Мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық моделін іздестіру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
1. Қазақстан Республика мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық
қатынас эволюциясы 5
1.1. Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың даму
тенденциясы 5
1 Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру 6
2 Мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық моделін іздестіру
9
3 кезең - Экономикалық және басқа салаларда екі елдің кірігуінің кеңеюі
мен тереңдей түсуі 11
( 1994 жылғы наурыз - 1997 жылғы қыркүйек ) 11
4 кезең – СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ. МӘҢГІЛІК ДОСТЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
14
2. Қазақстан және Ресей: саяси қатынастардың проблемалары және болашағы 17
2.1. Екі жақты қатынастағы Байқоңыр ғарыш кешенін пайдалану мәселесі 17
2.2. Қазақстан мен Ресейдің Каспий теңізі мәселесіндегі саясаты 21
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі
Қазақстан мен Ресей ежелден тату көрші хақын берік сақтаған достас
елдер. Ғасырдан ғасырға ұласқан достықтың тамыры кеңестік жүйе ыдырап,
дербес мемлекет атанған тұста одан әрі беки түсті. Тәуелсіз Қазақстан мен
Ресей қазірде тең құқықтық негізге иек артатын дербес саясат ұстанып отыр.
Қазақстан егемендікке қол жеткізісімен, шетелдермен тығыз байланыс орнатуды
өзінің сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі әрі негізгісі ретінде
қарастырады, ал еліміз үшін көрші мемлекет – Ресейдің жөні бөлек. Мұның
себептері көп. Әсіресе, геосаяси және стратегиялық әріптестік, сондай–ақ
экономикалық тиімділік тұрғысынан алып қарағанда Қазақстан мен Ресей бірін
– бірі толықтырып, тұтас жүйе құрайды десек болады. Қазіргі кездегі екі ел
қарым – қатынасының үлгісі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының өзге
мемлекеттерімен салыстырғанда өте оңтайлы көрінеді. Себебі Қазақстан мен
Ресей арасында барлық стратегиялық маңызды бағыттардағы көкейкесті
мәселелер өз шешімін тауып отыр.
Екі елдің де халықаралық қатынаста өз орны, саясаты, беделі бар. Біз
үшін солтүстіктегі көрші Ресеймен байланысты сақтау, дамыту әрқашан өзекті
мәселелердің бірі болып қала береді. Бір жағынан, он жыл өткен соң екі
елдің саяси қарым–қатынастарының нәтижелері көрініп, екінші жағынан 2003
жылдың Ресейдегі Қазақстан жылы болып жариялануы бұл тақырыптың бүгінгі
күні өзекті мәселе екенін дәлелдейді. Сонымен қатар екі жақты қарым –
қатынастар күрделі проблемалар шегінде өрбіп жатыр. Каспий теңізінің
құқықтық мәртебесі немесе Байқоңыр кешенін пайдалану мәселелерінің өздері
өзекті мәселелер. Екі елдің бүгінгі саясатын әріптестік тұрғыдан бағамдасақ
бір–біріне жақындығымен және ұқсастығымен ерекшеленеді. Ал бұған
егемендікті алған күннен бастап, күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе
жатқан тығыз байланыстар берік негіз қалады.
Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы қарым – қатынасының қалыптасуы, дамуы, сонымен қатар, екі елдің
өмірлік мүдделері қиысқан мәселелер, дәлірек айтқанда Байқоңыр ғарыш
айлағы, Каспий теңізі, диаспора мәселелері.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты
Өзінің байлығымен әлем елдерінің қызығушылығын туғызып отырған
Қазақстан және оның солтүстік көршісі Ресей арасындағы қазіргі саяси
қарым–қатынастардың орнап, қалыптасып, дамуын кезең – кезеңдерге бөліп
жүйелеп талдау, саралау. Он жыл ішіндегі нәтижелері мен жеткен
жетістіктерін бағалау. Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:
- екі жақты саяси қарым – қатынасты кезеңдерге бөліп талдау;
нәтижелеу;
- екі елдің Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне және мұнайды әлемдік
рынокка шығару проблемасына қатысты бағыттарын, позицияларын дәйектеу, бұл
мәселені шешудегі әрекеттерін зерделеу;
- Қазақстандағы орыс халқының жағдайы мен Ресейдегі қазақ диаспорасы
мәселелеріне қатысты екі мемлекеттің ұстап отырған саясатын жан – жақты
ашып көрсету:
- Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың екі жақ үшін тиімді тұстарын
анықтау.
Зерттеу жұмысының алдына қойған мақсаты мен міндетін жүзеге асыруға
негіз болған деректерді сипатына қарай бірнеше топқа бөлуге болады.
Тақырыпты зерттеудің деректік негізі ретінде ең алдымен екі жақты қарым –
қатынаста қол жеткен дипломатиялық құжаттарды атауға болады. Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында бүгінгі күнге дейін 400 – ден
аса құжатқа қол қойылды.[1] Бұл дипломатиялық құжаттарды жүйелеп, талдай
келе екі жақты қарым – қатынастың саяси негізін зерделеуге нақты мәліметтер
алынды. Сонымен қатар осы құжаттар негізінде екі ел арасындағы
дипломатиялық қатынастардың құқықтық – материалдық база қалыптасқанын
көруге болады.
Деректердің келесі бір тобы статистикалық анықтамалардың екі жақты
қатынастардың дамуының деңгейін нақты фактілер мен цифрлар арқылы саралауда
пайдасы мол болды[2]. Бұл мәліметтер ұлт мәселесін қарастырған кезде көмек
көрсетті.
Деректердің тағы бір маңызды көзін Қазақстан Республикасының
Президенті Н. А. Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В. В.
Путиннің еңбектері, интервьюлері, жолдаулары құрайды. Сонымен катар ел
басшысы Н. А. Назарбаевтың еңбектерінде екі жақты қарым – қатынас
проблемалары мен жетістіктері туралы мағлұматтар кеңінен зерделенген және
осы еңбекті жазудағы маңызы зор болды[3].
Бұл деректер тобының Каспий мәселесін және Байқоңыр кешенін
пайдалану мәселесін зерттеген кезде тигізген көмегін жеткізу қиын[4].
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы қарым – қатынас мәселесін зерттеу қазіргі кезеңде
кеңінен өрістеуде.
Бұл ретте екі мемлекет арасындағы қатынастардың жеке аспектілерін
бөліп зерттеген мақалалардың көлемі жетерлік.
Екі жақты қарым – қатынастың саяси аспектісін және проблемалық
мәселелерді зерттеуде негіз болған көлемді еңбек Ресейде Қазақстан
Мемлекетінің елшілік қызметін атқарған Т. Мансұровтың жеке зерттеуінің
маңызы зор[5].
Қазақстанның әлем елдерімен өзара достық қарым – қатынасының орнап,
дамуы Республиканың сыртқы саясаттағы ролі мен алып отырған орны туралы
түсінуде және негіздеуде Қ. Тоқаевтың бірқатар еңбектері зерттеу жұмысына
негіз болды[6]. 2002 жылы шыққан Қазақстан Республикасының дипломатиясы
атты көлемді еңбегі курс жұмысын жазуда негізге алынды. Еңбектің “Қазақстан
және Ресей қатынастары” атты бөлімінде келтірілген деректік фактілер екі
жақты байланыстың барлық сфераларда хронологиялық ретімен саралауда маңызды
бағыт берді.
Қазіргі кезде екі ел арасындағы өзекті мәселелерге байланысты
материалдар, дәлірек айтқанда Каспий, Байқоңыр және тағы басқа мәселелер
күнделікті баспасөз беттерінен түспейтін өзекті маселеге айналып отыр.
Осыған байланысты жұмыста Қазақстан Ресей арасында катынастың проблемалық
мәселелеріне жан – жақты талдау жасалған еңбектер тақырыптың негізгі
мәселесін ашуға коп үлес қосты. Солардың ішінде бұл бағытта үнемі қалам
тартып жүрген авторларды атап кетуге болады. Олар Мұса С., Шайынғазы С.,
Кононович Е. Абсалямова Н., Абдыгалиев Б., Тесемникова Е. сияқтыларды
атауға болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси қатынастардың даму деңгейінің 4
кезеңге бөліп қарастырылып, талданып, сараланып, нәтижеленуі;
Қазақстан және Ресей мемлкеттері арасындағы проблемалық мәселелер
тұңғыш рет бір зерттеу көлемінде топтастырылып, анықталып, жүйеленіп, нақты
баға берілуінде;
Екі жақты қарым - қатынастың құқықтық негізін құрайтын жаңа деректер
мен құжаттардың тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізілуінде.
Курстық жұмысты жазудың методологиялық негізі ретінде Қазақстан мен
Ресей арасындағы саяси диалогтың орнап, қалыптасуын нәтижелеп,
қорытындылауда пайдаланылған контент – талдау, саралау, жүйелеу әдістері
алынды. Сонымен қатар екі жақты қарым - қатынастың проблемалық тұстарын
анықтауда бақылау, сараптау, талдау, болжау әдістері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1. Қазақстан Республика мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық
қатынас эволюциясы

1.1. Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың даму
тенденциясы

ХХ ғасырдың аяғында соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі –
Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл – дүниежүзі тарихындағы аса ірі
оқиға. Әлемдегі саяси жағдайларға ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим
империясының құлауымен, Британ империясының күйреуімен пара – пар. КСРО –
ның құлдырауына байланысты орнаған әлемдік саясаттағы түбегейлі
өзгерістерді талдай келе, атақты батыс тарихшылары мен саясаттанушылары А.
Beanuazzi мен Weiner осы процесті заңды, соңғы әлемдік империялардың
бірінің құлауының тарихи шарттылығының көрінісі ретінде қарайды.(
Ақырында бұрынғы Кеңестер Одағының аумағында қысқа мерзімде бірнеше
жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қатары бой көтерді.
Тәуелсіздікті алған кезден бастан-ақ Қазақстанның жоғары басшылығы
Ресеймен тату көршілік қатынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға
келді. Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа
бірінші дәрежелі назар аударылды.
Қазақстан мен Ресейдің көп қырлы ынтымақтастығына жол ашатын көптеген
факторлар бар. Бұл ортақ тарих, 7 мың километрге жуық ұзақтыққа созылатын
ортақ шекара, ортақ тіл және ұқсас діл. Сондықтан, тату көршілік пен тең
құқықты ынтымақтастықтан басқа қандай да бір өзге саясат екі мемлекеттің
түбірлі мүдделеріне қайшы келеді.
Қазақстан – Ресей қарым – қатынастарын төмендегі төрт кезеңге бөліп
қарастыруға болады.
1 кезең - Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру
( 1991 жылғы желтоқсан – 1992 жылғы мамыр ) ;
2 кезең - Мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық моделін
іздестіру ( 1992 жылғы мамыр – 1994 жылғы наурыз ) ;
3. кезең - Экономикалық және басқа салаларда екі елдің кірігуінің кеңеюі
мен тереңдей түсуі ( 1994 жылғы наурыз – 1995 жылғы желтоқсан );
4. кезең - Стратегиялық әріптестікті нығайту. Мәңгілік Достық Декларациясы
( 1997 жылғы қыркүйектен қазіргі кезеңге дейін ).

1 Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру

(1991 жылғы желтоқсан – 1992 жылғы мамыр)

Қазақстан мен Ресей қатынастарының бірінші кезеңіне бұрынғы КСРО
республикаларының “ өркениетті айырылысу” процесі тән болды. Екі мемлекет
басшыларының бірінші қадамдары КСРО ыдырауының “Югославиялық нұсқасын“
болдырмауға бағытталды.( Бұған дәлел 1991 жылғы тамызда Алматы қаласында,
қол қойылған құжаттар, соның ішінде “Ортақ Экономикалық Кеңістік туралы
мәлімдеме“. Сонымен қатар қарастырылып отырған кезеңге тән сипат –
мемлекеттер арасындағы екі жақты қатынастардың дамуы, тәуелсіздікке қол
жеткен бастапқы сәтте бұл елдерді әлемдік қауымдастықтың, ең алдымен,
жетекші державалардың белсенді түрде тану процесінің аясында өткендігі
болатын. Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі аса ірі екі мемлекет
ретінде Қазақстан мен Ресей қатынастарының мәселелері, олардың тарихи,
мәдени және геосаяси байланыстарын ескеріп, жаңа құқықтық тұрғыдан
анықтауды талап етті.
1991 жылы 17 тамызда Алматыда Қазақстан мен Ресей президенттерінің
кездесуінде бірқатар құжаттарға қол қойылды, солардың ішінен
президенттердің берлескен екі мәлімдемесін бөліп көрсету қажет.
Біріншісінде – “ Біртұтас Экономикалық Кеңістік туралы “ мәлімдемеде[7] -
Қазақстан мен Ресейдің елде экономиканы тұрақтандырып, біртұтас нарықтық
кеңістік құруға жағдай жасау үшін жауапкершілігін түсіне отырып,
республикааралық экономикалық қатынастардың игі тәжірибесіне сүйене
отырып, егемен екі мемлекеттің президенттері барлық республикалардың
басшыларына біртұтас нарықтық кеңістік қалыптастыруға байланысты
экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бүкіл кешенін талқылау
мақсатында он бес егемен мемлекет басшыларының жұмыс бабындағы кездесуінің
уақыты мен орнын белгілеу жөнінде ұсыныс жасауды ұйғарды.
Ал екінші “Егемен Мемлекеттер Одағы тұрақтылығының кепілдіктері
туралы“ мәлімдемеде кеңестік дәуірден кейінгі елдердің аумақтық
тұтастығының мызғымайтындығына баса назар аударылуы осы проблемаға жаңа
егемен мемлекеттер
басшыларының айрықша көңіл қоятындығын айғақтайды.
Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволарының өзара іс –
қимылының алғашқы тәжірибесінің мысалы ретінде екі Сыртқы Істер Министрі
1991 жылғы 17 тамызда қол қойған Қазақ ССР – і мен РСФСР Сыртқы Істер
Министрліктері арасындағы “Ынтымақтастық пен қызметті үйлестіру туралы”
хаттаманы келтіруге болады.
Екі жақты қатынастар мен екі жақ мүдделі негізгі халықаралық
проблемалар бойыша әртүрлі деңгейде консультация жасау, сондай – ақ пікір
мен ақпарат алмасу, екі елде қабылданатын барлық негізгі заң актілері мен
шешімдері көшірмелерінің алмасылып отыруын қамтамасыз ету пайдалы деп
табылды.
Сыртқы Істер Министрлерінің бұдан кейінгі тығыз байланыстары дос екі
мемлекеттің стратегиялық әріптестік қатынастарын нығайтып, дамыту
бағытындағы өзара жемісті қарым – қатынастарын дамыта түсті.
Мәскеуде болған белгілі тамыз оқиғаларынан кейінгі тұңғыш екі жақты
құжатқа 1991 жылғы 30 тамызда қол қойылды. Бұл Қазақстан мен Ресей
делегациялары арасындағы келіссөз қорытындылары туралы мазмұндама
болатын. Мұнда КСРО – да қалыптасқан жаңа саяси ахуал республиканың
егемендік құқықтарын нығайтуды талап етеді деп көрсетілді. Мазмұндамада
ұжымдық қауіпсіздік жүйесін шұғыл қалыптастыру, Семей ядролық сынақ
полигонын жабу туралы Қазақстан шешімін қолдау, т. б. мәселелер қаралды.
1992 жылдың өнебойында әртүрлі деңгейде бірнеше кездесулер болып,
олардың барысында Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қатынастарын
тиісінше хаттаудың алғашқы әрекеті болған құжаттарға қол қойылды. Осыған
байланысты Қазақстан мен Ресей арасындағы шаруашылық қызметте шектеулерді
алып тастау туралы келісім, бұрынғы КСРО – ның ішкі қарызын есептеу және
өтеу механизмнің принциптері туралы келісімдер, көлік саласындағы
ынтымақтастық принциптері мен қатынас шарттары туралы, теміржол көлігінің
қызметін үйлестіру туралы және т. б. келісімдерді атауға болады.
Сол кезеңде елдің парламентаралық байланыстары да қалыптаса бастады.
1992 жылдың 27 наурызында Алматыда Қазақстан мен Ресей Жоғарғы Кеңестері
делегацияларының кездесуі болып өтіп, оның қорытындысы бойынша екі елдің
заң шығарушы органдарының арасындағы Ынтымақтастық жөнінде Парламенттік
Комиссияның қызметі туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстан мен Ресейдің өзара қатынастарының бірінші кезеңінің
аяқталуы және сонымен бірге жаңа кезеңнің басталуы – 1992 жылғы 25 –
мамырда Президенттер Н.Ә. Назарбаев пен Б.Н. Ельцин қол қойған Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және
өзара көмек туралы шарт болып табылады. Бұл құжат біздің мемлекеттер
тарихының қазіргі кезеңіндей жаңа сапалық қатынастардың іргетасына
айналып, Қазақстан мен Ресейдің ресми халықаралық құқықтық өзара
қатынастарының бірінші бетін ашып берді. Осынау ауқымды құжат саяси,
экономикалық, әскери – стратегиялық, мәдени, рухани салалардағы екі жақты
өзара іс – қимыл прициптерін айқындап, бұдан былайғы барлық келіссөз
процесі мен ынтымақтастыққа қуатты серпін берді.Шартқа қол қ ою рәсімінде
сөз сөйлеп, Б: Н. Ельцин : “Ресей – Қазақстан диалогы, сірә, бұрынғы Одақ
республикалары арасындағы ең мазмұндысы және серпіндісі болып табылады’’,
деген пікір білдірді1. Шартта Қазақстан мен Ресей тарихи қалыптасқан берік
байланыстарды негізге ала отырып, өздерінің қарым – қатынасын Одақтас
мемлекеттер ретінде құратыны айтылады. Екі жақты қарым – қатынастар
мемлекеттік егемендікті, аумақтық тұтастықты және қазіргі шекаралардың
мызғымастығын өзара құрмет тұтуды, дауларды бейбіт жолмен шешуді және
қысым жасаудың экономикалық және өзге де тәсілдеріне жол бермеуді, тең
құқылықты және бір – бірінің ішкі істеріне араласпауды, адам құқығын
сақтауды, сондай – ақ негізгі бостандықтарды, міндеттемелерін адал ниетпен
орындауды қоса алғанда, күш қолданбау және күш қолдану қаупін туғызудан
бас тарту принциптеріне негізделеді.
Бұл құжаттың маңызын айтып жеткізу қиын, себебі бүгінгі таңда да, екі
жақты қарым – қатынастың көптеген аспектілері мемлекетаралық шарттармен
және келісімдермен нақтыланып, оның үстіне бұлар біздің халықтарымыздың
игілігіне жұмыс істеп отырғанда, Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының
барлық осынау шоқыларына көбіне–көп 1992 жылғы 25 – мамырда президенттер
қол қойған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық,
ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың арқасында қол жетті деп
толық негізбен мәлімдеуге болады.
Сол 1992 жылдың мамыр айындағы кездесуде жоғарыда аталған шарттан
басқа,”Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың реті туралы” келісімге қол
қойылды. Құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
“Байқоңыр” ғарыш айлағының қозғалмайтын, қозғалатын мүліктерін пайдалану
және иелік ету құқығын ТМД – ның стратегиялық күштеріне (УНКС) берді. ТМД
– ның стратегиялық күштерінің қызметі тоқтатылған жағдайда
“ Байқоңыр” ғарыш айлағының әскери бірлестігінің мәртебесі екі қорғаныс
министрлігінің келісімімен анықталатыны көрсетілді.
Екі мемлекеттің өзара қарым – қатынасындағы бірінші кезеңді
қарастыруды аяқтай келе, бірінші кезеңде тараптардың күш – жігері шарттық
– құқықтық құжаттарды әзірлеуге бағытталды және тәуелсіздікті алғаннан
кейінгі бірінші жылдар екі жақты қатынастардың дамуының қиын кездері болды
деп есептеуге болады. Өйткені, әлемдегі геосаяси жағдай өзгерді және
әлемдік саясаттың негізгі орталық күштері Ресей, Қазақстан және басқа да
бұрынғы КСРО елдеріне қызығушылық танытты. Посткеңестік кеңістіктегі ең
ықпалды мемлекет ретінде Ресейдің сыртқв саяси бағыттары Қазақстан және
басқа да бұрынғы Кеңес мемлекеттері үшін маңызды болды. Дәл сол кезеңде
Ресейдің Орталық Азия мен Қазақстанға деген саясаты анық болған жоқ. Сол
кезеңде Ресей Батысқа қарай ұмтылып тұрған еді. Кремльдің тығыз қарым –
қатынас орнату ынтасын Батыс елдері қаламай, Ресейдің Батысқа деген
саясатын қайта қарауын талап етті. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанға
АҚШ, Турция және басқа елдердің қызығушылық танытуы мен Кеңестік дәуірлен
кейінгі кеңістікте қақтығыстар деңгейінің өсуі Қазақстан мен Ресей елдері
қатынастарының дамуына септігін тигізді.

2 Мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық моделін іздестіру

(1992 жылғы мамыр – 1994 жылғы наурыз)

Қазақстанның егемендену кезеңі – Қазақстан – Ресей қатынастары
дамуының келесі кезеңі – Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық
экономикалық және саяси ынтымақтастығының моделін іздестіру белесі. Ол
1992 жылдың мамыры – 1994 жылғы наурыз арасындағы уақыт шеңберімен,
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің Ресейге бірінші
ресми сапарымен шектеледі.
Екінші кезең алдынғымен салыстырғанда, сөзсіз мемлекетаралық
құқықтық қатынастардың неғұрлым биік сатысы. Ол екі мемлекеттің белсенді
байланыстарына толы болды. Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы
шартта бекітілген екі жақты өзара іс - әрекет принциптерін дамытатын толып
жатқан құжаттар қабылданды.
Екі елдің өзара қарым – қатынасында бұл кезең экономикалық және
тарихи көзқарас тұрғысынан аса маңызды оқиғамен – бірыңғай сом аймағының
ыдырауымен аталып өтті.1993 жылы 15 мамырда Мәскеуде Қазақстан мен
Ресейдің рубльді Қазақстан аумағында да ақша айналымының құралы ретінде
пайдалануға байланысты өзара міндеттемелер мен талаптар туралы
Үкіметаралық келісімге қол қойылды1.
Кейіннен, Ресей, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Армения және
Тәжікстан бірыңғай рубль аймағын құру жөнінде 1993 жылдың қыркүйегінде
практикалық іс – шаралар туралы келісім жасады(. Бұл келісім – шарттың
өмірі өте қысқа болды. Өйткені, Ресей басқа республикаларды нақты
рубльдермен қамтамасыз етуден бас тартты және бұл көмекті мемлекеттік
несие ретінде есептеуді талап етті. Сонымен қатар, ол республикалардан
Ресейдің Орталық Банкісіне алтын қорларының тиесілі бөлігін беруді талап
етті. Ресеймен Ортақ рубль аймағы туралы жаңа ғана келісімге отырған елдер
Ресейдің саяси элитасына деген сенімдерін бірден жоғалтты.Қазақстан
Президенті көп уақыт бойы рубль кеңістігін сақтауды жақтап келді. Бұған
келесі жағдайлар себепші болды:
o рубль аймағының күйреуі ТМД елдерінің жылдам бөлшектенуіне соқтырар
еді, бұл ешкімге тиімді болмас еді;
o республикалардың бір бөлігі, соның ішінде Қазақстан да төл ақшасын
енгізуге әлі дайын емес болатын.
Үкіметаралық делегациялардың кездесулері мен келіссөздері нәтиже бермеді.
1993 жылдың шілде айында жаңа Ресейлік рубльдің енгізілуі, сом аймағының
ыдырауына апарып соқтырды.Сол жағдайда Қазақстан дербес ұлттық валютасын
енгізді.
Сол жылдың шілде мен тамызында екі елдің Қорғаныс Министрлері арасында
әскери оқу орындарында офицер кадрларын дарлау және офицерлік құрамдағы
адамдардың, прапорщиктер мен мичмандардың әскери қызмет атқару тәртібі
туралы, сондай – ақ Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің арасындағы
трансшекара субъектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы екі келісім
жасалды.
1992 жылдың қазан айы бірқатар үкіметаралық құжаттардың жасалуымен есте
қалды. Олардың ішінде : “ Байқоңыр “ ғарыш айлағының ТМД – ның стратегиялық
күштеріне берілетін объектілердің құрамы, сондай – ақ, Еркін сауда туралы,
Сауда – экономикалық ынтымақтастық туралы, Сауда өкілдіктерін екі жақта да
құру туралы келісімдер, өкілетті өкілдіктер алмасу, екі ел үкіметтерінің
бірлескен мәжілістерін өткізіп тұру туралы және т. б. хаттамалар бар.
1992 жылғы 25 – қазанда Мәскеуде үкіметаралық кездесуде қабылданған екі
құжатты айрыықша бөліп көрсету керек.
Екі премьер – министр қол қойған өкілетті өкілдіктерді алмасу
жөніндегі хаттамаға сай, 1992 жылы 22 – қазанда екі мемлекет арасында ресми
дипломатиялық қатынас орнатылды.
Кеңірек тоқталуды қажет ететін құжат – Еркін сауда туралы келісім1.
Оған сәйкес Қазақстан мен Ресей бір елдің кедендік аумағынан шығарылатын
және екінші елдің кедендік аумағына арналған импорттық және экспорттық
тауарларға шендес күші бар кедендік баждарды, салықтарды және алымдарды
қолданбауға міндеттенді. Екі жақ тауарларға ел ішінде өндірілген немесе
үшінші бір елден әкелінетін тауарларға салынатын тиісті салықтардан немесе
алымдардан асып кететін көлемде тікелей немесе жанама түрде ішкі салықтар
немесе алымдар алмауға міндеттенді. Сондай – ақ, тауарларды экспорттауға
және импорттауға сан жағынан шектеулер қоюдан немесе солар шендес шаралар
қолданудан тартыну ұйғарылды. Тауарлардың қайта экспортталуын реттейтін
шаралар көзделді.
Қазақстан мен Ресей кеден мәселелері, соның ішінде кедендік статистика
бойынша жүйелі түрде ақпарат алмасып отыруға уағдаласты.
1992 жылы Қазақстан мен Ресей мемлекеттері, үкіметтері, әртүрлі
министрліктер мен ведомстволар басшыларының деңгейінде барлығы 50 шарт пен
келісім жасалды.
1993 жылы да екі ел ынтымақтастығының барлық бағыттарын қамтитын екі
жақты байланыстар мен қабылданған құжаттар мол болды. Мысалы, жоғарыда
көрсетілген1993 жылдың 15 мамырындағы Сом аймағы туралы және 1993 жылдың
25 желтоқсанындағы Алматыда қол қойылған '' Байқоңыр '' ғарыш айлағын
пайдалану тәртібі туралы келісім.
Екі ел арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастығының
мемлекеттік модельдерін іздестіру кезеңі, бірінші кезең сияқты шарттық –
құқықтық құжаттар әзірлеуге бағытталды. Алайда, бұл уақытта Қазақстанның
дүниежүзілік қоғамдастыққа белсене кіре бастағанын,дүние жүзінің көптеген
мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастар орнатқанын,ең жоғары деңгейде
халықаралық байланыстарды қарқынды жүзеге асырғанын атап өту қажет. Бұдан
басқа, республикада экономиканы жандандырудың байыпты бағдарламаларын
әзірлеу жұмысы, халықаралық ұйымдармен – Халықаралық Валюта Қорымен,
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкісімен жұмыс, көптеген бірлескен
кәсіпорындар құру, түсті, қара металлургия, мұнай – газ кешені саласында
қазақстандық ірі өндірістерді игерудің бірлескен бағдарламаларын әзірлеу
жұмыстары жүргізіліп жатты. Бұл процестердің бәрі Қазақстан мен Ресейдің
экономикалық және саяси ынтымақтастығының терңдей түсу аясыеда дамыды. Сом
аймағының ыдырауы Қазақстан – Ресей қатынастарындағы өзара сенім деңгейін
тексерді. Финанс саласындағы жағдайлардың дамуы Қазақстанның дұрыс
әрекеттерін дәлелдеді және екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тосқауыл
болмады.
Екі елдің қатынастарындағы бұл кезең Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясына бірінші ресми сапарымен
аяқтаоды, бұл сапар 1994 жылдың наурызында жасалды. Осы сапардың барысында
жеткізілген уағдаластықтар мемлекетаралық қатынастарды сапалық жаңа
деңгейге көтерді.
Бұл кезеңді қорытындылай келе екі мемлекет құқықтық – шарттық база
қалауды жалғастырғанын көруге болады.Екінші кезеңде болған маңызды оқиғалар
қатарына Қазақстан Республикасы Президентінің Ресей Федерациясына бірінші
ресми сапарын және Сом аймағының ыдырауын жатқызуға болады. Н.
Назарбаевтың Ресей Федерациясына бірінші сапары екі мемлекет арасындағы
қарым – қатынасының дамуында елеулі орын алады. Бұл кезеңде екі ел
арасындағы ынтымақтастық шарттық негізге сүйеніп жаңа сапаға ие болды деп
айтуға толық негіз бар.

3 кезең - Экономикалық және басқа салаларда екі елдің кірігуінің кеңеюі мен
тереңдей түсуі

( 1994 жылғы наурыз - 1997 жылғы қыркүйек )

1994 жылғы наурызда болған, Қазақстан Президентінің Ресей
Федерациясына жасаған тұңғыш мемлекеттік сапары екі жақты қарым - қатынасты
кеңейту мен тереңдетуде елеулі рөл ойнады. Оның барысында 23 ірі ауқымды
құжаттарға қол қойылды. Солардың ішінен Қазақстан мен Ресейдің экономикалық
ынтымақтастығы мен кірігуін одан әрі тереңдету туралы шартты, Қазақстан мен
Ресейдің бір – бірінің аумағында тұрақты тіршілік ететін азаматтардың
азаматтық және құқықтық статусына байланысты мәселелерді шешудің негізгі
принциптері туралы меморандумды, “ Байқоңыр “ ғарыш айлағын пайдаланудың
негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімді айрықша бөліп көрсету
қажет.
Экономикалық ынтымақтастық пен кірігуді одан әрі тереңдету туралы
шартқа сай, екі мемлекет те экономика, сауда және қаражат салаларындағы
келешектегі қарым – қатынастарының негізгі принциптерін анықтады. Екі жақ
экономикалық бірігуді қамтамасыз етуде, экономикалық реформалар жүргізуде,
тауар, қаражат және жұмыс күшінің ортақ рыногын құруда тығыз қарым –
қатынаста болыды, мекемелер мен ұйымдар арасындағы өзара тиімді
байланыстарды дамытуға ықпал етуді, баға, салық, кеден, валюта саясатын
жақындатып, бірыңғай кеден аумағын қалыптастыруды және басқа үшінші
мемлекеттермен сауда қарым – қатынасын жжасауды кезең – кезеңімен бірігіп
жүргізуді міндеттенді. Келісім – шартта, сонымен қатар екі мемлекетте де
ұлттың төл ақша енгізілгендігін ескере отырып, өзара төлем – есеп айырысуды
қамтамасыз ету міндеттері көрсетілді. Ресей мен Қазақстан өзара айырысуда
бағаның тұрақтылығы мен құндылығын қамтамасыз етуге байланысты қажетті іс –
шараларды жүзеге асыруға келісті.
Осы кездесуде қол қойылған басқа да маңызды құжаттардың қатарына
Қазақстан мен Ресей арасындағы Кедендін Одақ туралы, олардың сыртқы
экономикалық қызметін реттеудің бірыңғай тәртібі жайлы, Ұлттық Банктер
арасындағы қарым – қатынас жөніндегі келісімдерді жатқызуға болады. Екі ел
арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісім
Кеден Одағын құру бағытындағы алғашқы қадам болды.
Бірқатар құжаттар екі жақты ынтымақтастықтың әскери – саяси
аспектілерін қозғады, олар : Қазақстан Республикасының аумуғында уақытша
орналасқан стратегиялық ядролық күштер туралы келісім ; Әскери
ынтымақтастық туралы шарт ; Семей сынақ алаңы жабылғанға дейін онда қланған
ядролық құрылғыны бөлшектеу жөніндегі әскери – техникалық ынтымақтастық
туралы келісім ; сондай – ақ Әскери – техникалық ынтымақтастық мәселелері
жөніндегі өзге де құжаттар.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың
Ресей Федерациясына 1994 жылы наурызда жасаған алғашқы ресми сапарының
жалпы қооытындыларын шығара келіп, сол кезде қол қойылған аса маңызды
құжаттар Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қатынастарының серпінді
дамуының берік шарттық негізін қалағанын атап көрсету қажет. Бұл құжаттар
қатынастарды сапалық жаңа деңгейге шығарды, ол деңгей екі елдің
экономикалық, әскери – саяси, ғылыми – техникалық және мәдени -
гуманитарлық салалардағы тығыз кірігуі қалыптаса бастағанымен сипатталды.
Қазақстан мен Ресей басшылығы саясатының осынау жақындасуы тарихтың қазіргі
өзгеріске толы кезеңінің объективті қажеттіліктерін бейнелеп қана қоймай,
сонымен бірге ғасырлар бойы Еуразия континентінің ұланғайыр кеңістіктерінде
тіршілік етіп келе жатқан екі ел халықтарының достық пен өзара жемісті
қимыл - әрекеттерінің әлеуетін сақтап, көбейте түсуге деген ұмтылысын да
бейнеледі.
1995 жылы Қазақстан – Ресей қарым – қатынасы жемісті түрде дамуын
жалғастырды.Жыл ішінде Қазақстан мен Ресей Президенттерінің екі кездесуі
өтті. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысвнда проблемелардың кең ауқымы
қаралды және саяси сондай – ақ зклнлмикалық сипаттағы маңызды құжаттарға
қол қойылды.
1995 жылғы 20 қаңтарда екі елдің Президенттері аса маңызды үш
құжатқа қол қойды, олар: Ресей – Қазақстан ынтымақтастығын кеңейту және
тереңдету туралы декларация; Ресей Федерациясының аумағында тұрақты тұратын
Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын Ресей Федерациясы азаматтарының құқықтық
мәртебесі туралы шарт ; Ресей Федерациясына тұрақты тұру үшін келген
Қазақстан азаматтарының және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін
келген Ресей Федерациясы азаматтарының азаматтық алуының жеңілдетілген
тәртібі туралы келісім.
Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы
декларацияда екі жақ еркін сауданы дамыту, тауар, қызмет, қаражат және
жұмыс күшінің ортақ рыногын құру бойынша жинақталған шараларды жүзеге асыру
туралы, сондай – ақ өнеркәсіп, инвестиция мен қаражат салаларында твғвз
қарым – қатынас орнату жайлы келісті. Декларациядағы келісімдерді жүзеге
асырудың алғашқы қадамдарының бірі – 1995 жылы 17 тамызда Алматыды қол
қойылған Шымкенттің мұнай зауытын жаңарту және мұнай қорына бай Құмкөлді
игеру үшін “Құмкөл – Лукойл” Қазақстан- Ресей бірлескен кәсіпорнын құру
туралы келісім болды.1995 жылы мамырдың басында Қазақстанда Ресей
фирмаларымен бірлескен 130 кәсіпорын жұмыс істеді.
1995 жылғы маңызды құжаттардың бірі – Кеден Одағы туралы келісім.
1995 жылдың өнебойында Қазақстан мен Ресей делегацияларының әртүрлі
деңгейдегі байланыстары екі Президенттің қаңтар кездесуіне Қазақстан –
Ресей қатынастары көтерілген жоғары деңгейді қолдап отыруға баңытталды. Екі
мемлекеттің кірігуін кеңейтіп, тереңдету ынтымақтастықтың көптеген
салаларында жүріп жатты.
1996 жылы әртүрлі салада 20 шақты екі жақты келісімдерге қол
қойылды. Мысалы, 1996 жылы сәуірде Каспий теңізін пайдалану жөнінде
ынтымақтастық туралы Қазақстан – Ресей бірлескен мәлімдемесі. Ал 1997 жыл
Ресей Федерациясы Президенті Б. Н. Ельцин Қазақстаннның жоғарғы ордені
‘’Алтын Қыранмен’’ марапатталды.1997 жылы 22 құжатқа қол қойылды. Оның
ішінде : Құқық қорғау органдарының өзара әс - әрекеттері туралы келісім,
“Байқоңыр” кешенінде табиғатты қорғау және пайдалану тәртібі, және т. б.
Қарастырылып отырған үшінші кезеңде екі мемлекеттің бір – біріне деген
саясаты, әсіресе Ресейдің Қазақстанға деген саясаты толықтай анықталды.
Жоғарыда көрсетілгендей Ресей Федерациясы КСРО ыдырағаннан кейін Батысқа
қарай бет бұрған. Нәтиже шықпағансоң Ресей пост кеңестік елдерде өз ықпалын
қайта қарастырып, бұл аймаққа баса көңіл аударды. Бұл бірінші кезекте
Қазақстан Республикасына қатысты. Өйткені Қазақстан басқа мемлекеттерге
қарағанда Ресейге белгілі дәрежеде жақын болды.Бұл кезеңде Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жарқын оқиғалар Байқоңыр
кешенімен байланысты.
Қорытындылай келе үшінші кезеңге экономикалық және басқа салаларда екі
елдің кірігуінің кеңеюң мен тереңдей түсуі тән болды.

4 кезең – СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ. МӘҢГІЛІК ДОСТЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
( 1997 жылғы қыркүйектен қазіргі кезеңге дейін)
1998 жылғы шілдеде Қазақстан мен Ресей Президенттері қол қойған Мәңгілік
достық және ХХI ғасырға бағдарланған одақтастық туралы Декларацияны айрықша
атап өту керек. Бұл құжаттың үлкен саяси мәні бар. Екі жақты қарым –
қатынастардың тарихында бұл бұрын – соңды болмаған құжат. Аталған құжаттан
алынған мына сөздердің мағынасы мен маңызы айрықша : “ Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы мәңгілік достықпен жалғанған. ХХI ғасыр
табалдырығында олар бұл достықты – ұлттық қауіпсіздік, саяси тұрақтылық,
ұлтаралық келісім мен қос мемлекеттің гүлденуі кепілін – сақтауға және
нығайтуға міндеттенеді.” 1
Экономикалық жақындасуды ілгерілету міндетін шешуге 1998 жылғы қазанда
қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы 2007 жылға дейінгі Экономикалық
ынтымақтастық туралы Шарт пен Бағдарлама бағытталған. Атап айтқанда, бұл
құжаттарда отын – энергетика, агроөнеркәсіп кешендері, металлургия, мәшине
жасау, көлік салаларындағы байланыстарды дамыту, әскери – экономикалық
ынтымақтастықты кеңейту, космос кеңістігін зерттеу және “ Байқоңыр“ кешенін
пайдалану саласында бірлескен жобалар жасаудағы нақты шаралар қамтылған,
Осы қазан кездесуінің басты көрінісі – Президент Б. Н. Ельциннің
Президент Н. А. Назарбаевқа Ресей Федерациясының ең жоғары наградасы –
Қасиетті Әулие Андрей Первозванныйдың орденін тапсыруы еді. Б. Н. Ельцин
бұл орден Қазақстан басшысына екі ел арасындағы достық қарым – қатынасты
нығайтқаны үшін берілгенін айрықша атап өтті. Сондай – ақ, бірқатар
үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге – заңсыз қаржылық
операцияларға қарсы күрес саласында ынтымақтастқ пен өзара көмек туралы;
“Байқоңыр“ кешенінде тұратын немесе жұмыс істеітін Қазақстан Республикасы
мен Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтік құқықтары мен кепілдігі
туралы және т. б. келісімдерге қол қойылды.
Орасан энергересурстар қоры бар Каспий аймағы әуелден мұнай және газ
өндіруші ірі әлемдік құрылымдардың анзарында отырғаны белгілі және ол
өзінің геосаяси маңызы бойынша ғаламдық факторлар санатына қосылуға жақын.
Каспий теңізінің жағалау сызығының жартысынан астамы өздерінің аумақтары
арқылы өтетін Қазақстан мен Ресей теңіздің құқықтық мәртебесін анықтау
жөніндегі бес мемлекеттің келіссөздер процесіне белсенді қатысушы болып,
бірлесе қимылдауда. Осы мақсатта 1998 жылғы шілдеде Каспийдің құқықтық
мәртебесін анықтау процесіне қосымша серпін берген екі жақты Каспийдің
солтүстік табанын шектеу сызығын белгілеу туралы келімсімге қол қойылды.
Ресей мен Қазақстан Кедендік Одақ бойынша әріптес болып табылады.
Бірлесе жұмыс жасаған жылдырды түрлі халықаралық құжттар қабылданды.
Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтің бастамасымен Кедендік Одақ
шеңберінде “ Қарпайым адамдрға қарай қарапайым он қадам “ атты мәлімдемесі
қабылданды. Аталмыш құжат біздің елдеріміз елдеріміз азаматтарының білім
алу және медициналық қызмет көрсету, азаматтық қабылдау және ғылым мен
мәдениет жетістіктеріне жол ашудың нақты механизмдерін іске қосатын он
шарт, келісім және хаттаманы қамтиды.
Қазақстан мен Ресейдің әскери байланыстары екі жақты негізді және
Ұжымдық қауіпсіздік утралы шарт шеңберінде белсенді дамып келеді, Ресейлік
әскери жоғары оқу орындарында қазаөстандық әскерилер білім алып, түрлі
сипаттағы бірлескен оқулар тұрақты өткізіледі, әуе шабуылына қарсы
күштердің әскери кезекшілігін бірлесе атқару ұйымдастырылған, екі
мемлекеттің әскери - өндірістік кешендері ынтымақтастығын жандандыру
жобалары дайындалуда.
2000 жылдың 11 қазанында Астанада Қазақстан, Ресей, Белоруссия,
Қырғызстан және Тәжікстан Президенттері Н. Назарбаев, В. Путин, А.
Лукашенко, А. Ақаев және Э. Рахмонов Кедендік Одақ елдерінің
мемлекетаралық кеңесінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру жөнінде
келісімге келді.1
Екі ел президенттері 2002 жылдың өзінде ғана өзара сегіз мәрте
кездесіпті. Осының өзі мемлекет басшылырының бір – біріне деген ыстық
ықыластарымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің түрлі бағыттардағы саяси
ұстанымдарының ұқсастығын әрі екі президенттің өзара сенім биігінен көрініп
отырғанын көрсетеді.
2003 жылдың Ресейдегі Қазақстан жылы болып жариялануын тарихи оқиға,
үлкен құбылыс деп бағалаған жөн. 2003 жылдың Ресейддегі Қазақстан жылы деп
белгіленуі бекерге ойластырылып отырмағаны ақиқат. Оның үстіне екі елдің
бүгінгі саясаты әріптестік тұрғыдан бағамдсақ, бір – біріне өте – мөте
жақындғымен және ұқсастығымен ерекшеленеді. Ал бұған егемендіктің елең –
алаңынан бастап күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан тығыз да
бекем байланыстар берік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың даму тенденциясы
Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың даму тенденциясы туралы
Тәуелсіздіктің жасампаз 21 жылында мұрағат ісінің қызметі мен жетістіктері
Қылмыскерлерді халықаралық іздестіру ұғымы және құқықтық негіздері
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Аймақтық қауіпсіздік мәселелері
Қазақстандағы экономикасының салалары
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАНЖАЛДАРДЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі
Қазақстанның Орталық Азиядағы саясаты: екі жақты және көп жақты ынтымақтастық
Пәндер