Иран ислам революциясы және шах режимінің құлауы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 Иран ислам революциясы және шах режимінің құлауы . . 9

1. 1 Шах режимінің дағдарысы және революциялық жағдайдың қалыптасуы . . . 9

1. 2 Ирандағы ислам революциясы және Иран Ислам Республикасының жариялануы. . 14

2 революциядан кейінгі Иранның мемлекеттік-саяси құрылысы және жаңа билік органдарының қалыптасуы 24

2. 1 Аятолла Хомейнидің ислам мемлекеті туралы теориясы және оның жүзеге асуы. . 24

2. 2 Иран Ислам Республикасының 1979 жылғы конституциясы және оның алғашқы қадамдары. 38

Қорытынды. 49

Әдебиеттер тізімі . 51

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын кең көлемді халық көтерілісінің нәтижесінде Иранның соңғы шахы Мохаммед Реза Пехлевидің режимі құлатылып, Иран жерінде 2500 жыл өмір сүріп, адамзат тарихында айтарлықтай із қалдырып кеткен монархиялық жүйе жойылды. Орнында пайда болған Иран Ислам Республикасы құрылған кезінен бастап әлемдік қауымдастықтың көңілін өзіне аударып, назарын ұстауда.

Қазіргі кезеңде қалыптасқан геосаяси жағдайда Иран мемлекетінің орны ерекше. Әлемдік қауіпсіздікке нұқсан келтіріп, терроршыларды қолдап отыр деген АҚШ-ң айыптауларынан кейін Иран «зұлымдық белдеуі» елдерінің қатарына жатқызылып, әлемдік қауымдастық арасында оған үрейлене қарайтындар қатары көбейді. Әлемдегі зұлымдықтың дені қазіргі кезеңде ислам дінімен, мұсылман атымен байланысты болып тұрған заманда, Иранда ислам тәртібінің өмір сүруі және сақталуы бұл мемлекет көпшілік алдында құбыжық болып көрінуде. Шындығында да, алғашында, 70-жылдардың соңындағы Иран оқиғаларынан кейін, әлемнің әр-түрлі елдерінде лаңкестік мұсылман топтарының белсенділігі артып, халықаралық саяси лексиконда «ислам қауіпі» сөзінің пайда болып, бекиді. Ширек ғасырдан артық уақыт өтіп, олардың Иранмен арадағы байланысы азайып, қарым-қатынастары іс-жүзінде үзілгеніне қарамастан, бұл сөз тіркесі әлі де болса Иранмен байланыстырылып айтылады.

Осылайша, Ирандағы ислам революциясы және оның нәтижесінде құрылған Иран Ислам Республикасы әлемдік қауымдастықтың ислам мәселесіне үлкен көңіл бөлінуіне әсерін тигізді. Көпшілік осы кезден бастап исламға әлемдік діннің бірі ретінде емес, оның қазіргі әлемдік саясаттағы рөліне көбірек көңіл бөле бастады. Ирандағы оқиғалардың ықпалымен америкалық ғалымдардың бірі: «Хомейнидің исламдық фундаментализмі осы заманның ең бір салмақты және түсініксіз эпидемиясы», - деп анықтама берген еді [1. 17 б. ] .

Сонымен қатар, Иранның революциядан кейінгі даму барысына сараптама жасай отырып, монархияны құлатқаннан кейін ирандық шеиттік діндарлардың орнатқан қатаң, жалғыз ұлттық идеологияға, кез келген оппозицияны бас көтеруіне мүмкіндік бермеуге және экономика саласында мемлекеттік бақылау орнатуға негізделген, шын мәнісінде авторитарлық билік жүйесінің арқасында жаңа мемлекет өзі өмір сүрген алғашқы сегіз-он жылында, көптеген қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіп, егеменділігі мен ұлттық ерекшеліктерін сақтап, бүгін, ХХI ғасырдың басында, тым еркін емес, бірақ өз азаматтарына айтарлықтай әділ, жақсы ұйымдасып және басқарылатын, шаруашылық саласында үлкен жетістіктері жоқ болса да экономикалық тәуелсіз және дамуының үлкен мүмкіндіктері бар, өзінің ұлттық мүдделерін батыл қорғайтын, бірақ халықаралық әскери-саяси және дипломатиялық проблемаларды жұмсақ шеше алатын елге айналып отыр.

Міне, осы фактілердің барлығы сөз жоқ, Иран тарихына еріксіз көңіл аудартады. Ирандағы ислам революциясы мен Иран Ислам Республикасының құрылу кезеңі әлі күнге дейін тарихшылардың қызығушылығын тудыруда. Өйткені, осы оқиғалар, көріп отырғанымыздай, Иранның бүгінгі әлеуметтік-саяси және экономикалық құрылысына ғана емес, сонымен қатар әлемдік деңгейде маңызы бар процестерге әсерін тигізген.

Иран мемлекетінің мәнісін түсіну Қазақстан үшін де айтарлықтай маңызы бар. Өйткені, Иран Каспий теңізі арқылы біздің көршіміз болып табылады және Қазақстан үшін маңызды сауда-эконмикалық әріптес. Сондықтан да, екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі табысты дамуы үшін көршілес мемлекеттің тарихындағы маңызды кезеңдердің бірін жақсы білу, оған дұрыс, шынайы баға беру біз үшін өте қажет.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Иран Ислам Республикасының құрылу мәселесі осы күнге дейін тарихшылардың, саясаттанушылардың, дінтанушылардың тарапынан жан-жақты қызығушылық тудырып отыр. Солай болса да, бұл тақырыпқа арналған қазіргі күн талаптарына сай үлкен зерттеулер аз кездеседі. Әсіресе тәуелісіз Қазақстанның тарихнамасында бұл мәселе жеткілікті дәрежеде зерттелмеген. Іс жүзінде, қазақ тілінде әлі күнге дейін осы тақырыпқа арналған монографиялық зерттеулер жоқ. Жекелеген ізденістер негізінен баспасөз беттерінде жарық көріп, олардың көпшілігі тарихи-анықтамалық сипатта жазылған [2] .

Ал осы тақырыпты қозғайтын ірі ғылыми еңбектердің көпшілігі негізінен Кеңес дәуірінде жазылып, оларда бұл оқиғаларға кеңестік идеология тұрғысынан баға беріледі. Яғни, негізінен бұл революцияға антиимпериалистік, антимонархиялық революция ретінде оң баға баға беріп, революция барысы мен Республика құрылғаннан кейінгі реакциялық элементтер сынға алынады.

Ирандағы Ислам революциясы мен ислам республикасының құрылу мәселесін зерттеген ғалымдардың бірі С. Л. Агаев болып табылады. Ол өзінің «Иран в прошлом и настоящем» [3] еңбегінде Иранның тарихындағы революциялық кезеңдерге шолу жасай келе аталған оқиғаларға терең талдау жасап, революцияның алғышартары мен себептерін, оның барысын және Иран Ислам Республикасының құрылуындағы алғашқы қадамдарын ашып көрсетеді. «Иранская революция, США и международная безопасность» [4] еңбегінде 1979 жылдың қараша айында Ирандағы америкалық елшілік қызметкерлерінің кепілдікте ұсталғаны баяндалады. Кепілдіктің 444 күні кезіндегі жалпы халықаралық жағдай мен Иранның ішіндегі саяси күштердің күресін сипаттай келіп, ол антиимпериалистік ұрандарымен бұл терроршылдық әрекеттерді ақтап көрсетеді.

Тақырыпқа байланысты тағы бір көлемді еңбек танымал кеңес тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы, А. Б. Резниковтың «Иран: падение шахского режима» туындысы болып табылады [5] . Бұл шығарма Ирандағы ислам революциясының 1979 жылдың қаңтары мен ақпан айлары аралығындағы кезеңі сипатталады. Бұл кезең жалпы революцияға жеңіс әперген шешуші кезең ретінде бағаланып, автор сол кезеңдегі кеңестік идеология шеңберінде оқиғаларға өз бағасын береді.

«Иранская революция 1978-1979 гг. » [6] еңбегі біз қарастырып отырған тақырыпқа арналған бірден-бір үлкен еңбек болып табылады. Кітапта революцияның әлеуметтік, экономикалық және саяси себептері тереңнен қарастырылып, шах режимінің сәтсіздікке ұшырау себептері ашылады. Сол сияқты, осы еңбекте революцияның кезеңдері неғұрлым толық қарастырылып, олардың жүру барысындағы ерекшеліктерге сараптама жасалады. Сонымен қатар, «Иран:история и современность» [7], еңбегінде Иран Ислам Республикасының құрылу мәселесіне жан-жақты баға беріледі.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, қазіргі кезеңде Иран Ислам Республикасының құрылу мәселесіне арнайы арналған көлемді еңбектер жоқ. «Иран: ислам и власть» [8], «Мусульманские государства у границ СНГ» [9] кітаптарында және Л. Куприяновтың «Иран: проблема власти в исламе» [10] сияқты еңбектерде бұл тақырып осы еңбектердің құрылымдық бөлімі ретінде қарастырылып, айтарлықтай үлкен орын алмайды. Солай бола тұрса да, бұл туындыларда Ирандағы ислам революциясы мен Ислам Республикасының құрылуына байланысты жаңа көзқарастағы бағалар беріледі.

Аталған тақырыпты зерттеуде «Азия и Африка сегодня» журналының бетіндегі басылымдардың өте үлкен көмек тигізгенін атап кетуіміз керек. Соңғы жылдары бұл журналдың бетінде жарық көрген бірқатар мақалалар, диплом жұмысына арқау болып отырған тақырыпты қозғап, осы мәселеге байланысты қазіргі кезеңдегі соңғы ойларды ортаға салады. Солардың арасында А. Гушердің [1], Н. Мамедованың [11], Хаким Фаршидтің [12], М. Арунованың [13] мақалаларын атап өтуге болады. Бұл мақаланы жазған адамдардың бірі кәсіби ғалым, екіншісі Ирандағы арнайы тілші, үшіншілері Иранның елшісі болғандықтан олардың туындылары жан-жақты көзқарастарды қамтып, аталған мәселеге байланысты неғұрлым толық ой қортуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ «Восток» журналында жарық көрген Е. А. Дорощенконың [14], С. М. Раванди-Фаданның [15] мақалалары да Ирандағы революцияға бүгінгі күн тұрғысынан баға беріп, ондағы ислам мен билік арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтауға тырысады.

Көріп отырғанымыздай, жоғарыда қарастырылған еңбектерде Иран Ислам Республикасының құрылу мәселесі қарастырылғанмен, олардың көпшілігі әртүрлі себептерге байланысты тақырыпты толық қамтып, оның мәнісін аша алмаған. Осыдан біздің диплом жұмысының мақсаты анықталады.

Диплом жұмысының мақсаты. Қазіргі күнгі тарих ғылымының деңгейінде барынша шынайы жолмен Ирандағы ислам революциясының алғышарттары мен барысын қарап, құрылған Иран Ислам Республикасының мемлекеттік-саяси құрылысының мәнін ашып, оның мемлекеттік органдарының құрылысын анықтау.

Диплом жұмысының мақсаттарынан келесі міндеттер туындайды:

- Мохаммед Реза Пехлеви бастаған шах режимінің дағдарысқа ұшырауының әлеуметтік-экономикалық және саяси себептерін анықтау;

- революцияның шынайы себептерін, мақсаттарын ашу;

- революция кезеңдерін анықтап, олардың ерекшеліктерін сипаттау;

- революция кезіндегі жаңа мемлекеттік органдардың қалыптасуы мен жұмысына анықтама беру;

- аятолла Хомейнидің ислам мемлекеті туралы теориясын талдап, мүмкіндігінше осы теорияның іс-жүзіне асуын бағалау;

- Иран Ислам Республикасының конституциясының сипаты мен мазмұнын анықтап, оның жаңа мемлекет өміріндегі рөлін көрсету.

Диплом жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысын жазу барысында Иран Ислам Республикасының басшыларының жеке басылып шыққан еңбектері мен олардың әртүрлі баспасөз құралдарына берген сұқбаттары дерек ретінде пайдаланылды. Сонымен қатар, 1979 жылғы Конституцияның мәтіндері де диплом жұмысы үшін маңызды дерек болып табылады.

Диплом жұмысының хронологиялық щеңбері. Диплом жұмысы, негізінен ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап 80-жылдардың басына дейінгі аралықтағы Иран мемлекетінің тарихын қамтиды. Осы кезең аралығында шах режимі дағдарысқа ұшырап, құлады және Иран Ислам Республикасының негізі қаланды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Әлі де толық жан-жақты зерттеуді қажет ететін тақырып бойынша, зерттеу, талдау жүргізуге талпыныс жасалынды. Бұл жұмыс қазақ тілінде, нақты деректерге сүйене отырып ХХ ғасырдың 60-80 жж. Иран қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерге неғұрлым кең талдау жасаудың алғашқы талпыныстарының бірі. Сонымен қатар бұл диплом жұмысында Иран Ислам Республикасының жаңа мемлекеттік органдарының қалыптасуына ерекше көңіл бөлінді.

Диплом жұмысының әдістемелік негізі. Жұмыстың әдістемелік негізін тарих ғылымына тән осы замандағы дәстүрлі принциптер: тарихилық, жан-жақтылық, объективтілік және басқалар құрайды. Зерттеуде диалектикалық, тарихи-салыстырмалылық, анализ-синтез, есептеу және т. б. әдістер қолданылды.

Диплом жұмысының қолданыстық маңызы. Диплом жұмысын студенттер Шығыс елдерінің қазіргі заман тарихы курсы бойынша семинар сабақтарында пайдалануы болады.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Ирани ислам революциясы және шах режимінің құлауы

1. 1 Шах режимінің дағдарысы және революциялық жағдайдың қалыптасуы

1979 жылғы революцияға дейін Иранды басқарған Пехлевилер әулеті билік басына ХХ ғасырдың 20-жылдары, Каджарлар әулетінің орнына келген еді. Әулеттің негізін қалаушы Реза-шах, екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңы мен басында ұстанған саясаты сәтсіздікке ұшырап, елді іс жүзінде ағылшын және кеңес әскерлері басып алғаннан кейін, тақты өзінің ұлы Мохаммед Резаға тапсыруға мәжбүр болды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Иранда қиын ішкі саяси жағдай қалыптасты. Елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайына наразы болған әр түрлі саяси және қоғамдық ұйымдар белсенділігі өсіп, олар монархиялық билікті шектеп, меджлистің рөлін күшейтуді талап етті. Иран халықтық партиясы (ИХП), Демократиялық партия және әртүрлі ислам саяси топтары шах билігіне үнемі қысым жасап, өз талаптарын қойып отырды. Олар әсіресе елді аяусыз қанап, тонап жатқан ағылшын компанияларына өз нарзылықтарын білдірді.

Жағдайдың одан әрі ушығуына 50-жылдардағы экономикалық жағдайдың одан әрі төмендеуі өз әсерін тигізді. Елуінші жылдардың соңына қарай экспорт көлемі күрт қысқарып, ақша құнсызданып, бұқара халықтың табыс көлемі азайып кетті. Тығырықтан шығу жолдарын іздеу барысында саясатшылар қайтадан Ағылшын-Иран мұнай компаниясын (АИМК) ұлттық меншікке қайтарып алу мәселесін көтерді. Осы ұстанымды көпшілік ирандық кәсіпкерлер, саудагерлер, ұсақ буржуазия өкілдері, қолөнершілер мен дін өкілдері қолдады. Бұл топтар, М. Моссадықтың басшылығымен 1949 жылы құрылған, Ұлттық майдан саяси ұйымының туы астына бірікті. М. Моссадық халық арасында Иранның саяси және экономикалық тәуелсіздігі үшін, шах режимін шектеп елде саяси қуғынды тоқтатуды талап еткен көзқарастарымен танымал болды. Ол ақсүйектер ортасынан шыққан, Франция мен Швейцария жерінде оқып келген заңгер, беделді саясатшы болды. Жиырмасыншы жылдардың басынан бастап бірқатар үкіметтердің құрамында министрлік қызметтерді атқарып, кейін өзінің көзқарастары үшін қуғынға түседі [16, 27 б. ] .

1951 жылдың басында Моссадық меджлиске мұнай өнеркәсібін ұлттық меншікке қайтарып алу туралы заң жобасын ұсынып, бұл заң халықтың қысымымен 1951 жылдың 26 сәуірінде қабылданады. Үш күннен кейін меджлис Моссадықты премьер-министр ретінде бекітеді.

Моссадық ішікі күштер мен батыс елдері, бірінші кезекте Англияның көрсеткен қысымына қарамастан Ирандағы мұнай кәсіпорындары мен мұнай айдаушы зауыттарды өзі тағайындаған өкілдері арқылы бақылауға алды. Бірінші кезекте бұл шаралар ағылшындарға қарсы бағытталып, елден АИМК-ң қызметкерлері қуылып, 1952 жылдың қазан айынан бастап Англиямен елшілік қатынастар тоқтатылды. Моссадықтың бұл белсенділігі шах пен оның төңірегіндегілерді қатты үрейлендірді. Нәтижесінде, 1953 жылдың тамыз айында әскери төңкеріс ұйымдастырылып, Моссадық үкіметі таратылып, репрессияға ұшырады. Премьер-министр болып төңкерісті басқарған генерал Захеди тағайындалды. Жаңа үкімет елдегі барлық прогрессивтік ұйымдар мен баспасөз құралдарын жауып, талқандап, елде әскери-саяси режим орнатып қана қойған жоқ, олар сонымен қатар Англиямен елшілік байланыстарды қалпына келтіріп, Халықаралық мұнай консорциумын құруға келісім берді. Бұл консорциумның 40% акциясы сол баяғы АИМК-на, тағы бір 40% - америкалық монополияларға, қалғандары олардан ұсақ шет елдік компанияларға бөлініп берілді. Консорциум ел қазынасына шикі мұнайды сатудан түскен пайданың жартысын аударып отыруға уәде бергенімен, бұл уәделерін олар ешқашан толық орындаған жоқ.

Осы кезеңде Иран басшылығы әскери, экономикалық және саяси салада Батыс елдерімен тығыз қарым-қатынастарға түсті. 1955 жылы Иран Бағдат пактісіне қосылып, 1957 жылы АҚШ-ң Таяу және Орта Шығыс елдеріне әскер жіберу құқығын бекітетін «Эйзенхауер доктринасын» мойындайды. 1955 жылы қабылданған шет елдік инвестицияларды қолдау туралы заң және 1958 жылы шет елдік банктерге шектеулердің алынып тасталуы Иранда жүздеген америкалық, еуропалық және жапондық компаниялар мен банктердің пайда болуына әкелді. Алайда «ашық есіктер» саясатын жүргізу арқылы елдің экономикалық мешеулігін жеңу үміті ақталмады. Иран әлі де болса аймақтағы ең кедей елдердің бірі болып қала берді: елдің Жан басына шаққандағы табысы (130 АҚШ доллары) көрші Түркиямен салыстырғанда екі жарым есе төмен болды, ал орташа өмір жасы 27 жастан аспады, халықтың 85% сауатсыз болды [26, 228 б. ] .

Қалыптасқан жағдайда 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басында Иран жерінде кең көлемді ереуілдік қозғалыс жүріп, оларда экономикалық және саяси талаптар қойыла бастады. Студенттердің белсенді бас көтерулері болып өтті. Халық пен әскер арасында қақтығыстар жиілеп, күрделі жағдайда шах екі реет меджлиске сайлауды тоқтатуға мәжбүр болды. Елде революциялық жағдайдың туындау қаупі пайда болды.

Революцияның алдын алып, елдің экономикалық жағдайын түзету мақсатында мемлекет басшылығы реформалар жүргізуге бел байлады. Айта кету керек, 1953 жылға төңкерістен кейін, иранда шах Мохаммед Резаның ішкі және сыртқы саясаттағы ықпалы өскен еді.

1963 жылы 23 қаңтарда алты заң жобасы бойынша жалпы халықтық референду өткізіліп, мына сұрақтар бойынша халық келісімі алынды: 1) жер реформасы, 2) ормандарды ұлттық меншікке алу, 3) жер реформасын қаржыландыру үшін мемлекеттік зауыттар мен фабрикаларды сату, 4) жұмысшылардың кәсіпорын пайдасын бөлісуге қатысуы, 5) парламентке сайлау заңын өзгерту, 6) сауатсыздықпен күресу үшін «ағарту корпусын» құру. 1963 жылдың наурызында үкімет әйелдерге еркектермен қатар сайлау құқығын берді. Кейін жоғарыда аталған реформалар туралы алты заңға тағы алты заң қосылып, оларда «денсаулық сақтау корпусын» құру, су көздерін ұлттық меншікке алу және тағы басқа жағдайлар қарастырылды. Иранда осы заңдар мен шараларды жүзеге асыруға байланысты әрекеттер «ақ революция» деген атқа ие болды.

Бұл реформаларды аграрлық саладан бастау көзделді, өйткені ауыл шаруашылығындағы ескі тәртіптердің сақталуы Иранның капиталистік жолмен дамуындағы басты кедергі болды. Он жыл көлемінде жүргізілген аграрлық реформанлардың басты мәнісі - ірі жер иеліктерін шектеп, артық жерлерді шаруаларға жеңілдетілген шарттармен сату болды. 1960-1962 жж. заңдар бойынша елдегі жер иеліктерінің мөлшері 400 гектарға дейін шектелсе, 1963 жылғы бірқатар заңдар бойынша жер көлемі 20-100 гектарға дейін шектелді. Сонымен қатар, осы заңдар бойынша шаруа кооперативтерін құру қарастырылды [16, 28 б. ] .

Жалпы бұл реформаларды жүзеге асыру, жоғарыда айтып кеткендей, он жылдам артық уақытқа созылып, өте қиын және ауыр жүрді. Нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірісінің даму көлемі көңіл толтырарлықтай болмады (1960-1975 жж. аралығында бұл көрсеткіш небары 1, 5 есеге өсті) және жылдам өзгеріп кеткен ортаға икемделе алмаған шаруалардың әл-ауқаты жақсарып кеткен жоқ. Кедейленген шаруалардың саны өсіп, олардың 40% ауылдарды тастап, күн көріс табу мақсатында қалаларға көшуге мәжбүр болды.

Алпысыншы жылдардың ортасынан бастап үкімет аграрлық саладағы өзгерістермен қатар кең көлемді өнеркәсіптік даму концепсиясын қарастыра бастады. Иранның экономикалық дамуына 70-жылдары жүріп өткен «мұнай дүмпуі» үлкен әсерін тигізді. Мұнай және мұнай өнімдерінен түскен пайданың мөлшері ондаған есе өсіп, 90 млрд долларға дейін жетті. Бұл үлкен қаражат елдің әлеуметтік-экномикалық мешеулігін жеңуге үлкен мүмкіндіктер ашып берді. Осы қаражаттың арқасында Иранда кең көлемді өнеркәсіп құрылысы басталды, жаңа құрал-жабдықтар сатылып алынып, шет елдік мамандар жалданды. Иран үшін жаңа өндіріс салалары - мұнай химия және газ, металлургия және машинажасау өндірістері пайда болды.

Нәтижесінде Иран даму қарқыны бойынша Азияда Жапониядан кейінгі екінші орынға шықты. Алайда, бұл дамудың нақты экономикалық және әлеуметтік негіздері болған жоқ, яғни мұнайдан түскен қаражат үнемді, жоспарлы жұмсалған жоқ. Мемлекет бірінші кезекте тартымды, бірақ қымбат нысандарды (атом электр стансасалары, технологиясы толық тексерілмеген зауыттар, орасан зор кемежайлар, әуежайлар) салуға көңі бөлді. Бұлардың көпшілігі ел мүмкіндіктерін, халықтың дайындығын ескерместен салынды.

Бүкіл байлығы шах пен оның төңірегіндегілердің бақылаусыз басқаруына түсіп, елде мәнсапқұмарлық, шашпалық, парақорлық және тағы басқа келеңсіздіктер күшейді. Армия, полиция, жандармерияны ұстап тұру үшін үлкен қаржы жұмсалды.

Бюрократия және мемлекеттік сектормен байланысты жаңа өнеркәсіптік-банктік буржуазияның әлеуметтік қолдауына сүйене отырып, елдің саяси өмірінде шахтың жеке басының билігі нығайды. Буржуазияның кедергісіз баюуына жағдай жасай отырып, өз кезегінде шах олардың сөзсіз бағынунын талап етіп, саяси ұйымдардың құрылуына рұқсат бермеді. Сыртқы жылтырақ, экономикалық жетістіктер мен кез келген оппозицияны жаншу жағдайында елде 70-жылдардың екінші жартысынан бастап дағдарыс өрши түсті.

Реформаларды көпшілік қуана қабылдамады, әсіресе, елдің жылдам капиталистік дамуына үлкен күш жұмсап икемделуге мәжбүр болған топтар разы болған жоқ. Солардың арасында өз билігіне қауіп көрген шеиттік діндарлар да болды.

Ирандағы әлеуметтік-саяси дағдарыс өзінің шарықтау шегіне 70-жылдардың соңында жетті. Шаруашылық дамуында тепе-теңдік сақталмады, миллиондаған шаруалардың қалаға көшуі салдарынан жұмыссыздықтың өсті. Қымбатшылықпен күресті сылтауратып билік өкілдері негізінен базарларда шоғырланған ұсақ тауар өндірушілері мен саудагерларге қысым көрсете бастады. Бақылау топтары құрылып, айыппұлдар енгізіліп, сауда жасауға тиым салына бастады. Бұл көпшіліктің жағдайының нашарлауына әкеліп, елде билік басындағыларға наразылық өсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХғасырдағы Иран мемлекеті
ИРАН ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Иранға АҚШ президенті
Иран конституциясы
1978-1979 жылдардағы Иран революциясы. Хомейни ролі
Ауғанстанның саяси жүйесінің демократизациялауы
Дүние жүзі тарихы
Иран-Америка қақтығысы
Иран - діни мемлекет
Араб халықтарына Ұлы державалардың жүргізген отарлық қысымын әшкерелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz