Глобализация теоретиктерінің өздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1-тарау. Глобализация: мәні мен бастаулары 6
1.1 Глобализация ұғымы және оның қазіргі заман теориялары 6
1.2 Глобализацияның негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері 14
2-тарау. Ұлттық қауіпсіздік немесе Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы
16
2.1 "Қауіпсіздік" ұғымы 16
2.2 Қауіпсiздік мәселесі: Қазақстан ұлттық қауіпсіздік факторлары 19
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе

Глобализация мәселесі күрделі де жан-жақты талдауды қажет ететін
құбылыс. Оның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани астарлары
бар. Қазіргі кезде глобализация үрдісіне деген көзқарас әртүрлі. Оны
біреулер қолдаса, екінші біреулер оған қарсы шығуда. Қалай болғанда да
әлемдік экономикадағы ғаламдық үрдіске жүктелген адамзат сенімі, бүгінде
толық ақталмауда. Ұлттық экономика мен әлемдік экономика арасындағы
қайшылықтардың күшейгені соншалықты олар, шешімі күрделі мәселелерді
дүниеге әкелуде. Бұл қайшылықтардың салқыны экономикада ғана емес, сонымен
қатар, қоғамның рухани саласында да байқалуда. Ұлттардың ғасырлар бойы
жинаған рухани құндылықтары әлемдік мәдени глобализация алдында өзінің бет-
бейнесінен айырылудың сәл алдында қалуда. Әлемдік ақпараттық құралдар мен
технологияның, қоғам өмірінде белсенді күшке айналуы ұлттық мемлекеттер
тарапынан қарсылықтарға кез болуда.
Тақырыптың өзектілігі
Глобализацияның елеулі қасиеттерінің бірі адамзат өмірінің барлық
салаларына әсер етуші ақпараттық революцияның орын алуы байқалады. Осылайша
глобализация ғылыми-теориялық пайымдауды қажет ететін кешенді процесс болып
табылады.
Әсіресе осы тұрғыдан глобализацияның ұлттық қауіпсіздікке әсері
жөнінде ой-пікір зерделеу Қазақстан тәрізді жас мемлекет үшін өте маңызды.
Глобализация процесінен бой тасалап қалу мүмкін емес кезеңде ұлттық
қауіпсіздікті қалай сақтап қала аламыз деген өте өзекті мәселе туындайтыны
анық. Ендеше осы мәселе төңірегінде ой өрбітуімізге тура келетіні айдан
анық. Глобализацияның оң тұстары да баршылық (байланыстардың өсе түсуі,
ақпараттар мен тауарлардың ағынының үдей түсуі, шетелдік инвестициялар
ағыны). Ал теріс әсерлеріне стандарттау үрдісінің кең етек алуы, ұлттық
және этникалық айырмашылықтардың біртіндеп азайя түсуі, ұлттық мемлекеттер
шекараларының мейлінше ашыла түсуі жатады. Мәселенің түп төркіні де осында.
Өйткені глобализацияның қарама-қайшылық табиғатын терең зерттей отырып оның
кері әсерлерін төмендете алып, ал оң салдарларының әсерін арттыра білу
ауадай қажет болуда.
Сонымен қатар глобализация кезеңінде ұлттық қауіпсіздік мәселесі жаңа
сатыға көтерілуде.
Глобализация тамырымен ғасырлардың немесе тарихтың тереңіне кетеді,
дегенмен глобализация басым жағдайда – жиырмасыншы ғасыр феномені. Қоғамдық
және әлеуметтік ғылым мамандары әлі де ұзақ уақыт бойына өткен жиырмасыншы
ғасыр туралы пікірталаста болады. Алайда оның басты қорытындыларының
кардиналды түрде қайта қарастырылуы екі талай: адам құқықтары басты маңызға
ие, демократия тиранияға қарағанда күштірек, нарық командалық экономикаға
қарағанда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Батыс тарихи түрде жасаушысы және
белсенді үгіттеушісі болып табылатын осы құндылықтар мен нұсқамалар жүйесі,
қазіргі заман әлемінде мойындалып, кең қолдау тапты және бүгінгі таңда
глобализацияның идеялық фундаментін құрайды.
Глобализацияда конфликтінің күшті ұшқындары болады. Бұл жерде, мысалы,
адамзат қауымдастығының саяси және әлеуметтік-экономикалық даму
деңгейіндегі “құлдыраулар”, өмір сүру қалпы, болмыстың басты мәселелеріне
қатынас туралы сөз қозғалып отыр. Глобализация тудыратын шиеленістің
маңызды көздерінің бірі, глобализация процесіне қатысушылардың потенциалды
мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтар. Қалыптасып келе жатқан әлем негізінде,
кез келген ру мен тап құрылымының орнығуындағы теңсіздік сияқты классикалық
фактор жатыр. Рольдердің бөлінуін белгілейтін старттық мүмкіндіктер
теңсіздігі, ғаламданудан ұтқан мен ұтылғандар арасындағы болашаққа жанжал
ұрығын себеді. Глобализацияның дамуындағы осал тұсының бірі – мемлекеттік
институттары, саяси құрылымдар. Глобализация мәселесін зерттейтін
ғалымдардың барлығының дерлік мойындауынша – ең күрделі проблема адамзаттың
мәдени сан алуандылығында. Самуэль Хантингтонның келешектегі өркениеттер
қақтығысы туралы танымал тезистің көп жақтаушылары бар, алайда, әр түрлі
мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы әрекеттестікті орнықтыру мен
түсіністікті сақтау – адамзат үшін анағұрлым тиімді жол екені күмәнсіз.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты глобализация процесінің ұлттық
қауіпсіздікке тигізетін әсерін зерделеу.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін өзара байланысты бірнеше міндеттерді
шешу көзделеді:
Қарама-қайшылығы мол глобализация құбылысының ұғымын айқындау, негізгі
теорияларын қарастыру;
Ұлттық қауіпсіздік ұғымын қазіргі глобализация процестері арқылы
анықтау;
Қазіргі замандағы мемлекеттердің ұлттық қауіпсізідігін қамтамасыз
етудегі негізгі үрдістерді талдау;
Глобализацияның біздің ұлттық қауіпсіздігімізге әсер етуін зерттеу;
Біздің мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы
іс-шараларын бағалау.
Зерттеу объекті
Зерттеу объектісіне глобализация процесіне ұлттық қауіпсіздіктің
қатынасы жатады, атап айтқанда Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігі.
Зерттеу пәні глобализация процесі мен қазіргі кезеңдегі ғаламдық даму
жағдайындағы ұлттық қауіпсіздіктің глобализация әсеріне ұшырауы болып
табылады.
Зерттеу тәсілдері
Зерттеу барысында үш түрлі тәсілдер тобы қолданылды. Бірінші тобы –
бізді қызықтырып отырған саяси құбылыстар мен объекттерді зерттеуге
бағытталған, тарихи, институтционалды, жүйелік, динамикалық, социологиялық,
сыни-диалектикалық тәсіл:
- тарихи тәсіл глобализация және ұлттық қауіпсіздік
анықтамаларының дамуын зерттеуде қолданылды. Бұл тәсілдің ерекшелігі ол
бізді қызықтыратын құбылыстардың туындауы мен дамуының тарихи жағдайын
ескере отырып зерттеуде жатыр.
- институтционалды талдаудың элементтері ұлттық қауіпсіздікті
қарастыруда маңызды роль атқарды;
Екінші топ тәсілдеріне – жалпылогикалық тәсілдер – зерттеліп отырған
құбылыстардың түрлі тұжырымдамаларын қарастыруда талдау мен синтездеу,
индукция мен дедукция тәсілдері жатады.
Үшінші топ тәсілдеріне – эмпирикалық зерттеу тәсілдері – зерттеп
отырған тақырыбымызға қатысты құжаттарды контент-талдауы, социологиялық
сауалнамалар деректерін қолдану мен талдау кіреді.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі
Бұл жұмыстың тақырыбы бірнеше ғылымдардың түйісуінде жатқаны айқын,
сондықтан ұлттық қауіпсіздік пен глобализацияның қатынасы мәселесіне
арналған фундаменталды зерттеу іс жүзінде жоқ десек те болады. Дегенмен,
бұл мәселе әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі атанған ТМД елдері үшін
бірнеше жылдар бұрын ғана өзекті бола бастады. Тікелей глобализация
турасында соңғы бес жыл ішінде жазылған еңбектер көп-ақ. Ұлттық қауіпсіздік
туралы да біршама шығармалар бар.
Тарихнама
Бұл тақырып бойынша тарихнаманы екіге бөлуге болады: глобализация
жайындағы шығармалар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке қатысты еңбектер.
Глобализация жөнінде осыдан жарты ғасыр бұрын жаза бастады. Ол
кезеңдегі зерттеулер алдағы процестерді болжау түрінде сипатталатын.
Батыстағы глобализация идеологтарына Ж. Аттали, Э.Валлерстайн, Ф. Фукуяма,
З. Бжезинский тәрізді тұлғалар кіреді. Соңғы кезеңдегі авторлар қатарына
американдық М.Кастельс, белгілі қаржыгер Д.Сорос, неміс ғалымы У.Бек
жатады.
Ресей зерттеушілерінің арасынан Глобализация: процесс и осмысление
атты монографиясы бар А. И. Уткин, Глобализация, государство и право атты
кітап авторы И. И. Лукашукты және т.б. көптеген ғалымдарды атауға болады.
Қазақстандық авторлар қатарында біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевты,
И.Н. Тасмағамбетовты, Қ.К. Тоқаевты, Е.Каринді, А.И.Лұқпановты, М.Тажинді
және т.б, атап өтуге болады.
Курстық жұмыс құрылымы
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімге кіретін екі тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау. Глобализация: мәні мен бастаулары

1.1 Глобализация ұғымы және оның қазіргі заман теориялары

Соңғы екі-үш онжылдықта біздер әлемдегі процестердің жаңа сатыға
көтерілгендігінің куәсі болып отырмыз. Бұл процесті біздер глобализация деп
атап жүрміз.
Глобализация теориясын бейнелеу мен сараптамастан бұрын,
“глобализация” термині мен глобализация процесі арасында айқындылықтың жоқ
екендігін атап өту қажет. Бұрын “глобализация” ұғымы ғылымда дүние жүзілік
тарихтың орнығуы (К. Маркс), әлемдік жалпы адамзаттық өркениет (М.С.
Горбачев, Ю.А. Замошкин), әлем-жүйе (Э. Валлерстайн) секілді терминдермен
көрсетілді, глобализацияның қазіргі таңда кең түрде қарастырылуына
қарамастан, бұл ұғымға қатысты біртектілік жоқ. Кейбір зерттеушілер
глобализацияны ХХғ. соңғы он жылдарындағы әлеуметтік трансформацияның жаңа
типі ретінде бейнелейді. Басқалары глобализацияны бірлік жолында
адамзаттың өткен бүкіл қадамдары деп түсінеді. Үшіншілер глобализацияны
тұтас әлемді қалыптастырушы процестердің барлығы деп ұғынады.
Келіспеушіліктер глобализация процесі мен ұғымдарын түсінуде ғана емес.
Бүгінгі таңда ең пікірталас тудырушы мәселе, бұл глобализацияның шегі. Оның
қоғамның мәдени және саяси подсистемаларын қамту қабілеттілігінде. Осыған
байланысты бірнеше пікір бар. Мысалы, саяси ғылым саласындағы танымал
американдық профессор Самуэль Хантингтонның пікірінше, экономика мен
ақпарат саласындағы жақындасу, мәдени алшақтықты ушықтырып, бұл ғаламдық
және жергілікті деңгейдегі қақтығыстарға әкеліп соғуы мүмкін. Басқа
саясаттанушы Э. Валлерстайн, универсалды қолында және оның локальды
көрінісінде болатын, ғаламдық және локальды мәдениеттер арасындағы
диалектиканың бар екендігіне көңіл аударады. Батыс ғылымында өзге де
сценарийлер орын алған. Мысалы, У. Ганнерс бойынша, гомогенизация сценарийі
(мәдени унификация), сатурация сценарийі – бөтен, ең алдымен батыс
мәдениетімен қанығу, “перифершілік коррупция” сценарийі, яғни батыстық емес
аймақтарда батыс мәдениетінің құлдырауы және оның сол жерлерде бұрмалануы,
диалог және алмасу жолымен біртұтас мәдениеттің “пісіп жетілу сценарийі”
ықтимал. Алайда басым жағдайларда глобализация деп біртұтас технологиялық,
ақпараттық және қаржы нарығының қалыптасуын ұғынады, онда ешқандай шекара
жоқ және әлем біркелкі болады.
Глобализацияны феномен және ұғым ретінде қарастыру тағы басқа сұрақ
тудырады – батыстық қазіргі заман қалған барлық әлемге үйлесе ме?
Глобализация сыншылары одан қазіргі заман батысын батыстық емес елдер мен
мәдениеттерге еріксіз түрде енгізу элементін көреді. Үшінші әлем
елдеріндегі модернизация процесін сараптауы көрсеткендей, глобализация
бүкіл әлем дамуының әмбебап және ортақ моделі болып табылмайды.
Халықаралық социологтар Ассоциациясының президенті А.Мартинеллидің
пайымдауынша, глобализация технология, қаржы, ақпарат саласындағы ғаламдық
тәуелсіздік пен қоғамдардың, саясат пен мәдениеттің тұрақты бөлінуі
арасындағы қарама-қайшылық шиеленісін өршітеді. Глобализация басқарудың
жаңа формаларын талап етеді. Мартинелли қазіргі заман глобализация процесін
реттеудің үш негізгі преспективаларын атайды: ынтымақтастық этосымен бірге
халықаралық мемлекеттік ұйымдардың либералды интернационализмі; ұлтаралық
бірлестіктердің жаңа әлеуметтік қозғалысының радикалды республикалық рухы;
мульти-азаматтылықтың космополиттік жобасы.
Жалпы, глобализация туралы дискуссияларды төрт дискурсқа
шоғырландыруға болады: аймақтық немесе өркениеттік; академиялық;
идеологиялық; және жыныстық ерекшеліктер мәселесін қозғайтын дискурс.
Аймақтың немесе өркениеттік дискурсқа, глобализацияға басты көңіл
бөлінбейтін дискурстар жатады. Бұл жерде келесідей мәселе көтеріліп отыр,
үшінші әлемнің көптеген елдерінде ең алдымен нақты өркениеттер мен
мәдениеттердің ерекшелігін ескеретін жеке оригиналды концепция жасау
қажеттілігі белсенді түрде талқыланады. Глобализация теоретиктерінің өздері
Үшінші әлем елдерін сараптау мен бейнелеудің осы елдер ғалымдарының осы
тектес ұмтылыстарын локальды теориялар мен концепциялар деп анықтайды.
Сонымен бірге жоғары дамыған елдер авторларының концепцияларында
антиглобализация концепциялары жиі ұшырасады. Мысалы, француз
интеллектуалдары мен Германияның кейбір ғалымдары глобализацияды француз
және неміс қоғамдарына төніп тұрған қауіп деп есептейді. Орталық Европа мен
Латын Америкасы елдерінің глобализацияға деген сенімсіздігі мен қауіптенуі
жоғары. Академиялық дискурстарда әдетте глобализация белгілі бір ғылым
шеңберінде қарастырылады. Глобализация анализінің ең жарқын мысалы, оның
экономикалық пән шеңберінде зерттелуі болып табылады, осы тектес тәсілді
экономикалық дамудың ерекше версиясы бар Эммануель Валлерстайн ұсынды.
Глобализацияның идеологиялық дискурстары әдетте оған қарсы шығудан, немесе
оны қолдаудан тұрады. Глобализацияның жақтастары оны капитализмнің бүкіл
әлем бойынша жеңісті жорығы ретінде суреттейді. Глобализация қарсыластары
одан әлемнің батыстық емес аймақтарында Әлемдік Валюталық Қор, Дүниежүзілік
Банк немесе Әлемдік Сауда Ұйымы сияқты ұйымдар үстемдігінің орнығуын
көреді[1].
Қазақстан ғылымы үшін глобализация теориясының өзектілігі неде? Ең
алдымен ол тәжірибелік маңызға ие. Жаңа заман әлеміндегі посткеңестік
мемлекеттердің мүмкіндіктері мен болашағын бағалау үшін әлем-жүйе анализіне
бет бұру көп жағынан келгенде жемісті болып табылады. Бұл тәсіл жиырма жыл
бұрын, дәстүрлі түрде әлеуметтік өзгерістер анализін мемлекет деңгейінде
құрып, сол себепті халықаралық және кейбір ішкі “эндогенді” процестерді
ұғынуды шектейтін теориялар алдындағы артықшылығын көрсетті. Глобализация
теорияларының кейбіреулерін егжей-тегжейлі қарастырып өтейік.

Рональд Робертсонның мәденицентрлік теориясы
Глобализацияның ең танымал теорияларының бірі Рональд Робертсонның
(АҚШ) мәденицентрлік концепциясы болып табылады. Робертсон алғашқылардың
бірі болып “глобализация” терминін қолдана бастады. Робертсонның басты
постулаты, мемлекеттердің халықаралық жүйесі Т. Парсонстың атақты AGІL
схемасы шеңберінде бейнелене алады дегенге келіп саяды. Робертсон
теориясының мәденицентрлік мынадан көрінеді, мемлекеттер интеграциясының
басты бағытын мәдени подсистеманың орнығуы деп есептеуінде.
Робертсон қазіргі заман әлемі глобализацияның келесі стадияларын
көрсетеді: А фазасы немесе дүниеге келу фазасы, ол XV-XVІІІ ғ. деп
межеленеді. Ғаламдық әлемнің шығуына Европа діни тұтастығының бұзылуы,
бүкіл планеталық әлем картасының пайда болуы, астрономиядағы гемоцентрлік
жүйе және адамзат туралы алғашқы мәліметтер. Б фазасында ғаламдық жүйе
дүниеге келеді (1750-1850). Бұл кезеңде халықаралық дипломатия жүйесі
орнығып, адамзаттылық ұғымы түпкілікті қалыптасады, мәдени релятивизация
жүреді: халықаралық көрмелердің пайда болуы, европалық емес елдерге енген
халықаралық коммуникация жүйесі дүниеге келеді. В фазасы ғаламдық әлемнің
шарықтау фазасы ретінде түсіндіріледі (1875-1925). Бұл кезеңде әлемді төрт
экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени подсистемалар ретінде ұғыну
артикуляцияланады және ортақ күнтізбе қабылдау іске асады. Алғашқы
халықаралық сайыстар (Олимпиадалар) мен мәдени фестивальдар
институционализацияланады. Г фазасы гегемония үшін күрес фазасы (1925-1969)
ретінде. Бұл екінші дүниежүзілік және “қырғи-қабақ” соғыстар кезеңі,
әлемдік саяси-құқықтық жүйенің қалыптасу кезеңі Робертсон адам құқықтарын
қорғау саясатының қалыптасу мәселесіне зор көңіл бөледі. Бұл кезең сонымен
бірге “үшінші әлем” тақырыбының пайда болуымен маңызды. Және, соңғысы, Д
фазасы – белгісіздік фазасы (1969 ж. – осы кезге дейін). Сыртқы кеңістікті
зерттеу кезеңі, бұл жерде космостық зерттеулер, адам құқықтары туралы
халықаралық пікірталастардың шығуы және постматериалистік құндылықтарды
насихаттайтын дискурстардың таралуы туралы сөз болып отыр. Ғаламдық
феминистік және экологиялық қозғалыстардың пайда болу фазасы, шын мәніндегі
жаһандық масс-медиа, космостық коммуникациялар дүниеге келеді. Халықаралық
қатынастар күрделене түседі.
Барлық қазіргі замандық институттар әмбебаптылық жағына қарай
өзгереді: капитализм, индустриализм, қадағалау, күштеу құралдарын
монополизациялау, еңбектің халықаралық бөлінісі, әлемдік әскери тәртіптің
қалыптасуы. Глобализация тек қана әлемдік капиталистік жүйені экспансиялау
мен мәдени біртектіліктің орнығуынан ғана тұрмайды.

Эммануил Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы
Әлем жүйелік анализ теориясын талдауды әлем жүйелік анализдің басты
постулаттарын сараптаудан бастаған тиімді болады:
1. Әлем-жүйелік перспектива, “ұлттық мемлекет” уақытта “дамитын”,
“салыстырмалы түрде автономды “қоғам” екендігін теріске шығарады.
2. Ұзаққа созылғандық - әлемдік жүйенің, басы, жалғасы, соңы бар
уақыттық корреляты.
3. Қазіргі замандық әлем-жүйе бүкіл жер шарын алып жатыр және әлемдік
капиталистік экономика болып табылады.
1) Глобализация процесі модернизациямен бір мезгілде жүреді. Оған
мемлекеттер арасындағы интернационалды байланыстардың “экономикалық
жүйелеу процесі” мен сананың ғаламдық мәдениетінің пайда болуы кіреді.
2) Жаһандалуға планетада бар барлық индивидуалды байланыстардың жүйелі
өзара әрекеті кіреді.
3) Кеңістік тарылып, уақыттық айырмашылықтар азайды. Ғаламдық өзгерістерге
кеңістіктің феноменологиялық элиминациясы мен уақыттың жалпылануы
кіреді.
4) Планетаны мекендеушілер әлемде деген біртұтас “рефлексивті” бағдарын
өңдеді.
5) Әмбебаптылық пен саяси бейтараптық енді ескірді.
6) Тәуекел мен сенім ғаламдық деңгейде кеңейді
7) Глобализация - әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік жүйенің прогрессивті
мәдениеттендірілуінің аспектісі. Ғаламдық мәдениет туралы мәселе
көтерілгенде, евро-американдық әлем өз мәдениетін қалған әлемге еріксіз
түрде енгізетіндігі туралы тағы да бір рет айтудың еш қажеттілігі жоқ.
Бірақ, Валлерстайн глобализацияды басқаша түсінеді, ол оны жаңа ғаламдық
мәдениеттің пайда болуы, әрбір нақты мәдениеттерде жаңа әлеуметтік
контекстінің шығуы ретінде ұғынады. Валлерстайни мәдени координаттар
жүйесі ретінде анықтайтын геомәдениет ұғымын енгізеді, әлем-жүйе осы
тұста қызмет етеді. Геомәдениет, онсыз бірде бір тарихи жүйе өмір сүре
алмайтын нормалар мен құндылықтарды тудырады. Осыған байланысты аудитория
алдына мынадай сұрақ қоюға болады: бұл жерде геомәдениеттегі бірнеше
мәдениеттер туралы немесе оның шеңберіндегі әр түрлі мәдени саясаткерлер
туралы сөз болып отыр ма? Ұлтшылдық пен интернационализм, әмбебаптылық
пен саяси бейтараптық арасындағы айырмашылықтар – модернизмнің тарихи
географиясының құрамдас бөлігі, капиталистік дамудың саяси және
интеллектуалды пейзаждарының тұрақты ерекшеліктері. Соған қарамастан
әлемнің біртұтастығы туралы постулат қазіргі заман әлемінде болып
жатқанды түсінуді жеңілдетпейді.
Валлерстайн үшін әлем-жүйе, ең алдымен, экономикалық жүйе екендігіне
қарамастан, әлем-жүйе теориясын бейнелеу мен сараптауда ол мәдениет пен
бірдейліктің ғаламдық аспектілеріне үлкен көңіл бөледі. Капиталистік
методология оларды тарихи байланыстыра отырып, мәдениет пен экономика
арасындағы өзара байланыс проблемасын өзінше шешеді.
Көріп отырғанымыздай, мысалы, Валлерстайн глобализацияны негізінен
экономикалық феномен ретінде түсінсе, Гидденс пен Робертсон глобализацияны
тек экономикалық процестермен ғана ұқсастырмайды, оны өз анализдерінде
локализация, мәдениет пен барабар процестерімен байланыстырады.
Мануэль Кастельс: ақпаратты экономика және глобализация процесі
Мануэль Кастельс - қазіргі заман әлеміндегі ең беделді әлеуметтік
ойшылдар мен зерттеушілердің бірі, АҚШ-ғы Калифорния университетінің
(Беркли) профессоры. 1996-1998 жылдары М. Кастельс өзінің қазіргі заман
әлемі көп жылдық зерттеулерінің қорытындысы болып табылатын фундаменталды
үш томдық монографиясын жариялады: “Іnformatіon Age: Economy, Socіety and
Culture, Vol. 1-3 Oxford: Blackwell Publіshers, 1996-1998”. 2000 жылы
Мәскеуде Кастельстың “Ақпараттық дәуір: экономика, қоғам және мәдениет”
атты еңбегінің алғашқы томы орыс тілінде жарық көрді.
Соңғы жиырма жылда бір мезгілде қалыптасқан экономиканы Кастельс
ақпараттық жаһандық ретінде түсінеді. “Ақпаратты - өйткені бұл
экономикадағы (мейлі, ол фирма, аймақ немесе ұлт болсын) агенттер мен
факторлардың өнімділігі мен бәсекеге шыдай алуы, бірінші кезекте олардың
білімге негізделген ақпаратты өңдеу, тиімді пайдалану мен генерациялай алу
қабілетіне тәуелді. Ғаламдық - себебі, өндіріс, тұтыну және тауарлар мен
қызмет көрсетулердің циркуляциясы сияқты экономикалық қызметтің негізгі
түрлері, сонымен бірге оны құраушылар (капитал, еңбек, шикізат, басқару,
ақпарат, технологиялар, нарық), тікелей экономикалық агенттерді
байланыстыратын тармақталған желіні қолдану арқылы ғаламдық масштабта
ұйымдастырылады, және, соңғысы, ақпараттық және ғаламдық - өйткені жаңа
тарихи жағдайларда өнімділіктің белгілі бір деңгейіне жету мен
бәсекелестікті тудырту тек ғаламдық және өзара байланысты желінің ішінде
ғана мүмкін” (81 бет)[2]. Ғаламдық желі Кастельс бойынша, осындай жаңа
экономиканың пайда болуына қажетті материалды базаны қамтамасыз еткен
ақпараттық технологиялар саласындағы революция нәтижесінде тек қана ХХғ.
соңғы ширегінде пайда болды. Бұл бастапқы пікірлер болатын.
Кастельстің ғаламдық экономика туралы көзқарастары ерекше қызығушылық
тудырады. Кастельстің пайымдауынша ғаламдық экономика – бұл бүкіл планета
ауқымында, нақты уақыт режимінде бір тұтас жүйе іспетті қызмет ете алатын
экономика. Өндірістің капиталистік әдісі уақыт пен кеңістіктің шегінен
өтуге тырысып, тоқтаусыз дамыды, алайда тек ХХғ. соңына қарай негіздемесі
ақпараттық және коммуникациялық технологиялар болып табылатын жаңа
инфрақұрылым негізінде ғана әлемдік экономика шын мәнінде ғаламдыққа айнала
алды. Шындығында да тарихта алғаш рет капиталды басқару, реалды уақыт
режимінде жұмыс істейтін ғаламдық қаржы рыноктарында үздіксіз жүзеге асады:
әрбір секунд сайын электронды режимде бүкіл әлем бойынша миллиардтаған
долларларға келісімдер жасалады. Басқаша айтқанда, капитал ағымдары
ғаламдық сипатқа ие болып, сонымен бірге жеке экономиканың қызметінен
тәуелсіз болады.
Кастельстің глобализация процесін сынауындағы тағы бір рационалды
түйіні, бұл мемлекеттің белсенді позициясын елеп-ескермеу және жаңа
экономика құрылымы мен динамикасының дамуына әсер ететін ұлттық
үкіметтердің маңызды ролі. Қазіргі таңда, Кастельстің пікірінше, дербес
мемлекеттер немесе, мысалы, Европалық Одақ секілді осы тектес
мемлекеттердің альянсы өмір сүргенге дейін, толығымен интеграцияланған ашық
әлемдік еңбек, технологиялар, тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығын пайда
болуын болжауға болмайды. Оның үстіне, трансұлттық корпорациялар жөніндегі
БҰҰ Орталығы өткізген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, корпорациялардың
мемлекетке тиісті болуы корпоративті мінез-құлыққа толығымен сәйкес келеді.
Мысалы, жапондық мультиұлттық корпорациялар, негізгі қаржылық және
технологиялық активтерін елінде ұстай отырып, жапон үкіметі тарапынан жан-
жақты қолдау көрді. Бұл европалық мультиұлттық фирмаларға да қатысты.
Мәселен, неміс мультиұлттық алпауыты Фольксваген, Германияны біріктіру
міндетін іске асыру үшін батыс-европа елдеріндегі инвестиция көлемін
қысқартып, Шығыс Германиядағы тәуекелі жоғары қаржы істеріне ақша салды.
Саяси стратегия инструменты ретінде экономикалық бәсекелестікті
белсенді түрде пайдаланатын ұлттық мемлекеттер мен ұлттық өкіметтер
болғанға дейін, ғаламдық экономика ішінде аймақтық жіктелуді тудыратын
маңызды экономикалық аймақтар арасында шекаралар да болады.
Жаһандық экономиканы Кастельс басты үш аймаққа бөледі: Солтүстік
Америка, Канада мен Мексиканы қосқанда, Европалық Одақ және Азия-Тынық
мұхит аймағы, бұл аймақтардың әрқайсысында өзінің ықпал ету орталығы бар.
Байлық билік, ықпал мен технологиялар үшбұрышының айналасында қалған барлық
әлем иерархиялы және ассиметриялы өзара байланысқан жемісі
ұйымдастырылады. Сонымен бірге әр түрлі елдер өз жағалауына капитал, еңбек
пен технологияны тарту үшін өзара бәсекелеседі. Аймақтық бөлінген жаһандық
экономика ұғымы Кастельс үшін қарама-қайшы болып табылмайды. Осыған
байланысты Кастельс, іштей аймақтарға бөліну ақпараттықғаламдық
экономиканың жүйелік сипаттамасы деп есептейді, өйткені мемлекет институты
экономикалық жүйемен емес, қоғам арқылы пайда болады. Осылайша, Кастельс
былай деп қорытады, “ақпараттық экономикада, тарихи қалыптасқан саяси
институттар мен анағұрлым жаһандық экономикалық агенттер арасындағы өзара
әрекеттің күрделі процестері ерекше маңызға ие болады” (114 б).
Аталған факторлар, бірге әрекет ете отырып, жаңа ғаламдық экономика
жағдайындағы фирмалар, аймақтар мен елдер арасындағы бәсекелестік формасы
мен динамикасын анықтайды, және сол арқылы халықаралық еңбек бөлінісінің
жаңа жүйесіне енеді. М. Кастельс Ресей мен бұрынғы кеңестік
республикалардың экономикасына бөлек тоқталып өтеді. Осыған байланысты М.
Кастельстің 1984 жылдан бастап КСРО-ға бірнеше рет келгендігін, ал 1992 ж.
көктемде Ресей Федерациясының Үкіметі шақырған эксперттер тобын басқарғанын
ескеріп кету қажет. Халықаралық экономиканың күрделенуі мен
реструктуризациясына ең алдымен Кеңес империясының құлауы және бұрынғы
кеңес республикаларының біртіндеп ғаламдық экономикаға қосылуы әсер етті.
Кастельстің пікірінше, Ресей экономикасы, басқа да кеңес
республикаларының экономикасы сияқты жүзілік экономикалық жүйемен,
капиталдардың, тауарлар мен технологиялардың әлемдік циркуляция жүйесімен
байланысынсыз дами алмайды. Кастельстің пайымдауынша, және оны біздің
тәжірибеміз айқын көрсетеді, әлсіз, бірақ та дамыған капиталистік елдер мен
халықаралық қаржы институттары тарапынан қолдау көрсетілген кездегі
нарықтық экономикаға өту, шетел капиталының бұрынғы командалық экономикада
әрекет етуіне мүмкіндік беретіндей макроэкономикалық саясат жүргізуді
білдіреді.
Ресейдегі шетел капиталы, ресей экономикасына мүмкіндігінше аз
кірісіп, энергетикалық және табиғи қорларға қол жеткізудің басым ролін
алуға бағытталады.
Ресейдің ғаламдық экономикамен байланысын қоса, оның нарықтық
экономикаға өту динамикасының мәнін Кастельс аса зор масштабтағы капиталдың
бастапқы жиналуы немесе қарапайым сөзбен айтқанда, ғаламдық капитализмнің
терезесі тең әріптес болуға ұмтылатын ескі аппаратшылар табының Ресей
байлығын тонауы ретінде анықтайды. Сауданың базасы ретіндегі кисокілердің
квазиформалды емес экономикасы, тірі қалу үшін бақшада көкөністер өсіру –
Кастельс ресейлік нарыққа өтудің осындай тіректерін көреді. Толығымен
ғаламдастырылған Ресейдің шағын сегменттері мен локальды экономикаға
тартыла бастаған халықтың басым бөлігінің арасындағы өсіп отырған
поляризация қарсылық көрмесі Ресейде дамуы екіталай.
Қорытындысында М. Кастельс ақпараттықғаламдық экономика туралы
келесідей резюмесін келтіруге болады. Ғаламдық экономиканың құрылымы
тұрақты архитектураның өзгермелі геометриямен ұштасуы арқылы сипатталады.
“Жаһандық экономика архитектурасы, басты үш экономикалық аймақ төңірегінде
ұйымдастырылған және өнімді, гүлденген, ақпаратқа бай салалар мен
экономикалық және әлеуметтік құнсызданған, жағдайы нашар салалар арасындағы
қарсы тұру осі бойынша поляризациялана түсетін, ассиметриялы өзара тәуелді
әлемді бейнелейді[3].” (152 б.)
Бұл айқын архитектура шеңберінде, ғаламдық экономикаға өзгермелі
геометрия енгізетін бәсекелестік пен өзгерістердің динамикалық процестері
жүреді. Төрт позиция төңірегінде құрылған халықаралық еңбек бөлінісінің
жаңа құрылымының пайда болуы туралы мәселе көтеріліп отыр. Бұл позициялар:
информационалды еңбекке негізделген жоғарғы құнды өндірушілер; төмен
жалақылы еңбекке сүйенетін жоғарғы ауқымды өндірушілер; табиғи қорларға
тірек етуші шикізат өндірушілері; және еңбегі құнсызданған қажеті жоқ
өндіруші.
Қазіргі заман әлемі – бұл көп жағынан келгенде шекарасы жоқ әлем,
территория мен ара қашықтық өзінің бұрынғы маңызын жоғалтқан әлем, уақыт өз
жүрісін жылдамдататын әлем. Бұрын айлар мен жылдар өткенге, енді бірнеше
сағат қана жұмсалуы мүмкін.
Локальды және ғаламдастырылған қоғамдар тұрғысынан келгенде ең
маңызды мәселе қалыптасып келе жатқан ғаламдық қоғам мен ұлттық-мемлекеттік
құрылымдар арасындағы қатынас моделінің проблемасы болып табылады. Байқап
отырғанымыздай, бұл жерде барлығына болмаса да, көптеген елдер үшін әрекет
етудің қандай да бір ортақ үлгісі жоқ. Ғаламданып жатқан әлем мен ұлттық-
мемлекеттік құрылымдар арасындағы қатынастар қалайша орнығатындығы, көп
жағынан келгенде қоғамның типі, оның экономикасының даму деңгейі, қолда бар
ресурстары, шығармашылық, әлеуеті арқылы анықталады. Жаһанданып жатқан әлем
мен қандай да бір ұлттық-мемлекеттік құрылым қатынасы, басым жағдайда, оның
сыртқы әлеммен өзара қатынасы сипатына байланысты белгіленеді.
Интернационализация дәуірінде, ғаламдық қауымдастықтар, элитарлық,
социокәсіби топтардан тұрды. Бұлар ірі саясаткерлер мен интеллектуалдар,
халықаралық шенеуніктер мен дипломаттар, үгіт-насихатшылар мен тыңшылар,
сыртқы әлемге бағытталған басқа да мамандық өкілдері болды. Бүгінгі таңда
халық жаппай глобализация процесіне тартылуда. Мысал ретінде бүкіл әлемдік
интурист желісін пайдаланушылар саны – 304 миллион адамды келтіруге болады.
Әрине, дүние жүзін қамтыған электронды желінің тығыздығы, елдер мен
континенттер бойынша мүлдем біркелкі емес. 90 жылдар аяғында интернетті
пайдаланушылардың 88 процентісі дамыған елдерде тұрған, ал олар әлем
халқының 15 процентін құрайды. Планета тұрғындарының 5 процентін құрайтын
АҚШ пен Канада, Интернетті пайдаланушылардың 50 проценттен астамы
шоғырланған.
Ақыры, тағы да бір маңызды тақырып - ғаламдық даму факторларының
мәселесі. әңгіме болып отырған жәйт, жаңа әлемдік тәртіпті жай ғана кезекті
халықаралық қатынастар жүйесін емес, азды-көпті тұтас әлемдік құрылысты
қалыптастыру болып отыр.
Әлемдік құрылыстың қазіргі замандық маңызды жүйе құраушы сипаттамасы
мынаған келіп саяды: Батыс, жер шарының 15% халқын құрай отырып, әлемдік
тұтынудың, сауданың, өндірістің, ресурстардың 70%-тен астамын бақылайды,
бұл дүние жүзі бойынша көптеген бағдарламалары бар Дүниежүзілік Банк,
халықаралық валюта Қоры, НАТО сияқты қазіргі заман әлемін қадағалау мен
басқарудың күшті механизмдерімен ұштасады.
Сонымен бірге глобализация факторларын нақты бір формада орнықтыру
қиынға соғады. Бұл жерде АҚШ пен Европа арасындағы қарама-қайшылықтар
европа елдері ішіндегі теке тірестер, Жапония дәмесі мен осыған байланысты
АҚШ немесе Европа мемлекеттерінің реакциясы туралы айтылып отыр. Қазіргі
заман әлемін зерттеушілер қалыптасып келе жатқан әлемдік тәртіпті “жаңа
әлемдік тәртіпсіздік” деп атауы кездейсоқ емес.
Э.Гидденс, Р.Робертсон, М.Кастельс глобализацияның қазіргі замандық
социологиялық концепцияларын анализдеу жаңа заманғы глобализация
процесіндегі келесідей компоненттерді анықтауға мүмкіндік береді:
1. Ғаламдық сатыға өту барысындағы өзгерулердің кешенділігі мен тұтас
қамтушылығы. Социологиялық сараптау кезіндегі мәлім компонент
социолог назарын әлеуметтік өзгерістердің кеңестіктік және
географиялық параметрлеріне аудару керектігін білдіреді.
2. Ғаламдық құндылықтар жергілікті немесе локальды құндылықтарға
қатынаста басым болады, бұл глобализацияның локальды
қауымдастықтардың ең терең құрылымдарына енуінен көрінеді. оның
үстіне “жаңа” ғаламданумен, ал “ескі” локальды әлеммен
байланыстырылады, Ғаламдану және локализация процестері қоғам
архаизациясы сияқты процеспен қоса жүреді. Бұл жерде примордиалды,
бұрынғы феномендердің қайта өрлеуі, этникалық, нәсіл және жыныс
секілді феномендер маңызының өсу туралы сөз болып отыр. Бір
мезгілде ғаламдық әлем, “постжаңашылдық” шеңберінде өңделетін
рационалдылық, сан алуандылықтың өзін-өзі білдіру еркіндігі ретінде
ұғынылады, ол мысалы, мультимәдениеттілік теориясында көрініс
тапқан.
Глобализация – көпөлшемді процесс: ол өз орбитасына әртүрлі жолдар мен
құралдар арқылы тартады. Мысалы ресейлік В.М. Межуев глобализация деп
әлемдік қауымдастықты құрайтын ұлттық мемлекеттердің, аймақтардың өзара
тәуелділігінің ұлғая түсуін, олардың біртіндеп экономикалық, саяси және
мәдени ережелер мен нормалары біртектес біртұтас жүйеге интеграциялануын
түсінеді.

1.2 Глобализацияның негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері

Глобализация деп Батыста көбінесе бір елдің екінші елге үстемдік етуге
бағытталған саясатын айтады. Мұндай идеологияға арқа сүйегендер қатарына
Шыңғысхан, Наполеон, Гитлер секілді саясаткерлерді жатқызамыз. Қазіргі
замандағы глобализация сайып келгенде вестернизацияға дөп келеді, яғни
батысшылдықты бойға сіңдіруге пара-пар десек шындықтан алшақ кетпейміз.
Көптеген бастытық емес елдер өз бақытсыздығының басты кесір тигізуші
ретінде глобализацияны айыптайды.
Глобализацияның негізгі мәселелерінің бірі мұндай ашық әлем кезеңіне
әртүрлі халықтар мен мемлекеттер өздерінің әрқилы дамымағандығымен келіп
отыр. Және осы айырмашылықтар ғаламдана түскен кезеңде мүлде өсе түспек.
Бай Солтүстік пен кедейліктен көз ашпаған Оңтүстік алшақтықтары ұлғайып
барады. Әлем бұрынғысынша империалистік державалар мен оларға тәуелді
елдерден тұратыны да көзге менмұндалап тұр. Глобализация ғасырында әлем
айырмашылықтары өсіп және өзара шиеленісе түсуде. Әлемдік экономикалық
жүйеге қатыса алмайтын елдер өзара дамудан айырылып, ішкі біртұтастығын
жоғалтып перифериялық елдер санатына кіреді.
Әлемнің мұндай образы глобализация процесіне ушыға түскен
проблемалардың салдарын итере салуға мәжбүрлеуде.
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі АҚШ-қа террористік шабуыл терроризм
туралы кәдімгі көзқарасты мүлде өзгертті. Осы жағдай ХХІ ғасырдың басында
нағыз бұқаралық сипат алып, осының нәтижесінде адамзат бірте–бірте локальді
терроризмге көндіге бастады. Тіпті Ирландиядағы, Испаниядағы, Израильдегі
және Палестинадағы ондаған жылдарға созылған терроризм осы елдер мен
аймақтардың локальді мәселелері ретінде қаралды. Қазіргі әлем үшін басты
факті болып, жоғарыда айтылған локальді жөргектен өсіп шыққан терроризмнің
халықаралық сипаты мойындалуы табылады. Басты қажеттілік осы феноменді тез
арада түсіну болса, негізгі проблема - күнделікті өмірден терроризмді
шеттету мүмкіндігі.
Глобализация Қазақстан Респуликасына біршама мүмкіндіктер беретіні де
белгілі. Мысалы, даму үшін экономикаға инвестициялар тартуға, өзіміздегі
көмірсутек шикізаттарын саудалау арқылы әлемдік экономикаға белгілі түрде
ықпал ете алуға, сыртқы саяси бағытта балансты қамтамасыз етуге,
қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты нығайтуға, экономикамызды жаңа сатыға
көтеру барысында жаңа технологияларды белсенді түрде тартуға, өзімізден
жылдар бойы жинақталған күрделі әлеуметтік мәселелер түйінін шешуге әлемдік
қауымдастықтан көмек алуға және біздің ел азаматтары үшін қай елде тұруды
өзіміз шешуімізге, қандай БАҚ көріп оқуымыздың еркіндігіне осы глобализация
итермелейтінін айтқанымыз жөн.
Сонымен қатар дамып келе жатқан елдер қатарына кіретін біздің
Қазақстан үшін глобализацияның қойнауында қауіп-қатерлерді бар екендігі де
шындық.
Бірінші. Тар шикізаттық бағытта дамуымыз бірқатар шетел мемлекеттері
үшін өте пайдалы.
Екінші. Ұлттық мәдениеттің глобализация дәуірінде мәңгүрттене түсуі,
өйткені жеткілікті түрде қызмет атқара алмай шетке ысырылып шығарылуы.
Үшінші. Глобализацияда мемлекет ролі төмендеп, халықаралық
құрылымдардың ТҰК-дың маңызы арта түседі. Біздің тәуелсіздігіміз нығая
қойған жоқ, сондықтан мемлекеттілігімізге, яғни соның ішінде ұлттық
қауіпсізідігімізге нұқсан келтіндігі тағы бар.
Төртінші. Глобализация біздің елдің азаматтық потенциалының сапасына
да қауіп төндіреді.
Бесінші. ТҰК-мен бәсекелестікке ұлттық бизнесіміздің төтеп бере
алмауы мүмкін.
Алтыншы. Сыртқы күштердің ішкі саяси жағдайға әсерінің өсуі, тіпті
сыртқы күштердің үстемдік жүргізуі ұлғаяды.
Енді, міне төл байрағымызды желбіретіп, еңсемізді көтерген XXI-шы
ғасыр тұсында қазақ халқының алдына өте күрделі әлемдік тәртіп интеграция –
глобализация процессі шықты. Бұл процестің бір құйтырқылығы оны толығымен
қолдап еніп кетсең, ұлттық мүдде, салт-сана деген құндылықтар бірте–бірте
жойылып жоқ болып кетуі де ғажап емес. Ал, енді оны мойындамай өзің өз
алдыңа бағыт алып кетуіңе де болмайды. Өйткені, қазір бір мемлекет басқа
мемлекеттермен мейлі экономикалық жағынан болсын, мейлі ақпарат алмасу
саласында болсын қоян- қолтық араласып өмір сүруі қазіргі күннің басты
талабы әрі заңдылығы. Сонымен, тәуелсіз мемлекеттер арасындағы қарым-
қатынастар соның ішінде ақпарат алмасу байланыстар аталмыш үрдістің тез
жүзеге асуына үлес қосатын бірден-бір фактор деп айта аламыз. Себебі,
әлемнің түкпір–түкпірінде болып жатқан оқиғалар жер бетіндегі
мемлекеттердің барлығына дерлік әсерін тигізеді. Мәселен: сонау Африка
құрлығындағы Ирак пен АҚШ соғысы және Палестинадағы қақтығыстарға, тіпті
Мексика жерінде болып жатқан жағдайлар, бүкіл әлем жұртшылығының назарынан
тыс қалып отырған жоқ.
Глобализация процесіне қарсы бас көтеруші антиглобалистер пайда болды.
Бұл туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану: мәні мен бастаулары
Жаһанданудың қазіргі заман теориялары
Жаһандану
Глобализация және әлемдік қауіпсіздік
Жаһанданудың негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері
Жаһандану мәдени феномен ретінде
Қазіргі заманғы қала жағдайындағы жастардың құндылықты бағдарлануы
Жаһандану процесінің Қазақстандағы саяси мәдениетке тигізетін әсері
Жаһандану жағдайы
Глобализацияның негізгі қасиеттері
Пәндер