Наполоенның билікке ұмтылуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1-тарау. Наполоенның билікке ұмтылуы 4
1.1 Термидорлық Конвенттің соғыстары 4
1.2 Египет пен Сирияға жорық. 6
1.3 1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс 7
2-тарау. ХVІІІ ғасырдың басындағы халықаралық қарым-қатынас 11
2.1 Императорлық Франция 11
2.2 ХVІІІ ғасырдың басындағы халықаралық қарым-қатынастың бағыттары 12
2.3 Империяның жаулап алу соғыстары және оның күйреуі 15
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 23

Кіріспе

Тарих – халық зердесі. Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын,
өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып
қалады да, бірінікі "Уақыт" деген қайырымсыз алыптың аяғының астында
тапталып ғасырлар тұңғиығына батып кетеді.
Ал біздер қалам тартып отырған Францияның кезеңі бүгіндері француздар
аңсап еске алатын, ардақтайтын кезеңі деп айтуымызға болатын кезең. Бұл
кезеңде тарихтың желкеніне өзінің атын жазып, мәңгілікке құлаш ұрған
Наполеон Бонапарттың билік еткені бәрімізге мәлім. Бонапартты біреулер
диктатор, енді біреулері антихрист атандырса, француздар үшін әлемді
жаулауға талпыныс жасаған, әрі бүкіл Европаны өз солдаттарының табанына
таптатқан Наполеон Бонапарт ұлт мақтанышы деуге болады. Оның өз мемлекеті
үшін сіңірген еңбегі де ұшан теңіз десек жаңылыса қоймаймыз. Наполеон
тұлғасы атақты Шыңғыс хан, Әмір Темір, Александр Македонский, Юлий Цезарь
тәрізді әлемді жалғыз адам билеу керек деп ойлаған, саналы өмірлерін осы
идея үшін сарп еткен тарихи тұлғалармен иық тіресіп тең тұрғанын байқаймыз.

1793 жылғы төңкерісте өзін таныта алған Бонопарт халықтың алдында
беделі күшейіп өзі генерал атағын алды. Ал 1799 жылы буржуазияның көмегіне
арқа сүйей отырып сыбайлас жемқорлықтан іріп-шіріген Директорияны қуып
шығып өзі билік басына келді.
Бонопарттың маңызды әрі дұрыс саясатының бірі ол революцияның жеңіп
алған мүдделерін сақтап қалуы болып табылады. Ол өмірінің соңында Әулие
Елена аралында ағылшындардың тұтқыны болған кезінде өзіне біткен
турашылдықпен және қысқа да нұсқа былай деген болатын: Мен революция
мүдделерін сақтап қалдым. Бұл менің күшімнің арқауы болды. Мен мүдделерді
сақтап қалып және теорияны аластаттым.
Осы бір адамның ғажайып тағдыры туралы талай роман, өлең-жырлар
жазылып, ғылыми зерттеулер жүргізілген.
Бұл курстық жұмысты жазу барысында Е.В. Тарленің, А.З.Манфредтің, Н.А.
Левицкийдің атақты француз жазушысы Стендальдің Наполеон Бонопарттың өмірі
туралы жазған кітаптарын қарап шықтым[1]. Сонымен қатар бұрын өзім оқыған
Л.Н. Толстойдың Соғыс және бейбітшілік эпопеясындағы Наполеонның
суреттелуіне де назар аудардым[2]. Францияның осы бір кезеңдегі тарихының
әсері көршілес жатқан Ресейге мол болғаны бізге мәлім, сондықтан бұл
жайындағы кітаптар ұшан теңіз десе де болады. Әрине, көбінесе Наполоенды
бір жақты етіп көрсетуге тырысқан әдебиеттер де аз емес, дегенмен жоғарыда
біз атаған классикалық туындылардың өзі де Наполеон бейнесінің сонау
кеңестік дәуірде де сомдалғанын байқаймыз.
Курстық жұмыстың мақсаты осы өр тұлғалы Наполеон билік құрған
кезеңдегі халықаралық қарым-қатынас тарихын пайымдау болып табылады.

1-тарау. Наполоенның билікке ұмтылуы

1.1 Термидорлық Конвенттің соғыстары

1795 жылы әскерлері шабуыл жасап келген Франция Пруссиямен бітім
жасасты. Бұл бітім бойынша Франция революция кезінде армияның қолы жеткен
жеңістерінің жемісіне ие болды. Рейннің сол жақ жағалауындағы француз
әскерлері басып алған жерлер Францияда қалды. Солай болғанымен Пруссиямен
бітім шарты жасалғаннан кейін де Австрияға, Англияға қарсы соғыс тоқталған
жоқ. Бұл соғыста жас генерал Бонапарт ерекше көзге түсті.
Наполеон Бонапарт 1769 жылы Корсика аралында туды, бұл арал Наполеон
туардан үш ай ғана бұрын Францияның қарамағына көшкен болатын.
Наполеонның әкесі адвокат, кедейленген дворян еді, ол баласын
Францияда оқытпақ болды. Наполеон Бриенна дейтін шағын қаладағы әскери
училищеде оқиды. Тұйық, икемсіз, француз тілін жөнді білмейтін кішкентай
Наполеонға жолдастарының назары ауды. Оның корсиканша бұрмалап сөйлеуіне
күліп, жолдастары оны мазақтайтын еді. Он бес жасқа келгенде ол Париждегі
әскери училищеге ауысып, оны үздік бітірді. Әсіресе математикадан, тарихтан
ерекше жақсы білім алды. Жас Бонапарт баллистика жөнінде, яғни оқтың ұшу
заңдары жөнінде, арнаулы еңбек жазды.
1785 ж. октябрьде артиллерия кіші лейтенанты шенінде әскер қатарына
жіберілді. Француз ағартушыларының озық идеялары рухында тәрбиеленген
Наполеон I Ұлы француз революциясын үміттене қарсы алды. 1792 ж.
Якобиншілдер клубына енді.
1793 жылы Тулонды қоршауға алған кезде, Бонапарт артиллерияны өзі
жасаған схема бойынша орналастырып қойды. Атыс сәтті болып шықты, ағылшын
интервенттері талқандалып, Тулон алынды. Монархист бүлікшілер мен ағылшын
интервенттерінен Тулонды азат ету жоспарын жасағаны үшін 24 жастағы капитан
Бонапартқа Конвент бригада генералы атағын берді. 1795 жылы Бонапарт
артиллериядан шүйілте оқ жаудырып, Парижде бүлік шығарған монархистерді
талқандады. 1795 ж. Париждегі монархистер бүлігін басуда тапқырлық
көрсетіп, көп ұзамай Париж гарнизонының қолбасшысы болып тағайындалды.
Осыдан кейін Бонапарт австриялықтарға қарсы жорық жасамақ болған армияның
бас қолбасшысы болып тағайындалып 1796 ж. Солтүстік Италияға жіберілді.
Бонапарт аса зор, алысқа сілтейтін жоспарды ойлап тапты. Ол бүкіл
Европа мен Шығысты француз буржуазиясына жаулап алып беру үшін Италияны
плацдарм жасауға ұйғарды да жоспарды іске асыруды қолға алды.
Жорыққа аттанар алдында, Бонапарт солдаттарға Италияны сендердің
тонауыңа берем деп уәде етті. Солдаттар! — деп жазды Бонапарт өзінің
бұйрығында,— сендердің киім-кешектерің жұпыны, аш құрсақ жүрсіңдер. Мен
сендерді дүниедегі ең шұрайлы бай елдерге алып барамын. Сонымен бірге
Бонапарт екінші бір бұйрығында: мен Италияға, оның халқын австриялықтардан
азат ету үшін және оларды феодалдық үкіметтердің езгісінен құтқару үшін
бара жатырмын деп жалған айтты.
Бонапарттың әскерлері Италия жеріне екпіндей баса-көктеп кірді.
Австриялықтар жеңілген үстіне жеңіле берді. Генерал Бонапарт Италия жеріне
аттап басқаннан-ақ оның Италия халқын азат ету үшін соғыспақшымын деген
сөзінің жалғандығы барша жұртқа айқын болды. Австрия үстемдігінің орнына
Франция үстемдігі орнады. Әділетсіз және жаулап алу соғысын жүргізген
Бонапарт итальяндарды талан-таражға салып тонады. Италиядағы халық
қозғалысын аяусыз талқандады.
Бонапарт Австрия шекарасына өтті, сөйтіп ол өзіне қарсы жіберілген
Австрия әскерлерін талқандап, Венаға дейін жетті. 1797 жылы Австриямен
жасасқан бітім бойынша Рейннің сол жақ жағалауы Францияда қалды. Италия
кішігірім деп аталған бірнеше республикаларға бөлінгенімен, іс жүзінде
олар Францияға тәуелді болды. Швейцария мен Голландия да Францияға тәуелді
республикалар болып саналды. Бірақ Англияға ешкімнің тісі батпады.
Қалай дегенмен де 1796—97 жылдардағы Италиядағы науқан, Кампоформия
бітімі (1797) Наполеон Бонапарттың әскери дарындылығымен қатар оның
соғыстың әлеуметтік мәнін жете білетіндігін, дипломаттық алғырлығын
танытты.

1.2 Египет пен Сирияға жорық.

Француз буржуазиясы Англияның неғұрлым осал жеріне соққы бере отырып,
онымен айқасуға бел байлады. Бонапарт Үндістанға жорық жасауды ұсынды,
ондағы ойы Англиядан ағылшын тәжінің асыл меруерті болып тұрған
Үндістанды тартып алу болды (1763 жылдан кейін Үндістанда Францияға тиесілі
аз ғана иелік қалған болатын). Жорықты Египетті жаулап алудан бастауды
ұйғарылды. Египетке кім ие болса, Үндістанға да сол ие болады, — деді
Бонапарт. Бонапарт 1798 жылы майда 30 мың адамы бар армиясымен және
артиллериясымен 350 кемеге отырып, Египетке қарай жүріп кетті.
Түрік сұлтанына тәуелді болған Египет пен Сирияға жасалған жорық сәтті
болмады. Арабтар мен копталар (Египеттің ежелгі халқының ұрпағы) жан ұшыра
қарсылық көрсетті. Осы қарсылық көрсетудің жазасы ретінде Яффаның бүкіл
халқын Наполеонның бұйрығы бойынша түк қалдырмай қырып салды. Яффаның
түбінде тұтқынға алынған төрт мың түрік солдатын теңіз жағасына айдап
апарып, бәрін де атып өлтіруге бұйрық берді. Үздіксіз жүргізілген
ұрыстардан, қатты ыстықтан, оба ауруынан Бонапарт армиясы әлсіреді.
Франциямен байланыс үзілді. Ағылшындар Абукир түбінде болған шайқаста
француз флотын қирата жеңіп, француз армиясының Египетке мініп өткен флотын
жойып жіберді.
Осы кезде Наполеон, Суворов бастаған орыс әскерлері Италияда
француздарды қирата жеңді деген хабар алды. Франция үкіметінің өз ел
ішіндегі жағдайы да жақсы емес деген хабарлар келді. Осыдан кейін Наполеон
өзінің армиясын Египетке қалдырып, Директория армиясының жеңілісі мен А.В.
Суворовтың жеңісін сылтауратып, Египетті қоршап тұрған ағылшын кемелерінің
тізбегін әрең дегенде бұзып өтіп, 1799 жылдың октябрінде Францияға оралды.
Италияда атақты А.В. Суворов басқарған орыс-австрия әскерлері
Наполеонның жеңіп алған жерлерін қайтарып, тіпті Францияға қауіп төндірді.
13 октябрде (21 вандемьерде) 1799 ж. Директория Бесжүздік кеңесті
генерал Бонапарт Францияға қайта оралып Фрежюс маңында кемеден түсті деп
хабардар етті. Бұл хабарды естіген депутаттар ду қол шапалақтап тұрып алды,
мәжіліс үзіліп, бұл хабарды көшеге шыққан депутаттар бүкіл Париж халқына
жайды. Театрларда, салондарда, Париж көшелерінде Бонопарт есімі қайта-қайта
айтылып жатты.
16 октябрьде (24 вандемьерде) генерал Бонапарт Парижге табан тіреді.
Директорияға көп болса үш аптадай әлі де билік етуге болатындай уақыт
қалды. Бірақ Баррас та, директориалдық режим әлі де болса әскери
диктатураның күні келгенін байқамаған еді.
Бонопарттың Францияда Фрежюстен Парижге дейін жүріп өткені оның
тұлғасынан халық құтқарушының бейнесін көргендей болғанын анық байқатты.

1.3 1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс

Бұл кезде арам ниетті жылпос саудагерлер мен қазына ұрлаушылар билеп-
төстеген француз буржуазиялық үкіметі буржуазия арасында беделден жұрдай
болған еді. Буржуазия болат қолын батырып, монархистерді де, якобиншілдерді
де тұншықтыра алатын, феодалдық коалиция мен Англияға қарсы соғысты
ойдағыдай жүргізе алатын күшті өкімет орнының болуын талап етті.
Буржуазияға үміт семсері керек болды. Буржуазияның назары Бонапартқа ауды
да, Бонапарт төңкеріс жасауды мақұл көрді. Париж банкирлері оны ақшамен
қамтамасыз етті.
1799 жылы 18 брюмерде Директория мүшелерін отставкаға кетуге мәжбүр
етті. Келесі күні ол Заң шығару корпусын өзіне сенімді әскерлермен қоршап
алды. Депутаттарға өкімет билігін Бонапарт бастаған үш консулға беру
жөнінде талап қойылды. Бес жүздік Кеңесі өздерінің мәжілісін басқа қалада
өткізуге құқығы бар болатын. Осыны сылтау етін, Наполеон Люсьен деген
інісінің сол кеңестің төрағасы болып тұрғанын пайдаланды да, Сен Клу
сарайында мәжілісін өткізді. Жанындағы төрт гренадермен бес жүздіктер
Кеңесінің мәжілісіне кірді, депутаттар оған қарсылық көрсетіп, айқайлай
бастады. Наполеон күтпеген реакциядан есінен танып, құлады. Бірақ жағдайдың
бәрін Люсьен өз қолына алды да, дұрыстап жіберді, ол Наполеонның әскерлерін
залға шақырды, сөйтіп олар қару қолданып, Бес жүздік Кеңесті таратты.
Кеште 62 депутатты депутаттық корпустан шығарды.
1799 ж. 9 қарашадағы мемлекеттік төңкерістен кейін барлық билік үш
консулдың қолына өтті, бірақ іс жүзінде бірінші консул — Бонапарттың
қолында болды. Наполеон Бонапарт бірінші консул болып алғаннан кейін, жеке
өзі билік жүргізгісі келіп, өзінің билігін заңдастыруға асықты. Жаңа
конституция қабылданды. Үш миллионға таяу француздар оны қолдап дауыс
берсе, тек бір жарым мыңы қарсы болды. Конституция бойынша Франция
республика болып қалды, бірақ барлық билік бірінші консулдың қолына
шоғырланды. Конституцияға сәйкес бірінші консул бас әскер қолбасшысы болды,
заң шығаратын өкімет органдарының барлық мүшелерін тағайындады. Жергілікті
өзін-өзі басқару жойылды. Департаменттерді басқару үшін үкімет префект-
шенеуніктерін тағайындай бастады. Қала ішіндегі билік халық сайламайтын,
жоғарыдан тағайындалған мэрдің (қала өкімі) қолында болды. Бүкіл Францияны
қатаң орталықтанған әкімшілік жүйе биледі. Ең күшті мекеме полиция болды.
Оны бұрынғы якобшіл Жозеф Фуше басқарды.
Сөйтіп, 1799 жылы өкімет билігі ірі буржуазия қойған адамның —
Бонапарттың қолына көшті, ол армияға арқа сүйеп, ірі буржуазияның мүддесін
қорғайтын әскери диктатура орнатты.
Француз шаруаларының меншік иесі болып табылатын бөлігі, феодалдық
коалицияға қарсы соғыста атағы жеңіспен әйгілі болған Бонапарт, Францияны
сыртқы жаулар мен эмигранттардан қорғайды және революция кезінде қолға
тиген жерді иемденуді қорғай алады деп үміттенді.
Наполеон билік басына келген тұста Франция Австрия және Англиямен
соғыс жағдайында болатын. Жаңа Конституция бойынша заң шығару билігі
Мемлекеттік кеңес, Трибунат, Заң шығарушы корпус және Сенат араларында
бөлінген еді, сондықтан бұл қолайсыз әрі жағдайға тез бейімделе алмайтындай
болатын. Ал Атқарушы билік бірінші консул, яғни Н. Бонопарттың қолына
шоғырланған еді, ал екінші және үшінші консулдар тек қана мәжілістік
дауысқа ие еді.
Жаңа саяси режимді 1799 жылғы Конституция бекітті. Бірінші консул
болып Наполеон тағайындалды, 1802 жылы Францияда өткен плебисцитте халық
оны өмір бойы консул етіп сайлады. Наполеонның абыройы Францияда өте жоғары
еді. Ол халықтың революциядан бастап он жыл бойы көрген өзгерістерден
шаршағанын түсінді.
Наполеон құрған мемлекеттік аппарат Францияда бір ғасыр бойы сақталды.
Бұл аппараттың негізгі принципі мемлекеттік аппаратты бір орталыққа
бағындыру. Наполеон Францияның әскеріне де көп ықыласын салды. Тәртіп
тірегі император ең жақсы көретін гвардиясы ветерандардан тұратын. Жарты
миллион қызметкер, жарты миллион солдат осы қорқынышты организм, бүкіл
Франция қоғамының денесін құшақтан, оны буындырып, оның бүкіл саңылауын
бітеп тастады. Әскерге тек дворяндар ғана емес, басқа топтардың өкілдері де
алынды, Наполеон солдаттарға жақсы жалақы төлегені үшін шаруалардың да
әскерге барғысы келді. Басқарудың бәрі бір орталыққа бағынды,
департаменттер округтерге және коммуналарға бөлінетін. Оларды префект,
супрефект және мэр басқарды. Наполеонның басқару әдістері сыртынан
демократиялық сияқты көрінеді, ал негізінде ол мықты диктатура режимі.
Француздар Он алтыншы Людовикті, оның Мария Антуанетта деген әйелін
гильотинаға жіберіп, өмірінен айырса, Наполеон өзін император деп жариялады
да, Мария Антуанеттаның Мария Луиза деген жиеніне үйленді.
Наполеон Бонапарттың ішкі саясат саласындағы шаралары Наполеон
үкіметінің буржуазия үстемдігін нығайтқанын толық айқындап берді.
Наполеон кезінде кіргізілген мемлекет басқару ісіндегі жаңалықтар күні
бүгінге дейін сақталып қалды. Сол кезеңнен бастап орта мектептер жүйесі –
лицейлер мен жоғарғы оқу орындары – Нормальдық және Политехникалық
мектептер (университеттер деуге болады) құрылды, олар бүгінгі таңдағы
Францияда ең көрнекті оқу орындары болып қалып отыр. Наполеон кезінде өте
қуатты полицияның және көп тармақты құпия қызметтің негізі қаланды.
Төңкерістен кейін көп ұзамай-ақ генерал Бонапарт жаңа конституцияның
тексін өзі айтып жаздырды.

2-тарау. ХVІІІ ғасырдың басындағы халықаралық қарым-қатынас

2.1 Императорлық Франция

Барлық билікті қолына алған бірінші консул өзін-өзі мәңгі консул деп,
ал 1804 жылдан бастап француздардың императоры деп жариялады. Францияда
іс жүзінде тағы да монархия қайта орнады, бірақ енді ол феодалдық монархия
емес, буржуазия билігін жүргізетін буржуазиялық монархия болды.
Наполеон Рим папасымен конкордат (келісім) жасады. Бұл конкордат
бойынша католик шіркеуі Наполеон үкіметін қолдауға міндетті болды,
шіркеулерде: О тәңірім, консулдарға (1804 жылдан бастап — императорға)
амандық бере гөр дейтін ерекше дұға оқылатын болды. Менің жандармдарым
мен дін басыларымның арқасында қолымнан бәрі де келеді, — деп мәлімдеді
Наполеон.
Эмигрант дворяндарға амнистия (кешірім) берілді, олардың Францияға
қайтуына рұқсат етілді, оларға сатылып кетпеген жер иеліктері қайтарылды,
бірақ оларға өкімет тарапынан бақылау қойылды. Аман қалған якобиншілдерді
қатал қуғынға салды, оларды тұтқынға алды, Франциядан басқа жаққа жер
аударды.
Өз басқаруының алғашқы қадамынан бастап-ақ Наполеон буржуазияның
мүддесін көздеп, өнеркәсіпті барынша қолдады. Ұлттық өнеркәсіпті
мадақтайтын қоғам құрылды. Бұл қоғамның ең ірі жарнашылары Бонапарттың
өзі, оның чиновниктері мен генералдары болды. Өнеркәсіп көрмелері ашылып
тұрды. Француз өнеркәсібінің дамуының Англиямен күресте маңызы зор болды.
1804 жылғы француздық азаматтық кодекс (Наполеон кодексі).
1804 жылы Азаматтық кодексті құрастыру аяқталды. Азаматтық кодекс
заңдардың жүйелі жинағы болды, мұның ең негізгі міндеті буржуазияның өз
меншігін пайдалануды қамтамасыз ету болды.
Кодекс жобасын дайындаумен айналысқан комиссияның құрамына Тронше,
Порталис, Малльвиль, Биго-Преамке сияқты Францияның ұлы заңгерлері енді.
Жоба төрт айдың ішінде жасалды. 1804 жылғы 21 наурыздағы заң барлық 36
титулды (тарауларды) біртұтас Азаматтық Кодекстің құрамына біріктірді. 1807
жылдан бастап ол Наполеон Кодексі деп аталды. Бұл акт 1789 жылғы “Адам және
азамат құқықтары декларациясында” бекітілген келесі азаматтық-құқықтық
қағидаларды одан әрі дамытқан: заңды теңдік, заңдылық, құқықтар мен
бостандықтардың тұтастығы. Кодекстің құрылымына рим құқығы әсер еткен. Ол
институциялық жүйе бойынша құрастырылған.
Бұл заңдар Францияда, сондай-ақ басқа да елдерде осы күнге дейін
қолданылып келеді.
Кодекс революция кезінде алынған меншікті жаңа иелерінің меншігі етіп
бекітті және барлық азаматтың заң алдында теңдігін жариялады. Алайда 1802
жылдың өзінде-ақ Наполеон француз отарларында якобиншілдер жойған құлдықты
қайта орнатты.
Жаулап алынған көптеген елдерде ішкі межелер мен кедендік алымдар
жойылды, бірқатар мемлекеттерде конституция енгізілді, өнеркәсіп пен сауда
дамыды.

2.2 ХVІІІ ғасырдың басындағы халықаралық қарым-қатынастың бағыттары

Халықаралық қарым-қатынастағы ХVІІІ ғасырдың алғашқы 15 жылы
наполеондық Франциямен күресу мақсатында жасалды. Наполеон соғыстары мен
дипломатьиясының негізгі идеялары мыналар болатын:
Еуропаны күштеп біріктіре отырып бір деңгейлестендіру;
Конфедерациялық негізде біріккен Еуропаның біртұтас заңдары, әсері
және ақша жүйесі болуы қажет;
Республикалық басқару жүйесіне көшкен әрі Францияға оң қабақ танытатын
саттеллит-мемлекеттермен қоршалған Ұлы Францияны сомдап соғу.
Сонымен наполеондық соғыстардың негізгі себебі – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық жүйелер
Саяси психологияның интеллектуалды тапсырмалары
Социализм теориясын нақтылау
Пәндік әдістемелік бірлестік. Ситуативті талдауды пайдалану негіздері
ХІХ- Ғасыр философиясы
Түркеш және қарлұқ қағанаттары
Демократиялық ұйым формаларының тарихы
Саяси әлеуметтендіру мәні, факторлары, кезеңдері, нәтижелері
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.)
Саяси биліктің мәні мен негізгі міндеттері
Пәндер