Ұлт және ұлтаралық қатынас


Алматы Білім Беру Департаменті
Алматы Бизнес колледжі
Реферат
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында
ұлттық қатынастарының жаңа
сатысы. Қ. Р-ның Конституциясы
Орындаған: Кенжебек М. М.
1 эконом "А"
тобының студенті
Тексерген: Карибай К. Е.
Алматы-2004
ЖОСПАР
Кіріспе3
Ұлт және ұлтаралық қатынас4
Қазақстанның Конституциясы5
ҚОРЫТЫНДЫ10
Кіріспе
Қазақстандағы экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырудағы басты тұлға - адам. Біз құрып жатқан жаңа қоғамның ең жоғарғы құндылығы да - адам. Қазіргі өзгерістің бәрі сол үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатыр.
Елімізді мекендейтін 120 ұлт өкілдеріне деген қамқорлық Конституцияның бірқатар баптарында арнайы атап көрсетілген.
Ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан, қазақтар мен басқа да ұлт өкілдері Қазақстан халқын құрайды.
Ұлт саясатындағы маңызды мәселенің бірі - азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді орнықтыру. Бұл келісім халықтардың экономикалық теңдігі мен мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшелік терді, тілдердің еркін қолданылуын, ұлттардың бір-біріне деген қамтамасыз етеді.
Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қатынасты жан-жақты дамыта отырып әрбір ұлттың, халықтың өзінің тарихи қалыптасқан дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтап, байыта түсуге толық жағдай жасалды. Мұны біздің Республикамызды мекендейтін ұлттардың өкілдері күнделікті тұрмыста сезінуде.
Республикамызда Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылды, ол жаңа жағдайда ұлт саясатын іске асыратын бұрын-соңды болмаған, ерекше қоғамдық институт. Бұл институт тоталитарлық қоғамда қажетсіз болды, себебі ұлт саясаты ол уақытта басқа түрде, басқа құралдармен іске асырылды.
Ассамблеяның қызметі Қазақстанда ғана мойындалып оырған жоқ. Беделді халықаралық ұйымдардың уәкілдері Қазақстандағы ұлт саясатының іске асырылуын зерттеуде оны зерттеуге тұрарлық пен мойындауда. 1996 жылдың желтоқсанында Швейцарияда Қазақстандағы ұлт саясаты туралы "Дөңгелек үстел" өткізілді, онда Қазақстан Республикасының басшылығы елдегі барлық этностық топтардың мүддесін көздеген дәйекті саясатты іске асыруда, ол халықтар арасындағы татулықты қамтамасыз етіп отыр деп атап көрсетіліп, қорытынды жасалынды. Мұндай халықаралық жоғарғы баға осы саладағы қыруар жұмыстың нәтижесі еді.
Ассамблеясының қайсыбір мүшелері ұлтаралық қатынастар проблемаларын зерттейтін халықаралық эксперт мүшелері құрамына енді. Ассамблея тәжірибесін ТМД елдері зерттеуде. Ресей федерациясының сол кездегі президенті Б. Н. Ельцин, біздің Ассамблеяға ұқсас, Ұлтаралық институт құру туралы жарлыққа қол қойды. Мұндай құрылым Қырғыз Республикасында да құрылды.
Қазақстан халқының Ассамблеясы ұлттар бірлігін және олардың өзара түсінігін нығайтуға үлес қосуда. Ол ұлт саясатын іске асыру жөніндегі заң жобасын дайындауға, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени орталықтарын құруға, ұлттық тілді, мәдениетті, дәстүрді және әдет-ғұрыпты дамытуға қатынасты. Съездер, этнос фестивальдарын өткізу, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын ұйымдастыруда, шетелдегі қазақ диаспораларының өз отанымен байланыстарын күшейтуде көп жұмыстар іске асырылды. Аз ұлттардың өз тілінде білім алуына, оны ұйымдастыруға үлес қосты.
Ұлт және ұлтаралық қатынас
Бүгінде Республикамызда ұлт тілінде 11гезет шығып отыр, теледидар 12 тілде, радиостанциялар 6 ұлт тілінде хабар береді.
Ұлттық бала-бақшалар, мектептер ұйымдастырылды, республикада 426 мың баланы қамтыған, 7 ұлттық тілде оқытып-тәрбиелейтін бала-бақшалар бар, ал жалпы білім беретін мектептерде 3 миллионнан астам бала оқып тәрбиеленуде.
Аз ұлттардың 106 мың балалары өз тілін дербес пән есебінде оқуда. Павлодарда 9 этностық топтың 500 оқушы балалары оқитын мектеп жұмыс істейді.
Ассамблеяның ұсынысымен республикамыздың барлық жоғары оқу орындарында этностық аз топтардың балалары артықшылықпен қабылдануда. 1995-1997 жылдар аралығында олардың саны 12-ден 17, 7 пайызға артты. 1995 жылдан бері республиканың жоғары оқу орындарында аз ұлттық топтардың 4600 баласы қабылданды. Бұл үлкен маңызды саясат болып отыр.
Мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің құрамы да назар аударалықтай, мысалы: Президент әкімшілігінде қазақтар және орыстар, украиндар және белорусьтар, кәрістер және ұйғырлар, татарлар және болгарлар да қызмет атқарды. Үкімет құрамы төмендегіше: қазақтар-8, орыстар және украиндар да осындай, бір татар қызмет істейді. Әрине, мұндай қатынастар өзгеріп те отырады, себебі қызметке қабылдарда әр адамның іскерлік қабілеті басшылыққа алынды.
Сот жүйесінің барлық деңгейінде орыстар, украиндар, татарлар, кәрістер, немістер, ингуштер бшқұрттар, осетиндер, еврейлер, қырғыздар қызмет атқарды. Шын мәнісінде ТМД-ның ешбір елінде мұндай құрам жоқ десек қателеспейміз.
Жаңа Қазақстан азаматтығының қалыптасуы көкейкесті мәселенің біріне айналып отыр. Біз саяси және азаматтық бірлікке ұмтылымыз және қазақ халқымен әр түрлі ұлт азаматтарының бірлігі болуы қажет.
Қазақтар мемлекет құрушы этностық рөл атқарады. Қазақстанның тәуелсіздігі - қазақтың тағдыр берген сыйы емес, өзінің түбегейлі жерінде мемлекетін құру құқығы. Мұндай тарихи және саяси шындыққа ешкім де күмәндана алмайды.
Қазақтар бұрынғы КСРО-да тұратын ұлттардың саны жағынан бесінші еді, сонда да өз жерінде азшылық болды, оның ұлттық тілі де жойылып кете жаздады. Бұл, әрине, қоғамдық жүйенің кемшілігі еді. Қазақ ұлтының өз тарихын және мәдениетін, ұлттық тұрмысын дамыту және гүлдендіруге ұмтылуын Қазақстандағы басқа әр түрлі ұлттардың тарапынан құрметтеу елдегі тұрақтылықтың және адамдар арасындағы өзара сенімінің стратегиялық негізі болып есептелді.
Біздің қоғамымызда тұрақтылық сақталуда, ұлттық қатынасты шешудің нақтылы механизмі анықталды. Бұл мәселенің шешілуінен саяси және экономикалық, мәдени проблемалардың болашағы туындайды. Жас ұрпақтың болашағы осыларға байланысты.
Қазақстанның Конституциясы
Қазақстандағы болып жатқан демократикалық өзгерістер республиканың 1995 жылы қабылданған Ата заңында өзінің басты көрінісін таптты. Еліміз егемендік алған 13 жыл ішінде екі конституция қабылданды. Оның біріншісі - 1993 жылдың қаңтарында болған еді. Бұл Ата Заңының бұрынғы КСРО конституциясының көшірмесіне айналған Қазақ КСР Конституциясымен салыстырғанда едәуір айырмашылығы мен өзгешелігі бар. Дегенмен бұл бірінші Ата Заңының елеулі жетіспеушілігі мен кемшілігі де болды. Оған басты себеп - бұрын еркіндік билігі қолына тимеген оның дәмін татпаған, оған тиісті әзірлігі болмаған елде Ата Заңды асықпай, терең жан-жақты байыппен қарап қабылдауға белгілі бір уақыт қажет етеді. Осыған қарамастан Конституциялық заң жүйесін қалыптастыруда, ондаған, жүздеген жылдар бойы тәжірибе жинақтаған өркениетті елдердің өткен жолдарын біздің жас мемлекетімізге аса қысқа уақыт ішінде жүріп өтуге тура келді. Сондықтан егемен елдің бірінші Конституциясын жасауда асығысқа жол берілді. Нақтылап айтсақ, бірінші Конституцияны жасау барысында ел ішінде болып жатқан саяст-экономикалық және әлеуметтік т. б. процестерді бірден ой елегінен өткізу мемлекетіміздің мүмкіндіктерімен жоспарлары ғылыми тұрғыдан нақты салмақтау әлі мүмкін болмады.
Конститутция жобасын жасаушылар көп жағдайда "еркіндік" сөзінен туындаған асқақ сезімнен шыға алмады. Оның үстіне бұған біздің қоғамның тарихында осы уақытқа дейін орын алған коммунистік қиялдар мен қағидалар да өзінің едәір ықпалын тигізді. Осындай себеп-салдарға байланысты жас тәуелсіз мемлекеттің жаңа Конституциясын қабылдау қажеттілігі уақыттың өзі алға тартты. Оны 1995 жылғы наурыз айындағы өте қауырт оқиғалар да жеделдете түсті. Ол оқиға Республика Жоғарғы Кеңесінің бүкіл құқықсыздығын танудан және бұрынғы Конституциялық тұжырымдарының біршама күйкіліктерінің көрініс беруімен айрықша байқалды. Сондықтан бұл шым-шытырық жағдайлар елімізде Конституциялық реформалар проблемасын тез арада шешуді күн тәртібіне қойды. Өйткені жаңа нарықтық кезең жалпы мемлекет көлемінде экономикалық реформалардың одан әрі тежелуін, саяси өзгерістер мәселелеріндегі бөгелуді жоюды талап етті. Мұның өзі батыл әрі принципті саяси және заңды бетбұрыс қажеттігін туғызды. Нәтижесінде Қазақстан азаматтарының тікелей еркін білдіру, бүкіл халықтық дауыс беру арқылы 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Оған қатысқан адамдардың 90%-ы біздің мемлекетіміздің жаңа Ата Заңын жақтап дауыс берді.
Жаңа Конституцияға, оның алдыңғысымен салыстырғанда, көптеген өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді. Егер бұрынғы Ата Заң төрт бөлім, 21-тарау, 131-баптан тұрған болса, кейінгісі көлемі жағынан да едәуір қысқарып, 9 бөлімнен, 98-баптан тұрады. Жаңа Конституцияда елеміздің экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейкесті мәселелерді шешу ескерілді.
Жаңа Ата Заң баптарын талдау барысында байқалатыны, ол-құқықтық мемлекет құруда бағдаршам іспеттес. Яғни өзімізге үлгі етіп отырған өркениетті елдер қатарына бір табан жақындай түскеніміздің жарқын куәсі сияқты. Конституцияның кіріспесінде: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - делінген.
Мұның өзі Қазақстан халқының Ата Заң арқылы болашақта егемен құқығын жүзеге асыратынына ешқандай күмән келтірмейді. Жаңа Конституцияда тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің халықаралық беделін жоғарылатудағы тарихи маңызы ерекше атап көрсетілген. Онда біздің егеменді мемлекетіміздің әлем қоғамдастығы алдынғы мән-мағынасы, рухы мен бүкіл болмысы, оның өркениетті даму кезеңінің ерекшеліктері, әлемдік демократикалық құндылықтары жан-жақты көрініс тапқан. Ата Заңда сондай-ақ қоғамда қолданылып жүрген жаңа ұғымдар мен атаулардың ғылыми және күнделікті айналымға енгізілгенін байқау қиын емес. Соның арқасында жаңа кезеңдегі нарықтық термин атаулары арнаулы, түбегейлі теориялық және қолданбалы салаға ауысты, қоғам тұрмысының ажырамас бөлігіне айналды. Бұл Конституцияның сөзсіз жаңашылдығы.
Ата Заң бойынша республикамызда демократикалық Президенттік басқаруға жол ашылды. Соған сәйкес Президенттің саяси билігі де қуатты.
Президент Конституциялық негізде парламентті шақыру немесе тарату және заң шығару бастамашысы құқығына ие. Сонымен бірге Президент Конституция талабына сәйкес Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері арасында өзара өкілеттілікті, олардың арақатынасын үйлестіреді. Оны президенттің 1996 жылдың маусым айында Парламент пен Үкімет арасындағы қарым-қатынаста туған дағдарысты ешқандай дау-дамайсыз Ата Заң баптарының талабына сәйкес ойдағыдай шешуі тәжірибе жүзінде көрсетіп берді.
Конституцияда Президенттік республика жағдайындағы Парламент құзыры айқын белгіленген. Ол халық қамын ойлап, оның мүддесін қорғайтын демократияшыл әрі баршаға түсінікті заңдар шығарып қабылдайтын орган. Парламент - Сенат және Мәжіліс палаталарынан тұрады. Бұған дейін Парламентте мұндай екі палата деген ұғым болған емес. Ата Заңда екі палаталы парламенттің ерекшеліктері де егжей-тегжейлі көрсетілген. Жаңа Конституция бойынша депутаттар саны бұрынғы 177-ден 114 адамға дейін қысқарды. Сондай-ақ Парламент қызметінің тиімділігін арттырып, оның депутаттық корпусының кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған бірқатар нормалары белгіленген.
Жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегі үкіметтің тиісті орны, сот билігінің, прокуратураның қызметтері де айқындалған. Әсіресе, сот жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа реформа жүргізуге назар аударылған.
Конституцияға сәйкес жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді, соттар мен судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгіленді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, судьялардың ісіне қол сұғуға болмайды. Нақты істері бойынша олар ешкімге есеп бермейді және тек Конституция мен заңға ғана бағынады.
Ата Заңның ерекшелігі-ол билік тармақтарының ешқайсысына, мемлекеттік лауазым иелеріне конституциялық құқықтарды бұзуға жол бермеуінде. Мейлі, ол елдің Президенті немесе қатардағы қызметкер болсын, негізгі конституциялық құқықтарды, соның ішінде адам құқықтары мен бостандығын аяққа басуға жол бермейді. Бұрынғы Ата Заңда көрсетілген, бірақ жете тиянақталмаған көптеген маңызды мәселелердің түйіні жаңа Конституцияда жаңаша шешілген. Оны, әсіресе, мемлекеттік, жер, тіл, азаматтық, негізгі құқықтар мен бостандық сипаты туралы, қос палаталы парламент құрылымы және Президентті айып тағу арқылы қызметтен кетіру мәселесі жөніндегі баптар мен тармақтардан айқын көруге болады.
Қазақстан Конституциясының жаңа бір басты тарихи маңызды ұлт мәселесіне ерекше көңіл бөлуі дер едік. Оның өзіндік себебі де бар. Өйткені еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында ұлтаралық қатынастарда бірқатар түсінбеушілік орын алды. 1992-1993 жылдары әрбір төртінші қазақстандықты ұлтаралық қатынастардың ушығу қатері қатты мазалаған еді. Бүгінгі таңда, кейбір деректерге қарағанда осы мәселелерге байланысты біршама аландаушылық білдірген қазақстандықтардың саны 5-6%-ға дейін төмендеген. Оған, әрине, еліміздің мекендеген жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің енді ешқандай этникалық ұлтына қарамастан, барлық мүдделерінің қорғалып отырғандығының нәтижесі. Мұның өзі біздің Ата Заңда ерекше атап өтілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz