Ақпараттық қауіпсіздік немесе Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе3

І-ТАРАУ. Ақпараттық қауіпсіздік немесе Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы9

1. 1 Қауіпсiздік мәселесі: Қазақстан ұлттық қауіпсіздік факторлары9

І. 2. Ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі мақсаттары. 19

І. 3 Ақпараттық қауіпсіздік немесе Қазақстанның мемлекеттік мүддесі. 22

ІІ - ТАРАУ. Демократиялық қоғамдағы ақпараттық кеңістік және электронды БАҚ - ның орны. 27

ІІ. 1 Қазақстан баспасөзі және баспасөздің төрт теориясы27

ІІ. 2 Ақпараттық кеңістік және Қазақстандық электронды БАҚ түрлері мен қызметтері32

Қорытынды40

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:45

Cілтемелер49

Кіріспе

Қоғам өмiрiнде ақпарат ерекше маңызды рөл алатыны белгiлi. Адам баласы жаратылғаннан берi осылай болып келедi және осылай бола да бермекшi. Адам ақпаратты қабылдау, оны өңдеу және басқаларға тарату қызметiн әр дайым атқарып отырған. Егер ерте замандарда бұл аңшылыққа, жер өңдеуге байланысты болса, бертiн келе ауыз әдибиетi дүниеге келiп, аңыздар, ертегiлер ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн болды. Кейiн жазу фольклордың орынын алып, ақпарат алмасу жеңiлдедi. Адамдардың ой-өрiсi, бiлiмi дамып, ақпарат олардың танымының ажырамас бiр бөлiгiне айналды.

Өркениеттiң даму кезендерiнде бiрнеше төңкерiстер болып, адамзат жаңа белестерге көтерiлдi. Атап айтсақ, біздің заманымызға дейінгі адам баласы алғаш рет табиғатты өз қажеттілігіне жарата бастаған кез, яғни тас өңдеп, қола мен мысты игерсе, бертін келе жазудың, пайда болуы, кiтап басудың (XVI ғасыр ортасы), электр жарығының (ХIХ ғасыр аяғы) және де микропроцессорлық технологияның (ХХ ғасырдың 2-шi жартысы) пайда болуына байланысты едi. Ал, компьютерлердiң қазiргi өмiрiмiзде қандай орын алып отырғанын бәріміз тайға таңба басқандай анық бiлемiз.

Сол компьютер негiзiнде қазiргi заманда электрондық ақпарат, бағдарлама арқылы басқарылатын құрылғылар пайда болып көптеген үрдiстердiң жеңiлдеуiне мүмкiндiк туғызды. Осылайша негiзi ақпараттық технологиялар болып табылатын үлкен бiр сала ақпараттық индустрия қалыптасты. Қазiргi замандағы ақпараттық технологиялар компьютерлiк техника мен комуникация құралдарына иек артады. Осы бағыттың қарыштап дамуы ақпараттық қоғам деп аталатын ұғымды тудырды.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда адам баласының дамуына ерекше үлес қосып келе жатқан жаңа үрдістертердің бір түрі ақпараттық төнкеріс яғни ақпаратты тарату мен қабылдауда болып жатқан дамулар мен өзгерістер. Осы саланың кешенді өзгеруі қоғамдық өмірдің барлық саласының дамуына түрткі болуда. Сөйтіп, ақпараттық сала саяси жағынан болсын, әлеуметтік салада болсын үлкен маңызға ие. Бүгінде барлық мемлекеттің алдынан көлденең шығып, бас қатыртып отырған көкейкесті мәселе - ақпаратты игеру. Өйткені, мемлекетке қарсы бағытталған сыртқы күштер көп. Соның ішінде БАҚ құралдары арқылы төнген қаіуптің орны ерекше. Атап айтқанда, ел тұрғындарының сұраныстарымен оны қанағаттандыратын мемлекеттің арасы өте алшақтап кетті. Бүгінде, масс-медиа мемлекет бекіткен шекарадан әлдеқайда ары асып, жаһандық сипат алуда. Адамдарға адамзат этикасынан ұзақ «жаңа апиын» - телесериал, бейнеклиптер және порнографиялық телеөнімдерді жаппай ұсынып, халықтың санасын улауда. Әсіресе, интернет желісін пайдалана білетіндер үшін бұл өте оңай қол жеткізетін дүние. Транснационалды электронды ақпарат құралдарынан тарайтын кейбір хабарлар, жаңаша үлгіде және тартымды болып көпшілік қауымды кейде обьективті түрде, кейде әдейі өзіне тартып, ырқымен жүргізуде. Бұл жағдайлар тұрғындардың «өз» мемлекетіне деген сенімсіздіктерін арттырып, соңында елдің тұрақтылығына әсер етпеуі мүмкін емес. Мәселен, жеке немесе шетелдік теле-радио ақпарат құралдарынан сонымен қатар, мерзімді баспасөзде батыстық құндылықтар, еуропа либералдардық демократияның идеалдары - көппартиялық жүйе, олардың арасындағы бақталастық және адам құқықтарын жоғары қоюы мен адамдардың еркіндігі - көптеген Тропикалық Африка мемлекеттерінде студент жастардың мемлекет басқарушыларына қарсы наразылық шерулерінің шығуына себепші болғаны баршаға мәлім.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: Қазақстан он екі жылда тоталитарлық жүйенің сеңін бұзып, әлемдік өркениеттер қатарына ілесуге, ашық демократиялық саясат жүргізуге және бұл бағытта үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қоғаммен бірге бұқаралық ақпарат құралдары да түбегейлі өзгерді. Ең бастысы, қазақстанда өркениет талаптарына жауап беретін заңды - құқықтық база жасалды. Азаматтардың сөз, пікір айту бостандығы Ата Заңымызда басты қағидалардың бірі ретіде тасқа таңба жазылып, мемлекет тарапынан қорғалуда. Сонымен бірге, БАҚ дамуына ашық нарық саясаты, іс-әрекет бостандығы берілуі де оңды әсер етті. Журналистердің психологиясы да түбегейлі өзгерді, жаңа еңбек қатынастарының алғы шарты түзілді, жекеменшік орта қалыптьасты. Міне осы жұмыс барысында Қазақстандағы ақпарат кеңістігінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді саралап, сараптай отырып, Қазақстан халқына және мемлекттің тұрақтылығы мен тәуелсіздігіне тигізер әсерін ашу және соларға баға беру

Ия, тәуелсіздік бізге жаңа саяси ахуалға, ашық нарықтық қатынастарға алып келді, әрі дүниежүзілік экономикалы интеграцияға жол ашты. Соның нәтижесінде жоғарыда айтылғандай, сөз бостандығы, іс-қимыл еркіндігі сияқты демократиялық ұғымдардың ірге тасы қаланып, оның заңнамалық негіздері бекітілді. Бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекет араласуы мейлінше кеміді, олар дербестікке қол жеткізіп, бүгінгі таңда жекеменшік БАҚ мемлекеттік БАҚ-тан әлде қайда озық, әрі олардың қатары да мемлекеттік БАҚ -тан қатары артып, көбейді. Дегенмен, тәуелсіздік бізге ата-бабамыздың аңсаған арманымен қоса ауыр сын да алып келді. ХVIII-XIX. ғасырлырында қазақты дербес мемлекет болуынан патшалық Ресей айырса, XX-шы ғасырда қызыл империя сұрапыл саясаты тосқауыл болды. Енді, міне төл байрағымызды желбіретіп, еңсемізді көтерген XXI-шы ғасыр тұсында қазақ халқының алдына өте күрделі әлемдік тәртіп интеграция - жаһандану процессі шықты. Бұл процестің бір құйтырқылығы оны толығымен қолдап еніп кетсең, ұлттық мүдде, салт-сана деген құндылықтар бірте - бірте жойылып жоқ болып кетуі де ғажап емес. Ал, енді оны мойындамай өзің өз алдыңа бағыт алып кетуіңе де болмайды. Өйткені, қазір бір мемлекет басқа мемлекеттермен мейлі экономикалық жағынан болсын, мейлі ақпарат алмасу саласында болсын қоян қолтық араласып өмір сүруі күніміздің басты талабы әрі заңдылығы. Сонымен, тәуелсіз мемлекеттер арасындағы қарымқатынастар соның ішінде ақпарат алмасу байланыстар аталмыш үрдістің тез жүзеге асуына үлес қосатын бірден - бір фактор деп айта аламыз. Себебі, әлемнің түкпір -түкпірінде болып жатқан оқиғалар жер бетіндегі мемлекеттердің барлығына дерлік әсерін тигізеді. Мәселен: сонау Африка құрлығындағы Ирак пен АҚШ соғысы және Палестинадағы қақтығыстарға тіпті. Мексика жерінде болып жатқан жағдайлар бүкіл әлем жұртшылығының назарынан тыс қалып отырған жоқ.

Ақпарат жүйесінде болып жатқан жаңалықтар мен дамулар мәдениеттер арасындағы құндылықтарды бір-бірімен алмасу мерзімін өте қысқартып жіберді. Бұрындары ғасырлар бойы жүретін бұл процесс енді, БАҚ арқылы әп сәтте жүзеге асатын болды. 1 Осы алмасулар кезінде елдің көңілінен шығып, мемлекеттің дамуына септігін тигізетін ақпараттармен қоса өкінішке орай елдің ұйытқысын бұзып, ұлтаралық араздықты ушықтырып мемлекеттің тұтастығына әсер етсе, кейбір ақпараттардың ұлтты ділі мен дінінен бездіріп, адамдарды рухани тоздырып жіберетіндері де кездеседі. Міне бұл зерттеу жұмысым да осы ақпарат құралдары арқылы елге төнген кейбір дүниелерді, әсіресе электронды ақпарат құралдарынан ұлттың санасы мен жастар тәрбиесіне тигізер әсерін зерттеуге тырыстым.

Зерттеу жұмысының материалдық көзі: Әрине, зерттеу барысында еліміздің және шетелдік мамандардың еңбектерінен және мерзімді баспасөз беттеріне жарияланған мақалаларды пайдаландым.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Бүкіл әлемде жақындасу үрдісі жүріп тұрған кезде бұл зерттеу жұмысымның көп ұлтты және көп дінді Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына, олардың тұрақтылығына, әсіресе жүргізіп отырған ақпарат саясатына тікелей байланысты болған соң, ол теориялық салада болсын, практикалық салады болсын өте қажет дүние. Сондықтан бұл жұмыстың келешекте не магистрлік, не диссертациялық қорғау жұмысы бола алатынына сенімдімін. Және өзім осы жұмысты жалғастырып, Қазақстан ғылымына өз септігімді тигізсем деген ойым бар .

Зерттеу жұмысының мазмұны: Сонымен, бірінші тарауда « Демократиялық қоғамдағы ақпараттық кеңістік және электронды БАҚ - ның орны» атты тақырыпқа, ал екінші тарауды « Ақпаратық қауіпсіздік немесе Қазақстанның мемлекеттік мүддесі» äåï бөліп қарастырдым. Дәлірек айтқанда, бірінші тарауда: Қазақстан республикасы КСРО-дан бөлініп өз алдына дербес мемлекет болған соң оның саяси тәуелсіздігі, экономикалық тәуелсіздігі сияқты ақпараттық тәуелсіздігіне қол жеткізді. Сөйтіп, жаңадан қалыптасқан ақпараттық саясат ХХ ғасырдың 60-шы жылдырында батыста қалыптасқан «Баспасөздің төрт теориясының» қай тобына жататынын айқындауға тырыстым. Бірақ, бұл салада қоғамның басқа салалары сияқты бірден бағыт алып дами кете алған жоқ. Бұған себеп, КСРО-ның кезінде орталықтандырылған саясаты, мамандардың мен журналистердің жаңа қоғамдық тәртіпке дайын емес екендігі, әрі мемлекеттегі ақпарат құралдарының техникалық жағдайы өте нашар болуы еді. Міне осындай жағдаймен тәуелсіздікке аяқ басқан Қазақстанның ақпарат саласында жүргізген жаңа саясаты мен реформалары нәтижесінде қалыптасқан «Ақпаратттық кеңістігі» жайында және осы ақпараттық кеңістіктегі мәліметтердің ұлт мүддесі мен мемлекеттік саясатты жүзеге асыруы жағынан қалай ат салысып отырғандары туралы сөз қозғадым. Соның ішінде электронды ақпарат құралдарының яғни Теледидар, радио, интернет және ақпарат агенттіктері атты тақырыптарға бөліп олардың қоғамдағы орны жайында айттым. Ал, екінші тарауда яғни « Ақпаратық қауіпсіздік немесе Қазақстанның мемлекеттік мүддесі» атты тақырыптың айналасында әлемдік денгейдегі қауіпсіздік мәселесі және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі төңірегінде еліміздің және шетелдік мамандардың анықтамаларына және олардың түрлеріне сүйеніп, бізің елге ағылып жатқан ақпараттар легіне сараптама жасауға тырыстым. Әсіресе, ашық қоғамдағы ақпараттардың адам өмірі мен мемлекеттің тұрақтылығы беретін әсері жөніне кеңінен тоқталдым. Халықаралық ұйымдардың мемлекеттің ішкі істеріне араласуы яғни ұлттың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына қайшы келетін кейбір заңдылықтарды орында деп талап қойып отырғадықтарына және еліміздегі кейбір мемлекеттік емес және пайда көздеген тәуелсіз ақпарат құралдарының «демократия» деп тым еркінсіп кеткендіктиерін жаздым. Сонымен қатар, елімізде таратылып жатқан шетелдік апарат құралдары атап айтқанда, Ресейдің мерзімді басылымдарын қоспағанда «ОРТ», «НТВ» және «Русское радиосы» сынды электронды ақпарат құралдарын, әсіресе кабельдік арна - Алма ТВ-дегі араналардың барлығы дерлік ресейлік арна екендігі, сол арналардан және өзіміздің арналардағы бағдарламалардың көбісі дерлік ұлттық ділімізге қайшы екендігін айттым. Еліміздің шекаралы аймақтарындағы елді мекендердің мемлекеттік арналарды көруге шамалары жетпей қай елмен шекаралас болса сол елдің ақпараттарымен сусынданып отырғаны, олардың тәуелсіздікке деген ұғымдары мен елдегі жаңаëықтардан бейхабар екендігі жайында сөз қозғадым.

І-ТАРАУ. Ақпараттық қауіпсіздік немесе Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы

1. 1 Қауіпсiздік мәселесі: Қазақстан ұлттық қауіпсіздік факторлары.

Қазақстанның ұлттық мүдделері деп - қазақстандық әлеуметтік - мәдени қауымдастық мүшелерінің физикалық тіршілік етуі ғана емес, сонымен қатар олардың талаптары мен мүдделерінің прогрестік дамуы үшін де қажетті жағдайын қанағаттандыратын және қорғау болып табылатын жиынтық деп түсіну керек. Бұл қажеттіліктер республиканың әлеуметтік-эканомикалық және саяси құрылымы, оның эканомикалық даму денгейінен, халықаралық және аймақтық еңбек бөлінісіндегі тарихи қалыптасқан орнынан, географиялық жағдайының өзгешелегі ұлттық және мәдени дәстүрлерінен, яғни барлық геосаяси факторлар спектірінің ерекшеліктерінен туындайды.

Өзінің ұлттық мүдделерін, ұлттық құндылықтар мен өмір салттарын кристалдау, сондай-ақ Қазақстан үшін сырттан және іштен болатын нақты және әлеуетті қауіп-қатерлерді анықтау процесінде бұрыннан бар геосаяси факторлар ерекше әсер тигізді. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін негізгі параметрлерін қарауда геосаяси факторларға ерекше маңыз бөліп отырғаны кездейсоқтық болып табылмайды, қайта олар Қазақстанның өз ұлттық мүдделерін қорғаудағы қолдан келген мүмкіндіктері және елдің мүмкіндігін айқындайды.

Мұндай факторлар қатарына мына төменде келтірілген алтауының орындары ерекше болғандықтан, оларды жеке-жеке атап көрсетуге болады:


І. Географиялық фактор.

Қазақстан Азия мен Еуропа ортасында және екеуі ядролық держава болып табылатын бес мемлекетпен шекаралас орналасқан континентальды ірі мемлекет болып табылады. Оның өзін сонау Кеңестік дәуір кезіндегі ядролық бомба жарысы және оны сынақтан өткізу басталғаннан Қазақстан жері сырттан төнген қауіп ортасында тұрды десек қателеспейміз. Еліміздің дамуына өз ықпалын тигізетін Ресей мен Қытай да екі ядролық күштер екенін және біздің жақын әрі стратегиялық маңызға ие көршіміз жөнінде ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар, Қазақстанның географиялық орналасуы да, табиғи климаттық жағдайы да және материктік платформалармен анықталатын табиғи апаттардың барлық түрлерінен республиканың обьективті осалдығын ескеру қажет.

Орталық бақылаудан шыққан дамымаған инфроқұрылымдар аясындағы қатынас ұлан байтақ жері бар Қазақстанның комуникация саласындағы үлкен әлсіздігі болып табылады. Тұрақсыз аймақта тұрған унитарлы мемлекет үшін мұндай жағдай айтарлықтай қауіп тудыруы мүмкін.

Бай минералды - шикізат кен орны бар болуына қарамастан Қазақстан су, ауыз су және орман ресурстарынан зор тапшылық көріп отыр. Егістік жердің қысқаруы, бүлінуі және шөлге айналу процестері де Қазақстанның тез дамып кетуіне тізгін болып отырған бірден-бір фактор.

ІІ. Саяси факторлар.

Мемлекеттің геосаяси жағдайы оның мемлекеттік ішкі саяси құрылымындарына өзінің әсерін тигізері сөзсіз.

Мемлекеттік шекараның үлкен мөлшері Ресеймен (6032 км) және Қытаймен (1730 км) созылған шектессе, оңтүстігінде тұрақсыз болып табылатын «ыстық нүктелер көршілері», еліміздің көп ұлтты және көп дінді болуы осылардың болуы осылардың ішкі саяси жағдайының тұрақтылығына өз әсерлерін тигізетін бірден-бір факторлар десек болады. Қазақстанның 1995 жылғы Ата Заңымыз бойынша президенттік республика болып жариаланды. Унитарлы мемлекет шегінде күшті президенттік тәртіптің болуы үлкен аумақ пен аймақ әкімдердің кеудемсоқтықтығына қарсы және жекелеген министрліктер төңірегінде болатын сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы мұрындық деп есептесек болады. Бірақ саяси шындық көрсеткендей, бұл вертикал министрлер денгейінде бітіп, іс жүзінде аймақтық зиялыларды аз қозғайды.

Облыс әкімдерінің бәрін президент сайлағанымен және оған адалдық көрсеткенімен, олардың көпшілігінің қызметі жалпы мемлекеттік саясатпен жиі қарама-қайшылықта болып жатады. Бұл жалпы құқықтық кеңістікпен әкімшілік аумақтық бірліктердің өз қызметімен лауазымдығын пайдаланып, заңды аяққа таптап, көптеген аймақта «наполиончик» әкімдердің пайда болуы Қазақстан қауіпсіздігіне сыртқы күштерден төнген қауіптен кем түспейтін қауіп. Бұл өз кезегіде, Қазақстан үшін ішкі саяси қиындықтарын, тіпті сол келелі мәселелерді одан әрі ушықтырып, республиканың әлеуметтік-экономикалық кеңістігіндегі онсызда туындап отырған дағдарыс жағдайын одан әрмен қиындатады. Көптеген батыс және отандық мамандардың пайымдауынша, «өтпелі кезеңнің ерекшелігі Қазақстан ұлттық қауіпсіздігіне негізгі қауіп сол ішкі саяси тұрақтылықтың бұзылуынан болады» дейді. Әлеуметтік шиеленіс деңгейі өсуге бет алғанымен, Қазақстан бұрынғы Одақтық республикалар мен Шығыс Еуропа елдері арасында Дүниежүзілік банктың саяси тұрақтылық жүргізген зерттеу деректеріне сүйенсек, нақ орта (13-ші ) орында алады. Қазақстан ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету денгейіне әсер ететін саяси факторлар қатарына халықаралық қатынастар сипатын, халықаралық құқықтық шарттардың сапалы іске асырылуын, көршілердің нақты және әлуетті егестің барын және шекаралар сипатымен оларды іс-қимыл тәртібін жатқызуға болады.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері сыртқы саяси қызметіне көпвекторлы саясатты жариялады. Бұл саясаттың мәні Орталық Азия мен Қазақстан жеріне көз тіккен, стротегилық мүддесі бар түрлі алпауыт мемлекеттер арасындағы мүдделерді бір ретте теңдікте ұстап, оларды үйлестіруші күш ретінде болу болып отыр. Шын мәнінде, Қазақстан әлемнің алдынғы қатарлы державаларының осы аймақта өздерінің ықпалы үшін және ресурстарын пайдалануға жол ашу үшін бақталастықтарын пайдалана отырып, өзіне тиімді саясат ұстауға әрекет жасап отыр. Бұл, біріншіден елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету болса, екіншіден мемлекетке қаржы тартудың тиімді жолы, Республиканың геосаяси жағдайы, оның экономокалық және әскери әлсіздігі осы саясатты айқындайды. Алайда, Француздардың мынандай мақалы бар: «Бәріне дос, ешкімге де дос емес». Ертеме, кешпе Қазақстан өзінің сыртқы саясатында өз мүддесін басшылыққа алып, бір жақа шығуына тура келеді. Ал, ол үшін Қазақстан республикасының қауіпсіздігіне қандай сыртқы қауіп төнуі мүмкіндігін анықтау болып табылады.

ІІІ. Экономикалық фактор.

Бұған халықтың өмір сүру деңгейі, өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, көліктегі, қаржы жүйесіндегі жағдай мемлекеттің күшін жұмылдыру мен стратегилық қоры, сонымен қатар дүниежүзілік шаруашылық байланысы жүйесіне және дүниежүзілік еңбек бөлінісіне кіру дәрежесі сияқты салалар кіреді. Қазақстанның осы аталған салаларының көбісі төменгі денгейде тұр. Алайда, ресми мәліметтер бойынша, сонғы екі жылда экономиканың кейбір салаларында өнеркәсіп өндірісінің өскендігі байқалады. Экономикалық өсім тенденцясы жөнінде жақсы пайымдаулардың болуына қарамастан қазіргі кезде Қазақстан барлық жағынан 1984-85 жылдардың денгейінде тұр. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіші тұрғындардың жалпы адам басына шаққандағы жалпы өнімі 1990-шы жылғы 5105 доллардан 1997-ші жылы 1530-ға шейін қысқарды. БҰҰ -ның статистикалық мәліметтері бойынша, республикада 60% -дан астам тұрғындары кедей.

Өнеркәсіп секторының жағдайына келсек, мұнда болып жатқан құбылыстарға біржақты баға беруге болмайды. 1995-96 жылдары республика үкіметі өнеркәсіптің негізгі саласындағы елу ірі кәсіпорынды сыртқы басқаруға берді (түсті және қара металлургия, тау кені және химия өнеркәсіптері) .

Осы кәсіпорындардың кейбіреуінде өндірістік және әлеуметтік жағдай біршама жақсарды, сонда да өнеркәсіп секторындағы экономикалық дағдарыстың салдары әлі жойылған жоқ. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың біраз бөлігін несиелік қарызы бар. Оның ішінде жалақы бойынша қарыздың болуы әлеуметтік наразылықтың өсуіне алып келіп отыр. Көптеген кәсіпорындар тоқтап тұр немесе толық тәртіппен жұмыс істеп тұрған жоқ. Сапаның төмендігі және маркетингтік зерттеудің жүргізілмеуі Қазақстан өнімінің сыртқы саудада бақталастық қабілетін қамтамасыз ете алмайды, ал техника жағынан артта қалуы өндіріс саласына үлкен шығынға алып келіп отыр. Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы халыққа жоладаған жолдауында «елімізде бәсекеге қабілетті экономика қажет . . . , 2006 жылға қарай Дүниежүзілік сауда ұйымына кіреміз» деді. Демек үкімет алдында тұрған басты мақсаттардың бірі орта және ірі өнеркәсіптерді қолдау.

Республиканың бай және біршама арзан табиғи ресурстары оның өнеркәсіп бағытын өндіруші секторға әсіресе, мұнай-газ өнеркәсіп жағына бұрды. Республиканың шикізаттық ерекшеліктері, Қазақстандық экспортының негізгі саласы алғашқы шикізатта, ал импорт халықтық тұтыну тауарлары, құрал-жабдықтар, ақпараттық технологиядан тұратынына алып келді.

Ауыл шаруашылығындағы жағдай ауыл шаруашылық өнімнің негізгі түрлерінің күрт азайуымен және сапасының төмендеуімен, мал өнімділігінің түсуімен сипатталды.

Өсімдік шаруашылығындығы келеңсіздіктер Қазақстанның жетекші саласы болған мал шаруашылығының дамуына теріс әсерін тигізді. Ірі қара мал басының саны 1998- ші жылы 1991 мен салыстырғанда екі есе азайды, сүт өндіру 40% түсіп кетті. Бүкіл елді Қазақстандық өніммен сапалы және тез асырауға қабілетті фермерлердің қалың тобының құрылу құбылысы бірқатар кедергілерге ұшырады. Ең алдымен әнгіме қаржы институты жағынан сенімді несиелеу жүйесінің болмауы жөнінде болып отыр. Ауыл шаруашылығындағы мұндай дағдарыс республиканың азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, оны импорттық, көбіне денсаулыққа зиян өнімдерді тұтынушыларға ұсынуларынан болып отыр.

Ресми міліметтер бойынша, қаржы жүйесінде жағдай жақсаруда. Қор саудасында корпоративті емес мемлекеттік бағалы қағаздардың рөлі күшті. Бұл өндіріс саласына деген тікелей және портфельді инвестициялардың ағысын анғұрлым баяулатып, Қазақстанның өнеркәсіптік мүмкіндігін азайтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне саяси сараптама, жан-жақты талдау
Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
Әскери фактор
Экономикалық фактор
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
Глобализацияның негізгі қасиеттері
Қазақстан Республикасының әскери доктринасы
Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылығы
Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы. Қарулы жанжалдар және халықаралық құқық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz