Қазақстан Республика азаматының конституциялық құқықтары, еркіндері және міндеттері
Кіріспе
Жеке құқықтар мен бостандықтар адам мен азаматтың құқықтық
мәртебесінің түпқазығы болып табылады. Оларды шектеуге болмайды. Сондықтан
Қазақстан Республикасы Конституциясының 15—23-баптарында аталған құқықтар
мен бостандықтар кейде азаматтардың өзіндік құқықтары мен бостандықтары
деп те аталады, оларға мемлекет тарапынан берілген кепілдіктің деңгейі өте
жоғары.
Азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарына өмір сүру (15-бап);
жеке бас бостандығы (16-бап); адамның қадір-қасиетіне қол сұқпау (17-бап);
жеке өміріне қол сұғылмау, өзінің және отбасының құпиясы болу, ар-намысы
мен абыройын қорғау (18-бап); өзінің қай ұлтқа, қай дінге жататынын анықтау
және оны көрсету-көрсетпеу, ана тілі мен шығармашылык тілін еркін таңдап
алу (19-бап); заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін
ақпарат алу және тарату, т.б. құқықтары жатады.
Қазақстан Республика азаматының конституциялық құқықтары, еркіндері және
міндеттері.
1. Өмір суру құқығы. Бұл әр адамды оның өміріне жасаған қаскөйліктен
қорғауға кепілдік беру міндетін мемлекет өз мойнына алады дегенді
білдіреді. Оның үстіне ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ (15-
бабы). Бұған заңға сәйкес өлім жазасына кесілетін қылмыскердің ерекше ауыр
қылмыс жасау жағдайлары ғана жатпайды, өйткені ол ең ауыр жаза ретінде
заңда белгіленген. Бірақ өлім жазасына кесілген кінәлі адамға кешірім жасау
туралы арыздану құқығын пайдалануға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы мәлімет
Конституцияның 15-бабының 2-тармағында арнайы көзделген. Кешірім беру
құқығы мемлекет басшысы әрі ең жоғары лауазымды адам ретінде Қазақстан
Республикасының Президентіне берілген (44-баптың 15-тармағы).
2. Мемлекет әркімнің қадір-қасиетін қорғауға міндетті екенін Қазақстан
Республикасы Конституциясының 17-бабынан көруге болады. Онда: Ешкімді
азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық
қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды (2-
тармақ). Қазақстан Республикасы Конституциясының көптеген нормалары да жеке
адамның қадір-қасиетін қорғау мақсаттарына қызмет ететінін есте ұстау
керек. Мысалы, жеке өміріне қол сұғылмау құқығы, телефон арқылы сөйлескен
сөздерінің, жазысқан хаттарының, жеке салымдарының құпиялылығын сактау
құқығы, тұрғын үйге күштеп кіруге, сол сияқты заңсыз қарап, тінту жүргізуге
тыйым салу және т.б. Ешкімге де өзінің келісімінсіз медициналық, ғылыми
немесе басқадай тәжірибе жасалынбайды.
3. Жеке бастың бостандығына қол сұғылмаушылық құқығы оған мемлекеттік
органдар тарапынан қауіп төндіру әрекеттеріне жол беруге болмайтындығында.
Тек заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың
санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, бірақ тұтқындалған
адамға сотқа шағымдану құқығы берілетіндігін ерекше атап айту керек.
Прокурордың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға
болады. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам
адвокаттың (қорғаушының) көмегін сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып
тағылған кезден бастап пайдалануға құқығы бар (16-бап).
4. Конституцияның 19-бабына сәйкес әркімнің өзін қай ұлтқа жататынын
өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге құқығы бар. Бұл — ешкімді де
өзінің ұлтын еріксіз таңдап алуын күштеп көндіруге болмайтындығын
білдіреді. Әркім оны өз қалауы бойынша таңдап алуға ерікті. Мұндай саналы
істі әрбір 16 жасқа толған әрекет қабілеттілігі бар адам жасай алады,
өйткені осындай жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматы ғана жеке
куәлік алуға, сөйтіп өз ұлтын тандауға құқылы. Бірақ оның міндеті емес.
5. Қазақстан Республикасы Конституциясындағы елеулі құқықтардың бірі —
оның 19-бабының 2-тармағындағы әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін
пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін
таңдап алуға құқығы бар,— делінген тұжырымдар. Бұл құқықтың мазмұны
Конститутцияның 7-бабынан туындайды. Онда — еліміздегі мемлекеттік тіл —
қазақ тілі, ал мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін
жағдай туғызуға қамқорлық жасайды,— деп нақтыланған. Ал осы конституциялық
қағидалар 1997 жылғы қабылданған Тіл туралы заң арқылы іс жүзіне асырылады.
Әрбір адам ресми емес жерлерде, жеке қарым-қатынаста қай тілде
сөйлейтіндіктерін өздері таңдай алады, оған ешкімнің де килігуіне құқығы
жоқ. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік органдарға арызданып
шағымданғанда өз тілін не өзі білетін басқада тілді таңдауға құқылы.
Осындай құқықты олар сот істеріне қатысқанда, заң, шығармашылық жұмыстарда,
диссертацияны жазғанда пайдалануға ерікті.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңында: Қазақстан
Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттң
қарауында болады. Мемлекеттік органдар бұл тілдердің қолданылуы мен дамуына
қажетті жағдай жасайды, — делінген.
Қазақстан халықтары тілдерінің дамуы үшін кажетті жағдайлардың іс
жүзінде қамтамасыз етілуі — Ана тілін меңгеруге тілек білдірушілердің
барлығына арнайы мүмкіндіктер туғызу деген сөз. Мұның өзі ана тілінде орта
білім беру немесе ана тілін міндетті пән ретінде оқыту, мұғалім кадрларын
даярлау, оқу және оқу-әдістемелік құралдар мен көркем әдебиет, газет-
журналдар шығаруға жәрдем жасау жолымен жүзеге асырылады.
Мұндай жұмыс этностардың мәдени-тілдік мүдделерін білдіре алатын
ұлттық мәдени орталықтардың белсенді қатысуымен тиімді болады. Сонымен
қатар Қазақстандағы этникалық диаспоралар этносының негізгі бөлігі тұратын
елдермен, саны аз халықтар тілдерінің Еуропалық бюросымен және басқа
халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жолға қою қажет.
Сөйтіп, елдегі этностар тілдерінің жай-күй мен жалпы тілдік ахуалға
нақты және ғылыми талдау жасалмайынша, тіл құрылысының табысты жүруі мүмкін
емес. Әлеуметнамалық және әлеуметті-лингвистикалық мониторинг тілдік
процестердің серпіндігі мен оның демографиялық, әлеуметтік этникалық
белгілері бойынша аймақтық жіктелуін бейнелейтін тіл саясатына ұдайы түзету
енгізіліп отыруын қамтамасыз етуге тиіс. Тіл жөніндегі мемлекеттің болжамды
қызметтердің бағыттарын Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4-
қарашадағы Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы туралы
өкімінен білуіңізге болады.
6. Конституция тұжырымдарының әрбір адамға қолайлы жерінің бірі — ол
25-бапта көрсетілген, ешкімнің тұргын үйге қол сұқпайтындығы. Соттың
шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге,
оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша
ғана жол беріледі. Біздің елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету
үшін қолайлы жағдайлар жасалынған. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж
азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген мөлшерге сәйкес мемлекеттік түрғын
үй қорларынан беріледі. Демек, тұрғын үй деп отырғанымыз, ол пәтер, бөлме,
қонақ үй нөмірі, т.б.
7. Жеке адам құқықтарының ішіндегі ең маңыздысы — бұл әркімнің еркін
жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді қалауынша таңдап алуға құқығы
болатындығы. Осыған байланысты еліміз Ата Заңының 21-бабында — Қазақстан
Республикасы аумағында Заңды түрде жүрген әрбір адамның, Заңда арнайы
көрсетілгеннен басқа реттерде, онын аумағында еркін жүріп-тұруға және
тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. Әркім
Республикадан тыс жерлерге кетуге және оған кедергісіз қайтып оралуға
құқылы,— делінген. Бірақ Қазақстан Республикасының Заңдарында белгілі бір
жерде адамның емін-еркін жүріп-тұруына шектеулер қойылған (мысалы, жабық
әскери объектілерінде, экологиялық апат аймақтарында, т.б.). Мемлекеттік
құпияны білетін азаматтардың шет елдерге шығуы арнайы нормативтік құқықтық
актілерде көрсетілген.
8. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына хақысы бар (18-бап). Бұл
жерде жеке өмір деп тұрғанымыз өзінің немесе отбасының құпиясын, жеке
салымдары мен жинаған қаражаттарын почта, телеграф, телефон арқылы жазысқан
хаттарының, сөйлеген сөздерінің және тағы басқа жолдармен алысқан
хабарларының құпиясын айтамыз, егер де оған моральдық зиян келтірілген
болса. Конституцияда көрсетілгендей, бұл құқықты шектеуге заңда тікелей
белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
9. Ақпарат көздерімен танысуға хақылы (18-бап, 3-т.) дегеніміз кез
келген мемлекеттік органдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа
өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және
ақпараттармен қамтамасыз етуге міндеттілігінен туындайтын мүмкіншілікке ие
болу деген сөз.
1. Мұның жеке адамға қатысты құқықтар мен бостандықтардан ерекшелігі —
көптеген саяси құқықтар мен бостандықтар тек қана Қазақстан Республикасының
азаматтарына беріледі. Атап айтқанда, бұған бірлесу бостандығы жөніндегі
Құқық жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясы 23-бабының 1-
тармағында былай делінген: Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу
бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі Заңмен реттеледі
және оған кепілдік беріледі. Оған қоса, Конституцияның 5-бабында қоғамдық
бірлестіктердің құрылуы мен қызметі қандай жағдайда шектелетіні,
азаматтардың бұл шектеулерден тыс өз құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі,
өздерінің құқықтарын пайдалануға қатысты ой-мақсаттарына қандай да бір
келісімді немесе бекітуді қажет етпейтіні айқын белгіленген.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 106-бабына және Қоғамдық
бірлестіктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңға сәйкес ортақ мақсатқа
жету үшін ерікті негізде құрылған азаматтар бірлестігі қоғамдық
бірлестіктер болып табылады. Осы Заңның 3-бабында оның ықпалының барлық
қоғамдық бірлестіктерге тарайтыны, бірақ саяси партияларды, кәсіподақтар
және жекелеген қоғамдық ұйымдардың түрлерін (соның ішінде адвокатураны да)
құруға не жоюға байланысты ерекшеліктер басқа заң актілерімен реттелуі
мүмкін екендігі айтылған. Осы бапқа сәйкес қағидаттар негізінде қоғамдық
бірлестіктерді құру мен қызметі негіздерін анықтайтын адвокатураны
ұйымдастыру мен қызметі тәртібін реттейтін арнайы актілерді шығару дұрыс.
Өйткені адвокатураның қоғамдық ұйымдардың қатарына жатқызылуы жөнінде талас
пікірлердің, соңғы кезде, көбейіп кеткендігі баршаға аян. Осыған орай,
мынаны атап айту керек. Мемлекеттің қоғамдық ұйымдардың ісіне негізсіз
араласуы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар тарапынан өз қызметін
заңды түрде жүзеге асыратын қайсыбір қоғамдық ұйымдарға бағытталған құқыққа
қарсы әрекеті болып табылады.
Конституцияның 5-бабының 2-тармағы мемлекет пен қоғамдық бірлестіктер
арасындағы негізгі ұстанымдық өзара қарым-қатынас принциптерін белгілейді,
сондай-ақ олардың арасында қандай қарым-қатынасқа жол берілмейтінін
айқындайды
Қоғамдық бірлестіктердін заң алдындағы теңдігі мемлекеттің қоғамдық
бірлестіктердің жарғыларына, оларды тіркеудің және олардың қызметін
тоқтатудың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz