Партиялар мен қозғалыстар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті.

Қоғамдық пәндер кафедрасы

Реферат

Қазақстандағы көп партиялярдың қалыптасуы.

Орындаған:
Меңдіғалин Ж
Тобы:ГН-03-3к
Қабылдаған:
Селкебаева А. Т.

Алматы 2004

Жоспар

Кіріспе. 3
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР 3
Партиялардың құрылуы мен дамуы 5
Партиялар мен қозғалыстар 8
Қазақстан социалистік партиясы (ҚСП) 8
“Қазақстан халық конгресі” партиясы (ҚХКП) 9
“Қазақстан халық бірлігі партиясы” (ҚХБП) 9
“Қазақстан Республикалық партиясы” (ҚРП) 10
“Алаш” партиясы. 12
“Қазақстан социал – демократиялық партиясы” (ҚСДП) 12
“Қазақстан коммунистік партиясы” (ҚКП) 12
“Қазақстан демократиялық прогресс” партиясы (ҚДПП) 14
Қорытынды 19
Пайдаланған әдебиеттер: 20

Кіріспе.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР

Қазақстандағы орын алған қайта құру, жаңару және демократияландыру
процестері республиканың саяси өміріне елеулі әсерін тигізген
көппартиялылықтың қалыптасуымен сабақтас жүріп отырды. Көппартиялылықтың
тууын, қалыптасуын, дамуын мезгіл жағынан бірнеше шартты кезеңге бөлуге
болады. Осы кезеңдерді талдауға өтудің алдына, аса маңызды бір мәселенің
басын ашып алған жөн. Ол 20-30 жылдардағы Алаш, Үш жүз, Ерік
партияларынан кейін Азаттық Бостандық Еркіндік, Тәуелсіздікке талпыну қазақ
қоғамында тоқтап қалды ма деген сұраққа жауап іздеу.
Әкімшілдік - әміршілдік жүйенің коммунистік идеологиядан ауытқудың
өзін соншалықты аяусыз басып – жаншып отыруына қарамай қазақ зиялылары
арасында кеңестік режимге наразылық түрлі ұйымдар, үйірмелер, тіпті партия
құруға талпыныс әр жылдарда қылаң беріп отырды.
Айталық Ұлы Отан соғысының бастапқы жылдарында Қарағанды зиялылары
арасында ұйымдастырылған “Жас қалам” әдебиетшілер үйірмесі тек тіл,
әдебиет, мәдениет, өнер проблемаларын ғана емес олардың құлдырауының саяси
себептеріне де көңіл бөлген сияқты. Уақыт өте дәл осы ортада ЕСЕП - (елін
сүйген ерлер партиясын) құруға талпыну, осы саяси сұрақтарға жауап іздеудің
нәтижесі болса керек. Ал 60 жылдардың аяғында ҚСРО – ның астанасы Мәскеуде
студент, аспирант, журналист, болашақ жазушылар тарапынан құрылған “Жас
тұлпар” әдеби, тарихи, ағартышулық үйірмесін қалай атамасқа.
Әкімшілік – астамшылдық жүйе, өкінішке орай, қазақ елдің, жерінің,
халқының тағдыр – талай жайлы ойланып – толғанғандардың бәрін, олар іс -
әрекетке кіріспей тұрып – ақ өз темір құрсауына алады. 1944 жылдың тамыз –
қазан айларында өмірге әлі келмеген ЕСЕП партиясының белсенділері ретінде
“Советтік Қарағанды” газеттің қызыметкері Бейсембай Жақсылықов, облыстық
драма театрында істейтін Зейнолла Әбділдин, жамбыл Рүстемов, Социалистік
Қазақстан газетнің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Жанпар
Өмірбеков Қарағанды облыстық ішкі істер (ПКВД) мемлекеттік қауіпсіздік
(КГБ) басқармаларының тарапынан тұтқындалады.
Ерекше маслихаттың (особое совещание, қысқаша ОСО) шешімімен
Б.Жақсылықов пен З.Әбділдин РСФСР қылмыстар кодексінің 58 бабының, 10 және
11 тармақтары бойынша жаза алып кесте барады. Қолыманың Верхоянск деген ең
суық нүктесінен 120 шақырымда орналасқан Худжан кен барлау басқармасында 50-
70 градустың суыққа төтеп беріп 10 жылдай өмірлерін өткізеді.
“Елін сүйген ерлер партиясының” ісі мұнымен бітпейді. 1951 жылы жаз
айында активистік – ұлтшылдық топ құрып, феодалдық – байлық ұлтшылдық
мүдделері жүзге асыруға талпынғаны “ЕСЕП” партиясын құрғаны үшін, Қазақстан
мен Орта Азияның КСРО – дан бөліп тастап онда буржуазиялық мемлекет
құрғысы келгені үшін Бүркіт Ысқақов, Айтбай Нәрешов, Рамазан Нәрешев, Жекен
Қалиев, Адырбек Аманқұлов, т.б. ұсталады. Жоғарыда келтірілген статьямен,
аталған баптарға сәйкес Бүркіт Ысқақов пен Айтбай Нәрешев 25 жылға,
қалғандары 8 – 10 жылға кесілді. Кейіннен аяулы ағаларымыздың болашағы мен
үмітін қиып, ұзақ жылдықазапқа салған жаза” олардыңәрекетінде қылмыс құрамы
болмағандықтан қозғалған істер қысқарады” деген екі – ақ ауыз созбен
ақталды. Ел азаматтарының ұрпақ алдындағы еңбектерін толығымен зерттеп
тарихқа ендіру болашақ үлесіне қалып отыр.
Ал енді орайы келгенде Одақты дүр сілкіндірген, мыңдаған, жүз мыңдаған
аяулы азаматтардың өмірін қиған РСФСР қылмыстық кодексін атышулы 58
статьясы жайлы бірер сөз. Халықты қан қақсатқан бұл статья 14 баптан тұрады
және Сталиннің тікелей талап етуімен қабылдаған. Осы статьтяның 2 бабында
Орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алу немесе
Республикадан оның бір бөлігін күшпен бөліп алу мақсатымен жүзеге
асырылған, қарулы көтеріліс үшін қылмыскерге ату жазасына дейін беріледі
деп жазған.
Кеңінен қарағанда бұл бапқа қандай болса республиканың Одақтан шығуға
берілген құқын пайдалануға бағытталған әрекеті жатады. Өйткені дәл кімге
қатысты күшпен бөлу екені анықталмаған. Бұл тұрғыда тіпті республиканың
бүкіл халқы бөлінуді жақтап, ал Мәскеудегілер оны қаламаса, бөлінуге әрекет
“күштеу” деп табылады. Міне, сондықтан да республикалардың егемендігін
жақтаған қазақ Тұрар Рысқұлов, өзбек Акмал Икрамов, татар Мирсаид – Хайдар
Сұлтан Ғалиев, т.б. көптеген латыш, эстон, украин қайраткерлері 58
статьяның 14 бабының біріне сәйкес өзіне тиісті он, жиырма бес жылын алды
немесе атылып кетті.
Бүгінгі Қазақстандағы партиялар мен қозғалыстардың тым баяу, сылбыр
дамуының себебі халық санасына сіңіп алған “Алаш” т.б. партиялар лидерінің
тағдыры мен әйгілі 58 статьяның қорқынышы мен терең психологиялық әсері
екенін де ескерген жөн.

Партиялардың құрылуы мен дамуы

Жиырмасыншы жылдардан кейінгі Қазақстанда орын алған көппартиялыққа
талпынуға жасаған қысқаша шолудан кейін көппартиялық қалыптасу кезеңдерін
талқылауға көшелік.
Бірінші кезең 1990 жылдың көктемінен 1991 жылдың тамазына дейін
созылды. Демократияның алғашқы қарлығаштары Қазақстан социал –
демократиялық партиясы мне “Азат” азаматтық демократиялық қозғалысы осы
тұста дүниеге келді.
Бұл кезеңнің ерекшклігі, өміоге келген қоғамдық – саяси құрылымдар
коммунистік партияға оппозиция ретінде қалыптасты немесе олар компартияның
өзі тарапынан ұйымдастырылған шаралардың жемісі болып табылады. Оған
компартияның дәуірі өтіп, биліктен айырылып, іштей ыдырауы нәтижесінде өз
ішінде көптеген бөтен көзқарастарымен топтардың пайда болуы да әсерін
тигізбей қоймады. Жаңа құрылымдардың ерекшклігі олардың ұрандарында
компартияның москвалық көсемдерінің тиым салған жаңа пікірлері мен
тұжырымдарының орын алғандығында. Мысалы, республиканың тәуелсіздігі туралы
ұранды жергілікті ұлт өкілдерінің басым көпшілігі қолдаса, ал либералдық
демократиялық бағыттағы ұрандарды, негізінен зиялылар қауымдары қабыл алды.
1989 жылдың көктемінде ұлттық – демократиялық “Желтоқсан” партиясы құрылды.
Ал 1990 жылдың көкек айында ұлттық еркіндік партиясы “Алаш” дүниеге келді.
Екінші кезең, Қазақстан компартиясының тарих сахнасынан кеткен 1991
тамыз-қыркүйек айы мен Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Ата Заңы
(Конституциясы) қабылданған 1993 жылдың қаңтары арасын қамтиды. Бұл
кезеңнің ерекшелігі тоталитаризмге қарсы қатаң да аяусыз күрес, мемлекетті,
азаматтық қоғамды жалмап, күйреткен күш ретінде Компартияға оның басшылық
роліне қарсылық, Компартия қоғамының ыдырауы мен мемлекеттің әлсіреуінің,
тіпті Совет Одағының күйреуінің негізгі айыпкері ретінде көрсетіледі.
Сонымен қатар, өткенді жаппай қаралау, тарих тағылымынан бас тарту, өткенді
жоққа шығару сияқты жағымсыз әрекеттер өршіді. 1991 жылдың жазынан бастап
республикада “Қазақ ССР–індегі қоғамдық бірлестіктері” туралы заңдар күшіне
енді. Осыған байланысты алғашқы партиялар ресми тіркеуден өтті. Олар қазан
айының аяғында тіркеуден өткен Қазақстан Халық Конгресі және Қазақстан
Социалистік партиялары еді.
1991 жылдың күзінде демократиялық бағыттағы жаңа партиялар өмірге
келді. Солардың қатарына Қазақстан Республикалық партиясын және ерекше
саясиландырылған кәсіподақ бірлістіктері – “Тәуелсіз кәсіподақ орталығын”
атауға болады. Ал бұрынғы компартияның жақтастары желтоқсан айының басында
іс жүзінде жаңа Коммунистік партия құрады. Оның идеялық негізі бір тұтас
СОКП мен ССРО – ны сақтап қалу. Бірақ саяси жағдай күрт өзгеріп Совет одағы
ыдырады. Жаңа құрылған Компартияның бағдарламасының кейбір тұжырымдары
ағымдағы заңға сәйкес келмеуіне байланысты Компартия 1994 жылға дейін
Әділет министрлігінде тіркеуден өте алмады.
1992 жылдың орта шенінде партиялар мен қозғалыстардың іс - әрекетінде
күшке салу, қыр көрсету, тізеге басу сияқты әдістер басым болып отырды.
Мысалы, аталған жылдың көкек – мамыр айларында Алматыдағы Ленин атындағы
алаңда жаппай аштық жариялау, ереуіл әрекеттері ұйымдастырылды. Осы
толқулардың нәтижесінде Дзержинскийдің ескерткіші талқандалды. Дегенмен
Ресей, Орта Азия мен Кавказ, Балтық республикаларымен саластырғанда
“өткеннің елесінен арылу кезеңі” бізде аса үлкен шиеленіссіз өтті. 1992
жылдың екінші жартысынан бастап партиялар іс-әрекетінде стихиялық әдістен –
ұйымдасқан, жоспарланған, ұстамды әдістерге көшті. Бір ескерте кететін
жағдай кейбір радикалды ұйымдар мен партиялардың күш көрсету әдістерінен
арылуы олардың халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне көңіл аударуына
ойыстырады. Ендігі жерде республиканың тәуелсіздігі жайлы идеяға ешкім де
ашық түрде қарсылық білдірмеді. Қоғамдық пікірдегі айтыс, саяси талас-
тартыс болашақ конституция, мемлекеттік тіл, азаматтық мәселелерінің
төңірегінде өрбіді. Көптеген партиялар интеллектуальдық – жасампаздық
жұмысына деп қойып теориялық шыңдалуға талпынды. Дегенмен саяси қоғамдық
ұйымдармен ұйымдармен салыстырғанда атқарушы органдардың әр түрлі
бағдарламалар мен жаңа идеялар тудырудағы ролі әлі де болса жоғары болып
қала береді.
Үшінші кезең 1993 жылдың қаңтары мен 1995 жылдың тамызын қамтиды.
Тарихи тұрғыдан бұл Қазақстанның Бірінші және Жаңа Конституциясын қабылдау
арасындағы мезгіл өлшемі. Бұл кезең көппартиялықтың тереңдеп, тәуелсіз,
көпшілік ақпарат құралдарының көбейіп, азаматтық қоғамының алғашқы
белгілерінің пайда болып, биліктің үш тармағының өзара әрекет етуге
көшуімен сипатталады. Аталған құбылыстардың бәрі дерлік біз үшін жаңалық
болғандықтан аталмыш кезең қиындық пен қайшылыққа толы болды. Әлі де болса
атқарушы билік, заң шығарушы және сот билігі ширақ қимылдап қоғамдық және
саяси ұйымдарды өзіне тәуелді етіп отырады.
Партиялар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан бұл кезеңде күш
біріктіру мен әртүрлі топтарға, блоктарға ұйымдасуға әрекеттенуі байқалды.
1993 жылдың ақпанында “Қазақстан халық бірлігі” одағының құрылтай
конференциясы өтеді. Осы мезгілден бастап Қазақстандағы саяси партиялар мен
қоғамдық қозғалыстардың пікір алысуы мақсатында ұйымдастырылған “Дөңгелек
стол” жұмысын бастады. Аталған жылдың ортасында Үкімет, кәсіподақ
федерациясы, өнеркәсіпшілер мен іскерлер одағы арасындағы үш жақтық
келісімге қол қойылды. Бұл құжатта саяси, экономикалық және халықты
әлеуметтік қорғау мәселелері жазылған болатын. Және де бұл шараға басқа да
партиялар мен ұйымдардың, қозғалыстардың қай кезде болса да қосылуына жол
ашық деп мәлімдеді.
Қазақстанда құрылған партиялардың саны артуымен қатар көптеген
тарихи–ағарту, ұлттық–мәдени, әйелдер, жастар, зейнеткерлер, ардагерлер
көзқарастарын білдіретін көптеген қоғамдық ұйымдар құрылады. Сонымен қатар
табиғат қорғау, соғысқа қарсы, бейбітшілік үшін көптеген мәселелерді
көтеруші ұйымдар да дүниеге келді.
Аталған ұйымдар өздерін саясаттан тыс қоғамдық бірлестіктер деп
жариялағанымен көбінесе саяси қызметпен шұғылданды. Дегенмен олардың
әрқайсысы өзінің дүниеге келуі мен құрылуын өмірде орын алып отырған саяси
қайшылықтың бір көрінісі деп түсіндіруге тырысты. Ал мәселені бұлай қою
саяси наразылықтың ауқымын кеңейтуге әсерін тигізбей қоймады.
Қозғалысқа қатысушылардың кең көлемді мәселелерді шешуге талпынғанын
атап өттік. Соған қарамай халықты көтерген шақта оларды әрекеттері алдын
ала жоспарланған, талқыланған, азаматтардың ой–санасына жеткізілген
тұжырымдармен анықталмай, керісінше, сол көшеге шыққан көпшіліктің көңіл –
күйі, бір сәттік мақат – мүдделерінің жетегінде кетіп отырды. Мұндай
жағдайда әрине асыра сілтеу, орынсыз өкпеге ерік беру, кейбір ашынғандардың
қолшоқпарына айналу сияқты келеңсіз көріністерге бой ұру байқалып отырды.
Соның көрінісі ретінде ресми рұқсатсыз, келісімсіз ереуіл ұйымдастыру,
жиналыстар мен шерулер өткізу, аштық жариялау, әкімшілік ғимараттарын
қоршауға алу, үндеулер мен ұрандар үлестіру (жазба түрде) т.б. атауға
болады.
Төртінші кезең 1995 жылдың тамызына яғни Қазақстан халқы референдум
арқылы жаңа Ата Заңымызды қабылдаған уақыттан басталды. Күшті дамыған
Президенттік биліктің қажеттігінен туған аталған құжат өмірге жаңа әсерін
тигізеді деп күтілуде. Өмірге келген екі палаталы Парламент биліктер
арақатынасының дамуына игі ықпал етуі мүмкін. Жалпы бұл кезең жайлы тұжырым
жасауға ерте. Ол болашақ тарихшылар мен саясатшылардың міндеті.
Қазақстанда көппартиялықтың дамуының негізгі кезеңдерімен танысқан
соң, бірнеше партия мен қозғалыстың тарихына тоқталу қажет. Ескертетін жәй,
біз алдымызға әрбір партия немесе қозғалыс жайлы терең талдау мақсатын
қойып отырғанымыз. Біз оқырмандарға анықтамалық сипаттағы материалдарды
ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Партиялар мен қозғалыстар

Қазақстан социалистік партиясы (ҚСП)

Республиканың саяси өмірінде бұл партия 7 қыркүйек 1991 жылы пайда
болды. Қазақстан Компартиясының кезектен тыс съезі өзін Қазақстанның
социалистік партиясы деп атау жөнінде шешім қабылдады. Қатардағы
комунистердің көпшілігі бұл шешімге наразылық білдіргенімен жоғарғы орган
оны таңдап жатпады.
Қазір ол 1586 жергілікті партия ұйымдары, 47 мыңнан артық ҚСП
мүшелерін біріктіреді. Партиядағылардың 42 пайыздан астамы 40 жастан
асқандар, 24 пайызы 40 – 50 арасындағылар. Олардың арасында көптеген
мемлекеттік жүйенің басқарушылары, халық депутаттары бар.
ҚСП атқарушы органы болып – Политисполком (саяси атқару комитеті)
анықталған. Ұйымдық жағынан партия теориялық, облыстық, қалалық, аудандық
атқару комитеті және бастауыш ұйым болып бөлінеді. Соңғы мәліметтер бойынша
ҚСП Оңтүстік Қазақстан облысында 16.5 мың, Қызылорда облысында – 5 мыңнан
аса, Солтүстік Қазақстанда – 4 мыңнан аса, Жамбыл облысында – 4 мыңнан аса
мүшелері бар. 40 – қа тарта ұлт пен ұлыс өкілдері ҚСП мүшесі.
Компартия мен соцпартия арасындағы меншік дауы әлі күнге шешілмей
келеді. Соцпартия Қазақстанның кризистен шығу жолын “Татулық” бағдарламасы
арқылы шешуді ұсынған бірден бір партия екенін ескерткен жөн. Социалистік
партияның құрылтай съезіне Президент Н. Назарбаев қатысты. Партия төрағасы
болып Ә. Әлімжанов сайланды. Қазір партияны мемлекеттік монологияға қарсы
күрес комитетінің бұрынғы төрағасы П. Своик басқарды.

“Қазақстан халық конгресі” партиясы (ҚХКП)

Партия 5 қазан 1991 жылы құрылған. Бұл партияның да құрылтай съезіне
Президент қатысты. Партияның тең төрағалары болып “Невада – Семей”
қозғалысының жетекшісі, белгілі ақын, саясаткер О. Сүлейменов пен “Аралды
қорғау” қоғамдық қозғалысынвң жетекшісі, ақын, саясаткер М. Шаханов
сайланды. Кейіннен М. Шаханов төрағалықтан кетіп “Арал - Азия – Қазақстан”
қозғалысына ауысады.
ҚХК партиясының Солтүстік облысынан басқа 18 облыста өз ұйымдары бар.
Партияда тіркелген мүшелер болмағанымен, соңғы деректер бойынша мүше саны
30 мыңнан асады. ҚХК жас азаматтар партиясы. Оның мүшелерінің 50 пайыздан
астамы 40 – 45 жастағылар. Партия өзінің бас органы “Халық конгресі”,
“Народный конгресс” газеттерін 20000 тиражбен шығарып тұрады. Партия саяси,
экономикалық, әлеуметтік өмір салаларына белсенді араласып көптеген жаңа
пікірлер мен ұсыныстар енгузуп отырады.

“Қазақстан халық бірлігі партиясы” (ҚХБП)

Қазақстан халық бірлігі одағы (1995 ақпан айынан бастап) аталмыш
партияға айналады. Халық бірлігі одағының құрылтай съезі 1993 жылы 6
ақпанда өтті. Онда саяси Кеңес сайланып оның құрамына 71 адам кірді.
“Қазақстан халық бірлігі” одағының лидері болып Президент Н. Назарбаев
сайланды. Одақтың төрағасы болып халық депутаты С. Абдрахманов бекітілді.
Басқару органдарына мемлекеттік билікте отырған бірнеше жас саясатшылар
кірді. 1993 жылы 2 қазанда Халық бірлігі одағының бірінші съезі болды.
Бұған дейін республиканың 14 облысында, 20 қаласында, 19 қалалық және 102
селолық аудандарында құрылтай конференциялары өткен болатын. Съезде Одақтың
лидері Президент Н. Назарбаев сөйледі. Одақтың төрағасы болып, премьер –
министрдің орынбасары Қ. Сұлтанов сайланды. Сонымен қатар съезд жаңа Жарғы
және Бағдарламасын қабылдады. Одақты қозғалыс деп біліп, соған қарамай
мүшелікке алуда жекелік принципті сақтау ұйғарылды. Халық бірлігі одағының
мақсат-мүддесі, іс-әрекетімен көпшілікті таныстыру жүйесі ретінде “Жас
алаш” және “Экспресс К” газеттері белгіленді. Кейіннен одақ орыс және қазақ
тілдерінде “Время”, “Дәуір” атты газет шығарып тұрды. 1995 жылдың маусым
айынан бастап Қ. Сұлтановтың Қытай Халық Республикасына елші болып кетуіне
байланысты одақтың төрағасы болып Қазақстан Республикасының Президентінің
көмекшісі А. Бижанов сайландв.

“Қазақстан Республикалық партиясы” (ҚРП)

Партия өз тарихын 1990 жылдың 1 шілдесінен бастайды. Бұл күні “Азат”
азаматтық қозғалысының құрылтай конференциясында Қазақстанның “Азат”
азаматтық қозғалысының негізгі мақсаты мен принциптері” деген декларация
қабылданды.
“Азат” тез қарқынмен даму нәтижесінде көп ұзамай–ақ республика көлемін
қамтыған қозғалысқа айналады. Оның ұрандары мен талаптары көпшілік, әсіресе
қазақ қауымның көнілінен шығып отырды. Әуел баста қозғалыстың басында бес
тең төраға болды. Дегенмен олардың ішінде белгілі дипломат, бұрынғы
Қазақстанның сыртқы істер министрі М. Исеналиев, партия қайраткері М.
Шорманов және ғылым С. Ақтаевтің беделдері зор болды. Тәжірибелі саясатшы
М. Исеналиев өзінің жақтастары М. Шорманов пен С. Ақтаевты келісмге келтіре
алмай әбден шаршаған соң қозғалысты тастап үйреншікті жұмысы дипломатияға
ауысты.
“Азат” қозғалысындағы билік үшін талас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партияларды жіктеп
Алаш орда партиясының бағдарламасы
Идеологиялық партиялар
Саяси партиялардың жіктелуі (классификациясы)
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САЯСИ ЕРКІНДІГІНЕ ЫҚПАЛЫ
Саяси партиялар және партиялық жүйелер
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
Саяси партиялардың атқаратын қызметтері
Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері
Пәндер