Жетілген мемлекеттің сипаттамалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 2
1-тарау. Платонның жетілген мемлекет туралы туындылары 5
1.1 Платонның Мемлекет шығармасы 5
1.2 Заң шығармасы 6
1.3 Саясат диалогы 8
2-тарау. Жетілген мемлекеттің сипаттамалары 9
2.1 Тәрбиенің жетілген мемлекет үшін маңызы 9
2.2 Мемлекет түрлері 10
2.3 Жетілген мемлекеттің төрт ізгілігі 14
2.4 Жетілген мемлекеттің халқы және соғыс түрлері туралы. 16
2.5 Жетілген мемлекеттегі өнер мен таным орны 18
2.6 Жетілген мемлекет 20
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиет 26

Кіріспе

Платон - антикалық заманның ғана емес, бүкiл философия, саяси және
құқықтық iлiмдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бiрi. Ол iрi ақсүйек отбасында
дүниеге келдi. Жас кезiнде ол (б.з.д. 407-399 жж.) Сократтың шәкiртi және
тыңдаушысы болды. Сократтың қазасынан кейiн, Платон басқа шәкiрттермен
бiрге Афиныдан кетедi. Алдымен Мегораға келген жас ойшыл кейiн талай ел мен
жерге, Египетке, Парсы елдерiне, Ассирияға, Финикияға, Италия мен Сицилияға
барады. Б.з.д. 387 жылы грек батыры Академның атымен аталған Академиядан
өзiнiң философиялық мектебiн ашады. Бұл мектептiң өмiрi ұзақ болып, өзiнiң
өмiр сүрген мың жылдай тарихында философтар мен математиктердiң ғылыми
ордасы ретiнде жұмыс iстедi.
Өзiнiң еңбектерi мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттiк идеализмдi
жақтады. Оның айтуынша, әрбiр идея жеке заттың немесе барша заттың
абсолюттiк мәнiн бiлдiретiн ерекше идеялар әлемiн құрайды, яғни идеялар
мәңгiлiк, олар жоғалып кетпейдi, жаңадан пайда болмайды. Бүкiл әлем,
табиғат пен қоғам - сол идеялардың жүзеге асқан бейнесi.
Платонның мемлекет жөніндегі ойларының аса көңіл аударарлық құнды
екенін атап өткеніміз дұрыс. Ол мемлекеттердің жетілген, идеалды және
жетілмеген формаларын анықтауға ұмтылады.
Дегенмен, Платон мемлекеттің бір формасына ғана ерекше назар аударды.
Оның ойынша, адам баласының алтын дәуірі артта қалған. Сондықтан да өзі
өмір сүріп отырған заман оның өткір сынына ұшырады.
Платон идеалды мемлекет туралы еңбегiнде әдiлдiктi әркiмнiң өз iсiмен
айналысуынан және басқаның iсiне араласпауынан көредi. Адамдардың
әлеуметтiк топқа бөлiнуi мен олардың арасындағы мүлiк теңсiздiгiн қалыпты
жағдай ретiнде қарастырады және олардың бiр топтан екiншi топқа өту
мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық
мемлекеттiк құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге
асатынына сенедi. Идеалды мемлекеттiң өзi де, Платонның ойынша, мәңгi өмiр
сүре алмайды. Өйткенi, билiк басына келгендердiң бәрi де қайырымды бола
бермейдi, адамдық қасиетке зорлық-зомбылық қасиеттерi де қосылады.
Сондықтан да басқа мемлекеттiк құрылым түрi келедi.
Тақырыптың өзектілігі. Мемлекет өз жұмысын заң негізінде іске асыратын
ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы
кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал
нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғастырылған. Ертедегі
ғалымдардың бірі Платоннның Мемлекет, Заң және Саясаткер еңбектері
құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге
талаптануның көрінісі болатын. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы
тәуелсізідігін алып құқықтық мемлекет құруға қадам басып отырғанда
Платонның жетілген (идеалды) мемлекет туралы еңбектерін зерттеп пайымдау
өте өзекті болып табылады.
Платон ілімі жайында Батыс және Шығыс ғалымдары көптеген зерттеу
жұмыстарын жүргізіп, төптеген еңбектер жазған. Мысалы айта кететін болсақ:
В.Ф. Асмус Платон. М.: Мысль, 1975., А.Ф.Лосев, А.А. Тахо-Годи Платон.
Аристотель. Серия ЖЗЛ. М.: Молодая гвардия, 1993., Платон. Сочинения в 4-
х томах. М.: Мысль, 1964
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті.
Зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты – Платонның саяси ойларының, оның
ішінде жетілген мемлекет құндылықтарының қалыптасуы мен дамуына тарихи-
әлеуметтік тұрғысынан талдаулар жасау; Платонның жетілген мемлекет
жөніндегі ілімін сараптаудан өткізу және қазіргі адамзат өркениетінде
танымал болған Платон ілімінің ықпалын, ерекшеліктерін көрсету. Осы
мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысымыздың алдына мынадай міндеттер
қойылды:
- Платонның үш еңбегіне, атап айтқанда Мемлекет, Саясат және Заң
шығармаларын пайымдау;
- Жетілген мемлекет ұғымының ауқымын зерделеу;
- Жетілген мемлекет

Зерттеу жұмысының жаңалығы.
Курстық жұмысымыздың ғылыми жаңалығы – Платонның саяси ойларына және
негізгі құндылықтарына тарихи-әлеуметтік талдаудың жасалуында және қазіргі
қоғамдағы ықпалын ашу.
Курстық жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай
кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1-тарау. Платонның жетілген мемлекет туралы туындылары

1.1 Платонның Мемлекет шығармасы

Платон диалогтарының ішінде ең маңызды және атақтыларының бірі
Мемлекет болып табылады. Мемлекет шығармасын атақты ететіні оның
баяндау шеберлігі, кітаптың мазмұны және шындыққа жақындығы.
Мемлекеттің қалған шығармалардан артықшылығы – философиялық ойдың
көп жақты қолданылуы. Бұл шығарманың тақырыбы әділеттік және оның бір ұғымы
этика болып табылады. Бірақ осы сұрақтарды қарастырғанда Платон
философияның негізгі сұрақтарының бәрін қарастырып өтеді. Бұл шығарманы
құрастырғанда Платон табиғат туралы, адамдардың қарым-қатынасы туралы,
мемлекеттің құрылуы және ондағы адамдардың арасындағы сословиелер туралы
және осы мемлекетті қалай басқару керектігі, азаматтардың тәрбиеленуі және
оларға білім беру қажеттілігі қарастырады. Бұл шығарманың атауы өзіне сай
келмейтін сияқты, бірақ ол түсінікті, ол кезде қазіргі кездегі жүйе деген
мағынадағы термин болған жоқ.
Мемлекет өзінің көлемі мен мазмұны, қолданылған материал мен ой
тереңдігі мен көпжақтығы, зерттеліп жатқан тақырыбы жағынан Платон
шығармаларының арасынан ерекше орын алады. Сократ жанындағы адамдарға
айтқысы келген мұрат (идеал) туралы ойлары, адам өмірінің барлық жағын
қарастырады; адамның өзін, жанұясын, тұратын елінің барлық этникалық,
эстетикалық жақтарын да қарастырады. Ол кітаптың бірінші бөлігі болып
табылады, одан кейін Тимей космостағы идеалды құру, Критий идеальды
қоғам құру мен оны іске асыру туралы жазды.
Тимей мен Критий еңбектері Платонның өмірінің соңында жазылса, ал
Мемлекет туындысы IV ғасырдың 70-60 жылдары жазылған.
Бұл диалогтың мағынасын Кефальдың үйінде Сократ сөздерінен көреміз
және оны ертесіне достарына айтып береді. Бұл диалог бірнеше сағатқа
созылған, Пиреяда Афинаға жақын жерде күндізгі құдайға арналған маршпен
кешкі факелмен жүгіру аралығында болды. Бұл диалогта жоғарғы орынды Сократ
пен Платонның бауырлары Аристона Адамей мен Главкон алады, екеуі де
философияға қатысы жоқ, бірақ Платонның Сократ апологиясы мен
Парменидте олардың аттары кездеседі. Сократ Главконды мемлекет басқарудан
бас тартқызады. Бұл диалог Кефал деген қартайып қалған атақты сицилиялық
шешеннің үйінде болады, оның баласы Лисакия, атақты шешен Лисия сонымен
қатар Кефал шақыруымен келген балалары Олемарх мен Лисия, қонақтар арасында
софист Халкедоннан келген Фрасимах болады. Осы Фрасимах пен айтысу кезінде
Сократ өзінің ойларын шындығын дәлелдейді.
Платонның айтуы бойынша философтар дегеніміз өзі үйлесімді
жағдайға қол жеткізе алатын адамдар. Өз ойларымен өздері шатасып жүрген
адамдар Платонның ойынша философтар емес.

1.2 Заң шығармасы

Заңдар диалогы Платонның ең соңғы еңбегі болып табылады. Мұнда
мемлекеттіктің екінші дәрежедегі түрін көрсетеді. Және оны мейлінше грек
полистеріне жақындата суреттейді.
Заңдар диалогының Мемлекет туындысанан негізгі айырмашылықтары
мыналар:
Біріншіден, Платон философтар мен әскерилердің ұжымдық меншік етуінен
бастартады және азаматтардың барлығы үшін бірдей мүлікті пайдалану тәртібін
енгізеді. Жер мемлекеттің меншігі болып табылады. Ол өзінің құнарлылығы
бойынша тең бөліктерге бөлінеді. Әрбір азамат белгілі жер үлесін және үй
алады, оларды иелік ету құқығы бойынша пайдаланады. Қалған мүліктердің
барлық түрін азаматтар жеке меншікке алуына болады, бірақ олардың мөлшері
шектеулі болып табылады.
Екіншіден, азаматтардың сословиелерге бөлінуінің орнына олар мүліктік
ценз сатысы бойынша бөлінеді. Азаматтар саяси құқықтарды мүліктерді иелену
мөлшері бойынша алады және мүлікті иелену төрт тапқа бөлінген. Байып немесе
кедейленіп олар бір таптан екінші тапқа өтеді. Барлық азаматтар бірлесіп
билік етуші жоғарғы тапты құрайды. Өз шаруашылықтарынан басқа олар әсерде
қызмет етіп, немесе мемлкеттік лауазымда жұмыс атқарулары тиіс. Тіпті
қолдар бос кездері бірлескен той-думандар мен құдайға құлшылық ету
кездерінде де бірге болулары тиіс...
Үшіншіден, жер шаруашылығымен айналысуды Заңдар шығармасында
толығымен тек құлдар еңбегімен атқарылуы тиіс делінген. Платон құлдықты
мойындай отырып құлдардың өндірістік еңбектеріне жиіркенішпен қарайды.
Құлдар көтерілісінің болуын алдын ала көре білген Платон құлдарды әртүрлі
халық өкілдерінен сатып алып олардың басы бірікпейтіндей саясат ұстауды
тапсырады.
Төртіншіден, Заңдар диалогында Платон ең тамаша жетілген құрылыстың
мемлекеттік биліктің және заңдарының ұйымдастырылуын егжей-тегжейлі
баяндайды.
Заңдар диалогында Платон былай дейді: Мен заңдардың күші мықты
емес мемлекеттің жақын арада құрып бітетінін көріп тұрмын. Ал заңдар мықты
әрі патшалардан да жоғары мемлекетте мемлекетпен оның игіліктері мол болады
әрі ондай мемлекетті құдайдың сыйы деп білемін.
Платонның диалогтарындағы баяндалған әлеуметтік-саяси бағдарламалар
қалай дегенмен консервативті деуге келеді.
Осылайша Заңдар деген шығармасында Платон мемлекеттiк құрылымның
екiншi жобасын ұсынады. Екiншi мемлекеттiң бiрiншi мемлекеттен басты
айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскелерiн алады. Бұл
жер оларға жеке меншiк түрiнде емес, пайдалану құқығы түрiнде ғана берiледi
де, мемлекеттiң жалпы меншiгi болып саналады. Мүлiк санына қарай барлық
азаматтар төрт топқа бөлiнедi. Қайыршылық пен байлықтың заң шеңберiндегi
шегi анықталады. Жеке меншiк иелерiнiң ешқайсы да алтынға немесе күмiске ие
бола алмайды. Азаматтар қатарына (5040) құлдар мен шет елдiктер
жатқызылмайды.
Тұтыну теңдiгiн жақтаған Платон құлдар мен шет жерлiктерден
басқаларында мүлiк артықшылығы болмауы тиiс деп санайды. Жеке отбасылар
мойындалғанымен, тәрбие iсi түгелдей заңдастырылған арнайы лауазымды
адамдар қолына берiлдi. Әйелдер ерлермен тең құқылы болғанымен, олар жоғары
билiк қатарына ене алмады.
Платон мемлекетiнiң басында көп сатылы сайлау жолымен сайланған 37
билеушi тұрды. Билеушiлер жасы 50-ден 70-ке дейiн шектелдi. Билiк басында
бiр билеушiнiң 20 жыл тұруға мүмкiндiгi болды. 360 мүшеден тұратын (әр
топтан 90 адамнан) сайланбалы кеңес едәуiр билiкке ие бола алды. Халық
жиналысына бiрiншi және екiншi топ азаматтарының қатысуы мiндеттi едi, ал
үшiншi және төртiншi топ азаматтарының халық жиналысына қатысуы мiндеттi
болмады. Заңдылықтың сақталуына әдiл сот жауап бердi, жекелеген және қатал
заңдар азаматтардың бұқаралық және жеке өмiрiн реттеп отырды. Сотта
қаралған iстердi қорғау мүмкiндiгi қарастырылды.

1.3 Саясат диалогы

Саясат диалогы оның ғұмырының соңына таман жазылған шығармаларының
ішінде шоқтығы биік туындысының бірі. Мұнда мемлекеттік басқарушы азаматты
және оның саяси өнерді игеруі туралы сөз болады. Мемлекет шығармасына
қарағанда Саясат туындысында нақты саясатқа көбірек көңіл бөлінген.
Заңдардың және заңды биліктің маңыздылығы атап көрсетілген. Сонымен қатар
өзінің замандасы Аристотельге қатты әсер еткен мемлекеттердің алтымүшелі
схеманы негізге ала отырып бөлінгендігін баса айтып өткен. Платон саясат
туындысында Горгии және Мемлекет шығармаларындағыдай гректік
демократияға оншалықты шүйліге сынай қоймайды. Бұл кезеңде оның даналығы
арта түсіп мемлекетті басқару мен ғылымды түйістірудің қиыншылықтарын
байқаған болса керек.

2-тарау. Жетілген мемлекеттің сипаттамалары

2.1 Тәрбиенің жетілген мемлекет үшін маңызы

Платонның айтуы бойынша, адамдарды дұрыс тәрбиелеу дегеніміз адамдық
жаман қасиеттерден арылту. Адам дүниесіндегі көптеген жақсы жақтар оның
денесіне жазылып қойылады, ол адамның шыныққанынан пайда болады және өмір
бойы болады. Платонның айтуы бойынша ойлау дегеніміз құдайдың тарту еткен
сыйы. Ол ешқашан өз күшінен айрылмайды, бірақ оның бағытталуына
байланысты, керекті және пайдалы немесе керексіз және пайдасыз деп бөлуге
болады. Түрі жаман адамдардың ақылы терең болуы мүмкін. Егер табиғаттан
пайда болған нашар қасиеттерін жастық кезде алып тастаса, ол шындыққа бой
бұруы мүмкін. Мемлекет басқаруға шындыққа бой қойған және өмір бойы өзін-
өзі түзеп келе жатқан адамдар шақырылуы тиіс, ал ниеті төмен жандар
қоғамдық істерге араласа алмайды. Жетілген мемлекеттерде жоғарғы нәтижеге
жеткен, шындыққа жеткен адамдар осы жеткен жерінде тоқтап қалмай, оны одан
ары дамытып жоғары ұмтылуы керек. Бұл жетілген мемлекеттерде халықтың
белгілі бір тобының жоғарғы дәрежеге шығуы емес, бүкіл мемлекет халқын
жоғарғы дәрежеге жетуін мұрат тұтылады.. Жетілмеген мемлекеттерде
философтардың мемлекет дамуына қатыспауына мүмкіншілік бар, бұл елдерде
философтар мемлекетке қарамай өздері дами береді. Бұл елдерде философтардың
шығынын мемлекет өтемейді.
Жетілген мемлекет философтары осы мемлекеттің алға қойылған
мақсаттары мен өздерінің алдына қойған мақсаттары жолында тәрбиеленеді.
Олар жақсы және жетіліп тәрбиеленеді. Сондықтан, олар жеткен орында тұрып
қалуға құқылы емес. Осы айтылғандар орындалған кезде ғана, қазіргіндей
мемлекетті басқару үшін, жаңа іс үшін соғысқандай басшылық үшін соғыстар
болмайды, ел басы болуға құқылы болады. Ал жетілген мемлекеттерді әр адам
билікке мойын сұқпайды және сондықтан ол елде ішкі соғыстар болмайды.
Мемлекет басқаратын адамдар елді басқарудан басқа, жақсы және бағытталған
түрде білім алу керек. Ел басшылары біліммен қатар, физикалық жаттығуларды
және музыкалық мәдениетті қатардағы жауынгер сияқты білуі қажет. Бірақ
жоғарғы нәтижелерге жету үшін бұл жеткілікті емес, басшы үшін кез келген
өнер немесе ептілікте артық болмайды. Ол адамдарға ойлау, біліммен қатар
есептеу және есеп керек. Ғылымның өзі табиғат адамдарды ойлануға тартады,
бірақ ғылым ретінде дұрыс пайдаланбайды, ол бізді шын болмысқа тартады.
Адамның ішкі табиғатында қарама-қайшылық туғызбайтын ойлар адамды шын
болмысқа алып бармайды және алып бара алмайды. Егер ойлаған зат қарама-
қайшылық туғызса, ойлау кезінде зат не қатты, не жұмсақ болып немесе не
ауыр, не жеңіл болып көрінсе, ол адамды ойлауға, ойлаудан шын болмысқа
тартады. Осы ойлау кезінде біз есеп пен ойды іске қосамыз, себебі ол
алдымен заттың қандай болатындығын ойлантады. Егер ол екі зат біреуі
екіншісіне ұқсамайтын болса ол заттар әрбірі өзіндік, әр түрлі заттар. Бұл
екеуі біздің қабылдауымызша ешқандай қарама-қайшылық болмау керек. Онда бұл
затты қабылдау ойлауға жол тартпайды. Ақыл жетпейді термині
қолданылмайды. Бұл жағдайда екі затты қабылдау екі түрлі болады, ал егер
осы екі сезілген зат екі түрлі қабылданса, ол бізді ойлауға еріксіз
тартады. Егер екі зат екі түрлі қабылданса онда ол мән туралы сұрақ қойуға
және оны шешуге тартпайды. Алдындағы қабылдау бізді мән туралы сұрақ қойуға
және оны шешуге тартпайды.

2.2 Мемлекет түрлері

Платон өз диалогтарында айтқан мемлекет, сол кездегі Грециядағы не
басқа жердегі өмір сүріп жатқан мемлекет еместігін айтады. Бұл мұратты
(идеалды) мемлекеттің моделі, бірақ мұндай мемлекет өмірде болмады.
Сондықтан, бұл шығармадан кейін әдебиетке жаңа термин утопия кіреді.
Басқа философтардың утопиясы сияқты, Платон утопиясы да әр түрлі
элементтерден тұрады. Ол, бірінші сыншылық немесе жағымсыз элементтері бар.
Армандаған елді белгілеу үшін сол кезде бар мемлекеттердің жаман жақтарын
білу керек. Қазіргі бар мемлекеттер ең жақсы және жетілген болу үшін
мемлекеттің қандай жағы өзгертілуі керек және қандай жақтары мемлекеттен
алынып тасталуы керектігін білу керек. Сынамай және мемлекеттің нашар
жақтарын алып тастамай біз утопия құра алмаймыз.
Екінші жағынан қарасақ, утопиялық мемлекеттің жақсы және
конструктивті жағын да көрсету керек. Ол жерде автор сол кездегі
мемлекеттерде не жоқ, бірақ болуы керектігін айтады. Утопия мемлекет ойлау,
қиялдаған кезде ғана пайда болатындықтан, утопиялардың фантастикалық
бөліктерде болады, бірақ утопиялық елдің фантастикалық жақтарын шындықтан
түгелімен бөліп алуға болмайды. Утопияны сынау арқылы және бар
мемлекеттермен салыстыру арқылы ғана құруға болады. Бірақ мұндай
мемлекеттер бейне, формасы және ойлау арқылы ғана құруға болмайды, ол шын
қоғам түрінде болуы керек. Утопия – бар мемлекеттің нашар жағыннан арылуы
және жақсы жағын әдемілеп суреттеу. Ойлап табудың тірегі шындық болып
табылады.
Платон өзі идеалды, алтын дәуір деп отырған замандағы үлгіге қарама-
қарсы қоғамдық құрылымның теріс кейпін көрсетіп, оны талдап берді. Ол теріс
типті қоғамдық құрылыстағы адамдардың мінез-құлқы мен іс-қимылының негізгі
қозғаушы күші – олардың материалдық қажеттілігін өтеуге бағытталған
күнделікті күйбең тіршілігінде екенін айқындады. Өзінің Мемлекет деген
сұхбатының 4-кітабында Платон: Қандай ғана болмасын мемлекеттің өз ішінде
бір-бірімен жалғасқан екі мемлекеті бар: бірі – кедейлердің мемлекеті,
екіншісі - байлардікі, - деп атап көрсетті[1].
Міне, Платонның өзі сол замандағы мемлекеттің ішкі жағынан алғанда,
бір-бірімен жауласқан, екі әлеуметтік жіктің қарама-өарсылықтарынан
тұратынын көрсетіп берген.

Платон мемлекетті сынап және оның нашар элементтерін көп көрсеткен.
Платон өзінің мұратты (идеалды) мемлекет туралы ойларын көрсетіп қоймай,
оны мемлекеттің нашар жақтарымен салыстырады. Барлық нашар мемлекеттердің
формасы үшін бір жақты ойлаудың орнына ұрыс-керіс, әділеттіктің орнына әр
жаққа бөліну; өмірдегі жоғарғы мақсатқа ұмтылудың орнына билік үшін төменгі
мақсаттарға ұмтылады, ақша қуалау бар екендігін көрсетеді. Нашар
мемлекеттердің қозғаушы күші болып материалдық жоғары шығумен, соған
ынталану болып табылады. Платоның айтуынша сол кезде өмір сүрген
мемлекеттердің бәрі нашар мемлекетке жатады. Олай деу себебі, ол
мемлекеттерде бай және кедей деп таптық бөліну бар, шын мәнінде барлық
мемлекет солай екіге бөлінеді, ол екі қарама-қарсы жақтар біреуі кедейлер
болса, екіншісі байлар жағы. Қазіргі кезде бар мемлекеттің бәрі жетілмеген
мемлекет формасында, Кронос билік еткен мемлекет жетілген мемлекет
формасында болуына халықтың бірге тұруы түрткі болды. Сол Кронос басқарған
мемлекетті сипаттағанда, Платон өз фантазиясымен сипаттайды. Оның айтуы
бойынша: ол мемлекеттің әрбір облысын әр түрлі құдай басқарған, адамдардың
өміріне керекті заттың бәрі болған дейді, соғыс, ұрыс-керіс, ұрлық дегендер
болмаған. Ол кезде адамдар адамдардан туылмаған, олар жерден туылған және
оларға үй, төсек деген заттар керек болмаған. Бос уақыттың бәрін
философиямен айналасумен өткізген. Ол кезде адамның бәрі бірімен-бірі дос
болған және ол кезде табиғатпен күресу керек болмаған. Платонның айтуынша,
сол мемлекеттің құрылымы ең жақсы болған деп алуға болмайды, себебі
қазіргі кезде өмір сүру үшін табиғатпен және қарсылас мемлекеттер мен
күресу керек дейді.
Платон бойынша, жетілмеген елдердің өзінің түрі және формасы бар.
Платон айтуынша, мемлекеттің төрт түрі бар. Олар:
1. Тимократия
2. Олигархия
3. Демократия
4. Тирания
Бұл мемлекеттің жәй ғана түрі емес. Бұл түрлер жетілген мемлекетпен
салыстырғанды мемлекеттер бірінен кейін бірі тізбектей нашарлай береді.
Бұл формалардың ішінде ең біріншісі тимократия болуы керек.
Тимократия дегеніміз – мемлекетті атаққұмар адам басқаруы. Тимократияда
ертедегі жетілген мемлекеттің кейбір бөліктері қалған, бұл елді басқарушы
жоғары даңққа ие, әскери адамдар жер өңдеу және басқа жұмыстардан
босатылған, тамақтандыру әрқашан бірге болған, барлық бос уақытта әскери
жаттығулармен, гимнастикамен айналысқан. Мемлекеттің жетілген мемлекеттен
нашарлануы халықтың байлық құмарлығынан басталады. Адамдардың ішіндегі
кейбіреуі алтын, күміс әшекей заттар жинап байып, жақсы өмір сүреді.
Тимократия нашарлап оның орнына Олигархия басталады. Олигархия
дегеніміз (oligoi - кейбіреулер, аз бөлік) халықтың аз бөлігінің
көпшілікті билеуі. Бұл мемлекетті байлар табы басқарады, ал кедейлер ел
басқарудан аластатылады. Олигархиялық елдің басшысының өмірі жаман
аяқталады. Байлардың арасындағы ақымақтаулары ақырындап кедейленеді. Бұл
адамдардың ішінде қылмыскерлер, ұрлықшылар пайда бола бастайды. Платонның
жетілген мемлекетті туралы ойлары олигархиялық мемлекеттерде орындалмайды
және орындаулы да мүмкін емес. Бұл заң қоғамдағы әрбір адам өзіне
жүктелген, не тиісті жұмысты ғана істеу керек, басқа адамға жүктелген, не
тиісті жұмыстарды істеуі керек емес. Олигархиялық елде болса халықтың
кейбір бөлігі әр түрлі жұмыс істейді, жер өңдейді, қол өнершілікпен тағы
басқа жұмыспен айналысады, ал байлар ешқандай жұмыс атқармайды. Екінші
жағынан олигархияда адам өзі жинаған заттың бәрін сатуға құқылы. Ал бүкіл
затын сатқан адам қоғам үшін ешқандай жақсы жағы жоқ, ол кедей адамға
айналады.
Платонша, олигархиялық осылай дамып нашарлай беруі мемлекеттің басқа
бір түрі демократияға келеді.
Демократия дегеніміз халықтың елді формальды түрде басқаруы. Бірақ
демократиялық мемлекетте бай, кедей болып бөліну олгархиялық мемлекеттен
ары дамиды. Олигархияда басталған бай адамдардың өмірі, одан ары жақсара
түседі. Олардың ақшаға қажеттелігі одан ары артады, осыдан көптеген байлар
кедейленіп, кедейлер саны өседі, кедейлер байларға қарсы шыға бастайды, ал
алдында атап өткен қылмыскерлер мемлекетке қарсы шыға бастады. Кедейлердің
байларға қарсылығы көтерлістерге дейін жетеді. Кедейлер көтерілісі жеңіске
жетсе онда мемлекеттегі байлардың кейбіреуі құртылады, ал қалғаны елден
қуылады, ал билік қоғамда қалған адамдар арасында бөлінеді.
Ал мемлекет билігінің нашарлауының ең төменгі сатысы ол – Тирания.
Тирания бойынша бір адам бүкіл елді басқарады. Бұл елді басқару
демократиядан кейін туады. Тирания елді бір адам – тиран басқарады. Тиран
елді басқаруының басында халыққа жылы жүзбен қарайды, халықты қарыздарынан
босатады, жерлерді бөліп береді, көптеген жалған уәделер береді. Тиран
әрқашан, әр түрлі соғыстар ашады, себебі елде өзі сияқты басшы болу
керектігін көрсеткісі келеді. Тиранның осы соғыстары халыққа тыныштық
бермейді және халық тиранға қарсы көтеріледі. Тиран билікті ұстап қалу үшін
халықты қырады, досын да, қасын да өлтіреді.
Платон жасаған класификация мемлекеттің нашар жақтарының сипаттамасын
немесе мемлекет басшылары мен мемлекет түрлерінің нашар жағын көрсетеді.
Платон Грециядағы мемлекеттерді зерттеп сол зерттеу нәтижесінде аталған
класификациясын жасаған.

2.3 Жетілген мемлекеттің төрт ізгілігі

Платон құл иеленуші замандағы гректердің аристократтық тұрғыдан
ойланатын философы. Сондықтанда, ол жасалатын өнімге тұтынушы түрінде
қарайды. Бұл жағдай Платонның мемлекет туралы талдау жасау кезінде
проблемаларға әкеліп соғады.
Платон үшін ең маңызды болған басқарушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг жүйесіндегі нарықтың мақсаты және түрлері
Пайданы мейлінше арттыру және жетілген бәсеке нарықтарындағы ұсыныс
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын қарастыру
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару
ТАРАУ РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ
Бәсеке - негізгі нарықтың элементі
Еңбек рыногының қызметі
Мемлекеттің монополияға қарсы саясатының мақсаттары мен әдістері
Меркантелизм кезеңдерінің ерекшеліктері туралы
Пәндер