ҚАЗАҚСТАННЫҢ МОҢҒОЛИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МОҢҒОЛИЯМЕН
БАЙЛАНЫСЫ
ТЕКСЕРГЕН:
ОРЫНДАҒАН: АСАМБЕКОВА ДАРИҒА
АЛМАТЫ-2006
ЖОСПАР:
1) Моңғолия мемлекеті
2) Қазақстан-Моңғолия байланыстарының көкжиегі
3) Көкей тесті мәселелер
4) Қорытынды
5) Тест сұрақтары
6) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
МОҢҒОЛИЯ
МОҢҒОЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ - Азияның орта тұсында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 1565 мың км 2 . Халқы 2, 6 млн (1998) . Этникалық құрамына халка-моңғолдар (90%), қазақтар (4%), қытайлар (2%), орыстар (2%), тывалықтар кіреді. Халқының негізі бөлігі будда дінін, 4%-ы ислам дінін ұстанады. Астанасы - Улан-Батор қаласы. Әкімшілік жағынан 18 аймақ пен 3 муниципалитетке (Улан-Батор, Дархан, Эрденет) бөлінеді. Елдің батысында халқы негізінен қазақтардан тұратын Баян Өлгий аймағы орналасқан. Мемлекет басшысы - президент. Жоғарғы атқарушы билікті премьер-министр басқаратын үкімет жүргізеді. Жоғарғы заң шығарушы органы - бір палаталы парламент - Ұлы Мемлекеттік Хурал. Ресми тілі - моңғол тілі. Ақша бірлігі - төгрік. Моңғолия 1961 жылдан БҰҰ-ға мүше.
ТАБИҒАТЫ - батысы мен оңтүстік-батысында Моңғол Алтайы (ең биік нүктесі - 4374 м), Гоби Алтайы мен Хангай таулары, елдің орталық бөлігінде Хэнгай таулары, елдің орталық бөлігінде Хэнтэй таулы қыраты орналасқан. Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Гоби шөлі созылып жатыр. Негізгі өзендері - Селенга, Керулен, Кобда. Ең үлкен көдері - Убсу-нур, Хубсугул. Моңғолияның климаты - шұғыл континенттік. Қысы ұзақ әрі суық, ауасы құрғақ, қары аз немесе қарсыз болады. қаңтардағы орташа температура -15 0 С-тан - 30 0 С-қа (тау қазаншұңқырларында -50 0 С) дейін жетеді. Шілдедегі орташа температура Хангайда 15 0 С, Гоби шөлінде 25 0 С. Көктемдегі ауа райы тұрақсыз болып, температура ондаған градусқа төмендеп, құрғайды, күшті құмды дауылдар тұрады. Жылдық жауын-шашын мөлшері таулы жерлерде 350-400 мм, жазықтарда 100 мм шамасында. Солтүстігінен оңтүстікке қарай табиғи белдеулер мен аймақтардың алмасуымен өсімдіктер дүниесі өзгеріп отырады. Таулы-тайғалық белдеуде қылқан жапырақты ормандар өседі. Таулы жазықтар мен ормандарда көптеген дәнді өсімдіктер, жусан, қияқ, т. б. өседі. Шөлейт далалық белдеуде құрғақшылыққа төзімді шөптер, жабайы жуа мен тікенді қарағандар басым. Таулардағы жануарлар дүниесін тауешкі, арқар, барыс, т. б. құраса, ормандарды терісі бағалы аңдар (тиін, сілеусін, манул мысығы, т. б. ) қоңыр аю мен құстардың сан алуан түрлері мекендейді. Таулы-далалық аудандарда киік, құлан, қасқыр, түлкі, қояндар мен кеміргіштер кездеседі. Шөлдерде дүние жүзінің басқа бөліктерінде кездеспейтін жабайы түйе, Пржевальский жылқысы, Гоби аюы тіршілік етеді. Ел аумағында мұнай, көмір, темір кентасы, вольфрам, молибден, қалайы, никель, фосфорит, алтын кендері бар. Жерінің 79%-ын шалғындар мен жайылымдар алып жатыр.
ТАРИХЫ. Моңғолия жерін тас дәуірінен мекендей бастады. Б. з. б. VI-XII ғасырларында қазіргі Моңғолия аумағы Түрік, Ұйғыр, Қырғыз қағандықтары мен Ляо қидан мемлекеттерінің құрамында болды. XIII ғасырларда Шыңғыс хан түркі-моңғол тайпаларын біріктірді, көптеген көршілес елдер мен халықтарды бағындырып, Шыңғыс хан империясын құрды. XIII ғасырдың 2-жартысында Шыңғыс хан империясы 4-ке бөлініп, моңғол үстіртін мекендеген түркі тайпалары Алтай тауының батысына қарай қоныс аударды. Ал қазіргі М. Құбылай хан негізін қалаған Юань империясына қарады. 1358 жылы Юань империясы жойылып, моңғолдар ел астанасы Пекин мен оның төңірегінен қуылды. XIV-XV ғасырларда моңғолдар Қытайда билікке келген жаңа әулет Мин империясымен қиян-кескі соғыстар жүргізді. XVI ғасырда моңғолдар бытыраңқылықты бастан кешіріп, олар үшке: Оңтүстік Моңғолия (Чахар хандығы), Солтүстік Моңғолия (Халка) мен Батыс Моңғолияға (Жоңғар хандығы) бөлініп кетті. 1634 жылы Моңғол тайпалары Маньчжур ханы Абахайдың әскерімен шайқаста жеңіліп, 1636 жылы Оңтүстік Моңғолия Маньчжур империясының құрамына өте бастады. 1691 жылға дейін оңтүстік пен солтүстіктегі моңғол тайпаларының бәрі Маньчжур билеушілерінің үстемдігін мойындауға мәжбір болды (қ. Цинь империясы) . 1756-1758 жылы Жоңғар хандығы жойылды. 1911 жылы Қытайдағы революция нәтижесінде Сыртқы Моңғолия (Халка) Цинь империясынан бөлініп шықты, ал Ішкі Моңғолия Қытайдың протекторатына айналды. 1917 жылы Ресейдегі төңкерістен кейін Қытай Моңғолия аумағын түгелдей басып алуға әрекеттенді. Бірақ 1921 жылы елге кеңес әскерлері енгізіліп, 1924 жылы Моңғол Халық Республикасы жарияланды. 1939 жылы Халхин-Гол өзіндік ауданында Қызыл Армия жапон әскерлерінің Моңғолияға жасаған шабуылына тойтарыс берді. 1946 жылы Қытай Моңғолияның тәуелсіздігін ресми түрде таныды. 1991 жылы Моңғолия Коммунистік партиясы маркстік-лениндік қағидалардан бас тартып, елде саяси және экономикалық реформалар жүргізе бастады. Моңғол Халық Республикасы (МХР) Моңғолия Республикасы деп атау туралы шешім қабылдады. 1992 жылы қаңтардың 21-нен бастап Қазақстан мен Моңғолия арасында дипломатиялық қатынас орнады. 1992 жылдан Моңғолия қазақтары Қазақстанға көшіп келе бастады. Мұның айғақ көріністері: еліміздің ЖОО-да (Жоғарғы Оқу орындарында) оқитын Моңғолияда туып-өскен қазақ азаматтары. Мысалы, Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің қазақ әдебиеті бөлімінің 1 және 3 топтарында Моңғолиядан келген азаматтар оқиды.
Моңғолия мен Қазақстан арасындағы жол байланысы Ресей аумағы арқылы өтеді.
ЭКОНОМИКАСЫ. Моңғолия экономикасының басты саласы - ауыл шаруашылығы. Моңғолия дүние жүзінде мал санын жан басына шаққандағы көрсеткіш жөнінен ең алдыңғы орындардың бірін иемденеді. Өнеркәсіпте кең өндірісі жетекші сала болып есептеледі, орман шаруашылығы мен балық аулау кәсіпшілігі экономикада маңызды рөл атқарады. Кен өнеркәсібінің өнімдері, тері мен теріден жасалған бұйымдар шетке шығарылды. импортының негізін өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, минералды отындар мен жағар майлар құрайды. Жалпы Ұлттық өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 4070 АҚШ долларына тең (1997) . Негізгі сауда серіктестері - Ресей, Қытай, Жапония, Қазақстан.
ҚАЗАҚСТАН-МОҢҒОЛ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ КӨКЖИЕГІ
Қадым заманнан құдайы көрші, барыс-келісі көп елдер қатарындағы Моңғол елі мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар «тамыры» тым әріде, тереңде.
Әлденеше ғасырлар бойында Қытай, Моңғол өлкесінен шығатын сауда-саттық керуендері «Жібек жолы», «Қобда-Қазан жолдарының» негізгі сарап-соқпақтарымен ұланғайыр қазақ жерін басып өтіп, алыстағы Қазан, Уфа, Мас - кеуге-дейін жетіп жығылтын-ды. Осы арада мынадай бір деректі де келтірелік: ақын, дін, ғұламасы Ақытқажы Үлімжіұлы өзі бастаған қажылар тобын Дэлүүн, Өлгий, Бийск, Семей, Уфа, Ыстанбұл, Құддыс (Иерусалим) арқылы Медине мен Меккеге жеткізіп, жол бойы көшбасшы-тілмаш қызметін де абыроймен атқарған екен.
Бертін келе Қазақстан Кеңестер Одағының құрамында болған дәуірде КСРО мен Моңғолияның қарым-қатынасы «дипломатиялық» емес, «аға-інілік» сипатта көрінді. Бұл байланыстан біз Моңғолия мен КСРО (Моңғол-Орыс) қатынасы деңгейін де аңғарамыз. Алайда аталмыш «достық байланыс» шекарамен бөлінген қандастарға «өз жемісін» бермеді деп айта алмаймыз.
Қадымдан жалғасқан тарихи қарым-қатынастың тасқа таңба басқандай белгіленген тұсы, 1905 жыл екен. Сөйтіп осыдан 85 жыл бұрын Моңғолияның батысында Қобда қаласында Ресейдің консулдығы ашылады. Осыдан кейін-ақ Қазақ жерінен Моңғол-Қытай өлкелеріне жұрттың атшылап, аяңдап келіп-кетулері жиілей бастайды. Бұл барыс-келістің дені барымта, мал айдап кету сияқты даулармен сабақтасатындығын көнекөз қариялардың әңгімесінен және білеміз.
Боғд хандығы Моңғол елінің қарамағына 1911-1917 жылдарда қазақтар ресми түрде кірді. Көп кешікпей 1924 жылы Тышқан жылының қыркүйегінде бүгінгі Моңғолия - Моңғол Халық Республикасы болып қайта құрылғанда елдің астанасы болып бұған дейін Да Хүрээ атанған қала Уланбатыр (Қызыл батыр) аталды. Қала атын Моңғол еліне келген КСРО-ның (Коминтерн) өкілі, қазақтың біртуар ұлдарының бірі Тұрар Рысқұлов қойған еді. Демек, кеңес дәуіріндегі моңғол-қазақ достық-ынтымақтастығының негізін қалағандардың басында Тұрар ағамыз тұр.
Бұл «достық қатынас» құлашын ұзарта түсіп, 1990 - «Ақ жылқы» жылына дейін Моңғолияны «әлдиінен» шығармады. Тек 1991 жылы осы «қоршауды» моңғол жастары ұйымдастырған Моңғолдың Демократиялық Одағы саяси күреспен «бұзып шықты».
Ал бұдан да бұрын атамекенде білім алушы қазақ жастары «желтоқсанның» рухын бойларына сіңіріп үлгеріп еді. Балалары Алматыда оқитын ата-аналардың әжептеуір алағдағандары есте.
Моңғолия мен Қазақстан арасындағы ресми дипломатиялық қатынас 22-сі күні орнады. Қазақстан тәуелсіздігін жариялағанда оны алғашқылардың легінде таныған елдердің бірі де осы - Моңғолия. Келер жылдың шілдесінде Алматыда Моңғолия елшілігі ашылды. Төтенше және өкілетті елшілік қызметіне Эрдэнийн Бямбажав тағайындалды.
1992 жылдан басталған байланыстар нәтижесінде бүгінге дейін екі ел арасында 30-дан астам үкіметаралық келісімдерге қол қойылған екен. Бұлар - қосалқы салықтан босату, сауда-саттық, мәдени-әдеби салада бірлесе жұмыстау, т. б. Десек де күні бүгінге дейін бұл құжаттардың нақты іске асқаны өте аз. Өкінішті-ақ!
Моңғолияның 700-ден астам студенті Қазақстанның он шақты университеті мен институттарында білім алуда.
1993 жылдың қазан айында Қазақстанның Премьер-министрі Сергей Александрович Терещенко бастаған өкілдер екі күндік сапармен Моңғолияда болды. Келесі жылдың наурызында Моңғолия Сыртқы Істер министрі Ц. Гомбосурэн Алматыға келіп, өзара достық қарым-қатынас мәселелері тарқыланды. Ал, қыркүйекте моңғол мен қазақтың достық байланысына зор мен бәруше Республикамыздың Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы елде ресми сапарда болды. Өз сапарында Елбасы Моңғол жеріндегі қазақ қауымы өкілдерімен де кездесіп, әңгімелесті. Кейбір өзекті мәселелер сол сәтте-ақ өз шешімен тауып жатты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz