Жапонияның астанасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:

Қазақстанның Жапониямен
байланысы

ТЕКСЕРГЕН:
ОРЫНДАҒАН: ҚОЙШЫБАЕВА МӨЛДІР

АЛМАТЫ-2006
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

I. Токаев Қ.К. Под стягом независимости, 1997, А.
II. Ұлттық энциклопедия, 3-том, А.
III. Интернет сайттар:
1) www.pushkinlibrary.kz – А.С.Пушкин атындағы Шығыс-Қазақстан облысы
кітапханасы
2) www.library.karaganda.kz – Н.В.Гоголь атындағы Карағанды облыстық
кітапханасы.
3) www.ounb.by.ru – Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасы.
4) www.eksi.kzlibrary - С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық
біріккен әмбебап кітапханасы.
5) www.library.shym.kz – А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан
облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
6) www.mtb.kz – Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана.
7) lib.kazsu.kz – Қазақ Мемлекеттік Университетінің Ғылыми кітапханасы.
8) www.rsl.ru – Ресей Мемлекеттік кітапханасы.
9) www.nlr.ru – Ресей Халықтық кітапханасы.
10) www.libfl.ru – М.И.Рудомин атындағы Бүкілресейлік шет ел
басылымдарының кітапханасы.
11) www.nla.gov.au – Австралияның ұлттық кітапханасы.
12) www.kbr.be – Бельгияда Альберт I-дың Корольдік кітапханасы.
13) www.bl.uk – Британ кітапханасы.
14) www.ddb.de – Неміс ұлттық кітапханасы.
15) www.ndl.go.jp – Жапонияның ұлттық парламенті кітапханасы.
16) www.kulichki.ru – рефераттар сайты.
17) www.kaznpu.kz – ҚазҰПУ-дың ресми сайты.
18) www.decan.kz – студенттер форумы.
19) www.bankreferatov – Ресейдегі ең үлкен рефераттар жиынтығы.

ЖАПОНИЯ

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.
Жапония – Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит
аралдарында орналасқан мемлекет. Ел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа
қарай 3,5 мың шақырымға созылған 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең
үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б.
Жер аумағы: 372,2 мың км2.
Халқы 126,2 млн (1997).
Астанасы – Токио қаласы (11,9 млн).
Әкімшілік жағынан Жапония 47 префектураға бөлінеді.
Жапония – конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда
қабылданған конституция бойынша император – мемлекет пен халық бірлігінің
көрінісі. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрлерді
тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы
соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады.
Конституция бойынша мемлекеттік істерге толығымен премьер-министр
басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент – екі
палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады.
Ұлттық мерекесі – 23 желтоқсан (император Акихитонның туған күні).
Ақша белгісі – иен.

2. ХАЛҚЫ.
Жапония – бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і жапондықтар. Бұдан басқа
қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады.
1 шаршы км-ге адам тығыздығы 336 адам. Бұл дүние жүзіндегі ең жоғарғы
көрсеткіштердің бірі (микроелдерді есепке алмағанда).
Халық саны жағынан Жапония дүние жүзінде 6-шы орын алады. Жапония дүние
жүзінде бала өлімі жағынан ең төменгі көрсеткішке ие болған мемлекет.
Жапония Азиядағы демографиялық революцияның екінші түрінен бірінші түріне
өткен алғаш мемлекет. Жапония – жоғары деңгейде оқыған білімді және
мәдениетті адамдардың елі. Мұнда әрбір адамның жоғары сапалы білім алуына
сәби кезінен бастап үлкен көңіл бөледі. Жапониядағы университеттер саны
бүкіл Батыс Европа елдерінің университеттерін қоса алғанда әлдеқайда көп.
Ұлттық тіл – жапон тілі, негізгі діндері – синтоизм және буддизм.
Күншығыс елінде 30 мыңнан астам жапон ислам дінін ұстанады.
Жапонияда орташа өмір сүру 88 жас болғандықтан, ешкім жарық дүниеден
тоқсанын толтырмай кете қоймайды. Ал жастар жағы асықпай 30-дан кейін отау
құруды дағдыға айналдырған.

3. ТАБИҒАТЫ.
Жапон аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охот,
Шығыс Қытай теңіздері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты болып
келеді. Неғұрлым ірі таулары: Хидака мен Китами (Хоккайдо аралында), Оу,
Этиго, Хида, Кисо, Аканси (Хонсю аралында). Бұл тарауларда сөнбеген
жанартаулар әлі де көп. Ең белгілісі – Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте
орналасқан Фудзиями жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және
мұхит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі
жазықтары Канто немесе Токио жазығы (Хонсю аралында), Исикари жазығы
(Хоккайдо аралында). Климаты муссонды. Территориясының басым бөлігі –
субтропикалық белдеуде, солтүстігі – қоңыржай, оңтүстігі – тропикалық
белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температура Хоккайдо аралында
-50С, остүстікте 60с, Рюкю топаралында 160С, ал шілде айында 22,27,280С.
Жылдық жауын-шашын мөлшері ел аумағының көпшілік бөлігінде 1700-2000 мм,
оңтүстікте 4000 мм-ге дейін. Көбінесе, жаздың аяғы мен күз айларында
болатын тайфундар нөсер жауын алып келеді. Өзендері шағын, бірақ суы мол,
сондықтан электр қуатын өндіру мен жер суғаруға пайдаланылады.
Территориясының 68%-ін қолдан өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып
жатыр. Ұлттық саябақтар мен қорықтар көп (Бандай-Асахи, Никко, Сето-Найкай
т.б.).

4. ЭКОНОМИКАСЫ.
Жапония - өнеркәсібі жоғары дамыған мемлекет. Өңдеуші өнеркәсіпте 14
млн-дай адам немесе елдегі халықтың 25%-і жұмыс істейді. Жапония кеме
шығарудан (52%), автомобиль (30%), трактор, металл өңдейтін құрал-
жабдықтар, тұрмыстық қажетті электроника, робот жасаудан дүние жүзінде 1-
орын алады. Бұған қоса жапондар әлемдегі түрлі-түсті теледидардың 60 %-ін,
жасанды талшықтың 12,3%-ін өндіреді. Жапония энергия ресурстарына өте
кедей. Сондықтан жапон энергетикасы энергия көздерінің (мұнай, газ, көмір,
уран т.б.) 80%-ін шеттен әкеледі. Соңғы жылдары су және атом энергиясын
өндіру жедел артып келеді. Елде жалпы көлемі 35 млн квт тоқ өндіретін 43
атом реакторы бар. Ауыл шаруашылығында 5,7 млн адам жұмыс істейді және
жалпы жиынтық өнімнің 2,2%-ін өндіреді. 5,3 млн га жер өңделеді (бүкіл жер
аумағының 14,3%-і). Дегенмен, Жапония, өзін-өзі азық-түлікпен 70%
қамтамасыз етеді. Балық аулаудан (жылына 12 млн тонна) Жапония дүние
жүзінде 1-орын алады. Елдегі автожолдардың ұзындығы 1,2 млн км (оның ішінде
5 мың км-дейі аса саналы). Теңіз сауда флоты жақсы дамыған. Сыртқы сауда
айналымы жағынан АҚШ пен Германиядан кейін 3-орын алады. Негізгі сауда
серіктестіктері: Оңтүстік-Шығыс Азия елдері (28%), АҚШ (26%), Еуропалық
одақ елдері (14%), Қытай (6%), т.б. Экспортқа машиналар, электротехникасы,
металл және химия өнімдері шығарылса, сырттан шикізат, мұнай өнімдері және
азық-түлік әкелінеді. Алтын, валюта қоры жағынан дүние жүзіндегі алдыңғы
қатарлы ел (1998 жылғы есеп бойынша 228 млрд доллар), сыртқы қарызы жоқ.
Халықтың орташа жалақысы 400 мың иена (4 мың доллар) шамасында.

5.ЖАПОН ӨНЕРІ.
Жапон өнерінің өзіндік ұлттық ерекшеліктері мол. Төбесі сабанмен
жабылған ағаш құрылыстар Жапония архитектурасының ежелгі ескерткіштеріне
жатады (б.з.б. 1-ғасырдағы Идзумо Исэ ғибадатханасы). VI ғасырда будда
дінімен бірге келген қытай мәдениеті Жапон архитектурасында өз таңбасын
қалдырды (Хорюдзи, Якусидзи, Тодайдан ғибадатханалары). Жапонияның астанасы
Нора VIII ғасырда қытай үлгісімен салынды. XII-XVI ғасырларда Жапон тұрғын
үйінің жаңа түрі қалыптасты. XIX ғасырдың 2-жартысынан бастап Жапон
архитектурасы Батыс Еуропа мен Американың ықпалында болды. 2-дүниежүзілік
соғыстан кейін Жапон архитектурасы ұлттық дәстүрде дами бастады, ірі
қалаларды жаңарту ісі қолға алынды (Токио, Нагасаки, Хиросима). Жапон
бейнелеу өнерінің ежелгі ескерткіштері неолит дәуіріне саяды. Б.з.б. III
ғасырда қоңырау пішінді қола бұйымдар мен айналарға жапырақ, т.б. суреттер
салу, III-VI ғасырларда ханива - адамдар мен аңдардың балшықтан
домбаздалған бейнелерін жасау өнері дамыды. IX-XI ғасырларда діни мүсінді
нақыштай түсуге көңіл аударылса, XII-XIV ғасырларда өнердің бұл түрі
монументті сипат алды (Камакурадағы Будда мүсіні, XIII ғ.). Жапон өнеріне
XIV ғасырдан бастап Қытай кескіндемесі елеулі ықпал етті. XVI-XVIII
ғасырларда жанрлық кескіндеме дами түсті. XIX ғасырдың аяғында еуропалық
стильмен сурет салу дәстүрге енді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапон
бейнелеу өнерінде кескіндеме (Тосико, Маруни Ири, т.б.), графика (Уэно
Маното, Хирохару Нии, т.б.) жанрлары дамыды. Жапон музыкасы туралы алғашқы
деректер III ғасырдан сақталған. VII ғасырларда сарай музыкасы дамыды.
Жапон ұлттық музыкасынан корей, қытай, үнді халықтары муз. мәдениетінің
ыпалы да байқалады. Ежелгі музыкалық дәстүрлер де жақсы сақталған. Соның
бір түрі – кагура. Бұл – мифтік сюжетке негізделген ғұрыптық би. Қазіргі
кезде халық биі түрінде кездеседі. Музыкалық халық аспаптары: сямисэн кото
(ішекті аспаптар), хитирики (үрлемелі аспап), фуэ, сякухати (бамбук
флейталар), XVI ғасырдан бастап Еуропа музыкасы тарай бастап, 1868 жылдан
кейін кең өріс алды. Жапонияның қазіргі музыкасын шартты түрде дәстүрлі,
ұлттық және батыс мектебі деп 3 бағытқа бөледі. Дәстүрлі мектептік
өңілдері: Ясудзи, Макудайра, Ифукуба, т.б. Жапонияның музыкалық орталықтары
Токио, Осоко, Киото, Нагоя сияқты консерваториялары бар ірі қалаларға
шоғырланған. Жапон театры тарихында гигаку (VII ғ.), бугаку (XI ғасырдан
кейін), сингаку, саругаку деп аталатын халық өнерінің түрлері белілі орын
алады. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында симпа, сингэки,
синкокучэки сияқты театр өнерінің жаңа түрлері пайда болды. Сингэки –
еуропалық театр ықпалымпен ХХ ғасырдың басында пайда болған драмалық жанр.
Жапонияда алғашқы кинофильм 1899 жылы түсірілді. 1908 жылы Киото мен
Токиода отандық киностудия ашылды. Алғашқы кезде осы заманғы сюжетке және
тарихи аңыздарға негізделген фильмдер жасалды. 1931 жылы дыбысты кинолар
шыға бастады. XX ғасырдың ортасында тәуелсіз кино өндірісі мен прокаттық
кинокомпаниялар пайда болды. Ұлттық және еуропалық киноның озық дәстүрін
дамытқан Куросава шығармалары Жапон кинематографиясының жаңа өрістеу
кезеңін бастады. XX ғасырдың 60-70-жылдары және одан кейінгі кезеңде
бейбітшілікті насихаттап, адамгершілікті паш еткен Ұмытпа сол бір
күндерді (1963, реж. Х.Теенгахара), Ереуілші (1967, режиссері
М.Кобияси), Трамвай доңғалағының дүрсілімен (1971, режиссер А.Куросава),
т.б. көптеген көркемдігі жоғары фильмдер шықты. Жапонияның ғылыми-көпшілік
және мультипликациялық фильмдері де айтарлықтай табысқа жеткен.

6. ЖАПОНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Жапония Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың 28 желтоқсанында
мойындады. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар өз басын 1992
жылдың 26 қаңтарынан алады. 1993 жылы Жапония Алматыда өз елшілігін ашса,
өз кезегінде Қазақстан Жапониядағы елшілігін 1996 жылдың аяғында ашты.
Екі ел арасындағы қарқынды дипломатиялық қарым-қатынас басталды.
1992 жылдың мамыр айында Қазақстанға жапон премьер министрінің
орынбасары – Жапония Сыртқы Істер Министрі Митио Ватанаба жұмыс барысында
ресми іс-сапар жасады.
1992 жылдың тамыз айында Қазақстанға Жапонияның Либерал-демократиялық
партиясы мен парламентінің жоғары өкілдері іс-сапармен жолықты.
1993 жылдың маусым айында елімізге жапон экономикалық делегациясы мен
министірлері өкілдерінің, және де 39 ірі компаниялар мен банк өкілдерінің
елімізге келуі аса маңызды мағынаға ие болды. Делегацияны Мицубиси
корпорациясының төрағасы С.Морахаши басқарды. С.Морахаши елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевпен кездесті.
1992 жылдың қазан айында еліміздің Сыртқы Істер Минстрі бастаған бір
топ делегаттар Токиода өткен Тәуелсіз елдерді қолдау конференциясына
қатысады. Еліміздің делегаттары Жапон премьер-министрі К.Миядзавамен, және
де Жапония Сыртқы Істер Министрі М.Ватанабамен кездесті.
1992 жылдың қазан айында Жапонияның Қаржы Министрі Т.Чино бастаған бір
топ жапон делегаттары Алматыға жұмыс барысында іс-сапармен жолықты.
1993 жылдың шілде айында жапон ғалымдарының шақыруымен еліміздің Ұлттық
Ғылым Академиясының өкілдері Жапонияның ірі ғылыми-зерттеу орталықтарын
аралайды. Мұнда олар жапон ғалымдарының ғылымның түрлі салаларындағы
жұмыстарымен танысады.
1994 жылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапония елі туралы
Жапония мемлекеті жайлы
Ежелгі Жапонияда мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы
«Шет елдер экономикасы» пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Жапония елі
Жапония Ниппон, Нихон (“Таң шапағы елі”)
Жапония — күн-шығыс елі
Жапон қоғамының күрделі капитализмге өту жолдары
XVII ғасырдағы Жапонияның саяси-әлеуметтік жағдайы
Пәндер