Қытайға Жапониядан капитал шығару
ЖОСПАР
Кіріспе. 3
І-тарау. ҚХР Жапонияның сыртқы саясатында 7
1.1 Жапон – Қытай серіктестігі 7
1.2 АТР-гі Қытай-жапон бәсекелестігі 15
ІІ-тарау. Оңтүстік Корея мен Тайвань Жапонияның сыртқы саясатында 21
2.1 Оңтүстік Корея және Жапония 21
2.2 Тайвань мәселесіне Жапонияның көзқарасы 27
III – тарау. Оңтүстік Шығыс Азия және Тынық мұхит елдері Жапония сыртқы
саясатында 30

3.1 Оңтүстік Шығыс Азиядағы халықаралық жағдай және Жапония саясаты 30
Қорытынды 38
Әдебиеттер тізімі 39
Кіріспе
Берілген курс жұмысының тақырыбы Жапонияның Азия-тынық мұхит
аймағындағы рөлі деп аталады.
Тақырыптаң өзектілігі. Азия-тынық мұхит аймағы әлемдік саясатта өте
маңызды орынға ие. Бұл елдің халықаралық қатынастағы, сыртқы саясаттағы
мәні жылдан-жылға өсіп келеді. Мұнда әлемнің ең ірі, аумақты және көп
халықты елдері орналасқан – Ресей, Қытай Халық Республикасы, Америка Құрама
Штаты, Үндістан, Индонезия, Жапония, Канада, Мексика, Ветнам, Корея
Республикасы, Бангладеш, Австралия, Жаңа Зеландия, т.б. елдер. Аймақ
территориясы тіпті жер шарының тең жартысын алып жатыр деуге болады. Сондай-
ақ, соңғы кездері Азия-тынық мұхит аймағының ерекше қарқынмен дамуы
саясаткерлермен ғалымдардың да көңілін аударуда. “ХХІ ғасыр Азия-тынық
мұхит аймағы ғасыры” деген болжам айтылып жүр. Енді әлемнің басты назары
осы аймаққа бағытталып отыр. Бұл аймақ ірі өндіріс күштердің жинақ көзі
болып табылады. Мұнда барлық автомобилдермен кемелердің, синтетикалық
талшық пен теледидарлардың 70 пайызы, пластмассалармен синтетикалық
шайырлармен 60 пайызға жуығы, алюминимен болаттың 50 пайызы шығарылады.
Сондай-ақ табиғи және шикізат көздері де молынан шоғырланған. Осындай
экономикалық даму барысы аймақтағы елдер арасында терең де, жан-жақты
ынтымақтастықтың жүзеге асуына алғы шарт болып отыр.
Бұл аймақтың жалпы әлемдік саясатта өзіндік бірнеше ерекшеліктері
бар. Басты ерекшелігі мұнда АҚШ-тың әскери-саяси қатысуы орын алған, АҚШ
осындағы көптеген елдермен саяси, әскери, экономикалық байланыстар
жүргізеді. Тағы бір ерекшелігі мұндағы елдер мұхит жағалауындағы
мемлекеттерден құралған, мұның бәрі Азия-тынық мұхиты аймағы елдерінің
теңіз инфрақұрылымының жеткілікті деңгейде дамуына жол ашады. Сонымен
бірге, бұл аймақта даулы мәселелер де көптеп орын алған. Елдер арасындағы
территориялық дау-жанжалдар (мысалы: Жапония – Ресей, Ресей – Қытай, Қытай
– Ресей, т.б.), Корей жарты аралына қатысты, Тайвань мәселесіне байланысты
және басқа да елеулі қақтығысты оқиғалар.
Соңғы кездегі әлем жұртшылығын елеңдетер жәйт – аймақтық көп
мемлекеттерінің қарқынды экономикалық даму үрдісі.
АТР елдерінің экономикалық жағдайының өте тез жылдамдықпен өсуі үлкен
табыстарға қол жеткізді. Сондай-ақ, АТР елдерінің сауда – экономикасының
ынтымақтастығы да дами түсті. Азия-тынық мұхит аймағының елдері арасында
инвестициялық ынтымақтастық кеңейді. Сонымен бірге қаржы саласы да едәуір
қарқынмен өсті. АТР-де Санган, Сингапур, Токио қаржы орталықтарыпайда
болды.
АТР елдерінің экономикалық дамудағы табысы және аймақтағы халықаралық
ынтымақтастықтың белсенділігі біріншіден, қолайлы табиғи ресурстардың мол
қорының болуы, яғни экономиклық дамудағы керекті шикізатты қамтамасыз етіп
отырды. Екіншіден, Азия-тынық мұхит аймағы елдеріндегі сасяи жағдайдың
тұрақтылығы. Үшіншіден, “ашық есік” сасяатының жүргізілуі. Бұл экономикалық
дамуға басқа елдердің де әсері ықпал етті. Азия-тынық мұхит аймағында
негізгі рөлді Жапония атқарады. Азиялық болсын, ғаламдық мәселе болсын
шешуде Жапония белсене араласты. Экономикалық даму деңгейі бойынша екінші
орындағы ол өзінің ықпалын әлемге таратуға тырысты. Жапония басшылары көп
полюсты дипломатия сасяатын жүргізді. Бұл АҚШ-тың біржақты қатаң байланыс
жүйесінен шығып, Батыс Европа және Ресей, Қытай елдерімен байланысын дамыту
еді. Экономика жағдайының өсуімен Жапония сыртқы саясаттағы мақсатына
жетуге осыны пайдаланды.
АТР де Жапония үшін ерекше саяси мәні бар аймақ. Яғни мұндағы
халықаралық, саяси жағдай өзінің ғаламдық сыртқы саяси мақсатына жету
мүмкіншілігін біршама анықтап береді. Бұл аймақта Жапония тең құқылы
серіктес ретінде Ресеймен, АҚШ-пен және Қытаймен өзара құқықтық жүйеге
қатыса алады.
АТР біріншіден, Жапонияны бай табиғи ресурстар көзімен тартады. Бұл
аймақ жапон өнеркәсіп өнімдері үшін нарық көзі болып табылады. АТР-дегі
арзан жұмыс күші Жапониядағы жұмыс жалақысының кенет өсуіне байланысты
капитал салуға маңызды. Және де Азия Жапония үшін әскери-стратегиялық
көзқарасы бойынша да маңызды болып саналады.
Жапония АТР-дегі саясатын үш принципке сүйене отырып жүргізді.
• Жапония осы аймақта Американ ықпалын қысқарту арқылы өзіне мол мүмкіндік
жинау. АҚШ-тың Азиядағы жауапкершілігін қысқарту жөніндегі Никсонның
“Гуам доктринасының” шақырылуы және Форттың “Жаңа тынық мұхиттық
доктринасы” Токио үшін өз ықпалын кеңейтудегі мақсатын жүзеге асыруы
кермет жағдай болды.Сыртқы істер министрі М.Охираның айтуынша Азия
елдері АҚШ-қа мойынсұнбай өз бетімен күн көретін кез келді. Енді Жапония
орталық фигура болары сөзсіз. Жапония бұны өз мойнына ала отырып,
елдерге экономикалық көмек көрсетуге тырысты.
• Басқа империальистік елдермен тығыз ынтымақтастық орнату. Халықаралық
ұйымдардың мүшесі ретінде АТР елдері және АҚШ, Батыс Европа елдері
арасында ынтымақтастықты дамытуға делдал болу.
• Басқа империальистік елдермен қарама-қайшылықты дұрыстау. Мұнда Жапония
басшылары әр түрле ұйымдарға инициатор болды. Азия-тынық мұхиттық кеңес
(ASPAC), АСЕАН, АТЕС, АСЕМ ұйымдары құрылды.
Жалпы жапон сыртқы саясаты қолайлы халықаралық орта құру және
барлық елдермен тиісті қарым-қатынас орнату болды. Сол үшін ғаламдану
саясатына ұмтылуы Жапонияның әлемде алатын орны мен рөлін арттырды.
Әсіресе, Жапония ғаламдық істе АҚШ пен ынтымақтаса отырып, АТР-дегі
қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, Азияда жаңа рөлге ие болды. Және бұл
аймақтарда бейбітшілікпен өркендеудің кепілдігі үшін АҚШ-тың қажет екенін
мойындады.
1993 жылғы премьер министр К. Миядзаваның “Миядзава доктринасы”
Жапонияның АТР-дегі саясатының төрт басты бағытын ұсынды.
• АТР-дегі қауіпсіздіктің тұрақты дамуы, жаңа тәртіп құрудағы белсенділік.
• АТР-дің экономикасының одан әрі дамуына жол ашу.
• Демократияны дамыту, қоршаған ортаны сақтау, экономикалық даму
арасындағы үндестікке жету үшін АТР елдерімен бірлесе күресу.
• Үнді қытай елдерін өркендету және бейбітшілік орнату ісінде АСЕАН
елдерімен ынтымақтасу.
Жапонияның бұл бағыттары аймақтағы қауіпсіздік мәселесіндегі
нақты Корей мәселесі, Камбоджа мәселесі сияқты проблемаларды шешуде
басшылық рөлге талпынысын көрсетеді. Жапонияның АТР аймағында жетекшілік
рөлге ие болуы, БҰҰ мен жақындасу арқылы кең шеңберде іске асуда. Сондай-
ақ, Жапонияның аймақтық қауіпсіздік жүйесін құру саясаты елдер тарапынан
қолдау тауып, жөғары бағаланып отыр. Бұл бір жағынан кіші елдер жағынан
өзіне сенім алғысы келсе, екінші жағынан аймақтың саяси лидер рөліне енудің
алғы шарты еді. Жалпы Жапония экономикалық жағынан АТР елдеріне көмек бере
отырып, өзінің саяси деңгейін көтеру болды.
Курс жұмысының мақсаты. Жапонияның ірі аумақты АТР елдеріндегі,
әсіресі ҚХР, Корея Республикасы, Оңтүстік Шығыс – Азия елдері мен Тынық
мұхит елдеріндегі жүргізген саясатын, орны мен рөлін анықтау. Сондай-ақ
лидерлік рөлдегі бәсекелестігімен серіктес елдерді, лидерлік рөлге ие
болуындағы саясатының қайнар көзін білу.
Курс жұмысының міндеттері. Жапония экономикалық ұлы держава. Оның АТР
елдерінднгі кейбір мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастарын
бастаудан, ынтымақтастыққа, серіктестікке, бәсекелестікке жетуге дейінгі
жағдайларды қарастыру. АТР аумағында және ғаламда жетекшілікке жетудегі
бағыттарының нәтижесін көрсету. Әлем жұртшылығына экономикалық ұлы держава
ретінде танылуының сырын ашу.
Курс жұмысының қайнар көздері. Монографиялық зерттеулерден Петров
Д.В., Носов М.Г. “Международные отношения в АТР”, Поспелов Б.В. “Отношения
Японии со странами АТР: социально-идиологические аспекты” еңбектерінде АТР-
дегі халықаралық жағдай мен Жапонияның осы аймақтағы саясаты жайлы
мәселелер қарастырылған. Кутаков Л.Н. “Внешняя политика и дипломатия
Японии” еңбегінде Жапонияның Қытай, Корея, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен
қарым-қатынасы, саяси бағыттары, ол елдердегі Жапонияның рөлі мен орны
жайлы кеңінен көрсетілген. “Китай в мировой политике”, Крупянко М.И.
“Япония в системе Восток-Запад: политика, экономика” кітаптарында Қытайдың
АТР-де тек серіктестік қана емес бәсекелестік рөлінің артуын, Жапонияның
Қытаймен экономикалық байланысын жоғары деңгейде дамытуда ынтымақтастыққа
тарту әрекеттері көрсетілген. Ал, Дмитриевская Н.П. “Япония и Южная Корея”
еңбегінде Жапонияның АТР-дегі лидерлік рөлге ұмтылуындағы Кореяның маңызы
мен ықпалы көрсетілген. Кунадзе Г.Ф. “Японо-китайские отношения на
соврменном этапе” еңбегінде Жапонияның Тайвань мәселесін шешудегі рөлі
қарастырылған. Жалпы Тайваньда жапон компанияларының 600-ге жуық филиалы
жұмыс істейді. Жапония мен Тайваь арасындағы экономикалық қарым-қатынасқа
кір түспеуі, екеуінің арасындағы берік ынтымақтастықты көрсетеді Чуфрин
Г.И. “международные отношения в Юго-Восточной Азии на современном этапе”
еңбегі және Тупов Б.С. “Интересы Японии в зоне стран АСЕАН” еңбегінде,
авторлар сыртқы ықпалға тәуелді болып келген Оңтүстік-Шығыс Азия
мемлекеттерінің пішіні өзгеріп, әлем шаруашылығындағы рөлі өсе бастағанын
бөліп айтады. Оған қоса Жапонияның Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен қарым-
қатынасындағы кейбір мәселелерге, әсіресе Жапония экономикасына деген
тәуелділігі төңірегіндегі жайларға баса назар аударылған. Баспалық
сараптамаларға келсек, Нодари Симонияның “Японский каскад” тақырыбындағы
“Новое время” газетінде жарық көрген мақаласында АТР-дегі Жапон
экономикалық үстемдігінің жылдан-жылға артып келе жатқандығын баса айтады.
Жапония АТР-де соғыстан ейінгі жылдары АҚШ-тың Батыс Еуропадағы атқарған
рөліндей дәрежеге көтеру керектігін көрсеткен. Ал, “Азия и Африка сегодня”
журналындағы Д.Мосяков мырзаның “Очередная схватка” мақаласы Қытай-Жапон
қарым-қатынасын жан-жақты көрсеткен. Ондағы басты мәселе екі ел арасындағы
дипломатия төңірегінде көбірек қозғалған. Жапония мен Қытай тек АТР
аумағында ғана емес әлемдік лидерлікке ие болуда да бір-біріне бәсекелес
болғаны. Сүйте тұра, олар саудалық серіктестігі берік. Тайвань мәселесі де
қозғау болған. Және Сенкаку аралына байланысты даудың шығуы туралы
түсініктеме берілген.
Құрылымы жағынан курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және
қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі және негізгі ұстанған
мақсаттары мен міндеттері, пайдаланылған әдебиеттерге түсініктеме жасалған.
І-тарау. ҚХР Жапонияның сыртқы саясатында
1.1 Жапон – Қытай серіктестігі
Жапонияның сыртқы саяси концепциясында Қытайдың орны ерекше. Бұл
елдер тек жағрапиялық жағдайы мен дәстүрлі саяси байланыстылығымен ғана
емес, сонымен қатар кең ауқымды экономикалық–саяси және әскери–стратегиялық
мәселелерді шешуде Жапонияның бұрыннан бергі серіктестігі болып келеді. Екі
елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнығуы Жапонияның ғаламдық
саясатында, сондай-ақ Азия-тынықмұхит аймағы елдерінің қарым-қатынасында
қытай факторының мәнін дереу өсіріп жіберді.[1]
1972 жылы қыркүйекте премьер-министр К. Танака ресми іссапармен Қытай
Халық Республикасына келеді. Осы жылы қыркүйектің жиырма тоғызы күні екі
жақ дипломатиялық қарым-қатынасының орнауы туралы біріккен мәлімдемеге қол
қойысты. Жапония үкіметі Қытай Халық Республикасын Қытайдың бірыңғай заңды
үкіметі деп таныды және де Тайвань ҚХР-территориясының ажырамас бөлігі
деп санап ҚХР-дың бағытын толығымен құрметтейтіндігін хабарлады. Бірлескен
мәлімдемеде ҚХР-ның Жапонияға әскери репорациялық талап қоюдан бас
тартқандығы жазылған еді. Пекиннің айтуымен 7-тарауда екі жақта да Азия-
тынық мұхит аймағында үстемдік орнатуға ұмтылмады және де басқа елдер мен
топтардың үстемдік етуіне жол бермеу жөнінде де жазылады. Осы үстемдікке
қарсы бапта Қытай үкіметі біріккн мәлімдемеде қаралған Бейбітшілік және
достық туралы келісім-шартты енгізуге тырысты[2].
Ал дәл осы күні сыртқы істер министрі М.Охира жапон-тайвань бейбіт
келісім-шарты Жапония мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың
орнауына байланысты мәнін жойғанын хабардар етті. Ал сол күні Тайбэй
Жапониямен дипломатиялық қарым-қатынасын үзгенін хабарлады. Бірақ бұл
әрекет жапон-тайвань экономикалық қарым-қатынасына көлеңке түсіре қойған
жоқ.[3]
Жапония басқарушы топтары Қытаймен саяси байланыстың дамуына көбірек
көңіл аударды. Пекинмен жақындасу Жапония үшін Кеңес Одағы мен АҚШ-пен
қарым-қатынаста пайда табуда қосымша мүмкіншіліктер ашуы мүмкін еді және де
әлемдік аренада Жапонияның бағытын нығайтуға жол ашады. Бұл жөнінде
жапондықтар АҚШ, Қытай және Кеңес Одағының арасында отырып, осы үшбұрышты
өз жолымызбен дұрыс жүруімізге пайдалана алуымыз қажет делінген.[4]
Сонымен қатар Токио Пекинмен жақындаса отырып сондай-ақ экономика
саласында қолдау көрсету, социализм лагерьіне қатысты ҚХР-ның бағытын
бекітуді, солай социалистік жүйені әлсіретуді көздеді. Жапон дипломатиясы
Азияда конфронтация қаупін әлсіретті және келешекте ықпал ету аймақтарын
бөліске салу туралы қандайда бір келісімге жету үшін жағдай жасауға
тырысты.
Егер Жапония ҚХР мен империалистік дүниенің байланысын дамытуда және
қалпына келтіруде басты делдал бола алса, онда ол едәуір жеңіске жеткені
болар еді. Бұл тек Жапонияның халықаралық беделін ғана емес АҚШ-пен саяси
және экономикалық одақта оның бағытын нығайта түскен болар еді, яғни Пекин
мен Вашингтон арасында тікелей келісімдер орнатумен қол жеткізері анық[5].
Жапон-қытай дипломатиялық қарым-қатынасының қалпына келуі екі елдің
арасындағы экономикалық байланыстың дамуына да көбірек ықпалын тигізді.
1974 жылы бесінші қаңтарда Жапония сыртқы істер министрі М.Охираның Пекинге
келуі кезінде сауда келісіміне қол қойысты. Онда ғылыми-техникалық айырбас
жөнінде бір-біріне мол ақпарат беру қарастырылды. Екі ел арасында экспорт,
импорт көлемі ұлғая түсті. ҚХР жапон тауарының нарықтық жинағы бойынша АҚШ-
тан кейін екінші орынға кірді.
Егер Жапония үшін ҚХР мен сауда маңызды рөл атқармаса да, Қытай
экономикасы үшін сауда қатынасы жоғарғы мәнге ие болды. ҚХР-ның Мемлекеттік
Кеңесінің премьері Чжоу Энь–Лай мен Мао Цзэ-дун өлімінен кейінгі Қытайдағы
саяси және экономикалық тұрақсыздық, Жапонияда дағдарыстың зардаптарын
жеңуге ұмтылуы жапон-қытай саудасының құлдырауына әкелді.
1978 жылы он жетінші ақпанда Пекинде ұзақ мерзімді сауда келісіміне
1978-1985 жыл аралығына қол қойылды.
Ал 1974 жылы жиырмасыншы сәуірде Пекинде әуе қатынасы жөнінде
келісімге қол қойылып, Токио–Пекин тікелей әуе кеңістігін ашты. Бұған жауап
ретінде Тайвань Жапониямен әуе жолын үзісті. Осы тайвань мәселесі
төңірегіндегі екі ел арасындағы қарама-қайшылық 1974 жылы кеме қатынасы
туралы келіссөз басталған кезде де пайда болды. Бірақ, Жапония ҚХР кемесі
жапон портында тұрған кезде тайвань кемелерінің кіруіне тыйым салған
талабынан бас тартты. Келісімге тек 1974 жылы қазанда қытай бағытын
өзгерткеннен кейін ғана қол қойысты.
Екі жақтың маңызды қарама-қайшылығы балық аулау мәселесі бойынша екі
жылға жалғасқан келіссөзді бекіту жөніндегі келісім төңірегінде туды.
Ақырында Жапония ҚХР-ның әскери данасы деп жариялаған Похай шығанағында
балық аулауға тыйым салуға келісім берді.
1975 жылы он бесінші тамызда қол қойылған келісім 22-желтоқсанда
күшіне енді, ол үш жыл мерзіммен бекітілді. Онда барлық ресурстарын сақтау
мен пайдалануда, құтқару жұмыстарында бірлесе жұмыс істеуде ынтымақтасу
қарастырылды.[6]
80-жылдардың соңында Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынасының дамуы
күрделене түсті. Жапон-қытай қатынасының тұрақтануында екі ел арасындағы
идеологиялық қарама-қайшылық өзара тәуелді және пайдалы байланыс жасауда
кедергі бола алмады. Екі ел арасындағы сауда-экономика саласы да дамудың
биігіне шықты. Жапондықтар Қытайға жоғарғы технологиялық өнімдерді
ұсынды[7].
Жапония мен Қытай саяси салада дипломатиялық қатынасын
тұрақтандырғаннан кейін 1978 жылы Бейбітшілік және достық туралы келісім-
шартқа қол қойысты. Сыртқы істер министрі мен әскери басшылар негізіндегі
жоғарғы деңгейдегі іссапарлар ұйымдастырылды[8].
70-80 жылдардағы екіжақты байланыс кең ауқымдылығымен ерекшеленді,
барлық салада да өсімді де, өнімді дамыды.
Жалпы Жапонияның Қытаймен қарым-қатынасында соңғы жарты онжылдықта
екі жақтың да саяси және экономикалық диалогта кеңею бағыты бойынша және
талас мәселелерді тек екі жақты қызығушылық бар жерде шешуге бірге баруға
дайын екендері паш етілді. Қытай басшылары Жапониямен байланысты финанстық
және техникалық көмек алудағы үмітті қайнар көз ретінде қарастырды. Сондай-
ақ, Жапония Қытайдың өнеркәсіп өнімдерін экспорттауда, валютаны толтырудағы
басты рыногы. Қытай-жапон қарым-қатынасының жоғары деңгейде жүргізілуін
қамтамасыз ете отырып, Қытайдың әлеуметттік–экономикалық және саяси дамуда
өзіне қажетті жағдайын жасауға тырысты. Ал жапон үкіметі Қытаймен жақындасу
экономикалық, саяси және әскери салада, ғаламдық және аймақтық деңгейдегі
өзінің қауіпсіздігін нығайтуға тырысты.[9]
70-жылдары Жапонияның саяси топтары Қытай рыногын бірінші кезекте
елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайту үшін қолдану идеясын ұсынды. Екі
ел арасында келісімдер жүзеге асып жатты. Жапония айырбас ретінде Қытайға
капитал, технология, құрал-сайман ұсына отырып, экономиканы қайта құруды
тездетуді ойлады. Жапония Қытайда ірі ауқымды экономикалық құрылымның іске
асуына қатысуға дайын екені туралы хабарлады, оған сонымен бірге
металлургиялық комбинат орнатуға көмектесу жатады.[10]
Ал, қытайлықтар жапоннан алатын құрал-сайманға энергетика шикізат
айырбастау шегін өсіруді ойластырды.
70 жылдардағы бекітілген экономикалық ынтымақтастық жөніндегі
келісімдер мен контрактлер екіжақты экономикалық байланыста барынша табысқа
жетуге бірлесе қимылға шақырды. Екі жақтың да 80 жылдардың ортасында тауар
айналымы 40млрд. доллар құрады. Дегенмен 80 жылдардың басында екіжақты
экономикалық қатынас жағдайы нашар болатын. Қытайдың шаруашылық
механизмдерінің қақтығысуымен экономикалық айырбас іске аспай қалды. Қытай
энергетика бойынша экспортта үлкен жетіспеушілікке ұшырады, тіпті өз
экономикалық қажеттілігіне де жетпей қалды.
80-жылдардың ортасында өнеркәсіп шикізаты мен энергетика өнімдері
әлемдік нарықта бағасы кеми түсті, жапон импорттаушылары қытай шикізатын
сатып алуға тұрақты да, елеулі қаржы бөле алмады. Сондықтан 80 жылдардың
өзінде жапондықтар үшін қытай рыногы экономикалық қауіпсіздік негізінде
қолдану есебі белгілі болды. Сол себепті жапон іскерлерінің көзқарасы ҚХР-
ды экономикалық қауіпсіздік үшін қолдануы қарым-қатынасты жан-жақты
нығайтумен аймақтық және ғаламдық деңгейдегі стратегиялық тұрақтылық үшін
ауыстырылды.[11]
Жапонияның бұрынғы Сыртқы істер министрі С. Абэ Жасанды дипломатия
кітабында Жапон үкіметінің сыртқы саматының негізгі мақсаты бейбітшілік
пен жапон халқының өркендеуін қамтамасыз ету болса, онда бұл мақсаттағы
әрекеті ҚХР-мен қарым-қатынасында дамыр еді деп жазған[12].
Жапония мен ҚХР мүдделерінің сәйкес келуі олардың аймақтағы саяси
құрылымдарының тұрақтануы мен осы аймақтағы ұлы державалардың әскери
қайшылығының әлсіреуінен көруге болады.
70-жылдардағы Жапонияның Қытаймен қарым-қатынасын дамытудағы
стратегиясы әртүрілі болды. Жапония ҚХР-мен жақындаса отрып, оның сыртқы
саясатында анти кеңестік бағытты қолдады. Қытай басшылығы да Жапония, АҚШ
және Батыс Европа елдерінің қолдауына сүйене отырып, Кеңес Одағына қарсы
күрес майданын құруды көздеген еді. Бұл бағыты Жапонияның Батыстың билеуші
державаларымен жақындасуында және Азия-тынық мұхит аймағы елдерінде
стратегиялық серігі болатынына сенімді еді.
Бірақ, 70-80 жылдары Қытай Кеңес Одағымен қарым-қатынасын жақсартуға
дайын екендігін атап көрсетті. Кейін Қытай билеушілері Кеңес Одағымен
келіссөз жүргізіп, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте түсті. 80-жылдардың
соңында Пекин Москвамен қатынасын толығымен тұрақтандырды. Екі жақ та Кеңес-
Қытай шекарасын бейбітшілік, достық, тату көршілік ынтымақтастық зонасына
айналдыру жөнінде келісімге келді. Бұл Азиядағы екі елдің әскери қарама-
қайшылығын әлсіреткендей болды. Кеңес-қытай қарым-қатынасының толығымен
тұрақтануы Токиода алауыздық туғызды. Бір жағынан бұл тұрақтану Токиода
Жапонияның сыртқы саяси қызығушылығындағы белгілі бір кемістік ретінде
қаралды. Жапон саяси билеушілерін тағы бір мәселе алаңдатты, яғни кеңес-
қытай қатынасын тұрақтандыру жапон-американ әскери және саяси
ынтымақтастығына және АТР-гі Оңтүстік Корея мен стратегиялық серіктестігіне
қарсы әсерін тигізді. Бірақ қытай-кеңес қарым-қатынасының болашағы
белгісіздеу болды. Бір жағынан, Кеңес Одағы мен ҚХР осы аймақта билікке
таласуда бір-біріне бәсекелес болып қалмақ. ҚХР–АҚШ–Кеңес Одағы үшбұрышы
Қиыр Шығыстағы өзара қатынас принципін сақтайды. Ол дегеніміз Кеңес Одағы
да, Қытай да стратегиялық ұстанымын бір-біріне түсіп беруге дайын еместігі.
Кеңес Одағының әлемдегі ең ұзын шекарасы Қытаймен шектесіп жатқандықтан,
Азия мен Қиыр Шығыстағы даму жағдайымен сәйкесінше қорғаныс потенциялын
бекітуге мәжбүр. Бұл аймақта АҚШ пен Жапонияның әскери күштері шоғырланған.
АҚШ пен Жапония арасында және дамушы елдер арасында Оңтүстік Корея,
Малайзия, Сингапур арасында технологиялық бәсекелестік өсіп келеді. Азия-
тынық мұхит аймағы елдерінде стратегиялық жағдай күрделене түсті. Барлық
дамушы елдер бірыңғай қызығушылық таныта отырып, өз тауарларын бір мемлекет
рыногына шығаруды көздеді[13].
Жапон үкіметі Қытайды жапон нарығына экономикалық және финанстық
тәуелділігі күшейтуге тырысу мүмкіншілігінде болды. Және Кеңес Одағымен
тығыз жақындасуына кедергі жасамақ, осы арқылы өзінің АТР-гі стратегиясының
бұзылуы мүмкіндігінен қорғанбақ[14].
Бірақ Кеңес Одағының әскери қуаттылығын, халықаралық істегі саяси
беделі мен рөлін жоғары бағалай отырып, жақындасуды көздеді. Ал ҚХР
басшылығы кеңес-жапон қарым-қатынасын байланысты үнемі қарама-қарсы байлныс
жасап отырды. Ол жапон-кеңес экономикалық ынтымақтастық проектісінің жүзеге
асуына кедергі жасауға тырысты. Жпонияның Кеңес Одағына ірі сомалы несие
беруіге бас тартуына мәжбүрледі. Егер сіздерде ақша болса, онда Оңтүстік
Шығыс Азия немесе Оңтүстік жарты шар елдерінің дамуына беріңіз – деді
Қытай басшылығы. Сондай-ақ олар антикеңестік идеясына жапонияны одақтас
етуге тартпақ болды. Ал жапондықтар Қытаймен де, Кеңес Одағымен де бірдей
аралықты ұстауды ойлады. Кеңес-қытай күресіне араласпай, өзінің жек
дипломатиясын жүргізуді қолға алды.
Жапонияны антикеңестік әрекетке итермелеу 1974 жылғы достық және
бейбітшілік келісім-шартын бекітудегі келіссөз кезінде-ақ үстемдікке
қарсы күрес деген атпен жүргізілген еді. Пекин басшылығы бұл келісім-
шартта Азияда үстемдікке ұмтылмау тек екі жақтың міндеті ғана емес ол
басқада елдің үстемді етуіне қарсы шығу екенін жазып көрсеткен еді. Бұл
бағыттың негізінде кеңес саясатына қарсы қойылғаны жасырылған да жоқ еді.
Бірақ жапон үкіметі үстемдікпен күрестің бір елге қарсы бағытталуын
қаламады, ол мұны бейбітшіліктің ортақ принципті ретінде қарастырды.
1978 жылы 12-тамыздағы екі жақты қол қойылған келісім-шарт осылардың
нәтижесі болды. Келісімге сәйкес 5 баптан тұратын бұл құжатта екі жақта да
бейбітшілік орнату негізінде берік бейбіт және достық қарым-қатынас орнату,
даулы мәселеллерді бейбіт жолмен күш қолданбай шешуді жүзеге асырды. Және
қатысушы екі мемлекет экономикалық және байланысты дамытуда бірлесіп әрекет
етуге келісті. Келісім-шарт 10 жыл мерзімге күшінде болды.
Үстемдік туралы басты дамуы мәселеге қатысты Жапония ешбір
мемлекет Азия тынық мұхит аймағында немесе басқада бір аймақта үстемдік
етуге ұмытылмау керек, екеуі де басқа мемлекеттің үстемдік етуіне қарсы
шығу керек екенін келісім-шартқа кіргізуге келісті[15].
Осының бәрі Пекин басшылығының Жапонияны антикеңестік негіздегі
блокқа итермелеуі үшін үстемдік туралы идеясын қолдануы белгілі бір
шамада мүмкіншілігін шектеді[16].
80-жылдары Қытайдың бағыты Америкамен жақындасуға көшті. Американ-
қытай қатынастарының жақсаруын Токио ерекше үреймен бақылап отырды. 1972
жылы АҚШ пен ҚХР арасындағы екі жақты байланыстың тұрақтануынан кейін
жоғарғы деңгейіндегі іссапарлар алмасуы жалғасты. Саяси, экономикалық,
гуманитарлық, ғылыми-техникалық салаларда да байланыстар өріс алды. Екі жақ
та халықаралық мәселелер төңірегінде жақын бағыттар ұстанды. Америка-қытай
қатынасындағы негізгі мәселе сауда-экономикалық мәселелерден гөрі, әскери-
стратегиялық мәселелерге көбірек ауыстырылды.
80-жылдардың жартысында АҚШ мен ҚХР әскери басшылары әскери
технология жасауда ынтымақтастығын кеңейте, әртүрлі соғыс техникаларын,
самолеттер, ұшақтар жеткізуді күшейтті. Ал Қытай өз территориясындағы
әскери құрылымдарды таныстырды. 1987 жылы АҚШ Қытайға жоғары жабдықталған
техникалар, әскери құралдар өндіру жөніндегі әскери завод орнатуына
лицензия берді. АҚШ енді Қытайды дос мемлекет ретінде қабылдады. Токио
болса бұл байланыстарды ықыласпен бақылап отырды. Американ-қытай саясатының
Жапонияға қатысты басты мәні не дегенді қарастырды.
Дегенмен, АҚШ Жапонияның Қытаймен жақындасуына бөгет болды. Жапония
осы екі елдің ынтымақтастығын Азия-тынық мұхит аймағындағы Кеңес Одағының
жақындауына бағытталғанын қолдады, бірақ Жапонияның АТР-гі бағытына қысым
жасауын қолдамады. Ол АТР-гі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін АҚШ-пен тең
жауапкершілікті бөлісуді ойлады.
Ал ҚХР болса, АҚШ-пен де, КСРО-мен де, Жапониямен де жақындасу
саясатын жүргізуді қолға алған еді. Жалпы Қытай мен Жапонияның АТР-гі
өмірлік қызығушылығы сәйкес келді[17].
70-80 жылдардағы Жапония мен Қытай жақындасуы үш жағдайды алға
тартады.
Біріншісі, Жапонияның жекеше дипломатия бағыты жеке фирмалар,
үкіметтік емес ұйымдарды қолданумен екі жақты қатынаста қолайлы сенім
туғызу. Жекеше дипломатия тек Қытайдағы бюрократиялық жүйені жұмсарту
үшін ғана емес, сонымен бірге Жапонияда тілектестік атмосфераның құрылуына
да жағдай жасады, өйткені ҚХР-мен жақындасуды жақтаушылар да, қарсы
тұрушылар да, көптеп табылып жатқанды. Осы саясаттың бір табысы Жапонияда
1970 жылы жапон-қытай қатынасын қалпына келтірудегі Парламенттік Лиганың
құрылуы. Оның құрамына саяси партиялардың барлық өкілдері кірді, ол
парламенттегі антиқытай позициясына қарсы тұра алды.
Екіншісі, өзара түсіп беру әдісін жүргізу экономикада да, саяси
салада да жүргізілді. Қытай болса, социалистік қоғамның құрылуы принципінен
бас тартпағаны сияқты, Жапония да өзінің әскери шығынының өте тез өсуіне
қарамастан қорғаныс қажеттілігіне қаржы бөлуді өсіруден бас тартқан жоқ.
Бірақ бұл түсіп беру саясаты екі жақты байланысты барлық бағытта тездетіп
дамытуда кездесіп отырған қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан
кепілдеме бере алды.
Үшіншісі, жапон-қытай қарым-қатынасының елеулі шамада өскені сыртқы
саяси факторлардың осы процесстерге қосылуымен анықталды.
Екі елдің басшыларының кездесулері, келіссөздері екі жақты
түсініспеушілікті түбірімен жойды[18].
Қытай қоғамымен әртүрілі салада байланысын нығайту мен кеңейту, сенім
райын құру – жапон дипломатиясының басты міндеті. Қытаймен қарым-қатынасты
дамытуда Жапония әскери салаға да көбірек мән берді. Осы мәселе бойынша
біраз салаларға да қызығушылық танытты. Біріншіден, Жапония бұл салада АҚШ-
тың қатысуын қаламады, өйткені бұл екі елдің ұлттық мүддесіне қайшы келер
еді. Екіншіден, Жапония АТР-гі екі екі елдің әскери байланыс деңгейін АҚШ
пен КСРО-ның көзіне сырттай болсада көтеруге тырысты. Үшіншіден, Токио КСРО
мен АҚШ алдында қытай-жапон қатынасының нығайу процессі тек сауда-
экономикалық, саяси саладаға емес әскери салада да нығайа түскенін паш
еткісі келді. ҚХР-мен әскри салада байланыс дамытуда Қытайдың көбірек
қызығушылық танытуы жапондықтарды аз да болса қуантты.
Қытай – АТР екі қарама-қарсы державалар: АҚШ пен КСРО-ның күшін
жинайтын ірі аймақ ретінде қалады деген болжамға сүйенді. Сол себепті ол:
1) 1978 жылы бейбітшілік және достық туралы келісім-шартта жазылғандай
АТР-де екі ұлы державалардың үстемдік етуіне тойтарыс беруде Жапонияның
күшін салуды қолдады. 2) АҚШ пен КСРО арасындағы аймақта қарулы қақтығыс
болған жағдайда Жапониямен әскери байланысын нығайту. 3) Жапонияның саяси
және экономикалық қолдауымен Қытай өзінің Үндіқытайдағы аймақтық
қақтығыстан бас тарту және бұл жерде тұрақтылық орнатуға күш салу
болды[19].
Қытаймен экономикалық байланыстың жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз
ету үшін Жапон үкіметі АТР-де халықаралық ынтымақтастыққа Қытайды тартуға
күш салды. Бұл аймақтың дамуы үлкен өсіммен ерекшеленді және Қытайды осы
аймақтағы елдермен сауда-экономикалық айырбасқа тарту жапон тарапынан
болды. Жапония АТР-гі экономикалық басты держава Қытайға осы аймақтың басқа
елдермен өзара тиімді тауар айырбасын жасауға көмектесу үшін өзінің
халықаралық беделін пайдалануды көздеді[20].
Қытайды АТР елдерімен ынтымақтастыққа тартуда Жапония екі бағыт
ұстанды:
бірінші, жапон-американ сауда және экономикалық байланыстың ққрылған
жүйесіне Қытайды араластыру жолымен.
Екінші, осы аймақтың дамушы елдерімен тікелей көп жақты байланыс
орнату жолымен. Бірінші бағыт Қытай, АҚШ және Жапонияның АТР-де
экономикалық құрылымының тығыз интеграциялануын болғызу. Бұл үш жақты
ынтымақтастықтың бірнеше сатыдан өтуі керек болды. Қытайға Жапониядан
капитал шығару; жапон технологиясы мен құралын пайдаланумен жапон-қытай
бірлескен өнеркәсібінде жартылай өнімдерді өңдеу Қытай сауда маркасымен АҚШ-
қа өнім шығару. Сондықтан Америка тарапы Қытай өнімдерін жоғары сапада
сатып алуды жүзеге асыра отырып, Қытайға валютасын жұмсау мүмкіндігін берді
және американ-қытай қарым-қатынасын нығайтпақ. Жапон фирмалары Қытаймен
коорпоративтік байланыста бола отырып, американ бағытында экспортының
кеңеюін күшейтуге мүмкіншілік алды. Бұл ынтымақтастық ҚХР, АҚШ, Жапония
арасындағы мемлекет аралық қатынасты жақындастырады.
Екінші бағыт АТР-гі дамушы елдермен жапон-қытай ынтымақтастығының көп
жақтылығын қарастырды. Осы байланыстарды дамытуда біріккен қытай-жапон
өнеркәсібі осы аймақ (рыногында) нарығында өздерінің шикізат және
өндірушілік әрекеттерін дамыта түсті[21].
Екі елдің сауда қарым-қатынасы орталықтанған рөлге ие болды. Бүгінгі
күні Жапония мен Қытай әлемдік сауда жұптасы бойынша, АҚШ-Канада, АҚШ-
Жапония, Франция-Германиядан кейін төртінші орынды алып отыр. 20 жыл ішінде
Қытай Жапонияның басты серіктесі ретінде АҚШ-тан асып түсуі мүмкін деген
болжам бар.
80-жылдардың басының өзінде Жапония ҚХР-ды жетекші сауда серіктесі
ретінде ұстап тұрды. Ал 90 жылдары екі жақты тауар айналымы жоғары
қарқынмен өсті. Жапония экспорты машиналар, құрал жабдықтар,
электротехникалық бұйымдар, металл синтетикалық талшықтар, химиялық өнімдер
болды. Ал Қытай темір рудасымен болат шығаруда басты импорттаушысы болды.
Қытайдан әкелінетін импортта маңызды орынды отын шикізаты материалдары
мұнай мен энергетикалық көмір алады. Сонымен бірге қазіргі кезде импортының
80 пайызын жеңіл және электрондық өндіріс өнімдері құрайды. Соңғы кезде
жапон импортында жедел өзгерістер байқалуда. 1995 жылы Жапонияның сауда
серіктестіктері арасында Қытай рекорт жасады, сауда сальдосы 14 млрд-қа
дейін жетті. ҚХР-дың экономикалық дамуында жапон капиталы елеулі мәнге ие.
Тұрақты несие бөліп тұру Қытайдың тұрақтылығы үшін мүмкіндіктер
туғызды.[22]
Жапония басқа елдерге үлкен көлемді займдер мен несиелер беруде
дамудың ресми көмегі (ОПР–опициальной помощи развитию) атты бағдарламамен
жүргізіп келеді. Осы арқылы ол әлемдік лидер бағытын сақтап отыр және
сыртқы саясаттағы тиімді құралы болып келеді. Жапония осы бағдарлама
бойынша займдер беруді тоқтату арқылы Қытайдың ядролық қаруды сынақтан
өткізуін тез арада тоқтатты және Сенкаку аралына байланысты даулы
мәселелерді де тұйыққа тіреуге мәжбүр етті[23].
1.2 АТР-гі Қытай-жапон бәсекелестігі
Соңғы кездері Қытайдың Тынық мұхиттық ынытымақтасуы идеясына деген
қызығушылығы артуда. ҚХР басшылары Азия-тынық мұхит аймағын елдерін өзінің
сыртқы саяси белсенділігінің маңызды құралы ретінде және осы аймақтың
елдерімен байланысын күшейту және кеңейту құралы ретінде қарайды[24].
Азия-тынық мұхит ынтымақтастығына Қытайдың да үлесі зор. Тынық
мұхиттық ынтымақтастықтан бас тарту, болашағын жоғалту екенін түсінді
бірақ бұл әскери-саяси салада емес экономикалық-мәдени бағытта жүргізілді.
Қытай Тынық мұхит жағалауындағы үлкен территориялы, көп халықты және табиғи
ресурсқа бай елдердің бірі ретінде осы аймақтағы қайырымды көршілік
ынтымақтастығының дамуында белсенді рөл атқарды. Қытайға АТР қаншалықты
қажет болса, Қытай да АТР-ға соншалықты қажет екенін Қытай ғалымдары атап
көрсетті. Сол себепті АТР экономикасында Қытайдың орыны мен рөлі ерекшелене
түседі. ҚХР-дың аймақтағы жағдайы енді Жапония жағынан бұрын кездеспеген
экономикалық бәсекелестік тууына әкеп соқты[25].
Қазіргі кезде жапон-Қытай қарым-қатынасынадағы негізгі даулы мәселелер
біріншіден, Тайвань мәселесіне байланысты, екіншіден, екі жақты сауда
соғысы қытай тауарларына салықты өсіру. Үшіншіден, Жапония мен Қытайдың АТР-
дегі өздерінің саяси-экономикалық ықпалын нығайтудағы
серіктестігі–бәскелестігі күресі болмақ[26].
Қытай Азияда экономикалық және саяси-стратегиялық салада ықпалын
тигізуші держава ретінде қатысады. Сондай-ақ Азиядағы ықпалын күшейту үшін
жапониямен күресте бақталастық та болды.[27]
ҚХР-дың Жапониядан экономикалық артта қалуына байланысты техника мен
технологиялық импорты үшін жоғары көлемдегі баға төлеуге мәжбүр болды. ҚХР
АТР нарығында қытай тауарлары үшін өткір бәсекелес күресімен соқтығысады.
Бұл үшін ҚХР пайдалы жағрафиялық жағдайын пайдалана отырып, мұхит
жағалауындағы қалалар мен өзен порттарын сыртқы сауданы дамыту мен шетел
капиталын тарту үшін ашты және де АТР нарығында бәсекелес күресте жеңу үшін
ғылым мен техниканы дамыту, мамандар дайындауға дұрыстап көңіл аудару
сияқты істер жасады[28].
ҚХР-дың Жапониямен қарым-қатынасы соңғы он жылда қанағаттанарлықтай
болғанымен жылдан-жылға салқындықтар пайда болуда және қауіпсіздік туралы
жапон-американ келісім-шарты төңірегінде даулар жүріп жатыр, Тайвань
мәселесі де өз шешімін таппады[29].
Азиядағы финаныстық-экономикалық дағдарысқа қарамастан АТР ХХІ-
ғасырдағы әлемнің экономикалық, саяси дауының басты бір орталығына айналуы
әбден мүмкін. Осы орталықта маңызды рөлді Қытай атқара алады. өйткені
қытайлықтар әлемнің жетекші аймақтары ретінде көрініп келеді[30].
Қытайдың АТР-ге ерекше көңіл бөлуінің себебі: Пекин көзқарасы бойынша
АТР әлемдік экономикалық алға жылжу орталығына айналуда. ХХІ-ғасыр АТР
ғасыры деген сөз Қытай жоспарында да бар[31].
Қытай Азия және тынық мұхит аймағында үстемдік орнату үшінгі күресте
Жапонияның бәсекелесі ретінде көрінеді, яғни осы екі Азиялық ұлы державалар
бұл аймақтың басқа елдермен қарым-қатынасын аса жоғары дәрежеде жүргізуді
көздеді. Жапония енді Қытайды өзінің стратегиялық бәсекелесі ретінде көрді.
Қытай басшылығы болашақта қытай-жапон қатынасының шиеленісуі мүмкін екенін
де жоққа шығармайды.
1985 жылы сәуірде Жапон парламентінде сөз алған Қытай лидерінің бірі
Пэн Чжэнь Азиядағы тауарлар кіргізетін нарық үшінгі нақтылы күрестің үдей
түсуі Қытай-Жапония арасындағы қатынасты нашарлатады дегенді. Экономикалық
бәсекелестік саясатта да аздап осуі мүмкін еді, сондықтан бұған дайын тұру
қажет-ақ.
Өзінің саяси және экономикалық бағытын АТР-де нығайту мен кеңейтуде
Қытайдың да рөлі зор болмақ. Жапония халықаралық аренада, сондай-ақ АТР-де
ғаламдық экономикалық держава ретінде экономикалық қуаттылыққа жетуге
байланысты өзінің саяси ықпалын тигізіп отыр.
Жапония мен Қытайдың сыртқы саясатында екі жақты өзара саяси және
экономикалық қарым-қатынас олардың арасындағы ортақ рөлді көтереді. 90
жылдары екі елдің арасындағы достық қарым-қатынаспен біргебасқа да шешу
керек мәселелер баршылық еді.
Қытайдың әскери күшін кеңейту Жапон үкіметінің алаңдатушылығын
туғызды. Жапон әскери топтары үшін бұл елдің қауіпсіздігіне зиянды.
Дегенмен қытайлықтардың ядролық сынағы, әскери шығынның өсуі, құрал-
саймандардың экспортқа шығуының кең таралуы және ядролық техникалар
экспорттау, Сэнкаку аралына байланысты Жапонияда бақылау орнатуға ықпал
етуге тырысты, Оңтүстік Қытай теңізіндегі Спратли аралы мен Тайваньға
қатысты әскери ойындар көңілге қорқыныш ұялатары анық. Бірақ Қытай
басшылығы ядролық күштің Жапонияға қауіп төндірмейтінін, тек өзінің
ракеталық басқаруларына қолдануға жұмсайтыны туралы ескертті. Осыған
байланысты Жапония үшін, ол АҚШ-тың ядролық қол шатыры болып қалуы қажет-
ақ. Соңғы кездері Жапон үкіметінде халықаралық аренада Қытайдың шынайы
әрекет етуі көзделген. Ол байқаулы қадам болуда.
1992 жылы екі елдің басшылығымен Токиода Әлемдік серіктестік пен
әрекеттік ғаламдық жоспары туралы декларацияда Азия аймағындағы
интеграциялық процесте Жапониялық орталық рөлін мойындау жазылған. Қазір
бұл жағдай өзгерді. Қытай АТР-де лидерлік рөл үшін талас тудыруы мүмкін де
еді[32].
Екі елдің арасындағы тағы бір елеулі қайшылық жапон әскери
қуаттылығына байланысты Қытай ресми өкілдері Жапонияны қорғану шеңберінен
шығып кетті деп айыптады. Оны Қытай басшылығы қосымша финанстық көмек алу
мақсатымен Жапонияға саяси қысым көрсету үшін қолданды. Бір жағынан ҚХР-ға
қауіп төндірсе, екінші жағынан бұл ішкі мәселеледі шешуге себін тигізді.
Кейбір белгілер бойынша Қытай басшылығының Жапонияның экономикалық
қуаттылығын саяси және әскери салаға ауысумен, АТР-де саяси және әскери
бағытының әлсіреуімен ғана емес осы екі жүргізуші азиялық мемлекеттер
арасында маңызды конфронтациалық болуынан шынымен алаңдайды. Мұнымен бірге
халықаралық жағдайға байланысты екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарама-
қайшылық тууы мүмкін.
Жапон-қытай қарым-қатынасындағы тағы бір күрделі мәселе Сенкаку
аралының территориялық орналасуы туралы даумен байланысты. Бұл арал қазір
Жапония басқаруында болғанымен Қытай оны өзінікі деп есептейді, сондай-ақ
оған Тайвань да таласады. Теңіздік сулар, балыққа бай және мұнай көзі бар
бұл Сенкаку аралы туралы мәселені жапон-қытай қарым-қатынасы орнаған кезден-
ақ тиіспей, болашаққа қойып қоюға келіскен болатын. 1978 жылы ҚХР премьер-
министрінің орынбасары Дэн Сяопин осы мәселені біржола шешуді ұсынды, оның
уақытша тұруын қаламайды. Бірақ 1992 жылы ғана Сенкакуге байланысты жапон-
қытай алауыздығы күтпеген жерден қытайдың бұл аралды өзінікі етіп жариялап
территориялық сулар жөнінде жаңа заң қабылдауымен тіптен шиеленісе түсті.
Жапон Сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша бірнеше рет қытай
үкіметіне қарсылығын жариялады.[33]
Жапон атауымен Сенкаку, ал Қытай және Тайваньша Диаою аталатын аралына
құқықтық иеленушілік әліде өз жалғасын табуда. Мұнда ірі мұнай қорлары
шоғырланған деген сөз бар. Кейбір жаңалықтарға сүйенсек, Жапония бұл аралды
жылына 183300 АҚШ долларына жалға бермек жоспары бар көрінеді. Бұл
әрекеттердің негізгі мақсаты- ондағы жағдайға әлдекімнің араласуына немесе
сатылуына тыйым салды. Қытай мен Тайвань тез арада бұл іс-шараның жарамсыз
болуын хабарлады, ал Қытайдың сыртқы істер министрі Ван Йи Қытайдағы Жапон
елшісі Корешиге Анамиден бұл жоспардан бас тартуды талап етті. Бұған жапон
елшісі Қытай жағының талабының негізсіз екенін, өйткені ол арал жапон
территориясында жатқандығын жеткізді. Алғаш рет бұл аралға өз құқығын 1895
жылы Жапония жариялаған болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін
біршама уақыт АҚШ бақылауында болады, бірақ 1972 жылы Окинава аралымен
бірге Жапонияға қайтарылған болатын. Кейін 70-жылдардың басында мұнда мұнай
табылып, Қытай мен Тайвань бұл территориядағы өздерінің құқықтарының бар
екендігін жариялады. Тайваньдағы кейбір парламенттіктер бұл мәселені БҰҰ-
ның халықаралық Сотына қарауға жіберілуін ұсынды.(2)
Жапониямен қытайдың халықаралық қауымдастығы үстемдік атты мәселеге
әртүрлі қарайды. Бірақ жапон-қытай қарым-қатынасында үстемдік ету туралы
мәселеге байланысты екі жақта да тиіспейтін бір аспкет бар. 1978 жылғы
Достық және бейбітшілік жөніндегі келісім-шартта Токио мен Пекин
үстемдікке қарсы жағдай туралы жазған[34].
Бір жағынан Жапония Қытайдың Батыс елдермен кеңірек байланыс жасауын
қолдауға қызығушылық білдіруде. Дегенмен Жапония Қытайдың қайта құрылуы
шешімінде социалистік мемлекеттермен әскери және экономикалық қатынасының
күшеюін қаламады. Сондықтан, Жапония Қытайдың батыс елдерінде қалуын
қолдамайды.
Жапонияның ҚХР мен Батыс елдері арасында көпір рөлін атқаруы Қытайда
адам құқығы сақталу мәселесі бойынша бірнеше екіойлы жэағдайда болғызды.
Экономикалық санкцияны алып тастады[35].
1996 жылы екі елдің арасындағы Сенкаку аралындағы құқық жөніндегі
мәселе төңірегінде дау қайта жаңғырды. Мұнда мұнай қоры молынан орналасқан.
Бұл 1994-1995 жылдар бойы болды, бірақ ерекше өткір жағдай Жапонияның
басшылығымен 1996 жылы Сенкакудағы 200 мильдік экономикалық зона
Жапондықтар құқына көшу туралы бекітілді. Бірақ Шығыс Азиядағы көп санды
қытай жақтаушылары Жапон әрекетімен келіспейтіндіктерін білдірді.
1996 жылы қыркүйек-қазан айларында Гонконгте, Макао мен Тайваньда
жапондықтарға қарсы көтерілістер ұйымдастырылды. Құштарлықтың қызуымен ҚХР-
да Сенкаку аймағында қажетті жағдайға бағытталған әскери топтар құру
туралы үкімет шешімін жариялады. Бұл мәселенің шешілу соңы емес, Сенкаку
аралы кімнің құрамында болуы керектігі туралы дау қай уақытта болса да
қайта бас көтерері анық[36].
Екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы жоғары болмай отырып,
Жапония үшін Қытай барлық кездерде де серіктес ретінде дамушы елдерге
еліктеушілігі байқалды. Ынтымақтастықтың дамуы барысында екі жақты
қызығушылықтың толығымен сәйкеспеуіне, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-
техникалық даму деңгейінің алуан түрлігіне байланысты мәселелер туындап
жатты. Әсіресе серіктестіктердің арасында көрші елдердің экономикасында
ықпал етуге деген бәсекелестік айқындала түсті. Жапонияның ҚХР-мен сауда-
экономикалық ынтымақтастығы екі жақты қарым-қатынасты тұрақтандыру үшін
маңызды рөл атқарары сөзсіз. Сол себепті қазіргі кезде жапон-қытай қарым-
қатынасы елеулі даму сатысына көтерілді. Олар Азия-тынық мұхиты аймағында
халықаралық климаттың жасалуында өсімді рөлге ие. Бұл үшін қарама-
қайшылықты сипатта болары да анық. Екі елдің өзара тәуелсіздігінің күшеюі
сауда-экономикалық байланыстың кеңеюі мен дамуында бақталастыққа алғышарт
жасауы әбден мүмкін. Бүгінгі күні Жапония мен Қытай Азия-тынық мұхит
аймағындағы дамушы елдер, олардың арасындағы қарым-қатынасы осы процестегі
өз орындарын табумен тікелей байланысты.
Жапония сыртқы саясатында ҚХР-дың тек серіктестік қатынаста ғана емес,
бәсекелестік қарым-қатынаста болуы, екі жақты күрделі қарым-қатынас кезеңін
қалыптастырды.
ІІ-тарау. Оңтүстік Корея мен Тайвань Жапонияның сыртқы саясатында
2.1 Оңтүстік Корея және Жапония
Жапония Азия – тынық мұхиты аймағында лидерлік рөлге ұмтылуда басқа
елдермен тығыз ынтымақтасуды қажет етеді. Оңтүстік Корея мен Жапония қарым-
қатынасы да осы аймақтағы Жапония саясаты үшін маңызы зор[37].
1951 жылы екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату
жөніндегі келіссөз болғанымен 1965 жылы ғана Жапония мен Оңтүстік Корея
арасындағы қарым-қатынастың орнауы туралы келісім-шарт пен екі жақты
байланыстағы саяси және экономикалық мәселелерді реттейтін басқа құжаттарға
да қол қойылады.
Дипломатиялық қарым-қатынас орнату екі елдің арасындағы байланыс
деңгейін біршама көтереді. Бұл біріншіден сауда-экономикалық
ынтымақтастығынан көрінді. 80-жылдардың өзінде Корея жапон тауарларының
рыногы ретінде АҚШ-тан кейін екінші орынды иеленді. Сонымен бірге екі жақты
сауда да үйлеспеушілік мәселесімен Оңтүстік Корея тауары жағынан
бәсекелестіктің тууы қарама-қайшылықты күшейтіп жіберді[38].
Жапония Оңтүстік Кореямен ерекше қарым-қатынас орнатуды өзіне міндет
етті. Корей жарты аралындағы реттсіздікті жөнге келтіру Жапонияның өз
қауіпсіздігі үшін де қажет еді. 1975 жылы екі ара қарым-қатынасты нығайту
мақсатымен Оңтүстік Кореяға Жапония үкметінің арнайы делегация мүшелері
келді. Оны премьер-министр Т.Фукуда мен Сыртқы істер министрі Миядзава
басқарды. Сеулдегі бұл келіссөзді жапон қоғамы жоғары бағалады. Бұған
Америка әскерлерінің қатысуы Корей жарты аралындағы бейбітшілік пен
тұрақтылықтың сақталуына септігін тигізді деп санады, онда американдық 390
мың әскри адамдар орналасқан. Ал Жапония өз кезегінде Сеул режиміне
экономикалық көмек көрсетуде[39].
Вашингтон Сеул режимін нығайтуда Жапония мен Оңтүстік Корея қарым-
қатынасының жақындаса түсуін қалады. Оның себебі, екі жақты әсери
байланыстың дамуы Пентагон үшін өз күшімен еркін қанат жаюына мүмкіндік
берді. Оңтүстік Корея мен Жапония арасындағы қызығушылықты артыруда, екі
жақты іскер ынтымақтыстықты нығайту мақсатын да Жапон – Оңтүстік Корея
Ассоциациясы жұмыс істейді.
1979 жылы мамырда Сеул қаласында екі жақты әскери келіссөз қорғаныс
министрлері Г. Ямасита мен Ро Чже Ханның басшылығымен өткізілді.
Сөйткенімен, бұл келіссөз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz