагендегі кезекті басқосуына да қатысуға үлгерді.
Енді ЕО-тың бұл реформалардың жүзеге асатынына көз жеткізгісі келетінге
ұқсайды. ЕО-тың қорытынды шешімі де соны меңзейді.
2002 жылдың желтоқсан айының 13-і Түркия үшін саяси маңызы ерекше болды.
Бұған себеп – Дания астанасы Копенгагенде өткен Еуропалық Одақтың кезекті
отырысы еді. Күн тәртібінде екі мәселе тұрды. Бірі – 2004 жылдың мамыр
айында ЕО-ға қабылданатын мемлекеттерді сараптау да, екіншісі – ондағы
Түркияның жағдайы. Саясат сахнасындағы елеулі оқиғаға айналып, бүкіл
әлемнің назарын аудартқан бұл мәселенің шешімі 13 желтоқсанда жұртшылыққа
жария етілді. Нәтижесінде ЕО мүше болуға лайық деп табылған 10 мемлекеттің
аты аталып, ал Түркияның жағдайы әлде де кейбір талап, ережелерге
байланыстылығымен шектелді. Бұған басқосу қорытындысында: “Еуропалық Одақ
Түркия мемлекетінің жүргізіп жатқан реформасына әрдайым қолдау көрсетуден
айнымайды. Сондықтан да егер 2004 жылдың желтоқсанында болатын басқосуға
дейін Түркия ЕО-тың, нақтырақ айтқанда, Копенгаген саяси талаптарын
орындайтын болса, шұғыл түрде мүшелікке қабылдау жөнінде келіссөздер
басталмақ. Бұл саяси талаптар екіжақтың да мүддесін қорғайтын талаптар
екенін де естен шығаруға болмайды”, - деген жолдар да айғақ бола алады.
Копенгагендегі басқосуда шыққан шешімдерде тұтас Еуропаның мүддесі
көзделеді деген ұран тасталды. Одаққа мүшелікке 15 ел, олардың ішінде
Эстония, Чехия, Словакия, Венгрия, Литва, Латвия, Мальта, Польша, Словения
және Кипр Римінің де 2004 жылдың мамыр айынан бастап қабылданатыны
мәлімделді. Сондай-ақ Болгария мен Румынияның да 2007 жылы Одаққа кіретінін
тілге тиек етті.
Бүгінде Еуропа Экономикалық Одағы санқилы органдардан құралған мықты
қауымдастық. Еуропа Парламенті, Әділет Органдары және Сарапшылар алқасы
Еуроодақтың соғып тұрған жүрегі іспетті. Жоғарыдағы мысалдардан да көріп
отырғанымыздай, Еуропа Одағы тез арада дамып, айтарлықтай бедел жинап алды.
Алғашында экономикалық аймақта бірлесуді жүзеге асырған ЕО кейіннен басқа
салаларда да сөзбірлігіне келіскен еді: яғни адам құқықтары, демократия,
сыртқы саясат сияқты тақырыптар да қарастырыла бастады. ЕО-ның географиялық
ықпал аймағы да кеңейіп отырды.
Он бес мүшесі бар ЕО құрлықтағы мықты саяси, экономикалық ұйымға айналды.
2003 жылғы 16 сәуірде Афиныда өткен Құрылтайда Еуропалық Одаққа тағы да 10
мемлекет Еуропа Одағымен келісім жасап, оның құрамына кірді. Румыния мен
Болгарияға кейбір салаларда орын алып отырған кемшіліктерінен құтылу үшін
мерзім берілді. Еуроодаққа кіруде ұзақ жылдардан бері жолы болмай келе
жатқан Түркияға да бәлкім осы екі өлкеден кейін мерзім берілер.
Югославияның бөлінуінен пайда болған елдерге келсек, Еуропа Одағына өтуге
олар әлі “дайын емес” деген тұжырым жасалды. Еуропа Одағының кейбір
талаптарына лайық болған кезде олар да ұйымға мүше бола алады. Афиныдағы
Құрылтай сияқты бас қосулар Еуропа Одағының тарихында ол құрылған кезден
бастап жалғасып келеді. Хелсинки құжаттары, Копенгаген құжаттары, Мастрич
келісімшарттары осылардың кейбіреулері ғана. Копенгагенде келісілген
негіздемелерге Түркия да толығымен жауап беруі қажет.
Өкінішке орай түрік халқының ой-санасында “Түркия Копенгаген
критерийлеріне жауап берген жағдайда да, Еуропа Одағына мүше бола алмады”
деген ой басым. Алайда Түркияның географиялық жағдайы бұл ойды түпкілікті
жоятын сияқты. Бәріміз жақсы білетіндей, Түркия Батыс пен Шығыс арасында
көпір міндетін атқарып тұр. Сондықтан Түркия ЕО-ға мүше болса, екі жаққа да
тиімді болар еді: Себебі ЕО бұл жол арқылы Азиямен қатынастарын нығайтатын
қуатты бір күретамырға ие болар еді. Түркия халқының басым көпшілігі
мұсылман болуы бұл процеске кедергі болмас, критерийде дінге байланысты
ешнәрсе айтылмаған. ЕО талаптарына тура келсе, оның қағидаларына ойдағыдай
жауап берсе, Босния-Герцеговина сияқты елдерді де құрамына алуы ықтимал.
Сондықтан ЕО-ты “Христиан мемлекеттер бірлестігі” десек, өте үлкен қателік
жасаған болар едік.
ЕО-на мүшелік үшін талап ететін критерийлер мынадай:
1. Одаққа өтуге тілек білдірген мемлекет Еуропа аумағында орналасқан
болуы керек;
2. Экономикасы кейбір нақты нормаларға жауап беруі тиіс;
3. Адам құқықтары қорғалуы қажет.
Ал енді, Түркияның ЕО-на мүше болу жолының қаншамасынан өткенін
қарастыралық. Түркия Азияға ғана емес, Еуропада да орналасқан. Сондықтан
Түркия бұл критерийге толығымен жауап беріп тұр. Екіншіден, Түркия жақында
болған экономикалық дағдарысты есептемегенде, бұл жолда да маңызды қадамдар
жасады (Баку-Жейхан мұнай жолының, “Көк ағыс” газ жолы сияқты жобалардың
іске асуы). Үшіншіден, Түркия республикасы құрылғаннан бері адам құқықтары
саласында маңызды әрі қуанышты өзгерістер жасап келеді. Түркия ЕО талабы
бойынша, енді өз заңнамасын ретке келтіруге тиіс. “Үйлесімділік” деп
аталатын бұл үрдіс алдымен Ата заңнан бастау алуы керек.
Соңғы өткен парламент сайлауына дейін-ақ “Әділет және даму” партиясының
басшылары елдің Еуропалық Одаққа кіруін өзінің басты мақсаты ретінде санап
отырды. Билік басына келген Р. Т. Ердоған мен Сыртқы Істер Министрі А.Гюль
ЕО басшылығының Түркияны ұйымға алу мақсатқа сәйкес екендігіне көзін
жеткізу үшін бірқатар “Еуропалық турне” жүргізді. Онда Түркия Еуропалық
Одақтың тек экономикалық қана емес, саяси және әлеуметтік салада қойған
талаптарына жауап беруге көптеген талпыныстар жасағанын алға тартты. Осы
бағыттағы ең маңызды қадам – түрік заңының Еуроодақ құқықтық нормаларына
адаптациясы болып табылады. 2003-2004 жылдары үкімет елдің негізгі заңына
заңи түзетулердің кезекті 8 “пакетінің” 5-еуін қабылдап, Қылмыстық Кодекс,
Ата Заңына бірқатар түзетулер енгізді.
Әсіресе маңызды түзетулерге ие болған – Түркия Республикасының сот жүйесі
болды. Шығарған үкімдері қайта қарауға жіберілмейтін мемлекеттік
қауіпсіздік соты біртіндеп жойылды. Ата Заңның 143 бөлімі алып тасталынды.
Негізгі еуропалық конвенцияларға қарама-қайшы болған жағдайда Еуропалық
соттағы адам құқығы бойынша сот үкімінің шағымдану процедурасы енгізілді.
Сот тәжірибесі Заңының түзетулеріне сәйкес заң бұзушыға соттау үкімі өмір
бойы тағылмайды. Жастар арасында қылмысқа жауапкершілік 15 жастан 18 жасқа
ұзартылды. Кейбір жасалынған қылмыстар еуропалық құқық бойынша заң
бұзушылыққа жатпаса, онда олар мүлдем азаматтың жеке ісінен алып
тасталынды.
Мемлекет біртұтастығына қауіп төндіретін (әдетте күрді халқына тағылатын
айып) насихатқа 3 жыл мерзіміне түрмеге жабу ісін қарастыратын терроризммен
күрес Заңының 8-інші бөлімі алып тасталынды. Негізгі республикалық
принциптерге, қалыптасқан құрылысқа, билік беделіне, “мемлекет пен халықтың
біртұтастығына”, демократиялық еркіндікке, елдің ішкі және сыртқы
қауіпсіздігіне және т.б. қауіп төндіретін кез-келген іс-әрекет, яғни террор
ұғымы қайта қаралды. Осыған байланысты, террористік ұйымдар түсінігі қайта
нақтыланды. Қоғам туралы Заң менен Қор туралы Заңдағы Өзгертулер тек қана
қалыптасқан ережелерді ғана заңдастырып қойған жоқ, сонымен қатар
ассоциациялар мен жиындардың еркіндігін кеңейтті.
Өздерінің халықаралық байланыстары мен жеке хат алысуда қоғамдық ұйымдар
енді шет ел тілдерін пайдалануға, алдын-ала келісусіз халық алдында сөз
сөйлеуге, шетелдерде өз филиалдарын ашуға рұқсат алды. Сонымен бірге, түрік
қоғамдық және саяси құрылымдары өз профилі бойынша халықаралық ұйымдарда
қалай өз орнын тапса (Түркия Сыртқы Істер Министрлігі мен Ішкі Істер
Министрлігінің ұйғарымы бойынша), шетел ұйымдары Түркия құрылымдарында да
дәл солай қатыса алады. Бұл ретте олардың қызметі жергілікті заңдарға
бағынады, ал түрік ұйымдары қызметі шетел заңдарына бағынышты.
Мұсылмандық емес діни конфессиялар фонды өз атына мүлікті сатып алу және
оны тіркеу құқығына ие болды. Сондай-ақ, заңның алдыңғы нұсқасында
көрсетілгендей, енді қала құрылысы жағдайы бойынша тек қана мешіттерге ғана
емес, басқа да діни құрылыстар салуға рұқсат етілді.
Баспа мен бұқаралық ақпарат құралдарына сай заңдар да бірталай
өзгерістерге ұшырады. БАҚ бқдан былай өзінің хабарлайтын мәліметтерінің
қайнар көздерін жариялау міндетінен босатылды. Конституцияның “Баспа
құралдарын қорғау жөніндегі” 30 бабына сәйкес байпа үйінің құрылысы мен
ғимараты жабылып, не кәмпескеленбейді (ескі заң бойынша егер баспа үйіне
үкіметке қарсы қызмеит еткені үшін айып тағылса, онда ол “қылмыс құралы”
ретінде алып тасталынатын).
Үкімет не оның негізгі мүшелерін халық алдында балағаттау не оларға
арналған “жексұрын репликалар” әрекеттері әлі де болса заңмен қудаланады.
Ал балағат сөздерін қолданбай, тек сын ретінде өз пікірін айту еш
жазаланбайды.
Заңға кіргізілген түзетулердің ішінде ең басты мағынаға ие болған – шыққан
жері түрік емес ел азаматтары құқықтары жағдайы. 1990 жылдардың басында-ақ
Түркия билігі 1991 жылы күрді тілін қатынас құралы ретінде заңдастыру
арқылы түрік емес халықтардың тұрмыс-жағдайын сыйлап құрметтейтіндігін
халықаралық бірлестіктерге дәлелдегісі келді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік және жеке арналарда түрік тілімен қатар, басқа
да тілде хабарлар жүргізу рұқсат етілген. Күрді тілі мен елде тұратын басқа
да халықтардың тілінде түрлі хабарларды Түркияның TRT-1 каналы әдетте
таратады.
Түрік тілі негізінен барлық білім ордаларында сабақ өтуде жалғыз рұқсат
етілген мемлекеттік тіл болып саналса да, үкімет елдегі басқа да ұлт
азаматтарының күнделікті өмірде қолданатын тілдерін үйретуге бағытталған
жеке курстарды ашуға және сол тілдерді жеке мектеп программаларына енгізуге
рұқсат берді. Заң бойынша “ортақ мораль мен қоғамға қарама-қайшы болып
табылатын” кейбір адам есімдерінен басқа есімдерді қолдануға тыйым салыну
заңнан алып тасталынды. Көптеген шолушылардың пікірінше, осы жолмен күрді
есімдері “ақталып” шығарылды.
Р.Т.Ердоған үкіметінің түрік заңы модификациялану процесін өзінің жеке
және пратиялық проблемаларының шешілуіне қатысты қолданғанын ескермеген
сәтте көрініс толығымен тамаша сипатқа ие болар еді. 2002 жылғы сайлау
жеңісінен көп ұзамай-ақ, “Әділет және даму” партиясын әскер
қызметкерлерінің озбырлығынан қауіпсіздендіру мақсатымен азаматтардың саяси
қызметке қатысу ережесі қайта қаралды.
Ескі заң бойынша саяси партияларға “таптық, ұлттық, діни, конфессионалды
және аймақтық халықтар арасындағы алауыздық отын ашық түрде тұтандыратын”
кінәлі тұлғалардың енуіне тыйым салынса, енді жалғыз қарсылық – террористік
әрекеттерге мүшелік болып қана табылады. Мұндай шешім әрине таң
қалдырмайды, себебі биліктің ауысуы кезінде қазіргі кейбір басшылардың
бұған дейінгі сөйлеген сөздерін кез-келген уақытта өздеріне қарсы
пайдалануға болар еді.
Сондай-ақ, қандай да бір финанстық қылмыста, терроризмде және де
азаматтардың діни сенімдеріне қиянат ету ісінде кінәлі деп табылған
тұлғалар қоғамдық өмірден 2 жыл бойы шектетіледі (алдыңғы заң бойынша өмір
бойы), ал тыйым салынған ұйымдар мүшелері мен басшылары бар жоғы 1 жыл
көлемінде алыстатылады (алдыңғы заң бойынша 5 жыл). Ең алдымен бұл
өзгертулер кезінде сотқа тартылған Р.Т.Ердоғанның Түркия парламентінің
премьер министр қызметіне сайлауына жағдай жасады.
Әсіресе саяси партияларды жабу ісі бірталай қиындықтар туғызды. Егер
алдыңғы заң бойынша партия қызметін тоқтату ісін қозғауда Конституциялық
сотта тек бас прокурордың шешімі жеткілікті болса (Түркияда Конституция
нормалары бойынша қандай да бір партияның қызметі бас прокурордың міндеті
болып табылады), енді міндетті түрде Әділет министрінің не қандай да бір
партия өкілінің сотқа баруы талап етіледі. Және де кез келген үкім секілді
саяси партияны жабу шешімі сол Конституциялық соттың өзінде шағымданады.
Үкімет отбасы құқығын модернизациялау ісінде де көптеген өзгертулер
енгізді: зинақорлық әрекеті үшін берілетін жаза секілді заң баптарын алып
тастады, ерлер мен әйелдер құқығы теңдігі жағдайын заңды түрде бекітті (10
бап), сот шешімінсіз қыз абыройын медициналық тексеруден өткізуге тыйым
салды. Сонымен қатар, “Әділет және даму” партиясының исламға деген ерекше
көзқарасы салдарынан үкімет 2004 жылы ерлі-зайыптылардың опасыздығы
әрекетін қарастыратын жазаны Қылмыстық Кодекске енгізу жайлы өзгертулерді
Ұлттық Жиналыстың талқылауына салды. Батыстық қоғамның күштеуімен бұл
инициатива талқылаудан алып тасталынды, алайда өз кезегінде үлкен айғай-
таласқа ие болды.
Түркияда адам құқықтарының бұзылуы – көбіне көп қарапайым адамдардың өз
құқықтарын жетік білмеуінен туындап жатады. Яғни бұдан Түркия заңдары өте
қатаң деген ой тумауға тиіс. Бұны дәлелдеу үшін бір - екі ерекшелікті атап
өтсек те жетер. Біріншіден, Түркия бәрінен бұрын әйелдердің сайлау және
сайлану құқығын мойындады. Екіншіден, Түркия 1948 жылдан бері Еуропа
Кеңесінің мүшесі болып табылады.
Осы арада тарихқа тағы да көз жүгіртсек, Түркия 40 жылға жуық Еуропалық
Одаққа қатысты сан түрлі саяси сергелдеңді бастан өткізуде. Мұны ескерсек,
бұл мәселеге қатысты өзінен-өзі екі сұрақ туындайды.
Алғашқысы “Түркияның ЕО-ның құрамына не үшін кіргісі келеді?” болса,
соңғысы соған қарама-қарсы, яғни “ЕО Түркияны мүшелікке неге қабылдамады? ”
– деген заңды сұрақ.
Біріншісіне келсек, Түркия:
а) Шығыс пен Батысты байланыстыратын алтын көпірге (экономикалық, мәдени -
әлеуметтік тұрғыдан) айналуды көздейді.
ә) ЕО-ның өнімін жарнамалаушы ғана емес, өз тауарларын да Еуропаға
экспорттауды қалайды.
б) ЕО-тың түрік өнімдеріне деген экономикалық кедергілерін жоюды мақсат
етіп отыр.
в) ЕО-тың тек христиандардан ғана құралған ұйым еместігін дәлелдегісі
келеді.
Ал Еуропаның көзімен қарасақ:
а) Түркия зайырлы, құқықты мемлекет. Алайда халқының 99 пайызы мұсылман.
ә) Түркияның Ата Заңындағы кейбір тұстарының ЕО-тың талаптарына сай
келмеуі де кедергі туғызады.
б) Түркия экономикасының, әрине, ЕО-қа қарағандағы әлсіздігі де бұл
шешімде басты роль ойнайтын сияқты.
ЕО-қа тосыннан “ЕО бір христиан ұйымы ма, әлде экономикалық одақ па?” –
деген сауал қойылды. Әрине бұл сұрақтың жауабы жоғарыда айтып кеткеніміздей
халқының 99 пайызын мұсылмандар құрайтын Түркияның Одаққа қабылдану,
қабылданбауымен шешілетіні анық. Осы орайда Германия мен Францияның
президенттері “Түркия сынды мұсылман мемлекетінің одаққа мүше болуын өз
халқымызға түсіндіре алмаймыз”, - деп ашық айтты. Сонымен қатар , ЕО-қа
мүше елдердің арасында “Еуропалық Одақ – бұл христиандық клуб , ол өзінің
қатарын мұсылман елдерімен толықтырғысы келмейді. Себебі, Түркияның мәдени,
саяси және басқа да әдет-ғұрыптары христиан дініне негізделген Еуропаның
рухани қасиеттеріне мүлдем қарама-қайшы” деген пікір кең таралған. Әрине
олар бөтен халықтың мәдениетіне сіңісіп, мұсылман - иммигранттар әсерінен
өзіндік бірдейлігін жоғалтқысы келмейді.
Осыған орай, кейбір елдердің осы сауалға жауабын мысалға келтірейік:
Сильвия Берлускони: Түркия мәселесінде ортақ жол табылды
Түркияның одаққа мүше болуына қолдау білдіріп жүрген Италия премьері С.
Берлускони: “Біз Түркияға 2003 жылы мерзім берілу үшін атсалыстық. Бірақ,
Ширак пен Шредердің 2005 жылға дейін созайық деген ұсыныстары бұған кедергі
болды. Нәтижесінде екі жақ 2004 жылға тоқталды”, - деді.
Тони Блэр: “Түркия қалаған мерзімін алды. Одақта Түркияның ең сенімді
серігі болып есептелетін Англия Түркияның үлкен жеңіске жеткенін айта
келіп, шартнамаларды тезірек орындау қажеттігін ескертті”.
Герхард Шредер: “2010 жылға дейін мүшелікке қабылданбайды”
Герхард Шредер Түркияның 2010 жылға дейін Одаққа мүше бола алмайтындығын
айтты. Шредер 2005 жылғы басталатын келіссөздердің созылу мерзімін шамамен
5 жылға меңзеп отыр.
Костас Симитес (Грекия)
Ол Кипр - Түрік Республикасының Кипр мәселесінің шешімі жөнінде аса ынта
көрсете қоймағандығын айта келіп, бұл мәселе шешілгенде Түркияның Одаққа
кіруінің тезделетіндігін айтып өтті.
Пать Кокс: “Жетістікті жеңіліс деп есептемеңіз”
ЕО парламентінің төрағасы Пать Кокс Түркия ЕО-ның кезекті жиналысындағы
қорытынды шешімді жеңіліс деп есептемеу керектігін айтты.
ЕО-тың осы кезекті басқосуының алдында Түркия тез арада заңдарға
өзгерістер енгізіп, ЕО-ға кіруге өздерінің дайын екенін көрсете білді.
Бұған негіз боп отырған басты себеп 2004-те қабылданатын мемлекеттердің
ішінде Кипр-Рим халқы да бар.
1877 жылдан бері көтеріліп келе жатқан Кипр мәселесі бүгінге дейін шешімін
тапқан жоқ. Егер де Кипр Римдері Одаққа мүшелікке қабылданса, олар Түркияны
Одаққа кіргізбеудің барлық шараларын істейтіні айдан анық. Өз кезегінде
Түркияның да бұлармен күресін тоқтату ойында жоқ. Қалай дегенде де, осы
дертке айналып отырған жайт оң шешімін таппайынша бұл мәселе Түркия үшін
көзге шыққан сүйелдей үнемі қадалып тұрары хақ.
Кипр мәселесі жөнінде Копенгагенде де ортақ келісім табылған жоқ. Ол
жөнінде ойын білдірген БҰҰ хатшысы Кофи Аннан жақын арада екі жақтың ортақ
келісім табатынына зор сенім білдірді.
Бұл туралы Кипр Түрік Республикасының президенті Рауф Денкташ БҰҰ-ның
ұсынған жобасының тиімділігін айта келіп: “Екі халықтың тіл табысуы үшін
біз қолдан келгенше осы мәселенің шешілуін қалаймыз. Бірақ, жобаның тек Рим
жағының мүдделерін қолдап жатқанын айтар болсақ, онда біздің игі
істеріміздің босқа кеткені”, - деп ағынан жарылды. Ал Грекия қорғаныс
министрі Янос Папандони Грекияның Кипр аралындағы саяси текетірес шешілмесе
де, 2004 жылдың мамыр айында Кипр Рим халқының одаққа мүшелікке
қабылданатынын айтты.
“Әділет және даму” партиясының жетекшісі Таип Ердоған Копенгагендегі
басқосу шешімінің Түркияға жаңа бағыт беретіндігін айта келіп, бұл шешімді
Анкара шартнамасына айналдыру керектігін мәлімдеді. Ол өз сөзінде: “Біз
Копенгаген шартнамаларын орындағанменен бәрібір Одаққа қабылдануымыз
екіталай. Бірақ біз өз халқымыз үшін қандай қиындық болса да, шартнамаларды
орындаймыз. Біз ешқашан да түрік халқының намысын жерге таптатпаймыз”, -
деді.
Түркияның Премьер - министрі Абдуллах Гүл: “Бұл мәселеде ЕО-тың да өз
есебі бар. Ал Түркия үшін бұл жеңістің белгілі бір мөлшерде маңыздылығы бар
екені шындық”, - деп көрсетті.
Билік басындағы Р.Т.Ердоған үкіметінің 2004 жылдың 6 қазанынан бастап
интеграцияға нақты қадам басуын жүзеге асыруға бағытталған Еуропалық
Қауымдастық Комиссиясының (ЕҚК) мәлімдемесі елдің Еуропалық Одаққа толық
мүшелікке енуі жөнінде келіссөздерін бастауды ұсынды. Саммитте ЕО елдері
басшылары ЕҚК-ң ұсынысын ескере отырып, Түркиямен келіссөздер жүргізу
талпынысын растады. Сөйтіп, 1959 жылдан бергі ұзаққа созылған саяси
сергелдең 2004 жылдың желтоқсанының 17-сі күнгі Брюссельдегі басқосудан өз
жалғасын тапты. Онда Еуроодақтың 25 мемлекетінің басшылары Түркияны ЕО-ға
мүшелікке алу мәселесін талқылаған еді. Осы бір Еурокомиссияның саммитінде
жағымды дұрыс шешімге ие болу үшін Түркия басшылығы барынша күш жігерін
салды. Брюссельдегі саммит Түркия үшін позитивті маңызға ие болды. Себебі
бірнеше рет өткен тәжірибеге сай ЕО елдерімен келіссөз әйтеуір бір
басталса, онда белгілі бір ел сол одаққа ертелі-кеш мүшелікке енеді. Түркия
саяси қызметкерлері Еуропалық Одаққа өзінің позициясын тиянақты түрде
жариялау мүмкіндігін қолдан жібермеді. Осылайша, Р.Т.Ердоған “Таймс” және
“Индепендент” газеттеріне берген сұхбатында “Еуроодақпен арадағы
келіссөздер Түркияның не одаққа толыққанды мүшелікке енуімен аяқталады не
мүлдем өз шешімін таппайды”, - деп атап көрсетті. Ол сондай-ақ, ЕО
елдерінің Түркиямен алдын-ала мүшелікке ену келіссөздерін ешқандай
шарттарсыз өткізетіндігіне, келіссөздерді бастау мерзімін нақтылап,
Копенгагендегі саммитте айқындалған талаптардан басқа ешқандай қосымша
талаптар (мысалға, Кипр Республикасын дипломатиялық жолмен мойындау
секілді) қоймайтындығына үміт ететіндігін білдірді. Ердоғанның пікірінше,
ережелер ойын кезінде өзгертілмеуі тиіс. Нәтижесінде Түркия келесі жылдың
қарашасынан бастап іске асуы тиіс келісімдерге қол жеткізді.
Дегенмен бес саусақтың бірдей емесі анық. Өркениетті көзқарас бойынша,
Еуроодақ елдерінің өзінде де Түркия сынды мұсылман елінің интеграциялық
одаққа қатысуының мақсатқа сәйкестілігі жөнінде Еуропалық Қауымдастық
Комитетінің мәлімдемесі қызу дау туғызды. Мәлімдеме авторлары елдің
құқықтық-сот жүйесіндегі нақты кемшіліктерін атап көрсетті (әсіресе
сотталған адамдарға деген қатынас, оларға көрсетілетін зорлық-зомбылық
әрекеттері). Және де Түрік армиясының әлі күнге дейін саяси өмірге араласуы
жұртшылықтың қатты алаңдаушылығын туғызады. Мәлімдемеге сәйкес діни
қызметкерлерді дайындау саласында мұсылмандық емес конфессиялардың
қызметіне тыйым салу, түрлі қорлар мен мектептер ашу, мүлікті иелену сияқты
шектеулер жойылуы тиіс; сондай-ақ басқа ұлт өкілдері мен әйелдер құқығына
қысым жасау мәселесі өз шешімін табуы тиіс.
Брюссельдегі саммит мерзімінің жақындалуына орай еуропалық христиан
демократтары мен христиандық социалистер арасында бірін-бірі жақтаушылар
көбейе бастады. Олар Анкараға мүшелікке ену мәселесінде бір ауыздан
қарсылық білдіруді көздеді. Сөйтіп, дауысқа салған Еуропарламенттегілердің
407-і оң қабақ танытса, 262-сі қарсы болды. Әсіресе Еуропа мемлекеттерінің
арасында өзін “лидер” санап, ер-тоқымын бауырына ала тулаған Францияның
шаңында Алмания мен Грекия да адасып қалған сыңайлы. Ол ол ма, Франция
премьер-министрі Мишель Барньенің: “Париж Түркиядан 1915-1923 жылдары
армяндарға қарсы ұйымдастырылған геноцидті мойындауды талап етеді” дегеніне
Ереванның да ере шапқан жайы бар. Армения сыртқы істер министрі Вардан
Осканян Түркия тарапынан көрсетілген қысымның салдарынан ел экономикасы 1
млрд. доллар зиян шекті дегенді тықпалап бағуда.
Келіссөз жүргізу ісінің өзіне келетін болсақ, мәлімдемеге сәйкес, бұл
процесс өте күрделі, әрі ең аз дегенде 10-15 жылға созылады, және де бұл
шешім Түркия елінің пайдасына шешілмеуі әбден мүмкін. Негізінен келіссөз
жүргізу құрылымы өте күрделі түрде өтуде: ЕҚК жыл сайын Түркиядағы саяси
жағдайға байланысты өз мәлімдемесін жасауы тиіс, одан кейін барып келіссөз
жүргізуге дайындық кезеңі өтеді, ал осы кезеңнен кейін Үкіметаралық
конференция шеңберінде әр проблема жеке-жеке талқыланады. Алайда, Түркия
саясаткерлерін ең қатты толғандырған мәселе – осы ЕҚК мәлімдемесіне сәйкес,
егер де Түркия Еуропалық Одақтың адам құқығы жөніндегі талаптарын барынша
орындамайтын болса, онда Еуроодақ елдері бұл ұйымға елдің ену процесін
тоқтатып не Анкарамен мүлдем алдын-ала келіссөздер жүргізуден бас
тартатындығы болып отыр. Жалпы негізінен Одаққа мүше елдердің мынадай
сылтауларды алға тартып отырғаны анық, олар: адам құқығын қорғау, күрді
халқына қысым көрсетпеу, реформаларды іске асыруды жеделдету, Кипрді
республика деп тану, армяндық геноцид, т.б. тырнақ астынан кір іздеушілік.
Саммит барысында түріктер үшін ең күрделі жағдай туғызған – Кипр мәселесі
болды. Бізге белгілі Никосия мен Анкара арасында дипломатиялық қатынастың
жоқтығынан Кипр Еуроодақтың кеден одағына мүше емес. Осы қалыптасқан
жағдайды пайдалана отырып, кипрлік гректер елдің өздері мекендейтін
бөлігіне түрік тауарларын өткізуге тыйым салды, бұл Еуроодақтың кеден
саясатына қиыншылықтар туғызды. Кипрдің Грекия бөлігінің басшысы
Константинос Стефанопулос саммиттегі қол жеткен келісімшарттардың Кипр
мәселесіне тікелей жауап беретінін алға тартты. Онда Анкараның Кипрді
мойындауы, Егей теңізін және теңіз шельфін тең пайдалану мәселелері жайлы
айтылды. Кипр басшылығы өз елінен түрік әскерлерін алып шығарып және Кипр
Республикасын толығымен мойындаған сәтте ғана Түркия елімен келіссөздер
жүргізуге дайын екендігін айтты. Брюссельдегі басқосудан бір күн бұрын Кипр
парламент басшысы Д.Христофиас “Еуропалық Одақтың мүше елдерінің бірі болып
саналатын Кипр Республикасын мойындаудан бас тартқан Түркия сынды
мемлекетпен Еуроодақтың келіссөз жүргізуі әділетті ме?” деген пікірін ашық
айтты. Христофиас сондай-ақ, бұл мәселе тек Никосия мен Афиныны ғана емес,
сонымен қатар Еуропа Одағының толыққанды мүшесі Кипрді мойындату ісіне
барынша қатысты бүкіл одаққа мүше елдерді де толғандыруы керек екендігін
атап көрсетті. Өз кезегінде Түркия Сыртқы Істер Министрі А.Гюль түріктің
NTV каналына берген интервьюінде елдің оңтүстік Кипрмен арасындағы
қатынасына “Одақтың қорытынды нәтижесіне дайындық барынша қатты жүруде. Бұл
қадам ешқандай да ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнату мақсатын
көздемейді. Тек ортақ экономикалық мүддеге ғана байланысты”, - деп баға
берді.
Ал ақиқатында еуропалықтар Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан, 70
миллион халқы бар осы мұсылман мемлекетінің стратегиялық мәні мен
келешегінің зор екенін мойындап-ақ отыр. Әсіресе, Данияның “Information”
газеті бұл мәселе жайлы “Түркия жағдайының Еуропалық Одаққа ену жолындағы
талпынысының мықтылығы соншалық, Еуропалық Одақ елдері оған түрлі сылтаулар
тауып, істі кейінге қалдыруға барынша тырмысуда”, - деп ашық баға берді.
Сонымен қатар, газет тілшілері, егер Комиссия кері шешім қабылдаған
жағдайда “біз араб және мұсылман әлемінен Түркия сынды стратегиялық
серіктес елді жоғалтып аламыз. Сол себепті Еуропалық Одақ Түркияға “жоқ”
деп айта алмайды”, - деп атап өтті. Ендеше кедергі не? Әлде өзінше түтін
түтетіп отырған Еуроодақтың құрылымына нұқсан келеді деп қауіптене ме?
Әйтеуір не десе де, соңында барлығы да жоғарыда айтылғандай болып шықты.
Еуропалық Одақты кеңейту мәселесі бойынша Еурокомиссияның сол кездегі
басшысы Г.Ферхойген мен және бір Еурокомиссар Р.Продидің басшылығымен 2004
жылдың 6 қазанында халыққа жарияланған мәлімдеме Түркияның елден талап
етілген саяси критерийлердің барлығын да өте жақсы орындағанын ескере
отырып, оны мүшелікке алу жайлы келіссөздерді жүргізуді ұсынды. Осы
баяндамада Түркияның сот жүйесіндегі бірқатар өзгерістері, экономикалық
саладағы жетістіктері, Кипр мәселесі бойынша проблемалардың біртіндеп
шешілуі сияқты көптеген позитивті мәлімдемелер қарастырылған.
Қалай десек те Түркияның осы жолдағы жарты ғасырға жуық ұмтылысынан
ешкімнің ұтпаса, ұтылмайтыны аян. Тіпті Түркияның НАТО-ға мүшелігіне
қарамастан, АҚШ басшысы Джордж Буш та бұл аяқалысты құптап, Таяу Шығыста
және одан тыс жерлерде де үлгі боларлық бастама деп отыр. Ал АҚШ-тың
мемлекеттік хатшысы Коллин Пауэл Түркияның Еуропадағы тамырының тереңде
жатқандығын, оны ЕО-ға қабылдау – демократияны дамыту мен мемлекетті
гүлдендірудің бірден бір жолы деп есептейді.
Жоғарыда сөз еткен Алманиямыздың қарсылығы “азшылықтың” сөзі болып,
жүрегінің түбінен шықпаса керек. Себебі Алмания канцлері Герхард Шредер мен
Бельгияның Премьер - министрі Ги де Верфовштадт Түркияның Еуроодаққа енуін
толық қолдайтындықтарын саммит алдында-ақ айтқан болатын. Мұндай пікірді
Еурокомиссияға төрағалық етуші Жозе Мануэль Баррозу да қолдап отыр.
Әлі күнге дейін Түркияның Еуроодаққа кіру мәселесі өз шешімін іздеу
үстінде. “Жаһандану – болмай қоймайтын құбылыс” деп жүрміз. Ендеше
Түркияның ЕО-қа кіру талпынысы осы құбылыстың басы деп қабылдаған жөн.
Түркия ЕО-ға қабылданған жағдайда, елдің тауар айналым көлемі кеңейіп,
жұмыс күштерінің алмасуы жақсаратын еді. Демек, түрлі бизнес көздері пайда
болып, Еуропада (әсіресе Батыс Еуропада) білім алуға кең жол ашылады. Саяси
және құқықтық жүйе еуропалық стандартқа көтеріледі. Ислам мемлекеттері
арасында геосаяси ықпалы артады. Нәтижесінде түріктер еуропалық ұлтқа
айналады. Егер мұндай мүмкіндік Қазақстанға туа қалса, әрине артқа
шегінбейтін едік деп ойлаймын. Бұл қай жағынан алса да пайдалы болар еді.
Мұндай жағдайда тек ұлттық ерекшеліктерімізді толық сақтап қалуымыз қажет.
Еуропа Одағының штаб-пәтері Брюссельде орналасқан. Брюссель бұл күнде
Вашингтоннан кейін әлемнің екінші орталығына айналды. ЕО бүгінде тек
экономикалық емес, саясат саласында да үстемдік құруға талпынуда. ЕО бұл
мақсатын, әсіресе Ирак дағдарысынан кейін жүзеге асыра бастады. Америка
Ирак дағдарысы тұсында ЕО пікірін қаперге де алмады. Артынша содан опық
жеді де. Ал соғыс басталып кеткеннен кейін ЕО өзінің саяси жағдайын
тиянақтау қажеттігін түсініп қалды. Қазір осы екі бағытта шаралар жүзеге
асырылып жатыр. Кім біледі келешекте Еуропалық Одақ Американың орнын басып
та қалар...
2 ТАРАУ. ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
2.1. САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев республика
тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде
“бәрін де іс жүзіінде тақыр жерден бастауға тура келді... Ең алдымен...
елімізді сыртқы дүниенің тануына қол жеткізу қажет еді” деп атап көрсеткен
болатын. Бұл өзінен өзі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz