Моңғолияның шикізатын неге пайдаланбасқа



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МОҢҒОЛИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ

ТЕКСЕРГЕН:
ОРЫНДАҒАН: АСАМБЕКОВА ДАРИҒА

АЛМАТЫ-2006
ҚАЗАҚСТАН МЕН МОҢҒОЛИЯ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992
жылдың 22 қаңтарында орнады. Оның негізін Елбасы Н.Назарбаев қалап, 1993
жылдың қазанында Ұлан-Баторға ресми сапармен келді. Содан бері ежелден
көрші екі ел арасында сауда-саттық, экономикалық қарым-қатынас дами
бастады. 1997 жылдың мамырында Ұлан-Баторда Қазақстан Республикасының
өкілдігі ашылды. Қазір Қазақстанның Моңғолиядағы уақытша сенімді өкілі
қызметін өткен жылдың тамызынан бері іскер дипломат Асхат Сыздықов атқарып
келеді.
Ал Моңғолияның Қазақстандағы елшілігі 1992 жылы ашылған. Өткен жылдың
қыркүйегінде осы елдің Қазақстандағы елшісі Р.Хатанбаатр Елбасына Сенім
грамотасын тапсырды.
Моңғолия оңтүстігінде Қытаймен (шекара қашықтығы 4676 км.), солтүстігінде
Ресеймен (3485 км.) шектесіп жатыр. 2 миллион 475 мың халқы бар Моңғолияның
жер көлемі – 1 миллион 564, 1 мың шаршы шақырым. Бұл елде көлік қатынасы
аса күрделі. Ұлан-Батордан Алматыға дейін төте ұшақ қатынасы жоқ.
Моңғолиядағы 100 мыңға тарта қандастарымыз көбінесе “Алматы – Өскемен –
Баян-Өлгей” әуе жолы арқылы жүреді. Соның өзінде ұшақ бұл бағытта аптасына
бір-ақ рет қатынайды, ал Ұлан-Батордағы ағайындар Алматыға Бейжің арқылы
ұшады.
16-17 мамырда Шығыс Қазақстан облысының әкімі В.Храпунов бастаған ресми
делегация Моңғолияның астанасы Ұлан-Баторға сапар шекті. Ол сапар Елбасымен
және Үкімет басшыларымен келісілген, екі ел арасындағы қарым-қатынасты
жақсарту, алыс-берісті нығайту, әсіресе, 100 мыңға тарта қандасымыз
мекендейтін Баян-Өлгейдегі ағайындарға көмек қолын созу, олардың тұрмысымен
жақын танысу мақсатында туындаған.
Халықаралық “Шыңғыс хан” әуежайында біздің делегацияны Моңғолияның
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі О.Байгалмаа, осы ел
Сыртқы істер министрлігінің жауапты қызметкері С.Пунгагдаш және басқа да
ресми адамдар қарсы алды. Шығыс Қазақстан облысынан келген ресми делегация
Үкімет үйінде Премьер-Министр М.Энхболдтың қабылдауында болды. Моңғолияның
Премьер-Министрі Қазақстанға, Президент Н.Назарбаевқа деген ерекше
ілтипатын білдіріп, екі ел арасындағы экономикалық, сауда-саттық
байланыстардың өркендей беретініне сенім білдірді. Моңғолияның Президенті
Н.Энхбаяр бұл кезде сапарға шығып кеткен екен. Премьер-Министр ол кісінің
Елбасы Н.Назарбаевқа деген сәлемін жеткізуді өтінді.
Үкімет басшысы М.Энхболд Моңғолия мен Қазақстан арасындағы сауда
айналымының өткен жылы 2004 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге өсіп, 47,4
миллион долларға жеткенін тілге тиек етті. Қазақстан жағы астық, мұнай
өнімдері, темекі экспорттап, көрші елден ет, жүн, плавикті шпат шикізатын
алады. Премьер-Министр, әсіресе, Шығыс Қазақстан облысының Моңғолияның
батыс аймақтары – Баян-Өлгей мен Қобда аймақтарының арасындағы қарым-
қатынастан үміт күтетінін жасырмады. Мәселен, Қазақстан жағы астық, мұнай
өнімдерін берсе, Моңғолиядан ет өнімдерін алуға мүмкіндік толық. Рас, бізді
қинайтын көлік жағы, Баян-Өлгейден Өскеменге жету үшін 2 мың шақырым жолды
айналып өтеміз, егер екі жақты келісімге келсек, ол жолды қысқарту
мүмкіндігі бар, деді Үкімет басшысы.
В.Храпунов өздерінің Баян-Өлгеймен қарым-қатынасты жақсарту үшін
келгендерін айтып, осындағы қазақтарға оқу құралдарын, басқа да
қажеттіліктерді жіберетінін білдірді. – Қазір Қазақстанның 2 студенті Ұлан-
Батордағы жоғары оқу орындарында білім алуда, ал көрші елдің 23 студенті
біздің еліміздің ЖОО-ларында оқып жүр. 2001 жылы Шығыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің Баян-Өлгейдегі филиалы ашылған. Осындағы
Қазақстанның мәдени орталығы ірге көтермек.
Ресми сапардың бірінші күні Шығыс Қазақстан облысының ресми делегациясы
бірнеше кездесу өткізді. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіндегі
кездесуде моңғол жағынан қатысқан Л.Одончимэд өз еліндегі реформалар жайлы
айтып берді. Өздерінің Қазақстанның зейнетақы төлеу, еңбекке орналастыру
бойынша тәжірибелерін алып жатқанын білдірді. Бұдан кейін Моңғолияның Азық-
түлік және ауыл шаруашылығы, Отын және энергетика, Жол, көлік және туризм,
Білім беру, Мәдениет және ғылым министрліктерінде Шығыс Қазақстаннан келген
кәсіпкерлердің қатысуымен ауқымды мәселелер талқыланды. В.Храпунов
Қазақстанның жетістіктері жайлы айта келіп, еліміздің әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру жолында стратегия түзіліп, осы
мақсатқа жетудің мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылып жатқанын жеткізді.
Содан кейін Моңғолияда полиметалл кендерінің бай қоры барын, оны біздің
елде өңдеп, кәдеге жарату үшін жол қатынасын жақсарту қажеттігін атап
көрсетті.
Мәселен, – деді ол, – қазір “Қазақмыс” корпорациясы Аягөз ауданында
Ақтоғай кен байыту комбинатының құрылысын бастады, оған 750 миллион АҚШ
доллары инвестиция ретінде құйылмақшы. Ал “Қазцинк” акционерлік қоғамы
екі зауыттың құрылысын бастады. Сол кәсіпорындар іске қосылған кезде
Моңғолияның шикізатын неге пайдаланбасқа?
Бұл ойларын облыс әкімі Моңғолияның Өнеркәсіп және сауда министрі
Б.Жарғалсайханмен болған кездесуде де айтты. Қазақстанның Моңғолиядағы
уақытша сенімді өкілі Асхат Сыздықов қазақ диаспорасының проблемаларына
тоқталды. Оның айтуынша, осыдан 15 жылдай бұрын Моңғолияда 250 мыңға жуық
қазақ тұрыпты. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қандастарымыз аттың
басын атамекенге бұрып, кіндік қаны тамған еліне біртіндеп қоныс аудара
бастаған. Облыс әкімдігі аппаратының жетекшісі Абылай Сабдалин Отанына
оралып жатқандарға барлық жағдай жасалуға тырысылуда екенін хабарлады.
Моңғолияның азаматтығынан шығуда қиындықтар болған, енді ол реттелсе,
жерлестерімізді қуана қарсы аламыз, деді аппарат жетекшісі.
Моңғолия Сыртқы істер министрлігінде тағы бірқатар пайдалы кездесулер өтті.
В.Храпунов министрліктің және Шығыс Қазақстанға жақынырақ Баян-Өлгей, Қобда
және Уыс аймақтарының губернаторларымен кездесуде айтылған проблемалар
төңірегінде ой қозғады.
Баян-Өлгей аймағының әкімі Қапсаттар Омарұлы бұл қызметке екі жыл бұрын
кірісіпті. Мамандығы экономист-бухгалтер қандасымыз аймақтың проблемалары
төңірегінде өзінің ой-пікірін батыл білдірді. Оның айтуына қарағанда, Баян-
Өлгейдің өзінде 1 миллион 400 мың қой-ешкі, 900 мың сиыр, 70 мың жылқы, 7
мың түйе бар екен. Сондықтан мал арзан, бір жылқы әрі кетсе 150 АҚШ доллары
көлемінде. Сиыр одан да арзан, ал қой-ешкі төрт мың теңгеден. Осы арзан
малды Қазақстан жағы алуға мүдделі. Бірақ оны тасып-жеткізуде көп қиындық
бар. КСРО кезінде Қазақстанға малды “Скотимпорт” айдайтын. Қазір Ресей өз
аумағы арқылы мал айдауға рұқсат бермейді. Ал Қосағаш, Таулы Алтай, Бийск,
Барнаул арқылы Қазақстанға жол 2 мың шақырымға ұзарады. Төте жол 54-ақ
шақырым. Ол жабық. Сондықтан болар, келісім жасап, Моңғолиядан мал, астық
тасуға әрекет жасайтындар кететін шығынды есеп-шотқа салған кезде,
маңдайлары тасқа тигендей болады.
Жолды қысқартудың амалдары бар. Мәселен, Риддер арқылы Ресейдің таулы
Алтай аймағына төте жолдың салына бастағанына үш жылдан асты. Бұған Үкімет
1,5 миллиард ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көкжал Шыңғыстың көне мекеніндегі ел – Моңғолия
Ауыл шаруашылығының экономикадағы ролі
XI – XV ғасырлардағы Монғолия
Суккулентті бөлме өсімдіктерін өсіру
Моңғолияның тәуелсіздік үшін күресі
Білім жайында
Сауда. Жәрменкелер
ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫС ЖАСАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бұқаралық мәдениет
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері
Пәндер