Қазақ Мемлекеттік Университетінің Ғылыми кітапханасы
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКИЯМЕН
БАЙЛАНЫСЫ
ТЕКСЕРГЕН:
ОРЫНДАҒАН: ЖҰМАБАЕВА БОТА
АЛМАТЫ-2006
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Алғаш рет еліміздің тәуелсіздігін Түркия мойындап (1991 жылдың 16
желтоқсаны), еліміздің халықаралық ұйымдарға мүшелікке енуіне ат салысқан
мемлекет. Қазақстанның тәуелсіздік алуы Түркия үшін бұл аймақта туындайтын
мәселелерде шешуде көмек көрсететін серіктес ел ретінде қарастырылды.
1991 жылдың 15 наурыз күні Қазақ Совет Социалистік Республикасы мен
Түрік Республикасының арасында маңызды келісім-шартқа қол қойылды. Бұл
келісім шарт негізінде екі жақ өкілдері екі ел арасында саясат, сауда-
экономика, ғылыми-техника саласы, экология, өнер, гуманитарлық білімдер,
информациялық сферада қарым-қатынастарды дамытып, тереңдете түсу мәселесін
талқылады. Бұл отырыста ұсынылған мәселелер 1994 жылы Достық пен қарым-
қатынас келісім-шартында жүзеге асырылды.
Екі ел арасындағы байланыс екі елдің ұстанымдарының, екі елдің көздеген
мақсаттары ұқсас келетіндіктен қарқынды темпен дамуда. Екі елдің бір-біріне
көмек көрсетуге қызығушылық танытуы 1990 жылдардың басында-ақ екі ел
арасындағы достық қатынастардың орнауына алып келді.
Декларация негізінде екі елдің байланысын достық негізде, БҰҰ мен
Хельсинктегі қорытынды акт, Париж хартиясы мен СБСЕ-ның ұсынысы негізінде
өрбітуде көздейді.
Табиғат байлықтары жағынан бірін-бірі толықтырып отыратын бұл екі
шикізатқа бай мемлекет бір-біріне көмек көрсетіп, біріккен жобаларды жүзеге
асыру мәселесін талқылады.
1993 жылдың 9-11 сәуір күндері Қазақстанға ресми іс-сапармен Түркия
Президенті Тургут Өзала жолықты. Түркия басшысы Қазақстанда елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевпен, Жоғары Кеңестің төрағасымен кездесті. Жұмыс барысында
Тургут Өзала Оңтүстік-Қазақстан облысын аралап, Түркістандағы А.Яссауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің салтанатты ашылуына
салтына қатысып, құттықтау сөзімен студенттерге ақ жол тіледі.
Кездесу барысында екі ел арасындағы байланысты толыққанды жүзеге
асыруға кедергі болған мәселелерді анықтап, екі ел арасындағы экономика,
сауда-саттық, ғылыми-техникалық байланыс, мәдениет және кадрлер дайындау
саласында бір-біріне көмек көрсету сияқты көптеген мәселелер қарастырылды.
Қазақ парламент өкілдерінің алдында сөз сөйлеген Тургут Өзала былай
деді: Нұрсұлтан Назарбаев сияқты даналы адам басқарған ел ұлы мемлекет
болады. Түркия оған барынша ат салысып, көмектеседі. Себебі: бір халықтың
дамуы – екінші халықтың дамуына алып келеді.
Түркия Президентінің Қазақстанға жолығуы Түркияның шын ниетпен
Қазақстанға көмек көрсетіп, достық қарым-қатынасты одан әрі дамытқысы
келетіндігін анық көрсетті.
1994 жылдың 16-18 қазан күндері елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қысқа мерзімді
іс-сапармен Түркияда болып, онда ешқандай декларацияларға қол қоймаса да,
көптеген мәселерді талқылап, екі ел арасындағы байланысты дамыту,
Қазақстандық жобаларды жүзеге асыруғ, т.б. мәселелер қарастырылды.
Бұл кездесуінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның Түркиямен жақсы қарым-
қатынаста болуы – біздің экономикамыздың дамуына елеулі үлес қосатындығын
атап өтті.
Бәрін қорыта келе, екі елдің басшылары келісім-шартқа түсіп, екі елдің
сыртқы экономикалық саясаты жайлы ой бөлісіп, Қазақстанға тікелей Түркия
инвестицияларын тарту мәселесін талқыға салды. Және де бұл келіссөзде тағы
да бір маңызды мәселе, Қазақстаннан Түркияға мұнай құбырларын тарту туралы
мәселе қарастырылды.
Ресми іс-сапардың аяқталуынша, елбасымыз Стамбулда өткен II түркі
тілдес халықтардың саммитіне қатысты. Жиналыста 6 мемлекеттің істелген
жұмысы қорытындыланып, болашаққа жоспарлар жасалып, экономика, сауда-
саттық, білім, саясат, мәдениет, экономика және де басқа салаларда
мемлекетаралық байланысты дамытып, тереңдету мәселелері қарастырылды.
Жалпы, екі ел арасындағы байланыс прагматикалық тұрғыда дамуда. Себебі,
тілдің жақындығына қарамастан, халықтардың тегінің жақындығына қарамастан,
Қазақстан өзінің негізгі саяси партнері Ресейден толығымен бас тартып,
Түркиямен экономикалық байланысын реттеуге кіріскен жоқ. Сонымен қатар,
Түркия Қазақстанмен байланысын реттесе де, Түркияның негізгі экономикалық
серіктестері АҚШ және Батыс Еуропа елдері болып табылады.
Тілдің, халықтың тегі жақындығына қарамастан, Түркия Қазақстан
экономикасының дамуының негізгі векторларына айналмады. Мұны 1995 Бішкекте,
1996 жылы Ташкентте өткен түркі тілдес халықтардың жиналысында қабылданған
келісім-шарттан байқау болады. Бұл келісім шартта елдердің бір-бірімен
әрдайым байланысты болу, немесе басқа қандай да бір ерекше ережелер
жазылмаған.
Дегенмен, Түркия Қазақстанның дипломатиялық қатынасында алдыңғы
қатардағы тұрған мемлекет. 1995 жылы Қазақстанда 158 түрік фирмалары
тіркелді, түркия фирмаларымен бірлескен ұйымдар көптеген жобаларды
қаржыландырып, еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосты. Сол
кезде екі елді 17 авиарейс, 500 ауыр көліктер байланыстырды. Ал, Түркияда
1400 қазақ азаматтары білім алды.
1995 жылы Түркия Президенті С.Демирель мен Премьер-министр Т.Чиллердің
Қазақстанға жасаған іс-сапары жүзінде келіссөздер жүргізілді. Келіссөз
негізінде екі ел арасындағы дипломатиялық қатынасты жоғары деңгейде
дамытып, өрбіту мәселесі қарастырылды.
Екі ел арасындағы байланыс мәселесінде Қазақстанның Түркия көрсетілген
көмегі де елеулі. Себебі, Қазақстан Республикасының Президенті Түркияның
Евроодаққа мүшелікке енуіне атсалысып, көмектесті. Өз кезегінде, Түркия әлі
де тәуелсіздік алған Орталық Азия мемлекеттеріне көмектестігін жүзеге
асыруда.
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасына тартылған түрік инвестицияларының
жалпы көлемі 500 млн АҚШ доллардан асып түсті. Дегенмен, өзара сауданың
дамуына аралық және ресейлық қаржы дағдарыстары теріс әсер етпесі қалған
жоқ. Егер 1998 жылы бұл көрсеткіш, жалпы тауар айналымы 300 млн доллардай
болса, 1999 жылы бұл көрсеткіш екі есе кеміп кетті. Өзара сауда-саттықтағы
мүндай құлдырау бірте-бірте ескеріліп келеді. Бұған 2000 жылы қол
жеткізілген тауар айналымы көлемінің 206 млн доллар деңгейі дәлел.
Түрік іскер топтары Қазақстанда айтарлықтай белсенді әрекет етуде, 2000
жылдың басында 200-ден астам түрік фирмасы жалпы сомасы 2 млрд доллар
болатын жобаларға әзірлік жүргізуді немесе оларды іске асыруға кірісіп
кетті.
Екі елдің елшілері және шетелдік сарапшылар екі жақты ынтымақтастықты
елеулі жандандыратын жағдайы ретінде Қазастан мұнайын Түркия аумағы арқылы
тасымалдау келешегін орынды айтып келеді. 1998 жылы Анкара декларациясына
қол қойылып, онда Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан
басшылары және АҚШ-тың энергетика министрі Каспий арқылы, сондай-ақ Кавказ
жерімен экспорттық құбырлар өткізудің маңыздылығын атап крсетті. Бұл орайда
Каспийдің мәртебесі проблемасының айрықша рөл атқаратыны түсінікті. Түрік
көзқарасы Қазақстанның Каспийді ұлттық сектора бөлуге деген күш-жігерін
қолдаудан көрініп отыр. Алайда, Каспий төңірегіндегі ахуал көрініп отыр.
Қазақстан-Түрік ынтымақтастығы мәдени-гуманитарлық салада ойдағыдай
дамып келеді. Түркістан қаласында Х.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-
түрік университетін құру білім беру саласында арнайы келген жоба болды. Оны
өркендетуге Түркия үкіметі жалпы алғанда 60 млн доллар бөлді. Бүгінгі күні
Халықаралық Қазақ Түрік Университеті айтарлықтай әдістемелік және санамалық
базасы бар мыңдаған студент оқитын осы заманғы жоғарғы оқу орнына айналды.
Қазақстан студенттері мен аспиранттарының Түркияның өзіндегі жоғары оқу
орындарында оқуы өтемсіз негізде жалғасып отыр. Өз кезегінде Қазақстанда
түрік кәсіпкерлерінің ықыласымен 26 қазақ-түрік лицейі жұмыс істейді.
Оларда 5000 жеткіншектер оқиды, сондай-ақ 1998 жылы С.Демирель атындағы
жеке меншік университет ашылды. Қазіргі кезде шамамен 700 түрік азаматы
Қазақстанда оқиды. Түркиядан келген 100-деген оқытушылар дәріс беруде.
Көптеген Қазақстандық ғалымдар мен мамандар түрік университтерінде
техникалық және гуманитарлық пәндерден сабақ жүргізеді.
ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ:
Түркиядағы қазақ диаспорасы негізінен өткен ғасырдың 50-ші жылдары
Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай округінен (алтай қазақтары)
көшіп барған, сондай-ақ ХХ ғасырдың 80-ші жылдары Ауғанстан мен Ираннан
босқын ретінде қоныс аударған қазақтардан тұрады. Стамбул консулдық
округінде алтай (3450 отбасы) және ауған (740 отбасы) қазақтары тұрады.
Түркияда тұратын қазақтар жинақы орналасқан. 1972 жылы олар түрік үкіметіне
өтініш жасады, сол жылы оларға Стамбулдан сатып алу және құрылыс салу үшін
жер берілді. Біздің отандастарымыз бұл ауданды Қазақкент деп атады, қазір
ол Гюнешли аталады, түрік тілінен аударғанда Күн сәулелі. Стамбулда
қазақтар басқа аудандарда да тұрады (мысалға, Зейтинбурну, Кучук Чекмеджи,
Сафра-кой, Орнектепе), бірақ олар бірге болуға тырысады. Түркияда тұратын
қазақтардың саны туралы мәліметтер де әралуан, сан айырмашылығы өте үлкен.
19 000-нан 25 000-ға дейінгі сандар аталады. Мысалға, Сайлау Батыршаұлының
мәліметі бойынша Түрік Республикасындағы диаспора өкілдерінің саны 2003
жылы 19 мың адам болған. 2005 жылғы мәліметтер бойынша 25 000 адам деп
көрсетілген. Қазақтардың негізгі бөлігі (2750 отбасы) Мәрмәр теңізінің
жағасында, Стамбулдың “Зейтинбурну” ауданында шоғырланған, 120 отбасы –
Эгей теңізінің жағасында (Измир провинциясы), 80 отбасы шамасында - Нигде
провинциясында, 60 отбасы – Анкарада және басқа провинцияларда тұрады.
Г.Меңдіқұлованың пікірі бойынша, көп жағдайда Түркиядағы қазақ қауымдастығы
қазақ диаспорасы өкілдері үшін үлгі болды, бұл қазақтардың күш-жігерімен
ғана емес, түрік үкіметінің түсіністікпен жауап қату әрекетімен де мүмкін
болды, соның арқасында Шыңжаннан босқан қазақтар бұл жерден екінші Отанын
тапты. 1990 жылдардағы Түркиядағы қазақ қауымдастығын зерделей отырып, 1970
жылдары қазақтардың аға буыны қалап кеткен, қазіргі кезде жемісін көріп
отырған этникалық сәйкестілікті сақтау процесіндегі мынандай сәттерді атап
өтуге болады. 1960 жылдары қазақтар қаланың әүрлі аудандарына қоныстанды,
олардың балалары түрік мектептеріне бара бастады, бұл қазақ сәйкестілігін
сақтау процесіне жәрдемдескен жоқ, керісінше қазақ жастарының бір бөлігі
түріктену процесіне ұшырады, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz