Саяси билік пен мемлекеттік билік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Негізгі бөлім
Биліктің қызметтері мен жіктелуі 2
Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің легитимдігі 7
Пайдаланған әдебиеттер 12

Кіріспе

Саяси билік – саясат туралы ғылымның алтын өзегі, темір қазығы, басты
категориясы, түбегейлі түсінігі. Саяси биліктің мәнін, оның механизмдері
мен басты принциптерін, әлеуметтік рөлін білу арқылы ғана қоғамдағы санқилы
әлеуметтік, экономикалық, рухани және саяси процестердің өзара байланысын,
қызмет атқаруын және дамуын жан-жақты түсінуге, олардың ішкі қатпарларына
зер салып үңілуге болады. Сондықтан бұл тақырыпқа қатысты мәселелерді
қарастыруды мына сұрақтар төңірегіне топтастырған ыңғайлы сияқты.

Биліктің қызметтері мен жіктелуі

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның
саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен
қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институтгар, мемлекеттік
басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б.
арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің
істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау;
саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір
қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты
(монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден
оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп
пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді (ашып, оларға шек қою
және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б. Қоғамда
билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді: 1)
жоғары орталық саяси институттар, мемлекетгік мекемелер мен ұйымдар, саяси
партиялар мен қоғамдық ұйымдарды баскару органдары кіретін ете ірі деңгей;
2) орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық,
аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (әр түрлі мекемелер,
агенттіктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар және т. б. мекемелер)
кіретін орта деңгей; 3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар,
өндіріс және басқа тұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі,
арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін
құрайтын кіші деңгей.
Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің "субъектісі" және "иелік
етуші" деген ұғымдарға назар аударуға тура келед
Субъект деп іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам,
әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру
үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді.,
Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа
сөзбен айтқанда, субъект "иелік етушілер" арқылы жүргізеді. Сондықтан мұны
түсінбейтін адамдар билікке "иелік етушілерді" биліктің өзімен шатастырады
немесе "иелік етушілерді" билік субъектісінен тәуелсіз деп санайды. Мысалы,
мұндай адамдар кез келген шенеунікті, ұйым немесе мекеменің, саяси,
әкімшілік, шаруашылық бастықтарын билік иесі деп ұғады. Олардың іс-
әрекеттері туралы шағым арыз беруге болмайтын сияқты көрінеді. Мұндай
түсінік субъекті енжарлыққа, керенаулыққа әкеліп соқтырады, биліктен
шетгетіледі. Олар өз тағдырын белсенді түрде өзі шешетін мүмкіншілігіне
сенімі азаяды.
Биліктің субъектісіне жеке адам немесе партиялар ұйымдар және т. б.
жатады дедік. Бірақ олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды. Сондықтан
мұндай құқық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, таптардың, топтардың
белгілі бір бөлігіне ғана беріледі. Бұдан келіп билік етуге сенім білдіру
мәселесі туады. Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін,
әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш
тармаққа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк (1632—1704)
пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689—1753) болды.
3аң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту
немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды,
үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны
қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық
келісім-шарттарды қабылдайды, саясатгың маңызды ішкі және сыртқы бағытын
айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар
(конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.
Атқарушы үкіметпен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік
органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында
болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң
шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке
тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және
қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ
олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек). Ал
әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.
Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан
сақтайды, парламент не президент кабылдаған зандардың, конституциялық
жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер
қалыптастырады ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз
жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік
органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім
толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің
өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы
жатады.
Біраз елдерде сотгың тәуелсіздігін және әдіддігін қамтамасыз ету үшін
ант берген әділ сот құрылады. Мұндай жағдайда сот процесінде судьяларға
тәуелсіз, арнаулы ант берген азаматтардан тұратын қазылар алқасы қатысады.
Олар айыпкердің кінәсы жөнінде шешім қабылдайды. Соның негізінде судьялар
үкім шығарады.
Қазіргі кезде биліктің үш тармағы жөнінде саясатшы ғалымдардың
арасында әр түрлі көзқарастар бар. Олардың кейбіреуі билік санын көбейткісі
келсе, екіншілері кеміткісі келеді.
Билік санын көбейткісі келгендер төртінші билік деп ақпарат құралдарын
атайды. Олардың қазіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дәуірінде
алар орны зор. Әсіресе, сөз, баспасөз бостандығы шын мәнінде беріліп, радио
мен теледидарды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде
азаматгардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне белсенді араласуына,
адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде ақпарат құралдарының
мүмкіншілігі ерекше. Ел басқарушы шенеуніктердің қылмысты істерін қалт
жібермей әшкерелеп отырса сондықтан олардан қаймықса, халықтың мұңын
мұндаса, шынында да, төртінші билік емей немене?
Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады. Мұнда сайлаушылардың еркі,
талап-тілектерімен қатар кейбір елдерде сайлаушылар соты да бар.
Алтыншыға бақылау билігін жатқызады. Қайсыбір елдерде қарамағында
аппараты бар Бас бақылаушы да болады.
Жетінші саяси билік дейді. Мұнда билікті жүргізіп отырған басқарушы
партия туралы сөз болып отыр.
Мысалы, сонғысына экономикалық, ата-аналар, корпорациялар және т. б.
билігі жатады; құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай
билік мемлекетгік, ассоциативтік (партиялық, топтық, жергілікті
әкімшіліктің және т.б. билігі) болып, сыртқы саясат қатынастарындағы,
дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі; 4)
биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес
(монархиялық — корольдік, патшалық және т. б. —- президенттік), ұжымдық
(партиялық, басқарушы топтардың алқалық, халықтық, таптық және т. б.
билігі) болып топталады; 5) қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік,
озбырлық, баска түрлерді еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел және т. б.
билігі болып бөлінеді; 6) әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси биліктің мәні мен негізгі міндеттері
Саяси билік жайлы
Саяси билік теориясы
Қазақстан Республикасындағы саяси биліктің ерекшілігі
Саяси билік жайлы мәлімет
Саяси билік туралы ақпарат
Саясаттағы билік
Билік - әлеуметтік феномен ретінде
Биліктің қызметтері мен жіктелуі
Билік функциялары
Пәндер