Халықаралық ұйымдардың классификациясы
Мазмұны:
Кіріспе
3
I. Негізгі бөлім
1-бөлім:
1. Халықаралық ұйымдардың тарихи очеркі
4
2. Халықаралық ұйымдардың классификациясы 8
3. Халықаралықтанушы ғалымдардың кейбір концепциялары 11
2- бөлім:
1. Халықаралық үкімет аралық ұйымдар (ХАҮҰ) 17
2. Халықаралық бейүкіметтік ұйымдар (ХБҮҰ) 22
II. Қорытынды
25
III. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
28
I. Кіріспе.
Халықаралық ұйымдар суверенді мемлекеттердің бірлестіктері болып
табылады.
Халықаралық ұйымдардың қызметтерінің эффективтілігі – олардың жету
керек келісушілігі мен ұйғарысушылығының деңгейіне тәуелді. Қатал соғыс
жылдарындағы биполярлықпенен белгіленген, өзара түсінушіліктің өсуінің
арқасында халықаралық ұйымдардың алдына қойған көптеген мақсаттарының
орындалуына бөгет жасады. Бұл түсінікте, 1989-1990 ж.ж. өзгерісті кезең
анық байқалады. Берлин қорғанының құлауы мен олардың бұрынғы билігінің
саяси идеологияларын, көптеген мемлекеттермен екіжақты немесе көпжақты
қатынастарды жоғалтуына немесе өзгеруіне себеп болды.
Қазіргі кезде халықтардың бірлескен өмірін жаңаша ұйымдастыру
қажеттілігі туып отыр. Олардың мақсаттары мен принциптері алға қойылған,
бірақ оларды орындауда кейбір мәселелер утопиялық сипат алуда.
Ұлтшылдық пен суверенитетке ұмтылумен байланысты аймақтық даулар
көбеюде. Оған: діни және этникалық құмарлық, әлеуметтік айырмашылық пен
мәдени қарама-қайшылық, территориялық талаптану және саяси және
экономикалық билікке ұмтылу қосылуда.
Халықаралық ынтымақтастықтың жан-жақты базасын құру, бейбіт өмір
сүрудің глобалды және аймақтық зоналарын белгілеп, оларды тұрақтандыру
қажет. Бұл аймақтың приоритетті бағыты болып – БҰҰ-ның толық потенциалын
қолдану (превентивті дипломатия, бейбіт өмірді құру және қамтамасыз ету),
БҰҰ-ның реформасы, дауларды алдын-алу, бақылау және шешу механизмдері,
әлеуметтік тұрақтылық, экономикалық өсу, т.б. табылады.
Қазіргі таңда, халықаралық ұйымдарға қоғамдық көзқарастардың сенімі
нығаюда. Халықаралық ұйымдардың эффективтілігі мен маңызды шешімдерді
қабылдау туралы сыни пікірлерге қарамастан, азаматтардың өздері осы ұйымдар
көптеген дауларды шешетініне, гуманитарлық көмек пен адам құқықтарын
қорғайтынына сенімді.
Мемлекет пен әрбір азаматтың игілігіне құрылса да, халықаралық
ұйымдар өздігінше ерекше бір әлем болып есептелінеді. Осыған қарамастан,
әрбір жай азамат үшін халықаралық ұйымдар күрделі, түсініксіз, қол жетпес
бір дүние болып көрінеді. Қандай да бір мемлекет басқа мемлекеттердің қарсы
тұруына байланысты өз талаптарын іске асыра алмауы – осы пікірді дәлелдей
түседі. Сондықтан, БҰҰ-на және басқа ұйымдардың өзара қызметінің жүйесі
мен Африка, Америка, Азия, Еуропа мен Тынық мұхит бассейнінің
мемлекеттеріне сүйенген өзара түсінушілік пен сенімділікке негізделген
халықаралық ынтымықтастық қашан да барлық азаматты бейбітшілік пен
молшылықты қамтамасыз ететініне сенімдімін.
Халықаралық ынтымақтастықтың мөлдірлігі, эффективтілігі, оның
құралының өзара қызметі және халықаралық ұйымдар мен халықаралық
ынтымақтастықтарға мемлекеттер мен олардың азаматтарының жаңа саяси
мотивтелген үндеуі – біздің бейбіт өміріміз бен қауіпсіздігіміздің кепілі.
1.1. Халықаралық ұйымдардың тарихи очеркi
Халықаралық ұйымдардың тарихы, ең алдымен, олардың эволюциясын
көрсетуден және олардың маңызды спецификалық ерекшеліктерін ашуда
қызығушылық танытады. Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастардың ұзақ
процесі кезінде пайда болды және дамыды. Олар халықаралық қатынастардың
даму процесінің күрделенуінде, экономикалық және саяси факторларға
байланысты пайда бола бастады.
Қоғам дамуының ерте кезеңінде мемлекет аралық қатынастар екіжақты
байланыста: жақын араласқан мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің
елшілерінен көрінді. Кейін бұл байланыстар кеңейіп, одақтар мен коалициялар
пайда болды.
Қоғамның дамуында өзінің ортасына көп мемлекеттерді қосатын тұрақты
ұйымның қажеттілігі өсе түсті. Бұл экономикалық, саяси және әлеуметтік
қажеттіліктердің керектігінен себепші болды. Одан кейін, жеке бір
мемлекеттің емес, бірнеше мемлекеттердің дипломатиясына тән халықаралық
қатынас әдістері пайда болды. Әрине, мұнда қуатты мемлекеттің
қызығушылықтары басты орында тұрды.
Халықыралық қатынастың тарихы, ерте кезеңнің өзінде-ақ халықаралық
ұйымдарды құрудың әрекеттерін көрсетеді. Мысалы, Ежелгі Грецияда діни-саяси
бірлестік – симмахиялар, ал Ежелгі Римде – шетел мемлекеттерімен болған
дауларды қарастыру үшін құрылған арнайы коммисиялар болды. [1]
Халықаралық ұйымдардың құрылуы, халықаралық-құқықтық дәстүрлердің
пайда болуы мен халықаралық конференциялардың, кейіннен халықаралық
ұйымдардың қызметін бақылаумен байланысты халықаралық құқықтың конвенциялық
нормасын құрумен бірге қоса жүрді.
Әлемде ең алғашқы социалистік мемлекеттердің пайда болуына дейін осы
нормалар мен принциптердің негізінде күштік құқық немесе олар өзіндік мәні
бойынша қуатты державалардың қаруы болды.
Мемлекеттік бірлестіктерді құру идеясы өте ерте кезеңде пайда болды.
Бұл идеялар ежелгі ойлаушылардың философиялық діни формадағы еңбектерінен
көрінеді. Католицизм идеологтарының көптеген проекттері бізге мәлім,
мысалға Августин мен Фома Аквинскийдің Рим папасының басшылығымен барлық
халықтардың бірлестігін насихаттау. Әсіресе, халықаралық ұйымдардың құру
жоспары Еуропа континентінде көп кездеседі. “Мықты әлемді”
қамсыздандырудағы алғашқы жалпы еуропалық халықаралық ұйымдарды құру
жоспары чех патшасы Юрий Подебрадуға (XV ғ.) тән.
Ұлы француз революциясы кезінде халықтардың халықаралық ұйымдар
туралы утопиялық идеялары жиі кездеседі. Бұл идеялардың дәлелді
негіздемелері прогрессивті буржуазияның идеологы Жан-Жак Руссоның, ағылшын
құқықтанушысы И. Бентамның, неміс идеалист-философы
И. Канттың және басқалардың еңбегінде көрсетілген.
XIX ғ. ортасында қазіргі типтегі халықаралық ұйымдар пайда болды.
Олардың құрылуы халықаралық қарым-қатынастың, ең алдымен білім беру мен
әлемдік капиталистік нарықтың күрделенуі мен дамуына байланысты келісілген.
Бұл процесс, бір жағынан, конкуренттік күрес пен қарама-
қайшылықтыңшиеленісуімен қоса жүрсе, екінші жағынан, халықаралық құқықтық
негізді тұрақты реттеуді талап етті.
Қаралып отырған кезеңде маңызды орынды жұмысшы табының пайда болу
мен құрылу процесі алады. Адамзат тарихында алғаш рет халықаралық
қатынастарға, халықаралық саясат пен дипломатияға өз ықпалын тигізе
бастаған тап – жұмысшы табы болды. Бұл әлемдік тарихи процесс халықаралық
масштабта жұмысшы қозғалысының нығаюына ықпал жасады және әлемдік
пролетариат жетекшілері К. Маркс пен Ф. Энгельс бұл құбылысты қолдап қана
қоймай, жұмысшы табының интернационалдық бірігуіне көмектесті.
Халықаралық ұйымдардың ең алғашқылары деп құлдыққа қарсы
дүниежүзілік конвенцияның негізінде 1840 жылы құрылған халықаралық
бірлестікті айтады. Негізінде бұл ұйым баянсыз болды, ол құлдықты тоқтату
мен құл саудасын жоюда ешқандай маңызды шаралар қолданған жоқ.
XIX ғ. Ортасынан бастап Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына
дейін 500-ге жуық тұрақты халықаралық ұйымдар құрылды, осы уақыттың ішінде
олардың жартысынан астамы өз өмір сүруін тоқтатты. 1910-1914 ж.ж. 212
ұйымдар болса, олардың үкіметаралық ұйымдары – 20, бейүкіметтіктері – 192
еді.
Халықаралық ұйымдарды ресми түрде 1909 ж. Брюссельде құрылған
Халықаралық Ассоциациялардың Одағын тіркеуге алады. Бұл одақ өзінің
міндетіне, ең алдымен халықаралық ұйымдарды тіркеу мен олардың қызметтерін
үйлестігін қояды, сонымен қатар олардың қызметтерінің жалпы сұрақтары
бойынша ақпараттандыру, оларға мүшеліктің жалпы жағдайын құрастыру және
Халықаралық Бейүкіметтік Ұйымдар Ассоциациялардың белгілерін анықтау
одақтың құрылу кезінде келесі белгілері анықталған:
1. тұрақты органының болуы;
2. ассоциацияның құрылу кезіндегі мақсаттары мемлекеттердің
қызығушылықтарын көрсету керек;
3. ұйымға мүшелік ету жеке адамдар мен әртүрлі мемлекеттерден топтар
үшін ашық болуы керек. \1\
Кейіннен ұйымдардың аралас мүшеліктері пайда бола бастады, олар
мемлекеттердің, муниципалитеттердің, ұйымдардың, ұлтық бірлестіктер мен
жеке тұлғалардың өкілдерін қоса бастады.
Халықаралық ұйымдардың арасында ерекше орынды XIX ғ. соңында Батыс
Еуропаның пацифистикалық орталарында арнайы мекемелерді құру туралы
жоспарына байланысты бейүкіметтік ұйымдар алады. Осы мақсаттарда бірлесу
идеяларын әртүрлі мемлекеттердің парламентарийлерін жаңа халықаралық
ұйымдарды – халықаралық арбитраж жөніндегі үкімет аралық конференция (1899
ж. бастап – үкіметаралық одақ) құруға алып келді.
Айта кету керек, алғашқы ұйымдардың құрылуы шектелген мемлекеттердің
арасындағы ынтымақтастықтың шешетін мәселері көп емес және олар қаржылық
маңызды ие.
Халықаралық ұйымдардың XIX ғ. құрылуы мен дамуының алғашқы
кезеңдерін қарастыра отырып, айта кету керек, олардың міндеттерін арнайы
мәселелермен ғана шектеледі. Ал, жалпы міндеттері саяси, экономикалық,
әлеуметтік сфералардағы ұйымдар XX ғ. ғана пайда бола бастады.
Халықаралық қатынастардың дамуы мен халықаралық ұйымдардың тарихының
маңызды кезеңі – Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы. БҰҰ-ның құрылуы ІІ
дүниежүзілік соғыс кезінде дайындалған. Соғыс кезінде және одан соң бұқара
халықтың дүниежүзілік саясатқа ықпалы күшейді. Соғыс жылдарындағы
қиындықтар халықтың санасында империалистік агрессияға жек көрушілігін
арттырды. Осы жағдайларға сай БҰҰ-ның Уставы прогрессивті принципті жасай
отырып, халықаралық ұйымдарды - БҰҰ құрды.
БҰҰ – ең алдымен, халықаралық аренадағы қарама-қарсы таптық
күштердің күресі мен ынтымақтастығы жайылған халықаралық форум.
БҰҰ мен оның қызметінің жағдайы дүние жүзіндегі жағдайды айқындайды.
БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің саясаты – БҰҰ қызметінің жағдайын анықтаушы
маңызды фактор.
Өкінішке орай, БҰҰ қазіргі күнге дейін оның құрылуына әсер еткен
үміттерді толығымен орындаған жоқ. Бірақ кейінгі кезде оның қызметі оң
жақтарымен танылып жатыр. Олардың ішінде, нәсілдік дискриминацияның барлық
формаларын жою туралы Декларация мен Бас Ассамблеяның XXV сессиясында
қабылданған халықаралық Конвенция, отарлық мемлекеттер мен ұлттарға
тәуелсіздікті беру Декларациясы, XXVIII сиссияда қабылданған апартеиданы
бұлтартпау және ол үшін жаза тарту Конвенциясы. Осылайша, қазіргі кезде
халақаралық ұйымдардың ішінде ең маңызды орынды БҰҰ алып отыр.
Халықаралық ұйымның құрылу процесі соғыстан кейінгі жылдарда кең
етек жайды. Халықаралық Ассоциациялар Одағының халықаралық ұйымның санына
берген мәліметтері :
1945-1949 1956-1957 1966-1967 1972-1973 2002-2003
Халықаралық 962 1117 2134 2750 8960
ұйымдардың
жалпы саны
ХҮАҰ 100 132 119 280 1088
ХБҮҰ 862 985 1935 2470 7872
Соғыстан кейінгі жылдарда халықаралық ұйымның күрт өсуі халықаралық
қатынастардың күрделенуіне жағдай жасады.
БҰҰ-мен бірге бір уақытта дерлік, оның құрамына кіретін арнайы
мекемелер құрылды: БҰҰ-ның ағарту, ғылым, мәдениет жөніндегі ұйымы
(ЮНЕСКО), БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО), Халықаралық
реконструкция және даму банкі (МБРР), Халықаралық Валюталық Фонд (МВФ),
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Дүниежүзілік Метеорологиялық
Ұйымы (ВМО). Осы атаққа бірнеше жыл бұрын құрылған ұйымдар да ие болды:
Халықаралық Еңбек Ұйымы (МОТ), Дүниежүзілік Пошталық Одақ (ВПС),
Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы (ИКАО). [2]
“Қатал соғыс” жылдарында Қеңес Одағы мен басқа социалистік
мемлекеттер бейбітшілікті сақтауда қажырлы күрес жүргізді. Жаппай
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін құрды, халықаралық келіспеушілікті
реттеу, агрессивті ортаны әшкерелеу туралы БҰҰ-ның және басқа халықаралық
ұйымның трибуналарынан сөйледі.
Бейбіт өмір үшін БҰҰ-мен халықаралық ұйымдармен қатар Кеңес Одағы
мен социалистік мемлекеттер бірнеше халықаралық ұйымдарды құрды:
Экономикалық Өзара Көмек Кеңесі (СЭВ), Варшава Келісімінің Ұйымы,
Экономикалық Ынтымақтастықтағы Халықаралық Банк, және т.б. суверенитет пен
ұлттық тәуелсіздікті тең құқықты, территориялық тұтастықты, өзара көмек пен
ынтымақтастықты сыйлау принциптеріне негізделген бұл ұйымдар жаңа типтегі
ұйымдар болып табылады.
Отарлық жүйенің құлауы мен көптеген жас суверенді мемлекеттердің
пайда болуы бірнеше дамушы мемлекетерді біріктіретін бейүкіметтік және
үкімет аралық халықаралық ұйымдардың құрылымына алып келді.
Адам санасын түбірлі өзгеруінің салдарының маңыздысының бірі – ол
фашизмге қарсы күрес. Осының арқасында халықаралық демократиялық ұйымдар
құрыла бастады. Оларға: Дүниежүзілік демократиялық жастардың федерациясы,
Дүниежүзілік бейбітшілік кеңесі, Бейбітшілікті жақтаушылардың қозғалысы
және басқа ұйымдар жатады.
Қазіргі таңда халықаралық ұйымдардың құрылу процесі жалғасуда, олар
қоғамдық дамудың объективті қажеттілігі мен әлемде күштерді орналастыруды
бейнелейді. Осы факторлар халықаралық ұйымдардың қызметіне ықпал етеді.
Бейбітшілік бағдарламасы біздің жер шарымызда қысымдықты жою мен бейбіт
өмір сүруді қамтамасыз ету үшін бағытталған. Сондықтан әрбір азаматтың жер
шарында бейбітшілікті сақтау және халықаралық ұйымдар осы міндетті орындау
үшін бар үлесін қосуда.
1.2. Халықаралық ұйымдардың классификациясы
Халықаралық ұйымдарды топтастыру кейбір қиыншылықтармен кездесіп
отыр. Халықаралық Ассоциациялардың Одағы халықаралық ұйымдардың тізімін
құрастырып, кем дегенде үш мемлекетті қамтитын, халықаралық үкіметтік
минималды стандарттарға жауап беретін үкіметтік және бейүкіметтік ұйымдарды
кейбір категорияларға бөлуде жиырма жылдан астам уақытын жұмсады. \2\
Халықаралық ұйымдарды топтастыруды бағалай отырып , атақты
американдық халықаралықтанушы К. Иглтон былай деп жазған: “халықаралық
ұйымдарды топтастыру мүмкін емес дерлік: бұл теңіз жағалауындағы ұсақ жұмыр
тастардытоптастырумен тең”. \3\
Халықаралық ұйымдарды топтастырудың қиыншылығы олардың санының
көптігінен емес, топтастыруды негіздеуде критерийлердің көптігінде болып
отыр. Олай болса, бір ұйымды әр түрлі позициялардан алып қарауға болады:
уақытша немесе тұрақты, арнайы немесе әмбебап (қызметі мен мүшелігіне
байланысты), және т.б. Сондықтан халықаралық ұйымдарды топтастыруда
маңызды критерийлерді белгілеп алу қажет. Ең алдымен халықаралық ұйымдарды
топтастыру көпшілік таныған халықаралық құқықтың принциптеріне сай сол
немесе басқа ұйымның заңдылық критерийлерін есепке алумен байланысты.
Әдетте, барлық халықаралық ұйымдардың қызметінің бағыты: халықаралық
үкіметтік және бейүкіметтік ұйымдармен әртүрлі салаларда, әсіресе
бейбітшілікті нығайтуда біріге жұмыс істеу.
Халықаралық ұйымдар құрылымының қызметіне қарамастан, тағы бір
принцип – Халықаралық Үкіметаралық Ұйымдардың (ХҮАҰ) мүшелері суверендік
теңдігін және Халықаралық Бейүкіметтік Ұйымдардың (ХБҮҰ) мүшелерінің ұлттық
теңдігін мойындау, сонымен қатар халықаралық құқық пен қатынастардың
принциптерін сақтау. Бұл талаптар бейбіт өмірді жәнехалықаралық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуда
туындаған.
Енді, мүшелік критерийге тоқтала кетсек. Бұл критерийді негізге ала
отырып халықаралық ұйымдарды 2 негізгі критерийге топтастыруға болады:
халықаралық үкімет аралық және бейүкіметтік ұйымдар. Бірінші ұйымдардың
мүшесі болып – мемлекет, үкімет немесе олардың өкілдіктері бола алады,
екіншісі – ұлттық бейүкіметтік ұйымдар, жеке тұлғалар жатады.
Сандық қатынас жағынан ХБҮҰ әрқашанда басым болды. ХҮАҰ бейүкіметтік
ұйымдардың: 1900 ж. – 12 %, 1944 ж. – 8 %, 1975 ж. – 11,13 %, 1992 ж. –
18%, 2000 ж. – 29 % құрады. Мысалға, 1975 ж. салыстырғанда 1986 ж. ХҮАҰ-дың
өсуі 6,1 %, ал ХБҮҰ –10,3 % тең болды. \4\
ХҮАҰ категориялары біртекті емес. Сонымен қатар, ҮАҰ-ды әртүрлі
критерийлердің негізінде – саяси-әлеуметтік және формальды деп бөлуге
болады. Ең алдымен, ХҮАҰ-ды дамушы мемлекеттердің, даыған мемлекеттердің,
әлеуметтік дамыған мемлекеттің және әлеуметтік жүйеге қарсы мемлекеттердің
ХҮАҰ-ы деп бөлуге болады. Халықаралық ұйымдардың арасында ең маңызды орынды
құрамына 140 мемлекеттен астам мүше мемлекет кіретін БҰҰ алады. БҰҰ-ын
жүйелік топтауда оның құрамына БҰҰ-ның өзі және арнайы құрылған мекемелері:
Халықаралық Еңбек Ұйымы (МОТ), Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ВОЗ),
БҰҰ-ның ғылым, мәдениет және ағарту ісі жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), БҰҰ-ның
Әйелдер ісі жөніндегі ұйымы (ЮНИФЕМ), БҰҰ-ның Балалар Фонды (ЮНИСЕФ),
Экономикалық және Әлеумттік Кеңесі (ЭКОСОС), БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы
(ПРООН) және т.б. жатады.
Көптеген халықаралық ұйымдар белгілі бір немесе басқа формада БҰҰ-
мен және оның арнайы мекемелерімен байланысқан ХҮАҰ және ХБҮҰ қызметі
шектелмеген. Ресми мәліметтер бойыша, 589 БҮҰ ХҮАҰ-дармен ресми қатынас
жасауда. \5\
ХБҮҰ-ды бірдей топтауға болмайды. Халықаралық Ассоциациялар Одағының
берген мәлімдемесі бойынша, ХБҮҰ-дың 30-35 түрлері бар. Ал, Дүниежүзілік
Экономика және Халықаралық Қатынастар Университетінің жасаған “Халықаралық
бейүкіметтік ұйымдар” анықтамасында, ұйымның бұл категориясын келесідей
топтастырған: саяси, идеологиялық, әлеуметтік, халықаралық бірлестіктер,
жастар, әйелдер,отбасын және балаларды қорғау ұйымдары, ғылыми, мәдени
ағарту ұйымдары және т.б. [3]
Тағы да халықаралық ұйымдарды топтаудағы бір критерий – оның
мерзіміне байланысты уақытша және тұрақты болып келеді. Бірінші категорияға
– халықаралық конференциялар, конгрестер, кеңестер, т.б. жатса, екіншісіне
– халықаралық ұйымдардың өздері жатады.
Айта кету керек, уақытша халықаралық ұйымдар – ұзақ емес мерзімге
белгіленген ынтымақтастықтардың түрі. Осындай халықаралық ұйымдардың
маңызды белгілерінің бірі – ол өз қызметтернің мақсатын нақты уақытқа
белгілеуі. Бұл халықаралық конференциялардан (бейбітшілік, саяси,
экономикалық, дипломатиялық, аралас), оларға шақырудың тәртібі мен
процедуралардан көруге болады.
Қызметінің объектісіне байланысты халықаралық ұйымдарды топтастыру
да маңызды. Осыған байланысты, халықаралық ұйымдарды 2 топқа бөліп
қарастыруға болады. Халықаралық ұйымдардың жалпы түрінің міндетіне саяси,
экономкалық, әлеуметтік ынтымақтастық шешетін сұрақтар жатады. Екінші топқа
арнайы міндеттерге ие - тар көлемді сұрақтарды шешетін ынтымақтастықпен
шектелген ұйымдар жатады.
Халықаралық ұйымдарды зерттеуде ыңғайлы көзқарас пен топтастырудың
практикалық принциптеріне негізделе отырып, халықаралық ұйымдардың келесі
кестесін көрсетуге болады.
Халықаралық ұйымдарды топтастырудың кестесі
I. Халықаралық Үкіметаралық Ұйымдар
А) әлеуметтік дамыған мемлекеттердегі ХҮАҰ;
Б) әлеуметтік жүйеге қарсы мемлекттердегі ХҮАҰ:
1. ХҮАҰ-дың жалпы міндеті
2. ХҮАҰ-дың арнайы міндеті;
В) дамушы мемлекеттердегі ХҮАҰ;
Г) дамыған мемлекеттердегі ХҮАҰ:
1. ХҮАҰ-дың жалпы міндеттері;
2. ХҮАҰ-дың арнайы міндеттері:
а. аймақтық ХҮАҰ
б. әскери блоктар және дамыған мемлекеттердің басқа жабық
ұйымдары.
II. Халықаралық бейүкіметтік Ұйымдар
А) жаппай демократиялық ХБҮҰ;
Б) басқа ХБҮҰ:
1. әлеуметтік-саяси және идеологиялық;
2. ғылыми;
3. отбасы және балаларды қорғау, әйелдер қозғалысы;
4. жастар, ағарту;
5. спорттық, туристік;
6. экономикалық, сауда;
7. көліктік;
8. діни;
9. мәдениет, өнер, радио, телевидение облыстарындағы ХБҮҰ.
Халықаралық ұйымдардың классификациясы объективті ережеге сай
халықаралық қатынастар жүйесінің бір бөлігі болады және нақты түрлердің
спецификалық ерекшеліктерін және жоғарыда көрсетілген критерийлердің
негізінде халықаралық ұйымдар тобын құрайды.
Халықаралық ұйымдар мемелекеттер сияқты халықаралық қатынастардың
жалпы жүйесінің элеенті болып табылады. Осыған байланысты буржуазиялық
ғалымдардың қарсылық концепцияларыбар, өйткені “олар мемлекеттермен
құрылған және мүшелердің бір-біріне бағыныштылығының үлкен деңгейін
сақтайды”. \6\
Халықаралық қатынастардың жалпы жүйесінің иерархиясындағы
халықаралық ұйымдарда аталған факторлардан басқа да көптеген факторларды
атап өту керек: ұйымдардың мақсаты, міндеті мен заңдық өлшемінің
критерийлері, сандық құрамы, мүшелік мінездемесі және басқалар.
1.3. Халықаралықтанушы ғалымдардың кейбір концепциялары
Көптеген атақты халықаралықтанушы ғалымдардың халықаралық ұйымдарға
берген анықтамалары, критерийлері мен топтау жүйесі, осы ұйымдарды
зерттеуде маңызды орын алады.
Ғылымда “халықаралық ұйымдар” ұғымына берген анықтаалары көптеп
кездеседі, солардың кейбіреуіне тоқтала кетсек. Солардың бірі, ағылшын
халықаралықтанушысы Г. Брайерлидің берген анықтамасы: “Халықаралық ұйымдар
– бұл жалпы органдары бар және келісімнің нәтижесінде құрылатын бірлестік”.
Оның әріптесі М. Хадсон, Халықаралық ұйымдар – бұл белгілі бір
мемлекеттермен құрылған және тұрақты органдары бар, осы мемлекеттердің
атынан өзінің міндеттерінің өрісінде қызмет ете алатын организм”. \7\
Американдық ғалым А. Розенбергтің жазуы бойынша, “Халықаралық
Ұйымдар – бұл кем дегенде үш мүшесі бар тұрақты күрделі әлеуметтік
қызметтің жүйесі”.
Көптеген халықаралық ұйымдарға берген анықтамалар белгісіздігі мен
әртүрлі критерийлердің байланысуымен ажыратылады. Мысалы, американ
ғалымдары Дж. Най мен Р. Кеохан өздерінің берген анықтамаларына геоцентризм
мағынасын “трансұлттық ұйымдардың” негізі деп ала отырып енгізді.
“Халықаралық ұйымдар – бұл “халықаралық плюрализм” деп сендірді. Оның
астарында, ұлттық қызығушылықтарды таныстыратын, оларды трансұлттық
координациялық ұйымдарға айналдыратын топтардың бірлестігі. Бұл ұйымдар
жаңа ұлттық филиалдарды құруға ынталандыратын және үкіметтік саясатқа әсер
ететін ұйымдар бола алады”. \8\
Басқа да көптеген анықтмалардың тізімі көрсете беруге болады, бірақ
олардың біреуінде де халықаралық ұйымдар қызметін заңдылығы мен халықаралық
құқықтардыңпинциптеріне сәйкестілік жоқ. Олардың болмауы, халықаралық
ұйымдарды формальды деп табады.
Халықаралық-құқықтық принциптердің дамуы – бұл тарихи процесс. БҰҰ-
ның Уставының пайда болуы, бұл процесті одан ары қарай жалғастыруда. Бірақ,
бұл жағдайды осы БҰҰ-ның Уставы халықаралық ұйымдардың мақсаттарымен
принциптері сәйкес келетін жалғыз халықаралық-құқықтық документ.
Осыған қарамастан, қазіргі кездегі ХҮАҰ-ға анықтама бере отырып,
халықаралық ұйымдардың бейбітшілік пен халықаралық ынтымақтастықты
сақтаудағы маңызды құрал екеніне қарсылық көрсетуде. Сондықтан, қазіргі
кездегі халықаралық ұйымдар концепциясының методологиялық негізіне тоқтала
өту қажет. Осы методологиялық негіздер халықаралық ұйымдардың теориясындағы
түсініктер мен практикалық маңызға ие кейбір мәселелердің нақты анализде
құрылатын – теориялық база болып табылады.
Көптеген халықаралық зерттеушілер Батыс пен АҚШ-та көп қолданылатын
әлеуметтік бағыттағы – құрылымдық функционализмдегі позицияны қолданды.
Халықаралық қатынастарда қолданылатын, әсіресе халықаралық ұйымдарда
– құрылымдық функционализм кейбір сыртқы трансформацияларды бастан
өткізуде.
Спецификалық функционалдық міндеттерді көздеуші халықаралық ұйымдар
өзінің сферасына ұлттық топтарды кіргізуі және нығайтуы қажет, одан соң,
трансұлттық жалпы және қарама-қайшы қызығушылықтарды теңестіре отырып,
дүниежүзілік саяси одақты құру халықаралық ұйымдардың міндетіне жатады.
Халықаралық ұйымдардың ең көне функционалистік теориясы 1921 ж
ағылшын ғалымы Сэлтердің кітабында дамуын тапты. Онда “үкіметаралық сіңісу”
теориясын әртүрлі деңгейде негіздеу жазылған. Оны негіздеу халықаралық
байланыстар мен арнайы үкіметтік қызметтердің нығаюынабайланысты. Автор
осындай арнайы “халықаралық администрацияның” жайлап кеңеюінен, “ұйымдасқан
әлемдік қоғам” яғни “әлемдік мемлекет” пайда болады деп сендірде.
Халықаралық ұйымдардың құрылымдық функционализм позициясынан қазіргі
заманғы концепция Калифорния Университетінің профессоры Э.
Хаастың “Ұлттық мемлекеттің шегінен шығу. Функционализм және халықаралық
ұйымдар” кітабында ашып жазылған. Функционалистердің айтуы бойынша, саяси
элемент пен саяси жетекшілік халықаралық ұйымдардың табысты қызметке
жеткізуіне бөгет жасайды.
Халықаралық ұйымдардың жалпы мағыналарының анализіне көңіл бөле
отырып, құрылымдық функционализмнің өкілдері Ф. Селзник пен Э. Хаас барлық
халықаралық ұйымдарды осы ұғымды білдіретін ұйымдар мен институттарға
байланыстыұйымдар – нақты мақсаттарды шешудегі ұйымдар болып табылады.
Ф. Селзник пен Э. Хаастың мәлімдеуі бойынша, институттар – жоғары
категориялы ұйымдар болып табылады. Бұл ұйымдар “ерекше шешімдерді
қабылдаумен немесе міндеттері, әдістері қатынасының спецификалық
міндеттерімен” бейнеленеді. \9\
Халықаралық ұйымдардың мақсаттарының әрқашанда өзгеруі ұйымдардың
ажыратылмайтын белгісі. Мұндай ұйымдардың “майысқақтығына” Ф. Селзник пен
Э. Хаас маңызды мағына береді. Барлық жауапкершілікті олар жетекшілерге –
“арнайы элитаға” жүктейді.
Ұйымдармен жетекшілік ету, функционалистердің айтуы бойынша, жалғыз
маңызды фактор болып есептеледі.
Пристон Университетінің профессоры Д. Сьюэлл функционалистердің
орталық жағдайларының бірі болып, ең алдымен ішкі құрылымның өзгеруінің
қабілеттілігімен бейнеленетін халықаралық ұйымдардың максималды
динамикалығы болып табылады деп айтқан. Бұл динамика өзіне кейбір айналу
типтерін қосады,соның ішінде құрылымдық ауысу анық байқалады. Жаңа ұйымдық
және процедуралық модельдердің дамуы, функционалдық қызметке жетуін
нығайтады.
Автордың теориялық ойлары, оның аргументтерін бейнелейтін
мысалдармен дәллелденбейді және осыда қандай да бір заңдылық бар: қаралып
отырған концепция халықаралық ұйымдардың жетекшілігімен жіберілетін қандай
да бір басынушылықты негіздіу үшін ыңғайлы.
Осы концепцияға сай, таңдалынған элита - өзінің қарастыруы бойынша
немесе ұйымның құрылымы мен мінездемесін өзгертуде – ешқандай шектеуі жоқ
құқыққа ие болады. Мұнда ұйым мүшелерінің қызығушылығы мен суверенді теңдік
пинципімен санасу қажеттілігі ескерілмейді.
Э. Хаастың айтуы бойынша, ұйымдар – бұл мақсаттарды функцияға немесе
ерекнше сапаларға айналдырады және олардың функционалдық тиімділік кезінде
бар халықаралық жүйені басқа бір жаңаға өзгертеді. Э. Хаас өзінің
концепциясын БҰҰ-нда қолданғысы келеді. БҰҰ – көп фазалы жүйе, оның
мінездемелік ерекшелігі мен эволюциялық потенциалы алмасушы ортамен келісуі
қажет, - деп тұжырымдайды.
Функционалистердің бірі Ф. Селзник – халықаралық ұйымдарға мынадай
анықтама береді: Халықаралық ұйымдар – оның қандай да бір саяси мақсаттарға
қызмет ете алуын негіздейтін мәселені көздейді. \10\
Қазіргі заманда халықаралық ұйымдардың құрылу процесінің негізі
неде? Бұл сұраққа американ ғалымдары Ф. Джэкоб пен А. Атертон: Тұлғасыз
жүйелердің емес, адамдардың қызметі мен тұлғаның талаптары деп жауап
береді.
Джэкоб пен Атертонның талдауларында, халықаралық ұйымдардың қрылу
процесі – бұл үкіметтердің ықыласына қарсы тұрумен сипатталатын хаостық
процесс. Үкіметтер бұл жаңа кірулерге тек абсолютті қажеттілік қысымының
арқасында ғана келісілді, сондықтан халықаралық ұйымдардың дамуы
келіспеушілікпен болады және әрбір ұйым спецификалық мақсаттардың арқасында
құрылады және олар басқа халықаралық қызметтегі сфералармен байланыспайды.
\11\
Функционализм халықаралық интеграция теориясында маңызды орын
алатынын айта отыра, американдық Р. Кокс халықаралық интеграцияның
стратегиясы заңдық реформаторлардың стратегиясымен салыстырғанда өте әлсіз
немесе функционализм әлемдік үкіметтің даму жолындағы саяси кедергілерді
есепке алады.
Функционалистер интграция дегенде нені түсінеді? Халықаралық
ұйымдар бағдарламалармен бірге құрылуы мен өсуі – бұл Батыстық образ
бойынша белгілі бір құндылықтарды қайта жасау процесінің көрінісі. Олай
болса, интеграцияның функционалдық логикасы Батыстық тәжірибе мен
қабылдаудың тәсілінде жатар, - деп Э. Хаас жауап берген.
Функциолналистердің нандыруы бойынша, интеграция – қазіргі
халықаралық дамуда басты формасының қызметін атқарады. Басқа
халықаралықтанушылар интеграция мәнінің теоретикалық негіздерін –
мемлекеттің интеграциялық топтардың мүшесі бола отырып, өздерінің
суверендік құқықтарынан айырылатынын дәлелдеу үшін қолданады. Халықаралық
интеграция бір уақыттағы күй мен процесс екенін айта отырып, француз
халықаралықтанушысы Ж. П. Кот мынадай қорытындыға келді: интеграциялық
топтардағы мемлекеттің шешімі басқа мемлекеттермен салыстырғандағы алған
позициясына немесе жүйесіе байланысты. Олай болса, халықаралық ұйымдардың
мүше мемлекеттеріне интеграцияняң нәтижесінде әлемдік мемлекетті құрудағы
ниеттеріне белгілі бір орын дайындалған.
Халықаралық ұйымдардың ғылыми дәлелденген функция және құрылымының
түсініктері оларды зерттеуде маңызды. Белгілі бір құралдардың көмегімен
спецификалық мақсаттар мен міндеттерді орындауда мұндай ұйымдар құрылған.
Осындай құралдардың тізімі берілген ұйымның қызметін түсінуде көмектесетін
ұйымның уставымен қарастырылады.
Халықаралық ұйымдардың классификациясын зерттеу маңызды, өйикені
бірқатар ұйымдардың функциялары сырттай аналогиялық болуы мүмкін. Бірақ
функцияларды таза күйде қарастыру жеткіліксіз. Ең маңыздысы, ұйым қандай
идеяларды насихаттайтынын анықтап алу. Бұл насихаттар не бейбіт өмір үшін
күрес пен бейбітшілікпен қатар өмір сүру идеясы, не нәсілдік шыдамаушылық,
экспанция және т.б. жоғары державалық идеялар болуы мүмкін. Әрбір нақты
жағдайда халықаралық ұйымдарды бағалау әртүрлі болады. Нақты функция
ұйымның өзгешелігімен және оның қызметтерінің ерекшелігімен байланыстырылып
қарастырылуы қажет.
Функционалистердің отаршылдық туралы баяндаулары қызығушылықты
туғызады. Отаршылдық – алғашында жүйелік қажеттіліктерді (міндеттерді)
қанағаттандырған, жүйенің функциясы (яғни міндеті, мақсаты, қажеттілігі,
нәтижесі) болды, бірақ олар функционалдық болмағандықтан, сол
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін функционалдық эквиваленттерді табу
қажет, деді Э. Хаас. Бұл концепцияның саяси бағыты айқын не болмаса
концепция отаршылдықты халықаралық қатынастардағы әлеуметтік механизмнің
заңдылығы мен функциясы деп талқыға салады. Әлеуметтік механизм,
функционалистердің мәлімдеуі бойынша, әлеуметтік тұрақтандыруға әсерін
тигізді. Отаршылдықтың кластық және әлеуметтік мағынасы, жаңа формада
адамдарды құл қылу жүйесін өмірлік ететін мақсаттармен көзделетін,
абстрактілі ойларды бүркеу болып табылады.
Құрылымдық функционализм халықаралық ұйымдар теориясының кең тараған
бағытына қарамастан, мұндай теориялық негіздердің тізімі таусылмауда.
Мысалға, американдық Д. Плано мен Р. Риггс функционалистердің позициясына
өздерінің келіспеушілігін білдірді. Оларға қарсы авторлар өздерінің саяси
факторларын ұсынуда, функционалистердің ұсынған халықаралық қатынастардың
арнайы облыстары емес, халықаралық қатынастар жүйесіндегі халықаралық
ұйымдардың жағдайын саяси факторлар нығайтады деп айтқан.
Функционалистік халықаралық ұйымдардың жүз жылдан астам
тәжірибесі мен халықаралық ұйымдардың шапшаң өсуі қазіргі күнге дейін
глобалды саяси бірлестіктердің құрылуына алып келген жоқ, - деп жазады
Плано мен Риггс. Бірақ олар саяси интеграцияға практикалық тәсілін
туғызады. Қазіргі заманғы халақаралық ұйымдардың даму процесі әрбір ұлттық
мемлекеттің еркіндігін сақтай отырып, жалпы мәселелерді жан-жақты шешетін
әлемді құру бағытында жүруде... Тарихтың жаңа кезеңінде халықаралық ұйымдар
глобалды бірлестікті құруда маңызды әрі қажетті орын алуда. \12\
Халықаралық ұйымдардың құрылымына келетін болсақ, кейбір ғалымдар
оны ұйымдардың мақсаты мен мінездемесінен бөлек байланыс деп қарастырады.
Зерттеудің мұндай тәсілдемесі, Батыс халықаралықтанушы ғалымдардың
ұсынуымен, халықаралық ұйымдардың топтаудың жүйесінің ерекшеліктерін
түсінуге көмектеседі. Кейбір авторлар халықаралық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz