Еуропалық Одақтағы экономикалық интеграциялық элементтері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I.ЕО - экономикалық интеграция ұйымы 8
Еуропалық Одақтың қазіргі кездегі даму ерекшеліктері және қалыптастыру
үрдісі 8
Еуропалық Одақтағы экономикалық интеграциялық элементтері 14
II. ЕО пен ҚР арасындағы ынтымақтастықтың алғышарттары 16
Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту 16
III. ЕО-тың ҚР-ға көмек көрсету жөніндегі бағдарламалары (ТАСИС, ТРАСЕКА,
ИНОГЕЙТ, ТЕМПУС) 18
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
КІРІСПЕ
Халықаралық экономикалық қатынастардың даму қорытындысы, әсіресе,
халықаралық сауда және халықаралық өндіріс факторларының қозғалысы болып
экономикалық интеграция болды, ол шаруашылық өмірдің маңызды
интернационализациялық сатысы болып табылады.
Экономикалық интеграция дегеніміз өзінің ұйымдастық құрамы бар, кең
көлемді мемлекеттер бірлестігі. Интеграцияға қатысушылар арасында еңбек
бөлінісінің іске асуы тереңірек жүреді, тауар, қызметтер, капиталдар,
жұмысшы күші айырбастары жедел түрде жүреді. Бұл процесс мемлекеттер
арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды, шаруашылық механизмдердің
жақындауына алып келеді, мемлекетаралық келісімшарт формасына келетін және
келісе отырып мемлекетаралық органдармен басқарылады.
Европалық Одақ дүниежүзіндегі экономикалық интеграцияның қалыптасуының
қорытындысы болды. Ол 1958 жылы құрылып, мықты экономикалық топқа айналды.
Одақ ішінде өзара сауда жеңілдіктері бекітілген, ортақ экономикалық саясат
жүргізіледі. Сонымен бірге әрдайым тауардың, капиталдың, жұмысшы күшінің
қозғалуларына қатысты шектеулер алынып отырады. Еуропалық Одақтың пайда
болуы абсолютті жаңа және ғажайып болып табылады. Қазіргі кезге дейін
адамзат тарихында осындай екінші мысалға келтіре алатын белгілі бір заңға
және мемлекеттер одағының мақсатына бағынатын, олардың ішіндегі ешқайсысы
абсолюттік және даусыз көшбасшы болуға таласпайтын одақ жоқ.
Тақырыптың өзектілігі. Мен бұл тақырыпты алып отырған себебім ЕО
әлемдегі ең ұлы интеграциялық ұйым болып саналады. ЕО курстық жұмысын жаза
отырып, мен ұйымның тек қана экономикалық бірлесуін ғана зерттемей, сонымен
қатар саяси бірлесу мен тағы басқа идеяларын тереңірек білгім келеді.
Зерттелу деңгейі. Менің тақырыбымның зерттелу деңгейі халықаралық
деңгейде болып отыр, ЕО әсіресе экономикалық мәселелерде негіз болып
саналады. Бірақ қазір ЕО ақырындап әлемде саяси интеграция құруға бар
үлесін қосып отыр.
Деректік негізі. ЕО экономикалық интеграция ұйымы туралы оқулықтар қазақ
тілінде өте аз, жоқ десек те қате болмас еді. Мен орыс тіліндегі
кітаптардағы тақырыптарды, газет-журналдағы мақалаларды, интернет жүйесінен
кейбір жаңалықтарды алып, қазақ тіліне аудардым. Қуанышыма орай, ЕО
әлемдегі ең ірі ұйым болғандықтан, біздің еліміздің ғалымдары да оған үлкен
мән беруде, олардың газет-журналдағы мақалалары, менің курстық жұмысыма зор
үлес қосты. Менің тақырыбымның негізі ЕО-тың Қазақстанмен қарым-қатынасы,
құрылуы және мақсаттары жайлы болған соң, ЕО-тың түпкі тарихына түсіп ескі
жылдардағы кітаптарды да өз жұмысымда қолдандым. Мен тек шетел кітаптарын
қолданбай, сондай-ақ өз мемлекетіміздің елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
Тәуелсіздігіміздің бес жылы, Сындарлы он жыл деген кітаптарын, одан
басқа Сыртқы Істер Министрі Қасымжомарт Тоқаевтың Беласу, Қазақстан
Республикасының Дипломатиясы[1], Внешняя политика Қазахстана в условиях
глобализации кітаптарын өз жұмысымда қолдандым.
Методологиялық негізі. ЕО халықаралық ұйым болғандықтан мен
Қазақстанның Сыртқы Істер Министрі Қасымжомарт Тоқаевтың еңбектерін негіз
ретінде пайдаландым. Қазіргі Еуропа күрделі демографиялық проблемаларға
кездесіп, халқының саны азаюда. Егер 1950 жылы Еуропа халқы әлем халқының
22,7 пайызын құраған болса, 1996 жылы – 12,5 пайызын ғана қамтыды.
Еуропа 90-жылдардың ортасында әлемдік сауданың көшбасшысы болса, 2003
жылы АҚШ – 9,2 трлн. доллардың өнімін шығарды, ал Еуропалық Одақ елдері –
6,5 трлн. доллар көлемінде тауар өндірді.
Интеграциялық процесте Еуропа алда келеді. Еркін сауда аумағын құруға
он жылдан аса уақыт (1958-1969 ж) беріліп, ол кезде кедендік салық және
өзара саудаға сан жағынан шектеу қою алынып тасталды, жалпыға бірдей кеден
тарифі енгізілді; үш елге қатысты бірыңғай кедендік саясат енгізілді.
Кедендік одақ құруға 8 жыл (1968-1976 жылдар) берілді. Бірыңғай аграрлық,
қоршаған ортаны қорғау, ғылыми зерттеу, технологиялық даму саясаттары
жүргізілді. Кейінірек Еуропалық валюта жүйесі енгізіле бастады.
Жалпы рынок құруға тағы 5 жыл – 1987-1992 жылдар кетті, бұл кезде
тауарлар, қызмет көрсету, жұмысшы күші қозғалысына кедергілер алынып
тасталды, өндірістік факторлар (шекаралық және кедендік постылар, паспорт
бақылауы, әртүрлі техникалық нормативтер және стандарттар, салық салудағы
айырмашылықтар т.б.) жойылды. Еуропалық Одақ елдері бірыңғай энергетикалық,
көлік және әлеуметтік саясат жүргізуге кірісті. 1993 жылдан бастап саяси
интеграция және валюта одағын құру екпінді қарқынмен жүргізілуде.
Еуропа Одағы қазіргі кезде өзінің қорғаныс саясатын жасауды мақсат
етіп қойды. Германияның бұрынғы канцлері Г.Шредер: НАТО – стратегиялық
трансатлантикалық мәселелерді шешетін орын емес деп ашық айтты.
Туркия 1999 жылдан бастап Еуропалық Одаққа қабылдану үшін кандидат
мәртебесін алды. Дегенмен бұл мәселе күні бүгінге дейін шешімін таппай
отыр. Оның бірнеше себептері айтылуда. Бұл ислам бағытындағы елдің халқы
таяудағы 10 жылда 80 млн.-нан асуы мүмкін, нәтижесінде ол Еуропадағы ең
үлкен мемлекет болып, Еуропарламент және Еурокомиссиядағы саясатқа күшті
әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар Туркияның экономикалық дамуы мен адам
құқығының сақталуы Еуропалық талаптарға сәйкес келмейді деген тұжырым кең
етек алған.
Еуропалық Одақтың бұрынғы 15 мүшесіне 2004 жылғы 1 мамырдан бастап
Венгрия, Словакия, Словения, Польша, Чехия, Латвия, Литва, Эстония, Мальта,
Кипр мүшелікке қабылданды.
Дегенмен, Батыс және Шығыс Еуропа елдері арасындағы күрделі проблема -
әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесіндегі айырмашылықтың сақталуы. Еуропа
Кеңесіне 45 мемлекет мүше. Үлкен сегіздіктің тұңғыш кездесуі 1975 жылы
Франция президенті Валери Жискар д’Эстеннің бастамасымен ұйымдастырылды.
Алғашқы кезде оған Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия Федерациялық
Республикасы, Жапония өкілдері қатысты. Кейінірек Италия мен Канада
шақырылды, ал 2003 жылдан бастап Ресей қатысады.
Еуропарламент 1957 жылы Еуропа қауымдастығына енетін алты елдің 142
депутатының қатысуымен құрылған еді. Қазір оған Еуропаның 25 елі мүше
болып, депутаттар саны 732-ге жеткен. Еуропарламент өзінің қызметін үш
елдің аумағында атқарады. Соның ішінде ай сайын бір аптаға созылатын
пленарлық отырыстарын Страсбургте (Франция) өткізсе, қосымша екі күндік
сессиясы мен комитет отырыстары Брюссельде(Бельгия) болады. Ал тұрақты
жұмыс істейтін Бас хатшылығы Люксембургте орналасқан. Еуропарламенттің
негізгі мақсаты ортақ еларалық заңдар қабылдап, атқарушы органдардың ісіне
бақылау жасау болып табылады.
Жыл сайын Бүкілдүниежүзілік экономикалық форум өткізудің тарихына 1970
жылы профессор Клаус Швабтың еуропалық бизнестің әлемдік рынокта туындап
жататын күрделі проблемаларды шешуге бағытталған стратегиясын келісу
мақсатында құрлықтағы компаниялар жетекшілерінің бейресми кездесулерін
өткізу туралы бастамасы негіз болды. Алғашқы конференция 1971 жылғы
қаңтарда Давос қаласында Еуропа қауымдастықтары комиссиясының қамқорлығымен
өтті.
1982 жылдан бастап жыл сайынғы Давос кездесулеріне саяси лидерлер мен
халықаралық ұйымдардың жетекшілері де қатысатын болды. Мұның өзі 1987 жылы
аталған ұйымды Бүкілдүниежүзілік экономикалық форумға (БЭФ) айналдыруға
мүмкіндік берді.
2005 жылғы қаңтар айында бұл форумға 96 елден 2200 өкілдер қатысты.
Еуропалық Одақтың Конституциясы туралы Шартты мемлекет басшылары 2004
жылы 29 қазанда бекітті. Ол 2007 жылы күшіне енуі керек, ал сол мерзімге
дейін 25 елдің парламенттерінде бекітілуі қажет. 10 елде: Бельгия,
Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Испания, Франция, Люксембург, Польша,
Португалия, Чехияда референдум өтуі керек.
Рим Папасының бастамасымен 1986 жылы Италияның Ассизи қаласында
Еуропадағы негізгі конфессиялар өкілдерінің кездесуі болды. Сол кезеңнен
бастап мұндай кездесу тұрақты сипат алды. 2002 жылғы кездесуге 48
конфессиялар мен шіркеулерден өкілдер келді.
Ватиканда 1999 жылғы 25-28 қазанда өткен Діндер арасындағы үшінші
мыңжылдық қарсаңындағы ынтымақтастық атты халықаралық конференция өтті.
2003 жылғы 23-24 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлерінің бірінші съезі болды. Създе исламды, христиандықты, буддизмді,
иудаизм мен индуизмді қоса алғанда 17 елдің (оның ішінде Еуропа елдерінен
де бар) 120-дан астам делегаттары дінаралық үн қатысу барлық халықтардың
қоғамдық дамуы мен әлауқатын жақсартудың, төзімділікті, өзара түсіністік
пен жарасымдылықты ынталандырудың басты бір әдісі болып табылады, - деп
мәлімдеді. Олар дін атын жамылған экстремизмнің, лаңкесшілдіктің және
басқа да түрдегі зорлық-зомбылықтың діннің шынайы болмысымен ешқандай
қатысы жоқ екендігін, олар адамзат өмірі үшін қатер болып табылатынын және
тиісінше қабылданбауға тиіс екенін, - атап көрсетті.
Сонымен, Еуропа елдері дүниежүзілік саясатта ерекше рөл атқарып
отыр.[2]Еуропа Одағы елдерінің, Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы
ұйымының, сондай-ақ бұл мемлекеттердің саясатының басқа елдерге үлгі
боларлық тәжірибелері жеткілікті деп қорытынды жасауға болады.
Ғылыми жаңалығы. 2004 ж. ЕО-тың экономикасында даму белгілері сақталып
отыр, ХВҚ эксперттерінің бағалауынша 2000-2003 ж. аралығында 3 жылдық
стальнация деген пікір шықты. Оның негізгі себебі әлемдік нарықтағы энергия
көздеріне бағаның өсуі, ЕО Кеңесі 2004 ж. ЕО-тың жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)
көрсеткіші 2,5 % өсіп отыр. 2004 ж. ЕО-қа Шығыс және Оңтүстік-Шығыс
Еуропаның 10 елі мүше болып кірді. ЕО-тың кеңеюі ЕО-тың экономикасына
айтарлықтай өзгерістер алып келді. ЕО мұнай өнімдерін тұтынудағы ең ірі
елдердің бірі болғандықтан, тұтынушылық деңгейге ықпал тигізді. 2004 ж.
мұнайдың 1 барльі 51,4 доллар болды. Сондықтан ЕО-тың кең көлемде
реформаларды қайта қарауға мәжбүр болды. Германия, Франция және Италия
зейнетақы жүйесін қайта реформалады. Сонымен бірге қаржы интеграциясына көп
көңіл бөліп жатыр. Қаржы заңдарын гармонизациялап жатыр. Егер ЕО-ты АҚШ пен
Жапониямен салыстырсақ, әлемнің ЖІӨ-нің 65% береді: ЕО-25%, АҚШ-28%,
Жапония-9%. Және ең маңызды жаңалық ол – ортақ валютаның пайда болуы.
Еурозонада 2002 ж. 1 қаңтарда еуро атты ортақ валюта енгізілді және
қолданыла бастады.
Мақсаты. Еуропалық Одақ интеграциялану процесінде бірнеше негізгі
мақсаттарды көздеген:
1. Бейбітшілікті сақтау.
2. Экономикалық интеграция, дәлірек айтсақ: экономикалық институттардың
дамуы; тұрақты және тең қарым-қатынас;өмір сүру деңгейін көтеру; қол
босамаудың жоғарғы деңгейі; экономикалық және валюталық тұрақтылық.
3. Саяси одақ.
4. Әлеуметтік тұрақтылық.
Европалық интеграция 2 негізгі әр түрлі тұрғыларына байланысты
–конфедералистік және федералистік.
Конфедералистік тұрғы дегеніміз – мемлекеттер бір-бірінің ұлттық
суверинитетін тиіспей келісімдер жасау.Осындай принціп Еуропалық Одақтың 2-
ші және 3-ші тіреуіші сыртқы саясат және қауіпсіздік саясатының негізі
болды. Еуропалық Одақтың осы аумақтағы тапсырмасы мемлекетаралық қарым-
қатынаспен бекітіледі.
Федералистік тұрғы мақсаты мемлекеттер арасындағы бөлінушілікті басу
болып табылады. Кейбір мемлекеттер көп ұлттық қоғам үшін өз
дербестіктерінің құрбан етуге мүмкіндік тапты. Осының нәтижесінде құрамында
өзімен-өзі болып қала беретін барлық мемлекеттердің тағдыры және
болашағы жалпы қолбасшының қолында.
Міндеті. ЕО-тың негізгі міндеттері:
- біртіндеп мүше елдер арасында кедендік баж салығы мен тауарды шеттен
әкелу және шетелге шығару кезіндегі сандық шектеулерді жою;
- ортақ кедендік тариф құру және үшінші әлем елдерге үйлесімді сауда
саясатын құру;
- жұмыс күші, капитал және қызмет көрсету еркін жылжу үшін жағдай жасау;
- ауыл шаруашылық және транспорт салаларында біртұтас саясат жүргізу;
- экономикалық, әлеуметтік, валюталық және инвестициялық саясаттардың
үйлесімділігін қамтамасыз ету.
Курстық жұмыстың актуальдығы: біздің ғаламданған уақытымызда жаһандық
процесстердің іс-жүзінде асырылуына үлес қосатын ұйымдарды зерттеу болашақ
халықаралық мамандары үшін өте пайдалы.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. ЕО-тың ҚР-мен жүргізген саясаты мен қарым-
қатынасын осы жұмыста толық жеткіздім деп санаймын, сондықтан бізден
кейінгі қазақ бөлімдері осы жұмысымды алып оқыса ЕО туралы көптеген
нәрселерді білетін болады. Бұл жұмыс тек қана жоғары оқу орындарында оқитын
студенттерге ғана арналмай, сондайда халықаралық қатынастар туралы мәлімет
алғысы келген адамдарға да көмек болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
I.ЕО - экономикалық интеграция ұйымы

үрдісі
Еуропалық Одақтың қазіргі кезде құрамында 15 мемлекет бар, ондағы
тұрғындар шамамен 380 миллион адам. Ол дүние жүзіндегі дамыған және
мүлтіксіз интеграциялық топ болып табылады. Еуропалық Одақтың құрамына
кірген мемлекеттер (тәртіп бойынша): 1957 жылы – Германия, Франция, Италия,
Люксембург, Нидерланды, Бельгия; 1973 жылы – Ұлыбритания, Дания, Ирландия;
1981 жылы – Греция; 1986 жылы – Испания, Португалия; 1995 жылы – Финляндия,
Австрия, Швеция. Бұл елдердің құрамына бүкіләлемдік сауданың 25%-і келеді,
халықаралық ресми ликвидтік резервтің 13, әртүрлі салалар дамушы елдерге
көмек көрсету де сонда.
Еуропалық Одақтың құрылуы ең алдымен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
Батыс Еуропада пайда болды. Сонымен бірге 90 жылдардың басына дейін Батыс
Еуропалық интеграция континеттегі екі қарама-қайшы қоғамдық жүйелердің теке-
тірестігі болды. Басты мәселе ретінде, Батыс Еуропалық мемлекеттің екінші
дүниежүзілік соғыстың жағымсыз тәжірибесін көрген және келешекте бұл
континетте соғыстың болдырмауын қадағалады.
Еуропалық Одақ өзінің даму эволюциясында интеграцияның барлық
формаларынан өткен. Олар: Еркін сауда аймағы; Кеден Одағы; Экономикалық
және Валюталық Одақ; Саяси Одақ. Осы салалардың дамуы тереңдей және кеңейе
түсті. Ендік интеграция дегеніміз Одақтың толық құқықтық мүшелерінің көбеюі
болып табылады. Тереңге даму – ол Батыс Еуропаның аймақтық шаруашылық
механизмінің қалыптасуы және салаларының кеңеюі. Сонымен қатар, бұл
интеграциялық топтың ресми және ресми емес атаулары бірнеше рет ауысқан.
Еуропалық Одақтың пайда болу мақсаты Ортақ Нарық құру және осы негізге
сүйене отырып, экономикалық тұрақтылық және өмірлік сатының жоғарлатуы еді.
Еуропалық Одақ туралы келісім мәселерді анықтады:
1. Кеден салықтарын, импорттық және экспорттық шектеулерді сонымен қатар
басқа да барлық одақ ішіндегі тауарлардың жолдағы қозғалысындағы
шектеулерді алып тастау;
2. Үшінші елдерге қатысты жалпы кеден тарифын және бірегей сауда саясатын
енгізу;
3. Өндіріс факторларының (капитал және жұмыс күші) еркін қозғалысы,
Еуропалық Одақ территориясында филиалдар құру еркіндігі, қатысушы
елдер арасындағы еркін қызмет саудасы;
4. Жалпы аграрлық және транспорттық саясат жүргізу;
5. Валюта одағын құру;
6. Қатысушы елдердің экономикалық саясатының бірте-бірте жақындасуы және
координациясы;
7. Салық туралы заңнамалардың унификациясы;
8. Жалпы нарыққа маңызды мемлекетшілік құқықтық нормаларды теңестіру.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін еуропалық ой-пікір саяси
дискуссияларда болды, бірақ нақты қоғамға алып келмеді. Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі талам-тараждан кейін, еуропалық көшбасшылар ынтымақтастық
және жалпы күш, Еуропадағы бейбітшілік, тұрақтылық және гүлденудің ең жақсы
әдісі деген шешімге келді. Үрдіс 1950жылдың 9 мамырында Францияның сыртқы
істер министрі Р. Шуманның Франция мен Германияның көмір және болаттың
біріктіру туралы ұсынысынан басталды.
Бұл концепция 1951 жылы Бельгия, Франция, Германия, Италия, Люксембург
және Нидерланды сияқты елдермен көмір және болат Еуропалық Одақтастық
құрған Париж келісім-шартымен іске асты. Келісім-шарттың табысты болғаны
соншалық, бұл алты ел үрдісті басқа салаларға кеңейтуге бел буды. 1957 жылы
Римдік келісім Еуропалық экономикалық одақ және Еуропалық атом энергиясы
одағын құрды. Олар әрине Кеден Одағын құруға және Одақтың ішіндегі сауда
қиындықтарын жоюға және бейбіт мақсатта ядролық энергияны дамыту мақсатын
көздеді. (1958-1966жж) Бұл еркін сауда аймағын құру жылдары. Осы кезде
Римдік келісімде қарастырылған бірінші және екінші мақсаттар жүзеге асты.
Онымен қоймай, 1962 ж. ауыл шаруашылық саясаты іске қосылған, ол ауыл
шаруашылық өнімдерін өндірушілерге өзінің заттарын Орта дүниежүзілік (30%
және жоғарырақ) бағадан әлдеқайда жоғарырақ бағамен сатуға мүмкіндік алды,
бірыңғай аграрлық нарық құралды. 1963 жылғы Яундік келісімге қол қойған
дамушы мемлекеттер (Алжир, Марокко, Тунис, Египет, Иордания, Ливан, Сирия)
Еуропалық Одақпен қарым-қатынасқа түседі, бұл келісім олар үшін салықсыз
Еуропалық Одаққа өнеркәсіптік және ұлттық ауыл шаруашылық тауарларын әкеле
алды. 1967 жылы үш қауымдастықтың атқару органдарының кездесуі болды,
нәтижесінде базалық құрылым құрылды, ол бүгінгі күні мынандай
институттармен мойындалады: Еуропалық комиссия, Парламент және Сот кеңесі
Кеден Одағының қалыптасуы және әрі қарай Еуропалық Одақтың жан-жақты кеңейе
бастады. Аграрлық саясат қарқынды дамып, бір саясатқа бағынды. Қоршаған
ортаны қорғау, зерттеу және техникалық дамытуды тездету. Ғылыми-техникалық
саясатта бұл сматыда Еуропалық Одақтағы көмірдің металлургиялық өнеркәсіп
және ядролық энергетика дамуына көңіл бөлген. Рамалық комплекстік
бағдарлама қабылданды, ол орта мерзімді ғылыми-техникалық жұмыстар. 1985
жылы оның шеңберінде тәуелсіз ірі масштабты Европаның 19 мемлекеті
қатысатын Эврика деген атпен көп жақты бағдарлама жұмыс атқарады.
1971 жылы Еуропалық Одақпен ЕАСТ арасында еркін сауда аймағын құру
келісім қабылдады. 1975, 1979, 1984 жылдары Еуропалық Одаққа қатысты
дамушы елдер саны 20-дан 60-қа өсуі негізінде Ломей конвенциясы
құрылған. Валюталық-қаржы саладағы интеграцияның басталуы да осы сатыға
қатысты: Еуропалық Одаққа мүше елдердің кейбіреулерінде белгілі
шараларда валютаның жүзуі енгізілді (+2,25—валюталық жылан), ал 1973-
9жылы европалық жүйе жүре бастады.
Содан кейін ортақ нарық құру кезеңдері(1987-1992жылдар). Европалық акт
негізінде және 1985жылы қол қойылған құжат бойынша White Paper деген,
ал онда құжатта мемлекеті ішкі нарығын құру туралы жазылған. Еуропалық
Одақ тауардың және өнеркәсіп өндірістің еркін қозғалудағы қалған
қиыншылықтарды жойды. Интеграциондық процестің маңызды жетістіктерінің
бірі болып 1992жылы бірыңғай ішкі мақсаттарға қол жеткізгді:
• бәріне қолайлы етіп барлық тарифты емес шектеулер алынып тастады,
Еуропалық Одақ ішінде мемлекет аралық капиталдың еркін қозғалуы мүмкін
болған және бәріне қолайлы қаржылық лицензия енгізілді;
• 3-ші мемлекеттен импорттық өнәркәсіп тауарларының ұлттық шектеулері
алынды;
• стандартқа минималды техникалық құрылғылар енгізді;
• Еуропалық Одақтың басқа елдердің фирмалары үшін мемлекеттік
қажеттіліктер үшін базарлары ашық
Сол периодта Еуропалық Одақ елдері жеке салаларда бірыңғай саясат
жүргізуге кірісті: энергетика, транспорт, қоғамдық және региондық даму
туралы сұрақтарда 1989жылғы 4-ші Ломейлік конвенция дамушы елдердің санын
69-ға дейін жеткізді. 1991жылы Бірыңғай Европалық экономикалық кеңістік
туралы келісімге қол қойылды, ол Еуропалық Одақ пен 3-ші мемлекеттер
арасындағы аумақта, ғылым төңірегінде,білім,экология және әлеуметтік
қамтамассыздандыру жөнінде қарым-қатынас орнату; бірыңғай құқықтық жүйені
қалыптастыру. 1992жыл Голланд қаласында Маастрихте Еуропалық Одақ
туралы Маастрих келісімі қабылданды. Осы жылдың негізгі мақсаты саяси
интеграцияны дамыту және негізгі валютаның одақ құруға алғашқықадам жасау.
Валюталық саясат келісімдерін жүргізудің I-ші кезеңі. Ол 1990-1993 ж.
болатын Еуропалық валюта жүйесінің әртүрлі валюталық шектеулурді алып
тастау және біртұтас валюталық қалқыманы алып тастау.
II-ші кезеңі. (1994-1998жылдары) Еуропалық валюталық институттар ашу.
Макроэканоимкалық саясатты координациялау күшеюде.
III-ші кезең 1999 жылдан бастап, валюта курсын нығайту орталықтырылған
банк құру және біртұтас еуропалық банк құру. Келесі қадамы мемлекет аралық
конференцияда талқыланып 1996 жылы Туринде басталып 1997жылы шілдеде
Амстердамдық келісімге қол қоюмен аяқталды. ХХІ-ші ғасырдың мәселесі - ол
Еуропалық Одақтың кеңейтілуі және құрамына жаңа елдерді кіргізу әсіресе
Орталық және Шығыс Еуропадан.
Еуропалық Одақтың функциялық механизмі алдымен саяси-құқықтық басқару
жүйесіне негізделді оған жалпы және мемлекетаралық органдар кіреді,
сонымен бірге ұлттық- мемлекеттік түзетулердің элементтері де кіреді.
Еуропалық Одақтың басқару мемлекет аралық басқару органы болып келесі
органдарды көрсетеді:
1. Еуропалық Одақ Кеңесі. (ЕОК).Ол жылына 2 реттен кем болмайды, мемлекет
басшылары және үкімет басшыларының деңгейінде өтеді, сол қатар әрдайым
әртүрлі министрлер деңгейінде де жиналып (сыртқы істер
министрі,экономика, қаржы және т.б.).ЕОК жоғарғы дәрежеде стратегиялық
интеграциялық мәселелерді шешеді,мысалы: Бірыңғай европалық акт
немесе Маастрихтік келісім сияқты және маңызды нормативтік
функциялармен функциялармен иеленеді.
2. Еуропалық Одақ Комиссиясы-атқарушы орган Еуропалық Одақтың үкіметі
сияқты . ЕОК шешімін жүзеге асырады. Еуропалық Одақ
Комиссиясыдирективтер мен регламенттерді шығарады, нормативтік
компетенциялармен иеленген. Еуропалық Одақ Комиссиясының құрамы 20
мүшеден тұрады (комиссарлар), белгілі сұрақтарды шешеді (ауыл
шаруашылық, энергетика, т.б.) және ұлттық мемлекетпен 5 жылға
сайланады, бірақ ақырғыларымен байланысты емес. Резиденциясы
Брюссельде орналасқан, штат шамамен 15 мың адамнан тұрады. Еуропалық
Одақ органдарының ішінде Еуропалық Одақ Комиссиясы маңызды роль
атқарады,яғни оның аппаратында Одақтың арықарай дамуына байланысты
нақты ұсыныстар және ойлар қарастырылады.
3. Европалық парламент (ЕП) резиденциясы Страсбургте; 1979 жылдан бастап
Еуропалық Одаққа мүше елдердің азаматтарының дауыс беру жолымен
сайланады. Қазір оған 626 депутат кіреді, ал әр елдің елшілері
мемлекетіндегі халқының санына байланысты болады. 1993 жылдың 1
қарашасында болған Маастрихтік келісім өз күшіне енгеннен кейін ЕП
функциялары едәуір кеңейтілді, консультативтік өкілеттігі шектеулі
шектен едәуір шықты.Оларға Еуропалық Одақ бюджетін қабылдау, Еуропалық
Одақ Комиссиясы қызметіне бақылау және интеграцияның дамуына
байланысты нақты ұсыныстарды қарастыру құқығы, Еуропалық Одақтың заң
мәселесін шешетін жеке сұрақтарды ЕОК бірге қабылдауға құқылы.
4. Европалық сот, дұрыс интерпретацияны қамтамассыз етуші және Еуропалық
Одақ нормативтік актілерін жүзеге асыру.
5. Ауыл шаруашылыққа бейімделу және кепіл беру Европалық әлеуметтік
қоры, оған Еуропалық Одақ қаражатының үлкен бөлігі жұмсалды.
6. Европалық әлеуметтік қор, Еуропалық Одақ ішіндегі жұмыс күшінің орын
ауыстыруы және олардың өзгермелі интеграциялық аймақтағы жағдайға
бейімделуі(мысалы дайындалуға көмектесу амалымен)
7. Аймақтық даму европалық қоры, индустриялық дамуы әлсіз тоқырау
аймақтардың қайта құрылу құрылымына көмектесуші.
8. Европалық банк.
Еуропалық Одақ құрамындағы мемлекеттерден тәуелсіз өзінің қаржылық
қаражаттары бар. Еуропалық Одақ бюджетінің көлемі жыл сайын Кеңес және
Европарламентпен анықталады. Бюджеттің кірістік бөлігі келесілерден
тұрады:
1) өздерінің қаражатттары;
а) сыртқы салық, айырмашылықты жабатын яғни сыртқы нарыққа ауыл шарушылық
өнімдерінің импортқа шығарудағы баға айырмашылығы;
б) ортақ кедендік тариф бойынша кедендік салық;
в) басқа нәрселерден алынатын салықтар;
2) Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер бөлетін қаражаттар.
Еуропалық Одақтың шығыны шамамен келесі сыяқты бөлінеді; әкімшілік –
шаруашылық 4,5% саясаттық жүргізушілер: бірыңғай ауыл шарушылығы 66,5 %;
аймақтық -7,5%; әлеуметтік 6,6%; энергетикалық 0,3%; өнеркәсіп – 0,1%;
ғылыми – техникалық – 3,5%; информация және қоршаған ортаны қорғау
аумағына -0,08%; дамушы мемлекеттергекөмектесулер -21%; Еуропалық Одаққа
мүше мемлекеттеріне компенсациялық төлемдер – 8,4 %.
Еуропалық Одақтың дамуының қазіргі сатысы көптеген қыйыншылықтармен
сипатталады, олар Одақтың кеңеюімен байланысты. Еуропалық Одақтың құрамына
кіруші қазіргі кандидаттар кешегі күні ғана жобалы шаруашылықты елдер
болған(оларға тек қана Кипр (грек.) сондай-ақ Славенияда жатпайды) және
бұлар өтпелі эканомикалық категориялы елдерге жатады, оларға әлі тұрақты
нарық шарушылығының қалыптасуына дейін үлкен жолдан өту керек яғни көп
жұмыс істеу керек. Әлі ешқашан Еуропалық Одаққа мүше болмаған елдермен
одаққа енді кіруші мемлекеттер арасында экономикалық деңгейлерінде мұндай
айырмашылық болған емес. 90ж. Еуропалық Одаққа мүше елдермен енді кіруші
кандидаттар арасында эканомикалық процесс жүрді дамуы жағынан осы әрдайым
интеграцияның ең басты бөгеті болды.
Қазіргі кезде Еуропалық Одаққа ресми түрде Одаққа кіруге кандидат
ретінде 11мемлекетті мойындады. Осылардың алтауымен яғни бірінші тұрған
кандидаттар Еуропалық Одақ Комиссиясы 1998 жылы тілдесу процесін бастады.
Осы топқа (оның кіруі одақтың бесінші рет кеңейтілуі болады) оларға мына
мемлекеттер: Венгрия, Польша, Чехия, Словения, Эстония, соныменбір Кипр
(грек.) кіреді. Ал екінші тұрған кандидаттар олармен ресми түрде 1998жылы
келісімдер жүргізілмеген, бірақ жақын уақытта басталады, ол шешімге Латвия,
Литва, Словакия, Румыня және Болгария жатады. Еуропалық Одақтың кеңейтілу
уақытын нақты айту қазірше қиын. Бірінші тұрған кондидаттар 2003-2004ж.ж.
кіруі мүмкін, ал екіншілері 2006-2007ж.ж. Ал потенциалды үшінші орындағы
кандидаттармен келісімдер 2005жылдан ерте басталмауы ықтимал.
Кандидат елдердің Еуропалық Одақтан экономикалық даму деңгейі бойынша
артта қалуы, олардың ұлттық шаруашылықтың төмен бәсекелестігі болып
табылады. Ол әрине саудада неғұрлым проблемалар тудырады. Кондитат
елдердің Еуропалық Одақтың сыртқы сауда режиміне қосылуы ұзақ өтпелі
кезеңді керек етеді. Сонымен бірге бірауыздан мақұлдайтын нәрсе және ол ең
басты бөгет, кандидат елдердің интеграциясындағы қиындықтар. Еуропалық Одақ
механизмінде сауда сферасымен байланысты емес, Европалық келісімдерді
орындау бағытта көптеген маңызды қадамдар жасалды. Кандидат елдерде
Еуропалық Одақ талабына сай өздерінің сыртқы сауда режиміне өзгерте
бастады.
Негізгі қиындықтар қаржы сфересына бағытталған. Жалпы барлық мәселе
келесіді. Еуропалық Одақтың механизмі басынан бастап, яғни интеграциялық
топ құрылғаннан бері дамушы елдер мен аймақтарды дамыған мемлекеттер
деңгейіне көтеру және жаңа экономикалық дивергенция көрінісін болдырмау
немесе керісінше экономикалық конвергенциямен қамтамассыз ету. Соңғылары
қазіргі кезде Греция, Португалия, Испания, Ирландия, және шектелген
масштабтағы Финляндия.
Еуропалық Одақтағы экономикалық интеграциялық элементтері
Интеграцияның мақсаттары мен әдістері.
Еуропалық Одақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz