Қазақ мұнайы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Қазақстан мен Ресейдің Каспий теңізі мәселесіндегі саясаты3

Қорытынды11

Пайдаланған әдебиеттер тізімі13

Кіріспе

Жаңа мемлекеттердің қалыптасуымен және Каспий бассейні төңірегінде жағдайдың өзгеруімен Каспий мәселесінің құқықтық сұрақтары қазіргі заң ғылымында маңызды орындардың бірін алып отыр. Бұл Каспий мәртебесінің анықталмағандығымен, мұнаймен байланысты жаңа мүмкіндіктердің ашылуымен, мүдделердің өсуімен, сондай-ақ, осы аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндіріледі.

Каспий теңізінің минералды ресурстарын игерудің құқықтық мәселелері астарында оның мәртебесін анықтау мәселесі жатыр. Дәлірек айтсақ, мәртебесін көл немесе теңіз ретінде анықтау емес, жағалау мемлекеттің теңіздің бай көмірсутегі ресурстарына юрисдикциясының сипатын анықтауға саяды, яғни теңізді ұлттық секторларға бөлу немесе кондоминиум режимін бекіту. Қазақстан Республикасының ұстанымы 19 шілде 1994 жылы алғаш рет жарияланды. Қазақстан тарабы Каспийге теңіз мәртебесін беруді жөн деп тапты. Бұл Каспий теңізіне қатысты 1982 жылғы теңіз құқы туралы БҰҰ Конвенциясының қолданылуын білдіріп, автоматты түрде теңіз бен оның пайдалы қазбаларын пайдалану бойынша көптеген мәселелерді шешер еді. Ал көл мәртебесін беру көлдерді делимитациялау мен жағалау мемлекеттердің қызметін реттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігі себебінен пайда болуы мүмкін мәселелерді шешуде қосымша ережелер қабылдауды қажет етеді, бұл жағалау мемлекеттерге үлкен жүк артады.

Минералды ресурстарды игерудің бірден-бір мәселесі - шикізатты әлем рыноктарына тасымалдау. Ашық теңізге қол жетпей және мұнайды әлем рыноктарында сатпай, бұл аймақтың болашақта дамуы мүмкін емес. Қазақстанда әлем рыноктарына жолы мүлдем жоқ деп айтуға болмайды. Магистралды жолдар бар, бірақ олардың барлығы Ресей территориясымен өтеді. Бұл Қазақстанды Ресейге тәуелді етеді. Қазақстанға мұнай тасымалдаудың әртүрлі бағыттағы баламалы жолдар қажет. Сондай-ақ, ол жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажет.

Каспийді тек жағалау мемлекеттердің ғана емес, АҚШ, Қытай, Ресей, Иран сияқты ірі мемлекеттердің стратегиялық мүдделері түйіскен жер деп жариялап қойды. 1 Табылған және болжанатын мұнайдың ірі қоры бұл аймақты екінші Парсы шығанағына айналдыруы мүмкін. Каспий теңізінің тәжірибесінде мұнай кен орындарына қатысты өз мүдделерін қорғап қалу мақсатында мемлекеттер “кез келген әдістерді” қолданатынын да жариялаған еді. 2 КСРО ыдырағаннан кейін әлем картасында пайда болған жаңа мемлекеттердің экономикалары құлдыраған еді. Ал Каспий бассейнімен байланысты ашылған жаңа мүмкіндіктер экономиканы дағдарыстан шығарудың негізгі тірегі еді. Қазақстан үшін де Каспийдің маңыздылығы - экономикасын демеуде, басқа саладағы инфрақұрылымды қолдауда. Сейсмикалық зерттеулердің нәтижесінде Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде қор 10 млрд. тонна мұнай мен 2 трлн. метр 3 газдан тұратыны белгілі болды. 3 салыстыратын болсақ, егер тек Тенгиз кен орнында 1 млрд. тонна мұнай табылса, осы көлемдегі он кен орны барын айтуға болады. Мұнай қоры бойынша Каспий теңізі Парсы шығанағынан кейін тұр, бірақ Солтүстік теңіздің қорынан екі есе асып түседі.

Қазақстан мен Ресейдің Каспий теңізі мәселесіндегі саясаты

Екі елдің де өмірлік мүдделері қиысқан мәселе, ең бір күрделі проблемалардың бірі - ауқымы 440 мың шаршы километрге жуық әлемдегі ең ірі құрлықішілік су айдыны Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу. Каспий теңізінің проблемасы алуан қырлы. Ол кеме қатынасы, балық аулау және басқа биоресурстарды тиімді пайдалану, Каспий экожүйесінің өміршеңдігі мен оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізу, теңіз деңгейінің толқуына байланысты жағалауды қорғау шаралары, ақыр соңында Каспий теңізі табанының көмірсутегі шикізатына бай қойнауын барлау және пайдалану мәселелері.

Егер 1991 жылға дейін Каспий екі елге тиесілі болса, енді оның суы бес мемлекеттің - Қазақстанның, Ресейдің, Иранның, Әзербайжанның және Түрікменстанның жағалауларын шайып жатыр. Каспий теңізінің ұлттық секторларға өркениетті жолмен бөлудің жаңа халықаралық құқықтық негізін жасаудың шынайы қажеттілігі туындады.

Каспийдің бұрынғы құқықтық режимі ресейлік - персиялық (1921 ж. ) және кеңестік - ирандық (1940 ж. ) шарттармен белгіленді. Бұл құжаттар бес Каспий жағалауы мемлекеттерінің арасындағы қатынастарды реттеу үшін қандай да негіз қызметін атқара алмайды. Себебі бұл құжаттардың тараптары РСФСР және КСРО мемлекеттері болатын, олар қазір халықаралық құқықтың субъектілері ретінде өмір сүрмейді. Сондықтан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін Каспий жағалау мемлекеттерінің арасындағы жаңа шартта белгілеу және бекіту қажет және аталған шарттарда Каспий теңізі бойынша бұрынғы одақтас республикалар арасындағы шекараға қандай да бір сілтеме болған жоқ, өйткені кеңес заңдары бойынша шекаралық режимнің мәселелері тек қана федералдық деңгейдегі құқыққа жататын. Тағы бір себеп, бұл аталған шарттар сауда мақсатында теңізде жүзу мен балық аулау мәселелерін ғана реттейді, бірақ Каспийдің құқықтық мәртебесін толық көлемде, оның ішінде теңіздің түбі мен қойнауының ресурстарын пайдалану шарттарын белгілемейді.

Каспийдің құқықтық мәртебесі проблемасын жеделдетіп шешуге бағытталған Каспий жағалауы мемлекеттерінің іс - қимылының негізінде осы теңіздің минералдық ресурстарының тиесілілігін айқындау тілегі жатқаны құпия емес. 1992 жылы Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесін жасау мақсатында Каспий мемлекеттері арасында келіссөздер процесі басталды. Бірінші кезеңде проблеманы шешудің үш түрлі көзқарасы байқалды.

Ресей табиғи ресурстардың барлық түрлеріне қолданылатын бірлесіп билік жүргізудің негізінде Каспий теңізі ортақ пайдалануда болуы тиіс деп санады. Әрбір Каспий мемлекеті өзінің заңды құқығын тар жағалау алабына ғана қолдана алады, ол жерде теңіздің түбімен оның минералды ресурстарын барлауға және игеруге ерекше құқық алады. Тар жағалау аймағынан тыс минералдық ресурстарды ортақ пайдалану керек деп есептеді.

Әзербайжан нөлдік нұсқа деп аталатынды талап етіп, су айдынын, оның түбін және қойнауын ұлттық секторларға бөлуді ұсынды. Бұл нұсқа қатаң сипатымен ерекшеленеді.

Қазақстан бір - біріне қайшы Ресей мен Әзербайжнның ортасында теңдестірілген, ымыралық позиция ұстанды. Ол бойынша 1982 жылғы Теңіз құқығы жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы конвенциясының жекелеген ережелері Каспийге қолдану, бұл ретте оларды біртұтас экологиялық жүйе ретінде теңіздің ерекшеліктерін ескере отырып қолдану. Теңіздің түбі мен ресурстарын барлық Каспий мемлекеттері арасында экономикалақ аймақтарға бөлу ұсынылды. Тараптар осы аймақтардың шегінде табиғи ресурстарды барлауға және оларды игеруге ерекше құқықтары болады. Кеме қатынасы, балық аулау, табиғи ортаны қорғау және қызметтің басқа да түрлері саласындағы ынтымақтастық мақсатында теңіздің биологиялық ресурстарына, суын пайдалануға қатысты қазақстандық тарап бірлесіп билік жүргізуге дейін ең бір кең ауқымды ымыраға баруға дайын екенін білдірді.

Түрікменстан мен Иранның позициясы ол кезеңде анық тұжырымдалмады және барлық үш позицияның жекелеген ережелерінің басын қосуға әрекеттенді.

Каспийдің құқықтық мәселесін айқындау 1994 жылға дейін таза теориялық мәселе болып қала берді. Ал 1994 - тен 1998 жылға дейін Арнайы жұмыс тобының бірнеше кездесулері өтті. 1997 жылы Әзербайжан және Түрікменстан арасында даулы учаскеге қатысты проблемалар туындаған кезде, 1998 жылы қаңтарда Каспий проблемасын реттеу процесіне оң сипатты серпін берілді. Бұл Қазақстан мен Ресейдің Каспий түбін әділетті түрде бөлу туралы бірлескен мәлімдеме еді. Ресей теңіз түбін бөлу туралы мәселеде одан әрі қасарысу ресейлік мұнай өндіру саласының дамуына теріс ықпал ететінін түсінді. Бұл ретте қазақстандық сектордың келешегі зор кен орындарынан ресейлік мұнай компанияларының айрылып қалуы әбден мүмкін болатын.

1998 жылғы 6 шілдеде Президент Н. Ә. Назарбаевтың Мәскеуге сапары барысында жер қойнауына арналған егеменді құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісімге қол қойылды. Тараптар еркін кеме қатынасы, балық аулаудың келісілген нормаларын және қоршаған ортаны қорғауды қоса алғанда, су айдынын ортақ пайдалануды сақтай отырып, шектес мемлекеттер арасында теңіздің түбін бөлуді жүргізуге уағдаласты. Бөлу сызығы өтуін айқындау негізіне әлемдік практикада кеңінен қолданылатын бірдей қашықтықтағы нүкте принципі алынды. Осы келісімнің 5 - бабы туралы айрықша атап өту керек, бапта Каспий теңізін шаруашылық мақсатта пайдаланудың әрқилы түрлері, оның ішінде су асты құбыр желілерін төсеу, Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны жасасқаннан кейін жекелеген келісімдермен реттелуге жататындығы айтылады.

Тараптар жер қойнауына арналаған егеменді құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1998 жылғы 6 шілдедегі келісімге Хаттамамен жұмыс жасауды жалғастыруда.

Қазақстан мен Ресей арасында келісімнің өзі және оның хаттамасына Мәскеуде жоғары деңгейде екі рет, 1998 жылдың шілдесі мен 2002 жылдың мамыр айында қол қойған болатын. Мәскеуде кездескен Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің Президенттері Н. Назарбаев пен В. Путин Каспийдің солтүстік бөлігіндегі даулы мұнай қорларын айқындау жөніндегі біріккен құжаттқа қол қойды. Елбасымыз бұл құжатты қабылдау арқылы екі жақ Каспийдегі экологиялық құрылымды сақтай отырып, теңіз қойнауындағы, су айдынындағы биологиялық ресурстарды бірігіп пайдалануға қол жеткізуге болатындығын атап көрсетті. Сонымен, бес жылдан бері көтеріліп келе жатқан екі елдің арасындағы үш даулы мұнай кеніші туралы мәселенің тағдыры анықталды. Хволынское мен Центральное кеніштерін бақылау құқығы Ресейге жүктелді. Ал Құрманғазы кенішінің 50 пайызы Қазақстан жағына өтіп, 25 пайызы Ресейге, қалған 25 пайызына коммерциялық мақсаттағы компаниялар иелік ететін болды. Екі ірі мемлекеттің мұндай келісімге қол жеткізуі Каспий жағалауындағы басқа мемлекеттердің де осындай дұрыс шешімге келуіне игі ықпал етері сөзсіз.

Ресей - Қазақстан келісімін заңды түрде әлемдік практикадағы бірегей құжатқа жатқызуға болады. Бірақ оның ең басты құндылығы Каспий делимитациясы сияқты күрделі аумақтық проблеманы реттеудің үлгісі дүниеге келді. 1998 жылғы құжатқа Мәскеуде қол қойылғаннан кейін тек бір айдың ішінде түрікмен - иран, ресей - иран, ресей - әзербайжан және қазақстан - иран консультациялары өткізілді.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау проблемасына қатысты келіссөздер процесіне қатысушылардың қазіргі көзқарасына қатысты айтсақ, бұл жерде мынадай картинаны көруге болады.

Қазақстан позициясы 1982 жылғы Теңіз құқығы жөнінде БҰҰ конвенциясының кейбір ережелерін mutatis mutandis (қажетті өзгерістермен) Каспийге қолдануды жақтайды. Каспийдің түбін орта сызық бойынша межелеуді, ені 12 мильге дейін аумақтық теңізді және келісуге жататын балық аулау аймағын белгілеуді ұсынады.

Ресей жетілдірген орта сызық бойынша Каспий түбін ұлттық секторларға бөлуді ұсынады. Осы секторлардың шеңберінде тараптар ресурстарды игеру құқығын алады, ал су беті мен оның қалыңдығы ортақ пайдалануда қала береді. Мәскеу теңізде қандай да бір мемлекеттік шекараны орнатуға қарсы, Каспийді делимитаризациялауға теріс қарайды. Ресей Федерациясының мұнай-газ компаниялары трансшекаралық кен орындарына қатысуды одан әрі ұлғайту жөнінде күш-жігер жұмсауда.

Әзербайжан 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша БҰҰ конвенциясында бекітілген жалпыға бірдей танылған халықаралық әдістемеге сәйкес орта сызық бойынша теңізді ұлттық секторларға толық бөлуді дәйекті түрде жақтайды. Каспий теңізінің Әзербайжандық секторы осы елдің конституциясында мемлекеттік аумақ деп жарияланған. 2001жылғы қаңтарда Баку Каспийдің бәрін де қамтитын құқықтық мәртебесін белгілеуге кезең - кезеңімен жылжуға келісті, бұл ретте бірінші кезеңде теңіздің түбі мен оның қойнауының құқықтық режимін реттеу ұсынылады. Әзербайжанның Түрікменстанмен және Иранмен келіспейтін жерлері бар, оның мәнісі осы елдер теңіздегі өзінің секторларының шектерін әртүрлі түсінуі.

Түрікменстан да барлық теңіздің түбін, су қалыңдығын және су бетін бөлуді жақтайды. Баку мен Ашхабат ұлттық секторларды межелеудің сызығын анықтау жөніндегі келіссөздерге кірісті. Алайда, тараптар межелеудің әдістемесіне келісе алмады.

Аздаған қайшылықтарына қарамастан Ресей, Қазақстан, Әзербайжан және кейінгі уақытта Түрікменстан Каспий теңізін бөліске салуда, пайдалануда ұқсас көзқарастары болса, әзірге бұл мәселеде келіспей отырған Иран ғана Каспий мәртебесі 2002 жылы сәуірде Ашхабаттағы мемлекет басшыларының кездесуінде де өз шешімін таппады. Бүгінгі күнге дейін бұл мәселенің шешілмеуіне Иранның ұстанып отырған позициясы себеп болып келді деуге толық негіз бар. Иранның пікірі - Каспий теңізін ауданы жалпыға бірдей (20%) тең бөлікке бөлу, сонан кейін әркім өз иелігіндегі бөлікте шаруашылық жұмыстарын жүргізуге ерікті болуы . Бұрынырақ КСРО - Иран арасындағы 1921 және 1940 жылдары жасалынған шарттар бойынша Иранның қазіргі еншісі - 14, 6%. Иранның ұсынысы өзінің пайдасына Әзербайжан мен Түрікменстанды жекелеген мұнай, газ - кен орындарынан айырса, Қазақстан үшін аса тиімсіз. Себебі Қазақстанның Каспийдегі қазіргі меншігінің 29, 9 - дан 20 пайызға дейін азаюы, ондағы бізге тиесілі мұнай, газдың болжамалы қорын 9, 0 млрд. тоннадан 4, 5 млрд. тоннаға (екі есе) дейін төмендетеді. Әрине, мұндай ұсынысқа Қазақстан еш уақытта келісе алмайды.

Иран тіпті көршілерінің қөңіліне де қарамай, теңіздің 50 пайызы өзіне тиесілі де, қалған 50 пайызы Ресей, Әзербайжан, Қазақстан, Түрікменстанға бұйырсын деген астамшылық жобасын Парламенттерінде мақұлдатқан көрінеді.

Сонымен, өткен жылдар ішінде белгілі бір мөлшерде істің бастамасы басталса да жағалау мемлекеттері түпкі нәтижеге келген жоқ. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны жасасуға дайын емес. 1998 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы байқалған прогрес минералдық ресурстарды игеруді қоса алғанда, Каспийдің солтүстік бөлігінде тараптардың тыныс - тіршілігін келісу үшін байсалды құқықтық база қаланғанымен бұл мәселені толық шешпеді. Сақталып отырған келіспеушілік әзірге алға жылжуға мүмкіндік бермейді. Бұған Каспий жағалауындағы мемлекеттер басшыларының саммитін өткізудегі елеулі қиыншылықтар да куә бола алады.

Каспий жағалауындағы төрт жаңа мемлекеттің үшеуі, атап айтқанда Қазақстан, Әзербайжан және Түрікменстан географиялық орналасуы қолайсыз делінетін мемлекеттер, яғни ашық теңізге шығар жолы жоқ ішкі континенттік елдер санатына жатады. Осыған байланысты тағы бір мәселе туындайды. Бұл мұнайды әлемдік рынокка шығаратын құбырлар мәселесі.

Қазақстан өз мұнайын әлемдік рынокка Ресей арқылы шығарады. Ресей құбырлары арқылы біз жылына 13 - 14 миллион тоннаға дейін қара алтынды экспортқа шығару мүмкіндігін таптық. 2001 жылы бұл көрсеткіш 20 миллион тоннаға дейін жақындады. 2002 жылы 25 миллион тоннаға жетті. 2000 жылдың желтоқсан айында қол қойылған екі ел үкіметтері арасындағы хаттамаға сәйкес Қазақстан Ресей құбырлары арқылы 10, 8 миллион тонна мұнайын алыс, 5 миллион тоннасын жақын шетелдерге, ал 1, 5 миллион тоннасын алмастыру жүйесі бойынша экспортқа шығаруда. Негізінен Атырау - Самара, Махачкала -Тихорецк - Новороссийск және КТК құбырлары пайдаланылуда. Алдағы уақытта Ресей аумағынан өтетін Балтық, Дружба - Адрия құбыр жүйелерімен де мұнай айдау жүзеге асуы тиіс. Бүгінде осы жүйелерден қанша қазақ мұнайы тасымалдануы керектігі пысықталып жатыр. 2002 жылдың 7 маусым күні екі мемлекет үкіметтері Қазақстан мұнайын Ресей арқылы тасымалдауға қатысты 15 жылға арналған келісім - шартты бекітті. Осыған сәйкес Атырау - Самара құбырымен жылына 15 миллион, ал Махачкала - Новороссийск арқылы 3, 5 миллион тонна мұнай айдалады. Екі ел үшін де Каспий құбыр жүйесінің іске қосылуы маңызы зор іс болды. Осы жобадан түсуге тиіс 40 миллиард ақш доллары мөлшеріндегі табыстың 23, 3 миллиарды Ресейдің, 8, 2 миллиарды Қазақстанның еншісіне тимек. Оның тасымалдау мүмкіндігі 28 миллион, ал одан әрі 67 миллион тоннаға дейін өспек. Елбасының тәуелсіздіктің елең-алаңында-ақ Каспий труба құбырын тарту қажеттігін айтуының астарында үлкен мән жатыр. Алдымен, бұл қазақ мұнайын әлемдік рынокқа төте жолмен шығарды. Яғни, ол бұрынғыдай емес, теңіз кенішінің мұнайын Қара теңізге неғурлым тез жеткізетін жаңа дәліз екендігімен ерекшеленеді. Осы бағытта Қазақстан, Ресей Федерациясы және Оман Сұлтанаты арасындағы келісім негізінде 1992 жылы Каспий труба құбыры консорциумы құрылды. Мақсат - Теңіз кенішінен бастау алып, Қара теңізге тірелетін 1580 шақырым құбыр желісін тарту. Әрине, бұл оңай біте салған жоба емес. Екшеліп, сарапталып, экономикалық тиімділігі әбден зерттелгеннен кейін барып, бұған қызығушылық танытқан тараптар көбейді. Н. Назарбаевтың осы жобаны іске асырайық деген ұсынысын қолдаушылар қатарында, сол кездері алдымен Ресей елі түрды. Өйткені, бұл солтүстіктегі көршімізге мұнай тасымалындағы екінші бір бағытты қалыптастыратын болды. Және аталмыш құбыр Ресейдің бір емес төрт аймағын басып өтеді. Демек, Астрахан облысы, Қалмақ Республикасы және Ставрополь, Краснодар өлкелерінің экономикалық қуатын арттырады. Құбыр желісімен әр өлкеге салық және басқа төлемдер күйінде түсер қаржы ауқымды.

Шын мәнінде бұл құбырды іске қосуда қайшылықтар да болды. Каспий құбыр жүйесенің іске қосылуы көп жылға созылып кетті. Бұған Ресейдің өз территориясынан өтетін Қазақстан мұнайынан пайданы көбірек табу мақсаты негіз болды. Ресей өз айтқанынан қайтпады. Ал Қазақстан өз мұнайын әлемдік рынокка экспорттайтын басқа жолдарды қарастырып, зерттей бастаған кезде, Ресей бар күшін салып, Қазақстанмен келіссөздер өткізіп, төлемақы мәселесін шешіп, Каспий құбыр жүйесенің іске қосылуын жақындатты.

Қазір Қазақстанның қара алтыны КТК арқылы Еуропаға жіберілуде. Бірақ алдағы уақытта бұл құбыр түрлі кедергілерге ұшырауы ықтимал. Түркия үкіметі жоба іске қосылар, қосылмастан Босфор, Дарданелл бұғаздары қазақ мұнайы тиелген үлкен танкерлерді өткізуге дайын емес екенін мәлімдеді. Олар су тасымалы көліктері бөгеліске ұшырайды, мұнай теңіз экологиясын бұзады деген желеулерді алға тартты. Осыдан кейін басқа тасымал жолдары іздестіріле бастады. Бүгінде бұл жолды алмастыратын үш жоба бар. Оның әрқайсысының артында тұрған Еуропа елдерінің арасында қақтығыс жүріп жатыр. Әр жобаны қолдайьын мемлекеттер топтасып, әрекет етуге тырысуда.

Бірінші жоба - Босфор мен Дарданеллді ауыстыруға мүмкіндігі бар тасымал жолы - Одесса - Броды - Гданск құбыры. Қазақ мұнайы Новороссийскіден Одессаға дейін жеткізіліп, одан әрі құбыр арқылы Бродыға шыға алады. Бұдан кейін Гданскіге де жіберуге болады. Дружба - Адрия құбырына да қосыла алады. Одесса - Броды - Гданск жобасы Украинадан басқа, жаңа дамып келе жатқан Шығыс Еуропадағы мұнай өңдеу зауыттары бар. Польша, Словакия, Венгрия елдеріне өте тиімді, Ал ол Дружба - Адрия құбырымен әрі қарай жалғасса, Германия, Ффранция, Англия және солтүстік - батыс Еуропа мемлекеттерінің мүдделеріне тиімді.

Түркия бүғаздарын алмастыра алатын екінші жоба Констанца - Триеси. Мұнайымыз Румыния ның Констанца портына дейін танкермен тасымалданып, әрі қарай не Дунаймен, не теміржолмен батыс және оңтүстік Еуропаға, Бұдан кейін Адриатика теңізі арқылы Триемт портына жол тарта алады. Бұған Румыния, Сербия, Словения, Хорватия, Италия қызығушылық танытуда. Жобаның техникалық - экономикалық негізін Италияның “ ЕНИ ” тобы пысықтап жатыр.

Үшінші - Бургас Александрополис жобасын Болгария мен Грекия ұсынып отыр. Болгарлар танкерге тиелген Қазақстан шикізатын Бургас портынан күтіп алып, әрі қарай Грецияның Алексанндрополис портына дейін құбырмен жібермек. Қазір қазақ елі осы үш жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін саралауда. Келтірілген дәйектер Еуропа елдерінің де Қазақстанға жайдан - жай назар аудармағанын айқындай түседі.

Қазір Қазқстан өз мұнайын әлемдік рынокқа тек Ресей құбырларымен ғана шығара алады. Ал Қазақстан Ресейдің әлемдік рынокта мұнай сатудағы бәсекелесі болғандықтан, Ресей қазақ мұнайының көлімін белгілеуде қысым жасай алады. Осыған орай Қазақстан Республикасының премьер-министрі Иманғали Тасмағанбетов “Қазақстан Ресей құбырларына тек 2006 - 2007 жылдарға дейін ғана тәуелді болады, “- деп көрсеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай өндіру: Тарихы мен бүгіні
Мұнай туралы деректекр мен дәйектер
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі және оның экологиясы
Республикамызда мұнайгаз өндірісінің дамуы
Каспий маңы ойпатының табиғатының қалыптасу кезендері
Қазақстандағы мұнай өңдеу кәсібі
Маңғыстаумұнайгаз Акционерлік қоғамында өнім сапасын басқаруды талдау
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері
Мұнай мен газ Қазақстанның басты шикізат байлығы
«№1 МГӨБ бойынша электроортадан тепкіш сораптық қондырғының қышқылмен өңдеу тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz