САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ҚЫТАЙ ҚОҒАМЫНА ЫҚПАЛЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ

Қытайдағы саяси ойлар

Орындаған : ІV курс, Саясаттану бөлімінің студенті Сегізбаев Ф. М.

Тексерген: Жумакаева Б. Д.

АЛМАТЫ 2005

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

I КӨНЕ ҚЫТАЙДАҒЫ - КОНФУЦИЙ ІЛІМІ5

1. 1 Конфуций ілімінің негіздері мен ерекшеліктері5

1. 2 Конфуций ілімінің рухани құндылықтары12

II САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ҚЫТАЙ ҚОҒАМЫНА ЫҚПАЛЫ16

2. 1 Қазіргі Қытай қоғамындағы саяси ойлардың ықпалы16

2. 2 Қытайдың қазіргі қоғамындағы модернизация процесіне бейімделуі. 20

ҚОРЫТЫНДЫ23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ25

КІРІСПЕ

Біздің елімізде көрші Қытай халқының өміріне деген қызығушылықтың тамыры тереңге тартып жатыр. Ежелден бері Аспан асты империясының салт - жырларын бейнелейтін әдебиетке, қытайлардың өмір философиясының ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінуде. Көрші мемлекетте болып жатқан күнделікті оқиғаларға деген зор ықылас, сөзсіз Ежелгі Қытайдың идеологиясы мен мәдениетіне деген қызығушылыққа, Ұлы Қытай халқының өткеніне көз жүгіртер болсақ, оның бай мәдениетіне, оның ұлы ойшылдары, саяси - философиясының негізін салушылар Конфуций, Сао - цзы, Мао - цзының көзқарастарымен танысатын болсақ, біздің қытай өркениетінің жасырын жақтарына терең енуімізге көмектеседі, олардың Қытай қоғамының тарихына, психологиясына, қытай халқының ойлауы мен жүріс - тұрыс нормаларына әсері ұзаққа созылған әрі тұрақты болған ілімдерімен танысамыз. Бүгінгі біздің бітіру жұмысымызда қарастырылып отырған осындай ілімнің бірі - Конфуций ілімі. Қоғамдағы жеке тұлғаның мән - маңызы Батыс пен Шығыста біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бұрын зерттеле бастаған. Қытайдың рухани мәдениетінде бұндай рөлді Конфуций ілімі алды.

Конфуцийліқ доктрина қытай жерінде күшті мемлекеттің құрылуына, әлеуметті тәртіп тұрғысынан ұйымшылдықпен сақтауға үлкен септігін тигізді. Бұл доктрина қытай өмірін қилы - қилы заманда мемлекет деңгейінде реттеді.

Қытайдағы инвестицияның көп бөлігін шетелдердегі байқуатты қандастары құйған. Басқа жерден табыс табады да, ақшасын Қытайға алып келеді. Бұл дәстүрлі құндылықтардың негізінде туған ілім мен сенімнің жемісі. Қытайдың рухани дүниесінен үйренуіміз керек деудің себебі де осы. Қытай атомдық технологияны, ғарыштық технологияны игерді, артық болмаса, ешкімнен кем емес. Қалай болғанда да біз басқа мемлекетке барып келгенде, дипломатиялық қатынас жасағанда таң қалу үшін емес, олардың осындай ішкі тұңғиық сырларынан үйренуіміз керек. Отбасылық борыш мемлекеттік борышқа айналса ғана, ұтамыз.

Қазіргі кезде көңіл аударарлық жәйт бұл Қытайдағы әлеуметтік - экономикалық жағдай. Аз ғана салыстырмалы уақыттың ішінде мемлекет экономикалық дағдарыстан шығып, жаңа сапалы саяси экономикалық дамуға түсті.

1949 жылға дейін Қытайда Конфуций ілімі ресми идеология болды. 50-ші жылдардан бастап көптеген жылдар бойы Конфуцийшілдік қатаң қадағаланып отырды. Бірақ уақыт өте келе мемлекет өзінің дағдарысын шешуге мәжбүр болған жағдайда Қытай қоғамы Конфуций ілімі мен олардың жалғастырушыларына көңіл аудара бастады.

Соңғы жылдарда Конфуцийшілдік өзінің ықпалын шығыс аймақтарында жоғалтпай, керісінше өзінің деңгейін әрдайым күшейтіп жатыр.

Шығыс елдері және Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері дәстүрлі қытай мемлекетінің өркениетінің ықпалына кіретін, яғни конфуцийшілдік идеялары осы мемлекеттердің халықтарына жақандануына зор ықпалын тигізеді. Экономикалық жетістіктерін “Маленьких Драконов Юго - Восточной Азии” көптеген ғалымдар және саяси зиялылар конфуцийшілдікпен байланыстырады. Қазір ХХІ ғасырда, кейбір Шығыс Азия мемлекеттері, фундаментальдық конфуцийшілдік құндылықтарын сақтап қалып, өзінің экономикалық әлеуметтік дамуында алға шыққан себептерін ғылыми және саяси тұлғаларды толғандырады.

Экономикалық „ғажаптың” жаратушысы Ли Куан Конфуцийшілдіктің маңыздылығын айтып өткен: “Мы на этом держимся, если мы позаимствуем западные моральные ценности, силы сцепления, которые поддерживают наше общество, рухнут”. Шығыс және Оңтүстік - Шығыс елдерінің экономикалық ресурстары және этикалық ресурстары конфуцийшілдікке жаңаша көзқараспен қарап және бұрын соңды елемеген құндылықтарына көңіл аудартқызады /1/.

Қазіргі Қытайдың саяси және әлеуметтік процестері объективтік тұрғыда зерттеле алмайды, өйткені қазіргі болып жатқан жәйттарды тани отырып, сонымен қатар ұлттық саяси - қоғамдық идеалдарының ерекшеліктерін, яғни негізгі қоғамдағы жаһандануы ретінде Қытай қоғамының тарихи дамуын дұрыс түсінбеген болса, өзінің объективтік сараптамасын бере алмайды.

1999 жылы қазан айында Пекинде және Цюйфуда Конфуцийдің туғанына 2550 жыл болғанына байланысты халықаралық конференция өтті. Осы конференцияда ғалымдар Конфуций ілімі Батыс елдеріне де өзінің пайдасын тигізетінін атап өтті. Р. Деллиос өзінің “Конфуцианская парадигма глобальной политики” докладында қазіргі әлем өте қатты жаһандануын атап өтті. Әлеуметтік және саяси коммуникациялардың әлемдік экономиканың дамуы - бұл қазіргі уақыт шындығы болып табылады /2/.

Басқаша сөзбен айтқанда - бүкіл әлем бірлігіне инфраструктура дайындалу үстінде. Бірақ бұл бірлік материалдық бірлік болып табылады, ал рухани бірлік Деллиостың және басқа ғалымдардың ойынша Конфуцийшілдік бола алады.

Көптеген Батыс саясаттанушылары, соның ішінде С Хонг - Тингтон „конфуцийліқ демократия” ішкі қайшылықты түсінік болып табылады деп есептейді: олардың ішінде бірыңғай мойындалатын факт дәстүрлік Конфуцийлік не демократиялық не антидемократиялық деп есептеу. Дегенменде Ф. Фукуяма өзінің „Конфуцийшілдік және демократия” деген еңбегінде, конфуцийліктің демократияға қарсы емес аймағын қарастырған. Осындай аймақтық бірі ретінде ол мемлекеттік аппаратқа ұсынлушыларды таңдауда емтиханның дәстүрлі конфуцийлік жүйесін атап көрсетеді. Конфуцийлік пен демократияның бір - біріне қарсы келмеуінің келесі аймағын ол демократияның маңызды белгісі болып табылатын білімге деген назардың жоғары болуы, сонымен қатар қоғамды әртүрлі жаңалықтардың түрін қабылдауда Конфуцийлік моральдік қажеттілікке мән бере отырып, жоғары ұйымдасқан қоғамды жоғарыдан төмен емес, төменнен жоғары құратындығынан көрінеді.

Конфуций ілімі, Конфуцийшілдік жайында Батыс ғалымдары, орыс және қытай ғалымдары көртеген зерттеу жұмыстарын жүргізіп, төптеген еңбектер жазған. Мысалы айта кететін болсақ: Афанасьев А. Г. „Борьба против конфуцианства в период „движения за новую культуру”. - Конфуцианство в Китае. Проблемы теории и практики. - Москва, 1982. Кобзев А. И. Проблема природы человека в конфуцианской социальной утопии. - Китайские социальные утопии. - Москва, 1987. Переломов Л. С. „Книга правителя области Шан” (Москва, 1993), „Конфуцианство и легизм в политической истории Китая” (Москва, 1981), „Конфуций „Лунь юй”” (Москва, 1998), „Слово Конфуция” (Москва, 1992), „Мао, легисты и конфуцианцы” (Москва, 1975) . Сонымен қатар көптеген батыстық, қытайлық және отандық ғалымдардың зерттелген еңбектері сан алуан.

Зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндеті.

Зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты - қытайдың саяси ойлардың және конфуций ілімінің құндылықтарының қалыптасуы мен дамуына тарихи - әлеуметтік тұрғысынан талдаулар жасау; Конфуцийшілдіқтің негізгі ілімін сараптаудан өткізу және қазіргі Қытай өркениетінде танылған - Конфуций ілімінің ықпалын, ерекшеліктерін көрсету. Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысымыздың алдына мынадай міндеттер қойылды:

  1. Қытайдағы саяси ойлардың негіздері мен ерекшеліктерін анықтау;
  2. Негізгі рухани құндылықтарын көрсету;
  3. Қазіргі Қытай қоғамындағы Конфуций ілімінің алатын орны мен ыпалын анықтау;
  4. Конфуцийшілдік жеке тұлғаның қазіргі қоғамға бейімделуін көрсету.

Зерттеу жұмысымыздың жаңалығы.

Курстық жұмысымыздың ғылыми жаңалығы - Қытайдың саяси ойларына және негізгі құндылықтарына тарихи - әлеуметтік талдаудың жасалуында және қазіргі қоғамдағы ықпалын ашу.

Курстық жұмысымыздың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I КӨНЕ ҚЫТАЙДАҒЫ - КОНФУЦИЙ ІЛІМІ

1. 1 Конфуций ілімінің негіздері мен ерекшеліктері

Біздің елімізде көрші Қытай халқының өміріне деген қызығушылықтың тамыры тереңге тартып жатыр. Ежелден бері Аспан асты империясының салт - жырларын бейнелейтін әдебиетке, қытайлардың өмір философиясының ерекшеліктерін көп көңіл бөлінуде. Көрші мемлекетте болып жатқан күнделікті оқиғаларға деген зор ықылас, сөзсіз Ежелгі Қытайдың идеологиясы мен мәдениетіне деген қызығушылыққа, Ұлы Қытай халқының өткеніне апарады. Ежелгі мемлекеттің өткеніне көз жүгіртер болсақ, оның бай мәдениетіне, оның ұлы ойшылдары, саяси - философиясының негізін салушылар Конфуций, Лао - цзы, Моцзының көзқарастарымен танысатын болсақ, біздің қытай өркениетінің жасырын жақтарына терең енуімізге көмектеседі, олардың қытай қоғамының тарихына, психологиясына, қытай халқының ойлауы мен жүріс - тұрыс нормаларына әсері ұзаққа созылған әрі тұрақты болған ілімдерімен танысамыз.

Ежелгі Қытай саяси - этикалық философиясының әртүрлі мектептері болды. Олар бір - бірінен адамның мінезі мен мәні, оның қоғам мен мемлекеттегі орны, адам мен мемлекет арасындағы өзара қарым - қатынас т. с. с. мәселелерді шешуге деген тәсілінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Ежелгі Қытай философтары табиғатқа емес, адамға, қоғам мен мемлекетке көп көңіл аударады. Олардың барлығына қалыптасқан әлемді өзгертуге деген талпыныс пен адамзатты ұйымдастыруының негізіне ең идеалды, ең мақсатты, ең әділетті болып көрінген принциптерді қалау тән болды.

Жеке адамның мән маңызы Батыс пен Шығысты біздің эрамызға дейін мыңдаған жылдар бұрын зерттеле бастаған. Егер де Еуропалық „болмыста жеке адамға ғана табынуды жақтау” дәстүрінің негізі жеке адамды өзіндік бір әулие ретінде қарайтын христиан діні болса, ал Қытайдың рухани мәдениетіндек бұндай ролді Конфуцийдің ілімі алды. Абсолют функциясын жеке адамның барлық идеалдық қасиеттерін бойына жинақтаған „Цзюнь - цзы” (Қайырымды адам) атқарды. Көктем және күз (Чунь цю), соғысушы патшалықтар (Чжань го) дәуірлері - ежелгі Қытай тарихында өзгеріске толы кезең еді. Қоғамда болған әлеуметтік - экономикалық өзгертулер ең алдымен адамға әсерін тигізбей қоймайды. Ежелгі Қытай ойшылдарының таңқалған назарларының алдында бұрын беймәлім адамның мінезі мен жүріс - тұрысы ашылды. Егер бұрын жеке адам өзінің жүріс - тұрысын, талпынысын, туысқандық коллектившілдікке бағындырып, өзін жанұядан сырт елестете алмайтын жанұяның бір құрамды бөлігі ғана болса жерге жеке меншіктің пайда болуы, жеке кәсіптердің, сауданың дамуы, қалалардың бой көтеруі оны жанұядан алыстатты. Адамдардың жүріс - тұрыстарында да өзгерістер болды. Кей кезде атасы кедей, немересі бай болған, бай туыстары кедей туыстарынан көмек көрсетуден бас тартқан сияқты жағдайлар кездесе бастады. Осындай адамдардың моральдық құлдилауы ойшылдарды таңқалдырды. Сондықтан да олардың көпшілігі өткен, қайтып келмес „Алтын ғасырды” аңсады. Бұл Конфуций ілімінде де байқалды.

Ежелгі Қытай ойшылдары сияқты Конфуцийді де адам табиғаты қызықтырмай қоймады. Ол алдымен ең болмағанда өзі үшін оның түп тамырын ұғынғысы келді. Әр түрлі әлеуметтік дәрежедегі адамдармен әңгімелесу оған жұбанышты қорытындыны бермеді. „Лунь юй” (әңгімелсу және талқылау) кітабында өзі енгізген „жэнь” (адамгершілік) ұғымына сипаттама берген кезде, біз адам табиғатына оның берген нақтылы анықтамасын кездестіреміз: Ұстаз „Конфуций” айтты: „Байлық пен атақтылық міне осыған барлық адам талпынады. Егер олардың бұған жетуіне Даоны „Жол” тағайындамасақ, онда оған жетпейді. Кедейлік пен жеккөрушілік - міне осыны барлық адамдар жек көреді. Бұдан құтылу үшін Даоны (жолды) тағайындамасақ, онда олар бұдан ешқашан құтылмайды. ”/3/

Конфуцийдің пікірінше, байлық пен атаққұмарлыққа талпыну, кедейлік пен жеккөрушілердің қатарында болып қалудан қорқу адам табиғатына тән бірдей нәрселер. Ежелгі Қытай ойшылдары соның ішінде Конфуцийден жүз жыл кейін өмір сүрген Ян Чжу Конфуцийдің көзқарастарын қолдады. Ян Чжу ұзақ өмір сүру мен атақ абыройды қосып төрт негізгі талпынысты атап көрсетті: „Адамдарға тыныштыққа жетуге маза бермейтін төрт нәрсе бар:

  • бірінші - ұзақ өмір сүруге талпыныс;
  • екінші - атақ абырой;
  • үшінші - қоғамдағы жағдай;
  • байлық.

Осы төрт нәрсені иемденушілер рухтан қорқады, адамдардан қорқады, күштен қорқады, жазалаудан қорқады. ” /4/

Конфуцийдің адам табиғаты туралы айтқандары аса көп емес, мүмкін бұл ұстаздың өзін қоршағандардың ренжіткісі келмегенімен түсіндірілген шығар. Дегенмен „Лунь юйде” кездесетін кейбір айтқандарына қарап Конфуцийдің адамның табиғи қасиеттеріне соншалықты масаттанбағанын шамалауға болады. Цзы Гун (Конфуцийдің сүйікті шәкірттерінің бірі) айтты: „мен басқа адамдардың көреалмағанын қаламас едім, сонымен қатар өзімнің басқа адамдарды қорлағанымды да қаламас едім”. Ұстаз айтты: „сен бұған ешқашан жетпейсің”/5/.

Конфуций үшін басты нәрсе адамның жасырын табиғатын анықтап алып, оған қажетті бағытта әсерлі ықпал ету болды. Адамдар егер, оларға тұрақталған даомен жүрсе, сонда ғана өздерінің талпыныстарын іске асырып, тіпі жексұрын жағдайлардан да құтыла алады. Конфуций „Дао” түсінген (Дао - Цзыдан айырмашылығы) тек „адам” тақырыбымен байланыстырды. Адам мен Даоны салыстыра отырып, Конфуций өзінің ілімінің орталық тақырыбы адам екенін атап көрсетті. „Лунь юйде” Дао (жол) Конфуцийдің тұтас ойларын, принциптерін, әдістерін білдірді. Даоның көмегімен ол адамдарды ақиқат жолында бастауға, бағындыруға, оған әсер етуге әзірленді. Даоны ұғыну бұл, яғни ақтқатты түсіну жолына бастау.

Н. А. Бердяевтің айтуынша: „адам - ол не құдайға сеніп өмір сүруге, не идеалмен үлгі тұтып, табынуға сеніп өмір сүруге лайықталған”/6/.

Қытай халқы үшін осындай идеал ретінде ұзақ ғасырлар бойы Конфуций сомдаған „Цзюнь - цзы” болды.

Үлкен әріпті адам, яғни Цзюнь - цзы болу, Конфуцийдің пікірінше әркімнің қолынан келеді. Дегенмен философ тәжірбиеде шәкірттерінің зеректігін жоғары бағаласа да, адамдар әртүрлі қабілетке ие екенін жақсы түсінседе, адамдарға сенді, кез - келген „Дао” жолына түссе, өзгеретіндігін, өзін - өзі жетілдіретін, идеалға жақындай түсетіндігіне сенді. „Тек ең ақылдылар мен ең ақымақтар ғана өзгермейді”. Ең ақымақтар жайлы айтпасақта түсінікті. Ал ең ақылдыларға Конфуций ежелгі кезеңдердегі даналардың кейбіреуін ғана қосты, ал өз замандастарын, тіпті өзін де ең ақылдылардың санатына қоспады. Конфуций өзін көне заман, көне заман жаналарын жақсы көретіндердің қатарына қосты. Енді, Конфуций іліміндегі идеал, кемелденген адам Цзюнь - цзынь қарастырайық. Астан - кестең өмір қарсылығына төтеп беретін әрі өзінің абыройын сақтап қалатын тек „Қайрйымды адам”. Рухани негізі жоғарғы моральдан құралғандар „Қайырымды” болып табылды. „Аштықтан өлу - бұл үлкен уақиға емес, ал адамгершіліктен айырылу бұл үлкен оқиға” деген Конфуций /7/.

„Жэнь” ұғымы жан - жақты. „Жэньге” иелерге бұл қасиет өмірден қымбат, ол қандай да бір өзіндік терең нәрсе. Адамға келген әрі берекет, бір көп нәрсеге міндеттендіретін ауыртпалық. Ол адамға жаңа әлемді ашады, оған барлығына басқаша қарауға көмектеседі. Жэнь - қоршаған әлемнің әдемілігі бірақ бос бояма сөзбен, кекірейген үлгі - Жэнь емес; Жэнь - шынайы, ішкі жан дүниенің байлығы, және де аса мол қажеттілік; Онсыз қол жеткізген біліміңді сақтап қала алмайсың. Жэньге ие болу үнемі жетіліп отыруды шамалайды; Жэньді жақсы көру және оқуды жақсы көрмеу - ақымақтық. Олай болуы мүмкін емес.

„Ұстаз айтты: қошаметтеушілік, сыпайы кершілік, шыншылдық, тапқырлық, мейірімділік - осы „бес” қасиетке иелер ғана Жэньге ие. Егер адам қошаметшіл болса, оны жек көрмейді. Егер адам сыпайы болса оны қолдайды. Егер адам шыншыл болса, оған сенеді. Егер адам тапқыр болса, ол жетістікке жетеді. Егер адам мейірімді болса, ол өзгелерде қолдана алады”/8-11/.

Конфуцийдің айтуынша, жастық шақтан бастап адамгершілікке (Жэньге) ұмтылу керек. Әйтпесе адам да өмірде тұрақтылық болмайды. Сондықтан шын бар жерде асықпау ақылсыздық. Әсіреcе әлеуметтік-әкімшілдік баспалдақтың шыңында тұрғандарға қатысты.

Конфуцийдің пікірінше, адамгершілік туа біткен қасиет. Адамгершілік дегеннің астарында мейірімділік, салмақтылық, рақымдылық, біреудің қайғысына ортақтасу ұғымдары жатыр. Бұл қасиеттің негізгі жауы - өзімшілдік. Олардың қатар тұруы мүмкін емес. Сондықтан адам, алдымен, айталық мейрімді болу үшін, өзін жеңе білу қажет. Адамгершілік қасиетін байқап көрсетуі керек, ол бір сәттік әуестенудің қортындысы болмау керек. Өзін - өзі құрбан қылуға айналмас үшін, ол белгілі бір шекке дейін ғана созылып, тоқтауы қажет. Адамгершілік қасиетін көрсете отырып, қайырымды адам аспан еркін таниды, жер бетіндегі игіліктерді пайдалануды үйренеді. Екі жүзді адам сырт кейпімен ғана сабырлы және таза - ол тіпті жақсы жерде, жасқы адамдардың арасында өмір сүрсе де, ол көң - қоқырда отырған адамның көрінісін береді.

Қайырымды адам жэньсіз бола алмайды, егер жэньмен (адамгершіліктен) айырылса ол цзюнь - цзы болудан қалады. Конфуций адамгершіліксіз қайырымды адамды кездестіруге болады, ал жэньге ие сяо жэнь („кішкентай адам”) деген мүлде болмайды деп сендіреді /12/. Соған орай, ол сяо жэнь үшін қол жетпес нәрсе. Шынайы цзюнь - цзы өзгелер арасына жэньді таратуға қабілетті. Басқаша айтқанда, жэнь міндетті түрде барлық нәрседе қатысады, адамның өмірі мен қызметінде көрінеді. Ақыр аяғында жэнь - кемелденген адам болуға талпыныс пен мүмкіндік, осы жолға өзгелерді бастау, халыққа қызмет ету мәселесін үндейді.

Ұстаз айтты: „Адамгершілік бізден алыс па мен оны тілесем, ол бірден менің қасымда болады”/13/.

Конфуций бойынша адамның кемелденуінің мақсаты, адам өзін әлем алдында көрсетуде емес, әлемде бар болуы мен өзін үнемі „жеңуінде”. Конфуцийлік адамгершілік - адамды айқындаудың жолы. Міне сондықтан Конфуций адамгершілік қиындықтарды жеңгенде келеді деп есептеді. Қандай да бір сезімдер мен білімнің бар болуы қиын емес. Өзіңді „жеңу үшін” лайықты парасатты ақыл мен мызғымас жігердің бар болуы өте қиын.

Сонымен Конфуций іліміндегі идеалды адам „қайырымды адам” жэньге тән талаптарға лайық болуы қажет.

Бірақ қайырымды адам үшін бұл аз. Ол сонымен қатар тағы мынандай ізгіліктерге ие: білім, этика, өзаралық.

Ежелгі Қытайдағы адам мәселесін зерттеуші Д. Мунро Конфуцийдің адамның табиғаты жағынан теңдігінің әлеуметтік ретіне үлкен көңіл бөлді. Зерттеуші Конфуцийдің әлеуметтік ретінің үш негізгі элементін бөліп алды:

  • басқарушылар структурасының үстемділігі (әркім өз орнында, сяо (құрметтеумен) байланысқан) ;
  • қатаң иерархия;
  • өзара қарым - қатынастар реті, яғни Ли ережесі /14/.

Алдыңғы екеуі - өткеннің мұрасы, үшіншісі - жаңадан ерекше көңіл аударған нәрсе. Ли - жүріс - тұрыс ережелері, әлеуметтік норма, салттық қалыптасқан моральдық заңдар жинағы. Әрине, бұл жазылмаған және де үнемі ұғылмаған дәстүр емес. Конфуций оны ұғынды, басқаларды да соған шақырды. Ли ережелерін білу, үйрену (тек қана дәстүрден үлгі алу емес, оны ұғыну әрі зерттеу) - міне осылар, цзюнь - цзы болуға талап еткендердің басты мақсаты. Сондықтан да ұлы философтың оқу - білімге ерекше көңіл бөлгені кездейсоқ емес. Осыған лайық ол білімінің негізі мен теориясын қалады: „Мен сені білімнің не екеніне үйретемін. Білсең - білемін деп есепте, білмесең - білмеймін деп есепте, білім дегеніміз де осы”/15/. Бұл Сократтың „Мен өзімнің ешнәрсе білмейтінімді ғана білемін” дегенімен үндес. Және де екуінің айтқандарында да еш қылмысу жоқ. Конфуций шындығында да көп білемін деп санамады. Конфуций адамдардың шексіз мүмкіндіктеріне сенді: ол соларды жүзеге асыруға талпынды, әрі өзгелерді де соған үйретті. Жүзеге асыру ең алдымен оқу арқылы болады: „Көп тыңдаймын, қажет болатынын тыңдап аламын; соған байланысты көп бақылаймын, барлығын есімде сақтаймын” /16/. Осылайша шын мәнінде көп нәрсеге үйренуге болатынына, тіпті түсініп білмейтін, жалпы болжау ғана айта алатын тақырыптарды талқылауға болатынына келіспеске болмайды. Ең маңыздысы - тоқталмау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хэйан кезеңі жапон тарихындағы өте маңызды кезең
Хэйан дәуірінің мәдени өзгерістері
Саясаттану ғылым және оқу пән ретінде. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендері
Қытай ақын-жазушыларының ішкі соғыс кездеріндегі еңбектері
Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары
Саясаттану пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері жайлы
Дэн Сяопиннің саяси-мемлекеттік қызметі
Қытай халық Республикасындағы ұлтаралық саясатты жүзеге асыру ерекшеліктері
Қазақстандағы оралмандардың әлеуметтік жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz