ХІХ ғасырдың екінші жартысында


Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және құқық институты
«Халықаралық қатынастар» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
«Халықаралық қатынастар» кафедрасының
меңгерушісі т. ғ. к., доцент Кузутбаева Б. Қ.
«»200___ ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: «ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 70-ЖЫЛДАРЫ - ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР»
Мамандығы: 050202 - Халықаралық қатынастар
Орындаған: МО-05-1 тобының студенті
Мыңжасарова Айнагүл
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Исаева Л. Н.
Актау, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1-ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 70-90-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРА-
ЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР . . . 13
- ТҰРАҚСЫЗ ТЕПЕ-ТЕҢДІК . . . 13
- ШЫҒЫС ДАҒДАРЫСЫ ЖӘНЕ 1877 - 1878 ЖЫЛДАРДАҒЫ
ОРЫС-ТҮРІК СОҒЫСЫ . . . 19
- ҮШТІК ОДАҚТЫҢ ҚҰРЫЛУЫ . . . 24
- ОРЫС-ФРАНЦУЗ ОДАҒЫ . . . 28
2-ТАРАУ. ӘЛЕМДІ ОТАРЛЫҚ БӨЛІСУ ЖОЛЫНДАҒЫ ДЕРЖАВАЛАР-
ДЫҢ КҮРЕСІ (ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ - ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ) . . . 33
2. 1. ОТАРЛЫҚ ЭКСПАНСИЯНЫҢ КҮШЕЮІ . . . 33
2. 2. ӘЛЕМДІ ОТАРЛЫҚ БӨЛІСУ ҮШІН БОЛҒАН СОҒЫСТАР . . . 38
2. 3. ҮШТІК АНТАНТАНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
СІЛТЕМЕЛЕР . . . 60
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
КІРІСПЕ
Адамзат өмірінде халықаралық қатынастардың барған сайын ролінің өсуі бүгінгі күн оқиғаларының ғана емес, сонымен бірге ХІХ және ХХ ғасырлардағы дипломатия тарихына деген қызығушылықты туғызуда. Барған сайын халықаралық қатынастар жүйесіне тұрғындардың көптеген топтары тартылуда. Мемлекеттердің көптеген елдермен сыртқы саяси байланыстардың әрдайым кеңеюі сыртқы саяси қызметтің түрлі саласында терең білімділікті қажет етеді.
Саясаттың көп қырлы, ерекше құбылыс екенін ескеретін болсақ, оны тек бір ғана қоғамдық қатынас немесе жеке адамдардың қатынасы деңгейінде қарастыру тұтас мемлекеттер мен миллиондаған халықтардың немесе қайшылықтардың негізі қалыптасады.
Халықаралық қатынастар туралы ғалымдар арасында бірыңғай түсінік жоқ. Тар мағынада алғанда, халықаралық қатынастар деп мемлекетаралық немесе үкіметаралық қатынастарды айтады. Кеңінен тараған түсінік бойынша, халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекетік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, шаруашылық-экономикалық, құқықтық, ғылыми-техникалық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да өзара байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың (әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы) өзара қатынастарының жиынтығын айтады.
Халықаралық қатынастар - ол халықтар немесе мемлекеттер арасындағы қатынастардың жәй ғана жиынтығы емес, керісінше өзара тәуелді болатын, өзара дамып отыратын субъектілер арасындағы табиғи диалектикалық байланыстар жүйесі.
Халықаралық қатынастардың даму тарихы ұзақ тарихи жолдан өтті. Халықаралық қатынас мемлекеттердің пайда болуынан басталады және ол елдер мен мемлекеттердің бір-бірімен байланыс жасауының тарихи қажеттігінен туындайды.
Халықаралық қатынастың даму эволюциясында, оның адамдар арасындағы өзара қатынастың ерекше түрі ретіндегі бөлінуі алғашқы этностардың шығуынан және олардың өзіндік санасының қалыптасуынан басталады. Адамзат қоғамының дамуына байланысты елдер мен халықтар арасындағы қатынастар күрделене түсті. Халықаралық қатынастың қалыптасуындағы жаңа кезең мемлекеттің пайда болуымен байланысты. Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін халықаралық қатынастар кез келген мемлекеттің саясатында маңызды роль атқарып келеді. Мемлекеттің пайда болуымен саяси қатынастар ішкі және сыртқы (халықаралық) деп жіктеле бастады. Мемлекеттік шекараның анықталуымен «мемелекеттік тұтастық», «егеменділік» сияқты ұғымдар бекітілді.
Халықаралық саяси қатынастың мақсатына, түріне және мазмұнына қатысты мәселелер ерте дәуірден-ақ қалыптасты. Мысалы, сол кезден бастап мемлекетаралық қатынасқа қатысты әрекеттердің стратегиясы, мақсаттарының нақты түрлері күштер мен құралдары, ықпал етудің тәсілдері анықтала бастады.
Бұлармен бірге бір мемлекеттің екіншісіне ықпалы ондағы елшісі арқылы жүргізіле бастауы бір елдің екіншісімен қарым-қатынас түрлері мен мінез-құлық қағидаларының жақсы үлгілерін қалыптастыру дәстүрі қалыптасты. Сөйтіп, халықаралық саяси қатынас мәселелерін шешудің өркениетті тәсілдері анықталды.
Сол кезден бастап қалыптасқан егемендік идеясының өзі мемлекеттердің бір-біріне деген тәуелсіздік кепілі болып, бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпау принципін орнықтырды. Осының өзі ол мемлекеттерді мемлекетаралық байланыстар арқылы байланыс жасауға мәжбүр етіп, достық қатынастарға жол салды.
Халықаралық қатынастардың саяси теориялық тұрғыдан қарастырала бастауы «соғыс пен бейбітшілік» мәселелерінің шығуымен байланысты болды. Халықаралық қатынас концепциясының қалыптасуында Цицеронның, А. Августиннің, Г. Гроцийдің, Н. Макиавеллидің, Т. Гоббстың қалдырған пікірлерінің де маңызы зор болды.
Бүгінгі күні халықаралық қатынастардың табиғаты мен заңдылықтары туралы бірыңғай теория жоқ. Олардың кең таралған негізгі теорияларына - либерализм, саяси реализм және марксизм жатады.
Әлемдік қоғамдастықтың (мемлекеттердің бірігуі) пен халықаралық құқықтың негізгі субъектілері - ең алдымен мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болып табылады. Мемлекеттер арасындағы өзара қатынастар егеменділік не тәуелділік, бағыныштылық т. б. негізінде құрылады. Мемлекет арқылы халықтар мен ұлттар халықаралық аренада өз мүдделерін білдіреді. Халықаралық қатынастар жүйесі - екі немесе одан да көп мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттер, ал мемлекеттің сыртқы саясаты - бір ұлттың, бір мемлекеттің сыртқы саяси саладағы іс-әрекеттері. Сыртқы саясат ішкі және сыртқы факторлар ықпалымен қалыптасады. Ішкі және сыртқы саясат та бір мәселені шешеді - елдегі өмір сүріп тұрған қоғамдық қатынастар жүйесін қамтамасыз етіп және оларды одан әрі нығайту, алайда бұл мәселені шешуде саясаттың бұл екі бағытының өзіне тән ерекшеліктері бар. Елдің ішінде, қоғамда мемлекеттің саяси билікке монополиясы болса, ал халықаралық аренада әлемдік саясаттың бірыңғай орталығы жоқ, онда ара қатынастары түрліше болып келетін тең құқықты мемлекеттер қарым-қатынастар жасайды.
Мемлекеттен басқа халықаралық байланыстардың басқа да қатысушылары - әкімшілік бірлестіктердің (облыс, өлке, аймақ), қоғамдық ұйымдардың, фирмалардың, жеке тұлғалардың (индивидтер) да қызметтеріне ықпал етіп, бақылап отырады. Халықаралық қатынастардың өзгеше мемлекеттік субектілері - Ватикан, еркін қала және т. б. да түрлері бар. Халықаралық қатынстардың басты субъектілеріне мемлекет құрған халықаралық саяси немесе әскери-саяси ұйымдар да жатады. Халықаралық қатынастардың маңызды субъектілеріне беделді халықаралық қоғамдық және кәсіби ұйымдар да кіреді.
Тәуелсіз мемлекет құру үшін күресіп жатқан халықтың, ұлттың халықаралық - құқықтық субъектілігі туралы айтуға болады. Сонымен бірге барған сайын жеке тұлғаның да (индивидтің) де халықаралық-құқықтық субъектілігі мойындалуда. [1]
Халықаралық қатынастардың тарихи кезеңдеріне келетін болсақ, оның дамуындағы мынадай басты кезеңдерді көрсетуге болады. Жаңа дәуір қарсаңында болған 1618-1648 жылдардағы Отызжылдық соғыстың қорытындысын шығарған Вестфаль бітімі бүкіл сыртқы саяси жағдайларды өзгертіп, саяси күштердің жаңаша орналасу тәртібіне әкелді. Вестфальда халықаралық қатынастардың құқықтық негізі қаланды, егеменді мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектісі етіп жарияланды. Сол кезден бері халықаралық қатынастар әлемдегі болып жатқан оқиғаларға байланысты дамып отырды. Жаңа дәуірде халықаралық қатынастар жаңа кезеңге аяқ басты. Халықаралық қатынастардың дамуында ХҮІІІ ғасырдың соңындағы Ұлы Франуцз буржуазиялық-демократиялық революциясы да маңызды роль атқарды. Халықаралық қатынастардың дамуындағы маңызды кезең - 1815 жылғы Вена конгресінде қабылданған Вена регламенті болды, ол бойынша мемлекеттер арасындағы қатынастардың жалпы тәртібі орнатылды. 1917 жылы Ресейдегі социалистік мемлекеттің пайда болуы халықаралық қатынастарға және оның одан әрі дамуына әсер етті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдегі өзгерістер әлемнің екі жүйеге социалистік және капиталистік жүйеге бөлінуіне әкелді. ХХ ғасырдың соңында Кеңес одағы мен социалистік лагерьдің ыдырауы, Варшава шартының жойылуына байланысты халықаралық аренада АҚШ-тың ықпалы өсе бастады. Ол әлемде үстем болып, тіпті күш қолдануға дейін өз еркін басқа мемлекеттерге таңа бастады. Міне осының бәрі халықаралық қатынастар жүйесіне біраз өзгерістер енгізіп, АҚШ-тың қысымшылық саясатына қарсы наразылықтың бірте-бірте өсуіне әкелді. Елдердің арасындағы біраз қарсы тұруларға қарамастан бүкіл әлем бір-бірімен өзара байланысты және өзара тәуелді бола бастады. Қарусыздану, ең алдымен ядролық қаруды жою, аймақтық мәселелер, адамзаттың өмірінде барған сайын ролі өсіп отырған экология сияқты мәселелер маңыз алуда.
Біздің ғасырымыз - адамзатқа орасан зор мүмкіндіктер беретін бұрын-соңды болмаған ғылыми-техникалық прогресс заманы, оның ішінде халықаралық қатынастардың да дамуы үшін де маңызды кезең. Қазіргі заманда ғылым мен техника саласындағы жетістіктердің адамзатқа қарсы, Жер бетіндегі табиғат пен тіршілікке қарсы қолданылмауын қадағалау қажет. [2]
Диплом жұмысының тақырыбының хронологиялық шеңбері кеңес тарихнамасында қалыптасқан Жаңа дәуірдің екінші кезеңіндегі халықаралық қатынастардың дамуын қарастырады. ХІХ ғасырдың соңғы үштен бірі - ХХ ғасырдың басы, бұл империализм дәуірі.
Отандық тарихнамада Жаңа дәуір деп, орта ғасырдан кейін келетін, хронологиялық жағынан алғанда, ХҮІІ ғасырдың ортасындағы ағылшын революциясынан бастап, 1918 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына дейінгі аралықты қамтитын кезеңді айтады. Бұл дәуір өзінің алдындағы кезеңнен маңызды айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады: тиімді өндіріс әдісінің қалыптасуы, адамзаттың байланыстары мен қоғамдық процестердің ауқымы мен жиілігінің біраз кеңеюі, халықтар өміріндегі өзгерістердің тереңдеуі. Ең бастысы - адамдық өлшемде - жаңа дәуір өзінің алдындағы кезеңнен ең алдымен, адамның тұлғаға жаппай айналуы және оның дамуының еркіндігінің деңгейімен ерекшеленеді. Жаңа дәуір, ең алдымен басқа континенттердегі бұрынғысынша өмір сүріп жатқан халықтардың көпшілігінің тарихына ұқсамайтын европалық және америкалық елдердің тарихын қарастырады. [3]
Батыс Европада пайда болған жаңа өркениеттің дамуының маңызды шарты, ең алдымен Европа және Америка елдерінің арасындағы соғыстарға мен күрделі келіспеушіліктерге қарамастан, олардың арасында материалдық және рухани құндылықтардың кең түрде алмасуының дамуы болды. ХҮІІ - ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы халықаралық қатынастар либерализм идеяларының таралуында, капитализмнің дамуында және индустрияландырудың табыстарында маңызды роль атқарды. Олар екі үрдістің арақатынасының алмасып отыруымен: бір жағынан, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюімен, екінші жағынан, өздерінің дамуының әркелкілігі мен ерекшеліктерімен негізделген байланыстардың жанжалдылығымен анықталды.
ХҮІІ - ХІХ ғасырларда халықаралық қатынастар жүйесі дамып, ол барған сайын өз өрісіне Европалық континеттің негізгі аймақтарын, Батыс жартышар елдерін, Таяу Шығыс, Африка, Азия, Океания елдерін тартты. Европа, оның ішінде оның батыс бөлігінің елдері бұл жүйенің орталығы болды. Дамудың ішкі және сыртқысаяси факторларының өзара әрекеті бірте-бірте күрделенді, әлемдік ауқымды қамти бастаған жүйе шеңберінде мемлекеттердің ірі (ұлы) және кіші мемлекеттерге, метрополия мен отарларға бөлінуі күшейді.
Сонымен бір мезгілде келісімдерден, конвенциялардан және екіжақты, көпжақты байланыстардың басқа да формаларынан көрінген халықаралық құқықтың негізі қала бастады. Мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың және аймақтық, жалпыевропалық, әлемдік мәселелерді шешудегі олардың күшін реттеудің маңызды тетігі болған дипломатиялық қызметтің маңызы өсті; дипломатияның нормалары мен принциптері бірыңғайланып, бір жүйеге келтірілді. [4]
Тақырыптың өзектілігі. ХІХ ғасырдың соңғы үштен бірі - ХХ ғасырдың басындағы евроамерикалық өркениеттің дамуы оның құндылықтарының Батыс және Орталық Европада одан әрі таралуы, олардың континенттің Солтүстігіне, Шығысына және Оңтүстігіне қарай жылжуы, АҚШ-та табысқа жетуімен және Латын Америкасындағы алғашқы қадамдарымен негізделеді. Европа және Америка елдерінің арасындағы өзара әрекеттің жаңа кезеңі басталды. Бұрын Америка Европаға бағыт алып, оның миллиондаған тұрғындарын, рухани құндылықтарын қабылдап, капиталын өзіне тартып және техникасын алып отырса, енді шикізат пен азық-түлікпен бірге жаңа идеяларын, машиналарын, технологияларын, ұйымдасу формаларын алу арқылы Европа Америкаға бет бұрды. Европа мен Американың өзара әрекетіндегі басты үрдіс осы онжылдықтары әлемдік өндірістің 5 есеге жуық өсуіндегі және әлемдік сауданың көлемі шамамен 4 есеге жуық өсуі үлесінің евроамерикалық аймаққа келуімен анықталады.
Алайда олардың өзара әрекеті, барлық әлемдегідей, екі үрдістің - әлемдік ресурстарды тиімді пайдалану үшін халықтардың ынтымақтастығымен және тіпті басқалардың есебінен өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін әрқайсысының жекеленуінің қақтығысуымен күрделенді. Теңқұқықтылық болған жоқ. Жоғарғы топқа европалық ұлы державалар - Ұлыбритания, Франция, Австро-Венгрия, Ресей империясы жатты. Францияны жеңгеннен кейін олардың қатарына Герман империясы, одан кейін өзінің бірігуін аяқтаған Италия енді. ХІХ ғасырдың соңына қарай экономикалық жағынан күшті державаға айналған АҚШ та бұл елдердің қатарына жатпады. Ресейді жеңгеннен кейін ұлы держава ролін иеленген алыстағы Жапония да «европалық концерттен» алшық болды. Осман империясы ұзақ уақыттан бері «Европаның аура адамы» жағдайында болды. Отарлары бар басқа европалық мемлекеттер, жас латынамерикалық мемлекеттер ұлы державалармен тең құқықты болған жоқ, ал кейбіреулері олардан тәуелділік жағдайында болды.
Әлемдік рынок қалыптасып, ол тез дамығанымен, оның қатысушылары-ның арасындағы өзара тәуелділік халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесін қажет етпеді және әлемдік қауымдастық әлі пайда болған жоқ еді. Ала-құла геосаяси көріністе бәсекелесуші бірнеше орталықтар болды, олардың ең ірілері Европада болды.
Өзінің Европамен кеңейіп бара жатқан байланыстарында Америка елдері, әсіресе, Латын Америкасында халықаралық қатынастардың оңаша жүйесі болды. Латын Америкасында болып жатқан оқиғалар европалық мәселелермен ұштасып жатты, бірақ оның құрамдас бөлігі болған жоқ.
ХҮІІІ ғасырда халықаралық қатынастардың европалық жүйесі басқа аймақтық жүйелердің ішінде ең дамығаны болды және ХІХ ғасырдың соңына қарай әлемді европалық державалардың бөліске салуы нәтижесінде жаһандық маңыз алды. Бұл кезеңге қарай индустрияландырудың, Азия мен Африка елдерінің көптеген елдерін отарлаудың, әлемдік сауданың табыстарының арқасында дамыған европалық мемлекеттер қалғандарын басып озды. Өз елдеріндегі нәтижелі өндіріс және басқа елдердің тұрғындарын қанау оларға орасан зор пайда әкелді. Сондықтан отарлар мен ықпал ету аймағын бөлісу және бөлініп қойған жерлерді қайта бөліске салу үшін күрес олардың өзара қатынастарының құрамдас бөлігі болды. ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басындағы әлемнің көптеген халықтарының тағдыры көбінесе европалық державалардың, оның ішінде ұлы державалардың арасындағы қатынастарға байланысты болды.
Европалық елдер арасындағы байланыстар қарқыны мен ынтымақтасты-ғының бірнеше есе өсуі халықаралық қатынастарға қоғамдастықтың ықпалы-ның біраз өсуімен байланысты еді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықта-рының кеңеюімен державалардың сыртқы саясатына партиялар мен бұқаралық қозғалыстар ықпал ете бастады. Түрлі қоғамдық күштердің өз мемлекетінің сыртқы саясатына қанағаттанбауы бірқатар жаңа үкіметтік емес халықаралық ұйымдардың пайда болуына әкелді.
1870 жылғы француз-герман соғысынан кейін Европадағы күштердің арасалмағы біраз өзгерді. Франция біраз уақытқа әлсіреді, алайда өз отарларын кеңейтуді жалғастырды және реваншқа дайындалды. Герман империясының күшейгені соншалық, оның басшылығы Европадағы үстемдік пен бүкіл әлемдегі «күн астындағы орнын» талап ете бастады, яғни бөлініп қойған аумақтар мен ықпал ету аймағын өз пайдасына қайта бөлісуді талап етті. Ресей империясы өзінің Қырым соғысындағы жеңілісінің салдарларынан арылу және барлық бағыттағы экспансияны белсенді ету үшін француз-герман соғысын пайдаланды. Ұлыбритания мұндай өзгерістер жағдайында өзінің қоныс аударушы отарларына доминион құқығын беруге мәжбүр болды, ал Европада державалар арасындағы қайшылықтарды пайдалана отырып, «тамаша оқшаулану» саясатынан бас тартып, одақтастар іздей бастады. Австро-Венгрия Балканда экспансиясын күшейтті. Италия Африкада өз отарлық империясын құра бастады және ең болмағанда, өзіне жақын аумақтардағы иеліктер мен ықпал ету аймағын қайта бөлісу үшін күресте одақтастар іздеді.
Державалар арасындағы қайшылықтар олардың дамуының әркелкілігімен шиеленісті. Ұлыбритания 1914 жылға қарай өнеркәсіп өндірісінің даму көлемі жөнінен АҚШ пен Германиядан кейінгі үшінші орынға шықты, бірақ әлемдегі өзінің ең ірі отарлық империясын кеңейтуді жалғастырды, ал Лондон дүниежүзілік қаржы орталығы болды. Франция индустриялық дамуы жөнінен Германиядан артта қалды, бірақ төрт онжылдықтың ішінде өз отарларының аумағын 11 есе көбейтті. Өнеркәсіптік дамуы жөнінен әлемде екінші орынға шыққан Германияның отары аз болды және ықпал ету аймағын кеңейту оған қиынға соқты. Ірі державалардан Австро-Венгрия мен Италия да артта қалды.
ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында ұлы державалардың өсіп келе жатқан басып алу мен өз ықпалын кеңейтуге деген ұмтылысы, олардың әлемді бөлісу және қайта бөлісу үшін карулы күшті қолдануын жаңа империализм деп атады. Оның басты дем берушісі күшейген және монополияланған өндіріс, рыноктар мен банкілер және қаржы олигархиясы болды. Оның талап-тілектері ұлттық мүдде деп айтылып, патриотизммен теңестірілді. Империализм идеологтары шовинизмді - өз ұлтының басқа ұлттардан артықшылығы және төмендегілерге деген жеккөрушілік (олардың езілуі мен жойылуын ақтау үшін) сезімін тұтандырды. Көптеген патриоттық қоғамдық-саяси ұйымдар және тұрғындардың біраз топтары шовинизмнен бойларын аулақ сала алмай, онымен уланды.
Ұлы державалар жаңа иеліктер басып алу және халықтардың қарсылығын басу үшін қаруды қолданды. Сондықтан қарулы қақтығыстар мен кішігірім соғыстар үздіксіз жүргізіліп отырды. Барған сайын ұлы державалар арасындағы Европадағы үстемдік пен отарлар мен ықпал ету аймағын қайта бөлу үшін болған жанжалдар қауіпті бола бастады. Соғыстар мен жанжалдар жанталаса қарулануды ынталандырды. Нәтижеде державалар арасындағы шиеленіс күшейді, қақтығыстар жиілеп, шиеленісті. ХІХ ғасырдың соңғы үштен бірі - ХХ ғасырдың басындағы қайшылықтар мен жанжалдарды реттеуге бағытталған державалар арасындағы түрлі келісімдер мен шарттар кейбіреулер француз-герман соғысынан кейін көре білген дүниежүзілік соғысты болдыртпай қоймады. [5]
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аталған кезеңдегі халықаралық қатынастар мен басты капиталистік елдердің сыртқы саясаты шетелдік, кеңестік, отандық тарихнамада жақсы зерттелген. Халықаралық қатынастар тарихы кеңестік тарих ғылымының алғашқы қалыптасқан кезеңінен бастап-ақ зерттеле бастады. Құпия дипломатияның ашылуының бастамасы патшалық Ресейдің сыртқы істер министрлігі архивінің құпия құжаттары жинағының 1917-1918 жылдары басылып шығуы болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz