Еліміз БҰҰ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. Біріккен Ұлттар Ұйымы
2. Қазақстан және БҰҰ
3. БҰҰ-ның 50 жылдығы құрметіне арналған монета
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ,
Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған
халықаралық ұйым. Ұзақ жылдардан бері әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарып келе жатқан бұл Ұйымның дүниеге келуі
оңай бола қойған жоқ, бақандай төрт жылдан астам уақытқа созылды. Осы
жылдар ішінде аталған елдердің басшылары, сыртқы істер министрлері талай
мәрте бас қосып, Ұйымның мақсаттары мен міндеттерін талқылады. Сол
кездесулердің барлығы қызу пікірталас жағдайында өткені тарихтан белгілі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы
болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы
КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен
жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, француз және испан
тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско
конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында
аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауларына
байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта
Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.

Біріккен Ұлттар Ұйымы
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық мемлекеттер кіретін Бас Ассамблея
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің
әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ
ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік,
Ұйымға жаңа мүше­лер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше
мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша
шешіледі. Сондай-ақ Бас Ас­самблея Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді.
Ұйымның әртүрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның
Бас хатшысын сайлайды. Бүгінде Қауіп­сіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай,
Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше. Осы тұста айта кетейік,
біраз жылдардан бері Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қатарын көбейту жөнінде
мәселе қозғалып жүр. Бірақ әзірше ол шешімін тапқан жоқ.
Бас Ассамблеядан төмен тұрған органдар көп. Олардың атқаратын
қызметтері де саналуан. Қазіргі кезде Бас Ассамблеяның алты бас комитеті
жұмыс істейді. Әрқайсысының айналысатын мәселелері бөлек болып келеді.
Мысалы, бірінші комитет қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік
мәселелерімен, екінші комитет экономикалық және қаржы, үшінші комитет
әлеуметтік, гуманитарлық және мәдениет, төртінші комитет арнайы саяси және
отарсыздандыру, бесінші комитет әкімшілік және бюджет, ал алтыншы комитет
құқық мәселелерімен айналысады. Бас Ассамблеяның күн тәртібіндегі
мәселелердің басым көпшілігі осы бас комитеттерде қаралып, одан кейін
баяндама түрінде комитеттердің отырыстарында бекітуге ұсынылады.
Халықаралық қоғамдастықта орны айрықша, небір өзекті мәселелерді
салқын­қандылықпен шешіп келе жатқан Бас Ассамблеяның алғашқы сессиясы
осыдан 60 жыл бұрын, 1946 жылдың 10 қаңтарында Лондондағы Вестминистер
орталық залында ашылған. Ондағы инаугурациялық сөз сөйлеу құрметіне
Ұлыбританияның премьер-министрі Клемент Эттли ие болыпты. Бельгиялық Поль
Анри Спаак бірінші сессияның президенті болып сайланыпты. Қауіпсіздік
Кеңесінің алғашқы отырысы қаңтардың 17-сінде болса, оған Австралияның
елшісі төрағалық еткен.
Ал БҰҰ-ның тұңғыш Бас хатшысы кім болған дегенге келсек, алғашында
мәртебелі бұл орынға Д.Эйзенхауэр (АҚШ) мен Э.Иденнің (Ұлыбритания) және
Л.Пирсонның (Канада) аты-жөндері аталған екен. Бірақ, Бас хатшылыққа
Норвегияның сыртқы істер министрі Трюгве Ли сайланады. Оның кандидатурасын
АҚШ ұсынған. Сөйтіп, 1946 жылдың 1 ақпанында БҰҰ-ның тұңғыш Бас хатшысы
сайланды. Жоғарыда аталған Д.Эйзенхауэр, Э.Иден және Л.Пирсонның ірі саяси
тұлғалар болғаны тарихтан белгілі. Ал қалыптасқан дәстүр бойынша Бас хатшы
Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері КСРО, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және
Франция мемлекеттерінің өкілі болмауы тиіс. Бас хатшылыққа ұсынылған
канадалық Л.Пирсонның кандидатурасына КСРО мен Ұлыбритания қолдау
көрсетпеген. БҰҰ Жарғысына сәйкес Бас хатшы бес жыл мерзімге, осы мерзім
біткеннен кейін тағы бес жылға екінші қайтара сайлана алады. Бір тұлғаның
екі мерзімнен артық Бас хатшылық міндетті атқаруына болмайды.
БҰҰ-ның Бас хатшысы білікті дипломат, белсенді саясаткер, сондай-ақ
бітімгершілік миссияларды жүзеге асыруға аса қабілетті жан болуы керек.
Ұйымның 60 жылдан астам тарихында жеті саяси тұлға БҰҰ-ның Бас хатшысы
болып, жауапкершілігі зор міндетті атқарған. Олар: Трюгве Ли (Норвегия),
Даг Хаммаршельд (Швеция), У Тан (Бирма), Курт Вальдхайм (Аустрия), Хавьер
Перес де Куэльяр (Перу), Бутрос Бутрос-Гали (Египет) және қазіргі Бас хатшы
Кофи Аннан (Гана). Кофи Аннан бұл биік лауазымды 1997 жылдан бері атқарып
келеді. Елдер арасында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бұл
саясаткерлер көптеген түйінді мәселелерді шешуімен тарихта қалды. Мысалы,
Даг Хаммаршельд Суец дағдарысын, У Тан Кариб мәселесін, Курт Вальдхайм Кипр
жанжалын, Перес де Куэльяр Иран мен Ирак арасындағы соғысты, Б-Бутрос Гали
Югославиядағы жағдайды реттеп, шешуде белсенділік танытты. Ал Кофи Аннанның
қандай мәселелерді шешуге ұйытқы болып жүргенін қазіргі ұрпақ жақсы біледі.

Реті келіп тұрғанда, мына мәселеге де көңіл аударта кетейік. Нобель
бейбітшілік сыйлығының тағайындалғанына 100 жылдан асты. Осы жылдар ішінде
БҰҰ-ның ұйымдары мен жекелеген тұлғаларына бірнеше мәрте Нобель сыйлығы
берілді. Атап айтқанда, БҰҰ-ның Палестина бойынша арнайы өкілі Ральф Банчи
(1950 жылы), БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі жоғарғы комиссариаты (1954 және
1981 жылдары), Бас хатшы Даг Хаммаршельд (1961), БҰҰ-ның Балалар қоры
(1965) және БҰҰ-ның бітімгершілік күштері (1988) аталмыш сыйлыққа ие болды.
Ал 2001 жылы БҰҰ-ның қазіргі Бас хатшысы Кофи Аннанға өткен жылы Атом
энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке Нобель сыйлығы берілді. Міне,
бұлар Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қоғамдастықта беделінің аса
жоғары екенін көрсетеді.

Қазақстан және БҰҰ
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ
Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес,
қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді
позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды. Сөйтіп, Қазақстан Бас
Ассамблеяның биік мінберінен халықаралық өзекті мәселелерге қатысты
ұсыныстар білдіруге мүмкіндік алды.
Содан бері Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайын қыркүйек айында
өтетін сессияларына, басқа да мәжілістеріне үзбей қатысып, бүкіл
қоғамдастыққа ортақ мәселелерге байланысты ұсыныстарын білдіріп келеді.
Ұсыныс дегенде, ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-
сессиясында сөйлеген сөзінен бастау алады. Сол сессияда Мемлекет басшысы
Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты
алға тартты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қызметі Біріккен ұлттар ұйымындағы
Әлемдік саясатта мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы. Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы
Халықаралық ұйымдар жайлы мәлімет
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы
Қазіргі заман тарихындағы даму көрсеткіштерін жылдар бойынша сараптау
Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілдіктер
Қазақстан және халықаралық ұйымдар
Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
Бұұ-ның даму он жылдықтары
Пәндер