ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ
ТҮРКИЯ
ТҮРКИЯ ӘДЕБИЕТІ.
XV-XVII ғасыр – түрік поэзиясының тарихындағы классикалық дәуір болды.
Сарай ақындары Низами Гәнжауидің Бес дастанының үлгісімен шығармалар
жазды.
XVIII ғасырларда сопылық поэзия өркен жайып, әдебиетте жаңа жанрлар
(драма, новелла, роман) шыға бастады. Әсіресе, Ибраһим Шинасидің (1826-
1871), Намық Кемалдің (1840-1878), Шемсеттин Самидің (1850-1904), Ахмед
Мидхаттың (1844-1913) туындылары тек түр-пішін жағынан емес, мазмұндық
тұрғыдан да жаңалық алып келді. XIX ғасырдың 2-жартысында Абдулхақ Хамид
Тархан (1852-1937) түрік поэзиясын жаңа сапалық деңгейге көтерсе, танзимат
(ауыспалы) әдебиетінің өкілдері ретінде танылған қаламгерлер – Теуфик
Фикрет (1867-1915), Хамид Зия Ұшақлығил (1866-1945), Мехмед Рауф (1875-
1931), Ахмед Хикмет (1870-1927), Хюссейн Джахид Ялчин (1874-1957) тың
тақырыптарға қалам тартты. Түрік әдебиетінде тың ағымдар қосылып, көркем
шығармаларға ескі мен жаңаның тартысы өзек болды.
Түрік әдебиеті өзінің негізін көп жанрлы, терең мазмұнды ежелгі
фольклордан бастау алады. Түрік дәстүрлі әдебиетінде Оғызнаме, Китаби
дәдәм Коркуд эпостық шығармалары мен Көрұғлы дастаны ерекше аталады.
Романтикалық хикая-әңгімелер, қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, күлдіргі, т.б.
ертегілер, мысалдар, рәуіштер (соның ішінде Қожанасыр әңгімелері), мақал-
мәтелдер, жұмбақтар елеулі орын алады. Ауыз әдебиетінде маип, түрік қошма
(гошма), ташлама сияқты өлең түрлері бар. Кейін түріктер ислам дінін,
мәдениетін қабылдағаннан кейін араб тілі, діни және ғылыми-танымдық, ал
парсы тілі сарай әдебиетінің алғашқы үлгілері: (аруз, маснави, қасида,
ғазел) 13 ғасырда пайда болды. Алғашқы шығармалар сопылық сарында жазылды.
Солардың қатарында Ахмед Факихтың (1250 ж. өлген) Тағдыр кітабы, Шейд
Хамзаның Жүсіп пен Зылиқа поэмасы. Сұлтан Уелет (1226-1312) пен дәруіш
Юніс Еміренің (13 ғасырдың соңы - 1320) сопылық өлеңдері, сопы Ашик-пашаның
(1271-1332) түрікше жазған Қуғындаушының кітабы атты масниви-поэмасы
жатады.
XX ғасырдың орта шенінде жазылған әдеби шығармалардың кейіпкерлері –
негізінен, жұмысшылар мен кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері. Әсіресе, 60-
жылдардан бастап роман жанрында жазылған туындылар көбейді. Әзиз Несин
(1915) Яшар Кемал, Кетап Тахир есімдері әлемге танымал болды.
ТҮРКИЯНЫҢ САХНАЛЫҚ ӨНЕРІ.
Сахналық өнердің де көп ғасырлық тарихы бар. Халық шығармашылығының
дәстүрлі түрлері – қуыршақ және көлеңке театрлары, ойын-сауықты қойылымдар
мен суырып салма әңгімелердің өнер-сайыстары кәсіби түрік театрының дамуына
негіз қалады. 1869 жылы Гедик-паша театры құрылып, оның репертуарына әлем
әдебиеті классиктерінің пьесалары енді Алғашқы түрік актерлері – Ахмет
Фехим, Ахмед Неджип және т.б. 1923 ж. Түркия Республикасы жарияланғаннан
кейін Анкара, Измир, т.б. қалаларда жартылай кәсіби театрлар пайда болды.
Көптеген әуесқой труппалар шықты. Солардың арасында Анкарадағы – Үлкен,
Көркем және Достар театрлары, Стамбұлдағы Кентер актерлерінің театры
көпшілікке кеңінен танымал болды. Олардың репертуарлары түріктің классик
және заманауи жазушыларының пьесаларынан, әлем әдебиеті классиктерінің
шығармаларынан құралды.
ТҮРКИЯДАҒЫ КИНО ЖӘНЕ ТЕЛЕВИДЕНИЕ.
Бұл елде кино өнері жоғары деңгейде дамыған. Мәселен, Ф.Узунакайдың
түсірген алғашқы деректі фильм 1914-жылмен белгіленеді. Түркиядағы
түсірілген алғашқы көркем ленталар қатарында Бестік және Барлаушы
фильмдері аталады. Ал, әлеуметтік тақырыпқа арналған телефильмдер қатарына
Ақ орамал (1955), Жеткізбейтін жол (1964), Бедрана (1974), т.б.
фильмдері ұлттық кино өнеріндегі үздік туындылар саналады.
Түріктің музыкалық фольклоры түркі тектес халықтардың ұлттық саз
өнерімен үндес. Түркияда кеманча, ребап, тамбур, уд, ковар, зурна, дэф т.б.
музыкалық аспаптар кең тараған. Президенттің (1826 ж. құрылған), Стамбул
қаласының (1943 жылы құрылған), Измир филармониясы қоғамының (1962 жылы
құрылған) симфониялық оркестрі, аспапты және вокальды ансамбль ұжымдары
бар.
ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ.
Бұл – тегі түркі халықтардың мемлекет құру, мәдениет және экономика,
қоғамдық ой және әлеуметтік қатынастар жүйесінде қол жеткізген, сондай-ақ,
өзге әлемдік мәдениет және қауымдастықтармен өзара ықпалдастық барысында
електеп өтіп, пісіп жетіле түскен рухани және материалдық құндылықтар
жиынтығы. Ғалымдардың ортақ пікірінше, түркілер өркениетінің қалыптасу
мезгілі біздің дәуіріміздің алғашқы мыңжылдығының бірінші жартысына түс
келеді де, ал оның өзіндік құбылыс ретінде толық көрінуі XIX-II ғасырларға
тән. Парсы, қытай және грек деректерінде айтылған сақ, массагет, ғұн,
үйсін, дулат, қаңлы және басқа түркістандық тайпалар мен тайпалық
одақтардың мемлекет және тұрақты әскер құру, мәдениет және салт-дәстүр
өркендету арасындағы қызметі жалпытүркілік өркениетке жеткізер жолдағы аса
маңызды белестер болғандығы айқын.
Түркі тілдес халықтардың Еуропа мен Азияда созыла қатар қоныстанып,
Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған ежелгі көшпелі қауымның негізін
құрағаны тарихтан белгілі. Осы XX ғасырдың аяғына дейін олардың ішінде
тәуелсіз тек бір мемлекет – Түркия ғана болды, ал қалғандары өз алдына
дербес мемлекет не егеменді ел болмады. Кеңес Одағы ыдырады. Қазақстан,
Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Әзірбайжан тәуелсіздік алып, өз
мемлекеттерін құрды. Түркілік саяси тұтастықты, үзілген байланысты және
экономикалық қатынасты қайтадан қалпына келтіріп, бүгінгі әлемдік өркениет
дәрежесінде жаңадан қайта дамытуға толық мүмкіндік пен алғышарттар
жеткілікті қалыптасты. Қазақ даласы – ежелден көшпелі болған түркі әлемінің
кіндік ортасы. Өйткені бүгінгі Қазақстанның далалық жерінен Сібірдің
ормандарына болсын (сахалар), Еуропаның өзендеріне дейін (чуваштар) Орта
Азия жазирасында болсын (өзбектер), Қара теңіз жағалауларына дейін
(қырымшақтар), Иран қыраттарына дейін (қарадаңтар), тіптен Кіші Азияға
қиырына дейін (салжұқтар) көшіп кеткендердің барлығы осы кең-байтақ ата-
мекен – қасиетті қазақ даласынан шыққандар.
Түркі тілдес халықтар Еуразия құрылығындағы саны жағынан алдыңғы орында
(2000 ж.). Тіл бойынша топтағанда қытай, үнді, славян, роман, герман
тілдерінен кейін тұр, көптігімен әлемдегі жетінші орында, содан кейін ғана
парсы тілдері келеді.
Бүкіл түркі тілді әлем болашақта тіл мен мәдениет жағынан ғана емес,
саяси және әлеуметтік жағынан да біртұтас болып, қайта жақындасуы әбден
мүмкін. Ал осы бағыттың шешуші жағдайды тудыратын қуатты қайнар көзі –
түркі тілдес халықтардың жедел демографиялық өсімі болмақ, ал тілдің өзара
жақындығы – оның басты дәнекері.
2000 жылдың 21-23 мамыр аралығында өткен Түркі өркениеті: өткені,
бүгінгі жағдайы және болашағы атты тақырыпқа екі халықаралық ғылыми
конгрестер болып өтті. Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Жапония
және Башқортостан ғалымдары қатынасқан бұл ғылыми форумда түркі
өркениетінің өзекті мәселелері талдауға алынды.
Қалай болғанда да түркілер әлемінің басын қосып, бір ынтымаққа
айналдыратын жаңа заман туаны айдан анық.
ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ
білім саласындағы байланыстар
... Бір мемлекеттің жеткілікті бір
деңгейге жетуі үшін, ең алдымен, сол
мемлекеттің жастарына жаңа және
заманға сай білім берілуі керек...
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы арып-ашып, сол жолда қанын төгіп,
жанын берген тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де он жылдан асыпты. Иә,
Қазақстан бұл күндері жер шарындағы өз орны бар егемен елдердің бірі. Соған
сай әлемдегі барлық елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Ал
егемендік алған алғашқы сәттен-ақ біздің елімізді таныған бауырлас Түркия
мемлекетімен арадағы байланыс жыл сайын арта түсуде. Соның бірі де бірегейі
деп екі елдің білім саласындағы байланысын айтар едік.
1992 жылы Қазақстан мен Түркия президенттері қол қойған білім мен ғылым
саласындағы ытымақтастық келісімшарттары екі елдің осы саладағы қарым-
қатынасының өзара дамуының негізін қалады. Ортақ тарихи, мәдени
мұраларымызды өсіп келе жатқан жастарымыздың жадына сіңіру үшін білімнің,
ғылымның алатын орны ерекше. Сол себептен, екі ел Президенті Нұрсұл ан
Назарбаев пен Сүлеймен Демирел Үлкен студент – оқушы жобасын іске асырды.
Осы жоба шеңберінде күні бүгінге дейін қандай жұмыстар атқарылды? Енді,
соған тоқталып өтейік.
Жыл сайын білімдерін жетілдіру үшін Қазақстаннан Түркияның жоғары оқу
орындарына, аспирантураларына қазақ жастары жіберіліп келеді. Бұл жайт
жастардың таңдаған мамандығын жете игеріп, саналы білім алуының кепілі
болуда. Осыған орай, екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес, Түркия мен
Қазақстанның Білім министрліктері тарапынан жыл сайын дәстүрлі түрде
емтиханынан жоғары баға алған қазақстандық жастар Түркия Республикасының
жоғары оқу орындарына түсіп, білім алу мүмкіндіктеріне ие болады. Күні
бүгінге дейін Қазақстаннан Түркияға білім алуға 2500-дей жастар жіберілді.
Жыл сайын университет пен аспирантураларға оқу үшін 150-дей студент жолдама
алады.
Өз кезегінде, Қазақстанда, атап айтқанда, 1992 жылы Көкшетай, Кентай
қалаларында, 1993-1995 жылдар аралығында Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау,
Шымкент, Жамбыл, Жезқазған, Қарағанды, Өскемен, Талдықорған, Астана,
Қостанай, Павлодар, Семей қалаларында қазақ-түрік лицейлері ашылды. Бұл игі
істер Қазақ-Түрік Білім Қоры (KATEV) тарапынан іске асырылды. Осы
лицейлерде оқушыларға қазіргі заманға сай білім берілуде. Оның жарқын
дәлелі – осы лицейлерде оқитын оқуылардың Қазақстанда, тіпті шетелдерде де
ұйымдастырылған әртүрлі пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болуы.
Қазақстандағы бұл лицейлердің табысты да жемісті еңбектеріне Түркияның
Қазақстандағы бұрынғы Төтенше және Өкілетті елшісі Куртулуш Ташкент мырза
айрықша назар аудара келіп, Орталық Азияға жасалған инвестицияның ең
маңыздысы – білім ынтымақтастығы болғанын атап көрсетті.
1992 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы
Үкіметтері арасындағы келісім шеңберінде Түркістан қаласында түркі жұрты
әлеміндегі тұңғыш халықаралық қазақ-түрік университеті ашылды. Сүлеймен
Демирел мырза екі ел Президенттері бастамасының арқасында дүниеге келген
бұл университеттің қазіргі білім беру жүйесіне сай жастарды парасатылыққа
тәрбиелеуде Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстардың қол жеткізген ең
терең маңызды бір шарасы болғанын атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда
университетте 14 мыңнан астам студент білім алуда. Оның аспирантурасы мен
магистратурасында да жастар өз білімдерін шыңдауда. Ұлы бабамыз, сопылық
ілімді таратушы Қожа Ахмет Ясауи есімі берілген аталмыш жоғарғы оқу орнында
жастардың жақсы білім алып, ғылымды дамытуы үшін барлық жағдай жасалған.
Университеттің Алматыда, шымкентте, Кентауда, филиалдары бар.
Екі мемлекеттің білім саласындағы өзара байланыстарының ең алғашқы игі
қадамдарының бірі – Алматыдағы Әлем тілдері университеті мен Анкара
университеті арасында қол қойылған келісім-шартқа сәйкес ТОМЕР (TOMER) –
Түрік тілін оқыту орталығы тарапынан ашылған дайындық курстары екенін
айта кеткен жөн. Бұл курстарға қазақстандық жастар тарапынан айрықша
қызығшылық болуы оның жанынан түрік тілі және әдебиеті бөлімінің ашылуына
ықпал етті. Қазір мұнда Түркиядан келген оқытушылар дәріс беруде. Бұл
бөлімге Түркия Республикасының Қазақстандаы елшілігінің Білім беру бөлімі
тарапынан да тікелей көмек, қолдау көрсетілуде. Ал әл-Фараби атындағы
университеттің шығыстану факультетінде ашылған түрік тілі және әдебиеті
бөлімінде оқитын студенттерге екінші курсты бітіргеннен кейін сол елдің
тілін, әдебиетін жетік меңгеріп шығуы үшін, он ай Түркияда оқуына жағдай
жасалып жатыр. 1992 жылы қол қойылған екі жақты келісім шеңберінде Түрік
Дүниесін Зерттеу Қоры көмегімен Алматының Абай атындағы Мемлекеттік
университетінде және Қызылордадағы Қорқыт Ата атындағы университетте түрік
тілі және әдебиеті бөлімдері ашылды. Қазіргі уақытта осы университеттерде
160-тан астам маман даярланып жатыр. Сонымен қатар, Түрік Дүниесін Зерттеу
Қорының қолдауымен Қызылорда, Кентау және Атырау қалаларында да 1993 жылы
ашылған қазақ-түрік лицейлерінде оқушыларға саналы білім берілуде.
Қазақстанның бас қаласы Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
университетінің түрік тілі мен әдебиеті бөлімінде де 57 студент оқуда.
Осының өзі жастардың тіл үйренуге деген құлшынысының зор екенін көрсетіп
отыр.
Қазақ-Түрік Білім Қоры (KATEV) тарапынан 25 азақ-түрік лицейі, 1
бастауыш мектеп және 1996 жылы Алматыда екі ел Президенттерінің
бастамасымен Сүлеймен Демирел атындағы университет ашылғанын айта кеткен
жөн. Университетте қазақ жастарымен бірге түрік балалары да білім алуда.
Студенттерге қазақ, түрік тілдерімен қатар ағылшын тілінде де дәріс
беріледі. Бұл жоғары оқу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz