НЕОКОНСЕРВАТИЗМНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСТАРЛАРЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1-ТАРАУ. НЕОКОНСЕРВАТИЗМ: ПАЙДА БОЛУЫ, МӘНІ 6
ЖӘНЕ БАРЫСЫ 6
1.1. Неоконсерватистік идеялардың туу арналары 6
1.2. Ұлыбританияда неоконсерватистік идеяның пайда болуы (тэтчеризм) 10
2-ТАРАУ. НЕОКОНСЕРВАТИЗМНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСТАРЛАРЫ 13
2.1. Нарықтың шаруашылық жүргізуді әлеуметтендіру жайы 13
2.2. Рейганомика: АҚШ экономикасын тығырықтан шығару қадамы 15
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Консерватизм қоғамға, мемлекеттік-саяси жүйеге
қатысты жан-жақты идеялардың, концепциялардың, әлеуметтік-философиялық және
идеологиялық бағдарлардың, ұстанымдардың, құндылықтардың жиынтығын құрайды.
Консерватизм қалыптасу барысында әртүрлі концепцияларды, идеяларды,
доктриналарды өз бойына сіңірді.
Консерватизмнің дамуында екі үрдісті көрсетуге болады: біріншісі
француз ойшылдары Ж.де Местр мен Л. Бональд болса, екіншісі ағылшын ойшылы
Э. Берк негіздеген үлгілер.[1] Қоғамдық-саяси және идеялық-саяси ағым
ретінде консерватизм сыртқы күштердің әсерінен ықпал жасалған топтардың,
фракциялардың, әлеуметтік топтардың идеяларын, идеялық ұстанымдарын,
бағдарлары мен құндылықтарын көрсетеді. Консерваторлар бұқара халықтың
психологиясына тән дәстүрлі және ностальгиялық үрдістерді ұтымды
пайдаланады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдегі саяси-экономикалық және саяси
өзгерістер консерваторларды тәртіп пен заңдылықты нығайту талабына көшуге,
саяси жүйенің тұрақтылығын бұзуға ұстылған кез келген бастамаға қарсы
тұруға мәжбүр етті. Сөйтіп, 1940-1960 жылдары неоконсерватизм ағымы
қалыптасты. Оны философтар, саясаттанушылар, тарихшылар қалыптастырды.
Неоконсерваторлар өздері өзгерістердің бастамашысы ретінде әрекет
етеді. Осы жағынан алғанда неоконсерваторлар белгілі бір деңгейде икемділік
пен прагматизм таныта білді. Қалыптасқан жағдайға бейімделе білді. Олар
қалың бұқараның көңіл ауанын тап басты. Елдегі жұмыссыздық, қарыштап өсіп
бара жатқан инфляция, мемлекеттік қаражаттың ысырапқа ұшырауы, теріс
құбылыстардың белең алып, әлеуметтік өмірдің құлдырауы секілді құбылыстарды
шешу қажет деп тапты.
1970-1980 жылдардағы неоконсерватизмнің ерекшелігі ғылыми-техникалық
прогрестің қарсыластары болудан олар оның жақтаушыларына айналды. Олар
қоғамдағы өзгерістерді ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланыстырды.
Неоконсерваторларға әлеуметтік мәдени және діни дәстүршілдікке
берілгендік тән. Олар дәстүрлі құндылықтар мен идеалдарды қалпына келтіруге
табанды дәлелдер мен айғақтар келтіреді.
Сондықтан да Қазақстан нарықтық даму жолына түсіп, нарықтық
механизмдерді қалыптастырып жатқан тұста осы бағыттың да берері аз болмас
деп ойлаймыз. Сол сияқты неоконсерватизмнің елдің әлеуметтік-экономикалық
мәселелерін шешуде жергілікті ерекшеліктерге бейімдеп пайдаланатын жақтары
да жоқ емес. Мұның бәрі де тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Тақырыптың зерттелуі. Тақырып жайында жазылған еңбектер жетерлік.
Олардың бірі неоконсерватизмнің пайда болуына арналса, екіншісі мәніне,
ерекшеліктеріне, теориялық негіздеріне арналған. Ілімді жіктеуге
талпыныстар жасалған. Бірақ соңғы кездегі жаңа көзқарастарға байланысты
неоконсерватизмнің мәні қайта сарапқа түсе бастады. Бірқатар тың пікірлер
көрініс тапты. Бұл жерде зертеушілердің барлығының атын тізіп шығу мүмкін
емес. Сондықтан біз осы жұмысты жазу барысында көмегі тиген бірнеше
автоордың атын атаумен шектелмекпіз. Афанасьев В.С., Пияшева Л.И.,
Перегудов С., Розенберг Н., Уилсон Э., Гаджиев К.С. т.б. ғалымдар
еңбектерінде бұл тақырып егжей-тегжейлі қарастырылған.
Курстық жұмыстың мақсаты неоконсерватистік бағыттың пайда болуын, мәні
мен маңызын қарастырып, американдық, еуропалық даму бағыттарын, өкілдерін
көрсету. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
1) неоконсерватизмнің туу арналарын пайымдау;
2) мәні мен мазмұнына ой жүгірту;
3) әлеуметтік нарықтық шаруашылық астарларын қарастыру;
4) американдық, еуропалық үлгілерін зерделеу;
5) рейганомика мен тетчеризм идеяларының мәнін ашу.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-ТАРАУ. НЕОКОНСЕРВАТИЗМ: ПАЙДА БОЛУЫ, МӘНІ

ЖӘНЕ БАРЫСЫ

1 Неоконсерватистік идеялардың туу арналары

Неоконсерваторлар өздерінің идеялық тамырын ағылшын оқымыстысы Э.
Берктен тартады. Сол сияқты Гамильтон мен Адамс та идеяның негізін
қалаушылар болып табылады. Американың негізгі консервативтік құжаты 1787
жылғы Конституция[2].
XX ғасырдың басында консервативтік негізгі қағидаларына өзгерістер
енгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси демократия
принциптерін қабылдады. ХХ ғасырдың 70 жылдарынан Батыстағы консервативтік
ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарған консерватизмге (неоконсерватизмге)
айналды. Ол жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын
мойындауға бет бұрды. Би төбе топ, аристократиялық көзқарастар тұрғысынан
да бәсеңдетті. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтері едәуір
шеттетілді. Мемлекеттік меншік жекешелендіріле бастады. Мұның бәрі жаңарған
консерватизмге жаңа леп беріп, Батыс елдерінде орта таптың идеологиясына
айналдырып, оның үстіне ол XX ғасырдың 70 жылдарында экономикасы құлдырауды
тоқтатудың жолын таба білді. Бұл оның абыройын арттыра түсті. Технологиялық
революцияның жаңа дәуір қажеттілігіне жауап беретін экономиканың құрылымын
қайта қарауға тура келді. Бұрынғы тұрмыс дәрежесін көтеруге бағытталған
дәстүрдің орнына ынталандыратын жаңа жүйе енгізілді. Жұмысшылардың өмір
сүру сапасына баса назар аударылды. Жаңарған консерватизм либералдық және
социалистік бірқатар адамгершілік түсініктерді біріктіріп қабылдады.
Жаңарған консерватизм өкілдеріне Д. Белл, 3. Бжезинский, Н. Кристолл және
т.б. жатады. Олардың қатарына бұрын АҚШ президенттері Р. Рейган, Д. Буш,
Англияның бұрынғы премьер-министрі М. Тэтчер, қазіргі ГФР-дің канцлері Г.
Коль және т.б. кіреді.
Әр қилы бағыттағы саяси экономика өкілдерінің арасындағы қызу
пікірталастарының кезекті сұрақтары: мемлекеттің көптігі немесе аздығы
болды. Неоконсерваторлар өздерінің қарсыластарын олардың ұсыныстары бойынша
құрылған мемлекеттік басқару жүйесі тек қана шаруашылық дамудың
қайшылықтарына қарсы тұруға жарамсыз болғанымен қатар, нарықтық
шаруашылықтың өзін-өзі реттеу іс-әрекеті мен өзіндік көтерілуіне
мүмкіндіктерін шектеді деп кінәлады.
Неконсерваторлар капитализмнің тұрақтандырылуы үшін мемлекеттік
механизмді қолданудан бас тартпайды, бірақ тез арада саланы шектеуге және
экономикада мемлекеттікараласудың түрін өзгертуге шақырады.
Мемлекеттің саяси экономикасының басты сапалы мақсаты және оған жету
нәтижесі ретінде жеке капиталистік инициативасының ынталандыруы жолымен
шаруашылық динамикасының араласуын және бұқаралық ақшаны реттеу әдісі
арқылы инфляциямен күресуді атайды. Неконсервативтік тұжырымдаманың негізін
қалаған тезисте жазылған: тәуелсіз өндірушілердің нарықтық бәсекелестілігі
барлық сәйкессіздіктің құрылымын түзете алады және ұзақ мерзімге дейін
экономиканы өсіруге, толық тартымдылыққа жағдай жасайды, сондай-ақ ақшаның
тұрақты болуына, әрине егерде ол үшін қолайлы жағдай жасап, механизмді
бұзбау керек.
Неконсервативті экономикалық саясат терминінен гөрі,
неконсерватизм ұғымы кең мағынаға ие. Н.Бернбаумның құқықтық зерттеу
орталығындағы профессор Джорджтаунсктың түсіндіруі бойынша,
неоконсерватизм – бұл әр тақырыптың қорытпасы, әр қилы мақсаттағы
қозғалыстар мен топтамалар. Бұл дұрысы тенденция, тез тарағыш немесе тіпті
сән. Н.Бернбаум АҚШ-тағы теоретик неоконсерваторларының зерттеулері
бойынша келесі тізбені береді:
1. Нарықтық тақырыптың басымдылығы, яғни, нарықтың тиімділік
нәтижесіне сену және біршама корпоративтік капитализмнің реттеуге келмейтін
түрлері, сондай-ақ саяси бостандықтың кепілі ретінде тек қана күшті жеке
секторды сақтау қажет;
2. Үлкен үкіметтің сыны немесе орталық үкімет, немесе үкімет
ынталылығы. Бірнеше танымал ұрандар негізінде құрылған - бюрократизация,
бюрократтардың автономиясы, қоғам жағынан олардың бақылауға қол
жетпейтіндіктері немесе заң шығаратын орган, орталықтандырудың көбеюі;
3. Әлеуметтік әр тектесті және игілікті тарату принципі бойынша
қоғамды бөліп қарастыру заңдылығы;
4. Дәстүрлік құндылықты қорғау – отбасылық, мәдениеттік, діни,
технологиялық және т.б.;
5. Қуатты күшейту (әскери, экономикалық, саяси) әлемдік АҚШ.
Экономикалық саясат саласындағы неоконсерватизмнің кепілдемесіндегі
теориялық негіз монетаризмнің экономикалық ұсыныс атаумен пайда болады. Осы
екі құрамды бөліктердің арасында неоконсерватизмнің функциональдық
рольдерге өзіндік шек қою орны бар:
- бірінші экономикалық өсуді ынталандыру бойынша іс-шараны негіздеуге
бейімделген;
- екінші құнсызданумен күресуге шара қолдану.
Тоерияның екеуі де неоклассикалық мектептің тұрпайы және
неоконсервативті іліміне сүйенеді.
Теориялық басымдықтың дамуы экономикалық ұсыну Дж.Гилдер және
А.Лэффер деген американ экономистерінің атымен байланысты. Дж. Гилдердің
пікірі бойынша, капитализмнің жетістігі ұсыну жағында жатыр. Сондықтан
мемлекеттік экономика саясатының міндеті барлық ұсыныстарды ынталандырудан
тұрады, оларды яғни, өндірушілерді наградтау және инвесторларға сыйлық
беру. Сыйлық берудің ең басты құралы салық саясаты болуы керек. Жеке
инвесторлар үшін қаржы жеңілдігін беру жолымен ынталандыру ұсынысы автоматы
түрде қажетті сұраныс пайда болып, аяғында біртіндеп капиталистік
шаруашылықтың түзелуіне әкеледі.
Инвестициялық қызметтің монополиялық өнеркәсіптің кеңеюіне салық
саясатының ынталандыру ықпалы мүлде бір қалыпты емес. Салықтың азаюынан
түскен пайда әрдайым өнімділікке қолданбайды, тауар және қызмет көрсетуді
ұсынысы кеңеюуінің қайнар көзі болады.
Неоконсерватизм идеологиясын австриялық экономист Фридрих Август фон
Хайек (1899-1992) өзiнiң Құлдыққа апаратын жол, Еркiндiк конституциясы
еңбектерiнде, құқық, заң шығарушылық және еркiндiк трилогиясында негiздедi.
Оның әлеуметтiк-философиялық доктринасы экономикалық концепциясымен қатар,
қазiргi қоғамды ұйымдастыру, мәдени даму, ғылыми таным методологиялары
мәселелерiн де қамтиды.
Хайек өз iлiмiнде нарықты мемлекеттiк реттеудiң кез келген формасын
сынай отырып, Кейнстiң теориясына да, социализм iлiмiне де қарсы шығады.
Жалпы игiлiк үшiн меншiктi әлеуметтендiру, оның пiкiрiнше, индивидуалдық
еркiндiктi басып-жаншып, тоталитарлық режимдi орнатады. Қазiргi плюралистiк
қоғамға құқық үстемдiк ететiн мемлекет қана сәйкес келедi. Құқықтық
мемлекет жеке құқықтың жалпы құқықтан, тiптi конституциядан да үстемдiгiн
бiлдiредi, өйткенi жеке меншiк еркiндiктiң басты кепiлi болып табылады.
Хайектiң шығармалары 60-70 жылдары АҚШ-та, Англияда және өзге елдерде билiк
басына келген консерваторлар толқыны кезiнде кеңiнен таралды.
Консерваторлар оның идеяларын экономикада, мемлекеттiк сектордың үлесiн
азайту бағдарламаларында, сондай-ақ антикоммунистiк насихатқа көп қолданды.
ХХ ғасырда консерватизм идеологиясымен қатар демократиялық социализм
идеялары да өмiр сүрдi. Бұл iлiмнiң идеялық қайнар көзi Э. Бернштейннiң, К.
Каутскийдiң саяси көзқарастарында жатқанымен, оның басты теориялық
қағидалары екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Г. Ласкидiң (Англияда
лейбористер партиясы атқару комитетiнiң мүшесi) Бiздiң замандағы революция
туралы ойлар, Л. Блюмнiң (Франциядағы социалистiк партияның төрағасы)
Адамзат ауқымында, К. Реннердiң (Австриядағы социал-демократиялық
партияның төрағасы) Жаңа әлем және социализм еңбектерiнде негiзделдi. Осы
соңғы елу жылда капитализм өзiнiң өмiршеңдiгiмен көзге түсiп қана қоймай,
қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiн өтеу қабiлетiнiң социализмнен жоғары
екендiгiн де дәлелдедi. Демократиялық социализм теориясының ықпалының
бәсеңдеуi, ондағы негiзгi басымдылықтың социализмнен демократияға ауысуы
осымен байланысты. Алайда бұл әлеуметтiк әдiлеттiлiк идеалдары қоғам
дамуына ықпал етуiн тоқтатты деген сөз емес.

1.2. Ұлыбританияда неоконсерватистік идеяның пайда болуы (тэтчеризм)

Батыс Еуропа үкіметтерінің экономикалық саясатына неоконсервативтік
идеялардың ықпалының таралуы Англияда билік басына 1979 жылы М. Тэтчердің
келуімен байланысты. Ол келгеннен кейін М. Фридманның және А.Лаффердің
теориялық постулаттарына тәжірибелік сынақтан өткізу басталды.
Мемлекеттік-монополистік реттеудің нақты формалары экономикалық ахуалдың
ерекшеліктеріне, жетекші саяси партиялар күштерінің парламенттік
арақатынасына, билеуші топтардың ұлттық экономиканы дамыту қажеттігі туралы
түсініктеріне орай айқындалады.
Шаруашылық өмірге мемлекеттің белсенді араласуын жақтаушылар тиімді
сұранысты ынталандырудан тұратын түрлендірілген кейнстік доктринаға сүйене
отырып өз көзқарастарын қорғағысы және оны дамытқысы келеді. Оны
капиталистік ұдайы өндірістің өзгермелі жағдайына бейімдеуді ұсынады. Кейнс
теориясын модернизациялау әлеуметтік-экономикалық формация дамуының өзекті
проблемаларын шешуге ұзақ мерзімді құрылымдық тәсілді жасауға қосымша желі
бойынша жүреді. Осы тәсілді іске асыру арнасында 70-жылдардағы көптеген
энергетикалық, экологиялық, аймақтық және басқа бағдарламаларды жүзеге
асыру талпыныстарын қараған жөн. Кейнстік рецептерге сәйкес құрылымдық
диспропорцияны жеңуге қолдауға жұмылдырылған бағдарламалар мемлекет
қаражатын пайдалануға сүйенеді. Осындай бағдарламаларды әзірлеу және іске
асыру іс жүзінде өзгермеген күйінде қалады. Капитализмнің экономикалық
жүйесінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мүмкіндігіне сенбей,
мемлекеттің қатаң саясатын қолдайтындар өз позицияларын оңай өзгерткісі
келмейді. Олар қазіргі экономикалық саясаттың стратегиялық бағыттарын
анықтаудағы өз ықпалдарын нығайтып, кеңіте беруді қалайды.
Англиядағы Монстаристік тәжірибе ағылшын мәнеріндегі рейганомиканы
елестеді.
Монетаризмнің Англияда 1970-80 жылдар аралығында нығаюы тегін емес.
Бұл ұлттық монополистік буржуазияның британ монополияларының әлемдік
нарықта барған сайын бәсекеге қабілеттігінің төмендеуіне қатысты үні еді.
Ел экономикасының құлдырай бастағына назар аудара отырып монетаризмнің
жақтаушылары бұл процесті тоқтатпақ болып, бүкіл жауапкершілікті
мемлекетке, кәсіподақтарға, қалың бұқараға жүктейді.
Неоконсерваторлар үкіметінің экономикалық саясаты стагфляциямен және
жалпы шаруашылық тиімсіздікпен күрес, құрылымдық қайта құру және соның
негізінде Англияның әлемдік саудадағы позициясын нығайту болды. Тэтчер
үкіметі инфляция қарқынын төмендетуді, ағылшын өнеркәсібінің бәсекеге
қабілеттілігін біршама арттыруды алдына мақсат етіп қойды.
Неоконсерваторлар мемлекетті экономикадан, әлеуметтік саяси саладан
оқшаулауды, рынок пен бәсекеге ерік беруді талап етті. Осы бағытта М.
Тетчер 1979-1990 жылдары орталықсыздандыру, мемлекеттік меншікті
жекешелендіру, жеке кәсіпкерлерге жал беру саясатын жүргізді. Соның
барысында бұл елдің экономикасы едәуір дамыды. Акция иелерінің саны 7-ден
24 проценткте дейін көбейді, ұсақ фирмалар мен кәсіпорындарда жалпы жұмыс
күшінің төрттен бірі шоғырланды. Халықтың 70 процентінің меншігі болды,
бірақ олар жалдамалы еңбекті пайдаланған жоқ. Мемлекеттік мекемелер
қызметкерлерінің саны 23 процент кеміді.
Неоконсерваторлар сонымен қатар, халық ортасындағы сенімге ие болғысы
келді. Бірақ олар теңдікті болдырғысы келмеді, иерархияны сақтағысы келді.
Басқаруға тек таңдаулы адамдар жіберіліп, оған өзгелердің қатыстырылмауын
қалады.

2-ТАРАУ. НЕОКОНСЕРВАТИЗМНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСТАРЛАРЫ

2.1. Нарықтың шаруашылық жүргізуді әлеуметтендіру жайы

1970-ші жылдардын басында-ақ көптеген экономистер Чили өнеркәсібінің
әлемдік денгейден артта қалғандығын анықтады. Чилидің экономикалық
саясатындағы күрт өзгерістер елеулі болды және жоспарлық моделдін орнына
реттелетін модельдер қолданылды.
Осылайша, Чилидегі реформалардын бірінші кезеңі сыртқы саудамен
салыстырғанда капитал нарығын қажетті ырықтандырумен қамтамасыз етпеді.
Мұнын дәлелі ретінде мыналар қарастырылады, 70-жылдары ұсақ кәсіпкерлерге,
инвесторларға, фермерлерге бұрын-сонды жеңілдікпен берілген қарыздар
(преференциялдық заемдар) жүйесі едәуір таралды.
Дегенмен, капитал нарығын ырықтандыру жолындағы кейбір
қадамдардын болып жатқандығын атап өту керек. Оған елдегі масштабты
жекешелендіру ықпал етті, ол коммерциялық банкттердің кезеңдік
жекешелендірілуіне өз әсерін тигізді.
Проценттік мөлшерлемелер, банктік депозиттердің шарттары
мемлекеттік бақылау шеңберінен шыға бастады, ал елде туындап жатқан жаңа
қаржылық институттар іскерлік белсеңділікті күшейтуге мүмкіндік алды.
Шетелдік банктер белгілі бір жеңілдетілген шарттарға ие болды және
шектеулер тізімі едәуір қысқарды. Осы кезде мемлекет ауыл шаруашылығының
кейбір дәстүрлі салаларына іріктелген қолдау жасады. Бірақ бұл кезең елге
келіп жатқан инвестициялық ағым 60-жылдар деңгейіне жетпей тұрды.
Саудалық ырықтандыру бірқатар жағдайлар жасағаннан кейін, реформаның
екінші кезеңінде инвестициялар деңгейінде біртіндеп даму (өсу) байқалды.
Бюджеттік тапшылық белгілі бір деңгейде тұрды, ал инфляция қарқындары
бақылау аймағында болды, инвестиция көлемі маңызды фактор болып табылды.
1980-жылдары Франция, Швеция, ФРГ, Испания, Греция секілді бірқатар
елдерде парламенттік сайлауларда экономикалық жүйеге мемлекеттің белсенді
араласуын қолдайтын партиялардың өкілдері көптеп жеңіске жетті. Осындай
топтар позициясының күшеюі 1981-1985 жылдар аралығында Еуропа Қоғамдастық
Комиссиясының экономикалық саясатының бағдарламасын қабылдауға мүмкіндік
берді. Қоғамдастықтың өнеркәсіптік стратегиясының негізі инвестициялық
қызметті жандандыру болды. Инвестиция саласы бойынша мемлекет алдына зор
міндеттер қойылды. Оның қатарында қымбат тұратын қолданбалы сипаттағы
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жаңа техниканы ендіру, озық технологияға
күрделі қаржы салу, электр энергетика саласында қайта құрулар жүргізу,
қоршаған ортаны қорғауға мемлекеттік шығынды молайту, білікті жұмыс күшін
дайындау секілді келелі мәселелер болды. Комиссия бұл ретте өзіне күрделі
қаржы салу саласында бақылау құқығын беруді талап етті.
Шетел ивестицияларының мемлекеттер экономикасын көтеруге белсеңді
қатысуын Оңтүстік Шығыс Азия, Бразилия, Шығыс Европа елдер мысалында көруге
болады. Мысалы: тікелей шетел инвестициясы арқылы Шығыс Азия елдері қайта
индустриализацияландыру кезеңін өтуге аз уақытты қажет етті және кейбір
өндіріс салаларында дүниежүзі бойынша жетекші орындарға ие болды. Индонезия
экономикасындағы инвестициялардың 75%-і шет ел инвестиция. Бразилия тікелей
шетел инвестициялары арқылы импорталмастырушы өндірісін дамытып, кейін
экспорт қабілеттігін арттырды. Ақырғы кездегі көптеген экономикалық
жетістіктерге жеткен мемлекеттерге тән ортақ қасиет - олар қарыз алмайды,
тек шетелдік инвестицияларды тартады.
Мемлекеттік-монополистік реттеудің неоконсервативтік теориясының
ықпалы Батыс Еуропа елдерінің бірқатарының билік басына консервативті
үкіметің келуіне орай өсе түсті. Рейганомика мен тэтчеризм
принциптерінің салтанат құруы сөзсіз сипат иеленді. Неоконсервативтік
теорияның негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік шаруашылық нарығын құру қадамдары
Жаңашыл буржуазиялық саяси теориялар мен идеологиялар.
Ұлыбританияның қаржы жүйесі және Қазақстан
Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы. М. Тэтчердің консервативтік үкіметі және жүргізген реформалары
Рональд Рейган
Рональд Рейганның билігі жылдарындағы америка. Билл Клинтон жүргізген ішкі және сыртқы саясатты талдау
М.Тэтчер-темір ханым
Маргарет Тэтчер
ҚР жұмыссыздық себептері және формалары
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары туралы
Пәндер