ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮНДІСТАНМЕН байланысы
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮНДІСТАНМЕН байланысы
ТЕКСЕРГЕН:
ОРЫНДАҒАН: МҰРАТБАЕВА ЖАЗИРА
АЛМАТЫ-2006
ЖОСПАР:
1. КІРІСПЕ:
Үндістан.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
а) Географиялық жағдайы, табиғи ресурстары.
ә) Үнді халқы.
б) Шаруашылығы.
3. ҚОРЫТЫНДЫ:
Қазақстанның Үндістанмен байланысы.
ҮНДІСТАН
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРЫ. Үндістан - түп тамыры мыңдаған
жылдардан әрі басталатын ежелгі төлтума мәдениеті бар, адамзат өркениетіне
зор үлес қосқан ел. Ол отар елдер арасында алдыңғылардың бірі болып саяси
дербестікке жетті (1947 ж.) Бұл орайда Ұлыбританияның бұрынғы отарының
орнында діни принцип бойынша екі егемен мемлекет -Үндістан мен Пәкістан
құрылды (кейін соңғысының құрамынан тәуелсіз Бангладеш мемлекеті бөлініп
шықты).
Үндістанның аумағы бітімі жағынан өзге Азиядан Гималай арқылы бөлінген
алып үшбұрышқа ұқсайды. Әдебиетте бұл ұлан-байтақ өлкені көбіне Үнді
субконтиненті деп атайды.
Үндістанның теңіз жағалаған шекарасы құрылықтағы шекарасынан едәуір кем
болса да, елдің экономикалық өмірінде нақ сол теңіз шекарасы басты рөл
атқарады. Оның жағалауы бойымен дүние-жүзілік сауда жолы өтеді де, Шығыс
жөне Батыс елдерімен қарым-қатынасты ұлғайтуға жағдай жасайды.
Табиғаты жағынан Үндістан - дүние жүзінің ең бай елдерінің бірі.
Отаршылдық кезеңде оның "Британ тәжінің інжу-маржаны" деп аталуы әлдеқалай
емес. Мұнда климат жайлы, агроклиматтық ресурстар ұшан-теңіз. Минерал
шикізаттың кейбір түрлерінің (темір және марганец рудалары, хромиттер,
цирконий, титан, мусковит) қорларының дүниежүзілік маңызы бар. Көптеген
аудандар мен жағалаудағы акваторияларда мұнай табылған. Толып жатқан
өзендер суармалы егіншілікке және электр энергиясын алуға ыңғайлы. Аумағы
Батыс Еуропаның барлық елдерінің аумағынан аз ғана кем Үндістанның жер
ресурстары ұлан-ғайыр. Муссондық субтропиктік және тропиктік климат
жағдайында жылудың молдығы бірталай өңірлерде жылына екі-үш рет өнім алуға
мүмкіндік береді.
Дербес тарихи даму жолына шыққан Үндістан көптеген салаларда қомақты
табыстарға жетті. Сан салалы өнеркөсіптік кешен құрылды. "Жасыл
революцияның" нәтижесінде астық өндіру бірнеше есе молайып, елдегі жаппай
ашаршылық жойылды. Әлеуметтік қызмет көрсету едөуір жақсарды. Бұл орайда
Үндістанның әлеуметтік-экономикалық қайта құру жолымен дамуы экономиканың
мемлекеттік секторының құрылып, дамуымен тығыз байланысты.
ХАЛҚЫ. Қырық жыл ішінде Үндістан тұрғындарының саны 350 миллионнан 850
миллионға жетіп көбейді (дүние жүзінде Қытайдан кейін екінші орын). Мұның
өзі денсаулық сақтау жүйесіндегі оң өзгерістердің өлім-жетімді азайтуының
нәтижесі болды. Халықтың шапшаң көбеюі ұлттык экономикаға қосымша
қиындықтар жүктеп отыр. Осыған байланысты Үндістан үкіметі тууды шектеуді
кездеген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруда. Алайда, үнді ғалымдарының
есептеуінше, халық санының тұрақтануын тек алдағы ғасырдың ортасына таман
ғана күтуге болады.
Үндістан - дүние жузіндегі ең көп ұлтты ел. Онда әр түрлі тілдік
топтарға жататын көптеген халықтар тұрады. Хиндустандықтар, бенгалдар,
бихарлар, пенджабтықтар ондаған миллиондап саналады. Діни құрамы да өте
күрделі, дегенмен халыктың 80 пайызына жуығы индуизм дінін ұстанады.
Әсіресе ауылдық жерлерде калдыктары бар касталық теңсіздік осы индуизммен
байланысты. Этностық және діни құрамның ала-құлалығы ұлтшылдық, сепаратизм
мен әкстремизм үшін негіз болып келеді.
Британия отарының Үндістан және Пәкістан болып екі мемлекетке бөлінуі
индуизмді ұстанатындардың Пәкістаннан Үндістанға, мұсылмандардың
Үндістаннан Пәкістанға жаппай қоныс аударуына әкеліп соқты.
Халықтың орналасуында көп кереғарлықтар бар. Гималай жоталары өңірінде
оның тығыздығы не бары 2-4 адам болса, Үнді-Ганг ойпатында ол 500 адамға
жуық. Ал халық неғүрлым тығыз болса, табиғатқа соғұрлым көп салмақ түседі,
жасыл желек егістікке айналып жыртылады, тау беткейлері игеріледі, томарлар
құрғатылады. Экологиялық жағдай нашарлайды. Үндістан - урбандалуы аз ел
(халықтың 30%-ынан азы қалаларда тұрады). Ең ірі қалалар теңіз жағалауында
орналасқан - Калькутта, Мадрас, Бомбей.
Елде жұмыссыздар бірталай, халықтың едәуір бөлігі кедейшілікте өмір
кешеді. Аграрлық артық қоныстану проблемасы асқынған күйде.
ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Бүгінде Үндістан - үшінші әлемнің алдыңғы қатардағы
елдерінің бірі. Бір жағынан, ол өнеркәсібі дамыған мемлекет, тракторлар мен
автомашиналарға, радиоқабылдағыштар мен телевизорларға, электр
станцияларының, металлургия, цемент, қант зауыттарының жабдықтарына, кен-
шахта жабдықтарына, өндіру үшін ғылым мен техниканың жоғары деңгейде болуы
талап етілетін басқа да өнеркәсіп өнімдеріне деген қажеттерін өзі
қанағаттандырады.
Екінші жағынан, Үндістан экономикасының басым саласы ауыл шаруашылығы
болған күйінде қалып отыр. Елдің жұмыс күшінің 70%-ына жуығы осы салада
және оның өнімінің құны өнеркәсіп өнімінің құнынан асып түседі. Ауыл
шаруашылығы өндірісінің көлемі жөнінен Үндістан дүние жүзінде төртінші орын
алады. Ол дүние жүзінде шайды, арахисті, қант құрағын, бұршақ дәнін,
джутты, бірқатар қоспаларды ең көп өндіретін ел, күріш өндіру жөнінен
екінші (ҚХР-ден кейін), темекі жөнінен үшінші, бидай және мақта талшығын
өндіру жөнінен дүние жүзінде төртінші орын алады.
Егістік жерлер ел аумағының жартысы болса, суармалы жерлер бүкіл
егістік алқаптың төрттен бірі. Топырағы неғұрлым құнарлы өңірлер Ганг,
Брахмапутра, Кришна, Годовари өзендерінің жазықтарында; бұл өңірлерде
қуатты суландыру жүйелері салынып жатыр.
Егістік алқаптардың негізгі бөлігіне, (85 %-ына дейіні) азық-түліктік
дақылдар өсіріледі. Мұндағы басты азық-түліктік дақыл - күріш көбіне өзен
сағаларында, Ганг пен Брахмапутраның төменгі және орта ағыстары өңірінде
өсірілетін болса, бидай неғұрлым қуаңшылық аудандарында егіледі. Бидайдың
көп өсірілетін жері Гангтың жоғары, басталар тұсы, мұнда колдан суару
аркылы одан мол өнім алынады. Үндістанның азық-түлік проблемасын түпкілікті
шешуге бағыт ұстауы едәуір дәрежеде "жасыл революция" шеңберінде нақ осы
бидайдың өнімділігін арттыруды көздейді.
Техникалық дақылдар барлық жерлерде өсіріледі: кант кұрағы Ганг
аңғарында, шитті мақта Декан қыраттары мен Үнді-Ганг өзендері аралығының
суармалы жерлерде, джут Гангтың сағасы мен Брахмапутраның бойындағы ылғал
неғұрлым мол аудандарда, шай Шығыс Үндістанның тау баурайларында өсіріледі.
Үндістанда 200 млн. бастан артық мүйізді ірі қара мал бар, бұл дүние
жүзіндегі өзге қай елдегіден болсын көп. Алайда сиыр мұнда қасиетті жануар
деп саналады, дін оның етін жеуге тиым салады. Малдың бірсыпырасы әлдеқашан
картайған, халық шаруашылығында ешкандай рөл атқармайды. Не сүт, не ет
бермейді, жегін мал ретінде де пайдаланылмайды. Үндістанның жоспарлаушы
органдары мұның амалы сиыр малының санын күрт азайту деп ұйғарып отыр,
бұдан ауыл шаруашылығының қарқындылығын арттыруға мүмкіндік туар еді.
Үндістанның индустриялануы жеңіл өнеркәсіпті өркендетуден басталды, ал
бұл салада тоқыма өндірісі көрнекті орын алады. Алайда бүгінде ел ауыр
өнеркөсіп салалары басым индустриялы мемлекетке айналып келеді. Іс жүзінде
тәуелсіздікке жеткеннен бергі кезеңде қара металлургия, машина жасау, химия
өнеркәсібі кұрылды.
Үндістанның неғұрлым қуатты өнеркәсіптік кешені шығыста - Калькуттадан
Дамодар өзенінің жазығын бойлай орналасцан (өзінше бір "Рур" секілді). Нақ
осы өңірде металлургияның ірі орталықтары (Бокаро, Дургапур, Роуркела және
т.б.), ауыр машина жасау кәсіпорындары (Читтаранджан, Ранчи және т.б.),
химия өнеркәсібінің орталығы (Синдри) орналасқан. Сондай-ақ Бомбей, Мадрас,
Ахмадбад, Бенгалуру және т.б. ірі индустриялық орталықтар болып табылады.
Бірқатар ірі-ірі кәсіпорындар бір кездері бұрынғы КСРО-ның жәрдемімен
салынған болатын (мысалы, Бхилаидегі, Бокародағы, Висакхапатнамедегі
металлургия комбинаттары).
Энергетика шаруашылығының негізі болып отырған көмір 200 млн.т
шамасында өндіріледі. Соңғы жылдары отын балансының құрылымы мұнай өндіру
мен оның импортын ұлғайту арқылы мұнайдың үлесін арттыру бағытында
өзгертілуде.
Үндістан көлігі біршама жоғары деңгейге жетіп дамыған елдердің
қатарында. Темір жолдарының ұзындығы жөнінен ол дүние жүзінің жетекші бес
елінің санатына қосылады. Алайда көптеген темір жолдар тар табанды, ал
автомобиль жолдары асфальтталмаған. Теңіз флотының тоннажы арта түсуде.
Ішкі айырмашылықтар. Үндістан қай жағынан болса да: табиғаты,
экономикасы тұрғысынан да, қоғамдық өмірі тұрғысынан да барынша алуан түрлі
бейнелі ел. Планетадағы ең биік, басын мәңгілік қар басқан Гималай таулары,
тропиктік оңтүстіктегі мәңгі жасыл қалың ну, аптап ыстық, құмды шөл,
тайфундары мен су тасқыны қабаттасқан муссон нөсерлер, шетсіз-шексіз Тар
құмдары, өзендердің жайқалған жазықтары - осының бәрі бір ел, бір Үндістан.
Осынау ұлы елдің экономикалық тіршілігіндегі аймактық айырмашылықтарды
оның аумағындағы экономикалық аудандарға қарап біраз білуге болады. Бұлар:
Солтүстік-Шығыс, Батыс, Оңтүстік және Орталық-Солтүстік аудандар.
Солтүстік-Шығыс Үндістан - неғұрлым көп салалы экономикалық аудан,
мұнда елдің қуатты индустриялық кешені қалыптасқан. Оның құрамында
металлургия және машина жасау кәсіпорындары, химия және басқа да өнеркөсіп
салаларының зауыттары бар. Мұнымен бірге Солтүстік-Шығыс Үндістанда негізгі
күріш алқаптары, джут пен шай шығаратын өндірістердің барлығы дерлік осында
(нақ осы өңірде, Гималай баурайында, көпшіліктің пікірінше, дүние жүзіндегі
ең жақсы шай өсетін Дарджилинг ауданы бар).
Мұнда ауданның өзегі деуге боларлық 70-тен астам қаланы біріктіретін
Калькутта мен оның агломерациясы орналасқан. Бұрын Британия Үндістанының
астанасы болған Калькутта сонау отарлық кезеңде дами бастаған болатын.
Бүгінде оның ықпалының аясына Солтүстік-Шығыс Үндістанның іс жүзінде барлық
штаттары қамтылған. Одан Дамодар өзенінің жазығы арқылы "Үндістан Руры"
жалғасып кетеді; мұнда тас көмір кені негізінде мемлекеттік ауыр өнеркәсіп
кәсіпорындары мен электр станцияларының елдегі ең үлкен шоғыры қалыптасқан.
Кейбір экономикалық-географиялық ерекшеліктері жағынан Батыс Үндістан
Солтүстік-Шығыс Үндістанға ұқсас: бұлардың ендік орналасуы шамамен бірдей,
экономикалық даму деңгейлері де ұқсас. Алайда мамандануындағы айырмашылық
біршама айқын көрінеді. Батыс Үндістан ежелден мақта өсіру мен ұқсатуда
жетекші аудан болды. Бертінгі ондаған жылдарда Үнді мұхитының жағалауында,
одан соң қайраңында мұнай кендерінің ашылуы бұл ауданды елдің ең басты
мұнай және мұнай-химия базасына айналдырды. Батыс Үндістанның экономикалық
"жүрегі" - Бомбей - елдің басты теңіз порты, ең ірі өнеркөсіп, сауда-көлік,
қаражат және мәдениет орталықтарының бірі.
Оңтүстік Үндістанның экономикалық қуат-қарымы ілгеріде қарастырылған
екі ауданнан едөуір қалыңқы. Оның экономика-сының негізі - ауыл шаруашылығы
дәнді дақылдар, сондай-ақ арахис, хош иісті дәмдіктер, кокос пальмасы,
гевей, кофе және басқа кейбір тропиктік дақылдар өсіруге маманданған. Халық
өкіметі жылдарында ауданның өнеркәсіптік маңызы көтерілді. Үндістан үшін
дәстүрлі салаларға металлургия, машина жасау, мұнай ұқсату сияқты жаңа
салалар қосылды.
Орталық және Солтүстік Үндістан - аумағы жағынан ең үлкен аудан. Оның
экономикалық тұтастығы туралы айтуға әлі ертерек, өйткені оның құрамында әр
бағыттағы өнеркәсіп орталықтары мен өзара байланыстылығы біршама аз ауыл
шаруашылығы аумақтары бар. Сонымен катар тәуелсіздік алғаннан бергі
жылдарда мұнда өнеркәсіп құрылысы едәуір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz