Британ кітапханасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ:

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

АҚШ-пен

БАЙЛАНЫСЫ

ТЕКСЕРГЕН:

ОРЫНДАҒАН: МҰРАТҚЫЗЫ СЫМБАТ

АЛМАТЫ-2006

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

I. Токаев Қ. К. «Под стягом независимости», 1997, А.

Интернет сайттар:

1) www. pushkinlibrary. kz - А. С. Пушкин атындағы Шығыс-Қазақстан облысы кітапханасы

2) www. library. karaganda. kz - Н. В. Гоголь атындағы Карағанды облыстық кітапханасы.

3) www. ounb. by. ru - Л. Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасы.

4) www. eksi. kz/library - С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық біріккен әмбебап кітапханасы.

5) www. library. shym. kz - А. С. Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

6) www. mtb. kz - Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана.

7) lib. kazsu. kz - Қазақ Мемлекеттік Университетінің Ғылыми кітапханасы.

8) www. rsl. ru - Ресей Мемлекеттік кітапханасы.

9) www. nlr. ru - Ресей Халықтық кітапханасы.

10) www. libfl. ru - М. И. Рудомин атындағы Бүкілресейлік шет ел басылымдарының кітапханасы.

11) www. nla. gov. au - Австралияның ұлттық кітапханасы.

12) www. kbr. be - Бельгияда Альберт I-дың Корольдік кітапханасы.

13) www. bl. uk - Британ кітапханасы.

14) www. ddb. de - Неміс ұлттық кітапханасы.

15) www. ndl. go. jp - Жапонияның ұлттық парламенті кітапханасы.

16) www. kulichki. ru - рефераттар сайты.

17) www. kaznpu. kz - ҚазҰПУ-дың ресми сайты.

18) www. decan. kz - студенттер форумы.

19) www. bankreferatov - Ресейдегі ең үлкен рефераттар жиынтығы.

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

АҚШ - Солтүстік Америкадағы мемлекет, федеративтік республика. Жер аумағы 9363, 2 мың км 2 . Халқы 258, 2 млн адам (1997) . Астанасы - Вашингтон қаласы (607 мың, 1997) . Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелос, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т. б. 50 штат пен 1 федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттарынан тұрады. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Халықтың 66 пайызы протестанттар, 26%-ке жуығы католиктер. үкімет пен мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы орган - палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс) .

ТАБИҒАТЫ : АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропик белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктик, ал Гавай штаты - Тынық мұхиттың тропикалық белдеуінде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты - Тынық мұхиттың тропикалық белдеуінде Жер бедерінің ½-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кардильері таулары, Сеңгір таулары мен Аппалач тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы, Мексика маңы ойпаты жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау - Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6194 м) . Жер қойнауы кең байлықтары мен минералдық шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентастарының қоры жөнінен дүние жүзіде алдыңғы орында. Олар елдің орталығы мен солтүстік аймақтарындаы «Канада қалқаны» магмалық жыныстарда көптеп кездеседі. Тас көмір, мұнай мен газ, Солтүстік Америка платформаларынан табылған. Ал Кордильера таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.

Климаты қоңыржай және континенттік субтропиктік Тынық мұхит жағалауында теңіздік, Атлант мұхиты жағалауында континенттік-теңіздік, Флорида түбегінің оңтүстігінде тропиктік, Алясканың солтүстігінде арктикалық болып келеді. Қаңтар айының орташа температурасы Аляскада -8 0 С, Орталық жазықтың солтүстігінде -24, 8 0 С, елдің оңтүстік-батысында қаңтар айының орташа температурасы 12 0 С-дан, Флорида түбегінде 20 0 С-қа дейін жетеді. Шіде айының орташа температурасы батыс жағалауда 14-22 0 С, шығыста 16-22 0 С-қа дейін ауытқиды, ал орталығындағы жазық өңірлерде 32 0 С-қа дейін көтеріледі. Батыс Жарты шардағы ең жоғарғы температура Ажал аңғарында (56, 7 0 С) байқалды. Жауын-шшынның мөлшері Алясканың жел өтіндегі тау бейткейлері мен Тынық мұхит жағалауында 3000-4000 мм, шығыс және теңіз жағалауы белдемінде 1000-2000 мм, Орталық жазықта 600-900 мм, Ұлы жазықта 400-600 мм, Мохаве шөлінде (Ажал аңғары) - 100 мм-ден де аз. Жауын-шашынның ең көп мөлшері гавай аралдарында (1 мм) . Ең ірі өзендері: Миссисипи (ұз. Миссури саласымен бірге 6420 км), Огайо, Колорадо, Колумбия, Рио-Гранде, Юкон, Көпшілігі Атлант және Тынық мұхит алабына жатады. Дүние жүзіне әйгілі көлдер жүйесін елдің солтүстік-шығысындағы Ұлы көлдер құрайды (Жоғары көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио) . Олардың барлығы бірімен жалғасып, 245 мың км 2 аумақты алып жатыр. Эри мен Онтарио көлдерін байланыстыратын Ниагара сарқырамасы ос тұста орналасқан. АҚШ аумағында Солтүстік жарты шардың түгелдей дерлік табиғи белдемдері орналасқан. Аляскада - арктикалық шөл, тундра және орманды белдем, оңтүстікке қарай бұл белдемді субтропиктің жалпақ жапырақтары ормандары алмастырады. Орталық жазықтың батысында биік шөптесінді дала, ал Ұлы жазықта құрғақ дала жатыр. Кордильері тауларының беткейлерін, негізінен, қылқан жапырақты орман қамтыған. Орталық бөлігінің жазықтарында шөл және шөлейт далалар орналасқан. АҚШ аумағында 270-ке жуық мемлекеттің қорғауындағы табиғи аймақтар (ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, қорықтар) бар. Олардың ірілері: Йеллоустон, Йосемит, Секвойя, Гран-Каньон, т. б.

ХАЛҚЫ . АҚШ-тың ұлан-байтақ аумағында 260 миллионнан астам адам өмір сүреді (дүние жүзіндегі ҚХР мен Үндістаннан кейінгі үшінші орын) . Американ ұлтының құралуының бастамасы иммиграция болды. Сөйтіп қазіргі американдар (аздаған байырғы тұрғындар - үндістерден, эскимостардан, әлеуметтер мен гавайлықтардан басқалары) Еуропадан, Жапониядан, Қытайдан, Филлипиннен және басқа елдерден барғандардың ұрпақтары. Американ ұлтының құрамдас бір бөлігі - 32 миллиондай негрлер. Бұлардың ата-бабалары Оңтүстіктің плантацияларында жұмыс істеу үшін Африкадағы апарылғандар.

АҚШ - дүние жүзіндегі ең урбандалған елдердің бірі: әрбір төрт американың үшеуі қалаларда тұрады. Қоныстануда Нью-Йорк, Лос-Анджелос, Чикао, Филадельфия, Сан-Франциско, Хьюстон, Детройт және т. б. секілді қалалық агломерация - «миллионерлер» басты рөл атқарады. Кейбір көрші агломерациялар ұштасып, мегаполистер құраған - Босваш (Бостоннан Вашингтонға дейін), Көл бойы (Милуокиден Питтсбургке дейін), Калифорния (Сан-Францискодан Сан-Диегоға дейін) .

Ауыл шаруашылығымен айналысатын халық әдетте бірінен-бірі шалғай орналасқан фермаларда тұрады.

ЭКОНОМИКАСЫ . АҚШ - экономикасы дамыған мемлекет. Оның дүние жүзіндегі ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 1995 жылы 21, 8%, яғни бүкіл Батыс Еуропа елдері (21 мемлекет) көрсеткіштерінің қосындысынан сәл ғана кем болды (23, 1%) . Осындай зор экономикалық-әлеуметтік артықшылықтар қазіргі заманғы озық бағдарламаларды дамытуға кең мүмкіндіктер туғызып, АҚШ-ты дүние жүзіндегі алғы шепке шығарып отыр. Жер қойнауы отын-энергетика шикізаттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына фосфориттерге, калий тұздарына т. б. пайдалы кендерге бай. АҚШ мемлекеті өз жерінің табиғи байлықтарын бей-берекет пайдаланбай, ұқыптылықпен қарап, көп минералдық ресурстарды сырттан тасиды.

АҚШ өнеркәсібі - бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация, электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған. 1996 жылы 994, 9 млн тонна көмір, 406, 6 млн тонна мұнай, 94, 1 млн тонна болат, 3064, 6 млн кВТ сағат электр энергиясы шығарылды.

АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсііледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған. АҚШ экономикасы үздіксіз өсуде. Оны ұлттық табыс пен Сыртқы сауда көрсеткіштерінен байқауға болады. АҚШ-тың экономикалық және сыртқы сауда көрсеткіштері:

АҚШ-тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық, 1996 жылы барлық инвестиция көлемі 1101, 3 млрд доллар болса, оның 568, 7 млрд доллары құрылысқа жұмсалды. Негізгі сауда серіктестері - Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония, АҚШ-пен Қазақстанның экономикалық байланысы XX ғасырдың 90-жыдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Шелль», «Мобиль» компаниялары мен «Прайс Уотерхаус» есеп аудит консалтингтік компаниясы) .

:
1980 ж: 1980 ж
1990 ж: 1990 ж
1996 ж: 1996 ж
: Ұлттық табыс, млрд доллар
1980 ж: -
1990 ж: 5764, 9
1996 ж: 7567, 1
: Экспорт, млрд доллар
1980 ж: 225, 6
1990 ж: 393, 6
1996 ж: 624, 5
: Импорт, млрд доллар
1980 ж: 257, 0
1990 ж: 516, 7
1996 ж: 817, 8

ӘДЕБИЕТІ МЕН ӨНЕРІ . Еуропалықтар отарлап алғанға дейін Солтүстік Америкадағы үндіс тайпаларының мифтері, бай фольклоры болған. Ағылшын тілідегі алғашқы әдеби шығармалар XVII ғасырдың басында пайда болды. XVIII ғасырдың ақырына таман зәңгі жазушылардың да туындылары жарық көре бастады. АҚШ ұлттық әдебиетінің қалыптасу процесі XIX ғасырдың 1-жартысында романтизм дәуірімен жалғасты. Романтизм дәуірінің 2-кезеңінде (1840-1850 жылдар) сырттан келген жазушылар шығармашылығына терең философиялық және әлеуметтік ізденістер тән болды. XIX ғасырдың 50-жылдарындағы аболиционизм ағымы (құлдықа қарсылық) Америка романтикалық әдебиетінде азаматтық сарынды күшейтіп, реалистік бағытқа негіз салды. У. Уитменнің 1855 жылы шыққан «Шөп шашағы» кітабы реализмнің қалыптасуы мен әлемді, өмірді поэтикалық көру, бейнелеу жүйесіңн түбегейлі жаңғыртуда зор рөл атқарды. XIX ғасырдың соңғы ширегі прозадағы реализмнің қарқынды дамыған кезеңі болды. XIX ғасырдағы Америка прозасының шыңы - М. Твен шығармашылығы. Екі ғасыр шегіндегі О. Генри, Э. Уортон шығармалары да Америка әдебиетіндегі елеулі құбылыстарға айналды. Сондай-ақ 90-жылдардағы Х. Гарленд, Ф. Норрис, А. Брис, С. Крейн, Э. Дикинсон шығармалары да маңызды көркемдік жетістіктер болып табылады.

АҚШ әдебиетінде XX ғасырдың басында сыншыл реализм сарыны қалыптасты. Дж. Лондонның әңгімелерінде адам бойындағы адамгершілік қадір-қасиет табиғаттың қатал күштерімен қақтығыста көрсетіледі. Оның «Мартин Иден» романы қоғамдағы суреткер қасіретін бейнеледі. Т. Драйзер, Э. Синклер, Дж. Рирд, Р. Борн шығармаларына әлеуметтік талдау, әшкерелеу рухы тән. Поэзияда Р. Фрост, К. Сэндберг, В. Линасей, Э. Л. Мастерс, т. б. реалистік мектептің шеберлері ретінде қалыптасты. Модерншілер Ж. Паунд, Т. С. Элиот, Г. Стайн, т. б. көркемдік ізденістерімен XX ғасырдағы әлем әдебиетіне едәуір ықпал етті.

Э. Хемингуэй, У. Фолкнер, Т. Вулф шығармалары XX ғасыр прозасындағы ірі жетістіктер болып саналады.

Қазіргі жаңа поэзия адам сезімінің механикалануына, адамның «статистика бірлігіне» айналуына деген қарсылыққа толы (Р. П. Уоррен, Р. Лоуэлл, Р. Уилбер, У. Стивенс) . 60-70 жылдары Америка романы қоғамдық қайшылықтарды жан-жақты бейнеледі. К. Воннегут прагматик сана құбылысын талдады. Бұл тақырып ғылыми фантастиканың да арқауы болды. Америка романында бейнелеудің дәстүрлі әлеуметтік-психологиялық ракурсы сақталған. Сонымен қатар интеллектуалдық роман (С. Беллоу), роман-миф (Дж. Андайктың «Кентавр» романы), роман-аңыз (Дж. Гарднер), тарихи стиль (Г. Видал), деректі-көркем роман (И. Стоун) түрлері пайдва болды. 50-жылдардан бастап көпшілік қолды әдебиеттің үлес-салмағы артып келеді. Бл құбылысқа өнер жауапкершілігін сезінетін ірі суреткерлер шығармашылығы қарсы тұруда. Архитектура ұғымы АҚШ-қа XVII-XVIII ғасырда отаршылармен бірге келді. Ағылшындар мен голландтар елдің солтүстігіне, испандар оңтүстігіне, француздар Миссисипи өзені алабына Еуропа архитектурасының тастан қаланған, ағаштан қиылған қарапайым үлгілерін ала келді. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында салына бастаған Нью-Йорк, Филадельфия, Бостан сияқты қалалар жоспарлы түрде қанат жайып, ұлғайды. Классицизм стилінің ұлттық үлгісі (Ч. Булфинч, Т. Джефферсон) пайда болды. XIX ғасырдың ортасында елдің әл-ауқатының өсуіне байланысты алып құрылыстар салуға (архитектор Р. Милс, Т. Уолтер) көңіл бөлінді. XIX ғасырдың ақырында жердің қымбаттауы мен техникалық прогресс құрылыстардың биіктеуіне (Нью-Йорк, Чикаго, Сан-Франциско) әсер етті. Бұл кезде Г. Ричардсон, Л. Салливен ізденістері АҚШ сәулет өнерін XX ғасырдың ортасында жаңа ағымның ірі орталығына айналдырды. Жаңа материалдар мен құрылымдарды игеру, ірі қала құрылысы мәселелерін шешу, техникалық прогресс пен құрылысты өрістету, көлік саласының құрылыстарын салу ісінде АҚШ сәулетшілері көптеген бағалы жаңалықтар ашты. Функционализм (зәулім үйлер салушы сәулетшілер Р. Шрив, У. Харрисон, Р. Худ) және негізінен, табиғатқа, жергілікті жағдайға үйлестіріп шағын тұрғын үйлер салу жобасымен айналысатын органикалық архитектура деген ұғым осында туып, кең тарады. XX ғасырларда АҚШ сәулет өнерінің кейінгі модернизм аталан шыны мен құматастан жасалған зәулім геометриялық формаларына жарыса біздің заманымыздың өте беделді архитекторы Р. Вентуридің тұрмысқа жаңаша шағын құрылыстары, ізденістері пайда болды.

АҚШ бейнелеу өнері үндістердің тастағы таңбаларынан басталды. Отарлау кезеңіндегі қарапайым портрет өнері XVIII ғасырдың ортасында кәсіби шеберлік дәрежесіне көтерілді. XX ғасырда жаңа бейнелеу тәсілдерін іздеп, жаңа тақырыптарымен елдің назарын аударған Дж. Беллоуз, Р. Генри, Дж. Слоун, график Дж. Пенннел, мүсінші Дж. Барнард болды. XX ғасырдың ортасында Еуропадан шыққан суретшілер белсенділік көрсетіп, әр түрлі ағымдардың өкілдері екшеле бастады. Формалистер (А. Дов, Дж. Марин, Л. Фейменгер), сюрреалистер (Д. О Киф, И. Танги, М. Рай, Л. К. Тиффани), абстракционистер (У. де Конинг, Дж. Поллок, М. Тоби), реалистер (график Р. кент, мүсіншілер У. Зорах, Дж. Эпстайн), т. . дүние жүзіне танылды.

АҚШ музыка өнері әлемдік музыка мәдениетінің өзідік ұлттық өрнегі бар жарқын да даа лгісі болып табылады. Алуан түлі бай ұлттық музыкалық дәстүрлер үлгісі өзара тығыз, ажырамастай байланыста дамыған. Үш ғасыр бойы Батыс Африка, Франция, Италия, Германия, Венгрия, Румыния, Украина, т. б. елдердің халық музыкасы араласып, оған ең көне, нағыз америкалық фольклордың түрі - үндістердің халық өнері қосылды. Осының нәтижесінде ән-өнерімен қатар таза Америка музыкасының жанрлары - жаз бен блюз қалыптасты. Халықтық фольклор кәсіби шығармашылықтың барлық түрлерінің тууына, бейнелеу әдістерінің қалыптасуына негіз болып, олардың құрылымдық және музыкалық тілінің ерекеліктерін, даралығын анықтады. АҚШ-та үрмелі (флейта, ысқырық), ұрмалы (баабан) аспаптар көп тараған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БРИТАН КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИЗАЙНЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ТМД КІТАПХАНАЛАРЫ, БАТЫС ЕУРОПА КІТАПХАНАЛАРЫМЕН САЛЫСТЫРУ
Британ мұражайы
Алаш арыстаны - Абылай хан
ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Қазақ Мемлекеттік Университетінің Ғылыми кітапханасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Жапонияның астанасы
Оңтүстік - Уэльс кен орындары
XXX жазғы Олимпиада ойындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz