Неолиберализм теориясы өкілдерінің экономикалық көзқарастары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1. Неолиберализм: бастау көздері мен әр түрлі мектептері 6
1.1. Неолибералдық теорияның бастаулары 6
1.2. Неолиберализм теориясы өкілдерінің экономикалық көзқарастары 9
1.3. Батыс германиялық неолиберализм теориясы 13
1.4. Неолиберализмнің Чикаго мектебі 14
2. Әлеуметтік нарықтық шаруашылық және неолибералистік
теорияны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері 19
2.1. Әлеуметтік нарықтық шаруашылықтың теориясы мен практикасы 19
2.2. Неолибералдық теорияны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері 22
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 26

Кіріспе

Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің шаңырағын көтеруде және оны
нығайтуда әлемдік саяси ой тарихын саралап отыру төтенше маңызды рөл
ойнайды.
Аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орынды иеленген Қазақстан сияқты ірі
еуразиялық мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын қалай жолға қояды және
қандай жетекші бағыттарға басымдық береді, сондай-ақ оның көршілес елдермен
ғана емес, жалпы әлемдік қоғамдастықпен қарым-қатынастары қалайша
қалыптасады, экономиканы реттеуде қандай тәсілдерді қолданады - мұның бәрі
де іргелі әрі жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
ХХ ғасырда қоғамдық өмiрдiң демократиялануымен әлеуметтiк-саяси
теориялардың да мазмұны өзгердi. Саясат ұғымы да жаңа мәнге ие болды: егер
бұрын ол мемлекеттiк билiк қызметiнiң саласын ғана қамтыса, ендi ол
қоғамдық қатынастардың кең ауқымын бiлдiрдi. Қоғамдық санада сциентизмнiң
(лат.scientia-ғылым) белең алуына орай, саясаттанушылар мен құқықтанушылар
өз концепцияларында методология мәселелерiне барынша көңiл қоя бастады.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн саяси ғылымдардың құқықтанудан бөлiнiп
шығуы барысында саяси және құқықтық iлiмдерде әрқайсысы өзiнiң тар мамандық
саласы шеңберiнде тереңдете зерттеу үрдiсi басым болды. Мұның өзi саяси
теорияның iшiнде жекелеген концепциялардың пайда болуына әкелдi, мысалы
тоталитаризм, плюралистiк демократия, үстем элита концепциялары.
ХХ ғасырдың буржуазиялық әлеуметтiк саяси ойында неолиберализм (кейде
әлеуметтiк либерализм, ескi индивидуалистiк либерализмге қарсы),
демократиялық либерализм (аристократиялық либерализмге қарсы, либерал-
реформизм ұғымдары қолданылады) және консерватизм (немесе жаңа
консерватизм, неоклассикалық либерализм, либерал-консерватизм
терминдерiмен де айтылады) басым бағыт қатарына жатқызылады. Бұл
идеологияның жақтаушылары қоғамдық ойда орталық бағыт ұстанса, солшылдарға
әртүрлi социализм, коммунизм және солшыл радикализм (жаңа солшылдар,
солшыл экстремизм және т.б.) концепциялары, ал оңшылдарға фашизм және
неофашизм, жаңа оңшылдар, нәсiлшiлдер сияқты оңшыл радикализм теориялары
жатады.
Неолиберализм және қазiргi консерватизм классикалық либерализм
идеологиясының дағдарысы тұсында, индустриалды дамыған елдерде экономиканы
реттеуде, мемлекеттiң әрекетiн кеңейту мақсатында қалыптасты.
Неолиберализмнiң идеологтары (Дж. Кейнс, А. Хансен, Дж. Гэлбрейт және
т.б.) қоғамның реформашыл көңiл-күйдегi топтарының – iрi өнеркәсiпшiлердiң,
жоғарғы шенеунiктердiң, сондай-ақ интеллигенцияның едәуiр бөлiгiнiң
мүддесiн көздейдi. Олар өз бағдарламалары мен концепцияларында өндiрiстiң
дағдарыссыз және тұрақты дамуына қол жеткiзу үшiн қоғамдық процестерге
мемлекеттiң ықпалын кеңейтудi, жеке кәсiпкерлiк қызмет саласына мемлекеттiң
белсендi түрде араласуын жақтайды.
Ол бағыт қоғамдық өмірде мемлекеттің ролін көтеруге, игілікті
мемлекет жасауға шақырды. Бұл мемлекет әлеуметтік таластарды бәсеңдетеді,
кедейленгендерге көмек береді. Оның негізгі идеясы плюралистік демократия
– қоғамның барлық жіктерінің мүддесімен санасу, олардың саяси өмірге
қатысуы, өкімет билігін бөлу, барлық өкіметтік органдарда демократиялық,
жариялылық жолмен шешім қабылдау.
Экономикалық саясат саласында неолиберализм аралас экономиканы, әр
түрлі меншік түрлерінің теңдігін қорғады. Нарықтық экономиканы мемлекет
бақылауында жүргізу дұрыс деп есептеді. Әлеуметтік саясатты, демократиялық
өзгерістерді жүргізуде мемлекеттің рөлі жоғары саналды[1].
Сонымен Қазақстан нарықтық экономикаға көшіп, оның механизмдерін
қалыптастырып, бәсекеліс кәсіпкерлік жағдайында өмір сүріп жатқан кезеңде
неолибералистік теорияны зерттеп-зерделеудің өзектілігі күмән туғызбайды.
Әсіресе, батысгермандықтардың әлеуметтік нарықтық шаруашылық идеясын ұсынып
қана қоймай, сонны іске асырудағы табандылығы, жеткен жетістіктері, жинаған
тәжірибелері жаңа шаруашылық жүргізу жүйесіне көшіп жатқан еліміз үшін
айрықша маңызды. Осындай жағдайларға ой жібергендіктен де осы курстық жұмыс
жазылып отыр.
Курстық жұмыс тақырыбы біршама деңгейде зерттелген. Әсіресе, Агапов
И.И., Афанасьев С.В., Гусейнов Р.М., Ламперт Х., Кенжебаев М., Зальцберг Л.
және т.б. ғалымдардың еңбектерінде бұл мәселе егжей-тегжейлі қарастырылған.
Біз осындай көтерілген жетекші ғылыми ойларды негізге ала отырып, тақырыпты
ашуға талпыныс жасадық.
Курстық жұмыстың мақсаты – неолиберализмнің бастау көздеріне, белді
өкілдеріне, мектептеріне шолу жасау, теориялық және практикалық
мәселелерін ой сүзгісінен өткізу және оның тиімді тұстарын Қазақстан
жағдайында қолдану мәселелерін қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мынадай
міндеттерді шешу көзделді:
– неолиберализмнің бастау көздеріне барлау;
– негізгі өкілдерін, мектептерін көрсетіп, пікірлерін саралау;
– батыс германдық әлеуметтік нарықтық шаруашылық жүргізу үлгісін
қарастыру;
– неолиберализмнің тиімді жақтарын Қазақстан жағдайында қолдану
мүмкіндіктеріне ой жүгірту.
Курстық жұмыс екі тараудан, кіріспеден, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Неолиберализм: бастау көздері мен әр түрлі мектептері

1.1. Неолибералдық теорияның бастаулары

Неолиберализм теориясының тамыры тым тереңде, А.Смиттің экономикалық
көзқарастарына барып тіреледі. Оның көрінбейтін қол принципі, адамның
экономикалық қызмет саласында жеке бастық мүдделерін іске асыруы қоғамдық
игілікке жол ашады. Неолиберализм өкілдерінің мемлекеттің экономикаға
араласпау талабының негізінде осы концепция жатты.
Жалпы неолибералистік доктрина жасау талпынысы екінші дүниежүзілік
соғысқа дейін-ақ қолға алынды. 1938 жылы Парижде халықаралық конференцияда
бұл мәселені американ экономисті Липпман көтерді. Оның сол 1938 жылы Еркін
қала деген кітабы жарық көрді, мұнда неолибералды идеялар баяндалды[2].
батыс Германияда бұл идея табысты қолданылып, мемлекеттік доктрина
мәртебесін алды (1948 жылдан бастап).
Неолиберализмнің алғашқы нұсқасы батысгерманиялық ордолиберализм
болды. Бұл концепция ХХ ғасырдың 30-жылдарында әйгілі неміс экономисті В.
Ойкеннің жетекшілігімен Германиядағы фрайбург мектебі қарқынды әзірлей
бастады. Концепцияның мәні оның атауында болды, яғни оны тәртіп
шеңберіндегі еркіндік деп аударуға болатын еді. Бұл идея ФРГ-да екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды. Тіпті ол осы елде шаруашылық
жүргізудің негізіне айналды. 60-жылдары ФРГ-да ордолиберализмнің біршама
өзгерген нұсқасы әлеуметтік нарықтық шаруашылық деген атау алды.
Экономиканың бұл үлгісі күні бүгінге дейін Германияның ресми экономикалық
саясаты күйінде қалып отыр.
Ордолиберализмнің бастапқы теориясы экономикалық құрылымның негізгі
екі типі туралы ілім болып табылады, оны ХХ ғасырдың басында-ақ көрнекті
неміс социологы М.Вебер көтерген еді. Бұл идеяны В.Ойкен Ұлттық экономика
негіздері (1940) деген басты кітабында дамытты. В.Ойкеннің пікірі бойынша,
экономикалық құрылыс – іс жүзінде жүзеге асырылатын шаруашылық формалардың
жиынтығы, осы арқылы күнделікті шаруашылық процестер жүріп жатады. Ол
экономикалық құрылыстың еңбір қарапайым екі негізгі типін бөліп алып,
адамзат баласына белгілі барлық шаруашылық түрлерін зерттеп білуге болады
деп санайды. Экономикалық құрылыстың осындай типтік немесе идеалды
типтері ретінде В.Ойкен орталық-басқарылатын экономиканы және қарым-
қатынас шаруашылығын (немесе нарықтық) атайды[3].
Неолиберализм кейнсианствомен бір мезгілде қалыптасты, бірақ одан
айырмашылығы капитализмнің бүкіл бәлесінің көзі жетілген бәсекелестіктің
болмауында, шаруашылық процестердің монополизациялануында екендігін көре
білді. Ол мұны нарықтық реттегіштердің қызметін бұзады деп есептеді.
В. Ойкен монополиялаудың заңды сипатын үзілді-кесілді жоққа шығарды.
Ол қоғамдық дамудың табиғи заңдылықтарын мойындамады.
Неолибералистік теорияның негізінде либерализмнің саяси философиясы
жатыр, оның кредосы – әйгілі laissez faire принципі, мұны әдетте
адамдардың нені істегісі келсе, сонны істеу құқығы, оларға экономикалық
қызмет пен сенімді ұстануда, мәдениетте, күнделікті тіршілікте және ойлауда
өзімен-өзі болуға құқық беру деп түсіндіруге болады. Еуропа өркениетінің
негізі болған индивидуализм неолибералистік бағыттың көрнекті өкілдерінің
бірі Ф. Хайектің пікірінше, бұл эгоистік немесе өзін өзі жақсы көрушілік
емес, бұл ең алдымен, әрбір адамға осы әлемде өз қабілетін ашу құқығына
абсолютті басымдық беру[4].
Саяси экономикадағы либералистік бағыт өкілдерінің пікірлері бойынша,
экономикалық қызмет саласындағы бостандық экономикалық өсудің басты және
қажетті шарты болып табылады. Мұнда экономикаға мемлекеттің араласуы жол
беруге болмайтын жағдай. Белгілі бір шамада неолиберализм этатизм
идеологиясына қарсы болды. Неолиберализмнің жақтаушылары өз атауларының
өзінде-ақ экономикалық еркіндік пен бәсеке принциптеріне берілгендіктерін
атап көрсетті.
Неолиберализмдегi кейнсшiлдiк бағытының негiзiн қалаушы ағылшын
экономисi Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Ол өзiнiң 1929-1933
жылдардағы ұлы дағдарыстан кейiн жазылған еңбекпен қамтудың, пайыз бен
ақшаның жалпы теориясы еңбегiнде шiрiген капитализм туралы лениндiк
теорияға қарсы нарықтық экономиканың дамуға қабiлеттiлiгiн, дағдарыстардың
өткiншiлiгiн дәлелдеп жазды. Кейнс мемлекет және құқық мәселелерiмен арнайы
айналыспағанымен, еркiн кәсiпкерлiк режимiнiң орнына экономиканы
мемлекеттiк реттеудi ұсынған оның бағдарламасы саяси практика мен заң
шығарушылыққа тiкелей әсер еттi. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Батыс
Европаның көптеген елдерiнде экономикадағы дағдарыстардың алдын алуға,
еңбекпен қамту мен тұтыну сұранысы деңгейiн көтеруге бағытталған реформалар
жүргiзiлдi. Бұл шаралардың жиынтығын Батыс Европа елдерiндегi коммунистiк
революцияларға қарсы қоя отырып, батыстағы кейнсшiл революция деп те
атайды.
Кейнстiң идеялары 50-60 жылдары кеңiнен таралды. Бұл идеялар
постиндустриалды қоғам (Дж. Гэлбрейт), экономикалық өсiм кезеңi (В.
Ростоу), игiлiктi мемлекет (Г. Мюрдаль) концепцияларында өзiнiң жалғасын
тапты.
Неолиберализм идеологиясына қарсы шығып, еркiн кәсiпкерлiктi жақтаған
қазiргi консерваторлар (Ф. фон Хайек, И. Кристол, М. Фридман) болды. Бұл
бағыттың әлеуметтiк негiзiн финанс олигархиясы, истеблишмент, ауқатты
фермерлер және шығармашыл интеллигенцияның бiр бөлiгi құрайды. Мемлекеттiң
экономикалық әрекетiн толығымен терiске шығармағанымен, олар жеке капиталға
қатысты мемлекеттiң араласуын шектеудi ұсынады. Экономикадағы мемлекеттiк
билiктiң рөлiн нарықты реттеумен ғана байланыстырады.
Қазіргі кездегі либералдарды концептуалдық ережелері емес,
әдістемелерінің ортақтығы біріктіретінін атап өткен жөн. Мысалы, саяси
экономиканың фрайбургтік мектебінің өкілдері әлеуметтік ар-ұят жаппай
жұмыссыздыққа төзуге тыйым салады деп есептейді. Мемлекеттік мүдде де осыны
қалайды. Егер миллиондаған адамдар жұмыссыз қалатын болса, онда бұл
экономикалық процестердің тиісінше реттелмегендігінің айқын көрінісі.
Алайда неолибералдар жекелеген адамның, фирманың, микродеңгейде
қабылданатын шешімдердің барысына ең алдымен назар аударады. Қоғамдық
дамуды неолибералдар эволюционизм позициясы тұрғысынан түсіндіреді.

1.2. Неолиберализм теориясы өкілдерінің

экономикалық көзқарастары

Жиырмасыншы ғасырда классикалық либериализмнің өркендеу бастауында
әйгілі экономист және философ Л.Мизес (1881-1973) тұрды. Ол Нью-Йорк
университетінде экономика теориясынан курс жүргізген.
Мизестің пікірінше, жеке меншік өркениет пен материалдық игіліктің
қажетті алғышарты болып табылады, ал оның әлеуметтік функциясы ресурстарды
оңтайлы пайдалануға жағдай жасайды және тұтынушылардың тәуелсіздігін
қамтамасыз етеді. Мизестің көзқарасы тұрғысынан қарасақ, тек жеке меншік
қана тиімді экономикалық қызметтің негізі болып табылады, өйткені ол
тудыратын индивидуалистік ынталандыру ресурстарды барынша пайдалануды
қамтамасыз етеді.
Мизес нарықтық емес жүйелерді, атап айтқанда социалистік жүйені
зерттеу отырып, социализмнің логиалық және іс жүзінде мүмкін еместігі
туралы тұжырым жасайды. Оның ойынша, социалистік құрылымды орнату тиімді
экономиканы жою болып табылады. Бұл көзқарасын ол Социализм (1936ж.)
деген еңбегінде таратып береді.
Мизес мемлекеттің ролін күшейту міндетті түрде бюрократияға алып
келетініне назар аудартты. Сол сияқты бюрократияның жемқорлықты өршітіп,
қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендету салдарларымен бірге адамдардың
белгілі бір типінің пайда болатынын да атап көрсетті. Мұнда адамдардың
жасампаздыққа ұмтылмай, жаңа идея ұсынушылардың шеттетілу процесі жүреді
деп сақтандырды.
Аралас экономика термині бір тектес пайымдауға келмейді. Оның
алғашқы және ең кең таралған пайымдауы экономиканың әр түрлі секторларының
(жеке меншік және мемлекеттік) үйлесуіне және меншік формаларының әр
түрлілігіне негізделеді. Екінші позиция кейнсиандықтан бастау алып, алғашқы
кезекке нарық (нарық механизмі) пен мемлекеттік реттеудің үйлестірілу
мәселесін қояды. Үшінші позиция әр түрлі әлеуметтік ағымдардан туындап,
капитал (жеке кәсіпкерлік) мен жұмыстанудың (қоғамдық, әлеуметтік
кепілдіктердің) үйлесуіне негізделді. Және тағы бір өркениеттік бағыттан
туындайтын позиция қазіргі қоғам құрылымдағы экономикалық және экономикалық
емес бастаулар ара қатынасы мәселесіне бағытталады.
Аралас экономиканың аталған пайымдалуы қазіргі жағдайда бір-біріне
қайшы келмейді: олар тек қазіргі дамыған экономика типінің формалық
қалыптасуындағы бірнеше жолдарды және олардың бірлігін сипаттайды. Аралас
экономиканың параметрлері салыстырмалы дербестігімен ерекшеленеді. Алайда
әр түрлі елдер жағдайында қандай да бір параметрдің немесе параметрлердің
қандай да бір таптарының басымдылығы көрініс табуы мүмкін.
Мизестің пікірінше, тек еркін нарық қана демократиялық принциптерге
сәйкес келеді. Екінші жағынан нарықтық жүйе экономикалық өсімнің жоғары
қарқынына мүмкінідк береді. Сөйтіп, елдің әл-ауқатының жоғары деңгейге
жетуі қамтамасыз етіледі.
Мизес идеясының дамуын оның шәкірті және жолын қуушы Ф. Хайектің
ұсынған ойларынан көреміз.
Фридрих фон Хайек неолибералдық бағыттың жолын ұстана отырып,
нарықтық экономиканың жақтаушылардың бірі бола білді. Ол өз өмірінің соңына
дейін экономикалық либерализм идеясына адал болды. Алайда ол нарықты
адамзаттың ойлап тапқан нәрсесі емес, өздігінен туған экономикалық тәртіп
ретінде қарайды. Мұндайда Хайек нарық пен шаруашылық түсініктерін нақты
айырады. Оның ойынша, шаруашылық Біреудің ресурстарды белгілі бір мақсатқа
сәйкес орналастыруы. Бұл бүкіл экономикалық қызметті бірыңғай жоспар
бйоынша жүзеге асыруды көздейді[5]
Хайектің ойы бойынша, нарық мүлдем басқаша қызмет етеді. Ол ең алдымен
маңыздырақты, содан кейін одан гөрі маңызы төмендеуді кезекпен
қанағаттандыруға кепілдік бермейді. ешкім де сұраныс пен мүмкіндікті
білмейді, бірақ әркім еркін айырбас жасай отырып, өз мақсаты мен
мүмкіндіктері туралы хабарлай алады және басқалардың да осы мақсатты іске
асыруға дайындығы туралы ақпаратты ала алады.
Хайек бойынша, өздігінен пайда болған экономикалық тәртіптің
артықшылықтары бар. Ең алдымен, онда қоғамның барлық мүшесінің білімі
пайдаланылады. Осы білімді тарату нарықтың маңызды қызметі болып табылады.
Оның пікірінше, баға механизмі қарым-қатынас эасаудың бірегей тәсілі.
Бағалар басқа адамды шешім қабылдауға ынталандыратын сигнальдар ролін
атқарады. Бағалар арқылы жоспарларға өзара үйлесу жүзеге асады, сондықтан
да баға механизмі нарықтық тәртіптің маңызды жағы.
Сол секілді Хайек бәсекелестік механизміне айрықша назар аударды.
Кейнстік бағыт шеңберінде бәсеке жетілмеген және экономикалық жүйенің тепе-
теңдігіне жетудің шығынды механизмі ретінде қарастырылса, ал неоклассикалық
бағыт шеңберінде – ресурстарды жылдам және оңтайлы бөлу тәсілі. Бәсеке
кәсіпкерді жоғары пайда алу үшін жаңа өнімдер шығаруға, шикізаттың жаңа
көздерін қарастыруға, жаңа өндірістік тәсілдер іздестіруге итермелейді. Бұл
өз кезегінде экономикалық жүйенің динамикалық дамуын қамтамасыз етеді.
Хайек өз iлiмiнде нарықты мемлекеттiк реттеудiң кез-келген формасын
сынай отырып, Кейнстiң теориясына да, социализм iлiмiне де қарсы шығады.
Жалпы игiлiк үшiн меншiктi әлеуметтендiру, оның пiкiрiнше, индивидуалдық
еркiндiктi басып-жаншып, тоталитарлық режимдi орнатады. Қазiргi плюралистiк
қоғамға құқық үстемдiк ететiн мемлекет қана сәйкес келедi. Құқықтық
мемлекет жеке құқықтың жалпы құқықтан, тiптi конституциядан да үстемдiгiн
бiлдiредi, өйткенi жеке меншiк еркiндiктiң басты кепiлi болып табылады.
Хайектiң шығармалары 60-70 жылдары АҚШ-та, Англияда және өзге елдерде билiк
басына келген консерваторлар толқыны кезiнде кеңiнен таралды.
Консерваторлар оның идеяларын экономикада, мемлекеттiк сектордың үлесiн
азайту бағдарламаларында, сондай-ақ антикоммунистiк насихатқа көп қолданды.
Неолибералдық теорияны әзірлеуде Вальтер Ойкеннің (1891-1950) үлесі
зор. Ол экономикалық құрылыс (тәртіп) типтері туралы концепцияны жасаушы.
Ойкеннің ойынша, экономикалық құрылыс іс жүзінде жүзеге асырылған
шаруашылық нысандардың жиынтығы. Ол күнделікті шаруашылық процесс арқылы
жүреді[6].
Ойкен бәсеке құрылымының негізгі принциптерін жасады. Ол оның нақты
жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі тиіс болды. Бұл: 1) жеке меншікке қол
сұқпаушылық (оның барлық түріне); 2) ақша айналысы мен ұлттық валютаның
тұрақтылығы; 3) барлық нарықтың ашық болуы; 4) барлық мәмілелер мен
келісімдердің еркіндігі (монополияға әкелетіннен басқасы); 5) шаруашылық
бірліктер әрекетіне жауап беретіндерге материалдық жаапкершілікті жүктеу;
6) мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақтылығы және болжанатыны. Бұл
ретте ордолибериализм жақтаушылары институционалдық реттеуді (дәстүр мен
заңдар арқылы) шаруашылық процестердің циклділігімен күрестің жақсы құралы
деп санады. Мұндайда мемлекеттің экономикаға ықпал етуіне сыртқы
факторлардың әсері болған кезде (апат, саясат және т.б.) жол берілді.

1.3. Батыс германиялық неолиберализм теориясы

Батыс германиялық неолиберализмнің іргелі идеялары германияның жаңа
тарихм мектебі өкілдерінің – Л.Брентаноның, К. Бюхердің, В.Зомбартаның, Г.
Шмоллердің еңбектерінде негізделген. Оларға әлеуметтік-экономикалық дамуды
біртіндеп эволюциялық даму ретінде тұжымыдау, экономикалық тарих
факторларын ескеру, нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеу қажеттігін
түсіну тән болды.
Батыс германиялық неолиберализм әлеуметтік нарықтық шаруашылықтың
еуропалық және әлемдік экономикалық-саяси ойы тарихындағы маңызды буын және
теориялық негіз болды. Ол екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін
алғашқы он жылдықта түпкілікті қалыптасты. Оның экономикадағы либералдық
тәртіп деген негізгі принципі соғыста күйреген шаруашылықты жылдам қалпына
келтіруге және одан әрі дамуға мүмкіндік берді.
Ғылыми методология тұрғысынан алғанда германиялық неолиберализмге
мыналар тән. Біріншіден, шаруашылық тіршілік құбылыстарыфна
макроэкономикалық позциядан қарау басым болды. Екіншіден, мемлекетің
экономикаға араласу қажеттілігін негіздеу. Мұнда мемлекет бәсекені, бағаны
түзуге және кірістерді бөлуге ғана араласты. Үшіншіден, либерал-
неоклассиктерден ерекшелігі неолибералдар сапалық өлшемдерді зерттеуді
басты орынға қойды.

1.4. Неолиберализмнің Чикаго мектебі

АҚШ-та кейнсианствоға балама ретінде неолиберализмнің Чикаго мектебі
болды. Ол 20-жылдардың өзінде Чикаго университеті қабырғасында монетарлық
идея ретінде туған еді. Алайда ол дербес бағыт ретінде 50-60 жылдарда ғана
белгілі болды. Бұның әйгілі болуына М.Фридманның жарияланымдарының әсері
мол болды. Олар негізінен ақша факторына баса мән берді.
Монетаризм - экономикалық концепция, бұл макроэкономикалық талдаудың
негізгі құралы ретінде, айналымдағы ақшаны қарастырады.
Монетаризм 20 ғ. 50-ші жылдарында пайда болды, ал терминнің өзі
К.Бруннердің "Ақшаның монетарлық саясаттағы ролі" деген еңбегінде алғаш рет
пайда болды.
Осы бағыттың туынды бастаушысы - Гервинг Фишер. Монетаризмнің кең
ауқымды таратылуы 70 жылдарды қамтиды. Батыста қазіргі заманның
монетаризм лидері - М.Фридмэн (АҚШ - Чикаго мектебі).
Қысқаша айтқанда, монетаризм мәні екі түрлі тезиске саяды.
1. Ақша экономикада басты рольді ойнайды;
2. Орталық банк ақша ұсынысына, яғни айналымдағы ақша санына әсер ете
алады.
Монетаризм ақшаның сандық теориясына негізделеді, оның түбірі XVII
ғасырға дейін барады. Содан кейін бұл теория Рикардоның, Кантильонның,
Маршаллдың және т.б, еңбектерінде дамыған. Ақшаның сандық теориясы
ауқымында, ақша сұранысын И.Фишердің теңдігімен (моделімен) сәйкес
анықтаған.
Монетаризм - бұл ақша және оның ұдайы өндіріс үрдісіндегі ролі жайлы
ғылым. Бұл несие-ақша құралдары көмегімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неолиберализм: бастау көздері мен әр түрлі мектептері
Жаңашыл буржуазиялық саяси теориялар мен идеологиялар.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері және оның қалыптасуындағы көзқарастар
Саяси идеологиялар
Идея және идеология ұғымдарының мәні
Қазіргі нарық теориялары және оның даму тарихы
Саяси иделогия ұғымы
Батыс Европа және АҚШ - тағы саяси - құқықтық iлiмдер
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы
Құн заңы - тауар өндірісінің заңы
Пәндер