Қазақстандағы ұлт саясатының болашағы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті
ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық
қатынастың ерекшеліктері
Орындаған: теориялық және қолданбалы
саясаттану кафедрасының стажер-ізденуші
Нарматова Дана
Тексерілген:
Алматы 2002.
МАЗМҰНЫ
К І Р І С П Е4
Қазақстандағы ұлт саясатының бағдарлары. 5
Қазақстандағы ұлт саясаттының болашағы. 9
Қорытынды. 11
К І Р І С П Е
ХХІ ғасырдың табалдырығында ұлт мәселесі әлемдік құбылыс болуда. Ол әлемдік мынадай: ұлт, халық, ұлттық және этникалық топтардың болмасын бейнелеуде.
Ұлтаралық қатынас әр этносқа жататын адамдардың арақатынасын белгілейді.
Ұлт саясатындағы ең толғақты мәселе - тіл мәселесі.
Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесі демократиялық негізде шешілуде. Қазірдің өзінде қазақ халқы мен көптеген ұлт өкілдерінің өзара қатынасы құралы ретінде 100 тіл қолданылып, республикадағы басылымдар 8 тілде шығарылады. Қазақ халқы, өзге де ұлт өкілдері өздерінің мәдениеті мен жағдайларын дамытуда. Өйткені ұлт тілдері еркін дамымайынша ұлт мәселесінің шешілуі де мүмкін емес.
Мысалы: Қазақстан егеменді елге айналғанша қазақ тілінің жан-жақты дамуына мүмкіндік болмап еді, ғалым тілшілердің пайымдануынша, халқымыздың 40 пайызы ана тілінен айырылып қалды. Алматы, тағы басқа қалаларда тұған қазіргі жастардың тіпті 90 пайызына дейінгі жастар өз тілінде еркін сөйлей алмайды. Сөйтіп халқының саны жағынан әлемде 70-ші орынды алатын ұлт тілінің тағдыр - талайы әлдеқандай күйде еді.
Қазіргі кезеңде қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берді. Орыс тілі ұлтаралық қатынас құралы ретінде пайдалануда. Қазақ тілі мен басқа да ұлт тілдерін игерудің, дамытудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасы жасалды. Бірақ, өкінішке орай, қазақ тіліне деген бетбұрыс өте баяу дамуда.
Әлбетте, үкімет басшылары қазақша сөйлесе, түрлі басқосулар мен маслихаттарда мемлекеттік тілде жүргізе бастаса, онда, іс анағұрлым оңға басқан болар еді.
Аты белгілі ақын Расул Ғамзатов айтқандай «Тілге - тілдің жаулығы жоқ». Сондықтан біз мемлекетіміздегі мемлекеттік тілден басқа тілдердің бәрін де құрметтейміз. Осы соңғы жылдары ғана Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде ұйғыр, кәріс, түрік тілдердің оқытатын мұғалімдер дайарлауда. Жалпы Қазақстан бойынша мектептерде сабақ 12 ұлттық ана тілінде жүргізіледі, теледидар мен радио өз хабарларын 10 тілде таратады. Сондықтан да біз Конституциямызға: «Мемлекет ұлтаралық қарым-қатынас тілімен басқа да тілдердің қолдану аясын сақтауға кепілдік береді, олардың еркін дамуына қамқорлық жасайды», - деп жаздық.
Қазақстандағы ұлт саясатының бағдарлары.
Қазақстан жағдайында да ұлтаралық қатынастардың өте саясаттандырылып келгені белгілі. Тәуелсіз, Егемен Қазақстан дамуының жолында ұлтаралық қатынастырдың саяси фактор болудан, азаматтық қоғам құру жолына қызмет етуі басым болу қажет екендігі белгілі. Әрине бұл қызметті қоғамдық институттар жүзеге асыратыны белгілі.
Мемлекеттегі басты бағыт - еліміздің президенті Н. Назарбаевтың: «Этностардың мемлекетте бірігуі, олардың басқа ұлт өкілдерімен келісе өмір сүре алатындығынң көрсетеді деген пікірінде мемлкеттің басты бағыты белгіленген.
Әрине, ең басты саяси құжат Конституциясы: «Қазақстан Республикасының президенті мемлкеттің басшысы оның жоғары өкімет билігін жүзеге асырады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, Республика Конституциясы мен заңдардың сақталуынын кепілі болып табылады».
Қазақстан Республикасының ұлт саясатының басты бағдарламалары қарастыруды біз 1990 жылғы Қазақ ССР-ның Министрлер Советінің 20 сәуірінде қабылдаған онамистикалық комиссия құрудан бастадық. Бұл комиссияның жұмыс нәтижесі жергілікті ұлттардың ұлттық негіздеріне ұлттық идентификациясымен қарауға көп әсерін тигізді. 1991 жылғы 6 желтоқсандағы қаулы бойынша Қазақ ССР-нің республикалық қазақ тілін дамыту және басқа тілдерге қамқорлық көрсету координациялық кеңесін құрды. Бұл Кеңес біраз жоғары өкілеттіліктерге ие. Соның ішінде әкімшілік органдардан: мемлекеттік институттардан жарлық күшіне ие құжаттарды талап етуге құқылы болды.
1992 жылы 1 карашада Миграция Департаменті кұрылып,
Қазақстан Республикасының заңы «Қоныс аудару» күшіне енді.
1993 жылы 5 маусымда Президент жарлығымен кұрылған мемлекеттік саясаттың ұлттық Кенесі республикасындағы этнос аралық қатынастардың тұрақты дамуына жауапты. Бұл жолда Кенес барлық өкілетттілікке ие.
1994 жылдың 30 шілдеде Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің қаулысы мен терминологиялық комиссия құрылды. Оның ғылыми базасы ретінде Ахмет Батұрсынов атындағы тілтану институты бектілді.
Ал қоғамлдық институттардың ішіндегі ұлтаралық қатынастардың ең басты бағыттары, әрине, 1995 жылы 1 науырызда Қазақстан халықтары Ассамблеясының іс-әрекетіне байланысты. Қазақстан Республикасының Асамлеясының құрылымы төмендегідей: Ассамблеяның төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады. Ассамблея төрағасы Ассамблеяның құрылымын ұлттық - мәдени орталықтардың өкілдерінен, ардагерлер мен халық арасында беделді басқа өкілдерден толықтырады. Ассамблеяға мүшелерді кіші Ассамблеялар ұсынады. Кіші Ассамблеялар облыс әкімдері жанындағы кенестік орган болып есептелетің өкілетті ұйым болып табылады.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының мәжілістері арасындағы жұмысты Ассамблея Кеңесі жүргізеді. Ол өз кезіндегі ұлттық - мәдени орталықтар өкілдерінен, ардагерлер мен кіші Ассамблеялардың жетекшілерінен тұрады.
Ассамблея кеңестерін Ассамблея Төрағасының орынбасарлары басқарады, олар Ассамблеяның Атқару секретариятының жұмысына басшылық жасайды, ұлтаралық қатынастардағы мемлекеттік шешімдерге қатысады, т. б.
Ассамблеяның құжаттары кеңестік сипатта, және ол президентке басты кеңесші болып табылады, әсіресе, бұл роль ұлтаралық қатынастарды реттеуде аса түседі.
Қазақстан халықтарының Ассамблеясының бірінші сессиясы 1995 жылғы 24 науырызда өтті. Ассамблея делегаттары 120 ұлттың заңды мүдделерін білдіреді. Ассамблеяның бұл жолғы жиылысындағы басты мақсат - Қазақстандағы егемендік алғаннан соңғы оқиғаларды талдау, республиканың алдағы даму жолдарын таңдау болды.
Республика президенті Н. Назарбаев Ассамблеяда: «Ендігі жерде қоғамдық мәселелерге байланысты барлық мемлекеттік актілер Ассамблеяның тікелей қатысуымен, араласуымен өтетін болады», - деп мәлімдеді. Ассамблеяның екінші сессиясы 1995 жылғы 30-шы маусымда басталды. Бұл жиылыстың басты қарары - Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттілігін референдум арқылы созу туралы болды.
Ассамблеяның келесі өткізген акциясы жеңістің 50 жылдығын атап өтуге байланысты болды.
Ассамлеяның жоғарғы оқу орындарына бала қабылдауда әсер ете алатын 10% - тік квотасы бар. Бұл квотаны жузеге асыру барысында Ассамлеяның мүшелері жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына кіреді.
Ассамлеяны атап өтуге тұралық жэне маңызды іс - әрекеті - оның 1995 жылғы 30 маусымда өткен 11 сессиясында көтерілген жаңа конституцияның ел Президенті Н. Назарбаев ұсынған жобасын қолдауды және халықтың референдумға ұсынды кеңес етуі болды.
Ассамблеяның мұнан соңғы шараларының ішінде оның Абайдың 150 жылдығын атап өтуін, поляк жер аударылығандары туралы мәліметтерді халыққа жеткізуін, халқаралық қатынастардың біраз жақтарын анықтайтын: «Қазақстан - Ресей: өзара қарым - қатынастардың тарихы мен перспективасы», ұлтаралық қатынастардың республикадағы көрінісінен хабар беретін «Қазақстандық немістер: тарихы мен казіргі жағдайы» атты конференциялардың өткізілуінін айтуға болады.
Ассамблея Кеңесінің екінші сессиясында Ассамблеяның баспа органдары туралы айтылып, оған «Ақиқат» және «Мысль» журналдары таңдалды.
Келесі бір ұлттық саяси басты бағдар болып табылатын ұлттық - мәдени орталықтардың қызметі. Бұл қызмет Халықтар Ассамблеясының қызметімен тығыз байланыста. Себебі оның мүшелері Ассамблеяның да мүшелері болып табылады. Соңғы жылдың қорытылындары көрсеткендей, ұлттық - мәдени орталықтар Республика Президентінің реформалау жобаларын халыққа жеткізуді, халыққтың референдумдар өткізуге үгіттеуді басты мақсат етіп қойды. Осылайша, Республиканың ұлттық саясаттағы басты бағдарлары елдің тұтастығын, ұлтаралық тыныштық пен келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстандағы ұлт саясатының болашағы
Қазақстан Республикасындағы ұлт саясаттының болашағы өзіміз қарастырып өткен этносаралық қатынастардың көріну дәрежесінің бір қалыпты болуына; этносаралық қатынастардың толеранттылығы; ұлттар арнасындағы конфликтілердің жоқ деуге болатын сиректігінен шығады. Қазақстан Республикасындағы ұлттаралық қатынастарының бірден - бір шиеленісуінің себебі болуы мүмкін. Тіл мәселесі өзінің өткірлігін жоғалтқалы бері қоғамдық қозғалыстарымен саяси партия лидерлері өздерінің бұл тұрғыдағы белсенділігін азайтты. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы оның идеялық бірлігіндең еңбегінде ол: «көпұлтты Қазақстан жері үшін жалпы ұлттық келісім мен мүдделердің іске асуы Қазак ұлтының жалпы инткграциялық рөлі мен тікелей байланыста», - деп көрсетеді. Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасының ұлтаралық қатынасынан басым бағыттары жоғарыда атап өткен қоғамдлық консалидациямен қатар, экономикалық игіліктерге жету барысында қалыптасады. Уақыт өте қатынаста саяси бағдар болудан әлеуметтік мәселеге өтеді.
Қазақстан Республикасының ұлтаралық қатынастардлың болашағын тағы бір ерекшеліктеріне ұлтарарлық қатынастардың мемлекеттің қатаң бақылауында болумен қатар, бұл қатынастардың ғылыми астарлары және жобаларына қызмет ететін мемлекеттік институттар жатады. Қазақстан Республикасында өзіне тән ұлт саясаты қалыптасқанын айтып өттік. Оның болашағында көз жіберер болсақ, Президент Назарбаевтың: «ХХ ғасыр тарихында оң нәтижелі ұлттық қозғалыстың айқын мысалына осы заманға түрік мемлекеті мен оның ұлтын қалыптастырған Кемел Ататүріктің іс тәжірибесі мен теориялық ізденісін жатқызуға болады», - деген сөздерінен бастауға болады. Өз жұмысында ұлтаралық татулық пен келісмімді басты бағыт еткен ел басынынң ұлт саясаттында ұлтаралық кекілжінге жол берер бір себеб жоқ.
«Қазақстан халықтары Ассамблеясына әдейі тоқталғым келеді. Бұндай ұйым ТМД елдерінің ешбірінде жоқ. Ең бір қиын күндерде шын мәніндегі халық өкілетінің органы болды. Қай ұлттардың да азаматтарын саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың жаңаруына жұмылдыратын қоғамдық ынтымақ орган - Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 жылғы желтоқсанда өткен Қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды».
Қазақстан халықтары Ассамблеясы «ұлт саясатына байланысты көптеген ұсыныстар енгізумен қоса, адамдармен күнбе - күн нақты жұмыстар өткізді».
Қорытынды.
Тақырыпты қорта келе, біз жұмыста қарастырылған негізгі туындылар мен саяси көзқарастарға тағы бір тоқталып, олардың мәнін көрсетуге тоқталдық.
Ұлттық қатынастардың мәнін біз ұлттық қатынастрадың анықтамасынан шығару тар мағыналы болады деп білеміз. Себебі ұлттық қатынастардың 220-дай анықтамасы болғанымен бірде-бірі универсалды болмай отыр.
Ұлттық қатынастардың көзқарастары әр бір ғылымның жұмыс істеп тұрған саласы мен уақытына байланысты екені белгілі. Бұл айырмашылықтар, әсіресе, «Советтік адам» терминінде, буржуазиялық идеология ұғымында т. с. с. кездеседі.
Қазақстан территориясындағы ұлттық қатынастар қалыптасуының ерекшеліктеріне келетін болсақ, ұлттық қатынастардың көпжылдық «интернационалдық тәжірибең отаны болған Қазақстанда өзіне тән менталитеті болды. Дегенмен, бұл жолда Президент ұстанған бағыт осы менталитетті дамытып алға апаратын бірден бір дұрыс жол болғанын мойындау керек. «Күрделі ұлттық мәселері» шиеленісуі тек күйреген Кеңес Одағына не Югославияға ғана тән емес, … Дамыған батыс елдерінде де шешетін этникалық мәселелер жеткілікті Канадаға Квебек бөліне жарылушылығы әлеуметтік факторлардан емес, этникалық факторлардан өрбіп жатқаны әркімге - ақ аян. Көп жылдар бойы бейбіт және ойдағыдай дамып келе жатқан елдің өзінде, әр түрлі ұлттық топтың мәдени тұбіріндегі әртектілік, ара түскен жіптің біртіндеп алшая түсуіне әкеп соқтырып отыр. Көптеген елдер үшін курд мәселесі де тап осындай ерекше мәселе болып келеді. Испания үшін де бас ауыртар - баскілер мәселесі. Қысқасы, ұлт мәселесін бірден біржолата шешіп тастау еш мүмкін емес. Оны көсегесі көгерген демократиялық елдердің өзі жүзеге асыра алмай келеді. Осыған байланысты бізге ұлт мәселесін бір жола түпкілікті шешіп тастауға тырысушылықтан бас тартып, түбегейлі түрде басқа стратегияға көшуге тура келеді. Объективті түрде пайда болып жататын қойшылықтарды сүртіп тастауға тырысу әбестік. Біздің стратегиямыз сондай қайшылықтардың алдын алып, оның қан төгісті тай-таластарға ұласып кетпеуіне қам жасауға бағышталуы тиісң. Осымен біз Қазақстан Республикасындағы ұлт саясаты болашағының тағдыры туралы осы саясатқа тікелей жауапты Президентің сөзімен жауап бердік. Тағы бір тоқтала кететін жағдай: ұлтаралық келісім жылы болып аталған биынлы жылдан бастап тойланғалы отырған - 31 мамыр күні. Бұл күні репрессия құрбандарының аруақтарын еске алатың күн. Еліміздің 55 қоғамдық ұйымдары қол қойған «Жалпы ұлттық келісім», жылда осы репрессия құрбандарының құрметіне арналып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz