Жак Ширак билігінің Франция саясатын айқындауы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1-ТАРАУ. ЖАҢА ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК АХУАЛДАҒЫ ФРАНЦИЯ6
1. 1. Франция ХХІ ғасыр табалдырығында: бет-бағдарды айқындау6
1. 2. Жак Ширак билігінің Франция саясатын айқындауы9
2-ТАРАУ. ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ: БАҒЫТТАРЫ МЕН БАРЫСЫ13
2. 1. Францияның Еуропалық Одаққа қатысты саясаты13
2. 1. Франция және әлем18
2. 3. Ауқымды саясат және АҚШ-пен қарым-қатынас20
ҚОРЫТЫНДЫ22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ24
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Франция - Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, аумағы - 550 000 ш. Км-ге жуық, халқы - 58. 5 миллион адам, бұл Еуропа одағы халқының 15. 67%-ін құрайды. 1
Жаңа саяси ахуал континенттегі экономикалық және саяси жағдайды өзгертті, сондықтан да қазіргі заманғы Еуропаның алдында шешімін табуды күтетін бірталай мәселелер тұр. Бұл Еуропа Одағына да тікелей қатысты.
Бұл мәселе Атлантикадан Оралға дейінгі бүкіл еуропалықтарды толғандырады. Еуропа елдері ортақ мақсатта тең мемлекеттер ретінде бірігу арқылы аумақтағы саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге тырысуда.
Француз Республикасы еуропалық және әлемдік саясатта айрықша ролге ие. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, экономикасы дамыған жеті мемлекеттің бірі, ракеталық-ядролық күш-қуаттың иесі. Сондықтан да Францияның әлемдік саясатта орны да, салмағы да ерекше. Осы ретте ХХІ ғасырда «жаңа әлемдік тәртіп» қандай болады және мұнда жалпы Еуропа, оның ішінде Франция қандай рол атқарады деген мәселе салмақты болмақ.
Осы себептен де Францияның жалпыеуропалық интеграцияны жүзеге асыру тәжірибесін зерттеп-зерделеу өзекті ғана емес, сонымен бірге осы күні әлемдік күн тәртібінде ежелден келе жатқан геосаяси мәселе: болашақта шешуші ролді кім атқарады деген мәселе тұрғанда қосымша маңызға ие болады. Әсіресе, бұл жаһандану дәуіріне аяқ басып отырған, әрбір аймақтық мемлекеттер өзара бірігуге, одақтасуға көшкен қазіргі кезеңде өте маңызды.
Жалпы Франция Еуропада өзінің автономды жағдайын сақтай ала ма? Біз бұл сұрақтың жауабы оның қазіргі кездегі еуропалық кеңістіктегі ролін геосаяси тұрғыдан пайымдағанда табылады деп санаймыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Францияның халықаралық саясаты мәселесі отандық және шетелдік зертеушілерге кеңінен таныс. 2 Алайда Францияның соңғы жылдардағы Еуропадағы халықаралық-саяси жағдайын қарастырған еңбектер соншалықты көп емес, негізінен оларды шетелдік ғалымдар жазған. 3 Зерттеушілердің қатарында В. Г. Васин, А. Б. Вебер, И. В. Данилевич, В. А. Качанов, И. М. Кривогуз, М. А. Неймарка, Ж. Ф. Осадчей, Б. С. Юрлов, В. С. Панькова, Ф. Я. Полянский, С. И. Попов, С. С. Салычев, Н. Г. Сибилева, Г. С. Согомонян, И. Н. Ундасынов, В. Я. Швейцер, В. Г. Шубин, В. С. Шумский және т. б. есімдерін атауға болады.
Біздің жұмысымыздың мақсаты тарих, саясаттану және геосаясат секілді ғылымдар аясында жинақталған тәжірибелер негізінде Францияның қазіргі заманғы сыртқы саясатын бағдарлау болып табылады. Мұнда Еуропалық интеграция мәселесінің құқықтық, экономикалық және геосаяси перспективалары да тиісінше қарастырылады.
Осыған орай курстық жұмыс алдына мынадай міндеттер қойып отыр:
- Еуропа интеграциясы тарихы арқылы құқықтық, экономикалық және геосаяси аспектілерді бір-бірімен бірлікте де, бір-біріне қарсы қойып та қарастыру;
- Еуропада іске асырылып жатқан төрт іргелі еркіндік - тауарлардың, адамдардың, қызметтер мен капиталдың еркін қозғалысына эеуропа елдерінің интеграциясы мен үйлесімі аясында талдау жасау;
- Францияның ұстанған саяси бағыттарына талдау жасау;
- капиталды иелену мен басқарудағы, ұлттық мүдделерді қорғаудағы және қоғамда әлеуметтік тепе-теңдікті құрудағы француздар тәжірибесін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-ТАРАУ. ЖАҢА ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК АХУАЛДАҒЫ ФРАНЦИЯ
1. 1. Франция ХХІ ғасыр табалдырығында: бет-бағдарды айқындау
ХХІ ғасыр тарихқа әлемдегі жаһандану дәуірі ретінде енді. Жаһандану экономикалық процесс ретінде сапалық және сандық қасиетке ие. Бұл процесс мынадай төрт ірі ағынмен сипатталады: 1) миграциялық; 2) тауарлық; 3) қаржылық; 4) ақпараттық.
1989 жылы Берлин қабырғасының құлауы адамдардың еркін жүріп-тұру кезеңінің басталғанының жолашары болды. Шекаралардың ашылуы миграциялық ағындардың өсуіне ықпал етті. Осындай жағдайда ішкі және сыртқы саясатты қайта қарауға, оған түзетулер енгізуге тура келді. Бұл, ең алдымен, жаһандану дәуіріне оңтайлы бейімделуге, сырттан келетін әртүрлі ағындар тасқынының аясында қалып, солардың ықпалына ұшырап кетпеуге, әрі осы сәтті титімді пайдаланып, сыртқы саясатты елдің мүддесіне орайластыра құруға байланысты болды.
Сол сияқты елдер арасындағы теңсіздіктер өршіді - дамыған және кедей аймақтар арасындағы қарама-қарсылықтар күшейді. Әлемдік теңсіздік және көптеген елдердің кедейлігі дамыған елдердің байлығы секілді өсіп барады. Айырмашылықтың ұлғаюы барған сайын жағдайды күрделендіре түсуде.
2001 жылдың басында әлемдік қаржы нарықтарының билігі мен мемлекеттер билігі арасындағы теңсіздік тұрақты сипат иеленді.
Францияда президент Ж. Ширак жыл сайынғы елшілердің конференциясында дипломаттардың қызметі олардың экономикалық жетістіктерімен тығыз байланысты деп қайталады. Мұның мәні жаһандану дәуірінде сыртқы экономикалық саясаттың табысты жүргізілуіндегі дипломаттрардың маңызы зор екендігінде еді.
Францияның сыртқы саясатын айқындауда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) үлкен роль ойнайды. Ұйымның штаб-пәтері Парижде орналасқан. Ресми топтар арасында бұл ұйымды либерализмнің экономикалық «саяси бюросы» деп атайды. Ал, экономикалық жағынан алсақ, «жаһандану архитекторы» деп атайды. Бұл тегін емес. Оның құрамында 200-ден аса комитет жұмыс істейді. Олар бүкіл саланы қамтыған. Ресми тілі - ағылшын және француз. Ұйым 30 елді біріктіріп отыр. Оны форум десе де болғандай. Оның шеңберінде мүше елдер үкіметтері экономикалық және әлеуметтік, халықаралық саясатты талқылайды, әзірлейді және жетілдіреді. Тәжірибелер алмасып, ортақ проблемаларды шешу жайын талқылайды. Өзара келісілген ішкі және сыртқы саясатты жасайды.
Үкіметтер арасындағы пікір алысулар ортақ екі жақты пайдалы шешімдер қабылдауға әсер етеді.
ЭЫДҰ әзірлеген маңызды жобалардың бірі Инвестициялар бойынша көп жақты келісім. Бұл жобаны дайындауға ұйым ұзақ уақыт дайындалды. Жобаның мақсаты либерализациялау заңына әлемдік сипат беру және шекара сыртындағы инвестицияларды қорғау, сондай-ақ қақтығыстарды реттеудің тиімді әдістерін құру болды.
Францияның сыртқы саясатын анықтауда мынадай мәселелерді анықтап алған жөн. Әлемдегі негізгі өзгерістерді былайша жеті санатқа жіктеуге болады:
1. Әлем бір полярлы болды, либерализм мен нарықтық экономика басым экономикалық даму формасына айналды.
2. Жаһандану процесі мен экономиканың интернационалдану процесінің күшеюі экономиканың ашықтығына және проблемалардың интернационалдануына әкелді.
3. Бәсекенің өсуіне орай экономикалық қатынастарды коопреациялау және аймақтандыру қажеттілігі күшейді.
4. Жаңа қажеттіліктер жаңа нарықтардың пайда болуына әкелді. Банк және қаржы секторлары жылдам дамыды.
5. Елдер мен аймақтар арасындағы даму полярланды, бұл дифференциялық салдарларға әкеліп, жаһанданудың пайдасы мен артықшылықтарына қол жеткізудің әртүрлі деңгейін пайда қылды.
6. Ұлттық экономиканың ішінде жеке адамдар мен топтар арасында айырма ұлғайды. Білікті және біліксіз қызметкерлер арасындағы жалақы мөлшері тым алшақтап кетті. Осыған байланысты субъектілердің мінез-құлқы күрделенді.
7. Тұтыну барынша әр алуан болды, кәсіпорындардың қызметі тұрақсыздық сипатқа ие болды.
Осы аталған факторлардың қай-қайсысы да Францияның ішкі-сыртқы саясатын анықтауда үлкен маңызға ие болды. Франция өзінің дәстүрі мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірде алатын ролін ескере отырып, бұрыннан-ақ маңызды құрылымдық саясатын жүргізіп келеді. Либералдық бағытта экономиканы реттеуге басымдық берді. Құрылымдық саясат түрін өзгертіп, тура емес жанама жүзеге асырылуда.
Құрылымдық саясаттың мазмұны әлеуметтік-саяси жақтардан тұрады. Бұған: демогарфиялық құрылым (халықтың жасы, жынысы бойынша құрамы) ; әлеуметтік құрылым (әлеуметтік иерархия, ықшамдылық…) ; социологиялық құрылым (құндылықтар, нормалар…) ; заңи құрылым, саяси құрылым және т. б. жатты.
1. 2. Жак Ширак билігінің Франция саясатын айқындауы
Француз баспасөзі Жак Ширакты «Президенттікке өмірбақи үміткер» деп жазды. Алайда ол 1995 жылы 7 мамырда мемлекет басшысы болды. Бұған жағдай әсер етті. Еуропа үкіметінің басшысы Жак Делор сайлауға қатысудан бас тартпағанда Париж қалабасының президенттік креслоға отыруы неғайбыл еді.
Жаңа мемлекет басшысының саясаты социалистер бағытынан мүлдем басқа арнаға бұрылды. Жак Ширак президенттік қызметте ең алдымен Миттеран мораторий жариялаған ядролық сынақтарды 1995 жылы қайта жаңғыртуымен ерекшеленді. Бұған әлемдік жұртшылықтың әсері тым өткір болды, осыған байланысты Жак Ширак 1996 жылы ядролық жарылыстарға толықтай және түпкілікті тыйым салу туралы шартқа сөзсіз қол қою туралы мәлімдеуге мәжбүр болды. Мұның көмегі шамалы болды. Іс жалаң мәлімдеумен және сыртқы істер министрлігінің ресми өтініштер алмасуымен тынған жоқ. Бірқатар елдер француз тауарларына байкот жариялады. Француз шарап шығарушылары едуір шығынға батты.
Әйтсе де президенттің саясаты қарапайым француздардың мүдделеріне жауап береді. Ширак салықты азайтып, мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігіне бақылауды күшейтті. Оның кезінде жұмыс істеуге, тұрғын үйге, денсаулық сақтауға, білім алу мен мәдениетке деген құқықтарды жүзеге асыру бойынша әлеуметтік кепілдіктер қамтамасыз етілді.
Халықтың жақсы қарағанына қарамастан, Ширак сот билігі тарапынан әртүрлі жағымсыз қатынастардан тыс бола алмады. Францияда президенттік қызмет соттың қудалауынан шектелмеген. 2001 жылы Ширакты Париж қаласының мэрі болып тұрған кезде қызметін жеке мақсатына пайдаланған деген айып тақты.
Дегенмен Жак Ширак елді халқына тиімді басқарып келеді. Ол ел экономикасын көтеру, Францияның Еуропалық одақта беделінің үстем болуына күш сау үстінде. Сондай-ақ экономика мен әскери күш-қуаттың негізі жаңа технологияға айрықша назар аударуда. Жалпы елде жаңа технологияларды дамытуға деген құлшыныс ерекше.
Саяси жүйесі аса жоғары деңгейде орталықтандырылған Францияда инновациялық қызметке қолдау көрсетудің түрлі жүйелері аса кеңінен дамыған. Аймақтық деңгейде мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат орталық министрліктер құратын инновациялық бағыттағы мамандандырылған құрылымдар арқылы іске асырылады, бұдан бұрын айтылған ANVAR агенттігі осылардың бірі болып табылады.
Өнеркәсіп министрлігі мен Ғылым және технологиялар министрлігі 1989 жылы сауда-өнеркәсіп палаталарымен және аймақтар әкімшіліктерімен бірлесіп Францияда технологияларды тарату орталықтарының (CDT) тармақталған жүйесін құруға кірісті. Бұдан кейін осының негізінде технологияларды таратудың жалпы мемлекеттік желісі құрылды (RDT) .
Қазіргі таңда Ғылым және технологиялар министрлігі жүз елуден астам инновация мен технология трансферасының мамандандырылған аймақтық орталықтарын (CRІTT) құрған.
Әрбір орталық белгілі бір білім немесе өндіріс саласына маманданады.
Бір бағыттағы кәсіпорындар шоғырланған аймақтарда мұндай орталықтар берілетін технологияларды жеткізуге немесе оларды технологияны алушының өндірістік жағдайларына бейімдеуге мүмкіндік беретін жабдықтармен жарақтандырылады. Бұл - технологияны пайдаланушыларға жақындатылған орталықтар. Ғылымды көп қажет ететін аймақтарда мұндай орталықтар жергілікті институттар мен лабораторияларда орындалған талдама нәтижелеріне сараптама жүргізуге маманданады, яғни технологияны жеткізушілерге жақындатылған орталықтар болып табылады.
Бұдан басқа Францияда таза делдалдық қызметпен айналысатын орталықтар да аз емес.
1985 жылдан бастап Өнеркәсіп министрлігінің бастамасы бойынша аймақтық сауда-өнеркәсіп палаталары жанынан ғылым, технология және экономика саласындағы ақпараттық-талдамалық жұмыстар жүргізуге маманданған аймақтық ғылыми-техникалық ақпарат агенттіктері (ARІST) құрыла бастады. Францияның Сауда-өнеркәсіп палаталарының ақпараттық ресурстарын пайдаланатындықтан, осындай бағыттағы басқа мекемелерге қарағанда ARІST мүмкіндіктері барынша кең. Агенттіктер консультациялық-ақпараттық қызметтердің әдеттегі жиынтығынан басқа өз клиенттері үшін олардың бәсекелестеріне үш бағытта - технологиялық, экономикалық және коммерциялық тұрғыдан мониторинг жүргізеді.
Еуропада экономикалық интеграцияның тереңдеуіне байланысты республикада жаңа өнімнің евростандарттарға сәйкестілігін қамтамасыз етуге және аймақты ЕО ғылыми-техникалық бағдарламаларына қосылуын ұйымдастыруға байланысты қызмет түрлері дами бастады.
Жекелеген аймақтардың ARІST ЕО Инновациялық желісінің қатысушысы болып табылады. Франция Үкіметі тарапынан оларға осы желінің тиісті аймақтық орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысуға өкілеттіктер берілген.
2-ТАРАУ. ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ: БАҒЫТТАРЫ МЕН БАРЫСЫ
2. 1. Францияның Еуропалық Одаққа қатысты саясаты
60 миллион халқы бар, экономикалық әлуеті жағынан әлемде төртінші орынды иеленетін, халқы білімді және ұлттық тұтасқан, ядролық қаруы, өзіндік мәдени бет-бедері бар Францияның сыртқы саясаты қандай болмақ?
Бұл сұраққа Франция жауап берді және оны дәлелдеп келеді. Оның жауабы біртұтас Еуропаны құру. Мұның нәтижесіне бәріміз куә болдық.
Француздардың сыртқы саясаты негізінен - еуропалық. Сол секілді Францияның Еуропа Одағындағы сыртқы саясаты бұрынғыдан да гөрі мығым.
Францияның Президенті Жак Ширак өзінің сыртқы саясаттағы басым бағытын Еуропа Одағы базасында «еуропалық полисті» нығайту, сол арқылы Францияның мәртебесін көтеру деп санады. 2001 жылдың мамырында премьер-министр Жоспен «Еуропаның болашағы» деген бағдарламалық мәлімдемемен сөз сөйледі. Ол Президенттің еуропалық құрылым жөніндегі ойларын толықтай қуаттады. Жоспен сонымен бірге Еурокомиссияның төрағасы ретінде Еуропарламентке сайлауда жеңіске жеткен партияның өкілін тағайындау туралы, тұрақты негізде жұмыс істейтін еуропа істері жөніндегі Министрлер кеңесін құру, салық жүйесін үйлестіру туралы ұсыныстар айтты. Сол сияқты ортақ еуропалық телеканал құру, денсаулық сақтау мен экология мәселелері зерттеулер жүргізумен шұғылданатын бірыңғай ғылыми кеңістік құру, еуропа кинематографиясын қолдау жүйесін құру туралы да ұсыныстарды ортаға салды. Франция премьер-министрі Еуропалық Одақты нығайту жөнінде мынадай бірқатар шаралардың қабылдануына қол жеткізді:
- салық салудың жалпы нормасын енгізу және еңбек құқығын бірегейлендіру;
- Еуропаның ортақ шекара әскерін құру;
- ЕО-тың Министрлер кеңесінің және еуропарламенттің маңызын арттыру;
- Еурокомиссияның басшысын сайлау рәсімін өзгерту;
- тұтынушылар құқын қорғаудың ортақ жүйесін құру;
- еуропалық қорғаныс құрылымын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын қабылдау және т. б.
Францияда күшті атқарушы билік бар деп санау қабылданған. Бұл шындығында да солай. Бірақ 2002 жылы 1 қаңтарда елдің бірыңғай Еуроаймаққа кіруіне орай бұл билік гибридті болды: ұлттық өкілеттіктің едуір бөлігі Еуропа қоғамдастығы әкімшілігіне бөліп берілді. Еуропаның бірігу процесі экономикалық-саяси шешімдер қабылдаудың классикалық үлгісін біршама қиындатты. Мемлекеттік билік органдарының автономдылық дәрежесі төмеқысқарды және олар Брюссель пікірімен санасуға, 2002 жылдан бастап Еуропа Орталық Банкі орналасқан Франкфурт пікірімен санасуға мәжбүр болды.
Біртұтас Еуропаны, біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы Францияға тиесілі. Франция үшін Еуропа француз ықпалының өзіндік мультипликаторы. «Le Monde» газеті «Л. Жоспен мен Ж. Ширак еуропалық экономикалық модел туралы айтқанда, олар француз моделін қорғау туралы ойлайды» деп жазды4.
Дегенмен «кейнсиандық» Францияның Еуропаны «кейнсиандық» қоғамға айналдырады деп ойлау қиын, алайда француз атқарушы билігінің Еуропаға өзіндік моделін тықпалайтыны айқын.
Бірқатар проблемалардың туындауына қарамастан, Еуроаймақ елдерінің еуроға толықтай көшуі құрылымдық қайта ұйымдасудың жаңа кезеңі ретінде қарастырылуда. Мұнда экономикалық саясатты үйлестіру және экономикалық өркендеуді қамтамасыз ету мақсаты көзделген. Франция Президенті Ж. Ширак еуропа елдерінің осы жаңа «бірігу сәтін» ықыластана құптады.
Еуропа одағында Франция бұрынғысынша мемлекеттік бақылауы жоғары ел ретінде қала береді.
Қазіргі таңда Еуропаның 25 мемлекетін біріктіріп отырған біртұтас экономикалық кеңістік негізінен экономикалық, халықаралық жағдайда ортақ саясат ұстануда. Бұл Еуропа Орталық банкінің аясында жүргізілуде.
2001 жылы Францияда ЖІӨ-нің көлемі 1 трлн. 294 млрд. долларды құрады. Сөйтіп ол әлемде АҚШ-тан (9896 млрд. доллар), Жапониядан (4750), Германиядан (1873) және Ұлыбританиядан (1415) кейінгі бесінші позицияны ұстады. Алайда басқа да сапалық сипаттары жағынан алғанда, мысалы, технология деңгейі, ядролық держава мәртебесі, Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі жағынан алғанда әлемде Франция АҚШ-тан, Жапония мен Германиядан кейінгі төртінші әлемдік держава болды.
Франция жаңа ғасырға еуропа экономикасының локомотиві ретінде кірді.
Көптеген жылдарға созылған елдегі жұмыссыздық 2001 жылы азайды. Халықтың сатып алушылық сұранысы жыл сайын артты. Сұраныстың өсуі өндіріс пен ұсыныстың өсуіне әсер етті.
Француз экономикасының қарқынды өсуі қос факторлар тобының есебінен іске асты: ішкі және сыртқы.
Факторлардың бірінші тобы жаһандану процесінің қарқыны мен ауқымына байланысты. бұл әлемдік сауданың кеңеюі, шетелдік инвестиция ағынының артуы және т. б.
Факторлардың екінші тобы ел үкіметінің 90-жылдардың басында қолға алған шараларының әсеріне байланысты. Бұл шараларға ел экономикасының шетелдік инвестицияларға ашықтығы, бюджетті шоғырландыру, инфлцияны төмендету және құрылымдық реформалар жүргізу жатты.
2000 жылы Франция шетелдік инфестициялар тарту көлемі жағынан ЕО елдері арасында бірінші орында тұрды. Бұл жағдай Францияның шетел инвестициясы үшін қолайлы ел екендігін көрсетті.
Француз үкіметі шетелдік инвестицияның қосымша жұмыс орындарын ашудағы позитивті жақтарын ескере отырып, 2001 жылы жазда Француз халықаралық инвестициялар агенттігін құру туралы шешім қабылдады. Агенттік 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады. Жаңадан құрылған мекменің стратегиялық міндеті шетелдік инвестиция тартуға қолдау көрсету және инвесторларға дербес қызмет көрсету болды.
2000 жылы Франция кәсіпорындарды шетелдік инвесторлар сатып алу жағынан әлемде екінші орынға шықты. Сөйтіп, 1999-2000 жылдар елге шетелдік инвестиция тартуда өнімді жылдар болды.
Франция неліктен шетел капиталына ашық елдердің бірі болды? Бұл мынадай экономикалық жүйенің құрылымдық артықшылықтарымен және бірқатар факторлармен түсіндіріледі:
● Францияның географиялық тартымдылығы;
● көлік қатынасы жағынан әлемге ашықтығы;
● еңбек ресурстарының сапалы нарығының болуы;
● инфрақұрылымының дамығандығы;
● электр және телекоммуникация қызметтері тарифтерінің салыстырмалы түрде арзандығы;
● елдегі қауіпсіздік.
Сол сияқты елдің терең тарихы да зор маңызға ие: Францияның мәдениеті барынша әралуан.
Еуропалық одақ шеңберінде Франция жоғары технология және аэро-ғарыштық, қорғаныс өнеркәсібі саласында ұжымдық жобаның бастамашысы ретінде әрекет етеді. Соңғы талқыланатын жобалардың бірі - түбірінен жаңа және қашықтықтан компьютер арқылы басқарылатын толықтай автоматтандырылған ұшатын аппарат жасау. Еуропа одағы осынау әскери ұшақтың концепциясын жүзеге асыруға кірісіп кетті деген ақпарат бар. Францияның қорғаныс министрлігі мәлімдегендей, таяу сегіз жыл ішінде осы мақсатта 1 млрд. еуро жұмсалмақшы. Ұшақтың прототипі 2020 жылы дайын болуы тиіс. Бірлескен жобаға алты мемлекет - Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия, Испания және Швеция қатысады. Жаңа ұшақ еуропалық ВВС-ні қаруландыруға арналған «Еврофайтер» истребителін айыстыруы тиіс. Бұл ұшақты жасау бірлескен Еуропа елдерінің АҚШ-тың таяуда мәлімдеген болашақтың көп мақсатты ұшағын өндіру шешіміне жауап болмақ.
2. 1. Франция және әлем
Францияда ұлттық мемлекет орнату келмеске кетті. Бұл ХХІ ғасырда Еуропа мемлекеттерінің тұтасуына байланысты. АҚШ пен батысеуропа мемлекеттері арасындағы экономикалық бәсекенің бар екендігі айдан анық. Дегенмен соңғы он жылда бұл жағдай Еуропаның пайдасына шешілмей тұр.
1990-1999 жылдары АҚШ долларының әлемдік валюта резервтеріндегі үлесі өсіп, 51%-тен 66%-ке ұлғайды. Ал, еуроның үлесі (1999) төмендеді.
АҚШ - ерекше мемлекет. Құрама Штаттар әлемде әртүрлі іс-қимылдар жасауда. Трансұлттық корпорациялар (акцияларының бақылау пакеті американдық заңды және жеке тұлғалардың иелігінде), көптеген арнайы қызметтер, ақпараттық агенттіктер, американдық БАҚ өкілдері, зерттеу ұйымдарының қызметкерлері - осының бәрі де әлемнің бүкіл жерінде американ мүддесін қорғайтын және тарататын үлкен күш. Американ мемлекеті мен жеке бизнестің өзара әрекет етуі тиімдіігі жағынан теңдесі жоқ құбылыс.
Франция бәсеке жағынан алғанда көптеген келісім-шарттар мен залықаралық нарықтан айрылды. Мәселенің былайша өрбуіне АҚШ-тың тікелей қатысы бар. Американ арнайы қызметі жақсы жабдықталған техникалық құралдары арқылы тың деректерді алып, басқалардан бұрын тиімді қолдана алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz