МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ, МӘНІ БЕЛГІЛЕРІ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАҚЫРЫБЫ:
БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ, ПАРЛАМЕНТ, МЕМЛЕКЕТ
ТЕКСЕРГЕН: ИМАНМОЛДАЕВА Б.
ОРЫНДАҒАН: ЕРАЛИЕВА А.
АЛМАТЫ-2007
ЖОСПАРЫ:
1. МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ, МӘНІ БЕЛГІЛЕРІ
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ НЫСАНДАРЫ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
3. БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ
4. ПАРЛАМЕНТ
5. ҚОРЫТЫНДЫ
6. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ғылымға «мемлекет» терминін алғаш рет италияндық ойшыл Николло Макиавелли (1469-1527) енгізген. Оған дейін мемлекет деген ұғымның орнына «республика», «корольдық», «қалалық қауым», «княздық», «жер», «патшалық», «ел», «басқару», «өктемдік», «үстемдік», «ат төбеліндей билік» деген сияқты әр түрлі атаулар қолданылып келген.
Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса оның ұғымының, белгілерінің, нысандарының, механизмінің, атқаратын қызметтерінің мазмұны да соңдай болады. Демек, осы тұрғыдан карағанда мемлекетті оқып білуді оның мәнін ашып көрсетуден бастау дұрыс әдіс. Мемлекеттің мәні дегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптық (маркстік-лениндік) және жалпыәлеуметтік.
Маркстік-лениндік ағым мемлекеттің мәні жиынтығы қоғамның экономикалық негізін құрайтын өндірістік қатынастардың сипатымен анықталады дейді. Өндірістік қатынастардың сипаты осы катынастарға тікелей араласатын таптардың алатын орны мен аткаратын рөлдерінен байқалады. Сөйтіп, марксизм-ленинизм мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәнін аша отырып, таптық қоғамда оның үстем етуші таптың мүддесін қорғайтынын көрсетеді. Сонымен марксизм мемлекет қоғам бір-біріне қарама-қайшы таптарға бөлінген кезеңде пайда болады деп түсіндіреді. Адамзат қоғамындағы алғашқы таптық мемлекет ол құл иеленушілердің үстемдігіне негізделген құл иеленуші мемлекет болды. Бұл мемлекеттің мәні қоғамның алғаш рет таптарға - құл иеленушілер мен құлдарға бөлінгенін көрсетті. Осы тұрғыдан қарағаңда мемлекет дегеніміз бір таптың екінші тапқа өзінің үстемдігін жүргізудің құралы.
Мемлекеттің әлеуметтік мәнін жақтаушылар мемлекет адамзат қоғамына ортақ, әмбебап, жалпы ұйым болғандықтан ол халықтың барлық топтарының мүддесін, ешкімге артықшылық, кемшілік жасамай бірдей қорғау керек деген пікір айтады.
Солардың барлығын ескере келе, бүгінгі таңда мемлекет дегеніміз - егемендікке ие, құқықтың негізінде, арнайы аппараттың көмегімен елді басқаруды іске асыратын, зандаңдырылған мәжбүрлеу мен күштеу қолдану құқығы бар, қоғамдағы саяси биліктің ұйымдастырылуының ерекше түр пішіні деп айтуға болады.
Мемлекеттің мәні оның ерекшеліктері мен сипатты белгілерінің жиынтығынан тұратын мазмұнынан көрінеді. Мемлекеттің қоғамдағы саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен институттардан ерекшеленетін өзіндік бірнеше белгілері бар. Ондай белгілерге мемлекетгің аумағының болуы, мемлекетгің халқының болуы, мемлекеттік (бұқаралық) билік, мемлекеттің егемендігі (тәуелсіздік), кұкық пен заңдардың барлығы, салық пен салықтық жүйенің болуы жатады.
а) Кез келген мемлекеттің өзінің белгілі бір аумағы болады. Аталған аумақта сол мемлекеттің тұрғындары, халқы шоғырландырылады және осы аумақтың көлемінде мемлекеттің билігі таралып іске асырылады. Тек елшілік аясында немесе басқа да халықаралық келісім арқылы көрсетілген шеңберде болмаса, бір мемлекетгің аумағында екінші мемлекеттің билігі жүрмейді.
ә) Мемлекеттің екінші бір белгісі ол мемлекеттік биліктің болуы. Биліктің бұқаралық болатын себебі ол, сол мемлекеттің халқы атынан оның аумағында тұратын елдің, адамдардың барлығына бірдей таратылады. Бұқаралық билікке мемлекеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету аппараттары жатады. Тек мемлекет қана сот, прокуратура, ішкі істер бөлімдері, әскер, абақты сияқты органдар мен мекемелердің көмегімен мемлекеттік билікті іске асырады.
б) Халықаралық құқық теориясына сәйкес мемлекеттің ең негізгі белгілерінің бірі сол мемлекеттің аумағыңда тұратын халқының болуы. Мемлекеттік билік өзінің аумағында тұратын адамдардың арасыңдағы қоғамдық қатынастарды құқық, заң арқылы реттеу үшін, сол халыққа арналған құқықтық нормативтік актілерді қабылдайды. Қабылданған құқықтық нормативтік актілер халықтың барлық топтарына ортақ және міндетті түрде орыңдалуға, сақталуға және іске асырылуға тиіс.
в) Мемлекеттің келесі бір белгісі ол мемлекеттің егемендігі. Егемендік мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздігі. Мемлекеттің егемендігін үш жақта қарастыруға болады: біріншіден, мемлекеттің бүкіл аумағына, халқына тарайтын бірден-бір мемлекетгік билік болып табылатын биліктің үстемдігі; екіншіден, мемлекет органдарының бірыңғай жүйесін құрайтын мемлекетгік биліктің тұтастығы; үшіншіден, мемлекеттік биліктің өз істерін өз еркімен шешуге құқығы бар биліктің тәуелсіздігі.
г) Мемлекеттің тағы бір белгісі ол мемлекетте құқықтың, заңдардың болуы, құқық пен мемлекеттің ажырамас, тығыз байланысы. Кез келген мемлекет өзінің саясатын, билігін белгілі бір құқықтық нормативті актілерді қабылдау арқылы іске асырады. Құқық пен занды сол мемлекеттің өзі кабылдап бекітеді және олар сол мемлекеттің бүкіл іс-әрекетін зандастыруға көмектеседі, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты, кауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
д) Мемлекеттің негізгі белгілерінің тағы бірі сол мемлекетте салық пен салық жүйесінің болуы. Салықтар, алымдар, төлемақылар - мемлекеттік аппаратты, кызметкерлерді ұстауға, қоғамның басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын мемлекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын, халық табысының бір бөлігі. Мемлекет халықтан салық алып оны мемлекеттік аппаратты ұстауға, коғам кажеттіліктерін өтеуге жұмсайды.
Қазіргі замандағы мемлекеттер бір-бірінен мемлекеттік биліктің қалай ұйымдастырылуына байланысты ерекшеленеді. Мемлекеттік биліктің қалыптасу, бөліну және іске асырылу тәсілдерінің жиынтығы мемлекеттің нысаны деп аталады. Кез келген мемлекет өзінің басқару, әкімшілік-құрылымдық және саяси тәртіптері белгілері бойынша үш нысанға бөлінеді.
Мемлекеттің негізгі міңдеттерін тиімді орындау қабілеттілігі көп жағдайда мемлекеттік биліктің ең жоғарғы оргаңдарының ұйымдастырылуына, құрылымына, қалыптасу тәсілдеріне байланысты болады. Мемлекеттің жоғарғы оргаңдарының жұмысын, қалыптасуын, өзара қызметтерін, міндеттерін, құзырларын ұйымдастыру, бөлу теориялық қана емес, практикалық маңызға ие болады. Себебі, мемлекеттік билік бір адамның не белгілі бір топтың қолына шоғырлануы, керісінше әр түрлі мемлекеттік органдардың арасында бөлініп атқарылуы мүмкін. Аталған жайлардың барлығы мемлекетті басқару нысанына байланысты болады. Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз - мемлекеттік биліктің жоғарғы оргаңдарының құрылымы, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттік сәйкестігі. Елдегі жоғарғы биліктің даралықпен немесе көпшілікпен іске асырылуына байланысты мемлекет басқарылу нысандарына қарай монархиялық және республикалық болып екі түрге бөлінеді. Монархия дегеніміз елдегі жоғарғы мемлекетгік билік мұрагерлік арқылы берілетін өмір бойғы, дара билеудің нысаны. Монархиялық мемлекет өз кезегінде абсолюттік, парламенттік, конституциялық, аралас монархия болып бірнеше түрге жіктеледі. Абсолюттік монархияда мемлекеттік билік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі сияқты үш тармағы бір адамның, монархтың қолына шоғырландырылады және соның тікелей араласуымен, қадағалауымен, бақылауымен, келісімімен, рұқсатымен іске асырылады. Сонымен абсолюттік монархияның төмендегідей белгілері бар: монархтың мемлекеттік билікке үстемдігі; мемлекеттік биліктің барлық тармағының монархтың қолына шоғырлануы; монархтың билігін шектейтін белгілі бір өкілетті органның болмауы; ішкі және сыртқы саясатты монарх өзі тағайындайтын министрлер арқылы іске асырады; мемлекетті басқаруға халықтың араласу құқығы шеңберінің шектеулілігі; қоғам тарапынан жоғарғы билік органдарын бақылау механизмінің жоқтығы.
Бүгінгі танда абсолюттік монархия негізінен біршама Шығыс елдерінде бар. Мысалы олардың қатарына Оман сұлтандығын, біршама өзгерген түрде Бахрейн, Катар, Кувейт, Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Эмираттары мемлекеттерінде сақталған.
Конституциялық және парламенттік монархияда монархтың билігі конституциямен не парламенттің іс-әрекетімен шектелген.
Республика монархиялық басқарумен қатар пайда болып дамыған. Республиканың алғашқы белгілері б. з. б. ІУ-ІІІ мың жылдықтарда Ежелгі Месопотамияның қала-мемлекеттерінде қалыптасқан. Республика мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары халықтың еркін дауыс беруі арқылы белгілі бір мерзімге сайлау арқылы қалыптасатын басқару нысаны. Республикалық басқару нысанының негізгі белгілері төмеңдегідей: мемлекет басшысы мен мемлекеттік биліктің ең жоғарғы оргаңдарын халықтың сайлайтындығы; мемлекеттегі органдар мен лауазымды қызметтердің өмір бойы емес, белгілі бір мерзімге сайлануы; мемлекеттің жоғарғы органдарын сайлайтындықган олар халықтың атынан сөйлеу, әрекет жасау құқығына ие болады және осы тұрғыдан қарағанда мемлекеттік биліктің кезі халық деп мойыңдалады; мемлекеттік биліктің заң шығару билігі, атқару билігі және сот билігі болып үш тармақка бөлініп іске асырылуы.
Республиканың президенттік, парламенттік және аралас басқару сияқты түрлері болады. Президенттік басқару тарихта бірінші рет 1787 жылғы Конституция бойынша АҚШ-та енгізілді. Президенттік республиканың негізгі белгілері: Мемлекеттің басшысы Президенттің бүкіл халықтың дауыс беру тәсілі арқылы сайлануы; Мемлекет басшысы Президент бір мезгілде атқарушы биліктің басшысы болып саналады; мемлекеттік биліктің заң шығару билігі, атқару билігі және сот билігі сияқты үш тармаққа міндетті түрде бөлінуі; аталған мемлекеттік биліктің тармақтары және мемлекеттік билікті атқарушы органдардың арасындағы қарым-қатынас тежемелік және тепе-тендік жүйесі мен кағидасына негізделіп реттеледі; Үкіметті Парламенттің келісімімен Президент қалыптастыратыңдықтан ол Президент алдында жауапты.
Парламенттік басқару барысында бүкілхалықтық жолмен сайланған Парламенттің рөлі мен маңызы басқа президент, үкімет сияқты институттарға қарағанда жоғары. Үкімет Парламент депутаттарының сайлауымен қалыптасады және Парламент сенімі арқылы елді басқаруды іске асыруға мүмкіншілік алады. Сондықтан Үкімет Парламент алдында жауапты.
Парламенттік басқарудың белгілері: мемлекеттік биліктің қатаң тармақтарға бөлінуі анық байқалмайды. Заң шығарушы және атқарушы биліктің ынтымақтасып әрекет жасау тәртібі сақталады. Сондықтан президенттік басқару сияқты емес, парламенттік республика көп жағдайда заң шығарушы және атқару биліктерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді; парламент сайлауыңда жеңіске жеткен және парламентте көпшілік орынға ие болған партия не бірнеше партиялардың одағы үкіметті қалыптастыратындықтан ол парламент алдында жауапты; Мемлекет басшысы Президентті Парламент сайлайтындықтан формальды түрде үкімет басшысын тағайындауға құқығы бар.
Елді, халықты баскару ыңғайлы болу үшін мемлекет аумағы ауыл, аудан, қала, облыс, аймақ, өлке, округ, штат, губерния т. б. сияқты әкімшілік құрылымдарға бөлінеді. Аталған құрылымдарда мемлекеттің басқару органдары құрылады. Олар мемлекет билігін іске асырып жергілікті тұрғындарды басқарады. Сонымен мемлекеттің орталық және жергілікті оргаңдары арасындағы биліктік өкілеттілікті бөлу, мемлекеттің тұтас және жеке бөлшектерімен арақатынасын анықтайтын биліктің аумақтық ұйымдасуы мемлекеттің құрылым нысаны деп аталады. Мемлекет әкімшілік-аумақтық құрылымына орай унитарлы, федеративті, конфедеративті болып келеді.
Бүгінгі таңда дүние жүзінде көп тараған, аумақтық-әкімшілік ұйымдастырылуы қарапайым болып табылатын ол унитарлы басқару нысаны не болмаса унитарлы мемлекеттер деп атауға болады. Унитарлы мемлекет өз ішінде ауыл, аудан, қала, облыс, аймақ т. б. секілді әр түрлі әкімшілік-аумақтарға бөлінгенімен олардың өзіндік саяси еркіндігі болмайды. Унитарлы мемлекеттің негізгі белгілеріне: құзыреттері жергілікті жердегі билікпен шектелмей бүкіл мемлекет аумағына тарайтын, жалпы елге ортақ заң шығару (өкілетті), атқару және сот органдарының болуы; жалпы мемлекеттік, халықтық деңгейде әрекет жасайтын құқық және ақша жүйелерінің тұтастығы; мемлекеттің жоғарғы, орталық билік органдарының алдында жергілікті жердегі ауыл, аудан, қала, облыс, аймақ т. б. сияқты әкімшілік бірлестіктер ешқандай артықшылығы жоқ тең заңдық мәртебеде болады; бүкіл унитарлы мемлекеттің аумағына ортақ, барлық әкімшілік бірлестіктерге міндетті біртұтас заңдардың болуы. Сонымен унитарлы мемлекет деп өз ішінде салыстырмалы саяси еркіндігі жоқ ұсақ әкімшілік-аумақтық бірлестіктерден тұратын тұтас мемлекетті айтамыз.
Жер шарының 1 млрд-тан астам адамы мекендейтін 24 елінде федеративті басқару сақталған. Олардың қатарына АҚШ, Канада, Германия, Австралия, Швейцария, Бельгия, Австрия, Бразилия, Аргентина, Мексика, Венесуэла, Индия, Пакистан, Нигерия, Малайзия, Біріккен Араб Эмираттары, Комор аралдары, Ресей, Югославия мемлекеттері т. б. жатады. Федеративті мемлекет - орталық пен жергілікті жердегі билік органдарының қарым-қатынастары ортақ конституциямен бекітілген билік нысаны мен құзыретінің бөлінуіне негізделген, салыстырмалы мемлекет тектес бірлестіктерден құралған тұтас одақтас мемлекет.
Жоғарыда айтылғаңдай, кез-келген мемлекетте негізгі қарым-қатынастар билік, қоғам және жеке адам арасында қалыптасады. Аталған үш жақты өзара қарым-қатынастардың сипаты мен тәсілдері сол елдегі, мемлекеттегі өмір сүріп отырған саяси режимнің (тәртіптің) тұрпаттарына тікелей байланысты болады. Сондықтан саяси режим (тәртіп) дегеніміздің өзі мемлекеттік биліктің іске асырылуының амал-айла, әдіс, тәсілдерінің жиынтығы. Мемлекеттік биліктің іске асырылуының тәсіліне орай билік, қоғам және жеке адам арасындағы қатынастың сипаты анықталады. Осы тұрғыдан қарағанда саяси режимнің тұрпатына қарай мемлекет нысаны жағынан демократиялық емес (тоталитарлы, авторитарлы режімдер) және демократиялық (президенттік, парламенттік) болып екі үлкен топқа бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz