ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИТАЛИЯМЕН байланысы
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИТАЛИЯМЕН байланысы
ТЕКСЕРГЕН:
ОРЫНДАҒАН: САТПАЕВА МАДИНА
АЛМАТЫ-2006
ИТАЛИЯ
Италия Республикасы — Еуропаның оңт. бөлігінде, Жерорта т.
жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ
аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көл. — 301,2 мың км2. Халқы — 57,5 млн.
адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемл. тілі — италия тілі. Халқы
христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы — Рим қ. (2,8 млн.).
Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі
қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-
Марино) орналасқан. Әкімш.-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-
еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д'Аоста, Фриули-
Венеция-Джу-лия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провин-
цияға бөлінеді. Италия — парламенттік республика. 1948 ж. қабылданған
конституция бойынша елді Президент басқарады (1992 жылдан О.Л. Скальфаро).
Ол 7 жыл сайын қоспалаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген
өкілдердің бірлескен жиналысында кайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган
екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан
(630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық
ақша бірлігі — лира. Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі —
Республиканың құрылған күні (2 маусым, 1946).
ТАБИҒАТЫ. Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (солт.) мен
субтропиктік белдеуде (оңт.) орналасқан. Жерінің 45 бөлігі — тау мен
қырат. Ең биік жері — Монблан шыңы (4807 ж.) Альпі тауында ондаған ірі
мұздықтар бар. Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына
жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті — Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы,
жанартаулы келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінісі болып тұрады.
Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір
кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде
Испаниядан кейін 2-орында. Климаты, негізінен, субтро-пиктік: жазы ыстық,
қуаң, қысы жылы. Шілдедегі орташа температура 20 — 22°С-тан (солт-те) 28°С-
қа дейін (оңт-те), қаңтарда 0°С-тан (солтүстікте) 12°С-қа (оңтүстікте)
дейін. Альпінің жоғарғы жағында қыста -15 — 20°С аяз болады. Жылдық жауын-
шашын мөлш. 500 мм-ден (Сицилия, Сардиния) 3000 мм-ге (Шығыс Альпі, Солт.
Апеннин таулары) дейін. Елдің басты өзені — По (үз. 652 км), үлкен өзендер
катарына Адидже, Брента, Рено, Арно, Тибр, т.б. жатады. Ірі көлдерінің
көпшілігі (Гарда, Комо, т.б.) Альпі тауында орналасқан. Жері құнарлы қоңыр
топырақты және шалғынды. Альпінің 800 м-ге дейінгі биіктіктерінде жалпақ
жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары қарай шам-шат және қылқан
жапырақты ормандар, ал ең жоғарғы бөлігінде субальпілік шалғындар өседі.
Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған. Апеннин тауы мен Сицилия,
Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі.
Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц
аюы кездеседі. Италияда 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері
балыққа бай.
ӘДЕБИЕТІ. Италия әдебиетінің ежелгі фольклоры сақталмаған. Орта
ғасырлардағы Италия әдебиеті Рим империясы құлағаннан кейін 6 — 12 ғасырлар
аралығында латын тілінде пайда болды. Осы кезде Рим шіркеуінің өкілдері Дж.
да Плано Карпинидің (1182 — 1252), Марко Полоның (1254 - 1324) Орта Азияға
жасаған саяхаттары туралы жол жазбалары дүниеге келген. Ұлттық
диалектілерде жазылған әдеби ескерткіштер 12 ғасырдың аяғы мен 13 ғасырдың
басында туды. Италия әдебиетінің біртұтас әдеби тілін қалыптастырушы Данте
Алигьери (1265 — 1321) болды. Оның негізгі шығармалары — "Жаңа өмір" (1292)
повесі, "Кұдіретті" комедиясы (1321), т.б. туындылары дүние жүзі
әдебиетінің алтын қорына қосылды. Қайта өркендеу дәуірі кезіндегі Италия
әдебиетінде ақын Ф.Петрарка (1304 - 1374), Дж.Боккаччо (1313 — 1375)
шығармалары көрнекті орын алды. 15 ғасырда ежелгі дәуірді зерттеуші ғалым-
жазушы Дж. Ф.П. Браччолини (1380 — 1459) мен Л. Валланың (1407—1457), т.б.
латын тілінде жазылған шығармалары жазылды. 16 — 17 ғасырларда Ф.А.
Ариостоның (1474 — 1533) "Қаһарлы Роланд" поэмасы, Н.Макиавеллидің
(1469—1527), П.Аретиноның (1492— 1556), Дж.Бруноның (1548— 1600) сатиралық
комедиялары, Т.Тассоның (1544 — 1595) "Аминта", Б.Гваринидің (1538 - 1612)
"Сенімді бакташы" атты драмалары жазылды. 17 ғ-да И-ның біршама бөлігін
испан басқыншылары жаулап алуына байланысты әдебиетте біраз то-қырау пайда
болды. 18 ғасырдың орта шенінен Италияның рухани өмірі қайта гүлденіп,
ұлттық мәдениет өркендеу жолына түсті. 1848 — 49 жылғы революциядан кейін
туған Р.Джованьолидің (1838 — 1915) "Спартак" романы мен Дж. Кардуччидің
(1835 — 1907) саяси жырлары Италия әдебиетіңдегі романтизмнен реализмге өту
дәуірінің шындығын танытады. 19 ғасырдың аяғыңда Италия әдебиетіңде жаңа
романтикалық және символистік бағыт өріс алды. 1-дүние-жүзілік соғыс
жылдарында Италия әдебиеті дәстүрлі гуманистік бағытынан айныған жоқ.
Фашистік билік үстемдік жүргізген жиырма жыл ішінде Италия әдебиетінің
көптеген өкілдері әлеуметтік тақырыптар мен реалистік дәстүрден ажырап
калды. Дж.Джерманетто, Ч.Павезе, Э.Витторини, т.б. ақын-жазушылар өз
шығармаларында фашистік кезеңнің ауыр зардабын суреттеп көрсетті.
20 ғасырдың 60-жылдарындағы Италия әдебиетінде жаңа ізденістерден туған
күрделі шығармалар жарық көрді. Бұл ретте Моравияның әлеум.-психологиялық
романдарын ("Чочар", 1957; "Автомат", 1963, т.б.), И. Кальвиноның (1923 ж.
т.) повестерін, Г. Паризенің (1929 ж.т.) сатиралық романдарын ("Үй иесі",
1965), т.б. жазушылардың шығармаларын атауға болады. Италия әдебиеті
дүниежүзілік мәдениетте көрнекті орын алады. Италия әдебиетінен
К.Гольдонидың "Екі қожаға бір қызметші" комедиясы (1948), Э.Амичистің
"Апенниннен Анды тауларына" атты әңгімелер жинағы (1959), А.Дантенің
"Құдіретті комедиясын" ("Тамұқ" атты бөлімі, 1971); Р.Джованьолидің
"Спартагі" (1951, 1972); С. Марчтің "Күн сайын өр не жоғалмағы" (1971),
т.б. қазақ тіліне аударылды.
ӨНЕРІ. Ежелгі Рим империясының құлдырауынан кейін ортағасырлық Италия
архитектурасы (Рим, Милан, т.б. жерлерде күмбезді шіркеулер салынды)
қалыптаса бастады. Монументті шіркеу, тұрғын үй, мұнара, кақпа, қорған
түрғызу ісі дамыды. 13 — 14 ғасырларда готика дәстүрлі (Орвьето мен
Миландағы, Фло-ренциядағы соборлар, Веккьо палаццосы, Венециядағы Дождар
сарайы) өркендеді. Осы кезенде ортағасырлық Италия қалаларының түр-сипаты
қалыптасты. Қайта өркендеу дәуіріндегі (15 — 16 ғасырлар) Италияның
архитектурасы жаңа бағытқа ауысып, қала салу ісінің құралымдау және
пропорциялау тәсілдері математикалық жолмен дамыды. Барокко (16 ғасырдың
аяғы — 18 ғасыр) тұсындағы архитектура Италияның қалалары мен виллаларында
көлемді ансамбльдерімен, парктерімен, салтанатты басқыштарымен,
бағаналарымен, хауыздарымен белгілі. 18 ғасырдың басында Италия
архитектурасы дәстүрлі формада (Ф.Ювара, 1678 - 1736), 18 ғасырдың 2-
жартысы мен 19 ғасырдың 1-жартысында классицизм бағытында болғандығы
Миландағы архитектуралық ансамбль мен театр құрылысынан анық көрінеді. 19
ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында қала орталықтарында эклектикалык
құрылыстар көптеп салынды. Фашистік диктатура (1922 — 43) кезіндегі
құрылыстарда монументтеу, әсіресе, жаңа классика басым болды. 20 ғасырдың
50—60-жылдары жаңа құрылыс материалдарын (темірлі-бетон, шынылы блок)
пайдаланған Италия архитектурасы дамыды. Италия архитекторлары қазіргі
заманғы архитектуралық форманы ұлттық дәстүрмен байланыстыруға ұмтылды.
Италияның ортағасырлық кескіндеме өнері ежелгі дәуір өнері озық үлгілердің
қарапайымдылық пен қарадүрсіндікке бағытталуы аркылы 8 — 11 ғасырларда
(фрескалар, мозаикалар) қалыптасты. 12 ғасырдың аяғында діни тақырыптағы
қондырғьшы кескіндеме, құрылыстарды әсемдеу мақсатыңдағы мүсіндер, түрлі
түсті инкрустация әдісі ба-сым дамыды. 13 ғасырдың 2-жартысы мен 14
ғасырдың басында алдыңғы катарлы қалалар Флоренция, Пиза, Сиенада,
негізінен, ежелгі дәуір өнері бағытын ұстанған ақсүйектер өнері (қ.
Проторенессанс) пайда болды. 15 ғасырда Қайта өркендеу дәуірінің өнері
ортағасырлық шарттылықтан қол үзіп, адам мен табиғатты зерттеуге және де
ежелгі дәуір өнері мұрасын толық меңгеруге батыл ден қойды. Мүсіншілер
Донателло (1386— 1466), Л.Гиберти (1381 -1455), А.Вероккьо (1435 -1488) күш
пен куатқа толы еркіндік көксеген жандардың бейнесін жасады. Суретші
Мазаччо, С.Боттичелли, Дж.Беллини (1430 - 1516) еңбектерінде адам мен оны
қоршаған болмыстың сұлулығы шебер бейнеленді. 15 ғасырдың аяғы мен 16
ғасырда бүкіл Еуропаға қанат жайған Қайта өркендеу дәуірінің өнері,
әсіресе, адамгершілікті паш еткен классикалық айқындығымен ерекшеленеді.
Бұл дәуірдің әйгілі өкілдері: Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль,
Джорджоне, Тициан, П.Веронезе (1528 — 1588), Я.Тинторетшо. 15 — 16
ғасырларда бейнелеу өнері, гравюра, сән және қолданбалы өнер (үй
жабдықтары, майолика, шыны), медаль соғу, театр декорациясы көркемдіктің
жоғары дәрежесіне көтерілді. 16 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырда Италия
өнерінде бояуы бай, сәндіктің жоғары дәрежесіне көтерілген барокко өнері
[мүсінші К.Бернини, суретші Пьетро да Кортона (1596 - 1669)] басым бағыт
болды. 16 ғасырдың аяғында Болонья мектебінде (М.Караваджо; Г.Рени,
1575—1642) академизм ағымындағы кескіндеме қалыптасты. 18 ғасырда гравюра
мен театр декорациясы өнерінде классицизм бой көрсетті. 19 ғасырда мүсінші
А.Канованың (1757— 1822) бастауымен негізгі бағытқа айналған классицизм
азаматтык пафостан кол үзді. Арнайы академизмге қарсы күрес Италия
романтизмін, кейінірек реалистік өнердің тұрмыстық жанры мен табиғат
көріністері суреттерін өмірге әкелді. Ол 20 ғасырда футуризмге, кейін жаңа
классицизмге ұласты. Қазіргі Италия өнерінде формалистік ағымдардың
сюрреализм, абстракты өнер секілді түрлері таралған. 2-дүниежүзілік
соғыстан кейін жаңа реализм ағымы пайда болды. Қазақ мемлекеттік
көркемсурет музейінде Моретто да Брешианың (Алессандро Бонвинчино болуы
мүмкін, 1498-1554 жылы шықты) Нәрестелі мадоннасы, Лука Камбиозаның (1527-
1585) Алтын ғасыры, Франческо Моланың (1612-1666) Аласталған Агариі,
Джачинтоның (Джигонте, 1809-1876) Әулие Перінің Римдегі қамалы, Антон
Домениконың (Габбиани) Апполон мен музалары, Франческоның (ботальоли,
1742-18 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген) Римдегі Соглассия
ғибадатханасының қираған орны, Проспер Жорж Антуан Марильяның (1811-1847)
Ніл жағалауы, т.б. суретшілердің әр кезде, әр түрлі әдіспен орындаға
шығармалары сақтаулы. Италияның музыкалық фольклорының алғашқы ноталық
үлгілері 13-14 ғасырлада жазылған. Италия халық музыкасының ерекшелігі
әуенінің саздылығы мен би ырғақтарының алуан түрлілігінде. Италия — опера,
оратория, кантата, дербес оркестрлік музыканың, орган үшін жазылған
пьесалардың, увертюралар мен симфониялардың, кончерто гроссо, соната, т.б.
жанрлардың отаны. Алғашқы невмадан бастап, осы күнгі нота жазу үлгісі
(Гвидо д'Ареццо, 992 - 1050) де Италияда пайда болды. О.Петруччи (1466 —
1539) нотаны алғаш басып шығарса, Б.Кристофори (1655 — 1731) фортепьяноны
ойлап тауып, Дж.Царлино (1517 — 1590) гармония ғылымының негізін
қалыптастырды. 16—18 ғ-лар-да дүние жүзіндегі ең жақсы скрипкалар (Амати,
Гварне-ри әулеттері, А.Страдивари) осы елде жасадды. Алғашқы
консерваториялар мен муз. академиялар И-да пайда болды. 7 ғасырда Римде
шіркеу әуендері бір жүйеге салынып, Григориан хоралына заңдас-тырылды,
кейін ол бүкіл Батыс Еуропа діни музыкасының негізіне айналды. Фольклор
негізінде тұрмыс-салт әндері (баркарола, гондольера, т.б.), Қайта өрлеу
дәуірінде вокальдік ансамбльдер (вилланелла, фроттола), билер (гальярда,
сицилиана) ерекше өріс алды. Қала мәдениетінің өсуіне байланысты 14 ғасырда
Арс Нова (жаңа өнер) деген атпен прогресшіл музыкалық бағыт қалыптасты;
мадригал, баллада, качча сияқты вокальдік жанрлар және аспаптық музыка
дамыды. К.Монтеверди (1567 — 1643) — операның түңғыш классигі, әрі 17
ғасырдағы Венеция опера мектебінің негізін салушы. 17 ғасырда италиялықгар
орган музыкасьш жаңа белеске көтерді, камералық музыка жанрын, скрипкалық
музыка мен ансамбльдік оркестр музыкасын дамытты. 18 ғасырда Алолитан опера
мектебінің негізі салынды, бельканто өнері гүлденді. 18 ғасырдағы И.
А.Вивальди, Д.Скарлатти (1685-1757), Л.Боккерини (1743—1805), Дж.Саммартини
(1701—1775), т.б.компози-торлардың, ұлы скрипкашы Н.Паганини және фортепья-
нолық сонаталар мен этюдтардың авторы М.Клементидің (1752 — 1832)
шығармашылығы әлемге танылды.
19 ғасырда Дж.Россини, В.Беллини (1801 - 1835), Г.До-ницетти (1797 -
1848), Цж.Верди сынды композиторлар опералық шығарманың атақты шеберлері
атанды. 19 ғасырдың аяғыңда Италия операсында веризм ағымы пайда болды.
Италия аса жоғары музыкалық орындаушылық өнерімен, опера әншілерінің
шеберлігімен ертеден әлемге аян. Милан (Ла Скала), Рим, Неаполь, Болонья,
т.б. қалаларда опера театры бар. 20 ғасырда дүниежүзілік музыка
мәдениетінде пианист Ф.Бузони (1866 - 1924), дирижер А.Тосканини
(1867—1957) ерекше рөл атқарды.
20 ғасырдағы Италияның атақты әншілері: Э.Карузо (1873—1921), Т.Скипа
(1889-1965), Б.Джильи (1890 -1957), Т.Гобби (1913-1984), М.Дель Монако
(1915 — 1982), Р.Тебальди (1922 ж.т.), Р.Скотто (1934 ж.т.), т.б.; белгілі
дирижерлері: Т.Серафин (1878- 1968), К.Цекки (1903- 84), т.б.
Италия театр өнерінің алғашқы элементтері халықтың диқаншылық әдет-
ғұрыптары мен ойын-сауықтарында кездеседі. Орта ғасырларда пайда болған
литургиялық драма мен мистерияда комедия-сатиралық бағыт басым болды. Қайта
өрлеу дәуірінде тың театрлық мәдениет дамыды, драма теориясы дами бастады.
16 ғасырдың ортасында суырып салма Дель арте комедиясы (маска комедиясы)
пайда болды. 17 ғасырдың аяғында Италия театры озінің ұлттық ерекшелігін
жоғалтып, маска комедиясы ақсүйек қауымының көңіл көтеретін сауығына
айналды. 18 ғасырда Венеция мен Рим театр мәдениетінің ірі орталығына
айналды. Әдеби театрмен қатар куыршақ театры, акробаттардың, дар ойыны
бишілері мен жәрмеңке думаншыларының өнері өріс алды. 18 ғасырдың аяғындағы
саяси қозғалыс драматург В.Альфьери(1749-1803), актерлер А.Доррокези,
К.Маркионни, т.б. дамытқан қаһармандық трагедияны туғызды. Жаңа актерлік
өнер мектебінің негізін 1830 — 40 ж. актер Г.Медена салды. Оның артистік
және қоғамдық ой-арманын шәкірттері А.Ристори (1822-1906), Э.Росси (1827-
96), Т.Сальвини (1820-1915) ілгері дамытты. 1870 жылдан кейін мелодрама,
тұрмыс-салт тақырыбындағы жеңіл комедиялар театр репертуарынан кең орын
алды. Үздік сахна шебері Э.Дузе (1858 - 1924), Сальвинидің сахналық
дәстүрін ілгері дамытты. Фашистік диктатура кезінде (1922 — 43) Италия
театры мен драматургиясы ауыр күйзеліске үшырады. Репертуарға көніл
көтеруге арналған жеңіл пьесалар енді, модернистік ағымдар кең етек алды.
Тек Римдегі театр (жетекшісі Л.Пиранделло, 1867-1936), Тәуелсіздік театры
мен Дель арте (жетекшісі актер әрі драматург А.Дж.Брагальи) театрының өнері
назар аударды. Режиссер әрі актер Э.Де Филиппо (1900-1984) ұйымдастырған
Неапольдің Диалектілі театры ерекше орынға ие болды. 1947 жылы Миланда
Пикколо-театры М.Горькийдің шыңырау түбінде пьесасымен шымылдық ашты. 20-
ғасырдың 60-жылдарының орта шенінен тұрақты театрлар нығая бастады.
Италияда алғашқы фильм 1896 түсірілді. 1905-1906 жылы Туринде, Римде,
Миланда көркем фильмдер шығаратын кішігірім кинофирмалар ұйымдастырылды. 1-
дүниежүзілік соғыстың алдында Италия кинематографиясы әлемде жетекші орын
алды. 1913 жылы жасалған Помпейдің ақырғы күні (реж. Л.Маджи) мен
Кабирия (реж. Дж.Пастроне) фильмі көрермендер арасында кеңінен мәлім
болды. 20-ғасырдың 30-жылдары белгілі әншілердің қатысуымен музыкалфқ
фильмдер қойылып, кино өнері біршама жандана түсті. 1937 жылы Римде
киностудия кешені тұрғызылып, Экспериментті киноорталығы деген атпен
киноинститут құрылды. Фашизмнен азат етілгеннен кейін Италия кино өнерінде
прогресшіл бағыт айқын байқалды. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері: режиссер
Р.Росселини (1906-1977), Л.Висконти (1906-1976), В. Де Сика (1901-1974),
Дж. Де Сантис (1917), П.Джерми (1914-1974). Фашизмге қарсы күрестегі Италия
халқының бірлігін бейнелеген Росселинидің Рим – ашық қала (1945) фильмі
жаңа реализмнің манифесіне айналды. Соғыстан кейін (1946-1952) Шуша,
Велосипед ұрлаушылар, Умберто Д (режиссер Де Сика), Қайғылы аңшылық,
Ашы күріш, рим сағат 11-де (режиссер Де Сантис), Үміт жолы (режиссер
Джерми), Неаполь – миллионерлер қаласы (реж. Де Филиппо) сияқты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz