ИРАН ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

I ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ҚОҒАМДЫҚ ТАРИХИ ПРОЦЕСС РЕТІНДЕ5

1. 1 Ислам дінінің Иран мемлекеті саясатындағы ролі мен орны5

1. 2 Иранның шииттік бағыттың дамуы мен қоғамдық -тарихының қалыптасуы20

II ИРАН ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ25

2. 1 Ислам қоғамының қазіргі кезеңіндегі саяси - әлеуметтік даму ерекшеліктеріне талдау. 25

2. 2 Иран Ислам Республикасының Конституциялық жағдайы29

ҚОРЫТЫНДЫ35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ38

КІРІСПЕ

Соңғы жылдарда саяси - идеялық принциптердің базасында, исламның моральді принциптер негізінде мұсылман әлемінің дамуы саяси, әлеуметтік - экономикалық және мәдениеттің негізгі тенденциялары қалыптасуда. Бұл қазіргі халықаралық қарым - қатынастарына әсер етеді.

Глобальді саяси қалыптасу факторы сияқты исламның өсу рөлі және „ислам өрлеуі” деген сияқты процесіндегі Ислам Иран мемлекетінің ерекше орны осы зерттеу жұмысымның негізгі актуальді тақырыптары болып табылады.

Иранда теократикалық мемлекетті құру, оның мұсылман әлеміне біртекті идеологиялық және діни әсер етуі, көрші мемлекет пен аймақтарындағы жағдайына саяси ықпалы, халықаралық қатынастағы әсіресе қазіргі замандағы қатынасы, саясатшылар, ғылыми зерттеулердің қадағалауында болуда.

Иранның негізгі проблемасы клерикалық экстремикалық әрекеттер басқа мемлекеттердің исламдық соғыс идеологиясын ендіру.

Осы байланыста Иранда исламның билік етуі нақты, негіз ретінде анықталады. Исламның контекстегі дамуы, күрделі мен біртекті қоғамдық - саяси әртүрлі факторлардың сараптамасы, саясат пен дін арасындағы байланыс проблемасы әдістерін зерттеуі, негізгісі - Иран Ислам Мемлекетінің жарқын дамуы, оның сыртқы саясатының болашаққа анық жолмен бағытталуы. Осы зерттеу жұмысымның негізі аналитикалық материалдардың нәтижесінде көрінеді. Ол келешекте аналитикалық зерттеуде, қосымша, оған сәйкес тақырыптардың байланысуымен, арнайы бір дәрежеде, ішкі саясатында пайда болған сұрақтарды талқылау, практикалық мақсаттарын жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстан жағынан Иранға оптимальді, маңызды қарым - қатынастарды, халықаралық дәрежесінде көтеруге, радикальді исламизациямен байланысты жағдайларды шешуге көмек береді деген үміт бар.

Ирандық тәсілмен „Исламдық құрылыс” дүниетану - тарихи аспектісі шииттік Исламдық фундаментализм ерекшелігі және негізін зерттеу арқылы анализдейді.

Зерттеу жұмысымның жаңалығы.

Зерттеп отырған жұмысымның ғылыми жаңалығы - Иран Ислам Мемлекетінің тарихындағы ислам төңкерісіне дейінгі және кейінгі болған оқиғаларға тарихи - саяси талдау жасалғандығында.

Иран Ислам Республикасының құрылуына әкелген ерте Исламдық эпохадан Революциялық оқиғалардың басталуына дейінгі кезең орналады. Жұмыстағы ғылыми жаңалықтар ислам және саясат өзара байланысын қарастыруда бекітіледі. Иран қоғамы өмірінің барлық жағынан діни басқару негізінде қазіргі ресми мемлекеттік Иранда фундаментальді шииттер дүниетану идеологиясы қойылған.

Зерттеу жұмысымның мақсаты мен міндеттері

Зерттеу мақсатын қазіргі Иран мемлекеті және қоғам өмірінің әлеуметтік - саяси сферасына исламның әсері және оның рөлін күшейту нәтижесін және негізгі саяси, экономикалық, мәдени және басқа себептерді анықтау құрады. Иранда Ислам тәртібінің ерекше өзгешеліктерін ашуда, сонымен қатар Ирандық діни басқару алдындағы негізгі ішкі және сыртқы саяси проблема және міндеттерді анықтауда жатыр. Осы жағдайда келісім әдісі тұрғысымен осы проблеманы қарастыруда акцент жасалады және қазіргі Иран тәртібімен құрылған міндеттердің идеалды Ислам қоғамында нақты іске асыру мүмкіндіктеріндегі заттарда. Иран Ислам Республикасы үкіметінде маневр жасау және қозғалыс алаңын шектейтін факторлар бөлінеді. Иран қоғамындағы топтармен әр түрлі қабаттардағы қызықтардың жеке айырмашылығында, Ирандық топтарда ішкі басқаруда шииттер дін ілімі әсерінің ортасында дін ролі және орны туралы сұрақтардағы қайшылықтарда мемлекеттік басқару және саясаттағы діндерде де факторлар бөлінеді.

Сонымен қатар осы дипломдық зерттеу жұмысымның негізі - Ирандағы идеалық - саяси эволюция және теократикалық мемлекетінде Рухолла Мусави Хомейнидің ислам мемлекетіндегі фундаменталистік шииттік концепцияларын және оның Иран идеолог - құдайлы із басарлардың ерекшелігі болып табылады.

Иран Ислам Республикасында қазіргі саяси, идеологиялық және әлеуметтік - экономикалық жағдайлар, оның ішкі және сыртқы саяси проблемаларын шешу жолы туралы Иран - Исламдық тәртібін ыңғайына қарай өзгерту мүмкіндіктерінің алғы шарттары қарастырылады.

Осы тақырыптың хронологиялық шеңбері 1978-1998 жылдардың негізгі кезеңдерінде анықталған, яғни Ирандағы көптеген антишахтық, халықтың алға шығып сөйлеуі пайда болған уақыттан бастап және діни саяси топтар жағынан болған революциялық қозғалыстарына әсерінің тез өсуі аятолла Хомейни бастаған күннен бүгінге дейін. Сонымен бірге тақырыпты ашу мақсатында бірінші бөлімде басты образ шеңберден уақытша шығу болды, бұл зерттеп отырған жұмысты маңызды жаңалықтармен құбылыстарды сипаттайтын материал қосуға мүмкіндік берді.

Иранның мемлекеттік тарихи және қоғам дамуындағы рөлі мен орны - тарихы, әлеуметтік - саяси, мәдени және психологиялық алғы шарттар және Ирандағы Ислам қоғамының көзқарасы және идеялары. Қазіргі шииттер дін ілімі интерпретатциясында негізгі догмат және сенім принципі мазмұндалады. Хомейнидің Ислам басқару туралы доктринасы діни - саяси фундаменальді әлем тану негізін құрады. Иран Ислам Республикасының Конститутциясында бекітілген, қазіргі Иран теократикалық мемлекетін ресми идеологиясын зерттеу.

Фундаменталды шииттер концепциясының авторлар „әділетті ислам басқаруында” барлық догмат сенімі, шариғат мөлшері, исламдық салт - дәстүр қарастырылады.

Иран Ислам Республикасының ресми идеологиясы ислам қозғалысының фундаментальді идеялық - саяси негізі Ирандағы революция болды.

Дипломдық зерттеу жұмысымда Хомейнистік „революциялық дін” әрекеті мысалға алынады.

Зерттеу жұмысымдағы алға қойылған мақсатқа жету үшін, мынадай міндеттерді шешу ұсынылады:

  • Иран Ислам мемлекетінің тарихына жүгіне отырып болған саяси жүйені анықтап көрсету;
  • Имам Хомейнидің алға қойған мақсаты мен саясаты;
  • Ислам төңкерісінен кейінгі Иран;
  • Имам Хомейни және исламның жаңғыруы;
  • Иран Ислам мемлекетіндегі исламның қазіргі кездегі әлеуметтік - саяси дамуы мен сыртқы саясаты.

Бұл тақырыпты жазуда отандық, ирандық, батыс басылымдары мен негізгі кітаптар қолданылды.

Жұмысты ғылыми зерттеуде ең басты негізге ТМД елдерінің авторларының жұмыстарын алып қолдандым. Ислам және дінтанудың жалпы тематикасы бойынша және дамушы елдердің дамуы бойынша - белгілі ғалымдар Петрушевский, Мчедлов, Симония, Примаков, Ким, Полонская, Дораменской сияқтылардың еңбектері бар.

Диплом жұмысымның құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ҚОҒАМДЫҚ ТАРИХИ ПРОЦЕСС РЕТІНДЕ

1. 1 Ислам дінінің Иран мемлекеті саясатындағы ролі мен орны

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не козғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және тағыда сол сияқты.

Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала - өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат - мүдделері кейде кабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жагдайдан екінші жагдайга келіп, ауысуын, өзгеруін, қозгалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім кабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және тағыда сол сияқты жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтар-дың әр түрлі мүдцелерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.

Жалпы ұжымдық мақсат - мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат құралдары және т. б. қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекеттік билік институтгары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын негізгі тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат - мұратын айқындауға қатысатын топтардьщ арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселелері олардың іс - әрекетіне байланысты. Саяси субъектілердің өзара қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, т. т. да солардың іс - қимылдарымен айқындалады.

Ұсақ саяси қарарлар күн сайын шығып жатады десе де болады. Ал көпшілік жұртты қамтитын ірі саяси шешімдер, құжаттар (Конституция қабылдау, сайлау, референдум өткізу сияқты) қоғам өмірінде сирек кездеседі. Оларды дайындауға, өткізуге көптеген адамдар тартылып, үлкен оқиғаға, саяси белеске айналады. Сондықтан саяси процесс белес - белес, циклмен дамиды десе де болады. Ондай мәселелерді көбіне билік институттары іске асырады. Демократиялык, елдерде саяси процесс әдетте сайлау цикліне байланысты қалыптасады. Бұрынғы Кеңес өкіметінде СОКП - ның съездері бүкіл саяси жұмыска ырғақ беріп, цикл содан басталатын.

Саяси процесті ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т. т. ) процестің теориясын немесе тұғырнамасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсат таңдалады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орындау, жүзеге асырудың құралдары, тәсілдері қарастырылады. Қанша уақыттың көлеміңде іске асыруға болады, қанша адам, кімдер қатынасады т. т. ойластырылады. Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы керек. Саяси процестің әрбір кезеңі бақайшағына дейін мұқият тексерілгенінде ғана табыс-ты болады.

Саяси процесс - күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты камтиды. /1/

Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады.

1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау.

Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемле-кеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жүрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін - өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.

2. Саяси жүйенің өзін - өзі жаңартуы. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныккан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жана саяси қатынастар мен институттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс - қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді.

3. Саяси - басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Қоғамдағы әр түрлі адамдардың, топтардың, таптардың, бірлестіктердің қажеттіктері, мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда кдрама - қарсы келіп жатады.

Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылыктарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап - тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның түтастығын, тыныштығын, түрақтылығын сактап, соған жағдай жасауы керек. Бұл - саяси мәселе. Батыстың көптеген елдерінде биліктің әр тармағының (орталықтағы не жергілікті жердегі болсын) өз алдына бөлек сарапшы кеңесшілері, көмекші топтары және т. б. ақыл - кеңес беретін құрылымдары болады. Олар арнайы ғылыми-талдау жұмыстарын жүргізіп, ең дүрыс, қолайлы шешімдерді қабылдауға жәрдемдеседі. /2/

Мұнда шешім қабылдаушы саяси басқарушылар мен оны орындаушы бағыныштылардың арасында тығыз байланыс болуы керек. Бұрынғы Кеңес өкіметінде шешімді партияның бірінші хатшылары қабылдайтын. Олар ештенеге жауап бермейтін. Жауапты аппараттың айтқанын орындап, соның бұйрық, нұсқауларын, шешімдерін іске асырушы мемлекеттік органдар мекемелердің жауапты кызметкерлеріне артатын. Сондықтан ақылға сыйымсыз жағдай туған: шешімді қабылдаушылар ештеңеге жауап бермейтін, ал жауап берушілер оны қабылдауға қатыспайтын. Мұның бәрі кандай нәтижеге әкелетіндігін өмір өзі көрсетті.

4. Саяси жүйеніц жағдайы мен іс - әрекетін бақылау.

Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардын, жұмысында алға қойған бағдар, мақсат - мүддеден ауытқушылықты, жаңсақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді. Ол екі жолмен жүргізіледі.

  • Біріншісі - мемлекеттік мекемелер, партия органдары, коғамдык ұйымдар мен қозғалыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау қызметтері, партиялық бақылау, ресми баспасөз органдары енеді. Бұл - саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет бабында атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін-өзі бақылауы.
  • Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бакылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Мұны "төменнен бақылау" десе де болады. Бұл үшін қоғам демократиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады, тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді.

Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге асырушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да білдіреді. Оны үшке бөлуге болады.

  1. Саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі. Мұнда саяси процесс басқарушылар мен сайлаушылар, азаматтар мен мемлекет арасындағы қалыптасқан қатынастарды сапа жағынан айтарлықтай өзгертпей, күнделікті орнына келтіріп, құр қайталайды. Яғни, мемлекет үйреншікті қалпында, әдеттегі ырғағында қызметін жүргізе береді. Онда саяси субъектілердің іс - әрекетінде жаңашылдық өзгерістен гөрі дәстүр мен саяси сабақтастық басты рөл атқарады.
  2. Саяси тәртіптің дамуы. Ел ішіндегі жөне халықаралық аренада саяси күштердің ара салмағында немесе әлеуметтік құрылымда өзгерістер болуы мүмкін. Басқарушы органдар өмірдің бұл жаңа талабын байқап, өз жұмысын соған орай бейімдейді. Саяси даму биліктің жоғарғы және төменгі сатыларының өзара әрекеттестігімен, сан қилы ағымдар мен үрдістердің күресімен қоса қабаттаса жүреді. Мұның бәрі әлеуметтік және саяси құбылыстарды сөйкестендіруге жәрдемдеседі.
  3. Саяси түтастықтың құлдырауы және ыдырауы. Бұл жағдайда саяси процестің даму бағыты саяси жүйенің тұтас өмір сүруіне келеңсіз әсерін тигізеді. Кірігу, жинақталудың орнына саяси субъектілердің бөлшектену үрдісі басымдық алады. Билеуші тәртіптің ыдырауы күмән тудырмайды. Оның шешімдері басқару кабілетін жояды.

Мұндай процеске Еуропа және Азия аймақтарындағы бұрынғы социалистік елдердің құлдырау, ыдырау тағдыры толық мысал бола алады. Билеушілер тобы өмірдің әлеуметтік - экономикалык, және рухани талабына сай тиісті жауабын таба алмады. /3/

Сонымен, саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардың, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс - әрекетінін, нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, қозғалысын айтады.

1342 жылғы Хордад көтерілісінің ерекшеліктері.

1. Көтерілістің исламдық мінезі.

Хордад айының 15 - сі Иран жеріндегі жалпы халықтық ислам көтерілісінің басталған күні болып саналады. Бұл қозғалыстың көсемі Имам Хомеинидің тұлғасы ислам қозғалысының мәнін көрсеткен еді.

Ол адам „Марджа - е - таклид” болған еді. Яғни жәй ғана дінді терең ұстанып шынайы мұсылман болып қоймай, сонымен бірге исламды ғылыми, оның ереже заңдарын жан - жақты зерттеумен айналысатын. Сол кезде Имам Кумдағы оқу орталығын басқарып отырған. Өмір бойы және қызметінде дінді терең ұстанып, өте қарапайым және кішіпейіл исламның шынайы теоретигі болған еді. Әрқашан да және барлық жағдайда исламның нормаларын ұстанған, ондаған жылдар бойы дін мемлекеттен бөлек болу керек деп насихаттап және оны мемлекетке отырғызуды дұрыс көрген Шах режимінің тезистерін терістеген еді.

Ислам туын жоғары көтере ислам идеясымен қаныққан оны шын жүрегімен сезіне біліп қабылдаған. Имам мен оның қолдаушыларының бастауымен халық қасиетті күрес жолына шығады. Ол жол жалғыз ең жоғарғы құндылықтарға ие ислам үшін күрес еді.

Халық ислам идеяларында өздерінің ғасырлар бойы жиналған бейбітшілік пен тыныштық, үйлесімділік пен әділеттілік, жалпы бауырластық пен махаббат туралы арман мүдделерін тапты. Бұл идеялар халықты тізеден тұрғызды. Имам Хомеини өз өмірін аямай өзінің қанын төге отырып зұлым Шахтың режиміне қарсы шықты. Намаз және ораза сияқты әрбір сенуші мұсылманның парыздары өзінің өміріндей және тыныс алуындай табиғи және қуанышты болды.

Хордад көтерілісінің негізі ұлы ислам идеясының салтанаты үшін күрес еді. Және бұл күресте халық үшін үлгі ретінде біздің Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) -тің өмір жолы мен іс - әрекеті, Қасиетті Құран, оның айтқандарымен сүннеті болды. Олар халыққа Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) сенімді шәкірттері мен ізбасарлары - Имамдарды алып келді. /4/

2. Қозғалыс басқаруының моральдық кейпі.

Ислам революциясын басқару үшін жоғарғы моральдық кейпке ие болды. Төңкерістің маңызды ерекшелігі мен артықшылығы оның басында Имам Хомеинидің тұруы еді. Әдетте өздерінің амбицияларын қанағаттандырып тек мансаптарын жасайтын саясаткерлерге ұқсамай Имам Хомейни қандай да бір жеке мақсаттарды көздемеді. Сонымен бірге саясаттан дінді ажыратуды көздеп жеңістік соққылардың жіберілуіне қанағат етпей Имам Хомейни әлде жоғары мақсаттарға ұмтылды.

Ислам революциясы жоғарыдағы Алла тарапынан өолдау тапқан төңкеріс. Сол себептен мұсылмандардың қасиетті борышы орындалған еді. Күрес материалдық құндылықтар үшін емес, рухани құндылықтар үшін жүргізілді. Яғни әлемде үйлесімділік, адамдар арасында әділеттілік пен таза қарым - қатынастар орнату үшін және барлық адамзат алдында тең болған бізді жаратушы Аллаға жақындау көзделген еді. Имам Хомейни өзінің халық алдында талай рет сөз сөйлегенінде әрдайым айтатын: „Біз Пайғамбар (с. ғ. с. ) бізге нұсқаған жолмен жүре отырып, алдымен өзіміздің қасиетті парыздарымызды орындауымыз керек. Күрестегі жеңіс бұл мұрат емес, бұл тек парызымыздың орындалған қорытындысы еді. Сонымен бірге жаратушы Раббымыздың бізге жіберген сынағы. Міне соны орындау арқылы біздің тіршілік етуімізді көрсетеді. ”

Имамның және оның жақтастарының жаратушымыз бір Аллаға шексіз сенімдерімі олардың ешбір тербелмейтін тұрақты Имамдармен күрес барысындағы батылдықтарының салдарынан революцияның бірден бір жеңуінің себебі еді. Имам Хомейни өзі жүргізіп отырған қасиетті парызына сондай, өте ізгілік қарым - қатынаста болды. Яғни ешбір келісімге келмей жауға жол бермей әрекет етті. Себебі жоғарыдағы Алла тарапынан ешбір іске береке берілмесе және бұл іс Алланың заңдарына қарсы келсе онда оның аяғы жақсылықпен аяқталмаған. /5/

3. Күрестің жалпы халықтық мінезі.

Он бесінші Хордададағы қозғалыс жалпы халықтық бейнеде болды. Бұл қозғалыс белгілі бір әлеуметтік топпен шектеліп қоймаған. Бұл қозғалыста қалалармен ауылдардың барлық тұрғындары белсенділік танытты; жұмысшылар мен шаруалар, мұғалімдер мен сатушылар, жастар мен кәрілер қозғалыстың негізгі күші еді. Ұлы ислам оларды біріктіріп күреске көтерді. Жалпы халықтық қозғалыстың мінезі өте қарапайым болды. Сол себебі ислам идеологиясы қарапайым адамдардың ойларымен армандарына өте қолайлы және жақын жайылған. Халық пен басшылық арасындағы байланысты жергілікті дін басылары іске асырып отырды. Олар қалалармен барлық жаққа барып халықтың ой саналарын ағартып олармен қуанышта да, қайғыда да бірге болды. Діни және ағарту қызметтерінің орталықтары мешіттер мен қасиетті жерлер болды.

4. Монархиямен күрес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Кавказдағы түркі халықтары
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Сефевилер мемлекеті
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Ұлы Селжұқтар мемлекеті
III – VII ғасырлардағы иран
Мысыр еліндегі мамлүктер билігі
Түркілердің Иран мәдениетіне ықпалы
Дамыған орта ғасырдағы мемлекеттер. Қазақстанның экономикалық мәдени дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz