Қытай - Азияның орталық және шығыс бөліктерінде шығыстан батысқа қарай



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫТАЙМЕН
БАЙЛАНЫСЫ

ТЕКСЕРГЕН:
ОРЫНДАҒАН: ҚАРМЫСОВА АЙЖАМАЛ

АЛМАТЫ-2006

ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ

Қытай Халық Республикасы – Шығыс және Орта Азиядағы мемлекет. Жерінің
аумағы 9,6 млн км2. Халқы 1236,26 млн (тТайвань, Сянган арнайы әкімшілік
ауд. (Гонконг), Аомыэнь аралдарының халқын есептемегенде, 1997).
Тұрғындарының 91% - қытайлар (хань, ханзу). Бұдан басқа 50-ден астам ұлттар
мен ұлыстар тұрады. Ірілері: чжуан, ұйғыр, моіңғол, тибет, хуэй, корей,
т.б. Қытай Халық Республикасы әкімшілік аумақтық тұрғыдан 21 провинция,
шағын ұлттардың бес автономиялы ауданы және орталық саналатын үш қала –
Пекин (астана), Шанхай және Туньцзинь – болып бөлінеді.
Қытай - Азияның орталық және шығыс бөліктерінде шығыстан батысқа қарай
5700 км, оңтүстіктен солтүстікке қарай 3650 км-ге созылған, және аумағы
жөнінен дүние жүзінде Ресей мен Канададан кейін үшінші орын алады (9,6 млн
км2). Аумағы осындай ұлан-байтақ болғандықтан ол көптеген елдермен
шекаралас. Шекара бір жерлерде биік таулар арқылы өтеді де, адам жетерлік
бола бермейді. Енді біраз тұстары (КХДР-мен, Лаоспен, Вьетнаммен) көбіне
тауларды басып өткенімен, тау араларында экономикалық байланысты жолға қою
үшін қолайлы жазық аңғарлармен өтеді. Ресеймен, Қазақстанмен және
Моңғолиямен шекаралар көп жерде жазық болып келеді.
Қытайдың теңіз жағасындағы орны өте-мөте тиімді. Іс жүзінде қатпайтын
теңіздер Тынық мұхитқа кең жол ашады және сыртқы дүниемен байланыс жасауға
зор мүмкіндік береді.
Қытайдың табиғи ресурстары орасан мол, алайда жан басына шаққандағы
қамтамасыз етілуі (әсіресе егістік жерлерге қатысты) халықтың ерен
көптігінен тым жұпыны. Ел тас көмір, темір және марганец рудалары,
бокситтер мен мырыш, қалайы, сурьма, вольфрам, молибден жөне баска да түрлі
мине-рал шикізаттың корлары жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындар-дың
бірінде. Дүние жүзіндегі ең мол гидроэнергия корларын бүгіп жат-кан су
ресурстары орасан.
Қытайдың табиғаты бай әрі сан алуан. Елдің солтүстігінде орман жапқан
тау жоталары бар, ал оңтүстігінде, Оңтүстік Қытай теңізінің жағалауында
тропиктік ормандар өседі. Шығыс Қытайдың ұлан-байтақ жазықтарында муссон
жағбырлары молынан суландыратын шетсіз-шексіз күріш танаптары, оңтүстігінде
Такла-Макан шөлінің аптап құмдары және көк тіреген Тибеттің меңіреу суық
тас жоталары бар.
Мұндай ұлан-байтак елдің топырағы, өлбетте, алуан түрлі. Олардың ең
кұнарлылары Ұлы Қытай жазығында және жалпы алғанда өзендердің бойларында,
ал куаң Орталық Азия мен Тибет жоталарының топырағы егіншілікке әсте
колайлы емес.
Дүние жүзіндегі әрбір бесінді адам – Қытай азаматы болып табылады. Бір
жағынан мұншама көп халықта еңбек ресурстары орасан көп (500 млн. адам
деуге болады), екінші жағынан, халықтың табы-сын көбейтуді қиындатады,
тұрғын үй және азық-түлік проблемасын шиеленістіреді, еңбекке орналастыру
мүмкіндігін азайтады және т.т. Осы себептен де 50-ші жылдардың ортасында-ақ
Қытайда тууды ба-рынша шектеуге бағыт ұсталды. Ондағы жүргізілетін белсенді
демог-рафиялық саясаттың ең басты ұраны "бір жанұяға бір баладан" делінеді.
Бүл нүсқаудан қайсыбір ауытқуға шағын ұлттар басым аудандарда ғана (соның
ішінде Тибетте) жол беріледі.
Шығыста, атап айтканда Ұлы Қытай жазығының оңтүстігінде, ха-лық өте
тығыз қоныстанған (бір км2-ге 600 адам), ал Тибет автоно-миялы ауданында ол
1-2 адамнан келеді (ел бойынша орташа көрсеткіш - 108).
ҚХР-тұрғындарының 90 пайызынан астамы қытайлар (хань) болғ-анымен,
көпұлтты ел. Шағын ұлттардың дені ішкі (ең алдымен ав-тономиялы)
аудандарда тұрады, бұлар - жуандар, монғолдар, ұйғырлар, қазақтар,
тибеттіктер және т.б.
ҚХР-дің экономикалық дамуының жалпы деңгейі әлі онша емес. Жан басына
келетін көрсеткіштерді алғанда бұл ел әлі де "кедей" елдер қатарында.
Алайда соңғы жылдары дүние жүзінің экономикасында оның рөлі шапшаң өсіп
келеді. Ұлы державалардың арасында Қытайдың дамуы бәрінен қарқынды.
Мұншалық шапшаң өрлеудің негізі елдің коғамдық өміріндегі игілікті терең
өзгерістерде, ауылдық жерде басталып біртіндеп экономиканың басқа салаларын
қамтыған экономикалық реформада. Тұтас алғанда миллиард халқы және мол
табиги ресурспгары бар ҚХР-дің өсетіндей қарым-қуаты орасан зор.
Социализм орнату процесінде ҚХР қиын да қайшылықты тарихи жолды жүріп
өтті. Табыстар мен экономиканың дамуындағы "қиғаш-тықтар" кезектесіп
отырды, осының салдарынан халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілуі баяу болды.
Ел 70-ші жылдардың ортасында ғана дағдарысты жағдайдан шыға бастады.
"Төрт жаңғырту": 1) өнеркәсіпті, 2) ауыл шаруашылығын, 3) қорғанысты, 4)
ғылым мен техниканы жаңғырту бағдарламасы жарияланып жүзеге асырылуда.
Шаруашылық жұмыстағы демократиялык бастаулар күшейіп, ел сыртқы дүниеге
кеңінен "ашылып" келеді.
Бүгінде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі негізінен
шешілген, ал Қытай секілді мемлекетте мұның өзі үлкен жетістік бо-лып
табылады.
Ескі Қытайда индустрияның негізі жеңіл өнеркөсіп салалары болатын.
Бертінгі ондаған жылдарда мұнай және мұнай өңдеу, химия, авиация, атом,
электр техникасы секілді ел үшін жаңа салалар құрылды. ҚХР дүние жүзінде
көмір өндіру, цемент шығару, велосипедтер, тігін және кір жуатын машиналар,
мақта-мата шығару жөнінде бірінші орында.
Өнеркәсіптің географиясы түбірімен өзгерді. Егер ескі Қытайда барлық
өнеркәсіп көсіпорындарының 70%-ына жуығы теңіз жағалауындағы аудандарда
орналасқан болса, енді жаңа өнеркәсіптік құрылыс негізінен елдің ішкі
аудандарында -шикізат пен отынға, тұтынушыға жақын жерлерде жүргізілуде.
Мұнай, металл рудалары, химиялық шикізаттың жаңа кен орындары ашылып,
игерілді.
Елдің энергетикасының өзіне төн ерекшелігі отын-энергетика балансында
көмір үлесінің кептігі (34) болып табылады. Бұл орайда ол айтарлықтай
өзгермеген күйінде, өйткені көмір өндіру үнемі артып келеді (Солтүстік жөне
Шығыс Қытай). Мұнай мен газ өндіру де арта түсуде. Тұтас алғанда ҚХР
энергия өндіру жөнінен дүние жүзінде үшінші орынға (АҚШ пен Ресейден кейін)
шықты. Алайда елде планета халқының бестен бірі тұратын болғанымен, ол
дүние жүзінде өндірілетін энергияның 1 12-ін ғана пайдаланып отыр.
ҚХР - дүние жүзінде қ а р а металлургияны дамыту үшін жақсы шикізат базасы
бар санаулы елдердің бірі. Бұл салада ұсақ жөне тым ұсақ көсіпорындарды
косқанда 1 мыңнан астам металлургия кәсіпорны бар. Алайда негізгі өнімді
толық металлургиялық циклы бар ірі зауыттар беріп отыр, олар Анынань,
Бэньси, Баотоу, Пекин, Ухань жөне т.б. қалаларда орналасқан. Легирленген
және арнаулы болат өндірісін ұйымдастыру үшін легирленген металл
рудаларының дүниежүзілік маңызы бар қорлары болуының арқасында елдің мол
мүмкіндіктері бар.
Түсті металлургияның негізі алюминий, мыс, қорғасын және мырыш қорыту
болып отыр. Бүл орайда руда өндіру және жентектер шығару елдің қиырдағы,
индустриялануы аз аудандарында (Оңтүстік-Батыс, Орталық-Оңтүстік), ал түсті
металлургияның аяқтаушы кезеңдері экономикалық жағынан неғүрлым қуатты
аудандарға (Шы-ғыс жөне Солтүстік-Шығыс Қытай) орайластырылған.
ҚХР-дің машина жасау саласында бүгінде іс жүзінде аса ма-ңызды қосалқы
салалар мен өндірістер түгел бар және өнімнің сан алуан көптеген түрлері
шығарылады. Олар пайдаланатын техника мен технологияның деңгейі өзір онша
емес, тозған жабдықтар көп, еңбек өнімділігі әлі де темен. Алайда соңғы
жылдары жүргізілген әко-номикалық реформаның нәтижесінде ҚХР тұрмыстық
электр аппараттарын, приборлар, ЭЕМ, ең жаңа байланыс құралдарын және т.б.
жасауда елеулі табыстарға жетті. Шетел капиталы қатыстырылған кәсіпорындар
кеңінен тарап отыр. Машина жасаудың басты-басты орталықтары - Шанхай,
Шэньян, Тянь-цзинь, Харбин, Пекин, Лоян, Чан-чунь және т.б.
Химия (ең алдымен мұнай-химия) өнеркәсібі қарқын алып келеді. Онда
өндірістердің маңызды-маңызды үш тобы сараланған, олар: минерал
тыңайтқыштар, байланыстырғыш материалдар және тұрмыс-тық химия өнімдерін
шығару.
Жеңіл өнеркөсіп салаларынан тоқыма мата шығару неғұрлым дамыған. Мақта
маталарын шығару жөнінен (елдегі шығарылатын матаның 90 пайызы) ҚХР дүние
жүзінде бірінші орын алады. Бұл саланың өзінше бір "астанасы" Шанхай және
оның төнірегі болып отыр.
Ауыл шаруашылығы - ҚХР экономикасының аса маңызды са-ласы. Ол
миллиардтан астам халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етеді, тамақ
өнеркәсібі мен жеңіл енеркөсіпке шикізат береді және тіпті экспортқа да
өнім шығарады.
Кытайлардың тамағы негізінен вегетариандык, ягни өсімдік тектес
тағаидар, сондай-ақ балык, моллюскілер және т.т. Қытайлар сорпаны сирек
ішеді. Тамақта күріштен, гаоляннан (дөнді өсімдік) сұйық ботка басым және
оны демдеуіштермен (батат, сарымсак) косып жейді. Тамақка теңіз шөптері,
бамбук өскіндері (соя майы) пайдаланылады. Мал өнімдері сирек тұтынылады.
Бұрыштап шошка етін жейді, жасмин жапырағын косып хош иісті көк шайды көп
ішеді. Қытайлар шайды кантсыз өте ыстык қылып, термоста сактап ішеді. Қытай
аспаздары бүкіл әлемге танылған тамақ пісіру шеберлері.
Ауыл шаруашылыгының басты саласы - егіншілікте дәнді да-қылдар көп
басым, олар бүкіл егістің 80%-ына дейіні. Қытайлардың тамағында күріштің
рөлі орасан зор. Ол суармалы жерлерде, негізінен елдің оңтүстігінде және
Янцзы аңғарында өсіріледі. Бидай егістіктері көбіне Ұлы Қытай
жазығында, Хуанхэ бассейнінде. Табиғат жағдайлары мүмкіндік беретін
жерлердің барлығында картоп, батат, көкеніс, жеміс өсіріледі. Техникалық
дақылдардан шитті мақта басым, оның негізгі алқаптары Хуанхэ мен Янцзы
бассейндеріне ойыстырылған. Ақырында Қытайдың атын шығарған шайы бар, ол
оңтүстік-шығыс пен оңтүстың тұрмыс жағдайын киындатады, экономиканы дамыту
зор күшке түседі.
Екіншіден, Кытай аумағының игерілу барысы тәуелді елдерге тән сипатта
болды: жағалаудан елдің ішкі өңірлеріне қарай жылжыды. Қытайға теңізден
келіп кірген шетелдіктерге өнеркөсіп кәсіпорын-дарын жағалауда кұру ыңғайлы
еді, өйткені оларды елдің түкпірлерінде салуға капитал көп жұмсалатын.
Айтқандай, бүгінде теңізге жақын аудандар экономикалық-географиялық
жағдайының тиімділігін сақтап отыр. Тынық мұхит бассейнінде дүниежүзілік
сауданың 14-і, әлемнің өнеркәсіп карым-қуатының үштен бірі шоғырланған; ал
осы мұхитқа шығатын жол ҚХР-дің халықаралық еңбек бөлінісіне кеңінен
қатысуына жағдай жасайды.
Үшіншіден, елде халықтың қоныстануы өркелкі болды және оған қоса елдің
ішкі аудандарын жедел дамыту қажет екенін үзақ уақыт бойы жете бағаламаған,
шаруашылықты орналастыру тұрғысындағы экономикалық саясат та кінәлы
болатын.
ҚХР шеңберінде ірі-ірі үш экономикалық аймақты шартты түрде саралауға
болады: 1) экономикалық жағынан дамыған теңіз жағалауы; 2) дамуы орташа
Орталық провинциялар; 3) дамуы нашар және көбіне шағын үлттар мекендеген
Батыс Солтүстік-Батыс аудандар
Құрамына негізінен жағалаудағы провинциялар мен орталық ба-ғыныстағы
қалалар кіретін Теңіз м а ң ы елдің жетекші экономика-лық аймағы болып
келді және қазір де солай. Елдің басты-басты өнеркөсіпті аудандары осында.
Оның болашағы осында еркін экономикалық аймақтар деп аталатындардың
ұйымдастырылуымен тығыз байланысты; бұл аймақтың шеңберінде шетел
капиталына жеңілдіктер жасалады, салықтар төмендетіледі немесе мүлдем алын-
байтын болады, шикізат, жұмыс күші беріледі
Қытайдың экономикасында орташа дамыған Орталық провин-циялар қомақты
рөл атқарады. Бүл аймақтың болашағы ең алдымен электр энергиясын, химиялык
өнімдер, шикізат пен жартылай фабрикаттар өндіруді арттырумен, сондай-ақ
ғылым көп қолданылатын салалар мен өндірістерді дамытумен байланысты.
Біршама нашар дамыған Батыс жөне Солтүстік-Батыс ау-дандарда
экономиканың негізгі өнімділігі аз ауыл шаруашылығы мен кен өндіретін
өнеркәсіп. ҚХР үкіметі мұнда жергілікті шикізатты бастапқы өңдейтін
өнеркәсіпті дамыту үшін халық аз қоныстанған аумақтарды игеруге көп күш-
жігер жұмсап отыр.
Қытай үшін Тибет ерекше әлем, мұнда қатал табиғат жағдайлары адам
өмірін өте-мөте қиындатады. Адам әсіресе Тибеттің биік таула-рындағы
меңіреу, қүлазыған солтүстік, батыс және орталық аудандарында өте жайсыз
сезінеді.
Оңтүстік Тибетте Қытайдың Тибет автономиялы ауданының әкімшілік,
экономикалық және мәдени орталығы, буддизмнің астанасы Лхаса бар.
Дүние жүзінің ең биік тау жоталары жағдайында бірнеше миллион адам
немен шүғылданады десек, жергілікті экономиканың жетекші саласы - ауыл
шаруашылығы. Қалай оғаш болып көрінсе де, оның жалпы өнімінің 60%-ынан
астамын егіншілік береді. Ол көбінесе ауданның оңтүстік және шығыс
өңірлерінде дамыған; бұлар Азияның ең ірі өзендері тәріздейтін және ылғал
мен жылуды таулы өңірдің өзге бөліктерінен едәуір көбірек алатын жерлер.
Неғұрлым солтүстікке қарай тибеттіктер көбіне отарлардағы мал
шаруашылығымен шұғылданады, қодас, қой, жылқы, есек, қашыр өсіреді, ал
егіншілікті аудандарында өсірілетін мал - сиыр мен шошқа.
Сонымен жартылай отар және жартылай феодалдық елден Қытай бүгінде
индустриялық-аграрлық державага айналды. Бірақ әсіресе ішкі, түкпірдегі
провинциялар мен автономиялы аудандарда бір кездегі артта қалушылықтың
ауыртпалыгы әлі де көп. "Теңіздік" және "континенттік" Қытайдың арасындагы
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріндегі айырмашылықтарды жою - елдің
алдында тұрган маңызды проблемалардың бірі.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫТАЙМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Қытай Халық Республикасы — Қазақстанның тәуелсiздiгiн алғашқылардың
бiрi болып таныған  мемлекеттердiң бiрi. 1992 жылғы қаңтардан,
дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан берi екi мемлекет өз
экономикаларының дамуында зор табыстарға қол жеткiздi. Екi ел бiр-бiрiне
етене жақындай түстi. 90-жылдардың басынан берi бiз шекара бойындағы әскери
қосындарды азайтып, шекаралық аймақтарда өзара сенiм ахуалын орнаттық.
Кеңес Одағы кезiнде шешiлмеген түйiн күйiнде қалған мемлекеттiк шекараны
нақты белгiледiк. Бұл — орасан зор тарихи маңызы бар оқиға.
 Екi ел арасындағы шекарааралық өзендердiң су ресурстарын тиiмдi пайдалану
және қорғау саласындағы маңызды келiссөздердi бастадық және осы мәселенi
шешуде ойдағыдай еңбек етiп келемiз. Бүгiнгi күнi Қазақстан мен Қытай
арасындағы жан-жақты байланыстар жаңа, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтай таулы өлкесі
Қазақстанның биік таулы аймақтары
Орта Азия таулары
Евразия материгіне физ-географиялық шолу
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Түрік қағанаты. шаруашылығы мен жағдайы
Түрік қағанаты. Түрік қағанатының екіге бөлінуі Батыс және Шығыс қағанат
Материктердің физикалық географиясы
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Пәндер