ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН БАЙЛАНЫСЫ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:
ҚАЗАҚСТАН МЕН
ФРАНЦИЯНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ
ТЕКСЕРГЕН:
ОРЫНДАҒАН: МУХАМЕТЖАНОВА МӨЛДІР
АЛМАТЫ-2006
ФРАНЦИЯ
Франция -Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Франция территориясы - 552 мың км 2. .
Астанасы
Париж
(Paris), елдің басты экономикалық және мәдени орталығы, дүние жүзіндегі ең ірі және ең көркем қалалардың бірі. Париж сена өзенінің аңғарында орналасқан. Ауа райы бір қалыпты, қаңтар айындағы орташа температура 3, 4
0
С, шілде айында 18, 8
0
С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 645 мм. Жеке Париждің аумағы 105 км
2
, халқы 2724, 5 мың адам. ов 645
мм
в год. Париж агломерациясының аумағы 1700км2, халқы 10 млн адам. Париж маңындағы ірі қалашықтар: Булонь-Бийанкур, Сен-Дени, Монтрей, Версаль, Аржантей, Нантер, Коломб. Негізгі Париж бен Париж маңындағы 7 департамент бір үлкен Париж ауданына біріктірілген. Париж қаласының тұрғындары байырғы кезден-ақ миграция мен жер территориясының ұлғаюы нәтижесінде көбейді, алайда XX ғасырдың орта шенінде Париж халқы біртіндеп азая бастады. Халық санағының нәтижесі бойынша, жергілікті тұрғындар жалпы халықтың тек 60%-ын құрайды. Климаты қоңыржай, қысы жұмсақ, жаз мезгілінде температура тұрақты, жылы.
Париж қаласының тұрғындарының 32, 8% шаруашылықта, 8, 5-і көлік және коммуникация саласында, 9, 2 % құрылыс саласында, 21, 1 - сауда мен қаржы мекемелерінде, 10, 6 % әкімшілік орындарда6 16, 5%-ы қызмет көрсеті саласында жұмыс жасайды.
ФРАНЦИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМЫ. ХАЛЫҚ САНЫ.
2000 жылғы санақ нәтижесі бойынша елде 59, 3 млн адам тұрады. Францияда халық тұрғындарының 90 пайыздан астамы француздықтар. Бұл жөнінен Франция бір ұлтты мемлекет. Алайда бір айта кететін жайт, әрбір елде туылған адамға Франция азаматы деген ат қосылып, ол толыққанды француз азаматы болып есептелінеді. Елде француздардан басқа 4 млн-дай шет ел азаматтары тұрады (итальяндықтар, португалдықтар, испандықтар, поляктар, алжирлықтар, мароккандықтар, т. б. ұлт өкілдері) . Мемлекеттік тіл - француз тілі. Халқының басым бөлігі - католектер, 800 мыңдай адам протестанттық бағытты ұстанады, халықтың 10%-дай бөлігі атеисттер. Ресми күнтізбе - григорийлық.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Франция - республика. Қолданыстағы конституция 1958 жылдың 28 қыркүйегінде қабылданып, оған толықтырулар 1960, 1962, 1963, 1974, 1976, 1986, 1995 жылдары енгізілген. Конституция көрсетілген мемлекеттік құрылым Бесінші мемлекет деп аталады.
Елбасы - президент бүкілхалықтық сайлау арқылы 7 жылға дейінгі мерзімге сайланады. Егер де сайлаудың бірінші кезеңінде ешбір кандидат керекті баллды жинай алмаса, екінші тур өткізіледі. Бұл кезеңде тек бірінші турда жоғары балл жинаған екі кандидат қатыса алады. Президент конституцияға сай көптеген мүмкіндіктерге иелі. Ол үкімет мүшелері мен Премьер-министрді тағайындап, орнынан түсіре алу құқығына ие.
Жоғарғы заң шығарушы орган - қос палаталы парламент Халық жиналысы (ол 490 депутаттан) және Сенаттан (316 сенаторлардан) тұрады.
ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Француз Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 1992 жылдың 7 қаңтарында мойындады. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар басын 1992 жылдың 25 қаңтарынан, Францияның СІМ (Сыртқы Істер Министрі) Роллан Дюманың Алматыға жұмыс барысында келген сапарынан, бастау алады. Көп уақыт өтпей-ақ Алматыда Франция елшілігі ашылды.
Франция - Евроодақтың жетекші мүшелерінің бірі болып табылады. Францияның қатысуынсыз Евроодақта ешқандай келісім жасалмайды. Көптеген туындаған дауларда Франция шешуші дауысқа ие болады. Қазақстанның Франциямен жақсы қарым-қатынаста болуы, еліміздің дүниежүзілік қауымдастықта орнының тұрақталуына елеулі әсер етеді.
Өз кезегінде Франция да Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынастарды дамытуға қызығушылық танытуда. Францияның саяси түсінігінде Қазақстан Азия мен Еуропа құрлықтарының арасындағы байланыстырушы мемлекет, құрлықтағы бейбітшілікті қамтамасыз етуге дайын, экономикасынан үміт күттіретін ел ретінде танылады. Шет ел Мемлекеттерімен байланысы Комиссиясының қазақ-француз елшілігі арасындағы келісім-шартта: «Орталық Азияға жол - бірінші кезекте Алматы арқылы өтеді» деп баяндаған.
Қазақстанға көмек көрсете отырып, екі ел арасындағы байланысты қаржыландыра отырып, Франция АҚШ пен Германиямен қатар Қазақстанның табиғи қоры мен потенциалын (мұнай, түсті металлургия, көмір, т. б. ) экспорттаушы алдыңғы қатарлы мемлекетке айналуды көздейді.
Француз елінің шын мәнінде біздің елмен дипломатиялық қарым-қатынаста дамытқысы келетіндігі, Отанымызға тегін көрсетілген көмек негізінде байқалды. Біріншіден, Франция елі елімізді компьютерлік жабдықтау мақсатында 4 млн франк қаржы жұмсады. Екінші рет Франция 1996 жылдың 19 шілде күні Арал теңізі маңындағы елді-мекендерді тұшы сумен қамтамасыз ету мақсатындағы қондырғыларды алуға 5 млн франк ақша бөлді. Үшінші сый - 20, 3 млн франк көлемінде көрсетілді - бұл көмек еліміздегі француз субъектілерінің, дәлірек айтқанда банктердің, экономиканың маңызды саласы - құнды қағаздар нарығын құруды қаржыландыруға бөлінді.
Мәдениет саласы екі ел арасындағы байланыстың маңызды аспектілерінің бірі. Франция өзінің Қазақстандағы мәдени қатынасын дамытуды көздейді. Франция еліміздің ЖОО-да, мектептерде, колледждерде француз тілінің оқытылуын қаржыландырады, және де еліміздің кадрларын гуманитарлық салада дайындауға көмектеседі.
1993 Ф. Миттеранның Алматыға іс-сапары кезінде екі ел арасындағы маңызды келісім-шарт жасалды. Бұл келісім-шарт негізінде екі елдің азаматтары өзара салық төлеуден толық босатылады. Мұндай іс-әрекет екі ел азаматтарының капиталының өркендеп, дамуына елеулі үлес қосады.
Қазақстан Франциямен жоғары сапалы кадрлер дайындау барысындағы қатынасын дамытуды жоспарлауда. Бұл мақсатта француз ұлттық мектебінің әкімшілігінің қарамағында «Мемлекеттік бағыттағы Ұлттық жоғары мектеп» құрылды.
Соңғы жылдары Қазақстанда Француз кәсіпкерлерімен байланыс жоғарғы қарқында дамуда. Елімізде 20 бірлескен кәсіпорын құрылды, оның 8 қаржы саласында құрылды.
1992 жылмен салыстырғанда 1993 жылы сыртқы тауар алмасу көрсеткіші 2 есе төмендеп, 124 млн АҚШ долларын құраса, 1994 жылы оның деңгейі 26 млн АҚШ долларын құрады. Соңғы жылдары экспорт көлемі азаюда. Мәселен, 1992 жылы экспорттың үлесі 76% құраса, 1993 жылы ол - 51% құрады, ал 1994 жылы ол 20, 7%-ды құрады. Негізінен экспортталатын: мақта талшықтары - 80%, тері, бериллий, фосфор, казеин, полистирол, тері бұйымдары. Импорт: органикалық қоспалар, қант, сусын дайындайтын қондырғылар мен нан пісіру құралдары.
1995 жылы Франциямен сыртқы тауар алмасу 37, 7 млн АҚШ долларын құрады. Соның 100% да импорт үлесіне тиесілі еді (ол дәрі-дәрмектер, тағам өнімдері, парфюмерия, машина қондырғылары) .
Қазіргі кезде екі ел арасындағы қатынастар мынандай бағыттарда дамуда: табиғатты қорғау, мұнай-газ, т. б. Қазақстан «Эльф Акитен», «Эльф Нефтегаз», «Компани Женераль де Жеофизик», «Тоталь», «Гидрокарбон инжиниринг» сияқты француз компанияларын қарым-қатынасын жылдан-жылға өрбітуде. Тау-кен саласында еліміз «Кожема», «Альтернатив Финанс», «Пешине», «Клексим» сияқты компаниялармен тығыз қарым-қатынаста.
Сонымен қатар еліміз тамақ өндірісі, құрылыс, денсаулық, туризм салаларында да француз компанияларымен жақсы қарым-қатынаста.
Екі ел арасындағы байланыстың дамуына 1992 жылдың қыркүйек айында елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Франциядағы іс-сапары негізінде жасалған келісім-шарт елеулі үлес қосты. Бұл келісім-шартта екі елдің бір-біріне экономика, саясат және қорғаныс саласында көмек көрсетілуі баяндалған.
1993 жылдың 16-17 қыркүйек күндері аралығында Франция Президенті Франсуа Миттеран елімізге ресми сапармен жолықты. Келісім барысында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1) мәдениет және өнер саласындағы байланыс туралы;
2) ғылым және инновациялық технологияларды дамыту декларациясы;
3 ) ҚР-ның Ғылым Академиясы мен Францияның Ұлттық ғылым орталығы арасындағы өзара көмек көрсету жайлы декларация;
4) екі елдің СІМ-лігі арасындағы байланыс жайлы декларация, Париж бен Алматы арасында тікелей әуе жолында қатынас жолын ашу туралы декларацияларға қол қойылды.
1994 жылдың ақпан айында Францияға жұмыс барысындағы сапары негізінде елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Франция Президенті Ф. Миттеранмен кездесті. Бұл кездесуде бұған дейінгі келісім-шарттарды жүзеге асыру, және де екі ел арасындағы байланысты одан әрі дамыту мәселесі қарастырылды.
1995 жылдың маусым айында Парижде елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Францияның жаңа Президенті Ж. Ширакпен кездесуі өтті. Ж. Ширактың Президенттік сайлаудан жеңіп шыққандығын алғаш құттықтап, қолдау көрсеткен Қазақстан Президенті еді. Кездесу барысында екі ел Президенттері француз-қазақ қатынастарына жоғары баға бере отырып, одан әрі екі ел арасындағы саяси диалогты құруды, экономикамызда одан әрі дамыту мақсатында өзара көмек көрсету мәселесін талқыға салды.
1994 жылдың 23-24 маусым күндері Алматыға жұмыс барысымен Францияның премьер-министрі Эдит Крессон жолығып, еліміздің лауазымды тұлғаларымен келіссөз жүргізді. Мұнда екі ел арасындағы энергетика саласындағы байланысы талқыланды.
1994 жылдың 26-28 шілде аралығында Алматыға Францияның Халық Кеңесінің президентінің орынбасары Эмери де Монтескью жолықты.
1995 жылдың 22 қазан күні Нью-Йоркте атап өтілген БҰҰ-ның мерейтойында Елбасымыз Франция Президенті Жак Ширакпен тағы бір мәрте кездесті. Қос ел басшылары екі елдің одан әрі экономика саласында бір-біріне көмектесуі жайлы ауызша келісімге келді.
1995 жылдың 14-18 қазан күндері Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ЮНЕСКО-ның 50-жылдығын тойлау барысында Франциядағы іс-сапары жүзінде Президент Францияның Президенті Ж. Ширакпен кездесіп, екі ел арасындағы байланысты одан әрі дамыту, тереңдету мәселелерін қозғады. 1996 жылы Париждегі отырысында екі ел арасындағы қазақ-француз жұмысшыларының экономикалық қарым-қатынасын дамыту талқыға салынды. Елбасымыз Француз бизнес өкілдерімен жүздесіп, жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселесін талқылады.
1994 жылы Жан-Пьер Ремон басқарған қазақ-француз сауда палатасы құрылды. Бұл палатаға мүше болғандар: «Креди Коммерсиаль де Франс», «Сосьете Женераль», «Париба» банктері, «Томсон», «Газ де Франс», «Рено» және т. б. компаниялар.
1994 жылдың маусым айында Алматыда сауда палатасы қарамағында Француз елшілігінде «Қазақстандағы Француз күні» - алғаш кең көлемді сауда-экономикалық көрме өтті. Көрмеде францияның 30 ірі компаниялары мен фирмалары өкіл болып, француз индустриясы мен бизнесінің алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларын паш етілді.
1996 жылдың наурыз айында еларалық қазақ-француз экономикалық қолдау көрсету маңындағы жұмысшы тобының үшінші отырысы өтті. Пошта және телекоммуникация министрі Ф. Боротра бастаған француз делегаттары Елбасымыздың қабылдауында болып, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды. Олар:
- Екі ел арасындағы байланысты одан әрі дамыту туралы құрылған декларацияның мәтінін қайта қарастыру;
- «Томсон» компаниясының елімізге аэронавигациялық радарлар әкелуі;
- Қаратауды ұжымдастыруда француз компанияларының қатысуы;
- Астанада аэропорт салуы;
- Мұнай және газ саласындағы жобалар;
- Ауыл-шаруашылық өнімдерін өндіруде француз фирмаларының қатысуы, т. б. сол сияқты мәселер қарастырылды.
Соңғы отырысында «Томсон» фирмасы мен «Казаэронавигациялау» арасында еліміздегі аэронавигациялау жүйесін реттеу мақсатында Франциядан аэронавигациялық қондырғылар әкелу туралы шарт жасасып, бұл шарт негізінде Франция Астанадағы салынатын аэропортқа қаржылай көмек көрсететін болды.
1996 жылдың аяқ кезінде Францияның СІМ Бертран Дюфурк елімізге жолығып, еліміздің Премьер-министрі, Мәжіліс парламентінің төрағасы, еліміздің Мемлекеттік хатшысы, өндіріс және сауда-саттық министрлерімен кездесті. Кездесудің басты тақырыбы: екі ел арасындағы достық қатынастарды сақтап, одан әрі дамыту болды. Екі ел арасындағы байланысты одан әрі экономикалық, ғылыми, әскери-техникалық аспектіде жүзеге асыру болды. Страсбург қаласында Франциядағы Қазақстан Елшісі Аманжол Жанқұлиев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Матео Соринас пен кездесті. Кездесуге сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары Т. Қосмамбетов, Н. Сәрсенов және сенатор Н. Жолдасбаева қатысты.
Елші ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясы» Жолдауының негізгі түйіндері туралы айтып берді. Жолдаудың басым бағыттарына ерекше тоқталып, әлемдік экономикаға интеграцияны айрықша атады. Саяси жүйенің және мемлекеттік құрылымның тиімділігін арттыру мақсатымен әрі қарай ауқымды реформалар жүргізудегі қазақстандық басшылықтың ниетіне көңіл бөлінді.
Елші сондай-ақ демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі құрылған ҚР Мемлекеттік комиссиясының негізгі міндеттеріне тоқталды. Реформаларды әрі қарай дамытудың басымдықтары аталды: демократияландыру үдерісін нығайту, азаматтық қоғам институттарын дамыту, заңның, құқықтық тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету және Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін кепілдеу жүйесін күшейту, ұлтаралық және конфессияаралық (дінаралық) қатынастарды үйлестіру. Жолдаудың маңыздылығы мен елдегі демократиялық өзгерістерді жеделдетуге қазақстандық басшылық алған бағытты атап өткен М. Соринас ПАСЕ (ЕКПА) Төрағасы Рене ван дер Линденді Жолдаудың мазмұнымен таныстыру үшін оны зерделеп оқитынын атап көрсетті.
А. Жанқұлиев 2006 жылғы қыркүйек айында Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ Съезін өткізу жоспарланғаны туралы әріптесін хабардар етті, Съездің жұмысына қатысу үшін ПАСЕ (ЕКПА) төрағасы Рене ван дер Линден шақырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz