Жалпы Қырғыз Республикасында қазақтардың саны біршама


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ:

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫРҒЫЗСТАНМЕН

БАЙЛАНЫСЫ

ТЕКСЕРГЕН:

ОРЫНДАҒАН: ГҮЛҒАНЫМ

АЛМАТЫ-2006

ҚЫРҒЫЗСТАН

ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ , Қырғызия, Қырғызстан - Орта Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы - 198, 5 мың км 2 . Оның 90%-ы теңізден 1500 м биіктікте орналасқан. Халқы - 4, 6 млн (1998) . Қырғыз Республикасында қырғыздар (60, 6%), орыстар (15, 3%), өзбектер (14, 3%), украиндар, татарлар, қазақтар, ұйғырлар, немістер, тәжіктер, дүнгендер, т. б. ұлт өкілдері (9, 8%) тұрады. Астанасы - Бішкек қаласы (624 мың адам) . 1993 жылы 5 мамырда қабылданған Конституциясы бойынша - Президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Президенті 5 жылға сайланады. Жоғарғы заң шығарушы органы (Жоғарғы Кеңес) 2 палатадан - заң шығарушы жиналыс (35 адам) және халық өкілдері жиналысынан (70) тұрады. Атқарушы органы - Министер Кабинеті. Ресми тілдері - қырғыз және орыс тілдері. Әкімшілік жағынан 6 облысқа бөлінеді. Ұлттық мерекесі - 31 тамыз - Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі - сом.

ТАБИҒАТЫ . Қырғыз Республикасы Тянь-Шань және Памир-Алтай таулары аралығында орналасқан. Жерінің 75%-тан астамын тау жоталары алып жатыр. Ең биік жері - Қоңгур шыңы (7439 м) . Жер қойнауы полиметалл мен сирек кездесетін металдар, алтын, күміс, сынап, сүрме, қалайы, мұнай, газ, тас көмір, қоңыр көмір, т. б. кендерге бай. Ыстық-ата, Жалалабад курортының аты кең жайылған. Жерінің көп бөлігі сейсмикалық аймақтар қатарына жатады. Климаты континенттік, қаңтардағы орташа температура биік тау жоталарында -8-20 0 С, биік шыңдарда-53 0 С-қа дейін жетеді, тау бөктері мен аңғарларда 20-27 0 С, кейде 430С-қа дейін (Шу аңғарында), тауда 15-17 0 С, биік шыңдарда 5 0 С болады.

Жылдық жауын-шашынның ең аз мөлшері (100 мм) - Ыстықкөл қазаншңқырының батысы, ең көьі (900-1000 мм) - Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейі. Өзендері Арал теңізі, Тарим, Ыстықкөл алаптарына құяды. Ең ірі өзені - нарын. Ол Қарадария өзенімен қосылып Сырдарияға құяды. Солтүстіктегі ірі өзені - Шу, солтүстік-батыста - Қызылсу. Қырғыз Республикасында 3000-ға жуық көл бар. Ірілері - Ыстықкөл, Шатыркөл. Өсімдіктің 3, 5 мың түрі кездеседі. Жерінің 3, 3%-ы - орман (шырша, арша, жаңғақ т. б. ) . Тау беткейлерінде шалғын шөп қалың өскен. Шөлейт аймақтарында қоян, сарышұнақ, кірпі, далалық өңірлерде сұр аламан, ақыл күзен, ормандарында қоңыр аю, сілеусін, жабайы шошқа, елік, сусар, марал; құстардан: аққу, қаз, үйрек, қаршыға, т. б. кездеседі. Өзен-көлдерінде балықтың 40 түрі бар. Жанат, америка күзені, ондатр, саз құндызы жерсіндірілген. Ыстықкөл, Сарышелек қорықтары ұйымдастырылған.

ӘДЕБИЕТІ. Қырғыз ауыз әдебиетін әлемге танытқан - «Манас» эпосы. XIX ғасырдың ортасына қарай «зар заман» ақындары Қалығұл, Арыстанбек, Молда Қылыш, т. б. шығармалары халық арасына кең тарады. Қырғыз халық поэзиясының классигі Тоқтағұл Сатылғанов (1864-1933) болды. 1924 жылы алғашқы газеті «Эркин Тоо» шығарылды. Кеңес өкіметі жылдарында А. Тоқомбаев, М. Элебаев, А. Османов, Т. Садықбеков, т. б. ақын-жазушылар қырғыз әдебиетін жаңа белеске көтерді. XX ғасырдың 2-жартысынан бастап Ш. Айтматовтың шығармалары дүние жүзіне таныла бастады. Қырғыз әдебиеті мен қазақ әдебеті ежелден ұқсас. Көптеген қазақ ақын-жазушыларының еңбектері қырғыз тілінде, ал қырғыз ақын-жазушыларының еңбектері қазақ тілінде жарық көрген.

МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨНЕРІ. XIX ғасырдың 2-жартысына дейін қырғыздар сауатын, негізінен, діни медреселерде ашты. XIX ғасырдың 80-жылдарында алғашқы орыс-түзем мектептері ашыла бастады. 1940 жылы қырғыз жазуы орыс графикасына көшірілді. Көптеген оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен мәдениет ошақтары ашылды. 1954 жылы Қырғыз КСР ҒА құрылды. XX ғасырға дейін қырғыз музыкасы фольклорлық түрде болды. Ұлттық музыка аспаптары: комуз, сырнай, керней, т. б. 1930-1940 жылы кәсіби музыкалық шығармалар (опера, балет, симфония, т. б. ) пайда болды. 1939 жылы тұңғыш қырғыз операсы - «Айчурек» қойылды. 1930 жылы ұлттық драма театры құрылды. 1942 жылы Фрунзеде (Бішкек) кинохроника студиясы ашылып, ол 1961 жылы «Қырғызфильм» киностудиясы деп аталды. Студия 1970-1980 жылы біршама табыстарға жетті. Онда түсірген фильмдерге көптеген қазақ артистері шақырылды.

ЭКОНОМИКАСЫ. Қырғыз Республикасы 1998 жылдың желтоқсанда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кірді. Ең пайдалы қазбаларға қоса су ресурстарына бай. Экономикасы нарықтық қатынастарға көшірілген. Негізгі қатынас - автомобиль жолдары (37, 7 мың км) . Ыстықкөлде кеме жүзеді. Ел аумағы арқылы Бұқара - Ташкент - Бішкек - Алматы газ құбыры өтеді. Тұтынуға қажетті өнеркәсіп тауарларының (мұнай, газ өнімдері, машиналар мен электр тауарлары, дәрі-дәрмек, құрылым материалдары, азық-түлік) 70-100%-ы шетелден (негізінен Ресейден) әкелінеді. Экспортқа алтын, сынап, ағаш және ауыл шаруашылығы өнімдері шығарады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қырғыз Республикасы шетелдермен тығыз байланыс орнатып, көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болды. Соның ішінде Қазақстанмен тығыз саяси-экономикалық, әскери, мәдени байланыс орнаған. 1993 жылы 8 шілдеде екі ел арасында достық, өзара көмек және экономикалық байланыс орнату жөнінде келісім жасалды. Екі жақты келісімдер бойынша екі ел арасында 50-ден астам құжатқа қол қойылған.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ

БАЙЛАНЫС

Қазақ-қырғыз қатынастары 1993 жылдың 8 шілде күнінен басталады. Сол күні екі ел арасында Достық, көмек туралы келісім-шартқа қол қойылды.

Бұл келісімде екі елдің ұзақ жылдар бір елдің құрамында (КСРО) болғагдығы ескеріле отырып, екі ел арасындағы байланысты бір-бірінің суверенитетін, тәуелсіздігін құрметтеу, екі елдің бір-бірінің ішкі мәселелеріне араласпау негізінде құру туралы келіссөздер жүргізіліп, келісім-шарт жасалды.

Екі ел Еуразиялық аймақтағы бейбітшіліктің болуын қадағалау мәселесінде өзара көмек көрсету жайлы, және де екі ел арасындағы технологиямен, ғылыми-техникалық зерттеулермен, қарулы күштермен, конструкторлық жұмыстар жасау мәселесінде бір-біріне көмектесу сияқты көптеген өзекті мәселелер қарастырылды.

Қос мемлекет бір-бірінің территориясында тұратын екі ел азаматтарына жалпыхалықтық, әлеуметтік, экономикалық, мәдени құқықтары мен бостандықтарын оның жынысына, дініне, тіліне, діліне қарап бөлмей, беріне тең құқықтар мен бостандықтар беру туралы келісімге түсті.

Екі ел бір-бірінің экономикалық тиімді мәселелерінде, айта кететін болсақ қаржы, ақша-кредит жүйесінде қаржылай көмек көрсету жайлы келісімге келді.

Келісім негізінде, екі ел бір-біріне отын-энергетика, коммуникацияның барлық түрлерінде (оның ішінде байланыс пен телекоммуникация) қатынастарын реттеп, дамыту сияқты маңызды мәселелер қарастырылды.

Сонымен қатар, әр мемлекет өз территориясындағы екінші елдің жеке меншігінің заңдарының толыққанды қорғалуына кепілдік береді.

Сонымен қатар, бұл келісім-шартта экологиялық мәселеге баса назар аударылады. Екі елдің өкілдері қоршаған ортаны ластамау туралы, және табиғатты аялап, қорғап, экологиялық аймақтарда орналасқан халықтарға көмек көрсету сияқты мәселелер қарастырылды.

Екі ел мәдениет, өнер, туризм және спорт салаларында да көптеген төлқұжаттарға қол қойды.

Қазақстан мен Қырғызстан қарым-қатынастарын ден-саулық сақтау, әлеуметтік және гуманитарлық салаларда дамытып, екі елде медициналық ғылым мен тәжірибенің, елдегі халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесінде өзара көмек көрсету сияқты мәселелерді қарастырды.

1993 жылы екі ел білім, ғылым және техника саласында өзара көмек көрсету жайлы келісім-шартқа түсіп, оның негізінде екі елдегі Жоғарғы Оқу Орындарын ынталандырып, біріккен жобаларды қаржыландыру мәселесін айтып өтті.

1993-1996 жылдар аралығында екі елдің қарым-қатынасы саласында 40 төлқұжат жасалып, көптеген маңызды мәселелер өзінің оң шешімін тапты. Соның ішінде: екі ел арасындағы бос аймақ құру туралы, сауда-саттықтың дамуына кедергі келтірмеу туралы құжаттарға қол қойды. Екі елдің Халық Банктері бір-біріне көмек көрсету, және де бұдан былай қатынастарды одан әрі тереңдетіп, дамыту туралы мәселелерді талқыға салды.

Қырғызстан Республикасының Қазақстан Респуликасы және Өзбекстан Республикалары арасындағы бос аймақ құру туралы келісім, өте жоғарғы маңызға ие еді.

1995 жылы Қазақстанның Қырғызстанға шығарылатын экспорт мөлшері 57 млн АҚШ доллар құраса, импорт 100 млн АҚШ доллларын құрады. Қазақстаннан негізінен, мұнай өнімдері, түсті металл, машина құрылыс-қондырғылары, жеңіл өнеркәсіп шикізаттары шығарылды.

Өз кезегінде Қырғызстан Республикасы елімізге электр энергиясын, сынап, сурьма, электродвигательдер, лампылар мен темекі өнімдерін импорттады.

Қырғызстан Қазақстанның оңтүстік өңірлерін электр қуатымен толығымен қамтамасыз етеді. Осыған байланысты екі ел арасындағы гидроэнергетикалық байланысты арттырып, дамыту мәселесі үнемі қарастырылып отырады. Қырғызстанға дер кезінде электр қуатының қаражатын төлеу екі ел арасындағы туып отырған қиындықтарының бірі.

Қазақ-қырғыз мәдени қарым-қатынасы барысында ресми кездесулер, концерттер өткізіліп, белгілі өнер және қоғам қайраткерлерінің кештері өтеді. 1995 жылы Қазақстан мен Қырғызстан Абайдың 4150-жылдығы мен «Манас» жырының 1000-жылдық мерейтойын бірігіп атап өтті. Қырғыз жазушылары өз деректерінде «Манас» жырының халық арасында танымал болуына Ш. Уәлихановтың еңбегі зор екенін атап өтті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта Азия Республикаларындағы ұлттық-территориялық межелеудің барысы
ХХ ғасырдың басындағы түркістанды мекендеген халықтардың ұлм-азаттық көтерілістері
Қазақ диаспорасы бар елдерде Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу
Қазақстан жастарының 1920-30 жылдардағы сауатсыздықты жою науқанына қатысуы
Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы
Әлемдегі түркі халықтардың өсу деңгейі
Қытай Халық Республикасындағы қазақтардың экономикалық-әлеуметтік жағдайлары (1949 ж. аяғы 1962 ж)
Қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні
Қазақстан Ресейдегі 1905 - 1907 жылдардағы революция кезінде
Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz