БИЛІК ЖҮРГІЗУДІҢ МЕХАНИЗМДЕРІ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ:

ҚР БИЛІКТІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ

ТЕКСЕРГЕН: ИМАНМОЛДАЕВА Б.

ОРЫНДАҒАН: ЖҰМАТАЕВА ГАУҺАР

АЛМАТЫ 2007

ЖОСПАР:

1. БИЛІКТІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ МӘНІ.

2. БИЛІК ЖҮРГІЗУДІҢ ПРИНЦИПТЕРІ.

3. БИЛІК ЖҮРГІЗУДІҢ МЕХАНИЗМДЕРІ.

4. ҚР БИЛІКТІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ.

5. БИЛІКТІҢ ЛЕГИТИМДІГІ.

6. ҚОРЫТЫНДЫ.

7. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚР БИЛІКТІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ

Билік пен саясат өзара біртұтас, олар бірін бірі қуаттайды және бірінен бірі тәуелді. Сөйте тұра олар тепе-тең емес. Олардың мазмүны әр басқа. Билік - саясатты іске асыру құралы. Ал билік тұтқасы үшін, оны ұстап тұрып, өз мүддесіне пайдалану үшін күрес - саясаттың негізгі мазмұны. Билік - субъектілердің, немесе субъекті мен объектінің қарым-қатынасы бар жерде мәнге ие. Яғни, билік - субъектілер арасындағы қатынас.

Саясат пен биліктің пайда болу негізі бір. Билік те саяст сияқты адам бойындағы табиғи қасиеттерден, оның ішкі қайшылықтарынан бастау алады: адам, бір жағынан, өзіне тән ерекшеліктерімен даралануға, дербестікке ұмтылады, екінші жағынан, нақты әлеуметтік ортадан аулақтап, оқшау өмір сүре алмайды. Ол сол ортадағы дәстүрлер мен қалытасқан нормаларға, күшінде тұрған заңдар мен талаптарға бағынуға тиіс.

Ал биліктің қоғамдық ролі мен қажеттілігі түптеп келгенде мынадай екі түрлі жағдаймен анықталады. Біріншіден, қоғамның түп негізі, тіршілік тұтқасы өндіріс процесі екені белгілі. Оны ұйымдастыру, жүйелі арнаға түсіру өте қиын әрі күрделі. Ең бастысы, өндіріс процесіне қатысушылардың барлығын бір ерікке бағындыру керек. Онсыз өндірісте береке болмайды, іс ілгері баспайды. Олай болса билік тұтқасы осы процесті басқарып, реттеп, бақылауға алып отыруға тиіс. Екіншіден, қоғамдағы таптар мен топтардың жағдайы мен орны әртүрлі дедік. Айталық, бір топ билік тұтқасын қолына ұстап отыр. Екінші топ - билік тұтқасына таяу тұр, оған ықпал жасағысы, немесе оны жеңіп алып өз мүддесіне пайдаланғысы келеді. Ал үшінші топ - биліктен мүлде алыста, ол да билік тұтқасына ұмтылады, т. б. Яғни, биліктің арғы негізінде әлеуметтік топтардың мүдделері жатыр. Алайда билік тұтқасы үшін ең маңызды нәрсе - қоғамның тұтастыы мен бірлігін сақтау. Онсыз билік өз құдіреті мен құзырынан айрылып қалады. Сондықтан да ол бүкіл қоғам үшін маңызды, жалпыға ортақ мәнді мүдделерді іске асыруды бірінші кезекте ұстайды.

Билік - күрделі, терең мәнді, сан қырлы ұғым. Бір қарағанда билік түсінігі бізге етене таныс сияқты. Күнделікті өмірде әртүрлі жағдайларға байланысты қолдана беретініміз де рас. Мәселен, ата-ананың балаа билігі, алла тағаланың пенделеріне билігі, адамның табиғат дүниесінде жүргізетін билігі хақында ұғымдар қалыптасқан. Сондай-ақ, өз халқымыздың тарихынан, ел аузындағы әңгіме-аңыздар мен эпос-жырлардан хандар айтқан кесім, билер айтқан шешімдер туралы да білеміз. Қасиетті бабаларымыз Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билердің билік тұтқасына әділеттік сипат бергенін де бүгінде мақтанышпен ауызға аламыз. Міне, мұның бәрі билік ұғымының сан қатпарлы екенін білдіреді.

Саяси билік - саясат туралы ғылымның алтын өзегі, темір қазығы, басты категориясы, түбегейлі түсінігі. Саяси биліктің мәнін, оның механизмдері мен басты принциптерін, әлеуметтік ролін білу арқылы ғана қоғамдағы сан қилы әлеуметтік, экономикалық, рухани және саяси процестердің өзара байланысын, қызмет атқаруын және дамуын жан-жақты түсінуге, олардың ішкі қатпарларына зер салып үңілуге болады.

Билік құбылысының мән-мағынасына үңіле отырып, оның билік жүршізуші жақ пен билікке бағынушылар арасындағы, биліктің субъектісі мен объектісінің арасындағы күрделі қатынас екеніне көз жеткіземіз.

Биліктің субъектісі - қарым-қатынаста бастаушы, белсенді әрі шешуші роль атқарады. Билік тұтқасына не екендігі оның бұйрықтары мен өкімдерінен көрініс тауып отырады. Ал оның билік жүргізуші ретіндегі өкілдігі, бұйрықтары мен өкімдерінің парменділігі және олардың бағынушылар тарапынан міндетті түрде орындалу қажеттілігі тиісті қоғамдық нормалар мен заңдар арқылы бекітіледі. Әрине субъекті қолындағы билік тұтқасын жете меңгерген, бағынышты жақтың (объектінің) жай-күйін жақсы білетін, сол негізде ұғымды саяси шешім қабылдап алатын, ел алдындағы жауапкершілікті өз мойнына толық алатын қабілеттерге ие болуға тиіс. Бұл қабілеттер билік жүргізудің негізгі принциптері болып есептеледі. Оларсыз билік өз міндеттерін атқара алмай, елді тұрақсыз аума-төкпе күйге ұшыратады.

Билік субъектісі күрделі әрі көп деңгейлі сипатқа ие. Дара адам, ұйым, адамдардың әртүрлі қауымдастықтары (таптар, топтар, ұлттар мен ұлыстар) - мемлекет аумағындағы бүкіл халық, тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымына біріккен бүкіләлемдік адамзат қауымдастығы - әрқайсысы өз алдына билік субъектісі бола алады. Билік қатынастарында олардың мүдделері түрлі саяси ұйымдар (партиялар мен қозғалыстар), басқарушы саяси элита және дара саяси тұлғалар арқылы көрініс табады. Бұл арада биліктің субъектісі және билікті алып жүрушілер деген ұғымдардың тепе-тең емес екеніне назар аударған жөн. Билік субъектісі билікті алып жүрушілерге, жүргізушілерге (ұйымдар, мекемелер, дара тұлғалар) өкілеттік береді.

Билік қатынасы қашан да екі жақты дедік. Оның екінші жағы - билік объектісі. Ол - субъектіге бағынышты. Бағыныштылық жоқ жерде билік - құзырынан айрылады. Объектінің субъектіге бой ұсынбай бас көтеруі, тіпті ашық, кескілескен қарсылық көрсетуі де мүмкін (мәселен ұлт-азаттық көтерілісі, төңкерістер, т. б. ) . Мұндай жағдайда субъект күш көрсетуге, зорлық жасауға жол береді, үстемдікке жете алмаса - билік тұтқасынан айрылады. Ал қоғамның тұтастығы мен бірлігі бар жерде объекті-субъектінің құзырында болады. Алайда, бұл бағыныштылықтың табиғаты әртүрлі болуы мүмкін. Оның негізінде қорқыныш пен үрей немесе билеушіге бас июдің дәстүр-салты, бодандық, бағыныштылық психологиясы жататын кездер де аз емес. Керісінше, билік субъектісіне бағынудың қажеттігіне деген сенім, ынта шешуші роль атқаратын жағдайлар да бар. Билік тұтқасының беделі де мұндайда маңызды роль атқарады. Мұның бәрі халықтың саяси мәдениетінің деңгейіне, қоғамдағы саяси режимнің түріне байланысты.

Билік қатынасындағы субъекті мен объектінің байланысы олардың табиғатынан ғана емес, сонымен бірге қандай құралдар, әдіс-амалдар (ресурстар) қолданылатынынан, яғни билік механизмдерінен тікелей тәуелді. Бұл ретте қоғамның мәдени даму деңгейі, қоғамда орныққан ахуал, қалыптасқан нормалар мен дәстүрлер, идеологиялық ағымдар, саяси жағдай, билік жүргізушілердің ықпалы, беделі - бәрі маңызды роль атқарады. Дегенмен, жүйелей келгенде билік жүргізу негізінен СЕНДІРУ және КҮШТЕУ тәсілдеріне келіп саяды. Ал билікті іске асыру ҚҰРАЛДАРЫНА мыналар жатады: ықпал жасау, беделге мойын ұсыну, заңға жүгіну, тікелей күш көрсету.

Аталған тәсілдер мен құралдарға байланысы билік жүргізудің төмендегідей нысандарын (немесе функцияларын) ажыратуға болады:

1) Үстемдік - билік жүргізу механизмінің бір түрі. Мұнда әлеуметтік топтар үстемдік жүргізуші және бағынушылар есебінде жіктеледі де, үстемдікті жүргізу үшін мемлекет органдары, құқық, сот, әскер, саяси партиялар мен қозғалыстар, бұқаралық ақпарат құралдары, т. б. әлеуметтік институттар пайдаланылады;

2. Басшылық - басқарылатын объектіге субъектінің беделі арқылы ықпал жасау;

3. Басқару - билік тұтқасының нысаналы ықпалын іске асыру құралы. Билік - басқарудың қайнар бастауы, түп негізі. Билік - басқару түрінде іске асады;

4. Ұйымдастыру;

5. Бақылау.

Сөйтіп, мынадай үш сұраққа жауап беру арқылы саяси билік тұтқасының тұтас болмысын, сипатын анықтауға болады:

1) биліктің субъектісі кім (билікті кім жүргізеді) ?

2) биліктің объектісі кім (билік кімге, кімнің үстінен жүргізіледі) ?

3) билік қандай негізде, қандай әдіс-амалдар мен құралдар арқылы және не үшін, қандай мақсатпен жүргізіледі? Осы сұрақтарға берілетін жауаптарға байланысты қоғам даму тарихында биліктің мынадай ТИПТЕРІ қалыптасқан болатын: тоталитарлық, авторитарлық, либералдық, демократиялық.

Қазақстан Республикасындағы биліктің қызмет ету механизмі туралы сөз қозғайтын болсам, еліміздегі демократиялық билік жағдайында билік иесі халық, және билік халық үстінен жүргізіледі және халыққа қызмет етіп, мүддесін қорғайды. Еліміздегі мемлекетті басқару нысаны - республикалық. Мемлекетті президент басқарады. Яғни, президент мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы бола отырып, халық пен мемлекеттік биліктің бірлігінің, конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқытары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі ретінде әрекет ету өкілеттігі берілген. Бұл өкілеттікті президент президет Парламентте бекітілетін заңдарды қарау, басқа мемлекеттік органдармен өзара байланыс жасау процесінде пайдаланады. Мемлекеттің құрылым нысаны - біртұтас (унитарлы) . Еліміздегі саяси режим - демократиялық. Ал саясаттану ғылымының негіздерінен біздің білетініміз, демократиялық қоғам жағдайында мына принциптер билік жүргізудің негізін қалайды: 1. биліктің тармақталуы (заң шығарушы билік, атқарушы билік, сот билігі) . 2. заңның құдіреттілігі. 3. жариялылық. 4. қоғамдық пікірмен есептесіп отыру.

ҚР-ның мемлекеттік механизмі төмендегідей лауазымдық қызметтер мен мемлекеттік органдар жүйесінен тұрады:

1. Республика Президенті.

2. Республика Парламенті (заң шығарушы орган)

3. Республика Үкіметі

4. Министрліктер, агенттіктер, комитеттер және комиссиялар.

5. Сот билігі органдары.

6. Конституциялық кеңес.

7. Прокуратуралық органдар

8. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары.

9. Күш қолдану органдары және ұйымдары (армия, ішкі әскер, ұлт қауіпсіздік комитеті, балау органдары, абақтылар) .

Мемлекет механизмі басты құрамдас бөлігі мемлекеттік органдар. Мемлекеттік органдардың басқа қоғамдық (партия, қозғалыс) және мемлекеттік ұйымдардан (университет) мынадай ерекшеліктері бар:

1. Мемлекеттік органдар конституциямен заңдар негізінде мемлекетпен құрылады.

2. Мемлекеттік органдардың биліктік құқығы бар.

3. Мемлекеттік органдар нормативті-құқықтық актілер қабылдай алады.

4. Мемлекеттік органдар мемлекеттің билік жүйесін құрады.

Саяси биліктің пәрменділігі, іскерлігі саясат туралы ғылымда легитимдік деп аталатын ұғым арқылы сипатталады. Биліктің легитимділігі саяси тұрғыдан қалыптасқан өзіндік дәстүрлері бар қоғамда өркениетті билік тұтқасының басты принциптерінің міндетті белгілерінің бірі болып саналады. Биліктің легитимдігі (латынша заңдылық) дегеніміз - қызмет атқарып отырған билік тұтқасының басқару құқығын, оның заңдылығын халықтың мойындауы және оның талаптары мен мақсаттарының әділдігін оң қабылдауы. Басқаша айтқанда, қоғам мүшелері, түрлі талаптар мен топтар билік жүргізуші тұтқаның саяси шешімдерін дұрыс қабылдап, оның шығарған заңдары мен өкімдеріне, принциптері мен нормаларына мойын ұсынып, бағынған жағдайда билік легитимді деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер
Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары
Қаржылық механизмнің мазмұны мен құрылымы.
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық жағдайы
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу
Экономикалық жүйенің мәні мен тұрпаты және оның салыстырмалы тиімділігі
Мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізудің маңызы
Қазіргі таңда аймақтық саясатты жүргізу мәселелері
ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Экономикалық теория: пән ерекшелiгi және даму тенденциясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz