Бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси - құқықтық көзқарастар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1-тарау. ХХғ. Бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси-құқықтық көзқарастар
2
1.1 ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастары 2
1.2 Алаш партиясы бағдарламасындағы саяси-құқықтық және әлеуметтiк
идеялар 13

1-тарау. ХХғ. Бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси-құқықтық көзқарастар

1.1 ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастары

ХХ ғасырдың алғашқы ширегiнде әлемдiк тарихта iрi оқиғалар болып өттi.
Iрi империалистiк державалар арасындағы қайшылықтардың түбiне жете
шиеленiсуi бiр-бiрiне қарсы екi әскери одақтың (Үштiк Одақ және Антанта)
құрылуына алып келдi. Ғасыр басында империализм дәуiрiндегi алғашқы iрi
қақтығыс — орыс-жапон соғысы бұрқ ете қалды. Iрi елдердiң отарлық
бұғауындағы халықтардың ұлт-азаттық күресi жандана түстi. Тәуелсiздiк үшiн
күрескен ұлттық буржуазия өкiлдерiмен қатар осы елдерде пайда болған ұлттық
интеллигенция өкiлдерiн, жұмысшыларын және шаруалары мен қолөнершiлерiн
қамтыған алғашқы ұлттық ұйымдар пайда болды, жергiлiктi баспасөз дамыды.
Отаршылдарға наразылық көрсету неғұрлым саналы, әрi ұйымшыл түрде өтiп, ұлт-
азаттық сипатқа ие болды.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және мәдени
дамуында XIX ғасырдың екiншi жартысымен салыстырғанда едәуiр өзгерiстер
болды. Осы өзгерiстермен қатар ел өмiрiндегi саяси оқиғалар да қазақ ұлттық
интеллигенциясының қалыптасуына әсерiн тигiздi. XIX—XX ғасырлар тоғысында
пайда болған ұлттық интеллигенция тобы өлкедегi азаттық жолындағы күрестiң
өсуiнде айтарлықтай роль атқарды. Олардың қазақ даласында оқу-ағарту,
мәдени шараларды дамы-тудағы еңбектерi де әлемдiк өркениетке деген ұмтылысы
мен талпынысын бiлдiредi.
Жаңа ғасырдың бастауымен бiрге Ресей өкiметiнiң отаршылдық саясатының
бұрынғыдан да күшейе түсуi ұлт-азаттық қозғалысындағы жас қазақ
интеллигенциясының ролiн күшейте түстi. Бұл кездегi қазақ интеллигенциясы
өзiнiң құрамы, бағыты, мақсаты және қоғамдық-саяси қызметiнiң сипаты
жағынан әртүрлi топтарды бiрiктiрдi және олардың негiзгi бөлiгiн
әдебиетшiлер, мұғалiмдер, адвокаттар, дәрiгерлер және тағы басқалар құрады.
Қазақ интеллигенциясының осы кезеңдегi тарихи орны қазақ халқының
өлкедегi аграрлық мәселенiң әдiл шешiлуiмен, оқу-ағарту iсiнiң дамуымен
және отарлық езгiге қарсы күресiмен тығыз байланыста айқындалды. Ұлт-
азаттық күресiндегi қазақ интеллигенциясының алғашқы және табанды өкiлдерi
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Бақытжан Қаратаев, Мұхамеджан
Тынышбаев, Мiржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Әлiмхан Ермеков және т.б.
болды.
Олардың құрамы да өздерiнiң саяси көзқарастарымен, iс-әрекеттерiмен
айрықшаланды. Олардың кейбiрi социалистiк идеяларды ұстанды, социал-
демократтармен, эсерлермен бiрлесiп жұмыс iстедi. Олардың ықпалы жағынан
неғұрлым басым екiншi бiр бөлiгi либералдық-демократиялық позицияларда
болды. Бұл бағыттың жұрт таныған көсемдерi Ә. Бөкейханов, Б. Қаратаев және
тағы басқалар либералдық-демократиялық бағытты қорғады.
1905—1907 жылдары Ресейде болған алғашқы орыс революциясы да қазақ
даласының саяси оянуына, өлкеде езгiнiң отаршылдық, әлеуметтiк және басқа
да түрлерiне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшы, аграрлық және басқа да
қозғалыстардың өрiстеуiне едәуiр дәрежеде серпiн бердi. ХХ ғасырдың алғашқы
ширегiн қазақстандық тарихшылардың бiр тобы саяси күрестер мен рухани
жаңғыру кезеңi деп атауға әбден лайық екендiгiн атап көрсеттi. Саяси
күрестер мен рухани жаңғыру кезеңiнiң тарихы 1905—1907 жылдардағы орыс
революциясынан басталатынын айту әбден орынды болмақ. Өйткенi, осы
жылдардағы орыс революциясы қазақ даласындағы ұлттық қозғалыстың бастау
алуына өз ықпалын тигiздi. А. Байтұрсынов айтқандай осы кезеңде бұл дала
саясат iсiне тартылып, азаттық қозғалысының ағынына араласты.
1905 жылы 25 шiлдеде Қарқаралы қаласына таяу Қоянды жәрмеңкесiнде алаш
қозғалысы жетекшiлерiнiң бастамасымен өткен қазақ съезiнде әлеуметтiк-
экономикалық талаптармен бiрге саяси талаптар да қойылған. Ресей Министрлер
Кеңесiнiң төрағасы атына жазылған петиция қабылданды. Ә. Бөкейханов пен Ж.
Ақбаевтың басшылығымен жазылған бұл петицияда үкiметке мынадай талаптар
қойылды. 1. Дiни сенiмге қысым жасауды тоқтату; 2. Қазақ мектептерiнде
қазақ тiлiнде оқыту; интернат, пансионат, жоғары оқу орындарының жайы; 3.
Қазақ тiлiнде газет шығару; 4. Переселендердiң көшiп келуiн тоқтатып, жердi
қазақтiкi деп жариялау; 5. Қазақтарды атамекен қоныстарынан көшiрудi
тоқтату; 6. Далалық билеу Ережесiн өзгерту; 7. Болыстық кеңселер мен
халықтық соттарда iстi қазақ тiлiнде жүргiзу, өтiнiштердi қазақ тiлiнде
қабылдау правосын қалпына келтiру; қызметке қазақ тiлiн бiлетiн тiлмаштарды
алу; 8. Сот iсiн қазақ тiлiнде жүргiзу; 9. Бастықтар мен урядниктердiң
санын қысқарту; 10. Генерал-губернатордың бұйрығымен жер аударуды тыю; 11.
Жоғары үкiметте қазақ депуттардың болуы. Революцияның алғашқы айларынан
бастап-ақ жоғары билiк сатысына талаптар қойған Қарқаралы петициясы қазақ
өлкесiнiң оянуына едәуiр себепкер болған аса зор саяси оқиға ретiнде
тарихта қалды.
1906 жылы ақпанда өткен екiншi жалпы қазақ съезiнде Ресей кадет
партиясының бағдарламасы мақұлданды және оған өлкеге орыс шаруаларының
қоныс аударуын тоқтату, қазақ жерлерiн тұрғылықты халықтың меншiгi ретiнде
тану, мектептер мен жоғары оқу орындарын ашу және басқа да талаптар
енгiзiлдi. Бiрақ кадет партиясының басшылығы бұл талаптарды қолдамады.
Ұлт зиялыларының саяси күресiнде Ресей Мемлекеттiк Думасына сайлау
жүргiзу және оған қатысу айтарлықтай роль атқарды. Олар өздерiнiң саяси
күресiнде Мемлекеттiк думаның мiнбесiн де тиiмдi пайдалана бiлдi.
Екiншi Мемлекеттiк Думаның 1907 жылғы 16 мамырда өткен мәжiлiсiнде
Орал облысынан сайланған депутат Б. Қаратаев қоныс аудару саясатының
қазақтар шаруашылығына тигiзген зардаптары туралы баяндама жасады. Ол өз
баяндамасында бiздiң мемлекетте ушыққан аграрлық мәселенi далалық
облыстарға, атап айтқанда, Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының
жерiне шаруаларды қоныс аудару арқылы шешкiсi келедi. Үкiметтiң осынау
сұрқия саясатынан қазақтарға аштан қырылу қаупi төнiп тұр деп атап
көрсеттi. Дума төрағасы депутаттың сөзiн бөлгенде Б. Қаратаев Дума
мiнбесiнен шаруалардың жерге деген зәрулiгiн қанағаттандыру үшiн жеке
меншiк жерлердi тәркiлеу жөнiндегi кез-келген ресейлiк оппозияциялық
қозғалыстың әрекетiн қазақтар дереу қолдайды деп батыл мәлiмдеме жасады.
Мұның өзi сол жылдардағы ұлт-азаттық күрес жетекшiлерiнiң саяси
белсендiлiгi мен көзқарастарының қаншалықты өскендiгiн көрсете алады.
Екiншi Мемлекеттiк Думаға қазақ халқынан сайланған депутаттар
кадеттерге қосылды және басқа ұлттық партиялар өкiлдерiмен бiрге орыс
шаруаларын шеткерi аймақтарға қоныс аударуын тоқтату күштерiн ұйымдастырды.
Ресей Мемлекеттiк Думасы белгiлi дәрежеде ұлт зиялыларының саяси-құқықтық
көзқарастарының қалыптасуына ықпал еттi, қазақ даласының саяси-әлеуметтiк
және мәдени-рухани дамуына серпiн бердi.
1913 жылдан бастап жарық көрген Қазақ газетi либералдық-
демократиялық бағыттағы идеяларды бiлдiрдi. Редакторы А. Байтұрсынов болған
Қазақ газетiнде ұлт зиялыларының сол кездегi жарық жұлдыздары болған Ә.
Бөкейханов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және
басқалар жұмыс iстедi. Осы газет төңiрегiнде болашақ Алаш партиясының
белсендiлерi мен жақтаушылары топтасты. Оппозициялық газеттiң отаршылдық
саясатқа қарсы сипаттағы мақалалары жергiлiктi әкiмшiлiктi мазасыздандырды,
сондықтан да отаршылдық әкiмшiлiк Қазақ газетiн үнемi бақылауға алды,
1913—1916 жылдар аралығында газеттi 26 рет жапты, редакторы А.
Байтұрсыновты бiрнеше рет қамауға да алды.
1905—1907 жылдардағы орыс революциясы мен Ресейдегi саяси оқиғалардың
ықпалымен қазақ өлкесiн шарпыған саяси күрестiң нәтижесiнде Қазақстанда
ұлттық зиялы қауым өкiлдерi жетекшiлiк еткен дербес әрекет жасай алатын
саяси күштер қалыптасты. Олардың отаршылдыққа қарсы саяси-құқықтық идеялары
баяу болса да бүкiл қазақ қоғамына тарады және ұлт-азаттық күрестiң саяси
бағдарламасын жасауға негiз болды. Саяси-құқықтық идеялар мен
бағдарламаларды жасау iсiмен айналысқандардың бiрi ұлт-азаттық қозғалыстың
жетекшiсi, әйгiлi мемлекет қайраткерi, ғалым-әдебиетшi Әлихан Бөкейханов
едi. Оның артына қалдырған шығармашылық мұрасының үлкен бөлiгi — орыс
тiлiнде жазылған монографиялық, энциклопедиялық сипаттағы еңбектерi және
Қазақ газетiнде ана тiлiнде жазылған мақалалары.
Қазақ газетi арқылы Ә.Бөкейханов қазақ қауымын Ресейдегi саяси
оқиғалармен таныстырды және саяси-құқықтық сауатын ашты. Газеттiң 1913—1914
жылдардағы сандарында ол Бебель, Жан Жорес, Керек сөз, Балкан
соғысы және Тағы соғыс мақалаларында саясат пен соғыс мәселелерiн сөз
етедi. 1910 жылы жазған Қазақтар дейтiн зерттеуiнде Ә. Бөкейханов қазақ
халқының тарихын, оның әлеуметтiк құрылымын, орыс бодандығын, отаршылдықтың
зардаптарын айтады. Қазақ әдет-ғұрып нормаларындағы бұрынғы құқықтық
жүйенiң жойылып, оның орнына патша өкiметi енгiзген заңдардан кейiн
әдiлетсiздiк пен парақорлықтың белең алғаны сыналады.
Ә. Бөкейхановтың ойынша европалық бiлiм алып саяси iс-терге араласа
бастаған қазақ зиялылары екi бағытқа бөлiне бастаған. Олардың бiрi —
мұсылмандық идеяны жақтайтын түрiкшiлер, ал екiншiсi европалық дамуды
қолдайтын батысшылдар. Саяси екi ағымның пайда болуын атап көрсеткен
Ә.Бөкейханов оларға ғылыми сипаттама да бердi және бұл екi ағымның әлi
нақты партия болып қалыптаспағандығын ескерттi. Өзiнiң саяси қызметiнiң
бастауында батысшылдар жағында болған ол саяси бостандық мәселелерiнде дiни
ағымдарға да қарсы болмады.
Ресей бодандығындағы Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесiндегi
өзгерiстердi Үшiншi Дума және қазақ, Дума және қазақ, Төртiншi Дума
және қазақ, Бас қосу туралы мақалала-рында сөз еткен Ә. Бөкейханов
отаршыл өкiметтiң қазақ даласын қалай басқарғанын және оның әдiлетсiз
шешiмдерiн сынға алды. Қазақ халқының дәстүрлi салтындағы әр рудың мүддесiн
бiлдiретiн, соның сөзiн сөйлейтiн бидiң сол дәуiрдегi халық атынан
сайланатын және қызмет көрсететiн депутатпен ұқсас екен-дiгiн салыстырған
ол екi жақтың да тиiмдi тұстарын пайдалану қажеттiгiне көңiл аударады.
Сайлау кезiндегi заңдылықтың сақталмауы, парақорлық және ру аралық
алауыздық оның Сайлау деп аталатын мақалалар топтамасында жан-жақты
сипатталады. Бұл мақаласында Ә. Бөкейханов сайланған адам әдiлет, бiрлiк,
адалдық жолында қызмет етсе ғана шын мақсат орындалады, ал өзiнiң ғана
басын күйттейтiндер қашанда елдiң соры болады деп атап көрсеттi.
Патша өкiметi құлатылғаннан кейiн 1917 жылы наурыз ай-ында жазған
Алаш ұлтына деген мақаласында Ә.Бөкейханов Азаттық таңы атты... Күнi кеше
құл едiк, ендi бүгiн теңелдiк. Қам көңiлде қаяудай арман қалған жоқ. Неше
ғасырлардан берi жұрттың бәрiн қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз өкiмет
қайтпас сапарға кеттi деп ақпан революциясын қуана қарсы алды және алдағы
уақытта не iстеу керектiгiн айтты. Жаңа үкiмет пен жаңа тәртiптi қолдау
жөнiнде Жаңа үкiметтi қолдау үшiн қазақтардың бiрiгуi қажет. Жаңа тәртiптi
нығайту үшiн басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейте түсу керек.
Құрылтай жиналысының сайлауына әзiрленген абзал. Бiрлiк пен әдiлдiк үшiн
күресiңдер,— деп жазды Ә.Бөкейханов.
Алаш партиясы бағдарламасын жасаушылардың бiрi, Ала-шорда үкiметiнiң
басшысы Ә. Бөкейхановтың саяси қызметiнiң шырқау шегi 1917—1925 жылдармен
тұспа-тұс келдi. Большевиктердiң 1918 жылы 10 қаңтарда Бүкiл ресейлiк
Құрылтайды күшпен қуып таратуы Алашорда үкiметiнiң жағдайын нашарлата түстi
және жағдайдың күрт өзгеруiне байланысты олар Кеңес үкiметiмен келiссөздер
жүргiзуге мәжбүр болды. Ә. Бөкейхановтың өзi Ленинмен телеграф арқылы
сөйлеседi.
Жүргiзiлген келiссөздер нәтижесiнде Кеңес өкiметi Орынборда өткен
жалпықазақ съезi шешiмдерiнiң заңдылығын, яғни қазақ автономиясын
мойындайды. Бiрақ қазақ автономиясын жергiлiктi Кеңестердiң қатысуымен
жалпықазақ съезiнен кейiн тану туралы талап қояды. Бұған жауап ретiнде
Алашорда үкiметi жергiлiктi Кеңестер өз үкiметтерiне бағынған жағдайда ғана
кеңес үкiметiн мойындайтындығы туралы қарсы талап қояды. 1918 жылы маусымда
Алашорда үкiметiнiң қаулысы бойынша Кеңес үкiметiнiң автономиялық Алашорда
территориясына байланысты шығарған шешiмдерi заңсыз деп табылды. Билеушi
партияға айналған большевиктер де Алашордамен тiл табысуды қажет деп
санамады.
Әртүрлi көзқарас пен мақсатта болған саяси күштердiң билiк жолындағы
күресi басталды. Оқиғалардың бұлайша өрбуi азамат соғысына жалғасты және
большевиктер партиясының диктатурасын орнатуға әкеп соқты. Алашорда үкiметi
Кеңестерге қарсы күштермен, Сiбiр үкiметiмен, Колчакпен, атаман Дутовпен
жақындасуға мәжбүр болды. Елдi азамат соғысына жеткiзген большевиктер
саясатын қолдамаған Ә.Бөкейханов Қазақ болып автономиялы ел боламыз десек,
алдымызда шешуi қиын бiр жұмбақ бар. Орал, Торғай, Ақмола, Семейде көп
мұжық бiзбен қоныстас, бұл облыстарда мұжықпен қазақ қым-қиғаш аралас.
Мұжықпен аралас қазақты тастап, бiрыңғай қазақ болып шығамыз десек, қазақ
орыста қалады, қазақты бұл жерден көшiрiп аламыз десек, бұл қазақ
атақонысынан көшпес, көшсе, ақылсыздық болады, қазақ жерiнiң ең жақсысы осы
мұжықпен аралас отырған жер. Түбiнде қазақ ұлты бiр автономия бола қалса,
iштегi орысты ала кетемiз бе деген үмiт бар деп жазды.
ХХ ғасырдың басындағы қазақтың iрi қоғам қайраткерi, саяси-әлеуметтiк
тақырыпта өндiре жазған ақын, публицист, қазақ алфавитiнiң тұңғыш
реформаторы, ағартушы-ұстаз Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы қазiргi Қостанай
облысында дүниеге келдi. Оның түрлi оқиғаларға, халықаралық жағдайға, заң,
ел билеу, сот, жер, еркiндiк тақырыптарына арналған Бұл заманның соғысы
(1914), Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан Уақытша Ереже (1914),
Соғысушы патшалар (1914), Закон жобасының баяндамасы (1914), Жәрдем
комитетi (1915), Қазаққа ашық хат (1916), Қазақ жерiн алу тураласындағы
низам (1916), Тағы да народный суд хақында және тағы басқа мақалалары
Ахмет Байтұрсыновтың саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясын,
қайраткерлiк қабiлетiн, ойшылдық деңгейiн, отан сүйгiштiгiн жан-жақты
көрсете алады. Қоғамдық өмiрдiң сан алуан көкейтестi мәселелерiн арқау етiп
жазған оның мақалалары алғашқы кезде Айқап журналында, 1913—1918 жылдары
өзi редактор болған Қазақ газетiнде, жеке жинақтарында, кейiннен кеңестiк
баспасөзде жарияланды.
Ахмет Байтұрсыновтың аталған мақалалары мен басқа да еңбектерiнде
құқықтық мемлекет принциптерiне сай келетiн идеялар көптеп кездеседi. Ол
құқықтық мемлекетте өкiмет билiгiн, ең алдымен заң шығарушы жоғарғы орган -
парламенттi қалыптастыруда заң шығаратын адамдарды сайлауда қателеспеу
қажеттiгiне баса назар аударады. Сайлауға қатысуда жеке бастың немесе
ағайынның, рудың намысы үшiн ғана дауыс беру азаматтыққа жатпайды. Билiк
басына немесе заң шығару қызметiне келетiн адам үшiн немқұрайлы дауыс беру,
жершiлдiк пен ағайынгершiлiкке салыну, Ахмет Байтұрсыновтың айтуынша ол
сайлау емес, құр талас немесе сауда.
Халықтың сайлауға қатысуы және дауыс беруi туралы мәселеде ол былай
деп жазады: Пайдалы адамды сайлаумен залалды адамды сайлау арасында ешбiр
парық болмаса, жұрт неге азаяды?... Яғни өз жақынын сайлап, бар мақсаты
табылғандай көрiнедi. Сайлау көп үшiн берген нәрсе, көп пайдасын көздеп
сайланса... сайлау дұрыс өз мағынасында болғаны. Халықтың пайдасы, залалы
қаралмай, мынау туғаным-тұқымдасым ... — деп сайланса, ол сайлау емес.
Демократияның ең маңызды көрiнiсi сайлау болып табылатындығын ескерген
қазақ ойшылы Тағы да народный суд хақында мақаласында Сайлау деген —
өзiңе берген ықтияр деген қорытынды жасайды.
А. Байтұрсынов көтерген саяси маңызды мәселелердiң бiрi — шығарылған
заңдардың жергiлiктi халықтың әдет-ғұрпы ерекшелiктерiне, тұрмысына,
шаруашылық өмiрiне сәйкес келуi. XVIII—XIX ғасырларда ағылшын және француз
ойшылдары көтерген бұл мәселеге Ш. Уәлиханов та ерекше мән берген болатын.
Олардың ойын одан әрi дамытқан А.Байтұрсынов Әр халықтың бұрыннан жүрiп
келе жатқан жолы бар, ол жолды түзеткенде жарамды жерiне тимей, жарамсыз
жерiн ғана өзгерту керек. Олай етпесе, соныдан ойып алған жолмен жұрттың
көбi жүрмей, бұрынғы дағдылы жолмен кете бередi. Әсiресе көзi ашылып,
көңiлiне сәуле түспеген қараңғы халық болса, ондай жаңадан салған жат
жолмен жүру оған тым қиын, сондықтан законның түп үлгiсi бiр болғанмен,
әркiмнiң бойына қарай киiм пiшкен сияқты әр халықтың қалпына, салтына,
мiнезiне қарай закон шығарылады. Солай болған соң да, закон шығарушылар
халықтың қағидалы қалпын, салтын, мiнезiн жақсы бiлуi тиiс. Оны бiлмей
шығарған закон халықтың түзелуiне емес, бұзылуына себеп болмақшы,— деп
жазды.
Рим заңгерлерiнiң заң пайдаланудан қалғанда ғана өзгертуге жатады,
заң жиi өзгермеуi тиiс, заң жақсы болса ғана оны шығарушылар халық
құрметiне ие болады, заң халық үшiн қызмет етедi деген қағидаларына
сүйенген А. Байтұрсынов ғасырлар бойы қалыптасқан құқықтық нормаларды
жоғарыдан бұзып, халыққа таныс емес заңдарды күштеп танудың қаншалықты
зардапқа соқтыратынын ескертедi.
ХХ ғасырдың басында империялық саясат билер сотының аясын тарылтуға
барынша ынталылық танытып, ресейлiк сот жүргiзу iсiнiң тиiмдiлiгi туралы
насихат күшейтiлдi. Осы кезде қазақ халқының ұлттық мүддесiне сай келетiн
билер сотының өз дәрежесiнде iс жүргiзетiн бiрден-бiр сот инстанциясы
екендiгiн дәлелдеп, оны барынша қорғағандардың бiрi А. Байтұрсынов едi. Ол
өзi басшылық ететiн Қазақ газетiнде жарияланған Осы күнгi соттың
тәртiбiндегi кемшiлiктер деген мақаласында патшалық басқару жүйесiндегi
үкiметтiк сенаттағы және халық сотынан жоғары тұрған инстанциядағы сот
басшылары билер iс қарауда нашар қызмет көрсетедi, оларды жою керек деген
пiкiрлерiнiң iшкi себеп-салдарын ғылыми тұрғыдан талдап көрсетедi. Судьяның
iстi жеке құраммен емес, алқалы құраммен жүргiзуi сот билiгiндегi
демократия көрiнiстерiнiң бiрi екендiгiне назар аударған Ахмет Байтұрсынов
жеке бидiң жанында съез билерi инабаттырақ екенiн айттық. Бұл би бiреу
емес, бiрнешеу болып кiрiссе, туралық көбiрек болатындығын көрсетедi деп
жазды.
Заңның әдiлдiгi мен күштiлiгi оны шығарушыларға тiкелей байланысты
екенiн жақсы түсiнген көсем сөз шеберi заңды дай-ындаушылар мен оны
шығарушылардың қандай мақсат көздей-тiнiн батыл әшкерелейдi. Закон жобасы
туралы мақаласында ол былай деп жазады: Егерде закон жалғыз ғана жұрт
игiлiгi үшiн шығатын болса, хүкiмет қазаққа айтар едi: өзiңе пайдалы
боларлық закон жобасын өзiң жасап, закон шығаратын орынға, яғни Г. Думаға
депутатың арқылы кiргiз деп. Оны iстемей, жобаны хүкiметтiң өзi жазып отыр.
Олай ететiн себебi: халыққа керек игiлiктен басқа, хүкiметтiң көздейтiн өз
мақсаты да бар. Хүкiмет өзi жасаған жобасын өз мақсатына сондай жолдармен
жетерлiк етiп жасайды. Хүкiмет қолайлаған жоба халыққа да қолайлы болар ма?
Болмас па? Оны халық айтуы тиiс.
Ахмет Байтұрсынов қоғамдағы ең маңызды мәселе ретiнде адамдар
арасындағы теңдiк идеясы мен оның нақтылы iске асуына айрықша назар
аударады. Ұлтына, шыққан тегiне, әлеуметтiк жағдайына, қызметiне, жынысына
қарамастан барлық адамдардың заң алдындағы теңдiгiн айтқан ол қандай бiр
жағдайда болмасын белгiлi бiр топтардың құқықтарының шектелуiне қарсылық
бiлдiредi. Яғни, оның пiкiрiнше адамның табиғи құқы-ғын ешкiм де шектей
алмайды. Табиғи құқық — бұл алланың берген құқығы, ол саясат ойыншығына
айналмауы тиiс.
Халықтың жайлы тұрмысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің жетекші идеялары
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орынбор губернаторларының қазақ даласына қатысты саясатын толық және жүйелі көзқарас тұрғысынан зерттеу
Адам мен саясат жөніндегі қазақ ойшылдарының топшылаулары
Жерге орналастыру мен отырықшыландыру жұмыстары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақ халқының тарихында Сырым батыр қозғалысының негізгі өшпейтін маңызы міне осында
Қарқаралы петициясы және қазақ қауымы
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу
Пәндер